АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

В060800 – «Экология»

Читайте также:
  1. Тестирование 1 (Раздел «Экология»).

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Мұнай және Газ» факультеті

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы

В060800 – «Экология»

мамандығы

«Экологиялық нормалау негіздері және сараптама»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

 

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

«Экологиялық сараптама» пәні 5В060800-Экология бакалавр мамандығының міндетті пәндер блогының сайлаулы курсы болып табылады және 4 курста оқытылады (7-семестр).

Пәнді оқуға барлығы 135 академиялық сағат бөлінген, ал олар сабақ түріне қарай келесідей бөлінген: аудиторлық сағаттар – 45 сағат, соның ішінде дәріс– 30 сағат және тәжірибелік сабақ -15 сағат, студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы – 9 сағат, студенттің өзіндік жұмысы – 81 сағат, білімді бақылау түрі – емтихан негізінде жүргізіледі.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәннің мақсаттары: студенттерді экологиялық қызмет түрлерімен, ережелер мен нормалар жүйесімен, жобалау жөніндегі нормативті құжаттамамен, қоршаған ортаны қорғаумен, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен, экологиялық қауіпсіздікті, сонымен қатар экологиялық сараптамамен, аудитпен, қоршаған ортаға зиянды әсерді бағалаумен таныстыру.

 

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Табиғатты пайдалану жолдары қоршаған табиғи ортаны басқарудың маңызды тетігі бұл экологиялық сараптама. Экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтердің қоршаған орта сапасының нормативтілігін экологиялық талаптарға сәйкес келуі осы қызметтер қоршаған ортада жасалуы мүмкін. Теріс әсерлердің және оларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісіне жол берудің негізгі анықтамасы. Мемлекеттік экологиялық сапаның негізгі объектісіне мыналар жатады:

- Құқықтық актілердің жобалары нормативтік техника және арнайы бағдарламалардың жобалары;

-Техникалық экологиялық негіздеу және қайта құру шаруашылық объектіні тарату жөніндегі жобалар;

-Химиялық шарттар, жобалар;

Табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі негіздеу құжаттары.

Жаңа техника,т ехнология, түрлі материалдар жалпы қажетті жобалары. Айрықша қорғалатын табиғи территорияға, сондай-ақ экологиялық апатқа жататын зоналар, қаруды негіздеген құжаттар; Табиғи ортаға ықпал тигізуге қабілеті бар басқа да іс- әрекеттерге байланысты іс- құжаттар.

 

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет. №№ Cабақтың тақырыптары Көлемі, сағаты
  Кіріспе. Пәннің оқытылу міндеттері мен мақсаты. Негізгі принциптері  
  ҚОӘБ-қоршаған ортаға әсерін бағалау.  
  Рәсімдеу этаптары, нәтижелерді рәсімдеу, ҚОӘБ субъектілері  
  Қазақстан үшін ҚОӘБ өткізу ерекшелігі  
  ҚОӘБ туралы ҚР заңнамалары  
  ҚОӘБ облысындағы әлемдік тәжірибе  
  Экологиялық сараптама объектілері  
  Экологиялық сараптама түрлері, бірінші ретті және қайталама сараптама  
  Мемлекеттік экологиялық сараптаманы (МЭС) ұйымдастыру  
  Экологиялық сараптама кезеңдері, МЭС берілетін құжаттар мен материалдар  
  Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу процесі  
  Мемлекеттік экологиялық сараптаманың органдары мен ұйымдары  
  Стандарттаудың халықаралық ұйымдары  
  Экологиялық аудит  
  Экологиялық сақтандыру  
БАРЛЫҒЫ:  

4.2. Тәжірибелік сабақтар

Рет. №№ Cабақтың тақырыптары Көлемі, сағаты
  ЭС жүргізудегі еңбек шығынының есебі  
  Қоршаған ортаны қорғаудағы заңнамалар  
  Қоршаған ортаға шаруашылық қызметтердің әсерін бағалау  
  Ортаны нормалау критерийлері  
  Санитарлы қорғау аймақтарының өлшемін есептеу  
  Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері  
  СҚА анықтаудың графикалық тәсілі  
  ҚО қорғаудың нормативті көрсеткіштерін анықтау  
  Автокөлік және өндірістік кәсіпорындардың қаланың атмосферасына ластауын бағалау  
  Экологиялық аудитті жүргізу ережесі  
БАРЛЫҒЫ:  

4.2. Зертханалық сабақтар оқу жұмыс жоспары бойынша қарастырылмаған.

5. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы

Студенттердің өзіндік жұмысы- студенттердің ғылыми әдебиетпен, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. Ол студенттерге өз білімін жетілдіруге, қоғамдық құбылыстар мен процестерді бағалай білуге, ғылыми және аяси мағлұматтардың көптеген ағымдары бойыеша бейімдесе алуға мүмкіндік береді.

Білім алушының өзіндік жұмысы бірнеше бағытта жоспарланған: негізгі әдебиеттерді конспектеу және оқу, ғылыми және басқа әдебиеттерді оқу жүйелі түрде конспектеу және оқу, кестелермен жұмыс жасау, реферат баяндамаларын дайындалып қорғау.

Өзіндік жұмыс түрі, келесі тақырыптарға реферат:

Реферат 25-30 бет көлемінде, А4 форматында, «жұмсақ» переплетта жасалады. Реферат бағасы қорғау барысында қойылады. Рефераттың максималды бағасы – 10 балл.

1. ҚР экологиялық құқық классификациясы, объектілері

2. Табиғат пайдаланудың түрлері, формалары.

3. Табиғат пайдаланудың объектілері және субъектілері

4. ЭС бірінші реттік және қайталама сатылары.

5. ЭА даму болашағы

6. ҚЭС құзыреті, тіркеу рәсімдері

 

6. Кеңес беру уақыты

Сәрсенбі, 14:00-15:00, 408 аудитория

7. Білім алушының білімдерін тексеретін кесте

Студенттердің білімін тексеру сабақ үстінде ескертусіз және тәжірибелік сабақтарда жүргізіледі.

8. Білім алушының білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Бақылау шаралары. Екі аралық бақылау кестесіне байланысты қойылады. Аралық бақылаудан себепсіз қалған студенттер, қайтадан тапсырмайды, егер де себепті қалған болса, себеппен қалғандығы туралы құжат әкелуі тиіс.

Әрбір тәжірибелік сабақ жалпы студент дәптеріне жазылады. Әр орындалған тәжірибелік тапсырмаға 3 балл қойылады.

№1 аралық бақылауға дейін міндетті түрде №1-7 жұмыстарды орындап тапсыруы қажет. №2 аралық бақылауға дейін міндетті түрде №8-14 жұмыстарды орындап тапсыруы қажет.

Қорытынды емтихан. Тест түрінде кредиттік жүйе бойынша бағаланады.

Студенттердің өзін өзі ұстау қағидасы.

Сабақ үстінде ұялы телефон, компьютер және т.б. дербес құралдарды қолдануға болмайды. Сабаққа кешігуге болмайды, егер шұғыл шаруа болса, оқытушыға алдын ала ескерту қажет. Оқытуша аудиторияға кіргеннен соң, студентке кіруге рұқсат етілмейді.

Негізгі ұғымдар әрбір лекцияда беріледі және түсіндіріледі.

Сабаққа қатысу және сабақ ұғымдары лекцияда берілген тапсырмалар мен түсініктермен бірге жазып алу студенттің міндеті. Егер қандай да бір себеппен студент сабаққа қатыспаса, ол лекциялық материалды материалды топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы ешбір студентке қатыспаған себебіне қарамастан лекциядан тыс уақытта, лекциялық материалды бермейді.

Жоғары балл алуы үшін әр студент белсенді араласып, сұраққа жауап беріп, қосымша материалдарды меңгеру қажет. Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсенді қатысуы керек. Белсенділігі шығып сөйлегенде, ой өрісінің кеңдігі, ойын жеткізе білу сапасымен бағаланады. Одан басқа презентациялар жасалып, талқыланады. Белсенділігінің ең жоғарғы бағасы әрбір сабақта хабарланады.

9. Әдебиеттер тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Мирзадинов Р.А. «Экологическая экспертиза», Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.

