АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тыныс алу стимуляторы (тыныс алу аналептиктер)

Читайте также:
  1. Иммуностимуляторы
  2. ПСИХОСТИМУЛЯТОРЫ
  3. Стимуляторы
  4. Стимуляторы.
Тыныс алу орталығын белсендіретін дәрілер. Бұл препараттар сопақша ми орталықтарын және бас миының қыртысы астындағы түзілулерін белсендендіреді.: Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер: Н - холеномиметиктер. Бұл топтағы дәрілер стенокаротинді зонадағы Н – холенорецепторларды қуаттандырып одан афферентті импульстардың сопақша миға түсуін және тыныс алу орталығының белсенділігін жоғарлатады. Аралас әсерлі дәрілер: бұлардың әсері рефлекторланған және орталықтандырылған болып келеді. Бұл топтағы дәрілердің орталыққа әсері каротитті шумақтағы хеморецепторлеріне қуаттандырушы әсерімен толықтырылады.
Этимизол Кофеин натрий бензоаты Камфора (немесе оны сульфокамфокаин), Бемегрид. Цититон Лобелин гидрохлориді Кордиамин, Карбоген (5%СО2+95%О2) Көмірқышқыл – тыныс алудың физиологиялық стимуляторы

 

Тыныс алу орталығын қуаттандыратын дәрілік заттар -наркотикалық анальгетиктер, көміртегі тотығы мен жеңіл уланғанда және жаңа туған нәресте асфиксиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегіөкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолданылады, сондықтан гипоксиялық жағдайларда жасанды дем беруге қолданылады.

 

 

2 Жөтелді басатын дәрілер.

Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі

Орталыққа әсер ететін дәрілер: (сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді) Әсері шеткерлік дәрілер: (жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына жансыздандырғыш. Бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсері мен байланысты).
а) наркотикалық препараттар: кодеин (метилморфин), Этилморфин (дионин) б) бейнаркотикалық препараттар: Глауцин гидрохлориді (глаувент), Тусурекс (окселадин, пакселадин). Либексин, Битиодин, Бутамират цитраты (синекод).

Жөтелді басатын дәрілер созылмалы және жіті бронхитте,жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайда, бронхо пневманияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілер: жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.



Орталыққа әсер ететін дәрілермедицина практикасында кеңінен қолданылады.

Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.

Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетеді, бронх тонусын төмендетеді, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендетеді, ұйқы келу, іш қату және дәріге тәуелділік (құмарлық, нашақорлық) пайда болады. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды.

Кодеин фосфаты – Codeini phosphas (Б): 0,01-0,02ГР ұнтақ түрінде қолданылады кодеин көптеген препараттар құрамына кіреді Бехтерев мекстурансының құрамына кіреді (жалын гүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді+кодеин); «Кодтерпин» Таб түрінде (кодеин+қақырық түсіретін терпин гидраты және т.б. дәрілер).

‡агрузка...

Этилморфин гидрохлориді морфиннің синтетикалық препараты. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайды, бейнаркотикалық анальгетиктер: глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктерден алынады да жасалынады. Ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынады. Глауциннің жанама әсері: бас айналу мүмкін, жүрек айниуы мүмкін.

Глауцин гидрохлориді - Glaucini hydrochloridum (Б): 0,05 таб – 1 таб. Тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Тусупрекс – Tusuprex 0,01 және 0,02гр. күніне 1-2 таб тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Әсері шеткерлік жөтелге қарсы дәрілерге либексин жатады, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, дәріге тәуелділік тудырмайды. Сондықтан бейнаркотикалық препараттарға жатады.

Либексин – Libexinum (Б): 0,1гр таб түрінде 1таб күніне 2-4 мезгіл.

Қосылып келетін препарттар ішінде:

Бронхолитин – broncholytinum (Б): 125 мл флаконда (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы+лимон қышқылы) – 1 ас қасықтан тәулігіне 3-4рет белгіленеді.

Стоптусин – Stoptussin (бутамират цитраты + гуафензин) – 10 мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.

