АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Нитрофурган туындылары

Читайте также:
  1. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.

Furacilinum –фурацилин(Б) адам ағзасына уыттғы аз, грамм оң, грамм теріс микроорганизмдер мен қарапайымдыларға белсенділігі жоғары.

Регенерация - жаңару, қайта өсу; Жергілікті әсер еткенде тітіркендіргіш әсер көрсетпейді және тіндердің жаңа өсуін тездетеді. 0,02% (1:5000) су ерітіндісі қабынуға қарсы ауыз қуысын және тамақты шайқауға қолданамыз, фурацилиннің 0,066% (1:1500) спиртті ерітіндісін созылмалы іріңді отитте (құлақтың қабынуы) қолданамыз.

Мазь - 0,2%. Таблетка түрінде 0,02 (1таб. ½стақан жылы суға) шаю үшін қолданамыз. Таблеткасы 0,1гр - нан бактериялы дизентерияда ішке қолданамыз.

Бояғыштар: грам оң кокктарға әсер етеді, уытты емес, теріні тітіркендірмейді.

Viride nitens-бриллиантовый зеленый-зеленка:1-2% сулы және спиртті ерітіндісі операцияның кесілген жерін, жараларды, сыртқы тері іріңді жараларын (пиодермия - артрит дерттерінен аяқ пен қолдың, буындардың жара болуы) жууға, көздің кіпігін де (блефарит - кірпіктің қабынуы, бастың қайызғағынан пайда болатын дерт) жуамыз.

Aethacridini lactase - этакринді лактаты - этакрина лактат (риванол) (Б) 0,05-0,2% ерітінділері сыртқа ашық жаралардыденедің тесіктерін, күйіктерді жууға, шаюға арналған. 0,1%спиртті ерітіндісі, 1% мазі 5-10% пастасы, 2,5% себілтпесі бар.

Nethylenum coerulenum - метиленовый синий: сулы: сулы 0,02% ерітіндісі қуықты жууға арналады; спиртті 1-3% ерітіндісі сыртқа қолдануға арналады. Метиленовый синий препараты цианидттермен, көміртек тотықтарымен күкіртті сутегімен, нитриттермен уыттанғанда (хромосмон препаратын) қолданады.

 

Қышқылдар мен сілтілер.

Acidum broicum - бор қышқылы – антисептикалық тиімділігі жоғары емес. Спиртті 3% ерітіндісі құлаққа арналған тамшылар ретінде, созылмалы отитте; сулы 2-4% ерітіндісі көзді жууға, примочка жасауға арналған, кейде ауыз қуысын жуамыз; глицирин 10% ерітіндісі тері құрғағанда және кольпитте (кольп -қынаппен байланысты) қолданады; 5% мазь педикулезде - биттегенде .



Салицил қышқылы: спиртті ерітінділері мен маздер, паста, себілгіштер, сүйелді кетіретін ерітінділердің қосылыстарына кіреді, (Салипод) сүйелдің лейкопластрлерінің құрамына кіреді.

Бензой қышқылы: сыртқа фунгицидтік (саңырауқұлақтарға қарсы) әсері бар.

Solution Ammonii caustici 10%-10% аммиак ерітіндісі - нашатырный спирт-сілтілік қасиеті болғандықтан жуғыш қасиеті болады да хирургияда қол жууға Спасокукоцкого - Кочергин (0,5%ерітіндісі) әдісі бойынша қолданамыз. Естен танғанда тітіркендіргіш қасиеті тыныс алуды ынталандырғандықтан қолданады.

Детергенттер: сыртқы тиімділігі мол тазартқыш заттар, барлық заттарды тазартады және микробтарға қарсы жоғары тиімділігімен белгілі. Хирургиялық құрал - жабдықтарды заласыздандыру үшін жиі қолданамыз, хирургтың қолын және операцияға кесетін жерді тазартамыз, науқастың қолданған құралдарын тазартамыз. Ақуыздың жоғары концентрациясы бар жерлерде (науқас зиянды заттар, ірің бөсе) қолданбаймыз, себебі тиімділігі төмен. Детергенттердің уыттығы аз, тітіргендіргіш қасиеті жоқ.

Катианды детергенттер антибактериялы тиімділігі жоғары.

Церигель және дегмицид медицина саласында істейтін жұмыскерлердің қолдарын жуады.

‡агрузка...

Роккал қол жуу және 0,1% ерітіндісі құрал –жабдықтарды жуу үшін 1%ерітіндісі операция жасайтын жерді заласыздандыруға 0,025% ерітіндісі сыртқы жараларды жууға арналады.

Мирамистин - жұқпалы жыныс жараларына 0,01% ерітіндісі алдыналу шаралары үшін қолданамыз.

Анионды детергенттер тиімділігі төмен (катиондармен сәйкес келмейді): жасыл сабын тері қабаттарын тазарту үшін қолданамыз.

 

Химиотерапевті әсер ететін дәрілік заттар.

Химиотерапевті дәрілік заттарға инфекция қоздырғыштарына қарсы спецификалық әсер көрсететін, алдын алу шаралары мен емге қолданылатын дәрілік заттар. Ең алғашқы химиотерапиялық дәрілік заттарды неміс ғылымы П.Эрлих XX ғасырдың басында мышяктың синтезделінген қатарынан қосылыстарды мерез (сифилис) дертін емдеп және бірнеше протозойтты (протозоология - бір клеткалы аңдар) инфекцияларға қарсы қолданды. Әрі қарай сульфаниламидті препараттарды (Домагк, 1932ж.) және антибиотиктерді (А.Флеминг,1929ж.), ал 1940ж.Флори мен Чейн пинициллинді таза күйінде алды .Химиотерапевтік дәрілік заттардың инфекция қоздырғыштарына таңдамалы әсер етуі олардың химиялық құрамымен, әсер ету спектріне байланысты болып табылады.

1.Антибиотиктер .

2.Синтетикалық құрылымы бар микробтарға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

3.Туберкулезге қарсы әсер ететін заттар.

4.Спирохетоздарға (сифилиске)қарсы әсер ететін заттар.

5.Саңырауқұлақтаға әсер ететін заттар.

6.Вирустарға қарсы әсер ететін заттар.

7.Протозойдқа қарсы әсер ететін заттар.

8.Гисттерге(антигельминтті)қарсы әсер ететін заттар.

Инфекциялы дерттерді жақсы емдеу үшін химиотерапиялық негізгі принциптер :

1.Қоздырғышқа сезімталдығы мол препараттарды қолдану.

2.Алдын ала емдеу.

3.Оптималды дозаны қолдану және дәрілік заттарды қабылдау уақытын дәлдеп сақтау,ең жәйлі енгізу жолдарын тағайындау.

4.Дерттің белгілерін мүлдем кеткенше және 2-3 (бактериологиялық толық жазылғанша)күн қоса емдеген жөн.

5.Емделудің әртүрлі түрлерін қолданамыз.

6.Рецедивтердің алдын алу үшін-қосымша тағы да әрі қарай емделеміз.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.015 сек.)