АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ЭССЕ жазу

1. Қоғамның дамуындағы экономика ғылымының ролі

2. Менің экономиканы түсінуім

3 ӨЖ тапсырмасы

Тест сұрақтарына жуап беріңіздер

1. Экономикалық теорияның негізгі қызметтерін атаңыз:

А) формациялық, әдістемелік, логикалық

В) танымдық, теориялық-әдістемелік, тәжірибелік

С) формациялық, әдістемелік, тәжірибелік

D) тәжірибелік, филсофиялық, танымдық

Е) гнесеологиялық, дүниетанымдық

2. Политэкономия терминін алғаш қолданған:

А) Жан Батис Кольбер

В) Франсуа Кенэ

С) Адам Смит

D) Альфред Маршалл

Е) Антуан де Монкретьен

3. Экономикалық білім құрылымындағы экономикалық теорияның мәні:

А) Қоршаған табиғатқа адамның қатынасын бейнелейді

В) адам еңбегінің нәтижесін жан-жақты зерделейді

С) сауда саласындағы адамдардың өнімді өткізумен байланысты қатынастары

D) қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейді

Е) өндіріс көлемі туралы толық түсінік береді

4. Экономикалық теория бұл:

А) адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу нысаны;

В) шаруашылықты тиімді жүргізу заңдарының, шаруашылық жүргізуші тұлғалардың түрлі тарихи кезеңдегі іс әрекетін ұғымдармен категориялар арқылы зерттеу;

С) жекелеген оқиғалардан жалпы логикалық пайымдау әдісі;

D) жалпы пікірлер мен пайымдаулардан жеке қорытындыларды логикалық тұжырымдау әдісімен зерттеу;

Е) шаруашылық жүргізуші тұлғалардың өтпелі кезеңдегі іс әрекетін талдау.

5. Мемлекетке сауданы кеңейтуді, елде алтынды жинақтауға кеңес берген;

А) Утопистер

В) Меркантилистер

С) Маржиналистер

D) Физиократтар

Е) Классиктер

6. Меркантилизм тұжырымдайды:

А) материалдық игіліктер өндірісі байлық әкеледі

В) еңбек өнімдерін тиімді бөлу табысты етеді

С) артықшылығын ескере отырып, өндірісті дамыту

D) максималды пайда табуды ұсынады

Е) байлық – бұл бәрінен бұрын алтын болып табылады

7. Байлықтың көзі сауда саласында емес, барлық материалдық өндірісте деп тұжырымдайтын экономикалық мектеп:

А) утопистік бағыт

В) маржиналистік мектеп

С) классикалық мектеп

D) әлеуметтік бағыт

Е) тарихи мектеп

8. “Халықтар байлығының табиғаты және себептері жөнінде зерттеу” еңбегінің авторы:

А) К.Маркс

В) П.Самуэльсон

С) Д.Рикардо

D) А.Смит

Е) Л.Вальрас

9. Неоклассикалық бағыттың сипатты белгілері:

А) қоғамның дамуын тежеуші деп экономиканы мемлекеттік реттеуден бас тарту

В) жиынтық сұраныс арқылы рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі

С) еркін бәсеке жолымен барлық әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу

D) аралас экономикадан рыноктық шаруашылық жүргізу жүйесінің артықшылығы

Е) экономиканың толық еркіндігі

10. Физиократтардың теориялық ілімі:

А) қоғамның байлығы тек саудада пайда болады;

В) ұлт байлығы материялдық өндірісте, оның барлық салаларында пайда болады;

С) Байлықтың өсуі алғашқы жұмсалған сома қосымша өлшемге өскен жағдайда мүмкін болады;

D) Байлықтың көзі ауыл шаруашылығында;

Е) Құңдылық туралы ілім.

11. Өндіріс деген не?

А) бұл өндіріс құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар

B) бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады

C) бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі

D) бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б.нәрселер

E) бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлісінің болуы және оның мамандануы

12. Еңбек құрал-саймандары – бұл:

А) табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер

B) еңбек заты мен жұмыс күші

C) ақыл-ой және дене қызметтері

D) әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б.нәрселер

E) машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары

13. Өндіріс құрал-жабдықтары:

А) өндіргіш күштер мен еңбек заты

B) еңбек құрал-саймандары мен өндіргіш күштер

C) еңбек заты мен жұмыс күші

D) еңбек заты мен құрал-саймандар

E) еңбек құрал-саймандар мен жұмыс күші

14. Қоғамдық өндірістің құрылымын көрсетіңдер:

A) әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым

B) материалдық емес және өнеркәсіпті өндірістер

C) Материалдық және материалдық емес

D) өндіруші және қазба байлықтарын өндіретін өнеркәсіптер

E) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы

15. Еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді:

A) Жұмысшылардың білім деңгейі

B) Техникамен қамтамасыз етілуі

C) Менеджерлердің тиімді қызметі

D) Өндіріс технологиясы

E) аталғандардың барлығы

16. Баға деген түсінікті анықтайтын ақшаның қандай қызметтері бар?

A) айналым құралы

B) құн шарасы

C) төлем құралы

D) жинақтау құралы

E) өндіру құралы

17. MV=PQ фишер формуласындағы «М» - ол:

A) сан

B) ақша айналымының жылдамдығы

C) тауар саны

D) ақша массасы

E) баға

18. Тауар өндірісінің анықтамасын тап:

A) материалдық игіліктерді өндіру

B) тауар мен көрсетілген қызметтерді өндіру

C) сатып алу-сату арқылы айырбастау үшін өнімдерді өндіру

D) өнім өндірушінің тікелей тұтынуы үшін өндіру

E) сатып алу арқылы айырбастау үшін өнімдерді өндіру

19. Шаруашылықтың қандай түрлерін білесің?