2. Закон об охране окружающей среды, 1997

3. Рекомендации по оформлению и содержанию ПН ПДВ в атмосферу. РНД 211.02.02-97

4. Культелеев С.Т. «Практикум по экологическому праву РК», Учебное пособие. Алматы: Данекер, 2001, 84б

5. Экологический кодекс Казахстана, 1997

6. Карабасова Ю.С, Чижикова В.М., Плущевский М.Б., «Экология и управление -термины и определения», Москва:Мисис, 2001, 223б

7. Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И., «Экология для технических вузов», Феникс: Ростов на Дону,2001

9.2. Қосымша әдебиет:

1. Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практичес-ким занятиям», Алматы: КазАТК, 2008

2. Международное эколого-правовое сотрудничество, Институт международного право, Алматы: Данекер, 2001

3. Абдраимов Б., Жарылкасын Е., «Возмещение экологического вреда по законодатель-ству РК», Алматы:Юрист, 2001

4. Фурсов В.И. «Экологические проблемы окружающей среды», Алматы: Ана тілі, 1991

5. Елдесбаева Р.Б. «Методическое указание по практическим занятиям», Актау, 2013

6. Степановских А.С., «Охрана окружающей среды», Учебник для вузов, Москва: Юнити-Дана, 2000

7. Елдесбаева Р.Б. «Методическое указание для самостоятельной работы студентов

по Экологической экспертизе». – Актау: КГУТИ им.Ш.Есенова, 2013, 10б

Пәннің жетекші оқытушысы:

Аға оқытушы Джумашева Камшат Абиловн

 

 

4. Пәннің тапсырмаларының тапсыру уақыты және орындалу графигі

 

Тапсырма тақырыбы Тапсырма мазмұны Әдебиет Сағат саны Бақылау түрі Тапсыру уақыты
СӨЖ
  Кіріспе. Қоршаған орта туралы ұғым Табиғат және коғам Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практическим занятиям» Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.   жазбаша жұмыстар орындау 1 АБ дейін
  Табиғатты қорғаудың экологиялық негiзi. Қоршаған ортаның ластануы Экологиялық сараптама Табиғатты тиiмдi пайдаланудың жалпы қағидалары. Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практическим занятиям» Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.   жазбаша жұмыстар орындау, реферат 1 АБ дейін
  Қоршаған орта мониторингi Қоршаған ортаның сапасын бағалау кұралдары мен аспаптары Ауа,су,топырақ сапасың бақылау және бағалау Қоршаған ортаның химиялық ластануы Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практическим занятиям» Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.   жазбаша жұмыстар орындау, реферат 2 АБ дейін
  Тамақ өнiмдерi мен тұтыну Заттарының сапасын нормалау Табиғатты қорғау заңдары Мемлекеттiк стандарттар мен қоршаған ортаның кешендi нормативтерi. Қоғамдық сараптама Мирзадинов Р.А., «Экологическая экспертиза: методическое указание по практическим занятиям» Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.   жазбаша жұмыстар орындау, реферат 2 АБ дейін

 

Ескерту: Жоғарыда көрсетілгентапсырмалар студенттің қалауы бойынша бөлімдерде реферат жазуда қолдануға болады. Өзіндік жұмыстардың нақты сипаты пәннің әдістемелік нұсқаулығындағы ПОӘК-де 10-шы пункте көрсетілген.

 

 

5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

ҚОСЫМША 1

Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

 

Кафедра: Экология және ХТ

Мамандық: Э-11-1,3

Пән: Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

1. Типтік оқу бағдарламасы

Атауы Жасаушылар Шығарылған жылы
1. Экологиялық нормалау негіздері және сараптама К.б.н. доцент Алыбаева Р.А. Д.б.н., профессор Бигалиев А.Б.  
       

2. Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы

Атауы Авторы Шығарылған жылы
1. Экологиялық нормалау негіздері және сараптама Джумашева К.А.  

3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)

Атауы Авторы Баспа, шығарылған жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземпляр саны
1. Экологиялық нормалау негіздері және сараптама Джумашева К.А.    
2.        