 

 

3. Қақырық түсіретін дәрілер.

Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.

Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх-өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулезінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ-ң, жүрек қан тамыр жүйесінің (органикалық) ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.

Термопсис шөбі – Herba Thermopsidis (Б): 0,5-200мл тұнбасы – 1ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан бұрын белгіленеді.

Мүсәтір өніс тамшысыLiquor Ammonii anisatus: 25 мл флаконда – 10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Кристалды трипсинTrypsinum crystallisatum:0,01 құрғақ зат флаконда 2-3мл 0,9% NaCl еріт. Ерітіп, ингаляциялау үшін белгіленеді.

Ацетилцисеин - Acetylcystenium(Б) 20% 5 мл және 10 мл еріт. Амп – 2-5 мл-ден 3-4 рет ингаляция үшін (15-20 мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1 мл ден әр сағ сайын; 0,1 таб және 0,2 капс. – 2 таб (1 капс) тәулігіне 2-3 рет; 10% 2 және 3 мл еріт амп шығарылып б/е; 5% 10 мл еріт амп – тәулігіне 2 рет к/т тағайындалады.

Амброксол гидрохлориді – Ambroxoli hydrochloridum: 0,03 таб – 1 таб тәулігіне 2 рет тамақтан соң; ингаляцияға арналған еріт. Түрінде шығарылады.

БромгексинBromhexinum 0,008 таб – 1 таб күніне 2-3 рет тағайындалады.

 

Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі.

Қақырық түсіретін дәрілер / Муколитиктер
Әсері рефлекторлы Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. бұрын белгіленеді. Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды) Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты) Мия тамыры (сығынды, кеуде элексирі, Доктор Мом) Киікоттың тамыры (қайнатпа) Өгейшөптің жапырағы (тұнба) Терпингидрат Натрий бензоаты Тікелей әсерлі (резорбтивті) Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйғырақ болып жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K) I NaHCO3 Аммоний хлориді Кәдімгі әніс жемісі (тұнба, әніс майы, тамшысы) Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты) Аңдыз тамыры мен тамырсабағы (қайнатпа) Жұпаргүл шөбі (тұнба) Қарағайдың бүршігі (қайнатпа) Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да молекулаларын ыдыратып және оның тұтқырлығын төмендетеді (сұйғырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. а) ферментті препараттары: Кристаллды трипсин Кристаллды химотрисин Рибонуклеза Дезоксирибонуклеаза б) синтетикалық препараттар: Ацетилцистеин (мукосольвин) Амброксол гидрохлориді (амбробене, ласольван) Бромгексин (сольвин)

4. Бронхолитикалық дәрілер.

Бронхты кеңейтетін дәрілер (бронхолитиктерге) бронх демікпесінде кешенді емнің компоненттерінің бірі, бронхоспазмды басу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілер болып саналады. Бронх демікпесінің ұстамасын басу және жүйелі терапиясында қолданылады.

 

Бронхолитикалық дәрілердің жіктелуі:

 

«Шеткерлі жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз Әсері миотропты спазмолитиктер
β-адреноми метиктер α және β адреномиметиктер Симпато - миметиктер М – холино блокаторлар  
Изадрин Орципреналин (астмопент) Сальбутамол (вентолин) Фенотерол (беротек) Тербуталин (бриканил) Адреналин гидрохлориді Эфедрин гидрохлориді Атропин Метацин Селективті: Ипратропинум бромиді (атровент) Окситропинум бромиді Тровентол     Бұл препараттар бұлшық еттерін босаңсытады. Теофиллин Эуфиллин Ұзақ әсерлі: Теопек Теотард Теобиолонг Эуфилонг  
Бұл екі препараттың кемшілігі кардиоқуаттандырғыш (тахикардия) және гипертензивті әсері (АҚ↑) бар, адреналиннің әсері күшті және тез, бірақ қысқа, ал эфедринде – ұзағырақ, бірақ ОЖЖ-н қоздырып, дәріге тәуелділік тудырады.

