АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ЭКГ при синусовой брадикардии

Читайте также:
  1. Анатомо-физиологические особенности органов кровообращения. Методика обследования. Семиотика.
  2. Аритмии, обусловленные преимущественно нарушением автоматизма.
  3. Б) Задание на проверку и коррекцию исходного уровня.
  4. Желудочковая экстрасистолия
  5. Задача №24
  6. Информационный блок.
  7. ЛФК при инфаркте миокарда
  8. НАРУШЕНИЯ СЕРДЕЧНОГО РИТМА
  9. ОСНОВНЫЕ КЛИНИЧЕСКИЕ ПРОЯВЛЕНИЯ ГИПОТАЛАМО-ГИПОФИЗАРНОЙ ДИСФУНКЦИИ.
  10. Острая сердечная недостаточность у детей. Классификация, клиника, неотложная помощь.
  11. Технологии доврачебной помощи при неотложных состояниях в неврологии.
  12. Фармакологические свойства опиоидов

ЭКГ-лық сипатамалары:

1) R тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған;

2) R-R. аралықтары қашық немесе 1 с артық;

3) функциялық брадикардия болғанда атропин (1 мг) салған соң ЖСС жиіленеді.

 

Синусты брадикардияның ЭКГ көрінісі

Синустық аритмия

Синустык аритмия оның тыныстық және тыныстық емес түрлерін айырады. Тыныстық аритмия n.vаgus тонусының тыныс қимылынан өзгеріп тұруынан болады. Демді алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда — азаяды. Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану салдарынан болады.

ЭКГ-лык көрінісі. R.-R аралыктар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық. Тыныстық аритмияда R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес: демді алу кезінде қысқарады, шығару, кезінде ұзарады. Тыныстық емес аритмияда мұндай заңдылық жоқ, ең қысқа R-R аралықтан кейін ең үзын R-R аралық болуы мүмкін. Оны тыныстық аритмиядан айыру үшін, ЭКГ-ны тынысты токтатып түсіреді.

 

Синусты аритмияның ЭКГ көрінісі

 

Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (СТӘС) бұл жүрек ырғақ бұзылыстың ең полиморфты, ауыр және күрделі түрлердің бірі болып табылады. Соның әсерінен синкопалды жағдайлар дамуы мүмкін және кенеттен өлімге алып келуі мүмкін. СТӘС кіреді:

· Патологиялық синусты брадикардия

· синоатриалды блокада

· синусты түйіннің тоқтауы

· брадикардия-тахикардия синдромы

· атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы


Патологиялық синусты брадикардия
— бұл 60 реттен кем жиіліктегі синусты ритм, физикалық жүктемеден кейін жиілігі жоғарламайды. QRS комплекстер тар, алдында Р тісшесі бар.

Синусты түйіннің тоқтауы 3 секундтан ұзақ созылады, егер синусты түйін өз уақытында қозбаса. ЭКГ-лық көрініске ұзақ асистолиялық пауза болады. Үзіліс кезінде түйіндік немесе идиовентрикулалық орынбасарлық систолалар немесе ырғақ пайда болуы мүмкін.

Синоатриалды блокада ЭКГ көрінісі синусты түйіннің тоұтауына ұқсайды, бірақ ұзарған РР интервалы қалыптыға сәйкес.
Брадикардия-тахикардия синдромы баяу синусты ритмінің жүрекшелік тахикардиямен немесе жыпылықтаушы аритмиямен алмасып келуімен сипатталады.

Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуы жүрекшелерден қарыншаларға қозу импульстің өткізуінің ішінара немесе толық бұзылуы. Электрокардиограммада синусты ритм 0,20 секундтан көп ұзарған интервал PQ.

 

Активті эктопиялық (гетеротоптық), көбіне автоматизмнің бұзылысына байланыссыз систолалар мен ырғақтар.

Бұл жағдайларда қозу қуаты СА туйінінен басым эктопиялық ошақтар пайда болады. Мүндай белсенді ошақтар СА түйінін тежеп, жетекшілікті кейде өзіне алады. Түрлері:

· экстрасистолия;

· пароксизмдік емес және пароксизмдік тахикардия;

· жүрекшелердің дірілі және жыбыры;

· қарыншалардың дірілі және жыбыры;

· парасистолия

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)