АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кулажанов К.С., Сулейменова М.Ш. Неорганическая химия. Учебник для студентов специальностей 5В072700 и 5В072800, обучающихся по кредитной технологии/ Алматы: 2012. 17-28 стр

Читайте также:
  1. II. Контроль исходного уровня знаний студентов
  2. II.Организация проезда студентов и преподавателей на место практики и обратно
  3. V. САМОСТОЯТЕЛЬНАЯ РАБОТА СТУДЕНТОВ
  4. V. Самостоятельная работа студентов с больными.
  5. XI.8 Принцип распределения тем курсовых работ среди студентов.
  6. Административное право. Учебник
  7. Анализ и проектирование содержания производственного обучения студентов по профессии и специальности СПО.
  8. Анализ последствий изменения кредитной политики
  9. АНКЕТА ОПРЕДЕЛЕНИЯ ВОЛЕВЫХ КАЧЕСТВ У УЧАЩИХСЯ 16 ЛЕТ И СТАРШЕ И СТУДЕНТОВ
  10. АНОТАЦИЯ к электронному учебнику «Основы системного анализа»
  11. Б) Базовые учебники
  12. Банковская система РФ. Место и роль Центрального банка России в денежно- кредитной политике государства

3. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 3-7 беттер.

 

МОДУЛЬ 2. АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ, ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ.

Дәріс №2. Атом құрылысы және периодтық жүйе

2.1 Энергияның кванттануы туралы түсінік Бордың атом моделі

Материяның корпускулалы-толқындық екі жақтылығы. Белгісіздік принципі. Толқындық функция Квант сандары

2.2 Паули принципі, Хунд ережесі, ең аз энергия принципі. Электрондық формулалар, электрондық структуралық схемалар Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар. Атом құрылысы тұрғысынан құрастырылған периодтық заң. Периодтық жүйенің құрылысы.

2.3 Иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістілік. периодтылығы, екінші ретті периодтылық. Атомдық және иондық радиустардың өзгеру заңдылықтары. Периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы

 

2.1 Энергияның кванттануы туралы түсінік .Бордың атом моделі.

Материяның корпускулалы-толқындық екі жақтылығы. Белгісіздік принципі . Толқындық функция. Квант сандары

Атомнының ядролық моделін 1911 жылы Э.Резерфорд ұсынды, бірақ ол классикалық физика заңдарымен түсіндірілмеді, себебі орбитамен айналған электрон энергиясын электромагниттік сәулеге айналдырып жоғалтып, ядрода жұтылуы тиіс еді. Бұл моделдің кемістігін жоғалту үшін Н.Бор 1913 жылы атомды сипаттау үшін М.Планктің 1900жылы айтқан сәуленің кванттық теориясын және атомдағы электронның дискреттік ( секіріспен өзгеретін) энергетикалық күйі туралы ұғымды пайдаланады. Сутегі атомына айтылған Бор теориясы үш постулатамен көрсетілді: электрон ядроны тек стационар (белгілі радиустағы)орбитамен айналады, сонда электронның энергиясы тұрақты болып қалады. Квант энергияны hn , ( n - тербеліс жиілігі, һ – Планк тұрақтысы 6,62×10-34 Дж×с) электрон жұтқанда ол ядродан алыстау орбитаға өтеді, сол квант энергия электрон кері секіргенде қайтадан бөлінеді. Бас квант саны 1,2,3,..., орбита номерін не электрон болатын энергетикалық деңгейді көрсетеді. Н.Бор стационар орбитаның радиусын және сол орбитадағы электрон қозғалысының жылдамдығын есептеді: rn = h2n2 / 4p2me2 және u = 2pe2 / hn , содан r1 = 0.053нм, u1 = 2187км/с .



Сонда Бор теориясы атом моделінің оның спектрлерімен сәйкестігін олардың шығу тегі мен структурасын түсіндірді.Әр спектралды сызық үшін тербеліс жиілігі мына теңдеуден есептеледі. hn = DE = E а – Е ж, мұндағы Еа және Еж ядродан алысырақ және жақынырақ орбиталдардағы электрон энергиясы. Электронның толық энергиясы оның кинетикалық және потенциалдық энергиялар қосындысына тең .

hn = 2p2me4 / h2 ( 1/ n2ж – 1/ n2 a) = K ( 1/ n2ж – 1/n2а), n = K/h( 1/ n2ж – 1/n2a),

K/h – Ридберг константасы R, 3.28×1015 c-1 ( Гц ).

