АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 10 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

153-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрының
мақсаттары мен мiндеттерi

1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелердi және деректер банкiн қалдықтар, оларды өңдеудiң қасиеттерi мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

154-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу

1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы:
1) қауiптi қалдықтардың паспортын;
2) қалдықтарды түгендеу материалдарын;
3) нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қауiптi қалдықтар бойынша есептердi;
4) мыналарды:
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн;
жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шеңберiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi растаған, жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтаманы;
қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн;
қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын қамтитын, қалдықтарды орналастыру объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған құжаттама есеп беру жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштермен берiледi.
Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында аталған құжаттама оны өзгерткен жағдайда қайта ұсынылады.
Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

155-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
нәтижелерi туралы ақпарат

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi бойынша жыл сайын ақпараттық шолу жасайды.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жеке безендiрiлген кiтап түрiнде қағаз жеткiзгiште бес жылда бiр рет мерзiмдiлiкпен басып шығарылады.

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ
МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
КАДАСТРЫ

156-бап. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды
көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына
ағызудың мемлекеттiк кадастры

1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешiм қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйiне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
3. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы туралы бiртұтас цифрлы ақпараттар жүйесiне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының есебiне зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.

157-бап. Көмудiң мемлекеттiк кадастрының мазмұны

1. Көмудiң мемлекеттiк кадастрында көмiлген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерi, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетiлген үлгiсi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтер болады және:
1) зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi мен жер қойнауы мониторингiн бақылау желiсiнiң болуын және орналасуын;
2) зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типiн, қабатты-коллектор жатқан жердiң тереңдiгi мен тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектік коэффициентiн, төсенiштiк және бөгесiндiк су қысымының сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткiштердi;
3) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, нәтижесiнде өнiм жасалатын технологиялық өндiрiстер немесе процестердi, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты компоненттерiнiң болуын, өрт шығу-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен сыйысымдылығы, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың активтiлiгi және басқа да сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын қамтиды.
2. Көмудiң мемлекеттiк кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және жер қойнауына ағызылатын сарқынды сулар үшiн жеке жүргiзiледi.

158-бап. Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу

1. Табиғат пайдаланушылар есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанының iшiнде 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын осы Кодекстiң 157-бабының 1-тармағында аталған мәлiметтердiң екi данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердiң негiзiнде Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жасайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу кезiнде:
1) табиғат пайдаланушылардан мәлiметтердiң уақтылы түсуiн бақылауды;
2) материалдарды жинауды, олардың есебiн, жүйеленуi мен сақталуын;
3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн жасауды және оның жұмыс iстеуiн;
4) Көмудiң мемлекеттiк кадастрын дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз етедi.

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

Ескерту. Кодекс 20-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін
мемлекеттік түгендеу жүйесі

1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты көлемін айқындауға қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.
2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есептілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қондырғылар паспортында ұсынылатын деректерге негізделеді.
3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
Ескерту. 158-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің
және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 158-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі

1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің негізгі функциялары айналымға енгізілген, сақтауда жатқан, берілген, сатып алынған, жойылған және айналымнан алынған көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық тізілімдермен деректер алмасу болып табылады.
2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым болып табылатын оператор қалыптастырады және жүргізеді.

158-4-бап. Верификация және валидация (детерминация),
парниктік газдарды түгендеу туралы есепті
растау

1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
2. Тәуелсіз аккредиттелген ұйым түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы деректердің дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.
3. Табиғат пайдаланушыларды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымның міндетті растауына жатады.
Түгендеуді, верификацияны және валидацияны (детерминацияны) растау табиғат пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының верификациясын және валидациясын (детерминациясын) сол бір тәуелсіз аккредиттелген ұйым жүргізе алмайды.
Ескерту. 158-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

159-бап. Экологиялық ақпарат

1. Экологиялық ақпарат:
1) қоршаған ортаның және оның объектiлерiнiң жай-күйi;
2) қоршаған ортаға әсер ету факторлары, оның iшiнде оның ластануы туралы;
3) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын бағдарламалық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар;
4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;
5) қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспарланатын және iске асырылатын iс-шаралар және оларды қаржыландыру;
6) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын қызмет, ол бойынша шешiм қабылдау процесi және инспекторлық экологиялық тексерулер нәтижелерi, оның iшiнде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға қатысты есептер, талдаулар мен өзге де мәлiметтер;
7) қоршаған орта жай-күйiнiң халықтың денсаулығына, қауiпсiздiгiне және тiршiлiк жағдайларына, мәдениет объектiлерiне, ғимараттар мен құрылыстарға әсер етуi туралы мәлiметтер мен деректердi қамтиды.
2. Экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық, дыбыс бейнелi немесе өзге де нысанда көрсетiлуi мүмкiн.

