АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Оксигенотерапия

Читайте также:
  1. Гипергликемия.Кетоацидоз.
  2. Задания
  3. Задания
  4. Задания
  5. ЛЕКЦИЯ №13
  6. Наследственная склонность к аутоиммунным реакциям.
  7. Оказание первой доврачебной помощи при внезапной одышке (удушье).
  8. ПОСЛЕОПЕРАЦИОННЫЙ ПЕРИОД.
  9. При частоте инфекционных рецидивов более 2 раз в год.
  10. Родовые травмы, церебральные и спинальные. Исследование объема движений, силы мышц, мышечного тонуса, сухожильных и периостальных рефлексов у детей, характеристика нарушений.
  11. Тромботические и тромбоэмболические заболевания у больных хирургического профиля.

8 Жүрек гликозидтері(строфантин) – жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, көбінесе дофамин (АҚсист. 70-100 мм сын. Бағ) немесе добутамин (АҚсис>100 мм сын. бағ) белгіленеді.

9 β1-адреноблокаторлар(метопролол, атенолол) – жүрек жұмысын жеңілдету үшін және тахикардияда қолданылады.

10 лазма алмастырушы және тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты –қышқыл-негіздік тепе-теңдік реттеу үшін, глюкоза ерітіндісі инсулинмен бірге –жүректі қоректендіру үшін тағайындалады.

 

Гипотензивті дәрілер.

Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілерартериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді.Олар көбінесе артериялық гипертензиядақолданылады.Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға:жүрек жұмысына,шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның тұтқырлығына,қан айналымының көлеміне,электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты.Мұның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады.Әсер ету механизміне қарай гипотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз:

І.Жүрек-қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер(антиадренергиялық,нейротропты дәрілер):

a)транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;

б)орталыққа әсері нейротропты дәрілер: клофелин (катапресан, гемитон,клонидин),метилдофа(допегит,альдомет),гуанфацин(эстулик)-тамыр қозғалтқыш орталығының α2 –адренорецепторын қоздырып,ОЖЖ-нен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді.Одан вазомоторлы орталығының тежеуінен,артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.

Clophelinum-клофелин(Б):0,000075 және 0,00015 таб.түрінде шығарылып,1 таб.тәулігіне 2-4 рет;0,01% 1 мл еріт.амп.шығарылып,т/а,б/е,10-20 мл 0,9%NaClеріт.(стационарда) к/т,0,125%;0,25% және 0,5% 1,5 мл еріт.тюбик-тамызғыш-глаукомада көз тамырлары түрінде белгіленеді.Клофелиннің күшті гипотензивті әсері бар,мөлшерін жеке таңдайды.ОЖЖ-нің тежегіш әсеріне байланысты,тыныштандыратын,ұйықтататын әсері бар және дене қызуының төмендеуі байқалады.АІЖ-да жақсы сіңіріледі.Әсері 2-4 сағ.басталып,4-6 сағ.созылады.Бүйрекпен шығарылады.Гипертониялық аурулар мен гипертензивті кризде қолданылады.Ішке және парентеральды енгізіледі.Клофелинді ұйқтатытын,психотропты дәрілермен және этил спиртімен бірге абайлап қолдану қажет.



Жанама әсері:ауыз қуысының құрғауы (сілекей безінің секрециясы төмендеуінен), әлсіздік (ОЖЖ-нің тежегіш әсерінен) және іш қатуы байқалады. Клофелин ағзада Naиондарын және суды ұстап қалады, сондықтан диуретиктермен бірге қабылдау қажет. Айқын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бас миындағы қан тамырларының айқын атеросклерозында, артериялық гипотонияда, маскүнемдікте, депрессияда және көлік жүргізушілерге қолдануға болмайды.Препаратты қабылдауды біртіндеп азайту қажет, себебі «доғару белгісі» (синдром отмены) (препаратты бірден доғарғанда АҚ едәуір көтеріліп,гипертензивті криз тудыруы мүмкін) пайда болады.

Methyldopha –метилдофа(Б): 0,25 таб.шығарылып, 1таб. тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1,0 белгіленеді, тыныштандырғыш әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ.соң басталып,1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларда к/т енгізіледі.

‡агрузка...

Жанама әсері:ұйқының келуі,депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.

в)әсері шеткерлік нейротропты дәрілер:

1)ганглиоблокаторлар(бензогексрний,пентамин);

2)симпатолитиктер(резерпин,раунатин);

3)α-адреноблокаторлар(празозин,доксазозин,теразозин);

4)β-адреноблокаторлар(атенолол,ацебутолол,метопролол)

ІІ.Әсері миотропты гипотензивті дәрілер(шеткерлік вазодилататорлар).

Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып,олардың кеңеюіне алып келеді.

а)Кальций арналарының блокаторлары(кальций антагонистері): фенигидин, исрадипин(ломир);фелодипин(плендил)-әсері ұзақ..

б)Калий арналарының күшейткіштері:миноксидил(минона),диазоксид(гиперстат)-тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін,қан тамырлардың біріңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып,жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Са² ионының енуін төмендетеді.Артериялық вазодилататор болып табылады.

Миноксидилартериялардың кеңеюіне байланысты,тамырлардың кедергісі азайып,АҚ төмендейді.Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады.АІЖ-да жақсы сіңеді.Әсері 24 сағ.созылады.Бүйрекпен шығады.

Жанама әсері:бетті түк басу,су және Naиондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді.

Диазоксид –күре тамырларға енгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді.Энтеральды енгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады.Әсері 12-18 сағ.созылады.Гипертензивті кризде қолданылады.

в)Әртүрлі миотропты дәрілер:

Натрий нитропруссиді(нанипрусс)-артерия менн күре тамырларды кеңейтетін,азот тотығына оттекті беруші.Гипертензивті кризде күре тамырларға тамшылатып енгізіледі.Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин.,сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданылады.

Жанама әсері :тахикардия,бас ауруы,диспепсиялық жағдайлар байқалады.

Apressinum-апрессин(гидрализин)(Б):0,01 және 0,025 таб.шығарылып,1 таб.тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді.Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді.Рефлекторлы тахикардия,ісіну,диспепсия,бас ауру,қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін.

Magnesii sulfas-магний сульфаты.20-25% 5 және 10 мл еріт.амп.шығарылып,абайлап б/е және к/т енгізеді;себебі тез енгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін.Негізінен гипертензивті кризде және жүктіліктің нефропатиясында қолданылады.

Dibazolum –дибазол(Б) :0,02 таб.;0,5-1% 1,2 және 5 мл еріт.амп.шығарылады ,б/е және к/т енгізіледі.Әсері орташа.Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал»препараттарының құрамына кіреді.

ІІІ.Ангиотензинге айналдырғыш ферменттің(ААФ) ингибиторлары(тежегіштері)

1.Буыны:каптоприл(капотен);


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.009 сек.)