Мысал 1.Бір жарық квантының ( фотон ) энергиясы 3,06×10-19 Дж болса, ол қандай толқын ұзындығына, тербеліс жиілігіне, толқындық санға сәйкес келеді? Шешуі: Е=hn= 3.06×10-19 Дж, одан n=Е/h=4.62×1014 c-1 l = c/n = 3×108/ 4.62×1014 = 649×10-9 м = 649 нм. n- - тербеліс саны ,

n- = 1/l = 1/649 = 15400 см-1.

Мысал 2. Сутегі атомының 4-ші және 3-ші энергетикалық деңгейлері арасындағы секіру энергиясы қаншаға тең? Бұл секіріс нәтижесінде пайда болған сызық спектрдің қай сериясына жатады? Шешуі: DЕ = K(1/n2ж-1/n2а); К = 1312кДж/моль ( сутегі атомы үшін), Еи – иондану энергиясы, ол электрон максимал қозған күйдегі энергетикалық деңгейден (Е¥) негізгі энергетикалық деңгейге ( Е1) көшкендегі бөлінген энергия: Еи = Е¥ - Е1 =К(1- 0)= 1312 кДж/моль; сонда DЕ = 1312(1/32 – ¼2 ) = 63.78 кДж/моль.

‡агрузка...

n a =3, ол Пашен сериясына жатады. Н.Бор теориясынан соң (1924ж.) Луи де Бройльдің материяның толқындық сипаты деген идеясы бойынша жарық энергиясы әрі толқын, әрі квант ( фотон )түрінде болады деп қаралды, яғни толқын ұзындығы бөлшектің массасымен, қозғалыс жылдамдығымен мына теңдеу арқылы байланысты: l = h/mv = h/p, бұл теңдеуден массасы m бөлшек, v жылдамдығымен қозғалатын болса, оған ұзындығы l толқын қозғалысы сәйкес деген түсінік шығады. В.Гейзенберг (1924ж.) белгісіздік принципі белгілі бір уақытта электрон импульсі мен оның кеңістіктегі орны анықталмайды деген. Оның математикалық өрнегі DрхDх³һ, мұндағы Dрх және Dх х осі бойынша бөлшектің импульсі мен оның координатасы мәнінің қателіктері. Мысал 1.Егер электрон қозғалысының жылдамдығын анықтағанда қателігі 1 см/с болса, оның орнының белгісіздігі неге тең?

Шешуі: m(электронның массасы) = 9,11×10-31 кг; h = 6.62×10-34 Дж×с ;

DрDх ³ h, Dx = h/Dpx = h/mDv,

Dx = 6.62×10-34 Дж×с / 9,11×10-31кг ×10-2м×с-1 = 7,3см. Мысал 2. 50 г теннис добы 25м/с жылдамдықпен ұшса, толқын ұзындығы қанша болады?

Шешуі: l = 6,62×10-34 / 0,050 ×25 = 1,324×10-32м.

2.2Паули принципі, Хунд ережесі, ең аз энергия принципі

Электрондық формулалар, электрондық структуралық схемалар Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар. Атом құрылысы тұрғысынан құрастырылған периодтық заң.

Периодтық жүйенің құрылысы.

Атомдағы электронның кез келген тұрақты күйі белгілі квант сандарының мәнімен сипатталады. Квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь ( АО) деп аталады. n – (бас квант саны ) атомдағы электронның энергиясын және энергетикалық деңгейін, яғни АО өлшемін анықтайды. Бас квант саны 1- 7 мәндерін ( периодтық жүйедегі период номеріне сәйкес) қабылдайды. l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды,

мәні 0 – ( n - 1 ) қабылдайды. l = 0,1,2,3 сәйкес атомдық орбитальдар s- , p-, d-, f – орбитальдар деп аталады.Магнит квант саныml – электронның магнит моментімен байланысты, электронның магнит өрісіндегі бағытын, электронның қабылдаған бағытына қатысты электрондық бұлттың ориентациясын (бағытын) көрсетеді. Оның қабылдайтын мәндері –l –ден +l, ноль мәнін қоса. Мысалы, l = 2, ml мәндері -2,-1,0,+1,+2 ,яғни 2l + 1 = 2×2 + 1 =5.Спин квант саны

ms – электронның ішкі қозғаласын сипаттайды. Оның мәні: +1/2 және -1/2.

