АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бейнекартаны орнату

Читайте также:
  1. B) Герцен А. И., Чаадаев П. Я., Огарев Н.П.
  2. BIOS параметрін босату
  3. CD-DVD диск-жетек
  4. MS Access интерфейсімен танысу.
  5. Object pascal тілі
  6. Архивация
  7. бап. Пайдалану режимін шектеу
  8. Бап. Эмиссиялар нормативтерi 14 страница
  9. Бап. Эмиссиялар нормативтерi 15 страница
  10. Бап. Эмиссиялар нормативтерi 16 страница
  11. Бройтигам В., Кристиан П., Рад М.

Бейнекарта және орталық процессор – жылдам жасау тұрғысынан өте күрделі жинақ болғандықтан, ең алдымен жаңғыртылады. Егер орталық процессорды жаңғырту, үлкен бағасы және кешенді жаңғырту мүмкіндігіне байланысты сирек болса, онда бейнекартаны жаңғырту, яғни өте күшті модельді қондыру – қарапайым әрі жеңіл жұмыс.

3.8. Дыбыстық карта және акустикалық жүйе

 

Кез келген қазіргі заманғы компьютер дыбыс ойнату құрылғысымен жабдықталған, оған дыбыстық бейімдеуіш, қондырылған кеңейтілу картасы түріндегі дыбыстық карта немесе сыртқы дыбыстық кешен жатады. Дыбысты ойнату үшін қажет жалғыз нәрсе – акустикалық жүйе. Бұдан кейін компьютерді мультимедиалы қамтылған және дыбыспен әрі қарай жұмыс жасауға дайын деп есептеуге болады.

Дыбыстық карта – құрамына дыбыстық процессор және басқа да көмекші құраушылар кіретін құрылғы, олардың көмегімен қажет деңгейде дыбыстық сигнал құрылады.

Дыбыстық карталардың түрі көп. Көбінесе олар жүйелік тақшаға, не болмаса кеңейтілу тақша түрінде PCI-слотқа қондырылады. Сонымен қатар, кәсіби жоғары сапалы дыбыстық құрылғылардан тұратын сыртқы шешімдер жиі кездеседі.

Жинақталған дыбыстық бейімдеуіштердің сапасының өсуіне байланысты, слотқа орнатылатын дыбыстық тақшалар азайып барады. Дегенмен, PCI слотқа орнатылатын дыбыстық тақшасы, жинақталған дыбыстық бейімдеуіштерден сапалы болып келеді.

Солай болғанның өзінде де барлық дыбыстық карталарда акустикалық жүйе немесе ішкі күшейткіш қосылатын шығу мен түйіспелердің стандартты жинағы бар. Бірақ бұл түйіспелермен іс шектеліп қалмайды. Жақсы дыбыстық картаның үш стандартты – микрофондық, акустикалық және сызықтықпен қатар басқа да ағытпалары болуы мүмкін. Жекелеп айтсақ, егер дыбыстық карта 5.1 және одан да жоғары қызметтік функциясы қолдаса, оның жекелеген шығулары (сол және оң акустикалық каналдарға арналған), жаппай және сырт жақ колонкаларға арналған шығулары болуы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да, егер сізде қарапайым динамиктер мен құлаққаптарыңыз болса, дыбысты есту үшін оларды акустикалық шығуға қосу жеткілікті.

 

Акустикалық жүйе

Акустикалық жүйе – дыбыстық картамен құрылған ойнату құрылғысы. Тәжірибеде, бұл әдетте түрлі форматты дыбыстық колонкалар немесе акустикалық құлаққаптар.

Дыбыс сапасы акустикалық жүйе сапасына байланысты. Егер сізде қымбат кәсіби дыбыстық карта болып, бірақ колонкаларыңыз қарапайым болса, сіз оның барлық жұмысын жоққа шығарасыз. Сондықтан, егер қарапайым колонкаларды қолдану керек болса, онда кең диапазонда жұмыс жасайтын және саббуфері бар акустикалық жүйесін таңдаған жөн.

Жоғарыда айтылғандай колонкалар түрлі дыбысталу форматына бағытталады. Жоғары сапалы дыбыс ойнату үшін, дыбыстың толық гаммасын сезіну үшін минимум 3.1 (2 колонка және сабвуфер) стандартты колонкаларды қолданған жөн. Идеалды түрі – 5.1 жүйесін: 1 сабвуфер, 2 сырт жақтық және 2 жаппай колонкалар.

