АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Иллюстративті материалдар: 6 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

Физиологияның дамуына аса көрнекті роль атқарған орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов болды. 1849-1936 жж Өткен ғасырдың 70 – ші жылдарында қан айналу, әсіресе ас қорытудың жүрісін дені сау организмде ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік беретін жаңа әдісті тапты. И.П.Павлов 1904 жылы Халықаралық нобельсилығына ие болды.

Физилолгия даму барысында одан өз алдына пән болып бірнеше тармақтар бөлініп шықты. Бұл тұрғыда әдетте жалпы және бөлімдер физиологиясы салыстырмалы және эвалюциялық физилолгия сондай-ақ арнайы физиология және адам физиологиясын ажыратып айтады.

Қазіргі кезде физилолгия басқада ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізеді.

Осы кездегі зерттеу жұмыстарында ғылым мен техника жетістіктерін кибернетика, информатиака, радиоэлектроника жаналықтарын есептеуші машиналарды телеметрияны т. б. кеңінен қолданылады. Физиология мен техника ғылымдатының тығыз байланысынан бионика физиологиялық кибернетика және кванттық медицина дамыды. Мұндай жетістіктер медицина ғылымының басқа да жаңа салаларын қалыптастырды.

Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер алынып отыр.

Мұнымен бірге физилолгиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі түрде зеттеу ондағы көптеген физмлолгиялық жағдайларды тұсінуге жеңілдетеді. Содықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұғысынан зерттеу басталды. Бас миының интегративтік қызметі және талдағыштар физиологиясы.

Омыртқалылардың филогенетикалық дамуының ерте кезеңдерінде ішкі ортаның құрамын және реакцияның тұрақтылығын сақтауға қатысатын мүшелердің әсіресе тыныс алу, қан айналу және ас қорыту органдарының қызметтері күрделене береді. олай болса артқы ми көптенген ішкі мүшелердің қызметтерін реттеуге қатысады екен. Осымен қатар артқы миға ауыздың кілегей қабығынан, ішкі құлақ органдарынан импульстер барады (бағдарлау рефлекстері, дененің кеңістіктегі теңдігін сақтайтын рефлекстер осы артқы мидың қатысуында орындалады). Ішкі құлақ органдарынан келетін импульстерге жауап реакцияларының орындалуы ортанғы ми ядроларының міндетті түрде қатысуымен жүреді. Ал жұын артқы мидың түрлі ішкі мүшелер қызметтерін реттеуге бағытталған рефлекторлық реакцияларына қатысады. Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтар бар нерв жиынтығы орналасқан.Осы нерв пен клеткалар жиынтығын тор тәрізді ретикульді туындылардеп атайды. Тор тәрізді туындыларға кезеген вестибулярлық, есту, бет үш тарам т б нервтерден импульсер келеді. Тор тәрізді туындыда тыныс алу орталығы орналасқан.Онда осымен қатар жөтелу, түшкіру т. б. қорғаныс рефлекстерінің орталығы ас қорыту аппаратарының қозғыш және секреторлық орталықтары жүрек- тамыр орталығы т. б. бар. Тор тәрізді туындының орталықтары бір-бірімен тығыз байланыста болатындығынан бір мүшесінің рефлектролық реакциясына басқа мүшелерде қатысады. Артқы мидың дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекістері туралы нейромоторлық аппарат рефлекістері тақырыбында баяндалған.

Ортанғы ми. Эвалюция барысында омыртқалыларда алғашқы кезде ортанғы ми қызметі көру рецепциясымен тікелей байланысты болды. Дөңгелек ауыздыларда көру мүшесі өте нащар болды. Оларда артқы ми қызметімен байланысқан вестибулярлық аппарат ең негізгі рецептор болып табылды. Сондықтан артқы ми ортанғы мидан үлкен болды. Ал мөлдір таза суларда жүретін балықтарда керсінше ортанғы ми жзақсы дамыды. Себебі оларда көру рецепциясы жақсы жетілген және сыртқы орта өзгерістерін сезу маңызды роль атқарған.

Жоғары сатылы жануарлар мен адамдарда ортанғы мидың көлемі онша үлкен емес және бағдарлау сияқты рефлекторлық реакциялар орындалу үшін қажетті буынның бірі болып табылады. Төрт төмпешікті тітіркендіргенде жануардың құлағы тікірейіп, елеңдеп көзі мен басын сол тітіркендіргіш шыққан жаққа қарай тігеді. Тор тәрізді туындылар ортанғы мида да бар. Оның ең ірісі қызыл ядро- бұлшықет тонусын рефлекторлық реттеуге тікелей қатысады. Ортанғы миы сақталған жануарда децеробрация болмайды.