 

Миотропты әсерлі спазмолитиктерге (метилсантиндер): теофиллин, эуфиллин (80% теофиллиннен және 20% этилендиаминнен тұрады) жатады. Бронх тонусын төмендетіп қана қоймай, жүрек, бүйрек, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ-н төмендетеді, кіші қан айналымының шеңберңн жақсыртып, диурезді жоғарлатады. әсері ұзақ препараттары бронх спазмын алдын алу үшін қолданылады.

Жанама әсері: теофиллин препаратын қабылдағанда асқазанның шырышты қабықшасының тітіркенуі, эпигастрий аумағының ауырсынулары, лоқсу, құсу, диспепсия, бас ауруы мен бас айналу, қозғыштық және ұйқысызды, жүрек қызметінің күшеюінен жүректің оттегіне қажеттілігінің жоғарлайды, тахикардия және аритмия (әсіресе к/т енгізгенде) байқалуы мүмкін. АҚ бірден төмендеуіне, стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуы, жүктілікте және эпилепсияда қолдануға болмайды.

Эуфиллин – Euphyllinum (аминофиллин, диафиллин) (Б):0,1 және 0,15 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң; 0,36 супп. Түрінде шығарылады. 1 супп. Тәулігіне 2-4 рет тік ішекке; 24% 1 мл ерті. Амп – тәулігіне 3 рет б/е; 24% 10мл+0,9% NaCl еріт ағынмен немесе тамшылатып к/т енгізіледі.

Бронх демікпесімен ауыратын науқастарды емдеуде тек бронхолитиктер ғана емес, сонымен қатар басқа топ препараттары да белгіленеді. Олар:

1) Mес жасушаларынан медиаторлардың бөлініп шығуына кедергі жасаушы дәрілер: кромолин натрий (интал), неодокромил натрий (тайлед); кетотифен (астафен, задитен).Бронхоспазм ұстамаларын тек алдын алу үшін ғана қолданылады.

Кромолин – натрий – Cromolin sodium:0,02 капс – арнайы ингалятор «спингалер» көмегімен ингаляциялау қажет.

Недокромил – натрий – Nedocromil sodium: ингалятор түрінде шығады.

Кетотифен (Б): 0,001 капс және таб – 1 капс немесе таб күніне 2 рет қолданылады.

2. Глюкокортикоидты препараттар –қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Бронхиальды обструкция синдромында спазмолитикалық, ісінулерге қарсы әсері бар, адреномиметиктер. М – холиноблокаторлар және метилсантиндер әсер етпегенде бронхты кеңейтетін әсері бар.

Глюкокортикоидты гормонға тәуелді бронх демікпесінде (ингаляция) және демікпе жағдайында да (к/т) қолданылады.

Ингаляциялық глюкокортикоидтарға(бронх демікпесін емдеу үшін қолданылады) беклометазон дипропионаты (бекотид, бекломет, беклокорт); будесонид (пульмикорт); флунизолид (ингакорт) жатады.

Қиыстырылған (аралас келген) препараттар: «Беродуал» (фенотерол+атровент) аэрозолі, «Дитек» (фенотерол+кромолин-натрий) аэрозолі.

3. Лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары: зафилукаст (аколит), монтелукаст (сингуляр) –бронхспазмды басып, тамыр өткізгіштігі мен ісінуді басып, бронхиола секретінің бөлінуін төмендетеді. Ингаляциялық глюкокортикоидтармен β – адреномиметиктермен бірге және әсіресе аспиринді бронх демікпесінде қолданылады. Зафирлукастынауқас мезгілмен тәулігіне 2 рет қабылдау қажет. Ұзақ қабылдағанда тиімділігі төмендемейді. Монтелукастытәулігіне 1 рет қабылдайды. Зиулетон -лейкотриен синтезін тежейтін препарат болып табылады.

 

5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.

Өкпе ісінуі жүрек қан - тамыр жүйесінің аурулары кезінде химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жұқпалы аурулар кезінде, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін.