 

3.15-сурет. Аккустикалық жүйелер

 

Ойналатын дыбыстың сапасына, сонымен қатар колонканың қорабы жасалған материал да ықпал етеді. Қысқаша айтсақ, кәсіби адамдар ағаш кораптарын жөн көреді. Акустикалық жүйеге сонымен бірге құлаққаптар жатады, ал олардың қолданылуы кейде колонкаларға қарағанда ыңғайлы болып келеді.

 

3.9.Қоректендіру блогы

 

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер үшін тұрақты қоректендіру блогы ауадай қажет. Онсыз компьютермен жұмыс істеу мүлдем мүмкін емес.

Қоректендіру блогына (110-230 В) жоғары қуаттың ауысу және тұрақты төмен қуатының тоғы (12 және 5 В) компьютердің барлық бөлшегін қоректендіреді.

Егерде құрылғы немесе құраушыға басқа қорек керек болса, ол бар қуатты алады, әлде жүйелік тақшадан қолданады.

Кернеу болмаса, жұмыста болмайды. Осы себепті қоректену блогына көбірек көңіл бөлінеді, әсіресе жаңа құрылғыны қосу немесе құраушыны үдету жоспарланған болса.

Қоректену блогының сыртқы пішіні металлмен қапталған қорапша тәрізді. Блокты салқындату үшін бір-екі желдеткіш және қажетті электронды жүйелер орналасқан. Қораптың артқы қабырғасынан шығатын желдеткіш тормен жабылған, бұл торлар қорапқа басқа нәрселер кедергі болмас үшін қарастырылған.

Блоктың артқы қабырғасында кабельді қосу үшін ағытпалар бар, бұл электр розеткіге 200 В кернеуімен қосылады. Осымен қатар кернеу ажыратқыш пен монитор кабелінің қорегіне арналған ағытпалар орналасқан.

Соңғы уақытта желдеткішінде жылдамдық реттеуіші бар қоректену блогы кеңінен таралған.

Қоректену блогының алдыңғы қабырғасында байланыс топтары бар сымдар шоғы шығатын тесік орналасқан. Оларда қоректену блогымен берілетін 5 және 12 В кернеу болады.

Сонымен қатар, сымдар шоғының орнына, байланыстарға жалғанатын сымдардың қажетті мөлшерлі байланыс топтары бар қоректену блоктары кездеседі.

Сымдардың жанында қораптан «жылы ауа» кететін қосымша желдету тесікшелері орналасады. Ол содан соң оны сыртқа тартатын желдеткішке барады.

Қымбат қоректену блоктарында желдету барынша оңтайлы ойластырылған. Желдеткіш торлары немесе тесіктер алдыңғы қабырғада емес, жылы ауа радиатордан тура процессорға кірілетін процессорға қарай бұрылған төменгі жағында орналасады. Бұл нәтижелі салқындатуды қамтамасыз етеді.

Қоректену блогының негізгі талаптары:

· Қуаттылық;

· Шығарылатын электр коректену тұрақтылығы;

· Желдеткіш шуылының төмен деңгейі.

Компьютер жұмысының тұрақтылығына шуыл деңгейі әсер етпейді, бірақ пайдаланушының көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін.

Ондай болмас үшін, жоғарыда айтылғандай, желдеткіштің айналу жылдамдығын реттейтін арнайы реттеуіштер қолданылады, сонымен қатар оны модификацияланған тор жауып тұрады. Нақ осы тор қоректену блогынан шығатын ауаның жолында тұрғандықтан көп жағдайда шуылдың себепшісі болады.

Іске қосылатын құрылғылардың саны және құраушылардың жылдамдық алу мүмкіншілігі тікелей қоректену блогының қуаттылығына тәуелді. Өйткені әрбір құрылғы оның шексіз емес және тез таусылатын қорын қолданады.

Төменде қуаттылығы шамамен есептелген, құраушыларымен бірге үйлесетін, кеңседе қолдануға арналған компьютердің кескін үйлесімдеріне мысал келтірілген.

Егер есептеп көрсек, онда шамамен 250 Вт шығады. Бұл қоректену блогының мұндай қуаттылықты қамтамасыз етумен қатар, оның қоры болуы керек екенін білдіреді.