A) өндіріс, тауар

B) айырбас, тауарлық

C) натуралды, айырбас

D) жеке, жалпы

E) натуралды, тауарлық

20. Тауарлы шаруашылық қай формула бойынша дамиды?

A) өндіру-бөлу-тұтыну

B) өндіру-айырбас-тұтыну

C) өндіру-бөлу

D) өндіру-айырбас-бөлу

E) өндіру-тұтыну

4 ӨЖ тапсырмасы

Келесі тақырыптардың ішінен 1 таңдап, реферат жазыңыз

1. Ақша айналымының тауарлық қатынастардың дамыған нысаны. Қазіргі экономикадағы ақшаның рөлі

2. Нарық: оның функциялары мен даму принциптері

3. Монополияның пайда болу себептері, мәні және экономикалық ұйымдастыру нысандары

4. Кәсіпкерлік және Қазақстанда оның даму ерекшеліктері

5. Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары

6. Меншік әлеуметтік – экокономикалық категория ретінде

7. Нарықтық экономика жағдайындағы аграрлық сектордың дамуы

8. Нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақы

9. Аралас экономика: мәні және ҚР-ғы даму ерекшелігі

10. ҚР-да нарықтың қайта құру ерекшеліктері

11. Меншіктің түрлері және шаруашылық етудің қазіргі нысандары

12. Мемлекеттің экономикалық саясатының қалыптасуындағы экономикалық теорияның рөлі

13. Сұраныс заңы. Сұраныс икемділігі: түрлері, өлшемі

14. Ұсыныс заңы. Ұсыныс икемділігі: түрлері, өлшемі

15. Сұраныс және ұсыныс теориялары

16. ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

17. Экономикалық теория: қалыптасу кезеңдері, пікірлері мен қайшылықтары.

18. Меншіктің акционерлік формасы. Холдингтер.

19. ҚР жеке меншіктің қалыптасу мәселелері.

20. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: нысандары; әдістері және мәселелері.

21. Өндіріс факторлары: өзара байланысы және бүгінгі таңдағы дамуы.

22. Бүгінгі экономикалық теориядағы экономикалық ресурстар ұғымы.

23. Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру және оларды пайдалану тиімділігі.

24. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі типтері.

25. Тауар өндірісінің тарихи үлгілері.

26. Шекті пайдалылық теориясы.

27. Еңбек нарығы: ҚР қалыптасу ерекшеліктері және мәселелері.

28. ҚР нарық инфрақұрылымының даму мәселелері.

29. Қазақстанда монополияға қарсы саясаттың қалыптасу мәселелері.

30. Жалақаның мәні мен есептеу жүйесі

31. Бәсекелестіктің мәні, оның түрлері, бәсекелестік күрестің нысандары

32. Макроэкономикалық саясат және тепе-теңдік

33. Монополиялық бәсеке және оны реттеу

34. Жер маңызды ресурс ретінде. Жер нарығы және жер бағасы.

35. Өрдіріс шығының теориясы.Шығындар теориясы.

36. Экономикалық саясат: негізгі міндеттері және оларды өндіру мен бөлу.

37. Акционерлік қоғамдар және олардың қазіргі кездегі экономикадағы ролі.

38. Кәсіпкерлік капиталдың мәні мен қалыптасуы.

2 ӨЖ МАТЕРИАЛДАРЫ

1 ӨЖ тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

1. Нарықтық механизмінің негізгі элементтері.

2. Бәсеке дегеніміз не? Бәсекенің түрлерін атаңдар

1. Жетілмеген және жетілген бәсекелердің сипаттамасы.

2. Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.

3. Монополияға қарсы реттеу.

1. Монополия және монопсония айырмашылықтары.

2. Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.

3. Сұраныс және ұсыныс дегеніміз не?

4. Сұраныстың бағалық емес факторларын атаңдар.

5. Ұсыныс қисығы қандай байланысты көрсетеді?

6. Ұсыныс детерминанттарын сипаттаңдар.

7. Сұраныс және ұсыныс заңдарында тағы да қандай ауытқулар болады? Олардың мәні неде?

8. Сұраныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

9. Ұсыныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

10. Тұтынушылық іс-әрекетті қалыптастыру неге негізделеді?

2 ӨЖ тапсырмасы

Есеп шығару

1. Есеп.

Кестеде нарықтағы әр түрлі жағдайдағы асбұршақтың көлемі туралы деректер берілген:

Баға (теңге) Сұраныс көлемі (жылына млн.банка) Ұсыныс көлемі (жылына млн.банка)
     
     
     
     
     

а) осы берілген деректер бойынша ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыздар;

ә) егер нарықтық баға 8 теңгеге тең болса, онда нарықта не пайда болады – тапшылық па, артықшылық па? Көлемі қанша?

б) егер нарықтық баға 32 теңгеге тең болса, онда нарықта не пайда болады – тапшылық па, артықшылық па? Көлемі қанша?

в) нарықтағы тепе-теңдік баға неге тең?

г) тұтынушылар табысының өсуінен концентірленген асбұршақты тұтыну көлемі әр – бір баға деңгейінде 15 млн. банкаға дейін өсті. Енді осы жағдайдағы тепе – теңдік баға мен өндіріс көлемі қанша?

2. Есеп.

