АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер

Читайте также:
  1. Есептер
  2. Есептер
  3. Есептер
  4. Есептер
  5. Есептер
  6. Есептер
  7. Есептер
  8. Есептер
  9. Есептер
  10. Есептер
  11. Есептер

Орташа деңгей

16.1. Мырыш пластинкасына түсетін жарық кванттарының қандай минимал энергиясында фотоэффект құбылысы болады? Мырыш үшін электрондардың металдан шығу жұмысы 4,2 эВ.

16.2. Алюминий пластинаға жиілігі 1.03 1015 Гц сәуле түскенде фотоэффект басталады. Алюминийден электрондарды жұлып шығару жұмысын табыңдар.

16.3. Мыс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 282 нм. Мыстан электрондарды жұлып шығару жұмысын табыңдар.

16.4. Мырышқа толқын ұзындығы 450 нм жарық түскенде фотоэффект бастала ма? Электрондардың мырыштан шығу жұмысы 4,5 эВ.

16.5. Цезийден ұшып шығатын электрондардың жылдамдығы 2 Мм/с-қа жету үшін оның бетіне түсірілетін сәуленің толқын ұзындығы қандай болу керек(электрондардың шығу жұмысы 1,8эВ)?

16.6. Кейбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 220 нм. Фотоэффект туғызатын фотонның массасы қандай?

16.7. Спектрдің көрінетін бөлігіне сәйкес ең ұзын ( 760 нм) және ең қысқа (380 нм) толқындарға сәйкес фотондардың энергиясын табыңдар.

16.8. а)4140 эВ; ә) 2,07эВ энергияға ие болатын фотондар қандай сәуле шығарады?

16.9. Толқын ұзындығы 100 нм ултракүлгін сәуле фотонының импульсі қандай?

16.10. Энергиясы 3 эВ болатын фотонның импульсі қандай?

16.11. Азот атомын иондау үшін 14,53эВ энергия қажет. Атомның иондалуын тудыратын сәуленің толқын ұзындығын табыңдар.

16.12. Сутек атомдарын иондау үшін оған толқын ұзындығы қандай сәулені бағыттау керек?

16.13. Энергиясы 6,62 10 -18 Дж монохромат сәуле импульсіндетолқын ұзындығы 450 нм болатын неше фофтон бар?

16.14. Энергиясы 6,6 10-18 Дж сәуленің импульсінде жиілігі 997 Гц болатын неше фотон бар?

16.15. Неліктен радиоактивті препараттарды қалың қабырғалы қорғасын контейнерде сақтайды?

16.16. Хром атомындағы электрондардың толық заряды неге тең?

16.17. Атом ядросының толық заряды 2,08 10-18 Кл. Бұл қай элемент?

16.18. Гелийдің жеңіл изотобының ядросы құрамы бойынша тритий ядросынан немен ерекшеленеді?

16.19. Плутоний Pu қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде U уранға айналады?

16.20. Қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде Na натрий Mg магнийге айналады?

16.21. U уранның – ыдырауы мен Pb қорғасынның -ыдырау реакцияларын жазыңдар.

16.22. Жартылай ыдырау периодының жартысына тең уақытта қайсыбір радиактивті элемент ядросынынң қанша үлесі ыдырайды?

16.23. Радиоактивті элементтің активтігі 8 тәул–те 4 есе кемиді. Оның жартылай ыдырау периодын анықтаңдар.

16.24. Na; F; Ag; Pb ядроларының құрамы қандай?

16.25. Ne; Ne; Ne неон изотоптарының құрамы қандай?

16.26. – квант сәуле шығарған ядроның массалық саны, массасы және реттік нөмірі неге өзгере ме?

16.27. Ядродан нейтрон, протон ыдырағанда элементтің массалық саны мен реттік өзгере ме?

16.28. Мына ядролардың байланыс энергиясын Eбай және меншікті байланыс энергиясын есептеңдер: 1) Li; 2) H; 3) C; 4) Fe; 5) U

16.29. N азот ядросын протондар мен нейтрондарға ыдырату үшін қандай минимал энергия керек?

16.30. Al алюминий ядросын бөлшектермен атқылағанда, одан прртонды жұлып шығаратын ядролық реакцияны жазыңдар.

16.31. B бол ядросын - бөлшектермен атқылағанда, одан нейтронды жұлып шығаратын ядролық реакцияны жазыңдар.

16.32. B бор изотобы ядросын нейтрондармен атқылағанда пайда болған ядродан бөлшек ыдырайды. Реакция теңдеуін жазыңдар.

16.33. Менделеевий элементі эйнштейний элементін Es бөлшектермен атқылаанда нейтрон бөлінуі нәтижесінде алынды. Реакция теңдеуін жазыңдар.

11.34. C көміртекті протондармен сәулелендіргенде, C көміртектің изотопы пайда болады. Сонда қандай бөлшек бөлініп шығады?

16.35. Тритий H ядросының масса ақауын және байланыс энергиясын табыңдар.

16.36. Гелий He ядросының масса ақауы мен осы изотоптағы барлық электрондар массасын салыстырыңдар.

 

Жеткілікті деңгей

16.37. Сыныптың буын электрондармен сәулелендіргенде, сынап атомының энергиясы 4,9 эВ-қа артты. Сынап атомы қозған күйден қалыпты күйге көшкенде шығаратын толқынының ұзындығы қандай?

16.38. Сутектің ультракүлгін спектріндегі ең үлкен толқын ұзындығы қандай?

16.39. -бөлшектің еркін жолының ұзындығы қай жерде үлкен: жер бетінде ме әлде жер атмосферасының жоғарғы қабатында ма?

16.40. Фототок 0,8B жапқыш кернеуде тоқтайтын болса, фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы неге тең?

16.41. Катоды цезийден (электрондардың шығу жұмысы 1,8 эВ) жасалған вакуумдік фотоэлементтке 2B жапқыш кернеу түсірілген. Түскен жарықтың қандай толқын ұзындығында фототок пайда болады?

16.42. Толқын ұзындығы 130 нм ультракүлгін сәулелер әсірінен вольфрамнан ұшып шығатын электрондарды «тоқтату» үшін фотоэлементте қандай кернеу түсіру керек? Вольфрам үшін электронның шығу жұмысы 4,5 эВ.

16.43. Энергиясы потенциалдар айырымы 4 В өріспен үдетілген электрондардың энергиясына тең фотондардың толқын ұзындығын анықтаңдар.

16.44. Массасы тыныштықтағы электрон массасына тең сәуле шығарудың жиілігі мен толқын ұзындығын табыңдар.

16.45. Қандай жылдамдықта электрондардың энергиясы толқын ұзындығын 200 нм ультракүлгін сәуле фотондарының энергиясы неге тең болады?

16.46. Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 с- та 5 1020 фотон шығарады. Шыққан сәуленің орташа толқын ұзындығын табыңдар.

16.47. Радиоактивті марганецті екфі жолмен алуға болады. Бірінші жолы темірдің изотопын дейтрондармен атқылау, ал екіншісі – темірдің изотопын нейтрондармен атқылау. Осы ядролық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

16.48. Термоядролық реакция нәтижесінде екі протонды біріктіріп, дейтрон мен нейтрино алынады. Осылардан басқа тағы қандай бөлшек пайда болады?

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)