Түрлі жинақтарға арналған шынайы мәліметтерге негізделе отырып, қолданылатын қуатты есептейтін арнайы утилиталарды қолдану өте ыңғайлы. Мұндай утилиталардың бірі Power Supply Calculator мысал бола алады.

Мұндай бағдарлама арқылы Intel Pentium 4,3 ГГц процессоры орнатылған, GeForce 6800 бейнекартасы, 1 Гбайт жедел жадысы, бір қатқыл дискісі, бір компакт-дискі және бір DVD-дискі жетегі бар компьютер ең жоғары 380 Вт-қа дейінгі жүктемені қолдана алады. Сонымен қатар қоректену блогының қуаттылығын алатын қосулы USB-құрылғыларын ұмытпаған жөн.

Ережеге сәйкес, қораптың түріне байланысты 150 Вт және одан жоғары қоректену блоктары қолданылады (арзан Midi Tower түріндегі қорапта 250-300 Вт қоректену блогы орнатылады). Егер компьютердің «орта» кескін үйлесімін ақылмен және есеппен таңдайтын болсақ, онда минималды қуаттылығы 300 Вт болатын блокқа тоқталған дұрыс.

Сонымен қатар, процессор немесе бейнекартаның үдетуі, оның энергия тұтынуын шамамен екі есеге ұлғайтады. Сондықтан, қуаттылығы 350-400 Вт қоректену блогын таңдаған жөн. Әрине, бұл әрқашан қуаттылық қоры үшін 400 Вт қуатты қолдану керек деген сөз емес.

Электр қоректенудің тұрақтылығы көп нәрсені аңғартады. Себебі, қоректену блогының 5,7 немесе 11,3 В емес, 5 және 12 В кернеу алатыны тектен тек емес. Кейбір құраушылар (мысалы, процессор) арнайы көлемді қоректенуді (мысалы, 1,7 В) талап етеді. Олар оны, өз кезегінде, 5 В қоректенуден өзгертетін жүйелік тақшада орналасқан тұрақтандырғыштан алады. Сондықтан да егер қоректену тұрақсыз болса, онда ол тек жүйелік тақшадағы тұрақтандырғыштың артық жүктеме жасауына әкелмейді, сондай-ақ, басқа құрылғылардың тұрақсыз жұмысына әкеліп соғады.

Күшті және тұрақты қоректену блогы қазіргі таңда дербес компьютерге қойылатын негізгі талап болып табылады. Егер қоректену блогының кернеу сызығы тұрақсыз болатын болса (немесе эталондық кернеуден барынша ерекшеленетін болса), онда жүйелік құраушылары жанып кетуі мүмкін. Соның ішінде тұрақсыз қоректену процессорларға әсерін тигізеді.

Тұрақтылықтан басқа, қоректену блогын таңдау кезінде оның тиімділілігі ескерілуі қажет. Тиімділігі жоғары қоректену блогын қолдану кезінде артық энергия жұмсаудан құтылуға болады, яғни қоректену блогы арқылы шығатын ауаны қыздырмай, компьютер құраушыларының қоректендіру керек.

 

3.16-сурет. Қоректену блок

 

Сондықтан жаңа қоректену блогын сатып алу кезінде немесе ескісін жаңарту кезінде төмендегідей сілтемелерді ұсынуға болады:

Маркалары белгілі қоректену блогын таңдау қажет, ол компьютер қауіпсіздігіне, оның жұмысының тұрақтылығына сенімді болуға мүмкіндік береді.

Қуаттылық қоры 300 Вт-тан төмен емес артық қоры бар қоректену блогын таңдау керек. Қуаттылығы 300 Вт-тан төмен қоректену блогы тек Desktop және Slim Desktop қорап түрлеріне қажет бола алады.

Айналу жылдамдығы реттелуге келетін желдеткіші бар қоректену блогын қолданған тиімді.

Компьютер қораптары сияқты қоректену блоктары да өте көп. Бұл құраушылардың қуатының өсуіне байланысты қоректену блогының жаңғыртуына әкеліп соғады.

Қоректену блогын орнату және қосу

Қоректену блогы тұрақтылыққа, соның ішінде, қажетті қоректенуге жауапты, ал егер қажет болған жағдайда жаңасымен ауыстыру керек. Оны міндетті түрде сервистік орталықта жасау және үйге мамандарды шақырудың қажеті жоқ. Қоректену блогын орнату және қосу өте қарапайым.