Кестеде сұраныс пен ұсыныстың әр түрлі комбинациялары берілген. Сұраныс пен ұсыныстың өзгерісін кестеде көрсетіп, қорытынды жасаңыздар.

Сұраныс төмендейді Ұсыныс өзгеріссіз Сұраныс өседі Ұсыныс өзгеріссіз Сұраныс өседі Ұсыныс өседі
     
график график график
Ұсыныс төмендейді Сұраныс өзгеріссіз Ұсыныс өседі Сұраныс өзгеріссіз Ұсыныс төмендейді Сұраныс төмендейді
     
график график график

3. Есеп.

Суретте қаламға сұраныс қисығының D0 - ден D1 – ге жылжуы қандай фактордың әсерінде орын алуы мүмкін?

P S

 
 

 

 


D1

D0

 
 


Q

а) алмастырушы тауардың бағасының төмендеуі;

ә) толықтырушы тауардың бағасының төмендеуі;

б) қалам шығаруға кеткен шикізат бағасының төмендеуі;

в) қосымша құнға салынатын салықтың төмендеуі;

г) қаламға жарнаманың көбеюі.

Есеп.

Кестені толтырып, ақша түсімін, икемділік түрін және оның коэффициенттерін анықтаңыздар.

Көрсеткіштер Тауар аттары
  Курткалар Автомобильдер Дискілер
Бір өнім бағасы            
Сату көлемі            
Жалпы түсім            
Икемділік түрі            
Икемдлікі коэффициенті            

5. Есеп.

Кестеде әр түрлі баға деңгейіндегі балмұздаққа сұраныс көлемі көрсетілген.

Баға (Р) Сұраныс көлемі (Q) Сатудан түсім (TR) Баға икемділігінің коэффициенті (ED)
2,1      
1,8      
1,5      
1,2      
0,9      
0,6      
0,3      

1. Сұраныс қисығын сызыңыздар.

2. Сатудан түсімді және баға икемділігінің коэффициентін есептеңіздер.

3. Сатудан түсімнің қисығын сызыңыздар және қандай баға деңгейінде ол максималды соны анықтаңыздар.

6. Есеп.

Кестедегі бос бағаналарды толтырыңыздар.

Өнімді шығару Q (дана) Бір өнім бағасы Р Жалпы табыс TR. Шекті табыс MR
    ... ...
    ... ...
  ...   ...
    ... ...
  ...   ...
    ... ...
    ... ...

 

7. Есеп.

Кестеде өндіріс факторы, өнім шығарылымы және капиталды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемдер туралы мәліметтер берілген

Жалға алудың машина күндер саны                
Шығарылымы, дана                

Анықтау керек:

А) капиталдың шекті өнімін (МRРК);

Б) егер тауар нарықта 10 долл. сатылса, жалпы табыстың (TR) және капиталдың шекті өнімін (MRPK) сомалық түсімін

Жауабын кесте түрінде көрсетіңіздер.

8. Есеп.

Ахметов С.А. айына 500 долл. жалақы төленетін инженер қызметінен бас тартып, кіші бизнесін ашты. Ол өзінің 1500 доллар көлемінде жеке жинақтарын пайдаланды. Сонымен бірге, 5000 долл.көлемінде несие алды. Егер несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 20%, ал депозит бойынша 12% құраса бухгалтерлік және экономикалық шығындар көлемі қанша?

9. Есеп.

Кестеде қысқа мерзімдік кезеңдегі бәсекелес фирманың жалпы шығындары көрсетілген.

Өнімді шығару Q (дана)            
Жалпы шығындар ТС ($)            

Егер нарықтық баға Р 6 долл. болса фирма қандай өнімді шығару көлемін таңдайды? Осы баға деңгейінде фирма қандай пайда алады?

10. Есеп.

Кестедегі тұрақты (FC), өзгермелі (VC), шекті (MC), жалпы орташа (ATC), орташа тұрақты (AFC), орташа өзгермелі (AVC) шығындарды есептеңіздер.

Шығарылым, дана. Жалпы шығындар ТС ТFC ТVC MC ATC AFC AVC
               
               
               
               
               

3 ӨЖ тапсырмасы

Тест сұрақтарына жуап беріңіздер

1. Сұраныс заңы....көрсетеді

A) бағасыз факторларға сұранымның тәуелділігін

B) тауар бағасынан сұраныс көлемінің кері тәуелділігін

C) сұраныстан бағаның кез-келген тәуелділігін

D) тауар бағасына сұраныс көлемінің тәуелділігін

E) бағадан сұраныстың кез-келген тәуелділігін

2. Сұраныс заңына сәйкес, сұраныс көлемінің азаюы ненің нәтижесі болып табылады?

A) бағасыз фактордың іс-әрекетінің

B) ұсыныс көбеюінің

C) ұсыныс азаюының

D) баға көтерілуінің

E) баға төмендеуінің

3. Бағалық емес фактордың ықпалымен сұраныс қисығының қозғалысы қандай?

A) көбейген кезде – оңға, азайған кезде - солға

B) қозғалыс болмайды

C) көбейген кезде де, азайған кезде де - солға

D) көбейген кезде – солға, азайған кезде – оңға

E) ұсыныс көтерілген кезде және азайған кезде – оңға

4. Монополиялық бәсеке нарығына төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады:

A) энергетика нарығы.

B) банк қызметтері нарықтары.

C) сабын, шампунь, тіс пастасы нарықтары.

D) шикізат тауарларының нарығы.

E) автомобиль нарықтары.

5. Олигополиялық бәсеке формасын қай белгісі анықтайды?

A) Өнімнің нақты түрін өндіретін фирмалардың саны салыстырмалы көп емес, шектеулі.