Ортанғы мидың тағы бір маңызды ядросы қара зат. Ол ми таяқшаларында жатады. Шайнау, жұту актларының тиісті ке зекпен орындалуын бақылауға қатысады. Музыка аспаптарда ойнағанда, жазғанда, сурет салғанда пластикалық тонустың реттелуін қара зат қамтамасыз етебі. Ол зақымданса Паркинсонауруы пайда болады. Бұл жағдайда мимика еттерінің қызметі бұзылады еріктен тыс тербелмелі қозғалыстар пайда болады.

 

27-дәріс. Қозғыш ұлпалар физиологиясы.

1. Биоэлектрлік құбылыс.

2. Тыныштық потенциалы.

3. Әрекет потенциалы.

Негізгі ұғымдар: тыныштық потенциалы, әрекет потенциалы, электробиопотенциал, тонустық талшықтар.

Иллюстративті материалдар:

Биоэлектрлік құбылыс. Тірі құрылымдардағы электірлік өзгерістерді биоэлектірлік құбылыстар д деп атайды. Жануар электірінің бар екені туралы алғашқы мәліметтер XVIII дың аяғында Л: Гальвани өзінің Бұлшықеттер қозғалысының кезіндегі электор күші туралы трактатында жануарлар электірінің болатының дәлелдеуге дәлел жасайды. Бақа омыртқасының белден төменгі бөлігі мен екі артқы аяғынан тұратын препаратты мыс сым арқылы темір пластинкаға жалғап содан соң пластинкаға аяқтарын тигізсе олар қозғалысқа кележді.

Гальванидің ойынша металдар арқылы тұйық тізбек түзілген кезде оның бойымен жұлында пайда болатын бұлшықеттеріне келіп оларды қамтылады.ұлшфы

XIX ғасырдың басында электор тоғын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардың, мәселен гальванометрдің жасалуына байланысты тірі ұлпадағы электірлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Биопотенциал түрлері.Тірі ұлпаларда болатын электірлік құбылыстардың бірнеше түрін айырады Олар: тыныштық, зақымдану, электрондық,локальдық қақпа әркет бір фазалы, екі фазалы, үш фазалы т. б. табалдырық потенциялдары. Енді осы ұйымдардың мәнісін және олардың пайда болу механизмдері туралы түсініктерді қарастырайық.

Мембраналық потенциал - тыныштық күйдегі клетка мембранасының сыртқы бетінің оң электор заряды ішкі бетінің цитоплазмасының онымен салыстырғанда теріс электор заряды болатындығынан туатын айырманың нәтижесі.

Микроэлектрод – ұшының диаметірі 0,5 мкм болатын шыны микропипетка. Оның іші тұз ертіндісімен толтырылады. Ол арқылы металл электорд өткізіледі.Микроэлектродты зерттелетін объектіге мысалы нерв не ет клеткасына тигізеді де микромонипулятор арқылы клетканың ішіне енгізеді. Микроэлектрод мембрана арқылы өткенде осциллографтағы сәуле ағыны күрт бағытын өзгертеді. Осы өзгерістің шамасы клетка мембранасының сыртқы беті мен ішкі ортасының арасындағы потенциал айырмасының көрсеткіші болады. Содан соң сезгіш электродтардың бірін зақымданған учаскіге ал екіншісін зақымданбаған учаскіге тигізеді. Осы кезде гольвонаметр тоқтың бар екендігін көрсетеді.

Тыныштық потенциалының пайда болу механизімі. Тыныштық потенциалының табиғатын түсіндіру үшін әр түрлі гипотезалармен териялар ұсынылады. 1896 жылы В.Чаговец Аррениустың электролиттік диссоциация теориясына сүйене отырып потенциалдар пайда болуын иондардың орын ауыстыруымен түсіндіруге талаптанады.

Еттегі биопотенцалдық құбылыс.Бұлшықет тыныштық күйде тұрғандада белгілі бір қызмет атқару кезінде де онда жылу жасау процесі үнемі жүріп жатады. Бірақ бұл жылу тікелей бұлшықет жирылуына жұмсалмайды.Ет жирылуында химиялық энергия бірден механикалық энергияға ауысады.

Бұлшықетте жүретін жылу жасалуды А.Хилл екі фазаға бөлді.