Келесі топ препараттары қолданылады:

1 Көбікті басатын дәрілер (этил спиртінің буын оттегімен араластырып дем алады).

2 Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал (фентанил дроперидолмен) – шеткерлік артериямен күре тамырларды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, артериялық қысымын төмендетеді.

3 Дегидратациялық (сусыздандыратын) дәрілер: маннит, мочевина – судың ісінген ұлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. Күре тамырға енгізіледі.

4 Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид, этакрин қышқылы –айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гипотензивті әсер етеді.

5 Гипотензивті дәрілер – артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин;әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.

6 Егер өкпе ісігі жүреу қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда), онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.

7 Глюкокортикоидтар –қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолонкүре тамырға енгізіледі.

Миометрияға әсер ететін дәрілер

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, α және β2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген(әйел жыныс гормоны), окситоцин(гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландинқуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометриияның жиырылғыштық қызметін фармакологиялық тұрғыда реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделеді.

Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топтарға жіктеледі:

1. миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)

миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.

Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метилокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).

Окситоцин –миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына калий иондарының өткізгіштігін жоғарлата отырып, әсер потенциалын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында әсіресе босану кезінде күшейтеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерінен эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт безінің секрециясын жоғарлатады. Босануды (толғақты) шақыру және қуаттандыруда (к/т (мин 8-40 тамшыға дейін), босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың (іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.

Окситоцин – Oxytocinum (Б): 1 мл (1мл – 5ӘБ) амп к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.

Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогы; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.

Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб – босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіру қажет) әр 30 мин сайын 1 таб белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан даму) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.

Питуитрин – жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцин және вазопресин (антидиуретикалық гормон) бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ы жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде (несептің тоқтамауы) қолданылады.

Жанама әсері:жағынан АҚ-ң жоғарлауы байқалады.

Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.

Питуитрин – Pituitrinum (Б):1 мл (5 ӘБ) амп – толғақты күшейту үшін 0,2-0,25 мл әр 15-30 мин. сайын 4-6рет т/а, б/е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1 мл б/е және 1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к/т тамшылатып, ал 1 мл-ден б/е – энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.

Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.

Простагландиндер тобының препараты: динопрост (энзапрост F, простагландин F), динопростон (простагландин Е, простин Е, препедил гель).

Простагландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылыдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндердің Е және F түрі миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті және қуаттандыру (кейде окситоцинмен біргі) үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында (13-25 апта аралығында) оны тоқтату үшін қолданылады.

Жанама әсері: жағынан лоқсу, құсу, іш өту, тахикардия, бронхспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал интравагинальды, экстрааминальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интрааминальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге ұқсас, срндай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, глаукомада және эпилепсияда қолдануға болмайды.

Динопрост – Dinoprost (Б):0,001 және 0,005 құрғақ зат амп. Шығарылады, 5% 500 мл глюкоза немесе 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде ерітіп, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып енгізіледі.

Динопростон – Dinoprostonum (Б):0,0005 таб шығарылып (1 таб. әр 1 сағат сайын) тек стационар жағдайында: 0,01% 5 мл еріт. амп шығарылып, 500 мл 0,9% натрий хлорид немесе 5% глюкоза еріт. бірге к/т тамшылатып енгізіледі; 0,04% және 0,08% 3 мл гель, 0,1% 2,5 мл еріт. (бір реттік инеде) – қынапқа 1 рет немесе әр 6 сағ сайын екеуден енгізіледі.

 

2. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер

(Утеротониялық дәрілер)

Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады.жүктілікте және босануда (жатыр бұлшық ет тонустық жиырылуы іштегі баланың тұншығуына алып келуі мүмкін) қолдануға болмайды.

Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин (метилэргобревин), эрготамин, эрготал.

Қара күйе –дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эрометирннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде (ми қабықшаларының артерияларының пульсын төмендетеді) қолданылады.Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенде және т.б. бұзылыстарда қолданылады. «Белласпон» (эрготамин), «Беллоид» (эрготоксин)препараттарының құрамына кіреді.

Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары. Эрготаминдістенокардияда, гипертониялық ауруларда атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Эргометрин малеаты - Ergometrini maleas (Б):0,0002 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 2-3 рет белігіленеді. 0,02% 0,5 және 1 мл амп, шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.

Метилжргометрин тартраты - Methylergometrini tartas (Б):0,000125 таб, 0,025% 10 мл флаконда – 10-20 тамшыдан тәулігіне 3 рет; 0,02% 1 мл амп шығарылып, 40% 20 мл глюкоза еріт. б/е және к/т енгізіледі.

Синтетикалық препараттары: котарнин (стиптицин).

Котарнин –жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз. Котарнин хлориді - Cotarnini chloridum (Б):0,05 таб, шығарылып 1 таб тәулігіне 3 рет белгіленеді.

Өсімдіктекті дәрілер («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай жапырағының тұнбасы, жамыршақ (пастушья сумка) тұнбасы мен сығындысы, бұрыш таран(горец перечный) тұнбасы мен сығындысы, мыңжапырақ(тысячелистник)шөбінің тұнбасы мен сығындысы, бөріқарақат(барбарис) тұндырмасы, тоққұдыс (чистец) сығындысы, шәңгіш(калина) қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы –босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың суинволюциясында және меноррагияда қолданылады.Жүктілікте қолдануға болмайды.

4. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.

(Токолитикалық дәрілер)

Жүктілікті көтере алмаушылықта және мезгілінен бұрын босану қауіпінде (стационарда), босану кезінде операцияға дайындау алдында қолданылады.

β2- адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).

β2-адренорецепторларды қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылуы қызметі төмендейді. β2-адреномиметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа туған балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (минутына 10-20 тамшыдан баяу, тамшылатып), сонан соң бұлшық етке және пероральды енгізумен жалғастырады.

Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, бұлшық ет әлсіздігі, АҚ-ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоқсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.

Партусистен – Partusisten (Б):0,0005 құрғақ зат амп. шығарылып, 5% 500 мл глюкоза еріт. ерітіп к/т тамшылатып енгізіледі; 0,005 таб шығарылып, 1 таб әр 2-3 сағ. сайын (тәуліктік мөлшері 40 мг) белгіленеді.

Гестагенді гормондар: прогестерон, оксипрогестерон капронаты, аллилэстренол (туринал) –миометрияның қозуын төмендетеді, бірақ әсері тиімсіз.

Әртүрлі дәрілер: магний сульфаты (миометрияның жиырылғыш қабілетін тежейді), натрий оксибутираты (күшті толғақты әлсіздендіру үшін қолданылады).

 

 

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер

I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер

Эритропоэз – кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.

1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер(түс көрсеркіші 0,9 төмен).

Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасмалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілу органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сңірілуі кобальт, мыс, марганец, мырыш микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.

Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.

Жанама әсері:ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуда, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб, капс, драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды енгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, құсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.

Темір препараттарының жіктелуі

Ішуге арналған препараттар Парентеральды енгізуге арналған препараттар
Темір (II) сульфатының препараттары а) Әсері ұзартылған: Ферро-градумент Гемофер пролонгатум Тардиферон б) Әсері қысқа «Ферроплекс» «Конферон» «Сорбифер дурулес» «Актиферрин» Темір (II) фурмаранының препараттары Хеферол «Ранферон» «Гемсинерал» Темір (II) лактатының препараттары: «Гемостимулин» «Фитоферролактол» Темір (II) хлоридінің препараттары: Гемофер Алоэның темірмен сиропы Күре тамырға енгізуге арналған Ферковен Феррум-Лек Бұлшық етке енгізуге арналған Фербитол Феррум-Лек
     

Ферро-градумент – Ferro-Gradument: 0,525 таб шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ бұрын белгіленеді.

Tardyferon – Тардиферон:0,257 драже, 1 дражеден тамақтан 1 сағ бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.

