АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Марксизм философиясы

Читайте также:
  1. Антика философиясы.
  2. Більшовизм та марксизм: порівняльний аналіз
  3. В марксизме главным фактором в развитии общества считаетсяСпособ производства материальных благ
  4. Відмінності між позитивізмом і соціологічною концепцією марксизму
  5. Вопрос 23. Методологическое значение концепций классического марксизма для современной ФП (учение об общественной экономической формации).
  6. Вопрос 24. Методологическое значение концепций классического марксизма для современной ФП (классовая структура общества и свобода человека).
  7. Вопрос 42. Философия марксизма
  8. Вызов марксизма
  9. Глава 5. ФИЛОСОФИЯ МАРКСИЗМА
  10. Диверсификация разновидности марксизма в 20 веке.
  11. Западный марксизм
  12. Идеи просвещения народных масс в немецкой классической философии и в марксизме.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Европа елдерінің көпшілігінде капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар буржуазия мен жұмысшылар келді. Буржуазияның жүгенсіз байлыққа ұмтылуы халықтың жағдайын төмендетіп жіберді. Бұл өз кезегіндегі шиеленіске әкеліп соғып, көптеген саяси-философиялық ілімдердің пайда болуына әсер етті. Солардың бірі марксизм. Негізгі өкілдері: Карл Маркс (1818-1883 жж.) (негізгі еңбегі: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар»), Ф.Энгельс пен К.Маркс екеуінің бірігіп жазған еңбектері: «Неміс идеологиясы», «Қасиетті отбасы», «Фейербах туралы тезистер», «Философияның қайыршылығы» т.б. Марксизмнің келесі өкілі Ф.Энгельс (1820-1895 жж.) (негізгі еңбегі: «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг» т.б.). К. Маркс пен Ф.Энгельстің идеяларын басшылыққа алып, оны ары қарай дамытуға тырысқан В.И.Ленин болды. Негізгі еңбегі «Философиялық дәптерлер», «Материализм мен эмпириокритицизм» т.б.

К.Маркс,неміс ойшылы диалектикалық және тарихи материализмнің ғылыми саяси экономиканың негізін қалаушы. Маркстың Л.Фейербах шығармаларымен танысуы оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. 1842 жылы «Рейн газетінде» жұмыс істеп, кейін сол газеттің редакторы болған. Газетте жұмыс істеп жүріп ол қоғамдағы материалдық қатынасты, жеке меншік мәселелерін жақсы ұғады. Бұл Гегельдің «құқық философиясын» сыни қарауға итермелейді. Соның нәтижесінде «Гегельдің құқық философиясына сын» жөніндегі мақаласында саясат экономиканы емес, экономика саясатты анықтайтын және пролетариаттың тарихи рөлін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революцияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылыми дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді.

1844-1848 жж. К.Маркстің философиялық шығармаларының қауырт кезеңі болды. Бұл кезде К.Маркс адам мәні мен оның өмірінің мәні, гуманизм, еңбектің рөлі, еңбектің жаттануы, дін мен философияның қоғамдағы рөлі, сана мәселесі және т.б. мәселелерді қарастырады. Бұл проблемалардың бәрі қосылып марксизмде «Жас маркстың гуманизмі» деген атпен белгілі. К.Маркс өзінің «Философиялық-экономикалық жазбаларында», «Фейербахтың тезистері», «Неміс идеологиясында» адамның әлеуметтік және тарихи табиғаты жайлы, оның мәні жайлы былай дейді: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда адамды абстрактылы түсінгені үшін Фейрбахты сынаған. Марксизм адам мәнінің ұғымын оның жұмыс істеуі мен дамуының қоғамдық шарттарымен, саналы қызыметімен байланыстырды, бұл еңбектің барысында адам тарихтың әрі алғышарты, әрі жемісі болып шығады.

Маркстің философияға қосқан негізгі екі жаңалығы болды: тарихты материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы.

