АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тапсырмаларды орында

Читайте также:
  1. CD-DVD диск-жетек
  2. Syllabus
  3. Syllabus
  4. Алматы 2012 3 страница
  5. АЛМАТЫ 2014
  6. Астана 2015
  7. Ауысу облысы
  8. Бап. Эмиссиялар нормативтерi 3 страница
  9. Бет, 47 есеп. 1 страница
  10. Бет, 47 есеп. 4 страница
  11. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1981 г. (ескісі) 56-59 беттер
  12. ГЕОГРАФИЯ

Төмендегі тақырып бойынша мәліметтер жинақтап баянда, сабаққа кіріктіру жолын ойластыр.

1 Генетикалық байланыс дегенімізді қалай түсінесің

 

2.Мына сызбанұсқаға сәйкес жүзеге асатын химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар:

C3H8→C3H7 Br→C3H8O→C3H6O→C3H6O2

Бір кластан екінші класқа көшу мүмкіндіктерін ата.

 

3.Оттекті органикалық қосылыстарды оқыту кезіндегі химия мен биологияның өзара байланысы.

4. Белоктарды оқыту кезінде химия мен биологияның өзара байланысы.

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмаларды орындап, пән аралық байланысты көрсеттетін сабақтардың үзіндісіне конспект жасап, сабақ өткіз.

Әдебиет:

Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVIІІ - тарау, 261-272 беттер.

10. Оқу, өндірістік және диплом алды сарамандары бойынша методикалық нұсқаулар, есеп тапсыру құжаттарының формасы бағдарламада жоспарланбаған.

11. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша білімді бағалау схемасы

Бағалау саясаты:

«Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша білімді бағалау кестесі  
Бағалау критериясы   Бағалау түрі Атпа
Жұмыс үшін % Барлығы %
1 Дәріске қатысуы 100 1500 + + + + + + + + + + + + + + +
2 Зертханалық жұмысты орындауы, тапсыруы 100 1500 + + + + + + + + + + + + + + +
3 СОӨЖ тапсырма-ларын орындау тапсырылуы белсенділігі 100 1500 + + + + + + + + + + + + + + +
Бақылау жұмысы 100 200 + +
4 Р12 100 100
5 Емтихан 100
Барлығы 100

 



Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

‡агрузка...

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

 

Бағалау
Бағаның әріптік баламасы Бағаның сандық баламасы Бағаның проценттік баламасы Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
A 4,0 95-100 өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1.Химияның оқу пәні ретінде алатын орнын қалай сипаттауға болады?

2.Химия курсын құрудың ғылыми негізіне не жатады?

3.Химия курсын құруда қандай ұстанымдар басшылыққа алынады?

4.Химия курсының мазмұнына нелер кіреді?

5.Химия курсын құрудағы теориялар мен заңдардың ролі қандай?

6. Таным теориясы тұрғысынан ұғымды қалай түсінеміз?

7.Ұғымдар қалыптастыру қалай жүзеге асады?

8.Ұғымда жүйелеудің ролі қандай?

9.Ұғымға анықтама қалай беріледі?

10.Ұғым қандай тәсілдермен меңгеріледі?

11.Дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруда химиялық ұғымдардың рөлі қандай?

12.Жұмыс жоспарының қандай түрлерін білесің?

13.Тақырыптық жоспардың үлгісін баянда.

14.Күнделікті жоспар оны жазу туралы ойың.

15.Күнделікті жоспар қандай бөлімдерден тұрады?

16.Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын атаңыз?

17.Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

18.Галогендер тақырыбының сабақтарын типтерге және түрлерге жіктеңіздер?

19.Сабаққа анықтама бер.

 

1.Оқыту әдісін қалай түсінуге болады?

2.Оқыту әдісі қалай жіктеледі?

3.Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі тобын қалай түсінесің?

4.Әңгіме, әңгімелесуге қандай талаптар қойылады?

5.Көрнекі көрсетілетін экспериментіне қандай талаптар қойылады?

6. Оқушылар экспериментінің түрлерін салыстырып сипаттаңдар?