«Ферроплекс» - «Ferroplex»:1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.

«Сорбифер – дурулес» - «Sorbifer durules»:1 дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 мин бұрын белгіленеді.

«Актиферрин» - «Actiferrin»:1 капс тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) – 1шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысыш – 40-50 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет белгіленеді.

Феррум-Лек - Ferrum Lek:2 мл амп. шығарылып, б/е; 5 мл амп шығарылып, к/т енгізіледі.

Ферковен – Fercovenum:5 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады.

«Гемостимулин»(құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан).

2. Гиперхромды қан аздықта қолданылатын дәрілер ( 1, 2 <)

а) Пернициозды (қатерлі В12-тапшылық, мегалобласты, Адиссон – Бирмер анемиясы) анемия В12витаминінің тасмалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан (гликопротеин) В12 витаминнің сіңірілу жетіспеушілігінен пайда болады. В12 витамині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар, ал өсімдік тағамдарында кездеспейді. Адамға тәулігіне 1-3 мкг қажет. Цианокобаламин эритроциттердің өндірілуін күшейтеді.

Пернициозды (қатерлі) анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады.

Жанама әсері:аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан ұюының жоғарлауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарлауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболияда, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды.

Цианокобаламин (витамин В12) – Cyanocobalaminum (Vit. B12):0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн ара немесе күнде б/е, т/а, к/т енгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге енгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.

б) Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемияағзада фолий қышқылының көп шығындалуында (мысалы, жүктілікте) байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат, триметоприм, триамтерен)пайда болуы мүмкін. Вс витамин(фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, түйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, бүйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткеліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кетеді.

Фолий қышқылы (Вс витамин):0,001 таб шығарылып, ½ -1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокоболаминмен бірге белгіленеді.

Эпоэтин – альфа (эпрекс, эпоген) – адамның рекомьинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гормонның препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбеюі) мен жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларды, шала туған балалардың анемиясында қолданылады.

Эритропоэзды тежейтін дәрілерэритромияда (полициемия) қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді.

Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі, имифос.

II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер

Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз ситезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенрациялық процесін күшейтеді. Лейкопения және агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады.Әртүрлі ісіктерде қолдануға болмайды,жұқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды.

Метилурацил – Methyluracilum (Б):0,5 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп, 10% жағылма түрінде шығарылады.

Пентоксил - Pentoxylum (Б):0,2 таб, шығарылады, 1-2 таб тәулігіне 3-4рет тамақтан соң белгіленеді.

Натрий нуклеинаты - Natrii nucleinas:0,1 ұнт түрінде шығарылып, 1,0 –нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.

Ісіктердіңхимиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып отырғызуда, лекопоэзбен иммунитеттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоциттердің, моноциттердің және Т-лимфоциттердің (молграмостим – адамның рекомбинантты гранулоцитты-макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады.

Филлграстим (нейпоген) Filgrastim:0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл –ден к/т тәулігіне 1 рет белгіленеді.

Молграмостим (лейкомакс) – Molgramostim:0,00005; 0,00015; 0,0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша тәулігіне 1 рет т/а, к/т енгізіледі.

Лейкопоэзды тежейтін дәрілерлейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы: меркаптоппурин, цитарабинжәне т.б.

III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

Гемостаз (heama – қан, stasis – тоқталу)жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе – теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып қан кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе-теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдай да дәрілік препараттарды арнайы таңдауда қажет етеді.

а) Тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілер

1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:

Адроксон – Adroxonum (Б):0,025% 1 мл еріт. амп шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғандандырып – жергілікті белгіленеді.

Этамзилат (дицинон) - Aethamsylatum `(Dicinon) (Б):0,25 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне (тәулігіне 8 таб дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е енгізіледі.

Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетуде тиімді. Этамзилаттамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерін тежеп, тромбоциттердің агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксонтромбоциттерде түзілетін тромбоксан А2 синтезіне қатысып, тромбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады.