Элементтер атомдарындағы электрондардың атомдық орбитальдарда орналасуы үш жағдаймен анықталады: Паули принципі, Клечковский және Хунда ережелері.

Паули принципі:атомда төрт квант сандарының мәндері бірдей болатын екі электрон болмайды, немесе атомда екі кез келген электрондар ең болмаса бір квант санының мәнімен айырмашылықта болуы керек.Сонымен , кванттық ұяшық атомдық орбиталдың ( АО ) кестесі болғандықтан, квант ұяшығында екі ғана электрон болады, спиндері қарама-қарсы ­¯. Паули принципі бойынша деңгейшедегі максимал электрон саны 2(2l +1) болады. Деңгейдегі максимал электрон саны N = 2n2 .

Клечковский ережелері: Орбиталдардың электрондармен толтырылуы (n+l) қосынды мәні аз орбиталдан осы қосындының көп мәніне қарай жүреді;

Егер бұл қосынды мәні бірдей болса, алдымен nмәні кіші орбитал толтырылады. Мысалы,

4s ( n+l = 4+0 =4 ), 3d (n=3, l=2), 5p (n+l = 5+0 =5) сонда алдымен 4s сосын 3d,

сосын 5р электрондармен толтырылады.

Хунда ережесі:Электрондарорбиталдарғаспиндер сандарының қосындысы максимал болатындай орналасады, яғни ( å ms) максимал.

Электрондық аналогтарболады, егер элементтердің валенттілік электрондары барлық элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасса: мысалы, хлор мен марганец электрондық аналог болмайды, сондықтан бір топшада болмайды,

ал кальций мен магний электрондық аналогтар.

 

2.3Иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістілік. периодтылығы, екінші ретті периодтылық.

Атомдық және иондық радиустардың өзгеру заңдылықтары.

Периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы.

Иондану энергиясы:атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ (1 эВ = 96,48 кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет,себебі оң зарядтың мәні артады: І1 < І2 < І3 ¼

Электрон қосылғыштық энергиясы:Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те ( теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.

Электртерістік : ( ЭТ) –элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән. Оның мәні иондану энергиясы мен электрон қосылғыштық мәндерінің қосындысының жартысына тең. Практикада ЭТ –нің абсолютті мәнін емес, салыстырмалы мәнін қолданады. Сонда фтордың ЭТ = 4, ЭТ(О)=3,5; ЭТ( Li)= 0,98. Атомның құрамы – ядро және электрондар; олардың заряды және массасы. Атом ядросы протондар мен нейтрондардан тұрады, олардың арасында ядролық күш болады. Ядродағы протондар саны (Z) ядро зарядына және периодтық жүйедегі элемент номеріне тең. Протондар мен нейтрондардың жалпы қосындысы массалық сан (А), элементтің салыстырмалы атомдық массасына ( Аr) тең, айырымы А – Z ядродағы нейтрондар санын анықтайды.

Масса дефектісі ( Dm) – ядро массасы мен ядро құрамына кіретін протондар мен нейтрондардың арифметикалық қосындысының айырымы. Масса дефектісі ядро түзілгенде бөлінетін энергиямен Эйнштейн қатынасы Е = Dmc2 арқылы анықталады. Мысалы:салыстырмалы атомдық массалары 1Н2 (2,01410), 2Не3 (3,01603) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу: 1Н2 + 1Н2 = 2Не3 + 0n1

Dm = 2×2.01410 – ( 3.01603 + 1.00866) = 0.00351 = 0.00351×1.66×10-27 кг =

5,826×10-30 кг; DЕ = 5,826×10-30 кг ( 3×108 м/с)2 ×6,02×1023 = 3,15×1011 кг×м2 2 = 3,15×1011 Дж/моль.

Ядролық реакциялар.Алғашқы ядролық реакция a - бөлшектермен (гелий атомының ядросы) азот атомдарын атқылап протонды ашу болды.

( 1919жыл, Э.Резерфорд): 14N7 + 42 He = ( 189F) = 178O + 11H. Егер қысқартылған символ арқылы жазса, 147N(a, p)178O.

