АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Билет №1

Читайте также:
  1. БИЛЕТ 1
  2. Билет 1
  3. БИЛЕТ 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. Билет 1
  9. Билет 1 Восточные славяне. Расселение, основные занятия, религия. Военная демократия.
  10. Билет 1(Эволюция взглядов на предмет экономической теории. Микроэкономика и макроэкономика. Экономическая теория и экономическая политика.)
  11. Билет 1.
  12. Билет 1. Предмет истории как науки: цели и задачи ее изучения

1. Экологияның даму кезеңдері.

Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде қалыптасуы (19 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін), осы аралықта жиналған деректер арқылы бірінші ғылыми тұжырымдар жасала бастады. Мысалы, Гиппократ (біздің ғ.д. 460-377 жж.) адам денсаулығына ортаның факторларының әсері туралы жорамалдар жасады, Аристотель азықтану әдісі бойынша 500-ден астам жануарларды топтарға жіктеді. Швед табиғаттанушысы Карл Линней (1707-1778 жж.) «Табиғат жүйесі» атты еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерге ғылыми жүйе қолданды. Француз табиғаттанушысы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) ортаның ағзаларға әсерін зерттеді, оны «Зоология философиясы» атты еңбегінде жазды. Ламарк пен мальтус (ағылшын дінгері) бірінші рет адамның табиғатқа теріс әсерінің болуын болжады.

1)Екінші кезең – экология жеке ғылым ретінде құрылды (19 ғ-дың 60-шы жылдарынан кейін). Орыс ғалымдары А.Т. Болотов (1738-1833 жж.), И.И. Лепихин (1740-1802 жж.), П.С. Паллас (1741-1811 жж.), Н.А. Северцов (1827-1885 жж.), А.Н. Бекетов (1825-1902 жж.), В.В. Докучаев (1846-1903 жж.) осы күнге дейін қажеттілігін жоймаған экология түсініктері мен принциптерін тұжырымдады. Түрлердің эволюциясы туралы Чарльз Дарвиннің «Түрлердің табиғи талдау жолмен пайда болуы» (1859 ж.), еңбегінен кейін неміс биологі Эрнест Геккель биология құрамынан экологияны бөліп шығарды. Ол 1866 ж. Ғылымға экология терминін кіргізді (грекше эйкос – үй, отан, баспана және логос – ғылым.). Экологияның негізгі ұғымдары. 1877 жылы жаңа экологиялық ұғым – биоценоз пайда болды, оның анықтамасын неміс гидробиологі К. Мебиус берді. Биотоп ұғымы – биоценоз тіршілік етеін орташа арттары – оны ф. Даль 1903 жылы енгізді.

Осы жылдары атақты орыс ғалымы В.И. вернадский биосфера туралы фундаменталдық ілім енгізген. 1910 жылы Брюсселде өткен ІІІ Ботаникалық конгесте өсімдіктер экологиясы аутоэкология және синэкология бөлімдеріне жіктеледі.

Экология ғылым ретінде 20 ғ-дың басында түпкілікті қалыптасты. Ғасырдың 30-40–жылдары экология өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілді: А. Тенсли экоүйенің анықтамасын береді, В.Н. сукачев оған жақын ұғым – биогеоценозді енгізеді. Осы кезде В.В. станчинскийдің, Э.С. Бауердің, Г.Г. Гаузенің, А.Н. Формозовтың, Д.Н. Кашкаревтің, В.Н. Беклемишевтің және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.

Үшінші кезең 20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап осы күнге дейін жалғасады. Экологя кешенді ғылымға айнады – география, геология, химия, физика, экономика, социологияжәне т.б. ғылымдардың заңдылықтарын қоса ала отырып қоршаған табиғи орта мен оны қорғай туралы ғылымға айналдырды.

Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасынақарай жіктеледі. Адам, жануар, өсімдіктер және микроағзалар экологиясы деп бөлінсе, өз тарапында бұл экологиялық бағыттарды жеке түр ретінде немесе бірлестік ретінде қарастырып, оларға әсер заңдылықтарын космоста, суда, ауада немесе басқа да бір орталарда зерттеулер жүргізу арқылы алуға болады.

2. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

Биосфера – жердин тири организмдердин барша кауымдастыктарынын ж/е планетанын олармен уздиксиз алмасуда болатын болигинен туратын ерекше кабыгы. Бул терминди 1875ж жердин тири организминкурайтин кабыгы ретинде австралиялык геолог Э.Зюсс усынган еди,ж/е ол биосф-нын биол-к концепциясынын аукымына сияды деген.Биосфера эволюциясынын негизинде галамшарда омирдин пайда болуы мен оркендеуи жатыр. Органикалык заттардын эволюциясы бирнеше кезеннен отти. Олардын 1)биологиялык,зат айналымы бар алгашкы биосферанын пайда болуы,2)коп жасушалы организмдердин пайда болуына байл-ты биосферанын биотикалык компоненти курылыминын курделене тусуи.3) адамзат когамынын пайда болуына байланысты.Адамдардын оз олшеми б-ша биосфера денгейдеги саналы тиршилиги ноосферагаайналуын септигин тигизеди.Вернадский (1926ж) биосфера биздин галамшардын галамат жуйеси деген илимди ойлап шыгарды. Онда ол тири заттардын геохимиялык ж/е куаттык урдистеринин негизги жолдарын жазды. Ол биосфера туралы тусиник тек кана организмге гана емес, олардын ортасына да катысты деп таратты. Мунын ози биохимия концепциясына биогеохимиялык ман берди. Буган дейин геологиялык уакыт масштабында Жердин келбетин озгертип жататын кубылыстардын бари таза физ-к,хим-к н/е физико-химиялык урдистер (турлердин шайылуы,еруи,тунуы,т.б)деп карастырылатын. Вернадский тири организмдердин геологиялык роли туралы илимди курды ж/е олардын тиршилик арекеттери Жердин минералды кабаттарынын озгеристерге ушырауынын манызды факторы екенин корсетти. Вернадский б-ша,биосфера – ишинде казир тиршилик бар н/е бурын тиршилик болган ж/е тири организмнин асерине ушыраган не али де ушырап жаткан кабат. Бул кабатка мына заттар косылады: 1. Тири заттар – биздин галамшарды мекендейтин тири организмдер. жансыз заттар – тири организмдердин катысуынсыз пайда болатын заттар(таужыныстар). 2. биожансыз заттар-организмдердин тиршилик арекеттери мен геологиялык урдистердин бирлескен асеринин натижеси болатын биожансыз денелер (топырак,лай,желге мужилген жер кыртысы). 3. биогендик заттар – организмдердин тиршилик урдистери кезинде курылатын ж/е кайта онделетин жансыз заттар (атмосфера газдары,комир,мунай, актастар,т.б) 4. радиоактивти заттар – радиоактивти элементтеринин атомдары. 5. жайылып тараган атомдар 6.гарыш заттары – Жердин бетине гарыштан тусетин заттар (метеориттер,гарыштын шаны).Биосферанын шектери омирдин тиршилик ету аланына тауелди.Тири организмдердин галамшардагы жалпы кауымдастыгы Вернадский тири зат деп атаган ж/е онын негизги сипаттамасы ретинде жалпы массасын, хим-к курамын ж/е куатын карастырган.

3. Популяция:тусінігі,анықтама

Популяция [1] (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.

Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:

· 1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;

· 2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;

· 3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;

· 4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;

· 5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;

· 6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;

· 7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;

· 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.

Популяция туралы түсінік.Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.

«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.

«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.

Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым- қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.

Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.

Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: ағза-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық Қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: ағза-популяция-түр-тұыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.

3. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары.

Бұл бағытта экологиялық жобалар өзара үйлестіріледіжәне «ҚР кедейшіліктен арылу бағдарламасымен» байланыстырылады, аймақтық қоршаған ортаны қорғау іс-әрекеттер жоспары, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапында жүзеге асылылатын «Экономикалық дамудың жетістіктеріне шоолумен» де байланысты орындалады. Жоспарлы түрде жергілікті әкімшілік, ұлттық және халықаралық тұрғыдағы тұрақты дамумен байланысты жүргізілетін бағдарламалар мен жобалар мониторингі де орындалып отырады.

Тұрақты даму концепциясы

Адамзат өзінің тез ecin келе жатқан сұрамдары мен биосфераньң оны қамтамассыз ете алмайтындығы арасындағы карама-қайшылыкка тап болып отыр. Сондыктан осы қарама-қайшылыкты шешетін идея пайда болды, ол бойынша адамзаттың өмір cypyi мен ары қарай тұракты даму мүмкіндігіне кепілдік беретін цивилизациялық жолмен дамуына өтуін қарастырады. Сол аркылы табиғаттың болашақ табиғаттың қамтамассыз ету мүмкіндігін арттыру көзделеді.

XX ғасырдьң орта шеніне дейін адамзат технологияларды игере отырып табиғат байлығын тездетіп игерумен айналысты, яғни «Бізге табиғаттан жақсылыкқ күту қажет емес, оны алу - біздің қолымызда» деген белгілі ұранмен әрекет жасап келді.Бірақ табиғат қорларынын шектеулі екендігі де ойландыра бастады, ce6e6i адам санынын тез артуы мен сұраныстың көбеюі, азықтьң жетісе бермеуі өз әсерін бiлдipe бастады.

Қоршаған ортаның нашарлап бара жатқан жайы мен табиғат байльқтарыньң шектілігі осы қорларды пайдалануды түбегейлі өзгертуді талап ете бастады. Бұлай болмаса 100 жыл аралығында бар қор таусылады, қоршаған орта бұзылады да осыныц бәрі адам санынын күрт азаюына, өндірістің өнімінің азаюына және күрделі әлеуметтік мәселелерге алып келіп соқтырады.

Сонымен қатар техникалық nporpeccтi тоқтатуға, сан алуан сұраныстан бас тартуға болмайтыны да белгілі. Оған адамзат әлі дайын емес. Онын ceбeбi әр ел әртүрлі дамыған, білім дeңгeйi де әртурлі, қоршаған орта жағдайына да көзқарас әртурлі

Тұрақты даму аныктамасы қоршаған орта мен даму бойынша 1987 ж Халықаралық комиссия жасаған «Біздің ортақ болашақ» атты баяндамада берілді. Тұрақты даму аныктамасы былай корытындыланды «осы күнгі сұранысты қамти отырып, болашақ, ұрпақтарды да вз сұранысын қамтамассыз ете алатындай даму».

Үш жыл өткеннен кейін мынандай толықтама жасады «Тұрақты дамуға талап - табиғи қорларды және жүйелерді жеткілікт і түрде бұзбай, болашакта да эконом икал ық пайда табатындай сақтау».

Рио-де-Жанейрода 1992 ж. өткен Жер планетасы мәслелерін қарастырған жоғарғы деңгейдегі конферендияда «XXI ғасырдың күн тәpтiбі' деп аталатын жоспар қабылданды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)