Кальций препараттары.Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан ұюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокальцемияда қолданған тиімді.Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады.

Кальций хлориді - Calcii chloridum:10% 5 және 10 мл еріт. амп шығарылып, тек к/т! (б/е, т/а енгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.

Кальций глюконаты - Calcii gluconas:0,5 таб – 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.

2. Тромбоциттердің агрегациясын төмендететін дәрілер (антиагреганттар): ацетилсалицит қышқылы (аз мөлшерде – 0,0-0,25 тәулігіне); индобуфен (ибустрин), тиклопидин (тиклид), дипиридамол (курантил), ксантинол никотинаты, пармидин.Тромбоциттердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен әсерлесу адгезиясын және агрегациясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Жүректің ишемиялық ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында және күре тамыр тромбозында қолданылады.геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілік пенлактацияда қолдануға болмайды.

б ) Қанның ұюына әсер ететін дәрілер (коагулянттар)

1. Қан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер –прокоаугулянттар) – қанкетуді тоқтату үшін қолданылады.

ә) Әсері тікелей емес:тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминінің аналогтары: (викасол, фитоменадион).

Викасол – Vikasolum (Б):0,015 таб.шығарылып, 1 таб тәулігіне 1-2 рет; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып, 1-1,5 мл тәулігіне 1 рет б/е енгізіледі. К витаминінің суда еритін аналогы болып табылады. Гипопротромбинемиямен байланысты қан кетуде тиімді. Вирусты гепатитте, гепатитте, операциядан кейінгі жатырдан, геморройдан, өкпеден, мұрыннан ұзақ қан кетуде қолданылады.әсері 12-18 сағ кейін басталады.

б) Әсері тікелей:in vivo және vitro – ағзада және одан тыс жерде (шыныда) түтікшеде белсенділік көрсетеді.

Донор(қан беруші) қанның препараттары

Тромбин – Thrombinum:құрамында 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCl еріт, ерітеді. Тромбин фибриогенді фибринге айналдыратын, қан ұю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капилярлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті қолданылады! К/т және б/е енгізуге болмайды(тромбоэмболия).

Фибриногентромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нұсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.

Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ(пастушья сумка), қалақай(крапива), мыңжапырақ(тысячелистник), айланшөп таран(қымыздық) (горец почечуйный) және т.б.

Желатин –қанның тұтқырлығын төмендетеді (ішке, т/а). Жергілікті гемостатикалық және коллагенді сіңдіргіш (губка), желатинді сіңдіргіш, феракрил (дәкені, тампонды ылғалдап) белгіленеді.

2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).

а) Әсері тікелей(тек қана ұю факторына әсер етеді).

Гепарин – Heparinum (Б):5 мл флаконда (1 мл-де – 5 000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) – к/т, б/е, т/а енгізіледі. Ung. Heparini25,0- зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid»30,0 шығарылады.

Гепарин –протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді, ондағы тромбиннің белсенділігін төмендететін қанның ұбына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға енгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 4-5 сағ созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон 1000флебитте, тромбофлебитте, варикозды сыртқа қолданылады.

Төмен молекулалы гепариндерге (гепариноидтар): эноксапарин, фраксипаринжатады.

Фраксипарин – Fraxiparin:0,3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының т/а енгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ.

Гепарин және гепариноидтардыәртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан құю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады.

Пртамин сулфатыгепариннің антагонисті болып табылады.

Жанама әсері:әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, гемартроздар және т.б. аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Қан кетуге бейімділікте, тромбоцитопенияда, лейкозда, жүктілікте (алдыңғы 3 айында) қолдануға болмайды.

Гирудин –қандағы тромбиннің ферменттік белсенділігін төмендететін (медициналық сүлік) сілекей бездерінің ақуызы (полипептид). Сүліктігипертониялық кризде және ми қан айналымы бұзылысында (емізік тәрізді қсік аймағына) қолданады.

