АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Поливитаминдер

Поливитаминді препараттардың құрамында әртүрлі микро-макро элементтер қосылған әртүрлі мөлшердегі витаминдер жиынтығы. Әртүрлі жағдайларда емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

Толықтырғышы жоқ поливитаминді препараттарға «Аскорутин», «Пентовит», «Гексавит», «Гептавит» «Декамевит» таблетка; «Ревит», «Ундевит» драже; «Аевит» капсула; «Витанова» грануласы және т.б. жатады.

Микро және макро элементтері қосылған поливитаминді препараттарға: «ОЛиговит», «Супрадин», «Квадевит» драже; «Юникап М», «Юникап Т», «Прегнавит» (таб, капс); «Таксофит» капс Джунгли (таб. сироп, тамшы), т.б. жатады.

Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер

1. Қабынуға қарсы дәрілер

Қабынуға қарсы дәрі дәрмектерге қабыну процестерін басатын дәрілік препараттар жатады. Қабыну деп эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдануы. Қабыну реакцияларының кезеңдері: альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин, брадикинин, серотонин, гистамин және т.б.) байланысты. Қабыну медиаторлардың ішінде простагландиндер күште зақымдағыш қасиеттері бар. Олардың биосинтезінде фосфолипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып, ұлпаны зақымдайтын простагландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтетін қасиеті бар, қан тамырлардың өткізгіштігін жақсартып, лейкоциттердің құрамын жоғарлатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы, ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гиперемия, капиляр өткізгіштігінің жоғарлауы, лейкоциттердің иммеграциясы және ауырсынулар пайда болады. Сонымен қатар қанға сіңіріліп одан ағзаларға таралуы әртүрлі жүйелі қабыну белгілеріне алып келеді. Қабыну кезінде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады.

Қабынуға қарсы дәрілерді 2 топқа жіктейміз: стероидты және стероидты емес.

Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (СҚҚД)

(«Бүйрек үсті безінің гормонды препараттары» тақырыбына қара).

Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормонды препараттары жатады. Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон (медопред), дексаметазон (дексона, дексазон), триамцинолон (полькортолон, кеналог), флуоцинолон ацетониді (синалар, синафлан), бетаметазон, метилпреднизолон (метипред (медрол), солу-медрол), флуметазона-пивалаты.

Жағылмалары: «Флуцинар», «Лоринден», «Целестодерм» аэрозольдері: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» және т.б.

Глюкокортикоидтар қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсетеді. Олар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді. Глюкокортикоидтарды, стероидты емес, қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда, әртүрлі қабыну ауруларында кеңінен қолданылады. глюкокортикоидтар сонымен қатар шокқа қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар. Глюкортикоидтардың әсер ету механизмі: фосфолипаза А2 тежегіш әсер көрсетеді.

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер СЕҚҚД («Бейнаркотикалық анальгетиктер» тақырыбына қара). СЕҚҚД ыстықты түсіретін, ауырсынуды басатын әсері бар, глюкокортикоидтарға қарағанда улылығы төмен, кеңінен қолданылатын препараттар тобы.

 

2. Аллергияға қарсы дәрілер

Аллерген мен оған қарсы ағзада түзілетін антиденемен өзара әсерлесуінен ағзаның сезімталдығын жоғарлататын әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады. Аллергиялық реакциялардың екі түрі бар: баяу басталатын аллергия және жылдам басталатын аллергия. Аллергиялық реакциялар ересектер мен балалар арасында өте кең таралған. Оларға: есекжем (экзема), Квинке ісіну, аллергиялық ринит, бронх демікпесі, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аутоммунды аурулар және т.б. жатады. Емдеу үшін ең алдымен себебін және антигенді анықтаудан бастайды. Аллерген ретінде белгілі бір тағам, өсімдік тозаңы және дәрі-дәрмектер болуы мүмкін. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін спецификалық емес және симпатоматикалық терапия жүргізіледі.

Баяу басталатын аллергияның клиникалық көрінісі:

а) жеңіл: есекжем, қышыма, қызба, поллиноз;

ә) орташа дәрежесінде: сарысу ауруы, Квинке ісіну;

б) ауыр дәрежесінде: анафилактикалық шок.

Баяу басталатын аллергияда глюкокортикоидтар, мес (бұлтты) жасушаларынан медиаторлардың бөлінуіне бөгет жасайтын дәрілер, антигистаминдер, симптоматикалық (адреномиметиктер, бронхолитиктер, миотропты дәрілер) дәрілер белгіленеді.

1. Глюкокортикоидтар: иммунды жасушалардың (лимфоцит, плазмоцит) дамуын және антидене өнімін төмендетіп, мес жасушаларының бұзылуын және олардан аллергия медиаторларының шығарылуын алдын алып, аллергия медиаторларына қарама қарсы әсер көрсетеді: қан тамыр өткізгіштігін төмендетіп, АҚ жоғарлатады және т.б. Ауыр және орта дәрежелі аллергиялық реакцияларда, асқынған аллергиялық ауруларда (бронх демікпесі, коллагеноз және т.б.); жергілікті экземада, дерматитте қолданылады. («Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының дәрілері» тақырыбына қара).

2. Мес жасушалары мембраналарының тұрақтатқыштары: кромолин-натрий (интал), недокромил –натрий (тайлед), кетотифен (астафен, задитен) – мес жасушаларынан аллергия медиаторларының шығуын алдын алады. Тек бронх демікпесі ұстамасын алдын алу үшін қолданылады. Үйренгіштік тудырмайды, улылығы төмен.