Қоректену блогының ақаулары

Қоректену блогында ақаулықтың пайда болуы барлық жүйе жұмысынан көрінеді. Бұл мынадай жағдайларда көрінеді:

· Қалыпты жұмыс жағдайында компьютердің кенеттен тұрып қалуы;

· Қалыпты жұмыс жағдайында компьютердің кенеттен қайтадан жүктелуі;

· Операциялық жүйенің жұмысы кезінде жедел жады қателігі;

· Сыртқы құрылғылар мен қатқыл дискінің істен шығуы;

· Қоректену блогы мен компьютер қорабындағы температурасының көтерілуі.

Егер компьютер мүлдем қосылмай және белгілі иіс пайда болса, онда қоректену блогының істен шыққаны. Ал бұл компьютер құраушыларының–жүйелік тақша, процессор, жедел жады және т.б. істен шығуына апарады.

Қоректендіру блогының жұмысын келесі жолмен түсіндіруге болады. Қоректендіру блогына ене отырып, өзгермелі кернеу желілік сүзгіш арқылы сүзіледі және жоғары вольттік түзеткішпен өнделеді. Түзелген кернеу жоғары вольттік сүзгіш арқылы импульстік трансформаторға енеді. Ол оны қажетті деңгейге дейін төмендетеді. Кейін төмендетілген қалыпты кернеу тұрақтандырғышқа түседі. Ол оның сипаттамасын бақылап отырып, қажетті жағдайда қолданып отырады.

 

 

Сурет 3.17. Қоректендіру блогының логикалық кестесі

 

Желілік сүзгі. Ол қоректендіру блогына енген өзгермелі кернеуді алғашқы сүзуге арналған. Сүзгі ретінде индуктивтік орауышты және аз көлемді конденсаторды қолданады. Қарапайым сүзу кестесін қолдана отырып, желілік сүзгі қоректендіру блогын лүпілден және кедергіден арнайы сүзгімен энергияны көп қолданатын құрылғылардан сақтайды.

Жоғары вольттік түзеткіш. Тәжірибеде тұрмыстық техникада жоғары вольттік түзеткіштің орнына төрт жоғары вольттік тұратын жинақ қолданылады. Ол арнайы кестемен қосылады. Олар арнайы пластмассалық қораптың ішінде болып, қоректендіру блогындағы мөрлік тақшада бір-бірінің жанында орналасады. Нәтижесіндегі өзгермелі кернеу түзеткіштен өткенде қалыпты өзгереді.

Жоғары вольттік сүзгі. Әдетте, жоғары вольттік сүзгінің орнына бір-біріне параллельді қосылған бірнеше үлкен көлемді электрлі конденсаторлар қолданылады.

Импульстік трансформатор. Импульстік трансформатор кернеуді қабылдайды және оны ±5 және ±12 В. деңгейге дейін төмендетеді.

Тұрақтандырғыш (стабилизатор). Тұрақтандырғыш қоректену блогының ең басты модулі деп есептеуге болады, сондай-ақ оның интеллектуалдығын интегралдық схемалар қолданысына құрылғанынан көреміз. Тұрақтандырғыш, нақты кернеуді өңдеуге және оны бақылауға арналған каналдардан тұрады. Каналдармен қатар Power Good сигналының құрылуына жауап беретін тағы бір басқару схемасы жұмыс жасайды.

Қоректену блогының құраушыларын жұмыс жасау қабілетін тексеру үшін мультиметр қажет. Ол әртүрлі электр көрсеткіштерін тексереді.

Тағы бір ескеретін жайт, қоректену блогы жүктелімсіз жұмыс жасай алмайды, сондықтан оны қуаттылы 25 Вт, 2-5 Ом резистормен қосып, 5В кернеумен бір шығару, ал басқасымен қорапты байланыстыру керек. Бірақта бұл тәсілді, қоректену блогын жөндеуден өткізіп, оны тексергенде ғана қолданылады.

Сақтандырғыш (предохранитель). Қоректену блогының басым бөлігі, тұрмыстық құрылғылардың көптеген бөліктері сияқты керамикалық және ерігіш сақтандырғыштармен қамтылады. Әртүрлі себептерге байланысты болатын жоғары тоқ күші мен кернеудің шапшаң өзгеруінде жұмыс жасап және қайтадан жану – оның басты міндеті болып табылады. Бұл жағдайда сақтандырғыш ішіндегі жұқа сымдар жанып кетеді, сондықтан қоректену блогының басқа құраушыларына кернеу бармайды, яғни оларды істен шығуынан қорғайды.

