АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Аналептиктер

Читайте также:
  1. Аналептиктер.
  2. Тыныс алу стимуляторы (тыныс алу аналептиктер)

 

1. Наркозға арналған дәрілік заттар оны негізі (анестетиктер).

Наркоз Narсosis оглушение деген мағынаны білдіреді. Орталық жүйке жүйесінің функциясын тежейміз яғни естен тандырамыз, сезімді жоғалтады, рефлекторлы бұлшық еттердің тонусы төмендейді, тыныс алу және қан айналым системасының функциясы сақталынады. Наркоз хирургиялық жағдайларда яғни операцияларда қолданылады. Химиялық құрылымы жағынан наркозға арналған заттар әр түрлі болып келеді. Орталық жүйке жүйесін тежейді, негізі наркоздың бірнеше кезеңі бар:

1) Анальгезия - біртіндеп ауру сезімі жоғалады және сезіну жоғалады. Егер бұл жағдайда көп жататын болса амнезия дерті пайда болуы мүмкін.

2) Қозу – науқас жиі қозғалып қатты сөйлей бастайды, тынысы және пульсі жиілейді, қан қысымы көтеріледі, көзінің қарашығы кеңейеді, барлық рефлекторлы қозғалыстар көбейеді.

3) Хирургиялық наркоз:

1 кезеңде – шеткейлі наркоз, барлық физиологиялық функциялар бір қалыпқа келеді, ұйқы дұрысталады, адам тыныштанады, бұлшық ет тонусы сақталынады.

2 кезеңде – күрделі наркоз, тыныс, пульс қалыптасады, стабилизация, рефлекторлы тиімділік пен және бұлшық ет тонусы төмендейді.

3 кезеңде – терең наркоз, тыныс беткейлі болады, жиі және диагфрагмалы, көздің қарашығы ақырындап кеңейеді, тахикардия көбейеді, қан қысымы төмендейді, жалпы бұлшық ет атониясы болуы мүмкін.

4 кезеңде – сверхглубокий наркоз (терең деңгейлі наркоз), қан қысымы төмендейді, диагфрагманың тырысуы пайда болады, барлық физиалогиялық функциялардың параличі басталады. 3-ші 4-ші наркоздың кезеңі болуы мүмкін емес себебі ол тез арада агональды кезеңге өтіп кетеді.

4) Паралич (агональды) кезеңі – тыныс алу бірден нашарлайды, пульс жоғалады, қан айналым жоғалады, өлім тыныс алудың параличінен және тамырлардың қозғалу центрінің тоқталуынан пайда болады. Наркозды ағзаға енгізуді тоқтатқанда ояну барлық кезеңде кері бағытта жүреді және наркоздан кейінгі ұйқы кезеңі басталып кетеді.

Наркоздың түрлері:

1) Ингаляцияға арналған наркоз – газ тәріздес және ұшқыш сұйық анестетикті, наркозға арналған аппарат арқылы немесе эндотрахиалды трубка арқылы тыныс алу мүшелеріне енгіземіз. Ингаляциялық наркоз қабылдағанға ыңғайлы.

2) Ингаляциялық емес наркоз – анастетиктердің ерітінділері көк тамырға кей кезде бұлшық етке немесе ректальда енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың ояну кезеңдері мүлдем жоқ бірақ, бұл наркоз бен басқару мүмкін емес. Ингаляциялық наркозды басқаруға болады.

3) Мононаркозда – бірақ препарат қолданамыз.

4) Аралсқан наркоз – екеу немесе бірнеше препараттар қосындыларын мысалы: фторотан мен азот тотығын қолданамыз.

5) Комбениревонный наркоз – ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоздарды аралстырып енгіземіз. Аралас және комбенированный наркоз дәрілік заттардың концентрациясын төмендетуге қамтамасыз етеді. Жалпы анестезияны адекватты өткізуге әсер етеді.

6) Потенцированный наркоз – комбенированный наркоз бен наркотикалық әсері бар анальгетикалық және седативті әсер ететін препараттарды қосып енгіземіз. Нейролептаналгезиялық наркоз – нейролептиктердің наркотикалық анальгетиктермен араластырып мысалы: дропередолды фентанилмен аралстырып енгіземіз.

