АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Этил спирті

Читайте также:
  1. Calcii chloridum
  2. KCL М.М. 74.56
  3. Natrii tetraboras. Borax.
  4. Zinci sulfas
  5. А.1. Паспортна частина
  6. Алкалоїди – похідні бензолізохіноліну
  7. Алкалоїди – похідні тропану
  8. Алкалоїди – похідні фенантренізохіноліну
  9. Аналептиктер.
  10. Бутирофенон туындысы: галоперидол, дроперидол.
  11. Буферлік ерітінді
  12. Виділення суміші пігментів листка. Дослідження фізико-хімічних властивостей пігментів

Орталық жүйке жүйесіне тежегіш әсер көрсетіп наркозға кері әсер көрсетеді, сондықтан наркозға этил спирті қолданылмайды. Наркотикалық әсер ету кеңдігі аз. Егер наркоз ретінде қолдансақ агональды кезең пайда болып наркоздан ояну ұзаққа созылады, бірақ анальгетикалық спирттің қасиеті медицина практикасында жақсы қолданылады. Шокка қарсы әсер ететін ерітінділерді құрамына кіреді. Жергілікті қолданғанда спирт тітіркендіргіш, иілік және антисептикалық әсер көрсетеді сондықтан медицинада антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданамыз. Резорбтивті әсер көрсеткенде:

1) Миға тежегіш әсер көрсетіп эмоционалыдық қозу, мидың ойлау қабілеті төмендеп эйфория шақырады, ұзақ уақыт қолданғанда бейімдеушілік пайда болады.

2) Төмен концентрациядағы (20%) спирт тәбетті көтеріп асқазан безінің секрециясын жоғарлатады бірақ жоғары концентрациядағы этил спирті ас қорыту жүйесіндегі ферменттерді жойып астың қорытылуын бұзады.

3) Этил спирті терідегі қан тамырларын кеңейтеді де жылудың шығуын және терлеуді көбейтеді. Сол кезде дене температурасы төмендейді, егер ауа райы суыған кезде мас адам бірден үсіп қалады.

4) Этил спирті антидиуретикалық гормонның түзілуін азайтып зәр айдағыш әсер көрсетеді.

5) Этил спирті жоғары ккаллориялы зат болып есептелінеді, ол тотыққанда 1гр спирттен 7,1 ккаллория жылу шығады (1гр көмір сутегі 4,2 ккал береді, 1гр май 9 ккал) сондықтан парентеральды тамақтану ретінде әлсізденіп қалған науқасқа қолданамыз. Спирт ағзада жиналмайды, ағзадағы тіндердің түзілуіне әсер етпейді, уытты әсері жоғары сондықтан созылмалы уыттынуға әкеліп соғуы мүмкін. Фармацевтикалық өндірісте спирт экстракттар, тұндырмалар және сыртқа қолданылатын дәрілік заттарды дайындау үшін қолданады.



Этил спиртіменен қатты уыттанғанда, өлім дозасы бір адамға 300мл (95%) бұрынан қолданып жүрген адамға бұл доза жоғары болуы мүмкін.

Уыттанғанда болатын белгілер – естен танады, суық жабысқақ тері, өңі суық болады, дене температурасы төмендейді, құсық пайда болады, тамырдың соғу жиілейді және ақырын болады, көздің қарашығы тарылады, тырысу пайда болады, тыныс алуы тоқтап жүрек те тоқтауы мүмкін, өлім тыныс орталығының параличінен болады.

Көмек: асқазан жуу, тұз ерітінділерін береміз ауызды жақсылап шаямыз, жоғары тыныс алу жолдарын тазартамыз, тілді орнына қоямыз, атропин – бездердің секрециясын азайтады.

Кардиомин – тыныс алуды ынталандырады, егер керек болған жағдайда өкпені жасанды вентиляция арқылы жұмыс істеткіземіз. Көк тамырға инсулин мен (инсулин спирттің уытты әсерін төмендетеді) глюкоза ерітіндісіне қосып және 4% ды натрий гидрокарбонатының ерітіндісінің 1000мл дейін көлемде қолданамыз.

Витаминдер В1, В2, РР.

 

Созылмалы этил спирті мен уыттанғанда.(алкоголизм).

Алкоголизмге душар болған науқас көбінесе бейімдеушілігі (толерантность) психикалық тәуелділік физикалық тәуелділік пайда болғанан бұл дертке ұшырайды. Мидың істеу, сақтау қабілеті төмендейді, эмоционалды тұрақсыздық пайда болады. Егер ары қарай алкоголизм дертін емдемесек психоз, белая горячка, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ішкі органда дертке ұшырайды, гастрит, панкриотит, бауыр цейрозы, миокарт дистрофиясы, бүйрек дерттері, эндокрин бездерінің функциясы бұзылады, қанның ұюыда төмендейді және т.б.

‡агрузка...