Ең алдымен қоректену блогынан қорғаныс қорабын ағыту керек. Қоректену кабелі артында сақтандырғыш орналастырылғандықтан, оны кабель мөрлі тақшаға дәнекерленген жерден іздеген жөн.

Әдетте, ол ішінде сымдары орналасқан, әйнекті деталь немесе керамикалық қорап тәрізді. Кейбір жағдайда, сақтандырғыш басқа формамен және тікелей тақшаға денекерленген болып келеді.

Сақтандырғыш ауыстырмас бұрын, ең алдымен оны тексерістен өткізген жөн. Жарамды сақтандырғышта нөлге жақын кедергісі болады, сондықтан қоңыраулауды жиі қолданады, себебі бұл кезде потенциалды қысқа тұйықталу болады. Егер сақтандырғыш өте үлкен кедергіні көрсетсе немесе дыбыс шығармаса, ол істен шыққанын білдіреді.

Істен шыққан жағдайда параметрі келетін аналогты сақтандырғыш орнатылады. Ереже бойынша, қоректену блоктарында 4А жану тоқ сақтандырғышы болады, бірақ та кейде ережеден тыс келеді. Сол себепті оның таңбасын металл байланыстарының бірінен, әлде әйнек (керамикалық) қорабынан қарау керек. Көптеген пайдаланушылар сақтандырғыш орнына жұқа сымды «жучок» сақтандырғыш бекіністерінің түйіспелеріне дәнекерлеп қолданады. Бірақта бұл тәсілдің де өз кемшіліктері бар, өйткені өте қалың сымдар керек уақытында жанбай қалатын болғандықтан қоректену блогының басқа да модульдерін істен шығарады.

Сақтандырғышты ауыстырған және қоректену блогына кернеу берілген соң, мынадай жағдайлар туындауы мүмкін.

· Қоректену блогы қосылады, сақтандырғыш күйіп кетпейді, компьютер қосылады және жүктеледі. Бұл жағдайда қоректену блогының істен шығуына кернеудің кенеттен өзгеруі немесе қоректену блогының қысқа мерзімді шамадан тыс жүктеуі себебі болып табылады.

· Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш күйіп кетеді. Бұл жағдайдың себебі: қоректену блогының бірінші тізбегінде қысқа тұйықталу болуынан мүмкін. Мысалы жоғары вольтті түзеткіште немесе жоғары вольтты сүзбеде.

· Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш күйіп кетпейді. Бұл қоректену блогының екінші жүйесі зақымдалғанын білдіреді, мысалы тұрақтандырғыш.

 

Жоғары вольтты түзеткіштің ақауы

Әдетте жоғары вольтты түзеткіш ретінде, не жанында тұратын, не пластмассалық жинаққа кіретін төрт диодтан тұратын жиынды қолданады. Кейбірде транзисторлы құраманы қолданады, бірақ ол өте сирек кездеседі.

Дегенмен әрбір диодты тексерген жөн, себебі олардың біреуінде ақау болса, автоматты түрде ерігіш сақтандырғыштың жанып кетуіне апарады.

Түзеткішті тексеріс нәтижесінде күйген белгілерді байқасаңыз (тақшаның қарайып кеткен алаңы немесе жарылған диод), онда қоректену блогының ақауы жоғары вольтты түзеткіштің істен шығу нәтижесінде болғаны.

Егер ешқандай белгілер болмаса, онда әрбір диодты мультиметр арқылы тексеру керек. Егер түзеткіш диодты жинақта құрастырылған болса, онда оны тексеру үшін, ағытып алу қажет. Мұны байланыс қасындағы мөрлі өткізгіштерді тым қатты қыздырып алмай, өте мұқият істемесе, олар тақшадан шарбылануы мүмкін.

Егер түзеткіш жеке диодта болса, оны тақшадан ағытпай-ақ тексеруге болады.

Диодтың кедергісі тікелей бағытта шамамен 500-600 Ом-нан, керісінде 1,1-1,3 МОм-нан тұру керек. Егер көрсетілген көрсеткішпен сәйкес келмесе, оны ауыстыру қажет.

