АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Билет №23

Читайте также:
  1. БИЛЕТ 1
  2. Билет 1
  3. БИЛЕТ 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. Билет 1
  9. Билет 1 Восточные славяне. Расселение, основные занятия, религия. Военная демократия.
  10. Билет 1(Эволюция взглядов на предмет экономической теории. Микроэкономика и макроэкономика. Экономическая теория и экономическая политика.)
  11. Билет 1.
  12. Билет 1. Предмет истории как науки: цели и задачи ее изучения

1)Атмосфераның газ құрамы

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады.

1. Табиғи ресурстардың классификациясы

Табиғи қорлар – адамның өз мақсаттары мен өмір сүруін қамтамассыз ету мақсатында қолданатын табиғи заттар мен құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар т.б. жатады.

Табиғи қорлардың бірінші белгісі олардың түрі. Сол бойынша олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, теңіз суының қайтуы\келуі), жануарлар әлемі, өсімдіктер, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтн, темір) б.б. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, қымбат тастар мен минералдар, тұз) және өңдеуді қажет ететіндер (мұнай,руда,тыңайтқыштар) б.б. табиғи қорлардың екінші белгісі олардың таусылып қалатындығы. Осы бойынша таусылатын және таусылмайтын б.б.

Таусылмайтын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін не өзгерісі сезілмейтін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы.

Таусылатын табиғи қорлар бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар.

Үшінші белгі ол қорлардың орнының толыға алатындығы. Ол белгі бойынша қорлар:! өзіндік орнын толтыра алатын (өсімдік, жануар, микроағзалар);! өзіндік орнын толтыра алатын (қазба байлықтар);! салыстырмалы өзіндік орнын толтыра алатын (құнарлы топырақ, кесілетін ағаш). Қаз. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 бар. Оның 70 тен астам қоры анықталған, 60 астам элемент өндіріске енгізілген.

2. Биосфераның пайда болуы

Биосфера биос – өмір және тіршілік, «sphaira» (сфера) – шар, қоршған орта деген сөздерінен алынған. Яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биофера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50%-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су түріндегі), литосфера (қатты) қабаттар.

Жалпы, биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн. жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен.Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн. жыл бұрын басталып, 300 млн. жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 115 млн. жылдан астам уақытқа дейін созылған.Кайназой эрасы бұдан 70 млн. жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді.Биосфера – белсенді өмідің аумағы, Жер қабатының құрамы, құрылымы және энергетикасы өткен заман мен қазіргі кезде ағзалардің тіршілігімен байланысқан.Ғалымдардың басым көпшілігі бойынша жердегі өмір дамуы үш этаптан тұрады:

1. биологиялыққа дейінгі - Жердің пайда болғанынан өмір пайда болғанға дейінгі аралық.

2. Биосфераның пайда болуы.

3. Ноосфераның құрылуы – ақыл ой сферасының пайда болуы (эволюция негізінде адам пайда болды).

Биосфера жердің ерекше қабығы, сондықтан біз жердің құрылысымен танысуымыз керек.

3.Жер асты сулары ----2 билет

3. Тұрақты даму принциптері

Тұрақты даму анықтамасы қоршаған орта мен даму бойынша 1987 жылы Халықаралық комиссия жасаған «Біздің ортақ болашақ» атты баяндама берілді. Тұрақты даму анықтамасы былай қорытындыланды «оыс күнгі сұранысты қамти отырып, болашақ ұрпақтарды да өз сұранысын қамтамасыз ете алатындай даму».

Үш жыл өткеннен кейін мынандай толықтама жасалды: «Тұрақты дамуға талап – табиғи қорларды және жүйелерді жеткілікті түрде бұзбай, болашақта да экономикалық пайда табатындай сақтау».тұрақты дамудың егізгі бағдарламасы адам өмірінің сапасын арттыру. Ол үшін адам өмірінің сапалық критерилерін, бағалануын қайта қарап, өзгерту керек.сонымен қатар материалдық емес бағалымдарды енгізу, олар: жеке қауіпсіздігін арттыру, білім сапасын арттыру, емдеу сапасын жақсарту, мәдени деңгейін көтеру және т.б.

Тұрақты даму келесі принциптерге негізделген:

- табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау;

- дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау;

- жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да қамтамасыз ету;

- халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздікті

азайта отырып жою;

- табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;

- табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;

- тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды жою.

Тағы үш өзара келісілген және тарихи маңызы зор құжаттар да қабылданды;

1) Қоршаған орта мен даму туралы Декларация;

2) Барлық ормандардың тұрақты дамуын, басқарылуын және сақталуын белгілейтін глобалды консенсус туралы құжат;

3) ХХІ ғасырдың күн тәртібі, немесе 21 күн тәртібі. Тұрақты даму деңгейлері: локалды, аймақтық, ұлттық, халықаралық, глобалдық. Тұрақты аму факторлаы: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)