 

Наркозға арналған дәрілік заттардың классификациясы:

 

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар
1. Ұшқыш сұйық заттар: - наркозға арналған эфир - фторотан (галотан) - метоксифлуран (пентран) - трихлорэтилен (трилен) - энфлуран - изофлуран - десфлуран - флороксен 2. Газ тәріздес заттар: - азот тотығы - циклопропан 1.Барбитура қышқылының туындылары: - тиопентал – натрий - гексенал - метагекситал (бриетал) 2.Барбитура емес препараттар: - пропанидид (сомбревин, эпонтол) - натрий оксибураты (ГОМК) - кетамин (кеталар, калипсол) - пердион (виадрил) - альфаксолон (альтдресин) - этомидрат (раденаркон, гипномидат) - пропофол (диприван)

 

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер

Наркозға арналған эфирAether pro narcosi (Б): флакон 100мл және 150мл, эфир түссіз, ұшқыш, өзіндік иісі бар, мөлдір зат, қайнау температурасы 34-35ºС, жанғыш, оттегімен, ауа, азот тотығы мен қосылғанда жарылғыш қасиеті пайда болады. Наркотикалық әсері өте жоғары белсенді, қолданғанда терең әсер етеді, бұлшық еттерді босатады және белсенді анальгетик әсерін көрсетеді. Ояну ұзақ уақытқа созылады, наркоздан кейінгі депрессия пайда болады. Шырышты қабаттар тітіркенеді жөтел, құсық, рефлекторлы бродикардия, кей кезде тыныс алуы тоқтап қалу мүмкін сондықтан алдын алу шаралары ретінде атропин қолданамыз. Жоғары дозада гипергликамия және жүрек аретмиясы наркоздан кейінгі кезеңде пневмания және бронхит болу мүмкін.

Фторотан – Phthorothanum (Б): флакон 50мл, өзіндік тәтті иісі бар жанбайтын ұшқыш, сұыйқ зат, жарылмайды, белсенділігі эфирге қарағанда 3 есе артық. Наркотикалық әсері жоғары, наркоз ретінде қолданғанда дозасын жақсы тағайындауға болады. Тез наркотикалық әсер көрсетеді 3-5 минут ішінде, ояну кезеңі жоқ. Наркоздан кейінгі ұйқы қысқа эфирге қарағанда. Шырышты қабаттарды тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді, орташа анальгетикалық әсер көрсетеді, тыныс алуды тежейді, гипотония, бродикардия шақырады, бұл кезде атропин енгіземіз, аретмия шақыруы мүмкін, сол кезде адреналин немесе норадреналин енгіземіз, қан қысымын көтеру үшін мезатон қолданамыз. Бауыр органикалық дерттерінде фторотанды қолдануға болмайды, миометрияның тонусын төмендетеді, қынаптың операциядан кейінгі кезеңінде қанның көп кетуіне әсер етуі мүмкін.

Метоксифлуран – фторотанмен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары бірақ ояну кезеңі ұзақ.

Кері әсері: фторотанға ұқсайды, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Жоғары анальгетикалық белсенділігі бар.

Трихлорэтилен – наркотикалық әсері метоксифланға ұқсас, наркоз тез арада болады және тез бітеді, 2-3 минуттен кейін. өте жоғары анальгетикалық әсері бар.

Флуроксен – наркоздың болуы және одан шығу аралығы тез. Қаңқа бұлшық еттерінің босалуы төмен. Жанғыш препарат.

Энфлуран, изолуран, десфлуран - құрамында фторы бар анестетиктер, әсер етуі фторотанға ұқсайды. Миорелаксацияны өте қатты шақырады бірақ кері әсері фторотанға қарғанда аз.

Хлороформ – қазіргі кезеңда қолданбайды көбінесе фармацияда ерітікіш және экстрагент ретінде қолданамыз.

Хлорэтил – уытты, наркозға қолданбайды, 12°С қайнайды, жергілікті криотерапияда тері сыртқы қабатқа салқындату үшін және сезімді азайту үшін қолданамыз.

Азот тотығы – Nitrogenium oxydulatum аз дозада масайтады, эйфария шақырады, ұйқышылдық пайда болады, түссіз, тәтті исі бар, газ, көбінесе қосынды ретінде 70-80% азот тотығы 20-30% оттегі қолданылады, наркоз тез арада болады, адам оянбайды. Наркотикалық белсенділігі төмен ингаляция тоқтағаннан кейін адам бірден оянады, жоғары анальгетикалық тиімділігі бар бірақ марфинмен бірдей деуге болады сондықтан босанғанда инфаркт, миокардта, сынықта, түсіктерде, операциядан кейінгі кезеңдердегі ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін хирургиялық стоматологияларда да қолданылады. Наркозға көбінесе фторотанмен қосып қолданамыз. Мүлдем жанбайтын бірақ әдеі арнап жақсақ эфир мен араласқан циклопропанмен және хлорэтил мен қосылғанда жарылғыш қасиеті болады. Егер азо тотығын жоғары дозода қолдансақ гипоксия болу мүмкін. Ингаляцияны ұзақ уақыт қолдансақ мегалобласты анемия, лейкопения болуы мүмкін.

Циклопропан – жанғыш, жарылғыш, без секрециясын жоғарлататын аретмия шақыратын, қан қысымын көтеріп қан кетуді шақыратын бірақ ауырып тұрған сезімді жақсы басатын препарат.