Радиоактивтілік - өздігінен тұрақсыз бір химиялық элементтің изотобының екінші элемент изотобына айналуы, бұл кезде элементар бөлшек не ядролар бөлінеді. Ядроактивтілік құбылысын А.Беккерель 1896 жылы ашты, 1903жылы Э.Резерфорд пен Ф.Содди түсіндірді.

Радиоактивті бөлінудің бірнеше түрі бар. Мысалы, a - бөліну және электронды не b- - бөліну процестері: 22688Ra ® 22286Rn + 42He және

146C ® 147N + e-. Позитронды не b+ - бөлінуді 1934жылы Ирен және Фредерик Жалио-Кюри ашты: 2713Al + 42He ® 3115 P ® 3114Si +e+ . Мұндай бөліну – жасанды радиоактивтілік деп аталды, алынатын радиоактивті изотоптар әр түрлі зерттеулерде қолданылады.

СИ жүйесінде радиоактивті бөліну бірлігі ретінде беккерель- Бк алынады .

Бк – 1 секундтағы 1 бөліну акті (с-1 ). Кюри (Кu) = 3×1010 Бк ( 1 с аралығында массасы 1 г радийдің бөлетін a- бөлшегі).

Жартылай бөліну периодыТ1/2 – радиоактивті элементтің алғашқы мөлшерінің жартысының бөліну уақыты. Мысалы, Ро үшін 3×10-7 с, ванадий үшін 6×1015 жыл.

Алғаш энергия кванттануы туралы мәлімет 1900 ж Макс Планкпен ұсынылды. Бөлінетін не сіңірілетін квант энергиясы Планк теңдеуімен анықталады: ∆ E = hν, где h – пропорционалдық коэффициенті (Планк тұрақтысы), оның сандық мәні 6, 63·10-34 Дж·с.ν – толқын жиілігі. Толқын үзындығы және сәулелену жиілігі бір-бірімен мына қатынаспен λ·ν = с байланысты, мұндас-жарықтың жылдамдығы.

Атомның тұрақтылығын түсіндіру үшін дания ғалымы Н.Бор үш постулат ұсынды:

1. Электрон ядроны кез келген орбитамен емес, оның энергиясына сай тұрақты орбита бойымен айналады. Стационар орбитада электрон айналып жүрген кезде энергия бөлінбейді не сіңірілмейді. Математикалық түрде Бор постулаты , мұнда n-натуралды саң, m-объект массасы, r-шеңбер радиусы. Осы формулаға сүйеніп Бор сутек атомының құрылысың қарастырды. Электрон орбитасының минималды радиусы, яғни минимальді потенциалды энергиясы бірге тең n мөлшеріне сәйкес келеді. n=2,3,4,…, мөлшерлеріне сәйкес сутегі атомының күйі қозған деп аталады

2. Электрон бір стационар орбитадан екінші стационар орбитаға өткен кезде энергия бөлінеді не сіңіріледі. Квантталған орбиталар радиустерінің мөлшерін, электрон қозғалысының жылдамдығын анықтайтын n саны бас кванттық сан деп аталады.

3. Энергия үздіксіз емес, тек белгілі бір порция – квант түрінде бөлінеді не сіңіріледі. Теорияның кемшіліктері: 1. атомдар спектрлердің кейбір сипаттамаларын толық түсіндірмейді. 2. Өте қарапайым молекулалардағы химиялық байланыстардың саңдық мәнін есептеуге мүмкіндік бермейді.

Зерттеулер классикалық механика заңдылықтарына өте ұсақ бөлшектердің бағынбайтының көрсетті. Мұндай өте ұсақ микробөлшектердің қасиеттерін кванттық немесе толқындық механика ғана түсіндіре алады. Кванттық механика бойынша электронның толқындық және бөлшектікіндей қасиеті болады. Яғни толқын сияқты оның толқындық жиілігі болады, ал бөлшек сияқты оның пішіні, массасы болады. Бөлшектік-толқындық дуализм математикалық түрде Луи де Бройль теңдеуімен өрнектеледі: λ = h / mv, мұнда m – бөлшек массасы, v - микробөлшек жылдамдығы.