Кейбірде жоғары вольтты түзеткішпен жұптас қосымша жоғары вольтты транзистор жұмыс жасайды. Жұмыс кезінде қатты қызатын болғандықтан, олар радиаторда орнатылады. Нақ осы транзистордың істен шығуына апарып соқтырады.

Көп жағдайда транзисторды тексеру үшін оны ағытудың қажеті жоқ. Қалыпты транзистордың үш аяғы - база, коллектор және эмиттер болады.

Жұмыс істеп тұрған транзистор базадан эмиттерге және коллекторге қосылады, ол эмитттер мен коллектор арасында мүлдем қосылмайды. Анығырақ айтсақ, бір жағына 100-300 Ом, ал кері қарай- 1 МОм-нан көп болуы керек.

Жоғары вольтты сүзбенің ақауы

Егер жоғары вольтты түзеткішті тексеру еш нәтиже бермесе, келесі қадам жоғары вольтты сүзбені тексеру. Бұған лүпілді кернеуден тиімді сүзбе шығаратын, жиыны бірнеше үлкен көлемді электролитикалық конденсатор кіреді. Дәл осы конденсаторлар қоректену блогының істен шығуына себепкер болады.

Электролиттік конденсаторлар тек нақты кернеуге арналған және нақты сыйымдылықта болады. Егер де оған тым жоғары кернеу түссе не кебу салдарынан сыйымдылығын жойса не электролит ағып кетсе, мұндай жағдайда конденсатор істен шығады.

Конденсатор өзінің сыйымдылығын қоректену блогы қалыпты түрде салқындамаса, яғни жоғары температура салдарынан да істен шығады.

Желдеткіштің олқылықтары

Процессор не қоректену блогының ішкі құрылысы болсын, оларды салқындату үшін желдеткіш және кулер қызмет атқарады. Егер желдеткіш зақымдалса әлде мүлдем айналмаса, жоғары температура болуына әкеп соқтырады.

Егер қоректену блогында желдеткіш жұмыс істемесе, компьютер қайтадан жүктеледі немесе тұрып қалады.

 

Бақылау сұрақтар

1. Дербес компьютердiң қорабы қандай элементтерден тұрады?

2. Қораптың түрлерін ата?

3. Desktop қандай қорап?

4. Процессор, ядро жиілігі дегеніміз не?

5. Процессордың разрядтығын қалай түсіндіруге болады?

6. Аппараттық блоктардың жұмысын жылдамдату мақсатында қандай әдістер қолданылады?

7. Интерфейс дегеніміз не?

8. Жүйелік тақшаның қызметі не?

9. Тақшаның негізгі құраушысы болып не табылады?

10. Ағытпалар не үшін қажет?

11. Процессорлық ұя қалай қызмет атқарады?

12. Жедел жады дегеніміз не?

IV ТАРАУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ БАПТАУ

 

Компьютерді құрайтын орталық процессор, жедел жады, қатқыл дискі және басқа аппараттық бөлшектерден жинақталған құрал ғана емес, сонымен қатар бағдарламалық бөлім – операциялық жүйе және қосымша бағдарламалар. Егер мехникалық құрылғылары мерзімді профилактиканы талап етсе, онда бағдарламалық бөлімі міндетті түрде қажет етеді, себебі бағдарламалық бөлім 100 пайыздық жағдайдың 90 пайыз жағдайында компьютердің істен шығуына себеп болады. Сондықтан әркез операциялық жүйені алдын-ала профилактикадан өткізіп тұру керек, олай етпеген жағдайда оны қайта орнатуға тура келеді, ол бүкіл қолданбалы бағдарламаларды қайта орнатуды қажет етеді.

Операциялық жүйенің алдын-ала профилактикасын жасау өте қарапайым, ағымды және кейінгі әрекеттерден тұрады:

ü Компьютердегі барлық файлдарды әркез антивирустық бақылаудан өткізу;

ü Зиянды бағдарламаларды жүйелік ізденістен өткізіп жойып отыру, мұндай бағдарламалар көбінесе интернеттен түседі;

ü Компьютерді көбінесе зиянды бағдарламалардан қорғайтын брандмауэрді баптап отыру;

ü Реестрды бағдарламалық “қоқысынан” жие тазартып отыру

ü Маңызды жүйелік жаңартуды орнатып отыру, оларды операциялық жүйе шығаратын ресми веб-сайттардан мүлдем тегін көшіріп алуға болады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)