4. Негізгі әдебиет

Атауы Авторы Баспа, шығарылған жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземпляр саны
1. Правила охраны поверхностных вод РК РНД 01.01.03-94. Включены в Перечень действующих НПА в области ООС Приказ Министерства экологии и биоресурсов РК от 27.06.94г. приказ МООС №324-п от 27 октября 2006г. электронды  
2. Руководящие нормативные документы. Отходы производства и потребления. СисТема нормативных требований. РНД 03.0.0.0.01-93. Включены в Перечень действующих НПА в области ООС, Приказ Министерства экологии и биоресурсов РК от 17.12.93 г. приказ МООС №324-п от 27 октября 2006г. электронды  
3. Правила отнесения опасных отходов, образующихся в процессе деятельности физических и юридических лиц, к конкретному классу опасности. Включены в Перечень действующих НПА в области ООС, Приказ МООС РК от 8 декабря 2005 года № 331-п. приказ МООС №324-п от 27 октября 2006г электронды  
4. Порядок нормирования объемов образования и размещения отходов производства. РНД 03.1.0.3.01-96. от 29.08.97г Приказ Министерства экологии и биоресурсов РК 03.1.0.3.01-96. от 29.08.97г    
5. Правила формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов N 591 ППРК 10 июля 2007    
6. Экологическая экспертиза Донченко В.К., Питулько В.М., Растоскуев В.В Академия, 2004 кітап  
7. Инструкция о порядке проведения госэколэкспертизы предпроектных и проектных материалов РК. РНД 03.02.01   электронды  
8. Закон РК «Об экологической экспертизе» Министерства экологии и биоресурсов 18.03.1997 электронды  
9. Водный, лесной, земельный кодекс РК Министерства экологии и биоресурсов   электронды  
10. О недрах и недропользований Указ Президента РК 27.01.96. электронды  

 

5. Қосымша әдебиет

Атауы Авторы Баспа, шығарылған жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземпляр саны
1. Экологическое законодательство РК Байдельдинов Д.Л.   электронды  
2. Экологический контроль: теория и практика правового обеспечения Голиченков А.К. МГУ, 1991 кітап  
3. Проблемы окружающей среды и сохранения биоразнообразия Бигалиев А.Б. Алматы, 2005 кітап  
4. Экология и безопасность жинедеятельности Л.А.Муравья Юнити-Дана, 2000 кітап  
5. Послание Президента РК народу Казахстана- 2030 Н.Назарбаев СМИ, электронды  

 

6. Ш.Есенов атындағы КМТИУ ПОҚ шығарған оқу құралы

Атауы Авторы Баспа, шығарылған жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземпляр саны
1. -        
2. -        

 

7. Методикалық нұсқаулық

Атауы Авторы Баспа түрі Кітапханадағы, кафедрадағы экземпляр саны
1. Тәжірибе түрлерінің методикалық нұсқаулығы Елдесбаева Р.Б. кітап  
2. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындауға арналған методикалық нұсқаулығы -    
3. Білім алушыңың есептік мемлекеттік аттестациясына арналған методикалық нұсқаулығы -    

 

8. Методикалық ұсыныстар (қолданыста бар)

Атауы Авторы Баспа, шығарылған жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземпляр саны
1. Пәнді оқудың методикалық ұсыныстар - - қолданыста бар
2. Типтік есептердің, есептік графикалық, зертханалық жұмысқа методикалық ұсыныстар - - қолданыста бар

 

9. ПЭОӘК

Оқу түрі Бағдарламалық өнімнің атауы Атауы
1. Контенты    
2. Лекция курсы Word Студенттер үшін

 

10. Дәріс комплексі

Атауы Авторы Кафедрадағы қолданыста бар, дәріс берушіде
1. Дәріс тезисі Джумашева К.А. дәріс берушіде
2. Көрнекілік материал    
3. Таратушы материал    

11. СӨЖ материалы

Атауы Авторы Кафедрадағы қолданыста бар
1. СӨЖ тапсырмасы (рефераттар, баяндамалар және т.б.) ДжумашеваК.А..  
2. Қолданатын әдебиеттер тізімі (қолданыста бар п.4,5) Приказ Министерства экологии и биоресурсов РК, Донченко В.К., Питулько В.М., Растоскуев В.В. Н.Назарбаев  

 

12. Пәннің материалды-техникалық қамтамасыздандыру

Арнайы оқу зертханалары (аудиториялар, кабинеттер)

Бөлменің атауы және тиеселігі Отыратын орындар саны
1. - -
     
     

 

Каф. меңгерушісі:

Бекітілген: Кітапхананың меңгерушісі:

(4,5 пункттер)

 

 

6.Дәріс кешені:

 

Дәріс №1.

Тақырыбы: Кіріспе. Пәнді оқытылу міндеттері мен мақсаты. Негізгі принциптері.

1. Экологиялық сараптама, міндеттері мен мақсаттары.

2. Экологиялық сараптама комиссиясының қарайтын нысандары.

З. Экологиялық сараптаманы жүргізу субъектілері.

 

Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді.

Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997). Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.

Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.

Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

Экологиялық сараптаманың мақсаттары:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;

2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

- экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;

- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;

- экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативттері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің табиғи ортаға жасуы ықтимал теріс әсерлерінің және соларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге де зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы. Оларға мыналарды жатқызу керек:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау;

2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатысында, соңдай-ақ оларды салу мен іске асыру процесіңде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау;

3) өндіргіш күштерді орналастыру мен дамыту нәтижесінде
экологиялық жай-күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық сараптама комиссиясының қарайтын нысанасы не болып табылады?

«Экологиялық сараптама туралы» Заңының 6-бабында сараптама объектілерінің мынадай тізбесі беріледі:

1. Табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келісімшарттар, соның ішінде халықаралық шарттар мен келісім – шарттар.

2. Қазақстан Республикасында қабылданбақ болып белгіленіп
отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік құқықтық актілердің жобалары.

3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау
жөніндегі талаптарды (экологиялық аудитті) сақтауын бағалау
материалары.

4. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезінде экологиялық негіздеме үшін табыс етілетін құжаттама.

5. Кейіннен ерекше құқықтық мәртебе (табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтар және
тағы басқалары) беру мақсатында аймақтардың учаскелерін кешенді
зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектілері болып табылады.

Экологиялық сараптаманы жүргізуге субъектілердің кең тобы қатысады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттіорганмен белгіленеді.
2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс:
1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса:
жиынтық түсіндірме жазба;
қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс; оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары; жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында;
2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;
3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері;
4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары:
жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндікинспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда);
орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін).
Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.

Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда:
1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату;
3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары;
4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі;
5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау;
6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі:
1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар;
2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын;
3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.

Сараптаманы жүргізу міндеті жүктелетін негізгі мемлекеттік орган – Қоршаған ортаны корғау министрлігінің Мемлекеттік экологиялық сараптама және радиациялық экология Бас басқармасы мен оның жергілікті жерлердегі органдары. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніңдегі қатынастарға қатысатын министрліктерді, ведомстволарды, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарды тартуы мүмкін. Бұл процеске сондай-ақ ғылыми мекемелер мен олар құратын экологиялық сараптама органдары тартылады. Экологиялық сараптаманы жүргізуге қоғамдық экологиялық бірлестіктер мсн жекелеген азаматтар да қатысуы мүмкін. Ақыр соңында, экологиялық сараптама субъектілері болып экологиялық сараптамаға жататын құжаттаманың тапсырысшылары қатысады. Белгілі бір жағдайларда, біздің ойымызша, экологиялық сараптаманың субъектілері болып Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысады. Мысалы, бұл осы мемлекеттердің аумағында болатын және Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін объектілер мен кешендердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу қажеттілігі жағдайында шетелдік мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге катысты болады.

«Экологиялық сараптама туралы» Заңында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігіне зор көңіл бөлінген, оның:

1.Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге айрықша
құқығы болады.

2.Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді.

3.Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама қызметін
үйлестіреді, бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, экологиялық сараптаманы жүргізу мәселелері жөнінде мемлекетте әдістемелік басшылықты үйлестіруді жүзеге асырады.

4.Қоршаған ортаға әсерді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптамасы, оны жүргізу тәртібін қоса, жүргізу жөніндегі
нұсқама-әдістемелік құжаттарды белгіленген тәртіппен әзірлейді
және бекітеді;

5.Шаруашылық және өзге де қызметті реттейтін құжаттарды,
ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлігінде, үйлестіріп отырады және бекітеді;

6.Экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға әсер
етуді бағалау проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді
үлестіріп отырады;

7.Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде табиғат қорғау нормалары мен
ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

8.Консультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар
жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, осындай
жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген
тәртіппен басқа мемлекеттердің экологиялық-сараптама органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

9.Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстарға белгіленген тәртіппен лицензиялар беруді жүзеге асырады;

10.Сараптама комиссияларының адам құрамын белгілейді, оларда штаттан тыс сарапшылар ретінде жұмыс істеуге барынша
құзыретті отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандарды,
минисірліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзгеде орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкілдерін тартады;

11.Заңға сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.