B) Өнім бір фирмада өндіріледі.

C) Өнімнің көптеген нақты немесе қиялдағы өзгешеліктерін көрсететін көптеген өндірушілер.

D) Өнімнің нақты түрі 2 кәсіпорында өндіріледі.

E) Бір сатып алушы.

6. Таза инвестициялар – бұл:

A) жалпы инвестициялардан алынған салықтар

B) өндірістік емес сипаттағы шығындар

C) жалпы инвестициялар

D) тұрғындармен жұмсалған қаржы

E) жалпы инвестиция одан алынған өтелім

7. Капитал айналымы – бұл:

A) капиталдың жұмыс істеуі

B) капиталдың ауыспалы айналымы

C) қорлар қозғалысы

D) капиталдың ауыспалы айналымының үнемі қайталайтын үдерісі

E) капиталдың шеңберлі айналымының қайталанбайтын үдерісі

8. Негізгі капиталға жататындар:

A) ғимарат, құрылыс, машиналар және еңбектің басқа да құралдары

B) өндіргіш күштер

C) өндірістің заттық және жеке факторы

D) шикізат, материалдар, жанармай, энергия

E) жұмыс күші және өндіріс құралы

9. Негізгі капитал бұл;

A) бірнеше айналымға қатысатын, өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндіріс құрал-жабдықтарының бір бөлігі

B) өндіріс қаражаты

C) тұтыну бұйымы

D) еңбек бұйымы

E) жұмыс күші

10. Бірнеше өндірістік циклға қатысатын капитал, бұл:

A) Тұрақты

B) айнымалы

C) негізгі

D) өзгермелі

E) жалпы.

11. Негізгі капитал құрамына не кірмейді:

A) құралдар

B) шикізат пен жартылай өнім

C) ғимараттар мен құрылыстар

D) аяқталмаған өндіріс

E) отын

12. Негізгі капиталдың моральдық тозуы қалай анықталады?

A) Атмосфералық жағдайдың әсерімен.

B) Машина мен құрылғыларды пайдалану ұзақтығы мен сапасына карай.

C) Өндірістік технология ерекшелігімен.

D) ҒТП-тің жоғары қарқынымен.

E) Материалдардың сапасымен.

13. Негізгі капитал:

A) Еңбек ақы

B) Шикізат

C) Ғимарат

D) Бағалы қағаздар

E) Дайын өнім

14. Ақшалай көріністегі негізгі құралдардың тозуын көрсетіңіз:

A) Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі

B) Құрал-жабдықты тиімді пайдалану

C) Құрал-жабдықты пайдаланбау

D) Моральды тозу

E) Амортизация

15. Амортизация - бұл:

A) сауда кызметінен жиналған қорлардан аудармалар;

B) музей кұндылықтарының көрмесін ұйымдастыруға байланысты қорлар;

C) уақытша бос кәсіпорын қаржылары;

D) шығындалған негізгі капитал құнына тең әр жылдық аудармалар;

E) ақша қаражатын пайдалану тәуекелділігі үшін төлем,

16. Ауыстыру (трансакциялық) шығындары- бұл:

A) өңдеу (трансформация) шығындары.

B) Мәлімет іздеу, келісімшарт жасау, меншік құқығын қорғау, сақтандыру шығындары.

C) өндіріс шығындары.

D) тұрақты және өзгермелі шығындар.

E) жоспарлау шығындары.

17. Үш жұмысшы 227 өнім бірлігін дайындайды, ал төрт жұмысшы 312 өнім бірлігін жасады, онда шекті өнім мөлшері қандай болады?

A) 85 бірлік.

B) 107 бірлік

C) 539 бірлік

D) 13 бірлік

E) 749 бірлік.

18. Өндірістік шығындарды қысқарту үшін не істеу керек?

A) тауар көлемін көбейту қажет

B) Еңбек өнімділігін арттыру қажет

C) пайда көлемін арттыру қажет

D) өнім өткізуді тездету қажет

E) бағаны төмендету керек

19. Өндіріс көлемі 28 дана өнім: жалпы шығындар - 6832 ақша бірлігі, тұрақты -6050 ақша бірлігі. Өзгермелі және орташа шығындар неге тең:

A) 6832 және 11200 ақша бірлігіне

B) 560 және 278 ақша бірлігіне.

C) 782 және 244 ақша бірлігіне.

D) 12882 және 4600 ақша бірлігіне

E) 560 және 28 ақша бірлігіне

20. Өндіріс көлемі 12 дана: жалпы шығындар - 2012 теңге және бір өнім бірлігінің бағасы 160 теңге болғанда жалпы пайда (шығын) неге тең:

A) 167 теңге

B) 16 теңге

C) 92 теңге

D) 1920 теңге

E) - 92 теңге.

3 ӨЖ МАТЕРИАЛДАРЫ

1 ӨЖ тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

1. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты кім қалыптастырады?

2. Жалақының мәні мен түрлері, формалары..

3. Пайыз меншік капиталының факторлық табысы ретінде.

4. Дисконттау дегеніміз не?

5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде сипаттама.

6. Капитал мәні және капитал нарығына сипаттама.

7. Арендалық төлем мен жер рентасының айырмашылығы?

8. Жердің бағасы қалай есептеледі? Жер бағасына қандай факторлар ықпал етеді?

9. Дифференциалды, абсолютті, монопольді ренталардың мәні неде?

10. Макроэкономика зерттейтін өзекті мәселелерді атап айтыңыз.

11. Макроэкономикада қолданатын экономикалық үлгілерін атаңыз.

12. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмашылығы қандай?

13. Шығындар, табыстар және өндіріс бойынша ЖІӨ немесе ЖҰӨ қалай есептеледі?

14. Номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ-нен немен айрықшаланады?

15. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу қажеттілігі немен түсіндіріледі? Ол нарық «фиаскосымен» қалай байланысқан?

16. Экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметтері қандай?

2 ӨЖ тапсырмасы

Есеп шығару

1 есеп. 2008 жыл бойынша келесі мәліметттер белгілі:

Өндіріске салынған салық 5445,7
Импортқа салынағн салық 6273,2
Өндіріске бөлінген субсидия 3271,5
Импортқа бөлінген субсидия 2576,3
Еңбекақы 1948,5
ЖІӨ 587045,6
Қалған әлемнен қаб.меншіктен түскен табыс 1102,8
Қалған әлемге бер.меншіктен түскен табыс 2547,3

Есептеу керек:

1.Өндіріс пен импортқа салынған таза салық

2.Меншіктен түскен сальдо

3.Жалпы пайда

2 есеп. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы сонда, ол оқытады (яғни төмендегі мәселелердің қайсысын микроэкономика, қайсысын макроэкономика оқытатындығын бөліп көрсет):

Ø Экономиканың қысқа мерзімді тербелістерін.

Ø Салалық нарықтардағы тепе- теңдік теориясын.

Ø Экономиканың дамуының ұзақ мерзімді тенденцияларын.

Ø Жалпы экономикалық тепе- теңдік мәселесін.

Ø Қысқа және ұзақ мерзімдердегі экономикалық агенттердің іс- әрекетін.

Ø Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесін.

Ø Валюталық бағам мәселесін.

Ø Тұтынушы іс-әрекетін.

Ø Ақша теориясын.

Ø Өндіруші іс-әрекетін.

Ø Мемлекеттік қарыз теориясын.

Ø Инвестиция теориясын.

Ø Жұмыссыздық теориясын.

3 есеп. Төмендегі шығындар мен табыстардың қай түрі осы елдің ЖҰӨ-нің құрамына енеді және енбейді?

§ Өзіне саябақ салған құрылысшының жұмысының құны.

§ Бағалы қағаздарды сатудан тапқан делдалдың табысы.

§ Өз пәтерін жалға бергеннен алған жалгерлік төлемақы.

§ Үй иесі әйелдің жұмысының қнарықтық құны.

§ Жеке фирмалардың облигациялары бойынша пайыздар.

§ Жаңа цех құрылысына кеткен фирманың шығындары.

§ Мемлекеттік қызметкердің жалақысы.

§ Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар.

§ Жер бөлігін сатып алуға кеткен фирманың шығындары.

§ Өз үйін сырлаған бояушының жұмысы.

§ Фирма қорының көбеюі.

§ Есірткі бизнесі иелерінің табысы.

§ Сақтандыру полисін сатып алу.

§ Акцияларын сатудан алған үй шаруашылығының табысы.

§ Полиция зейнеткерінің зейнет ақысы.

§ Көңіл көтерудің құны.

§ Ескі үлкен үйді сатып алу.

§ Жеке детективтің табысы.

§ Үй қызметшісінің еңбек ақысы.

§ Ескірген құрал-жабдықты айырбастау үшін жаңасын сатып алуға кеткен фирманың шығындары.

§ Мемлекеттік емханада істейтін дәрігердің жалақысы.

§ Жеке коллекционердің Леонардо да Винчидің картинасын сатып алуы.

§ Мемлекеттің қорғаныс шығындары.

§ Үй иелерінің жаңа үйден пәтер сатып алу шығындары.

§ Адамның өз автокөлігін сатудан алған табысы.

§ Мемлекеттік жұмыспен қамту бюросының жұмысшыға төлеген еңбек ақысы.

§ Студенттің үйінен алатын ай сайынғы ақшалай аударымы.

4 есеп. Экономика келесі мәліметтермен берілген:

  Есеп шот Млрд.теңге
1. Жалпы жеке инвестициялар  
2. Несиенің пайызы  
3. Жалақы  
4. Корпорация пайдасы  
5. Жанама салықтар  
6. Ренталық төлемдер  
7. Корпорация пайдасына салық  
8. Таза экспорт  
9. Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар  
10. Таза жеке инвестициялар  
11. Жеке меншіктен түсетін табыс  
12. Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар  
13. Халыққа төленетін трансферттік төлемдер  
14. Тұтыну шығындары  
15. Әлеуметтік сақтандыру жарналары  
16. Жеке табыс салығы  

Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:

А) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Б) ТҰӨ; ҰТ; ЖТ; ЖҚТ көлемін анықтаңдар.

5есеп. Жабық экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

· тұтынушылық шығындар (С)=1200;

· жалпы инвестициялар (I)=500;

· мемлекеттік шығындар (G)=300;

· мемлекеттік трансферттер (TR)=200;

· мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар (N)=100;

· салықтар (T)=400;

· таза экспорт (Xn)=-100.

Мыналар неге тең:

а) жеке жинақтаулар;

б)мемлекеттік жинақтаулар;

в) сыртқы әлем жинақтаулары?