Алкоголизді емдеу: арнайы нарко деспансерде емдік жұмыстар жүргізіледі, детоксикалық терапия және фармакотерапия – психотерапия жүргізіледі. Дәрілік заттар науқасты алкоголизмнен шығуы үшін қолданылады.

Тетурам (антабус, дисульфирам)Teturamum (Б): таб 0,15 және 0,25. тетурам спирттің тотығуын ацетальдегидрат кезеңінде яғни сірке қышқылы болғанда және одан ары көмір қышқыл газымен суға айналдырады. Ацеталь дегидрат ағзада көп жиналып тахикардия, қан қысымының төмендеуін, қылқыну, бастың ауыруын, тоңу, көп терлеу, бұлшық еттерідің ауыруы, тырысы, өлімнен қорқу сезеімдерін тудырады. Тетуран мен емдеу дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі.

Қабылдауға болмайды: жүрек тамыр системасындағы дерттерде, бауыр, бүйрек, қант диабеті, туберкулез, психикалық дерттер және т.б. тетуранмен қоса науқасқа 20-30мл арақ беріледі дәрілік заттың дозасын әр науқасқа әр түрлі арналады. Тетурам қолданған кезде науқас арақ ішуді қояды. Имплонтациялық таблетка эспераль оны организмге енгізіп 1 жылға дейін қабылдайды.

Апоморфин гидрохлоиді – құсық шақыратын препарат алкоголизді емдегенде құсық шақыру үшін қолданады.

3. Ұйықтататын дәрілер

Ұйқының 2 кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатынұйқы.

Баяу басталатын ұйқыдаағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75% құрайды.

Жедел ұйқыкезеңінде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесіне холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.

Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған –ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарылауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды шақыруы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу, т.б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.

Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:

Барбитур қышқылының туындылары Бензодиазепин туындылары Басқа да химиялық қосылысты дәрілер
Фенобарбитал (люминал), этаминал-натрий (нембутал) Эстимал (амитал) Циклобарбитал (фенодорм) Циклобарбитал+диазепам («Реладорм») Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм). Флунитразепам (рогипнол, сомнубене). Триазолам (хальцион). Мидазолам (дормикум, флормидал). Флуразепам (далмадори) Лоразепам (толид) Темазепам (ленал) Зопиклон (имован) Золпидем (ивадал) Доксиламин (донормил) Бромизовал Метаквалон Геминейрин (хлометиазол) Хлоралгидрат Натрий оксибутираты Фенибут

Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар:тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының ұзактығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер шақырмауы қажет. Классикалық ұйықтататын дәрілер (барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар) ОЖЖ-нің таңдамалы әсерінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады.

Орташа мөлшерде – ұйықтататын, ал үлкен мөлшерде –наркотикалық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде ұйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілірге дәрілерге жататын бензодиазепин қатарындағы ансиолитиктерді белгілейді. Ұйықтататын дәрілер ОЖЖ-ң әртүрлі түзілулердегі нейронаралық түзілулерге тежегіш әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі: Ұйықтататын дәрілік заттар ҰДЗ ОЖЖ-ң табиғи тежеуші гаммо-амино май қышқылы медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысын өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді. Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процесі бұзылуынан басқа, ұйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді. Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсер ұзақ дәрілер белгіленеді. Фармакологиялық әсері – аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшердеұйықтататын, тырысуға қарсы, ансиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.

Фенобарбитал – Phenobarbitalum (Б):0,05 және 0,1 таб шығарылып, 1-2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8сағ созылады. Фенобарбитал тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.

Этаминал – натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб 30 мин алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10мл еріт к/т енгізіледі.

Эстимал – Aesthimalum (Б) -0,1-0,2 таб ұйықтардан 15-30мин алдын қабылдайды. әсері 6-8 сағ созылады.

Циклобарбитал – 0,1-0,2 таб, («Реладорм» таб) – этаминал – натрийге ұқсас.

Нитразепам – Nitrazepamum(Б): 0,005 және 0,01 таб шығарылып, ұйықтардан 30 мин бұрын қабылдайды. әсері 6-8 сағатқа созылады.

Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас 0,002 таб, 0,002 құрғақ зат + 1мл еріткіші бар амп шығарылады.

Триазолам (0,00025 және 0,005 таб) және мидазолам (0,015 таб, 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минуттан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.

Зопиклон – Zopiklon0,0075 таб шығарылып, ұйықтар алдында алдында 1 таб ұсынылады. Әсері 20-30мин басталып 6 сағ созылады.

Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ).

Метаквалон - әсері 6-8 сағ.

Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқалуы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқалады. Сондықтан ұйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет. Басқа да жанама әсерлері:диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына металл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, (әсіресе жүктіліктің алғашқы 3 айыйнда), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтатын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі – дәрмектерді, нейролиптиктерге, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады.

Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді.

Белгілері: ұйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін.

Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонисттері темегрид (0,5% -10мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневманияның алдына алу үшін антибиотиктер; инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер.