Сараптама бөлімшелері орталық аткарушы органның мемлекеттік экологиялық сараптама органының және оның жергілікті жерлердегі органдары жанында болады. Сараптама бөлімшелерінің басшылары экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде тәуелсіз болады және өзінің қызметінде ҚР-ның қолданыстағы заңын басшылыққа алады. ҚР-ның «Экологиялық сараптама туралы» Заңы мынадай:

  • экологиялық-сараптама комиссияларын, және топтарын өзге де құрылыңдарды құруга, шарт негізінде олардың жұмысына қатысуға, жоғары білікті отандық, шетелдік мамандар мен ғалымдарды
    заңды тұлғаларды тартуға;
  • сараптама бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
  • экологиялық сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін
    ұйымдастыруға;
  • сараптама жүргізу әдістерін белгілеуге;
  • экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
  • сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратып алуға;
  • экологиялық сараптама ұсынылған экологиялық нормалар мен ережелерге сай келмейтін материалдарды қабылдамауға;
  • заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерге құқықтар береді.

Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т.б. құқығы бар.

Экологиялық сараптамаға жататын құжаттамаға тапсырыс берушілер 35,36-баптарда көзделген белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады, атап айтқанда мынадай құқыктарға:

— сарапталатын объектілерге қатысты немесе сараптама
объектілерінің жекелеген талдамалары мен негіздемелері бойынша жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беру;

— экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкілікті қорытындыларымен танысу;

— қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргізудің орындылығы туралы мәлімдеу;

— егжей-тегжейлі зерттеулер мен есептеулерді талап етпейтіп
түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде енгізу;

— Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары,
шарт ережелері не өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметін көрсету кезінде шартты бұзу;

— экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарының бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талап кою құқығына ие болады.

және мынадай міндеттерге:

— экологиялық сараптамаға қажетті материалдардың сапалы
дайындалуы мен берілуін қамтамасыз етуге;

— экологиялық сараптама субъектілеріне сарапталатын объектілер жөнінде қажетті материалдар мен консультациялар, мәліметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге;

— қоғамдық пікірді ескере отырып, сараптама объектісін одан
әрі іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға;

— белгіленген тәртіппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге;

— сараптама қорытындысында баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемішіліктер мен жаңсақтықтарды дер кезіндс жоюға;

— сараптама органдары белгілеген мерзімде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге міндетті.

Негізгі кестелер мен формулалар және т.б. көрнекіліктер: ЭС заңдары мен құжаттарды толтыратын үлгілер.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық сараптама дегеніміз не?

2. «Экологиялық сараптама туралы» Заңының негізгі баптары қандай?

3. ЭС жататын құжаттамаға тапсырыс берушілердің құжаттары?

 

Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Мирзадинов Р.А. «Экологическая экспертиза», Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2008.

2. Закон об охране окружающей среды, 1997

Дәріс №2.

Тақырыбы: Қоршаған ортаға әсерді бағалау

1. ҚОӘБ түрлері.

2. ҚОӘБ мақсаты, міндеті.

З. ҚОӘБ принциптері мен процедуралары.

 

ҚОӘБ мақсаты, міндеті және қызметтері.

ҚОӘБ басты мақсаты – жобаның қоршаған ортаға ықтимал кері әсерінің және жобаға байланысты әлеуметтік ортаға әсерінің алдын алу және /немесе азайту болып табылады. ҚОӘБ айқындалған қосымша жобалардың экологиялық және әлеуметтік параметрлері бойынша тиімді бағалаудан өтуін және ықтимал кері әсерінің алдын алуға немесеа зайтуға мүмкіндік беретін бақылау тізімі бойынша Қоршаған ортаны басқару жоспарының дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиісті.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

3. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Экологиялық Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.

 

ҚОӘБ принциптері мен процедуралары.

2006 жылға дейін қоршаған ортаға әсерін бағалауға (ҚОӘБ), Қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) және Мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС)/(Экологиялық шолу) қатысты қағидалар Экологиялық сараптама заңында қарастырылған болатын. Сәйкес қағида енді Экологиялық кодекске енгізілді. ҚОӘБ нормативті негізі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 28 маусымындағы № 207-p Бұйрығымен бекітілген «Жоспардан бұрынғы, жоспарлы, алдын-ала жобалық және жоба құжатын дайындау кезінде жоспарланған шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу ретіне қатысты нұсқау» болып табылады. Ережелерде бес кезең анықталған: 1) Қоршаған орта жағдайына шолу жасау; 2) Алдын‑ала жасалған ҚОӘБ; 3) ҚОӘБ; 4) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі; және 5) Жобадан кейінгі сараптама.