 

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар.

Thiopentalum – natrium – тиопентал-натрий (Б): флакон 0,5 және 1,0гр көлемде 20мл – құрғақ ұнтақ сарғыш немесе сарығыштау жасыл түсті, өзіндік исі бар, қолданар алдында ғана дайындайды. Инкцияға арналған суменен 2-2,5% ерітінді көк тамырға баяу (колопс пайда болмауы үшін баяу енгіземіз) енгізіп жатқан кезінде наркоз пайда болады. 20-25 минутқа созылады, наркоздан кейінгі ұйқы ұзақ. Тиопентал натрий аз уақыт жұмсайтын операцияда қолданамыз немесе психомоторлы қозуда және тырысуларға қарсы қолданамыз. Тиопентал натрий ауырып тұрған сезімді жаман алады, наркотикалық әсері төмен бронхолетикалық ларингоспазмдар пайда болуы мүмін сондықтан алдын ала атропин қолданамыз. Тыныс алуы тоқталынуы мүмкін, гипотония, жүректің жұмыс істеуі төмендеп қалуы мүмкін сондықтан тиопентал нартий және басқа да барбитураға жататын дәрілі заттарды бүйрек, бауыр функциясы төмендегенде қолданбауға тырысамыз.

Гексенал – тиопенталға ұқсас бірақ наркотикалық және бұлшық еттерді босатқыш қасиеті төмен.

Метагекситал – тиопенталға қарағанда белссенділігі жоғары бірақ әсер етуі 7-10 минутқа созылады.

Пропанидид – Propanididum (Б): ампула 5% ды ерітінді 10мл. Көк тамырға баяу енгіземіз, мүлдем қысқа әсері бар наркоз 20-40секундтан кейін басталып кетеді, хирургиялық кезеңі 3-5 минутқа созылады, адам 2-3 минуттан кейін есін жинай бастайды, 20-30 минуттан кейін наркоз әсер етуін тоқтатады. Тыныс алуды тежейді, тахикардия, жүрек айниды, ықылық пайда болады, терлейді, анафилактикалық шок шақыруы мүмкін.

Нария оксибутираты – Natrii oxybutiras (Б): ампула 20% ды ерітінді, көк тамыр,а, бұлшық етке 5% сиропты ішке қолданамыз, наркотикалық белсенділігі төмен, анальгетикалық әсері де төмен, ішке енгізгеннен кейін наркоз 30-40минуттан кейін басталады. 2-3 сағатқа созылады, уыттығы төмен, төмен дозада ұйықтатқыш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Жоғары дозада наркотикалық және тырысуға қарсы әсер көрсетеді, қаңқа бұлшық еттерін жақсы босатады. Антигипоксикалық әсер көрсетіп яғни тіндердің оттегі жетіспеушілігіне тұрақтылығы жоғарлайды. Ми ісігінде және басқа гипоксикалық дерттерге қолданамыз. Бұл дәрілік затты анестизиологтар көбінесе негізігі немесе базисті наркозға қолданады.

Кетамин гидрохлориді – Ketamini hydrochloridum (А): флакон 5% ерітінді 10мл көк тамырға, бұлшық етке, диссоциативті яғни жалпы анестезияны шақырады, аферентті мидың сезімтал бөлігін таңдамалы тежейді, анальгезия және жеңіл ұйқтатқыш әсер көбінесе естен тануды шақырады, ішке енгізгеннен кейіг көк тамырға 1-2минуттан кейін 10-15минут ұзақтығы бар наркоз шақырады бұлшық етке енгізгенде 3-6 минуттан кейін 15-30минут арасында наркоз шақырады. Қаңқа бұлшық еттерін босатпайды тамақ және жұтыну рефлекстерін сақтайды. Кетамин тахикардия шақырады, қан қысымын жоғарлатады, сондықтан алдын ала атропин қолданамыз, операциядан кейінгі кезеңде галлюцинация, психомоторлы бұршылу болуы мүмкін. Көбінесе тез арада жасалынатын хирургиялық операцияларда қолданамыз.

Предион – наркоздың ұзақтығы 30-40минут аралығы, тамырлардың қабырғасын тітіркендіреді, тромбофлебит шақыруы мүмкін сондықтан қолданылуы мүлдем аз.

Альфаксолон - әсер етуі қысқа, жиі аллергия шақырады.

Этомидат – 4-8минут аралығында наркоз шақырады, құсық, тырысу, қан қысымын өзгертеді.

Пропофол – 8-10минут аралығында наркоз шақырады, қан қысымын төмендетеді, тыныс алуды тежейді, аллергиялық реакция болуы мүмін, бұлшық еттерді де тырыстырып дірілдеу шақырады.

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)