3 ӨЖ тапсырмасы

Тест сұрақтарына жуап беріңіздер

1. Нақты еңбекақы – бұл:

A) сатып алу мүмкіндігі

B) еңбектің ақшалай көрінісі

C) тауар мен қызмет мөлшері

D) тұтынушы қоры

E) елдегі орташа еңбекақы

2. Факторлық табысқа...жатады

A) табиғат жағдайы

B) қаржы көлемі

C) мемлекет салығы

D) рента, пайыз, пайда, еңбекақы

E) дұрыс жауап жоқ

3. Топырақтың табиғи құнарлығына негізделген табыс:

A) дифференциялды рента 3

B) дифференциялды рента 2

C) монополды рента

D) абсолютті рента

E) дифференциялды рента 1

4. Қызметкерлердің белгілі бір кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы -

A) Аккордты

B) Нақты

C) Кесімді

D) Атаулы

E) Қосымша

5. Еңбектің өндіріс факторы ретіндегі мінездемесі:

A) өз мүмкіндіктерін дамыту мүмкіндігі.

B) адам өмір сүруінің негізгі шарты.

C) адамның мақсатқа сай қызметі.

D) нарық қатынастарының анықтауышы.

E) табиғат күштерін игеру мүмкіндігі.

6. Тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін жалақы -

A) Нақты.

B) Кесімді

C) Аккордты

D) Атаулы

E) Негізгі

7. Өнеркәсіптің ең басты факторы болып табылады:

A) Еңбек құралы

B) Өнеркәсіп

C) Адам еңбегі, еңбек құралы

D) Ғылым

E) Еңбек

8. Процент - бұл:

A) резервтегі ақша

B) өздігінен өсетін құн

C) Қарыз қаражатын қолдану үшін төлем

D) айналыстағы ақша жиынтығы

E) барлығы жалған

9. Рента неге табыс болып саналады:

A) кәсіпкерлікке

B) ақша капиталына

C) еңбекке

D) нақты капиталға

E) жерге

10. Мақсатқа сай атқарылатын қызмет -

A) Еңбек

B) Еңбек заты

C) Еңбек өнімі

D) Тауар

E) Өнім

1. Макроэкономикалық мақсатқа жатпайтындар:

A) құқықтық тәртіп

B) өндірістің тұрақты өсуі

C) бағаның тұрақты деңгейі

D) жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейі

E) сыртқы сауда байланысының тепе-теңдігін қолдау

2. Табыстар бойынша ЖҰӨ келесі баптарды қамтиды:

A) еңбек ақы, ұлттық табыс;

B) еңбек ақы, ұлттық табыс, жеке табыс, пайыз;

C) қолданбалы табыс және жеке-дара табыс;

D) еңбек ақы, рента, пайыз, пайда;

E) ұлттық табыс және амортизация.

3. Қай экономикалық көрсеткіш халықтың өмір деңгейін көрсетеді?

A) Жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

B) Қоғамдық жиынтық өнім.

C) Ұлттық табыс.

D) Жалпы ішкі өнім.

E) ЖҰӨ.

4. Жеке табыс дегеніміз-бұл:

A) Үй шаруашылығында жыл бойы алынған табыс

B) жылдың ішінде өндірілген тауар мен қызметтің құны

C) жалақының сомасы

D) мемлекет территориясында қалған жеке жинақтың сомасы

E) салық төлегеннен кейін қалған пайда

5. Еңбек ақы нені есептеуде қосылады:

A) ЖҰӨ шығын бойынша

B) ЖҰӨ табыс бойынша

C) мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидияны

D) соңғы өнімді

E) аралық өнімді.

6. Төмендегілердің қайсысы макроэкономиканың инструменттеріне жатпайды:

A) Фискалдық саясат

B) Табыстар мен шығындар саясаты

C) халықаралық сауда

D) Монетаралық саясат

E) Сыртқы экономикалық саясат.

7. Ұлттық байлық - бұл:

A) жаңадан жасалған құн.

B) мемлекетімізде өндірілген өнім көлемі.

C) Қоғамдағы материалдық игіліктердін жиынтығы.

D) ұлттық өндірістен алынған табыс.

E) алтын қоры.

8. Ұлттық табыс-бұл:

A) жалпы ұлттық өнім алынған амортизация

B) Таза ұлттық өнім жанама салықтар

C) жеке табыс қосылған трансфертті көлемдер

D) жеке табыс алынған салықтар

E) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі

9. Егер ЖҰӨ көлемі 6 пайыз өссе, тұрғындар саны да осы 6 пайзға өссе, онда:

A) Жан басына номиналды ЖҰӨ өзгермейді

B) жан басына ЖҰӨ көлемі өседі

C) жан басына ЖҰӨ көлемі төмендейді

D) номиналды ЖҰӨ төмендейді ал нақты жоғарлайды

E) жан басына нақты ЖҰӨ жоғарлайды.

10. Егер номиналды табыс 8% - ал баға деңгей 10% -ке өскен болса,онда нақты табыс:

A) Өзгермейді.

B) 2% -ке артады

C) 18%-ке өседі

D) 18%-ке түседі

E) 2% -ке төмендейді

4 ӨЖ МАТЕРИАЛДАРЫ

1 ӨЖ тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны

2. Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыздар.

3. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?

4. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері неде?

5. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

6. Өтпелі кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың ерекшеліктері.

7. Стагфляция мәні және себептері.

8. Инфляцияға қатысты - 70 ереже деген не?

9. Инфляция ұғымның мазмұны және қазіргі кездегі инфляцияның себептері.

10. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары

11. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

12. Жұмыссыздың ЖҰӨ мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы

13. Инфляцияның түрлері қандай?

14. Филлипс қисығы нені көрсетеді?

15. Инфляцияға қарсы саясат неге бағытталған?

2 ӨЖ тапсырмасы

Есеп шығару

1. Есеп.