Микробөлшектер дуализмін 1927 ж Вернер Гейзенбергпен ашылған белгісіздік принципі түсіндіреді: Бір уақытта микробөлшектердің жылдамдығын және координаторларын дәл анықтауға келмейді. Белгісіздік принципінің математикалық түрі: ∆g·∆v ≥ h/m. Атомда электрон ядроны толқын түрінде, ядроғп бірде жақындап, бірде алыстап белгілі бір толқын ұзындық және жиілікпен айналып отырады, яғни ядро айналасында электрондық бұлт түзеді. Оның ядродан белгілі бір қашықтықта тығыздығы жоғары болады. Сонымен электрондық бұлт – атомдағы электрон күйінің кванттық-механикалық моделі. Атом айналасында электрон бұлтының барлық жерде бірдей емес. Қай жерде электрон көбірек болатын болса, сол жерде электрон бұлтының тығыздығы жоғары болады. Атомдық орбиталь-электрондық бұлт орналасқан ядро маңындағы кеністік.

Кванттық механикада электрон толқындық функциямен сипатталады Ψ. толқын ядродан тарап, қайтадан ядроға қайтады, яғни тура және кері толқын болады.Екі толқын қосылған кезде (интерференция) тоқтаған толқын түзіледі. Австрия физигі Э.Шредингер 1926 ж тоқтаған толқын формуласындағы толқын ұзындығының орнына оның де бройль теңдеуіндегі мәнін қойып, Шредингердің толқындық теңдеуі деп аталатын тендеу алды:

2 Ψ/ ∂x2 + ∂2 Ψ/ ∂y2 + ∂2 Ψ/ ∂z2 = (8π2m / h2)· (E-U)·Ψ

Мұнда m-электрон массасы, x, y, z-электрон координаты, Е- электронның толқын энергиясы, U-потенциалды энергия. Толқындық функция оң, теріс және ноль мағыналарды қабылдай алады. Толқындық функциясының квадраты Ψ2 микробөлшектің кеңістіктің белгілі бір жеріндегі болу ықтималдығын сипаттайды.

Электронның атомдағы күйін төрт түрлі кванттық сандармен сипаттайды. 1. Бас кванттық сан п. Ол электронның ядродан қашықтығын, яғни энергиясын көрсетеді. Оның мәні тек нақты сан болады 1-ден ∞ дейін өзгереді. Бас кванттық санды цифрмен және әріппен белгілейді: п = 1, 2, 3, 4 немесе К, L, М және т.б.Деңгей саны артқан сайын электронның энергиясы да жоғарлайды. Бас квант сан периодты жүйедегі период номеріне тең. 2. Орбиталь (қосымша) квант сан l. Ол электронның энергиялық күйін және орбитальдарының пішінін көрсетеді. Орбиталь квант саны бас квант санына байланысты, оның мәндері 0-ден n-1 дейін өзгеріп отырады. Мысалы n=3 болса l=0,1,2 болады. Орбиталь квант санын цифрмен немесе әріптермен белгілейді l=0,1,2,3 немесе s-, p-, d-и f- орбитальдар. 3. Магнит квант сан m орбиталь квант санға байланысты болады да орбитальдардың кеңістіктегі орнын көрсетеді. Ол орбиталь квант санының l барлық мәндеріне, 0-ді қоса ие болады, яғни l=1 болса, онда m=-1,0,+1. Әр орбиталь квант санына сәйкес магнит квант санын және орбитальдар (ұя) санын есептеуге болады:

s - орбитальда орбиталь саны 1,

p- орбитальда 3,

d- орбитальда 5,

f - орбитальда 7 электрондық күй болады. 4. Спинді квант саны s электронның өз осінен айналуын сипаттайды. Электрон өз осі бойымен біріне-бірі қарама-қарсы бағытта айнала алатындықтан онын тек екі мәні болады: + 1/2 және — ½. Егер екі электронның басқа квант сандары бірдей болса, олардың спиндері әр түрлі болады. ондай электрондарды жұптасқан деп атайды да, қарама-қарсы айналатынын былай ↑↓ белгілейді. Егер ұяда бір электрон болса оны дара деп атап былай белгілейді ↑.

