АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Глиформин, фенформин, метформин (сиофор), акарбоза (глюкобай)

Читайте также:
  1. Болжамы
  2. В) Структура содержания темы.
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Насыщенные жиры (жиры животного происхождения)
  6. Патогенезі
  7. Показания и противопоказания к приему препаратов
  8. Показания к применению инсулина.
  9. ПРОИЗВОДНЫЕ СУЛЬФАНИЛМОЧЕВИНЫ (ПСМ)
  10. ПРОТИВОДИАБЕТИЧЕСКИЕ (ГИПОГЛИКЕМИЧЕСКИЕ) ПЕРОРАЛЬНЫЕ СРЕДСТВА
  11. Салыстырмалы диагностикасы
  12. СИНДРОМ ПЕРЕДОЗИРОВКИ ИНСУЛИНА

5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және жыныс гормондары деп аталатын өмір сүруге маңызды 40-қа жуық гормондар өндіріледі.

Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар кортикостероидтарға жатады. Ағзада холестериннен немесе ацетилкоэнзинмен синтезделеді. Бұл процесс гипофиздің АКТГ-мен реттелініп отырады. Кортикостероидтар синтетикалық жолмен алынады.

Минералокортикоидтар(альдостерон) ағзадан натрий, хлор иондарының және судың жиналуы мен калий иондарының шығарылуын күшейтеді. Ұлпалардың гидрофильділігін арттырып, АҚ жоғарлатады, сонымен бірге қаңқа бұлшық еттерінің тонусы мен жұмысқа қабілеттілігін (сондықтан миастенияда, адинамияда қолданылады) жоғарлатады. Адиссон ауруында, гипокортицизмде, адинамияда, жалпы бұлшық ет әлсіздігінде және т.б. тағайындалады. Гипертониялық ауруда, ісінумен жүретін жүрек жеткіліксіздігінде, стенокардияда, атеросклерозда, нефритте, нефрозда және бауыр циррозында қолдануға болмайды. Дезоксикортикостерон ацетаты – Desoxyorticosteroni acetas (Б):0,005 таблеткада шығарылып, күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1 мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.

Глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түріне әсер етеді:

- көмірсулар:қанда глюкозаның, ал бауыр мен бұлшық етте глюкогеннің мөлшерін жоғарлатады.

- белок:белок синтезін төмендетіп (антианаболикалық әсер), белок ыдырауын жылдамдатып, (катаболикалық әсер) және несеппен азоттың шығарылуын күшейтеді;

- май:бетте және тұлғаның жоғарғы жартысында майлардың жиналуы, иммуындық жасушалар мен жаңа ұлпалардың қалпына келуін төмендеуі.



- тұз-су:минералокортикоидтарға ұқсас;

- кальций алмасу:ішекте кальций иондарының сіңірілуін төмендетіп, бүйрек эксекрециясын күшейтіп, сүйектердің деминерализациясын және остеопороз тудырады.

Глюкокортикоидтарқабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) сондай-ақ , шокқа қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады.глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, қардиогенді және т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады.

Жанама әсері:кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия, бұлшық ет әлсіздігі, ісінулер, гипертензия, гипергликемия, остеопороз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, қан айналымның жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Ицентко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.

‡агрузка...

Гидрокоризон ацетаты – Hydrocortisoni acetas (Б):2,5% 2 мл суспензия амп шығарылып 0,2-0,3-1 мл-ден аптасына 1 рет буын қуысына; 1-2 мл тәулігіне 1-2 рет б/е; 0,5% көз жағылма; 1% дерматологиялық жағылма. Гидрокортизон және кортизон табиғи глюкортикоидтарға жатады, ал қалғандары синтетикалық препараттар.

Преднизолон – Prednisolonum (Б):0,001 және 0,005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3рет; 0,5% жағылма; 3% 1 мл еріт, амп 1-3 мл баяу, ал 250 мл 0,9% натрий хлорид еріт тамшылатып к/т енгізіледі.

Дексаметазон (дексазон) – Dexamethasonum (Б):0,0005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде немесе тамақтан соң; 0,1% 10 мл флакондағы суспензия, көз және құлақ тамшылары түрінде тағайындалады.

Триамцинолон (полькортолон, кеналог) – Triamcinolonum (Б):0,004 таб шығарылып ½-1 таб тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.

Синафлан (флуоцинолон ацетониді)және флуметазон пивалаты –жоғары қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетін преднизолонның дифтортуындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.

Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лориеден С», «Локакортен», «Локакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон» және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» -сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет» (Кленил(, «Пульмикорт» (Бенакорт), «Ингакорт» (Флунизолид), «Серетид» -ингаляция үшін; суппозиторий түрінде «Ультропрокт».

6. Жыныстық гормондарының препараттары

Әйелдің жыныстық безінің препараттары

Экстрогенді препараттарыәйелдің жыныстық безінің жетіспеушілігінде, бедеулікте, қынаптың шырышты қабатының атрофиясында, босану әлсіздігінде, мерзімінен асқан жүктілікте, климакста, сүт бездерінің ісігінде және т.б. қолданылады.Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, эндометриозда және жатырдан қан кетуде бейімділікте қолдануға болмайды.

Эстрон – Oestronum(фолликулин); 0,1% 1 мл майлы ерітінді ампулада шығарылып, күнде 1 мл-ден б/е енгізіледі.

Эсирадиол дипропионаты –жоғарыдағыдай.

Эттинилэстрадиол (микрофоллин) –0,00001 және 0,00005 таб.

Синэстрол – Synoestrolum (Б):0,001 таб – 1-2таб тәулігіне 1-2 рет; 0,1% майлы ерітінді амп. шығарылып, тәулігіне 1-2 мл б/е-тек қуық асты безінің рагында белгіленеді.

Гестагенді препараттаржатырдың қозғыштығын және жиырылғыштығын азайтады, жатырдың шырышты қабатының пролиферация фазасынан секреторлы фазасына өтуін күшейтіп, сүт бездерінің жетілуін күшейтеді. Қан кетулерде, жүктіліктің соңына дейін сақтай алмауда (түсік), эндометриозда, бедеулікте (эстрогендермен бірге) және аменореяда қолданылады.Бауыр ауруларында, гепатитте, сүт бездерінің және жыныс мүшелерінің рагында және тромбозға бейімділікте қолдануға болмайды.

Гестагендерге: прогестерон, дюфастон (дидрогестерон)жатады.

Прогестерон (прожестожель, утрожестан) –Progesteronum (Б):1%-2,5% 1 мл майлы еріт амп шығарылып, 1мл-ден б/е енгізіледі.

Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер

(Контрацептивтер)

а) қиыстырылған(гестаген+эстроген – етеккір циклілінің 5–ші және 1-ші күнінен бастап 21 күн бойы қабылдап, 7 күндік үзіліспен немесе 28 күн бойы, ди және үшфазалы болуы мүмкін): «Бисекрин», «Марвелон», «Ноновлон», «Овидон», «Ригевидон», «Тризистон», «Триквилар»және т.б.

б) моногормонды(құрамында гестагендері бар «мини-пили»-тәулігіне 1 рет 6-12 ай үзіліссіз): континуин, фемулен, оврет, лютеонорм, микронор.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)