ҚР халқының 2006 ж. 1 тоқсанындағы мәліметтері келесі, мың адам

Көрсеткіш Барлық халық Соның ішінде
ерлер әйелдер
1. Жалдамалы жұмысшылар 4016,1 2404,6 2111,9
2. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар 3520,4 1808,1 1620,7
3. Жұмыссыздар 895,3 398,8 400,5
4. Экономикалық белсенді емес халық 40002,2 1522,2 1918,5

ҚР – дың барлық халқы бойынша, соның ішінде ерлер және әйелдердің арасындағы келесі көрсеткіштерді есептеңіздер:

1. Жұмыс істейтін халық саны (мың адам)

2. Экономикалық белсенді халық саны (мың адам)

3. Еңбек ресурстарының саны (мың адам)

4. Халықтың экономикалық белсенді коэффиценті (% б-ша)

5. Халықты жұмыспен қамту коэффиценті (% б-ша)

6. Жалпы жұмыссыздық коэффиценті (% б-ша)

7. Жастардың жұмыссыздық коэффицентін (% б-ша)

8. Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық коэффиценті (% б-ша)

9. 1 жыл және одан да көп мерзімді жұмыс таба алмаған жұмыссыздардың жалпы жұмыссыздар санындағы үлесін (% б-ша)

Еңбек ресурстарының құрылымы 2 тақырыпта көрсетілген.

2 Тапсырма. Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:

А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген зейнеткер;

Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам?

В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;

Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;

Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған, сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;

Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын күтуді шешкен адам.

 

3 Тапсырма. Төменде келтірілген тұлғалардың мәртебесін жұмысбастылық пен жұмыс күшіне қатыстылығы жағынан анықтаңыздар, егерде олар келесідей жіктелетін болса:

- Жұмысбастылар.

- Жұмыссыздар.

- Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер.

а) оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студент

б) оқу орнының кешкі бөлімінде оқитын автомеханик,

в) өзінің отбасы және үйімен айналысатын үй иесі.

г) уақытының бір бөлігінде кітапханашы болып істейтін үй иесі.

д) өз еркімен жұмыстан шыққан жұмысшы.

е) толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы.

ж) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын мұғалім.

з) ұзақ уақыт бойын жұмыс істеп таба алмай іздеуді қойған жұмыстан шығарылған жұмысшы

4 Тапсырма. Кестеде келтірілген жағдай инфляцияның қандай түрін туғызады. (сұраныс инфляциясы – С, ұсыныс инфляциясы - Ұ)

Жағдай Инфляция типі
1 Мұнайға бағаның күрт өсуі  
2. Әскери қажеттіліктерге бағытталатын мемлекеттік шығындардың өсуі  

 

5 есеп.

Келесідей берілгендер бар: елдегі жұмыс күші 1 млн. 488 мың адамды құрайды. өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны 995 мың адам, 50 мың адам– 16 жасқа дейінгі балалар, 47 мың адам жұмыс күші құрамынан шығарылған. Жұмыссыздық деңейін есептеңдер.

 

6 тапсырма. Төмендегі активтерді өтімділік деңгейіне қарай орналастырыңыз:

1. Қаланың шетіндегі үй.

2. 100теңгелік купюра.

3. Антиквариат.

4. Талап етілгенге дейінгі депозиттегі қаржы.

5. Алтын әшекейлер.

6. Жедел шоттағы қаржылар.

7. Жаңа үлгідегі автокөлік.

8. Бұрын қолдануда болған әбден тозығы жеткен тоңазытқыш.

9. Мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар.

10. Автокөлік компаниясының акциялары.

 

7 тапсырма. Төмендегілердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің шығындарына (Ш) және қайсысы табыстарына (Т) жатады?


v Мемлекеттік облигацияларды шығарудан түскен қаржы.

v Мемлекеттік қарызға қызмет ету.

v Сеньораж (ақша шығарудан түскен табыс).

v Ғылым мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету.

v Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу.

v Шағын бизнесті қолдау.

v Жеке табыс салығы.

v Кеден бажы.

v Әлеуметтік қамтамасыз етуге фирма жарналары.

v Әскерді ұстау.

v Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеу.

v Мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасы.

v Жанама салықтар.

v Мүлікке салық.

v Мемлекеттік аппаратты ұстау.

v Қосымша құн салығы.

v Халықаралық валюта қорынан қарыз алу.

v Зейнетақы төлеу.

v Президенттің жалақысы.

v Ел үкіметін ұстау.

v Табиғи ресурстарды пайдалануға төлем.

v Табиғи монополия өнімдерінің тарифі.

v Жекешелендірілген кәсіпорынды сатудан түскен қаржы.

v Мемлекеттік бағалы қағаздардан пайыз.

v Қоғамдың тәртіпті сақтау


3 ӨЖ тапсырмасы

Тест сұрақтарына жуап беріңіздер

1. Мигранттар қай жұмыссыздық түріне жатады?

A) фрикциондық

B) бөлшектік

C) циклдық, жасырын

D) жаппай

E) құрылымдық

2. Жұмыс істеуге білімі және рухани, физикалық қабілеттілігі бар халықтың бір бөлігі?

A) еңбек құралдары

B) жұмыссыздар

C) мүгедектер мен зейнеткерлер

D) еңбек ресурстары

E) еңбек заты

3. Жақын уақытта жұмыс табуға үміткер адам:

A) Жүмыссыздарға жатады.

B) Жұмыспен камтылғандар тобына кіреді

C) Жұмыссыздықтын фрикциондык түріне жатады

D) Жұмыспен жартылай қамтылғандар катарында саналады

E) Жұмыссыздықтың мерзімдік түріне жатады

4. Жұмыссыздық қандай түрлерде болады?