 

Көп электронды атомдарда электрондардың орналасу ережелері

 

Ережелер Мысалдары
1. Паули принципі. 1925ж. Атомда барлық квант сандары бірдей екі электрон болмайды 7Li – 1s22s1 1s 2s ↑↓ ↑
n=1 N=1 N=2
l=0 L=0 L=0
  =0 M=0 M=0
s=+1/2 s=-1/2 s=+1/2

 

2. Гунд ережесі. Бір деңгейшеде орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт. 14N – 1s22s22p3  
3. Энергиясы аз деңгейшеге электрондардың алдымен орналасу принципі. Клечковский ережесі А) Электрондардың деңгейшелерге орналасуы бас және қосымша квант сандарының қосындысының (n+l) арту ретімен болады.   Б) Егер бас және қосымша квант сандарының қосындысы бірдей болса, электрондарының деңгейшелерге толуы бас квант санының мәнімен анықталады
n+l=1 N=1 l=0 (1s)
n+l=2 N=2 l=0 (2s)  
n+l=3 N=2 l=1 (2p)
  N=3 l=0 (3s)
     
     
n+l=4 N=3 l=1 (3p)
  N=4 l=0 (4s)

E (3p) < E (4s)

 

 

Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды :

1.Атомдағы электронның энергетикалық жағдайын сипаттайтын төрт квант сандарын;

2. олардың өзара байланысын;

3.атомдағы электрондардың энергетикалық орбитальдардың толтырылуы Паули принципі, Гунд және Клечковский ережелеріне сай жүретіндігін білу керек.

Өзін -өзі тексеру сұрақтары:

  1. Атом ядросы 12 протон және 12 нейтроннан тұрады, элементтің атомдық массасын, реттік номерін, валенттік электрондар санын анықтаңдар.
  2. Реттік номері 23 және 35 атомдардың электрондық деңгейлерінің санын анықта.
  3. Бас квант саны 3-ке тең электрондық қабатындағы электрондар саны нешеге тең?
  4. Қосымша квант саны 2,3-ке тең болғандағы деңгейлердегі магнит квант санының неше мәні болады?
  5. 3 бірдей квант саны атомдағы екі электронның спин квант санының мәні қандай?
  6. Қосымша квант санының мәні l=0,1,2,3 тең электрондар қалай аталады?
  7. Мыс атомының қозбаған жағдайдағы d-электрондарының қосынды санын көрсету керек.
  8. Азот атомының электрондарының қосынды спині нешеге тең?
  9. Неліктен көптеген элементтер атомдық массалары бөлшек мәндерге ие болады?
  10. Жаңа көзқарас бойынша периодтық жүйедегі аргон және кобальт элементтерінің орналасуын қалай түсіндіруге болады?
  11. Қандай элементтер ауыспалы деп аталады?
  12. Гелий, неон, аргон, ксенон сияқты газдардың химиялық инерттілігі қалай түсіндіріледі?
  13. Периодтық жүйедегі орнына байланысты калий, мыс, марганец, бромның қасиеттерін салыстыр.
  14. Хлорлысутек, бромдысутек, иодтысутек қышқылдарының қайсысы күштірек, неліктен?
  15. Төмендегі қосылыстардағы химиялық байланыстың полюстілігін көрсет: а)су немесе селенді сутек; б)хлорлысутек немесе иодты сутек; в)метан немесе аммиак?
  16. Төменде берілген элементтердің ішінен донорлар және акцепторларды көрсетіңдер: В, Сl, S, N (бор, хлор, күкірт, азот).
  17. Мына сұйықтардың қайсысы сутектік байланыс нәтижесінде ассоциацияланған: күкірттісутек қышқылы, су, балқытқыш қышқыл, төртхлорлы көміртек? Бұл құбылыс осы сұйықтардың қасиеттеріне қалай әсер етеді?
  18. Төртхлорлы көміртек, бор хлориді, бериллий хлориді молекулаларында гибридтенудің қандай түрі болады, осы молекулалардың пішіні қандай?
  19. Сутектен 0,8 г атомдық сутекті алу үшін 174,4 кДж энергия жұмсау керек, сутек молекуласындағы байланыс энергиясын есепте.
  20. Сілтілік металдардың жұмсақтығының және балқу температурасының төмен болу себебі неде? Неліктен магнийдің қаттылығы мен балқу температурасы натрийге қарағанда жоғары?

Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

1.Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия.Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. 54--96 беттер.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.185 сек.)