 

 

4. Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттарды талманың күшін жиі болмауын қадағалау үшін қолданамыз. Дертті мүлдем емдеуге мүмкін емес. Эпилепсияның бірнеше формасы бар:

1) Үлкен талма (Grand mal) тырсулар, естің жоғалуымен болады бірнеше минуттан кейін адам ұйықтап қалады.

2) Кіші талмалар (Petit mal) тез уақытта (бірнеше секундта) адам естен танады, бет бұлшық еттері тырысуы мүмкін.

3) Психомоторлы автоматизмдер – адам талады, есінен танады, кей кезде өзінің істеп жатқан ісіне жауап бере алмайды. Көліктерге отырып басқа жақтарға кетіп қалуы мүмкін.

Дәрілік препараттарды осы эпилепсияның формасына қарап қолданамыз. Әр науқасқа дозасы сайланады.

1) Үлкен талма және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілік заттар: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазипин (финлепсин, тегретол), хлоракон.

2) Кіші талмаларда қолданылатын дәрілік заттар: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион).

3) Әр түрлі ұстамаларға қолданылатын дәрілік заттар: (көбінесе эпилепсия ұстамалары 3 формасы араласып келеді, осы кезде қолданылатын дәрілік заттар). Вальпроат натрий (конвулекс, депакин, ацедипрол), вальпроат кальций (конвульсофин), клоназепан (антелепсин).

Әсер ету механизмі: эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттардың әсері патологиялық жағдайда эпилептоген орталығындағы нейрондардың белсендігін басу немесе олардың басқа ми бөлімдеріне өтуін тежеу. Бірден емдік дозасын алып тастасақ немесе азайтып тастасақ дерт ынталанып кетуі мүмкін. Сондықтан емдік дозаны біртіндеп азайтамыз.

Кері әсері: ұйқышылдық, бас ауырады, мидың сақтау қабілеті төмендейді, депрессия, аллергиялық реакция, диспепсия. Дифенин препараты гиперплазия (ауыздың шырышты қабаттарының асқынуы) шақырады.

Қабылдауға болмайды: жүрек жетіспеушілігінде, бауыр, бүйрек функциялары бұзылғанда, жүкті болғанда, бала емізгенде, қан айналым системасы бұзылғанда.

 

Гексамидин Hexamidinum. (Б): таблетка 0,125-0,25 ½ – 2 таблеткадан күніне 1-2 мезгіл.

Дифенин – Dipheninum (Б): таблетка 0,117 – күніне 3 мезгіл 1-3 таблеткадан.

Карбамазепин – Carbamazepinum (Б): таб 0,1; 0,2; 0,4 күніне 1-3 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1-2 таблеткадан.

Этосуксимид – Ethosuximidum (Б): капсула 0,25 күніне тамақпен бірге 3-4 мезгіл 1 капсуладан.

Натрия вальпроат – Natrii valproas (Б): таб 0,3; 0,5 күніне 1-3 мезгіл 1-2 таб.

 

5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Пракинсон дерті қозғалуы, адамның қозғалысы тырысулар арқылы жүреді, тершең келеді, тез ашуланшақ болады.

1) Антихоленергиялық препараттар: циклодол (паркопан), трипериден (норакин), тропацин, бипериден (акинетон), десетимид (тремблекс) – ұзақ әсер ететін препараттар. Орталық холеноблокаторлық әсері бар шеткі холенорецепторларға әсер етеді. Паркенсонизмнің болуын азайтады, дозасын көтерген жағдайда кері әсері болады.

Циклодол – Cyclodolum (А): таб 0,001; 0,002; 0,005 0,5 және 1 таб тамақтан кейін күніне 3 мезгіл.

2) Дофаминергиялық препараттар: леводопа орталық жүйке жүйесінде дофаминнің синтезделуін жоғарлатады. Депренил (селегилин), бромокриптин (парлодел), мидантан (амантадин), глудантан. Орталық дофамино миметикалық әсер көрсетеді яғни экстрапиромидті системада дофамин нейрондарын көбейтеді және нейрондардың депосынан (нейрондардың жиналатын жері) оның бөлуін ынталандырады. Дофамиенгиялық рецепторлардың дофаминге сезімталдығын жоғарлатады.

Қолданылуы: паркинсон ауруында, парезде (жартылай салдану),акромегалия, лактацияны басу үшін, сонымен қатар вирустық ауруларды басу үшін.

Кері әсері:тәбет төмендейді, құсық пайда болады, ұйқысызды, психикалық бұршылу және т.б. аралас келген препараттардың кері әсері аз.

Леводопа – Levodopum (Б): капс (таб) 0,25; 0,5 күніне тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1-4 капс (таб) қолданамыз.

Мидантан – Midantanum (Б): таб 0,1 күніне 2-4 мезгіл тамақтан кейін 1 таб.

Депренил - Deprenyl (Б): таб 0,005 күніне 1-2 мезгіл 1-2 таб.

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.178 сек.)