б) Әсері тікелей емес:in vivo , белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витаминінің антагонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумаринніңәсері 12-24 сағ, ал фенилин мен синкумарда8-10 сағаттан соң басталады. әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияны ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және оны алдын алуда қолданылады.емдеу кезінде қан ұю жүйесінің көресткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет.

Жанама әсері:геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұбының төмендеуінде, бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.

Неодикумарин (пелентан) - Neodicumarinum (Pelentan) (А):0,05; 0,1 таб шығарылып, тәулігіне 1-2 таб белгіленеді.

в) Фибринолизге әсер ететін дәрілер

1. Фибринолитикалық дәрілер –жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизинге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді.

а) тікелей: фибринолизин (плазмин) – фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын қан ұюын төмендететін жүйенің компоненті. әсіресе жаңа пайда болған фибрин (суда ерімейтін ақуыз қан ұюына қатысады, тромбиннің әсерінен болатын фибриногеннің (плазма ақуызы) туындысы) жіпшелерін ерітеді.

Фибринолизин – Fibrinolysinum (Б):10 000; 20 000; 30 000 және 40 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, алдын-ала 100-400мл 0,9% NaCl ерітіндімен ерітіп, к/т тамшылатып енгізіледі.

б) тікелей емес: актилизе, стрептокиназа (авелизин, стрептаза), целиаза, стрептодеказа, урокиназа.

Стрептокиназажәне оның аналогтары целиаза және урокиназапрофибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда және тромб түзілу қауіпінде қолданылады. стрептодеказа –стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72 сағ дейін сақталады) препараты.

Жанама әсері:аллергиялық реакциялар.

Стерептокиназа – Streptokinasa:250 000 және 500 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 100-150 мл 0,9% NaCl еріт.немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп, к/т тамшылатып енгізіледі.

Актилизе –профибринолизинді фибринолизинге өтуін күшейтетін, плазминогеннің и(профибринолизиннің) адаидағы рекомбинантты күшейткіштері. Жіті артериялық және веноздық тромбозда қолданылады.

2. Антифибринолитикалық дәрілер –фибринолизге кедергі жасайды. Фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер – ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді.

Бұл препараттар фибринолизиннің (плазминнің) түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарлауымен байланысты қан кетулерде (бауыр ауруларында, жіті пакреатитте), хирургиялық операциялардағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады.Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.

Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары: аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба).

Аминокапрон қышқылы - Acidum aminocapronicum:5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т; 2,0-3,0 ұнт ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді.

Антиферментті препараттары: контрикал, гордокс –фибринолизиннің белсенділігін тежейді.

Контрикал – Conthrycal:10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып белгіленеді.

Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер

Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш

және антагонисті препараттары

Гормондарішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар гемостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігінде орынбасушы терапия ретінде тағайындалады. Гормонды препараттары ішкі секреция бездердің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды,ал гиперфункциясында антигормонды(антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.

1. Гипофиз гормондарының препараттары

а) Гипофиздің алдыңғы бөлігініңі гормондарының препараттарыГипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.

Кортикотропин – Corticotropinum (Б):10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат – 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1 мл-ден тәулігіне 3-4 рет б/е; 0,9% NaCl еріт бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштеріглюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.

СоматотроинSomatotropinum:2-4 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 0,25% 2мл новокаин еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады.Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.

Өсу гормоны (СТГ) секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид (сандостатин)акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.

Октреотид – Octreotidum:0,00005 және 0,0001 амп. т/а енгізіледі.

Гонадотропты гормондарының препараттары:

Менопаузалы гонадотропин - Gonadotrpinum menopausticum (Б):75 ӘБ флаконда 1 мл 0,9% NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.

Хорионды гонадотропин - Conadotropinum chorionicun (Б):500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. Лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп, сперматогенезді күшейтеді.

Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікті және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.

ФҚГ жәнеЛГ секрециясының ингибиторы даназол (данавол, данол)болып табылады. Акроиегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизді жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады.

Лактин – Lactinum:100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.

Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил)болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонның және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.

б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.097 сек.)