Бірінші фазаны бастапқы жылу жасау деп атайды.Бұл екіншіден 1000 есе қысқа уақыт алады, бұлшықет қозуынан бастап, оның жирылып босауы аяқталғанғадейінгі кезеңдерді қамтиды. Бастапқы жылу жасау үш бөлімнен құралады. а) активация жылуы. ә) қысқару жылуы, б) бұлшықет жирыла бастағанға дейінгі кезде бөлінеді.Бұлшықеттің қозбаған күйден белсенді күйге көшу барысында жүретін химиялық процестерді жылу эффектісі дейді. Тетаникалық жирылу кезінде әр әрекет потенциалы өз тарапынан активация жылуын бөледі.

Қысқару жылуы.Жирылу процесінің өзінде пайда болады. Егер бұлшықетті қатты созып оның жирылуына кедергі жасаса жылу бөлінбейді.Жирылған бұлшықеттердің босауы кезінде бөлінетін жылу босау жылуы деп аталады. Егер бұлшықет жирылып тұрғанда жүк көтерсе, ол аяқталған соң оның бөлетін жылуы көбейеді. Екінші фазаны қайтақалыпқа келтіру немесекешіккен жылудеп аталады.

Ет талшықтары құрамына, қасиеттеріне қарай түрліше аталады. Мәселен тонустық, фазалық, аралас, қызыл және ақ талшықтар болады. Тонустық талшықтар тітіркендіруге таралмайтын локальді қозу және жирылу күйімен жауап береді. Аралас талшықтыларда айтылған екі қасиеттің екеуіде белгілі дәрежеде сиысқан. Тонустық талшықтарды қозғыштағы фазалық талшықтарға баратын балдырлы 3-6 есе әрі қозуды баяу тарататын балдырлы жіңішке нерв талшықтары иннервациялайды. Қызыл талшықтар миоглабинге бай гликоген мен липит қоры көп, ақ талшықтарға қарағанда жұмыс қабілеті жоғары. Болып келеді. Ақ талшықтарға тән ерекшелік - олардың миофибрилдері қызыл талшықтарға қарағанда жуандау және күштілеу болады. Олар тез жирылып тез босайды, бірақ тез шаршайды. Бұлшықеттердің көбісі аралас, құрамды: олар әр түрлі пропорцияда ақ талшықтар да қызыл талшықтарда болады.

Ет талшықтарының арасында дәнекер ұлпалы жұқа –эндомизий, болады. Талшықтардың шоғырын неримизий қаптап тұрады. Бүкіл етті жауып тұрған қабықты эпимизий деп атайды. Аталған дәнекер ұлпаны қабаттар мен қабықшалар ет талшықтары бір тұтас жұмыс атқарушы жүйеге біріктіреді. Ет талшықтарының негізгі қасиеттері жирылғыштық, қозғыштық және қозу өткізгіштік. Ет жирылуының динамикалық жирылу мен босау алмасып отыратын және статикалық ұзындығы өзгеріп және ұзақ уақыт жирылу күйже болатын түрлерді айырады. Сонымен-ақ ет жирылуының изотомиялық изометриялық және аукстониялықрежимдерін ажыратады. Тұтас организмге қатысты жағдайда ет жирылуының типтерін изотониялы және изометриялы консентірлі деп те жіктейді. Ет талшығының жирылуы оған қозғағыш нерв талшығы арқылы келген импульстер әсерінен болады. Нерв талшығы етке өткен соң ақырғы тармақтарға таралады да ет талшықтарына моневральдық синапстар түзеді.

Әрекет потенциялы, әрекет потенциялының шығу тегі. Табалдырық күші бар тітіркендіргіш әсер еткенде туады. Нерв ет және кейбір басқа клеткаларда қозу кезінде тез тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал өзгерістері. Әрекет потенциалын екі тәсілмен тіркеуге болады. Электродтарды клетка мембарнасының сыртқы бетіне тигізу және протоплазмаға енгізілген микроэлектрод арқылы. Клетка сыртынан әктеуде талшық беткейінің қозу учаскісі көрші тыныштық күйдегі үлескіге қарағанда секундың мыңнан бір бөліктеріндей қысқа уақыт ішінде теріс электор зарядқа ие болады.

Сондықтан электор потенциялы қозған және озбаған учаскілер арсындағы потенциал айырымы деп қарау керек.

Нерв талшықтарын бойлап таралу арқылы әреткет потенциалдары нерв жүйесіне иныормация жеткізуді іске асырады. Нерв ұштаына жеткенде олар тиісті сигналды бұлшықет немесе нерв клеткасынан өткізуді қамтамасыз ететін ерекше химиялық заттардың түілуіне себепші болады.