 

Антигистаминді дәрілер (гистаминді Н1 рецепторлардың блокаторлары) – ағзаның гистаминге реакциясын төмендетіп, бронх, ішек, жатырдың біріңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуін басып, капилярдың өткізгіштігі мен ұлпа ісінулерін төмендетеді. Бұл топ препараттарын әртүрлі тері және шырышты қабықшаның аллергиялық зақымдануларында: есекжем, ангионеврологиялық ісінуде, қызба, ринит және коньюктивитте, антибиотиктермен немесе басқа да дәрілерді қабылауы мен байланысты аллергиялық жағдайларында қолданылады. Бронх демікпесі және анафилактикалық шокта (көбінесе адреналин г/х қолданылады) тиімділігі төмен. Жанама әсері: бас айналу, бас ауруы, лоқсу және ауыз қуысының байқалады. Тыныштандыратын әсері бар препараттары: димедрол, дипразин, супрастин, тавегил. Бұл препараттар ұйқы шақырады, сол себептен көлік жүргізушілерге белгілеуге болмайды. Жүктілікте, глаукомада және ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.

Димедрол – Dimedrolum (Б): 0,05 таб; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып 1-2 мл тәулігіне 1-2 рет; 2-5 мл-н 100мл 0,9% натрий хлорид еріт. тамшылатып к/т; 0,5% еріт. көз тамшысы; 3-10% жағылмасы тағайындалады.

Дипразин (пипольфен) – Diprazinum (Б): 0,025 және 0,05 таб, 2,5% 1 мл еріт. амп шығарылып б/е, к/т енгізіледі.

Супрастин – Suprastin (Б): 0,025 таб; 2% 1 мл ерті. Амп шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.

Тавегил – Tavegil (Б): 0,001 таб. шығарылып, 1 таб тәулігіне 2 рет белгіленеді. әсері ұзағырақ.

 

ОЖЖ әлсіз әсер ететін препараттары:

Фенкарол – Phencarolum (Б): 0,025 және 0,05 таб шығарылып 1-2 таб, тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң.

Диазолин – Diazolinum (Б): 0,05 және 0,1 дражеден шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 1-2 рет тамақтан соң.

Астемизол (гисталонг) – Astemizolum (Б): 0,01 таблеткадан шығарылып, 1 рет таңертең тамақтан алдын.

Акривастин (семпрекс) – Acrivastin (Б): 0,008 таб. (капс) шығарылып, 1 таб (капс) тәулігіне 3 рет белгіленеді.

 

Симптоматикалық дәрілер. Бронхспазмда аллергиялық реакциялардың байқалуында бронхолитиктер, АҚ-ң төмендеуінде адреналин, анафилактикалық шокта – преднизолон, ал тыныс алу бұзылуында - өкпеге жасанды дем беру қажет.

 

Иммундық жүйеге әсер ететін дәрілер

(Иммуномодуляторлар)

Иммунитет кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын ағзаның қоғаныш қасиеті. Микроорганизмдерді және олардың токсиндерін, вирустарын, табиғаты антиген заттары немесе мүше қондырымында ағзаның иммундық жауап реакциясы пайда болады.

Иммунитеттің 2 түрі бар: гуморальды (қанда БАЗ болады) және жасушалық (жоғарғы сезімталдықты төмендетеді). Ағзада кез келген антигенге екі түрі де пайда болады. Олардың пайда болуы лимфоциттердің түріне байланысты. Лимфоциттерді Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді) және В-лимфоциттер (тимусқа тәуелсіз) деп ажыратылады. Т-лимфоциттер жасушалық, ал В-лимфоциттер гуморальды иммунитетті қамтамасыз етеді. гуморальды және жасушалық иммунитеттердің дамуында лимфоциттердің құрамы көбецеді.

Ағзаның иммундық күші төмендеуінде, яғни иммунитет төмендеу жағдайында иммуностимуляторлар белгіленеді. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін, мүшелер мен ұлпаларды бөгде ағзаға ауыстырып қондыруда, иммунитеті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар белгіленеді.

 

а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)

бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, иммуннотапшылық жағдайда қолданылады.

Жануарлардан алынған иммуностимуляторлар

а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен – Т лимфоциттерінің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация процестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақытқа созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда қолданылады. Тималин (Thymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% натрий хлорид еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит, синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.

б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.

Бактериялардан алынған иммуностимуляторлар.

Рибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимуляторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил – 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. Таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.

Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданылады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауруы және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.

Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранулоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.

Имдон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадотоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитоз белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін арттырады.

ИРС- 19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын – мүшелер және тыныс алу мүшелерінің қабыну, жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.

 

Рекомбинантты (гендік инжинерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.

Филграстим (нейпоген) және молграмостим (лейкомакс) – колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанған шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т-лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, жүре пайда болған иммуннотапшылық синдромы ЖИТС (СПИД) мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.

Реаферон (альфа2-интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өкпесінде (рак) және т.б.) қолданылады.

Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейін қолданылады.

 

Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады. Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы ауруларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.

Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, срндай-ақ асқазан мен ұлтабардың ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да тыныс жолдарының вирусты жұқпалары алдын алу үшін қолданылады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)