АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Пароксизмалді емес тахикардия

Читайте также:
  1. Пароксизмальная и не пароксизмальная тахикардия.

Жылдамдатылған эктопиялық ритмдер, немесе пароксизмалді емес тахикардия – 100-130 рет минутына дейін жүрек соғуының жиіленуі ұстама түрінде емес.

ЭКГ-көріністері пароксизмалді тахикардияның:

1. Жүрек ырғағының ұстамалы түрде емес ақырындап 100-130 рет минутына жиіленуі.

2. Қалыпты қарыншалық ырғақ.

3. Тіркелген әр P–QRS–T комплексте ырғақ қозу көзі синусты емес (жүрекшелік, АВ-түйіндік немесе қарыншалық).

Жылдамдатылған эктопиялық ырғақтар, немесе пароксизмалды емес тахикардия а — жылдамдатылған жүрекшелік ритм; б — жылдамдатылған АВ түйіндік ырғақ; в — қарыншалық (идиовентрикулярлы) жылдамдатылған ырғақ.

 

Жүрекшелер дірілі мен жыбыры.

 

Жүрекшелер жыбыры немесе жыбыр аритмияэктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшыкет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелердің бір уакытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды (жиырылудың орнына жүрекшелердің беті жыбырлап тұрады).

Түзілген импульстердің саны минутына 300-700 шамасында. Олардың кейбіреулері ғана қарыншаларға өте алады. Сондықтан қарыншлардың жиырылуы минутына 90-200 аспайды, көбіне 90-140 және ырғақсыз. Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны нормосистолялық тахисистолиялық және брадисистолиялық түрлеріне айырады.

Жүрекшелер жыбырының электрокардиографиялык белгілері:

1) Р тісшенің жоқтығы;

2) Р тісшенің орнына ұсақжыбыр (f) толкі.індарының болуы (V1 V2 III және AVF тіркемелерінде анық көрінетін);

3) R-R аралықтарының әртүрлілігі;

4) f толқындардың QRS комплекстерінің әр жеріне кабаттасуынан, карыншалық комплекстердің бір-бірінен сәл айырмашылығы.

 

 

Жүрекшелер дірілі — өткізу жүйесі автоматмзмінін күшеюінен немесе re-entrey механизміне байланысты жүрекшелердін минугына 250-400 жиілікпен жиырылуы. Оның ырғақты және ырғақсыз түрлерін айырады. Функциялық АВ блокқа байланысты жүрекшелерден шыққан импульстің әр екіншісі, үшіншісі, төртіншісі немесе бесіншісі ғана қарыншаларға өткізіледі. ЭКГ-лық көрінісі

Изосызықта минутына 200-400 жиіліктегі ірі Ғ толқындар болады. Қарыншалық комплекстер қалыпты, олардың аралықтары ырғақты түрінде бірдей, ал ырғақсыз түрінде — әртүрлі.

 

 

Қарыншалардың дірілі және жыбыры (фибрилляциясы).

Қарыншалар дірілі — қарыншалардың белгілі бір ошағында импульстің re-entri механизмімен шыр айналуынан минутына 200-300 жиілікпен қозуы. Қозу толқыны бір бағытта ырғақты түрде айналады. Қарыншалар дірілі жыбырға ауысуы мүмкін.

ЭКГ-лық көрінісі — қарыншалар дірілінде бір-біріне ұқсас, ырғақты ірі синусоидтар тіркеледі. Бұл толқындардың бойынан тісшелерді айыру мүмкін емес.

Қарыншалық дірілі

Қарыншалар жыбыры (фибрилляциясы) — қарыншалық бұлшықет талшыктарының ретсіз хаосты қозып жиырылуы. Импульстер саны минутына 200-500 шамасында. Қозу толқынының бағыты үнемі өзгереді, сол себептен бүлшықет талшыктары әркелкі ретсіз жиырылады. Қарыншалар жыбырында ЭКГ-да амплитудасы мен биіктігі; әртүрлі, ырғақсыз аласа толқындар болады. Қарыншалар фибрилляциясы асистолияға алып келеді, сол кезде ЭКГ-да тегіс сызық тіркеледі.

Қарыншалық фибрилляциясы

 

Асистолия

 

Жүректің синоаурикулярлы бөгет (блокада) — синусты түйіннен жүрекшелер миокардқа импульс өтуінің бұзылуы.

ЭКГ толық емес синоатриалды блокады: 1. Бөлек жүрек циклдердің кезекті түсіп қалуы (Р тісшесі және QRST комплекстердің); 2. Р-Р немесе R-R қалыпты интервалдармен салыстырғанда жүрек циклдердің түсіп қалғанда Р немесе R көрші тісшелердің арасында пауза 2 есе ұзақ.

 

Атриовентрикулярлы блокадалар:

1 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада жүрекшелерден қарыншаларға электрлік испульстің өтуі баяулайды. Электрокардиограммада 1 дәрежеліблокада P-Q(R) интервалдың 0,20с. Көп ұзаруымен сипатталады.

2 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада барлық электрлік импульстер қарыншаларға өтпей қалуы. Сондықтан біреу немесе бірнеше қарыншалар жиырылуы түсіп қалады. 3 түрі бар.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)