Бұлшықет клеткасында жирылу актысын іске асыратын процестер тізбегінен тудырады. Әрекет потенциалының жалпы ұзақтығы әр құрылымда әр түрлі Мәселен жұлынның мотонейронында ол 1-3мс миэлинді нерв талшықтарында 0,4 – 1,5 мс, қаңқа бұлшықеттерінің көлденең жолақ талшықтарында 1-3 -8 мс, ал жүрек бұлшықеті талшықтарында 300мс дейін болады.

Реверсия кезінде потенциалдың бұрмаланатын себебі, мембрананың сыртқы беті тыныштық күйдегімен салыстырғанда тері зарядқа, ал ішкі жағы оң зарядқа ие болады да, потенциалдың шыңы алынған кезде ол айырма кері таңбалы, яғни +30+40-мв көрсетеді. Реполяризация кезінде мембрананың екі беткейі бұрынғы тыныштық күйдегі зарядтарына қайта ие болады. Төмен қарай бағытталған фазадағы тез төмен түсуді әр түрлі құрылымдарда одан әрі теріс із потенциалды да, оң із әулетті де жалғастыра алады және соңғылардың бірі аяқталғанда екіншісі туады.

Тыныштық потенциалын түсіндіруде айтқандай, тыныштық күйде мембрананың сыртқы беті оң электор зарядты, ал ішкі беті теріс электор зарядты болады және оның К иондары үшін өткізгіштігі (іштен сыртқа қарай) Na иондарына қарағанда (сырттан ішке қарай) әлде қайда артық болады, ал аниондарды іштен сыртқа қарай өткізбейді.

Әрекет потенциалы пайда болу барысында мембрананың ион өткізгіштігі өзгерістерінің негізінде ондағы маманданған иондық каналдардың ашылу және жабылу процестері жатады. Бұл каналдар, біріншіден, тиісті иондарды іріктеп (селективті) өткізеді: 2- ден, олардың электорқозғыштық қасиеті бар, яғни мембраналық потенциал өзгерістеріне жауап ретінде ашылып, жабыла алады.

Иондық каналдар, иондық насостар тәрізді, мембрананың екі қатарлы липитті қабаты арқылы өтетін белокты макромолекулалардан түзіледі. Әр каналдың нағыз тасымалдау жүйесі және мембрананың электор өрісі арқылы басқарылатын қақпалары болады.

 

 

28-дәріс. Тұтас жүйелер физиологиясы.

1. Бас ми қызметі және талдағыштар физиологиясы.

2. Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу талдағыштары.

3. Жоғары нерв жүйесінің іс-әрекеті.

Негізгі ұғымдар: талдағыштар, конвергенция, нейрон, аксон, дыбыс түйсігі, дыбыс толқындары.

Иллюстративті материалдар:

Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамның барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс негіздері тән:

1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарына тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдарымен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады. Ал қабаттар, олардың аксондары түзетін, өткізгіш жолдар арқылы өзара байланысады. Талдағыштардың мұндай құрылымы әр түрлі қабаттарда мәліметтерді өңдеуге, арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады. Бұл организмдерде барлық талдау жасалған жай сигналдарға тез әсер тигізуіне жағдай жасайды.

2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген (он мыңдаған, ал кейде миллиондаған) жүйке элементтері бар. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. Байланыс арналарының сенімділігі нейрондардың өзара жапсарласуынан ұлғаяды. Бір нейрон тарамдалыс арқылы жоғары деңгейде орналасқан бірнеше нейрондармен ұштасады. Ал көптеген нейрондардың тек біреуіне түйістірілісі (конвергенция) ақпаратты дәл жеткізеді.

3. Шектес қабаттарда сезіну алқымы деп аталатын әр түрлі элементтер саны кездеседі.

4.Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады.Жүйке элементтерінің бір немесе бір неше қабаттан қүрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс дифференциация деп аталады.

Әр бір бөлімнің мәселен, иіс буылтығы, иімді дене өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

5. Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байланыс негізінде белсенді түйсінетін және өңдейтін үрдіс ретінде қаралады.

6. Сезім жүйесінің өрлеуші өткізгіш жолдары ми қыртысының тұрақты жіне қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады.

7. Әр бір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік, симетрия түрінде құрастырылады. МИдың орталық құрылымдары қабылдағыш аппаратқа сәйкес жұптасып қалыптасады. Сезімдік жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әр келкі орналасқан нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы атқарылады.