160-бап. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды
тұлғалардың экологиялық ақпаратты
қалыптастыру және тарату жөнiндегi қызметi

1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалардың экологиялық ақпаратты жинауы, есепке алуы, сақтауы және таратуы мемлекеттiк органдардың қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен орындау және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын iске асыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк органдар мен өзге де заңды тұлғалар мiндеттi түрде жинауға, есепке алуға және сақтауға тиiс экологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Қоршаған ортаға айтарлықтай әсерiн тигiзуi мүмкiн жоспарланатын және жүзеге асырылатын қызмет туралы, сондай-ақ қоршаған ортаға және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына елеулi қатер төндiретiн табиғи және техногендiк сипаттағы кез келген төтенше жағдайлар туралы мәлiметтердi арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде тексеруге және есепке алуға тиiс.
4. Мемлекеттiк органдар Экологиялық ақпаратты жүйелендiру және оған қол жеткiзудi жақсарту мақсатында экологиялық ақпараттың электрондық кадастрын қалыптастырады және сүйемелдейдi.
5. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес Интернетке орналастыру және өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы экологиялық ақпараттың мына түрлерiн:
1) қоршаған ортаның жай-күйi туралы баяндамаларды;
2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң және халықаралық шарттардың жобалары мен мәтiндерiн;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатқа қатысты құжаттардың жобалары мен мәтiндерiн;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметiнiң нәтижелерi жөнiндегi есептердi;
5) электрондық үкiметтiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы базалық қызметтерiнiң тiзбесiне жатқызылған ақпаратты таратады.
6. Мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратты тарату үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстуралы заңнамасында көзделген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды тартуы мүмкiн.
Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

161-бап. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры

1. Экологиялық ақпаратты бiр орталықтан жинауды, есепке алуды және сақтауды Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қоры жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға ведомстволық бағыныстағы ұйым жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорының ақпараттық ресурстары:
1) мемлекеттiк органдар және заңды тұлғалар мiндеттi түрде ұсынатын;
2) жеке және заңды тұлғалар ерiктi түрде беретiн материалдар мен құжаттарды қамтиды.
4. Мемлекеттiк экологиялық ақпарат қорының құрамына экологиялық ақпараттың мынадай түрлерi кiредi:
1) табиғи ресурстардың кадастрлары;
2) ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының тiркелiмi және экологиялық ақпараттың өзге де тiркелiмдерi;
3) экологиялық қауiптi өндiрiстер тiзбесi;
4) экологиялық мониторинг деректерi;
5) жоспарланатын қызмет тапсырыс берушiсiнiң келiсiмiмен қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
6) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
7) қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
8) экология және экологиялық жағынан таза технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
9) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар.

162-бап. Ұлттық экологиялық атлас

1. Экологиялық ақпаратты жүйелi және көрнекi түрде беру мақсатында картографиялық материалдардың кешендi ғылыми-анықтамалық жинағы - Ұлттық экологиялық атлас жасалады.
2. Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

163-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу

1. Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.
2. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.
3. Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына (ақпараттық деректер базасына) қол жеткiзу жалпыға бiрдей қолжетiмдi тiркелiмдердi және экологиялық ақпарат кадастрларын қалыптастыру мен сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады.
4. Қол жеткiзу шектелген мәлiметтер мен деректердi қамтитын құжаттарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге рұқсат беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

164-бап. Субъектiлердiң экологиялық ақпаратқа қол
жеткiзуге қатысты құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына еркiн қол жеткiзуге құқығы бар.
2. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды атқаратын лауазымды адамдар немесе жария шарттың негiзiнде халыққа қоршаған ортаға қатысы бар қызметтер көрсететiн жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпаратқа, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi.
3. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге мiндеттi.
4. Жеке және заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалардан, егер оны басқа нысанда беруге негiз болмаса, сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат алуға құқылы.

165-бап. Экологиялық ақпарат берудiң мерзiмдерi мен
тәртiбi

1. Мемлекеттiк органдардың экологиялық ақпарат беру мерзiмдерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк рәсiмдер туралы және азаматтардың өтiнiштерiн қараудың тәртiбi туралызаңнамасында белгiленедi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар сұратылған экологиялық ақпаратты сауал алынған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей бередi.
3. Қоршаған ортаға әсер етудi бағалау рәсiмiне және жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
4. Сұратылған экологиялық ақпарат мемлекеттiк органда болмаған жағдайларда алынған сауал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде құзыреттi мемлекеттiк органға жiберiледi.

166-бап. Экологиялық ақпаратты бергенi үшiн төлемақы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)