К.Маркс өзінің «Саяси экономикаға сын» туралы еңбегінде тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді анық көрсеткен. К.Маркс пен Ф.Энгельс ескі материализмді метафизикадан, диалектиканы идеализмнен аластатып, материализм мен диалектиканы қосып материалистік диалектика жасады.. Сол арқылы тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру мүмкін болды. Маркске дейінгі философтардың бәрі де, соның ішінде материалистер де қоғам өмірін түсінуде сыңаржақ көзқараста болды, өйткені олар соқыр күштер әсер ететін табиғатқа қарағанда қоғамда өз істерінде идеалдық сезім-түйсіктерді басшылыққа алатын саналы адамдар өмір сүретіндігін баса айтып, негізінен солармен шектелді. Тарихи материализмнің жасалуы қоғамдық ойдың дамуындағы түбірлі төңкеріс болды. Ол бір жағынан, тұтас дүниеге-тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамға да жүйелі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік берді. Қоғам дамуы табиғи-тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырады. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал-жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-заң қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратындығын көреміз.

Қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін, одан тәуелділігін тұжырымдағанда Маркс пен Энгельс мынадай жағдайды басшылыққа алды: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналысу үшін алдымен ішуі, жеуі, киінуі, баспанасы т.б. болуы тиіс, ал бұлар болу үшін оларды өндіру керек. Бірақ олар бұл қарапайым ақиқатты тұжырымдау мен тоқтап қалған жоқ, өйткені ол Маркс пен Энгельске дейінгілерге әлдеқашан ақ белгілі еді. Сондықтан Маркс пен Энгельс ол қарапайым ақиқаттың астарында не жатқанын, оның ішкі мәнін аша білді: адамдардың бүкіл өмірі, тіршілігі сайып келгенде материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екенін ашты. Олай болса, бұл қоғам өмірінің негізі-еңбек. Өндірістік еңбексіз қоғам өмір сүре алмайды, тіпті ол пайда болмаған да болар еді. Марксизм еңбекті эпистемалогиялық ұғым ретінде негіздеді. Адам еңбектің арқасында ойлауға, тануға, санасының қалыптасуына және дамуына қабілетті болды.

Өндіріс процесінде адамдар арасында орнайтын қатынастар (өндірістік қатынастар) адамның еңбек қызметінің нәтижесі және формасы. Олардың даму заңдылығы адамның санасымен анықталмайды, сайып келгенде өндіргіш күштердің даму сипатымен деңгейімен анықталады. Өндірістік қатынастар адамдардың өндірістік қызметінің процесінде қалыптасқанымен олардың санасы мен еркіне тәуелсіз болады. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрайды.

К.Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты еңбегінде еңбектің жаттануы жайлы және оны тек коммунизм кезеңінде жоюға болатыны туралы идеясын ұсынады.

Еңбектің жаттануын Маркс төрт қырынан қарастарды.

І. Жұмысшылар өндірістік процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы - еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады.

ІІ. Еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің, еңбектен бос уақыттағы жануарлардыкі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі - еңбектену, одан ләззат алу -қасіретке айналады.

ІІІ. Еріксіз еңбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс, жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан «әулеттік өмірдің», адамдық мәнінің аластатылғандығы.

ІҮ. Еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан- жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан – олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да болатын құбылыс.

К.Маркс пен Ф.Энгельс жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын жасады. Олар жұмысшы табының ұйымдаспаған, бытыраңқы стихиялық көтерілістерін ұйымдасқан сананы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ол үшін жұмысшы қозғалысын ғылыми-социалистік теориямен біріктіру керектігін және мұны біріктіретін ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жұмысшы партиялары екенін дәлелдеді.

Пролетарист өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат ету қажеттігін, ол үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостандыққа жеткізуге болатыны жайлы қорытынды жасады.