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көтеген қабылдағыштар құрады.

1.Алуан түрлі қабылдағыштар - тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері.

2.Әр бір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін мәселен, жарық дыбыс, жылылық, суықтық т.б ерекше сезеді.

Көру. Көру талдағышы – адам мен жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық сезім мүшелерінен миға келетін мәліметтің 90 пайызын жеткізеді.Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп, сондағы қабылдағыштарды қоздырады. Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау керек. СОндықтан табиғатта жануарлардың көтеген түрлерінде көз алмасы шар тәрізді болып келеді. Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан.Оны сыртынан ақ қабықша склера қаптайды, бұл тығыз дәнекер тінінен тұрады. Ақ қабықшаның алдынғы бөлімі мөлдір қасаң қабыққа өтеді. Ал қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан: тамырлы қабықшаның алдынғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көзің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.

Есту.Есту жүйесі - мағнасы жағынан адамның екінші дистанциалық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағанан, есту сезім жүйесң оған ең жоғары дәрежеде қызмет атқарады.

Есту мүшесі негізгі үш бөліктен - сыртқы, ортанғы, және ішкі құлақтан тұрады.Есту қабылдағышы ішкі құлақтың ирімді түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Есту талдағышының сигналдарды өңдеп, жүзеге асыратын көптеген дәйекті қосылған бөлімдері бар.

Сыртқы құлақ. Құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғаға сыртқы есту тесігі арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соған сәкес тербеліске келеді.

Ортаңғы құлақ. Ауамен толған ортанғы құлақтың негізін асас маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір- бірімен дәйекті байланысқан балғашық, төс және үзенгі сүйекшелері құрайды.

Ішкі құлақ және дыбыс түйсігі.Ішкі құлақта кіреберіс аппаратынан кіреберіспен имекті арналардан басқа дыбыс терделісін қабылдайтын есту қабылдағыштары орналасқан иірімді түтігі болады. Иірімді түтігінің төбесііе жеткенде бұл екі мембрана қосылады және оның үстінде тесігі геликотрема болады.

Дәм сезімі.Дәм сезу жүйесіауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.Дәм талдағыштары - дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мн жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Адамда он мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.

Иіс талдағышы. Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан. Олардың ауданы шамамен 5-8 см кв. Адамдарда иіс сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн –ға жетеді. Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады. Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электор көрсеткіші электроольфактограммадеп атайды. Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып, біренше секунтқа созылатын, шайқалу тербелісі 10 мВ монофазалық теріс толқыннан тұарды.

Жоғарғы нерв жүйесінің іс-әрекеті.Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған таяу құрылымдары орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі болып табылады.Жоғары жүйке іс- әрекеті туралы мәдилік ғылым төрт қағидаға: рефлекс, доминанта, бейнелеу және мидың жүйелілікқызметіне негізделген.

Рефлекс ұғымы 17 ғасырды алғашқы Рене Декарт 1596-1650 ж ұсынған әлемнің механикалық көрінісі туралы ілімінде пайда болды.

Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М.Сеченов жануарлардың, адамның мінез құлығы, оның санасымен ақыл ойының ең күделі көрістері, мидың рефлекстік қызметімен байланысы туралы батыл болжам ұсынды.

Оның ми рефлекстері деген еңбегі жарық көргенше, оқымыстылар психикалық құбылыстарға салалы физиологиялық талдау жасай алмады.

Сеченотың ойлары И.П.Павлов ерекше дамытты және нақтылы тәжірибе жүзінде дәлеледеді. Ол, шартты рефлекстер әдісін енгізі, жоғары жүйке іс- әрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын қалады. Оның зеттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: себептестік, анализ және синтез, құрылымдық қағидаларын жасады. Павловтың көрсетуі бойынша, ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде- қыртыс асты, ми бағанында, жұлында пайда болатын рефлекстік әсерленістер туа біткен және тұқым қуалйтын тұрақты жүйке жолдарымен орындалады.

Жоғары жүйке іс әрекеті организммен сыртқы ортаның күрделі қарым- қатнасын қамтамасыз етіп оның мінездік негізін құрады. Сонымен, жоғары жүйке іс әрекеті орталық жүйке жүйесінің адам мен жануарлардың мінешздіек әсерленістерін қамтамасыз ететін жүйке үрдістерінің жиынтығы. Бұл үрдістер дене қүрылысы күрделі жануарлар мен адам мінезінің сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды. Олар икемделудің туа біткен және жүре пайда болған түрлеріннен тұрады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)