ҚОӘБ алғашқы кезеңі «Қоршаған орта жағдайына шолу жасау» жоспарлан әрекет аумағындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның жалпы сипаттамасын, аумақты пайдаланудағы негізгі тенденциялар сараптамасын және ҚОӘБ басты ұстанымын анықтауды қамтиды. ҚОӘБ осы кезеңіндегі жұмыс негізінде техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭО), қолда бар материал, өзге арнайы әдебиет, жобаның сипаттамасы және т.б. кіреді. ҚОӘБ екінші кезеңі «Алдын-ала жасалған ҚОӘБ» (пред ОВОС) табиғи және әлеуметтік‑экономикалық ортаның құрамдас бөліктеріндегі ықтимал өзгерістер және олардың салдары анықталады. Үшінші кезең жобаны жүзеге асырудың немесе одан кейінгі шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың ықтимал салдарының толық және кешенді сараптамасын қамтамасыз ету, баламалы нұсқалардың негіздемесін жасау және қоршаған ортаны басқару жоспарын (бағдарламасын) дайындау мақсатында әсерін бағалауды қамтиды. Төртінше кезеңде қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмауға қатысты техникалық шешімдерді қамтитын жұмыс нобайының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жасалады. Ең соңында, шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың басталуынан бір жылдан кейін нысанның қоршаған орта үшін қауіпсіздігін растау және табиғатты қорғау шараларын түзету мақсатында жобадан кейінгі сараптама жүргізіледі. ҚОӘБ үдерісі барысында қарастырылуы тиіс ережелер мен процедуралар, сондай-ақ, барлық қажетті аспектілер Кодекстің 35-44 Баптарында сипатталған.

Экологиялық кодекстің 36-шы Бабына сай «қоршаған ортаға әсерін бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер ете алатын шаруашылық және өзге әрекеттің кез-келген түрі үшін міндетті болып табылады». Қоршаған ортаға әсерінің бағалауы орындалып жатқан шаруашылық және өзге әрекет бағасының маңыздылығы және толықтығы бойынша 4 санатқа бөлінеді - I, II, III, IV. Алғашқы екі санатқа өндірістік нысандардың санитарлық классификациясына сай 1 және 2 қауіптілік класстарына жататын әрекет түрлері, сонымен қатар, кеңінен таралған басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жатады. 3 және 4 санатқа қоршаған ортаға ықтимал әсері аз жобалар жатады. Жоба аясында ұсынылған шаралар, көп жағдайда, жоғарыда аталған санаттардың біреуіне де жатпайды және қандай да бір ЭБ процедураларының орындалуын талап етпейді. Оларды қауіпті қалдықтармен байланысты жағдайларда ғана IV санатқа жатқызуға болады.

Нормативтік талаптарға (ҚОӘБ зерттеруі және қорытындысы, қоғамдық тыңдаулар протоколы, рұқсаттар және өзге де қажетті құжаттар алуға өтініштер) қатысты шешім қабылдау кезінде қолданылатын барлық материалдар қоршаған орта саласындағы білікті органдар тарапынан «экологиялық сараптама» (ЭС) деп аталатын процедура аясында қарастырылуы тиіс. Ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерді білікті органдар құжаттың сапасын тексереді, өз бағасын береді және екеуін де дайындаушыға қайтарады. Бағалау үдеріске қатысқан мемлекеттік органдар мен өзге тараптардың пікірі мен көзқарасын ескереді. ҚОӘБ процедурасы рұқсат алу процедурасына дейін жүреді, және дайындаушы рұқсат алу өтінішімен бірге ҚОӘБ есебін және білікті органның қорытындысын табыс етуі тиіс. ҚОӘБ процедурасы шамамен екі айға, МЭС – үш айға дейін созылады. Мемлекеттік органдар жүргізетін жобадан кейінгі сараптама міндетті болып табылады және бір жыл өткеннен кейін жүргізіледі. ЭС жүргізу, оның ішінде мекемелердің міндеттемелері, жоба және ЭБ зерттеулері бойынша жасалған құжаттарға қойылатын талаптар, туралы толық мәлімет 45-67 Баптарда қамтылған. Кодекс, сондай-ақ, барлық ҚОӘБ зерттеулерінің мемлекеттік сараптамадан өтуін де қарастырған. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алмастан шаруашылық және өзге байланысты жобаларды жүзеге асыруға немесе оларды банк немесе өзге қаржы мекемелерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жоба құжатына қатысты оң қорытындысы берілген күннен бастап, бес жыл аралығында жарамды болады.

35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақс


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.046 сек.)