Ф.Энгельс (1820-1895 жж) Маркспен бірігіп марксизмнің негізін жасаған. Ф.Энгельс «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде қоғамдағы отбасымен әйел статусының меншік формаларымен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Энгельс отбасымен,неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенін жан-жақты ашып берді. Ф.Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рольдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікір талас қалыптасуына ықпал етіп әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісімен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтерді. Ф.Энгельс сондай-ақ табиғат диалектикасы, болмыс субъстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды материя қозғалысы формаларының классификациясын материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды. («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»). Ф.Энгельстің пікірнше диалектика бұл табиғаттың қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысымен дамуы туралы ілім. Диалектикалық даму-бұл материалдық үдер істердің, қоғамдық жүйелердің, сондай-ақ теориялық иедеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үдемелі үдерісі. Сонымен, бүкіл әлем бұл өзгерістер мен алмасулардың үнемі және шексіз үдерісі, ал осы өзгерістердің қайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» диалектикалық дамудың жалпы заңдары сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы.

Марксизм ілімі бойынша,дүние жүзілік мәдениеттің дамуы 5 қоғамдық –экономикалық формацияға бөлінеді:

1.Алғашқы қауымдық кезең..

2 Құл иеленушілік кезең.

3. Феодалдық кезең

4. Капиталистік кезең.

5. Коммунистік кезең.

Маркс ілімі бойынша формацияның қалыптасуы процесінде негізгі ролді өндірістік қызмет атқарады..

К.Маркспен Ф.Энгельс ілімін марксизм жауларынан қорғай отырып ғылым мен қоғамда болған өзгерістерге терең философиялық талдау жасай отырып ары қарай ілгері дамытқан В.И.Ленин (1870-1924 жж.) болды.

В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» материалистік диалектиканың заңдарымен категорияларын жете зерттеудің тамаша үлгілерін көрсетеді. Марксистік философияда Ленин тұжырымдаған диалектика, логика және таным теориялары бірлігінің принципі диалектиканың негізгі элементтерін талдау идеализмнің гносеологиялық тамырлары туралы, ғылыми абстракциялардағы шындықты бейнелеудің қайшылықты сипаты туралы ілімі, диалектикалық материализмнің таным теориясын одан әрі дамыту бағдарламасы-мұның бәрі шын мәнінде марксистік философия қазынансына қосылған баға жетпес үлес болып табылады.

Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ. Ол 1917 жылы қазан революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «Практика ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек, марксизмнің қоғам дамуы туралы тұжырымдамаларының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейн өміршеңдік көрсетуі, марксизмге тек біржақты қарауға болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.

Тестер:

1. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, сыншыл философ:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

2. «Трансценденталды идеализм жүйесі», «Өнер философиясы», «Философия және дін» шығармаларының авторы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Ф. Шеллинг D) И. Фихте

3. Диалектиканың жалпы заңдылықтарың дамытқан ойшыл:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Ф. ШеллингD) И. Фихте

4. «Категориялық императив» түсінігін еңгізген философ:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

5. Гегель бойынша «Абсолюттік сана» деңгейлері:

А) өнер, дін, философия С) ғылым, өнер, философия

В) мифтер, дін, философия D) ғылым, өнер, дін

6. Кант бойынша түйсіктің априорлық формалары:

А) кеңістік және уақыт С) қозғалыс жіне даму

В) өозғалыс және ойлау D) ойлау және тәжірибе

7. Антропологиялық материализм бағытының негізін қалаушы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

8. Адамның ойлау қабылеттілігін сынға салған неміс философы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

9. Гегель триадасының соңғы элементі:

А) тезис С) отрицание

В) антитезис D) синтез

10. «Ғылым-ілім» шығармасының авторы:

А) Г. Гегель С) И. Кант

В) Л. Фейербах D) И. Фихте

Қосымша әдебиет:

1. Кант және Гегель философиясы.ӘФМ.20 томдық. 8 том. Алматы. 2006.

Д. 7. ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясы.

1. Орыс философияның бастамасы, дәстүрлері мен ерекшелігі.

2. 19 ғ. аяғы – 20 ғ. басындағы діндік-идеалистік философия және рационализм.

Дәріс мақсаты: ХІХ ғасырдағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-саяси жағдай, осыған байланысты орыс философиясында көтерілген басты мәселе, негізгі бағыттарды, оның ХХ ғасырдың басындағы философиямен сабақтастығын сипаттау.

Негізгі ұғымдар: Соборлылық, революция, демократия, рационализм, космизм, персонализм, монархия, ноосфера, батысшылдық, славянофильдік, православие.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)