A) фрикциондық, құрылымдық, маусымдық және циклдық.

B) маусымдық және циклдық

C) экономикалық белсенді халықтың уақытша жұмыссыз болуы.

D) фрикциондық

E) Құрылымдық

5. Маусымдық жұмыстар есебінен пайда болатын жұмыссыздық-бұл:

A) циклдық

B) фрикциондық

C) бірқалыпты.

D) Жасырын (маусымдық)

E) құрылымдық

6. Ресми жұмыссыздар дегеніміз кімдер?

A) Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға арнайы тіркелген азаматтар

B) Жұмыстан қысқарған азаматтар

C) Еңбекке жарамсыз азаматтар

D) Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға арнайы тіркелмеген азаматтар

E) Уақытша жұмыс істемейтін азаматтар

7. Инфляцияның қай түрі қоғамға өте қауіпті:

A) аутқымалы

B) гиперинфляция

C) қалқымалы

D) шығын инфляциясы

E) сұраныс инфляциясы.

8. Фрикционды жұмыссыздық - бұл:

A) Жаңа жұмыс іздеу және жұмыс күтумен байланысты уакытша жұмыссыздық.

B) Экономиканың циклдік ауытқуымен байланысты жұмыссыздық. Жалпы және жиынтық шығындардың жеткіліксіздігімен сипатталады.

C) Адамдардың машина ауысуымен байланысты жұмыссыздығы.

D) Мамандықтары мен біліктілігі жұмыс табуға мүмкіндік бермейтін жұмысшылардың жұмыс іздеуімен байланысты жұмыссыздық.

E) Енбек қызметінен ерікті бас тарту.

9. Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен ненің арасындағы байланысты зерттейді?

A) Саяси экономикалық кезеңнің.

B) Пайыз деңгейінің.

C) Жұмыссыздық деңгейінің.

D) Ақша ұсынысының.

E) Нақты салық мөлшерлемесінін

10. Ақша бірлігін үлкейту, белгілі бір пропорция жолымен ескі ақшаларды жаңа акшаларға айырбастау:

A) Дефляция

B) Деноминация.

C) Девальвация

D) Ревальвация

E) Нуллификация

11. Табыстардың теңсіздігін көрсетеді -

A) Лоренц қисығы.

B) Лаффер қисығы

C) Филлипс қисығы

D) өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы

E) талғампаздық қисығы

12. Тікелей салықтарға төмендегілердің қайсысы жатады:

A) Салық төлеушінің мүлігінен немесе табысынан алынатын салықтар

B) Акциздер

C) Кедендік баж салықтары

D) ҚҚС

E) Жоғарыда айтылғанның барлығы

13. Коммерциялық банктер қызметіне жатпайды:

A) Депозиттік операциялар.

B) Іскерлік несиелендіру.

C) Халықты несиелендіру.

D) Кәсіпорынның ағымдағы шоттарын жүргізу.

E) Қағаз-ақша белгілерін эмиссиялау.

14. Ашық нарықтағы операциялар:

A) Әртүрлі тауарларды сату-сатып алу

B) Несиеге тауарларды сату-сатып алу

C) Алтынды сату-сатып алу

D) Мемлекеттік бағалы қағаздарды сату-сатып алу.

E) Валюталарды сату-сатып алу.

15. Егер сіз банктен екі жыл мерзімге 20%- пен 100000 теңге несие алсаңыз, осы мерзім біткен кезде банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?

A) 102 000 теңге

B) 120 000 теңге

C) 140 000 теңге

D) 200 000 теңге

E) 104 000 теңге

16. Экономикалық өсудің факторларына төмендегілердің қайсысы жатпайды:

A) Технология.

B) Еңбек ресурстары.

C) Табиғи ресурстар.

D) Негізгі капиталдың көлемі.

E) Жұмыс күші.

17. Экономикалық өсудің факторына төмендегілердің қайсысы жатпайды:

A) Технология.

B) Еңбек ресурстары.

C) Табиғи ресурстар.

D) Негізгі капиталдың көлемі.

E) Ресурстарды тиімді пайдалану.

18. ҒТП, халықтың өсімі, жинақтау нормасының ЖҰӨ көлемінде, өмір сүру деңгеиіне және оның динамикасына әсер ету механизімін айқындайтын үлгі-

A) Домардың өсу моделі

B) Солоудың өсу моделі

C) Тепе- тең өсу моделі

D) Интенсивті экономикалық өсу

E) Экстенсивті экономикалық өсу

19. Толық жұмыспен қамтылған жағдайдағы тепе - тең мультипликатор – акселератордың әсер ету механизімін айқындайды, игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті сақтау үшін сол қарқында инвестицияның көлемін тұрақты ұлғайтып отыратын үлгі.

A) Домардың өсу моделі

B) Солоудың өсу моделі

C) Тепе- тең өсу моделі

D) Интенсивті экономикалық өсу

E) Экстенсивті экономикалық өсу

20. Экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін?

А) Өндірістік мүмкіншілік қисығының солға жылжуымен.

В) Өндірістік мүмкіншілік қисығының оңға жылжуымен.

С) Өндірістік мүмкіншілік қисығымен нүктенің қозғалысы арқылы.

D) Өндірістік мүмкіншілік қисығы ішінде бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.

Е) Өндірістік мүмкіншілік қисығынан тыс бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.

F2F, on-line, off-line режимінде өткізілетін консультацияларының

күнтізбелік - тақырыптық жоспары


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.202 сек.)