7.Зертханалық жұмыстардың мақсаты?

8.Сарамандық жұмыстардың мақсаты?

9.Сарамандық жұмыстардың түрлері қандай, ұқсастығы мен айырмашылығы.

10.Сан есептерінің оқу – тәрбиелік маңызы.

11.Сан есептерінің жіктелуі.

12.С. Г. Шаповаленко сан есептерін неше типке жіктейді, қандай?

13.Химиялық тіл тұрғысынан жіктелуі.

14. Химиялық формула бойынша есептер және олардың түрлері қандай?Химиялық теңдеулер бойынша есептер және олардың түрлері.

15. Химиялық тілдің оқу- танымдық қызметі қандай және оның негізіне нелер жатады?

Химиялық тілді меңгеруде көрнекіліктердің қандай түрлері қолданылады?

16.Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері қандай?

17.Мектеп курсында тілдік білімнің көлемі мен мазмұны және ұғымдар қалыптастырудағы рөлі қандай?

18.Химиялық тілді меңгеруді қорытындылаудың жолдары қандай?

19.Химиялық тілді қалыптастырудың қандай кезеңдерін білесіз?

20.Химиялық тілді меңгерудің қандай кезеңдері бар?

21.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру не үшін керек?

22.YIII класс бойынша оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды айтып беріңдер.

23.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

24.Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

25.Галогендер тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының екі нұсқасы берілді, қалған екі нұсқасын өздерің жазыңдар.

26.Химиялық диктанттың орнын, мазмұнын өткізу әдістерін баяндап беріңдер.

27.Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?

28.Химиядан алған білім сапасының көрсеткіштерін сипаттаңдар.

29.Химиядан топсеруен неүшін керек?

30 Химиядан топсеруен өткізуде нысандарды таңдап алудың қандай мәні бар?

31 Топсеруен өткізуге даярлықты қалай жүргізеді?

32 Топсеруен материалдарын не үшін пайдалануға болады?

8-15апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. Факультатив сабақтарының мақсаты қандай?

2. Факультатив сабақтарының негізгі сабақтарға ұқсастығы мен айырмашылығы?

3. Факультатив сабақтары қандай үш топқа жіктеледі?

4. Факультатив сабақтарының негізгі тақырыптары.

5. Факультатив сабақтарының формалары мен өткізу әдісі қандай?

6. Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанұсқа сызыңдар:

7. Зат ұғымдарының жүйесі

8. Химиялық реакция ұғымдарының жүйесі.

9. Химияның пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыс қалай жүзеге асады?

10. Таза зат және қоспа ұғымдары қалай қалыптасырылады?

11. Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жұмыстың жазбаша

12. нұсқайын әзірлеңдер.

13. Заттың өзерістері туралы ұғымдар жүйесін сатылары бойынша сипаттап,

14. химиялық реакция ұғымына анықтама беріңдер.

15. Атом, химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара

16.байланысты көрсетіңдер, оларды анықтаудағы методикалық тәсілдерді
сипаттаңдар.

17. Бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдардың оқу- тәрбиелік маңызы қандай?

18. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдар қалыптасуының неше кезеңі бар?

19. Бірінші кезеңде оқу материалы қалай орналастырылады? Бұл саладағы методикалық пікірдің дамуын сипаттаңдар.

20. Оксидтер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

21. Қышқылдар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

22. Негіздер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

23. Тұздар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

24. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы білімді қорытындылаудың методикалық мәселелерін сипаттаңдар.

25. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты қалай ашу керек, бұл материалдың ғылыми қөзқарас қалыптасуындағы маңызын көрсетіңдер.

26. Оқушыларға білім мен тәрбие беру және оларды дамытудағы периодтық заңның маңызы қандай?

27. Периодтық заң мен атом құрылысын оқытудың методикалық тәсілдері қалай негізделеді?

28. Оқушылар периодтық заңды саналы қабылдауға қалай әзірленеді?

29. Ю.В. Ходаков, т.б. және Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулықтарындағы периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалының мазмұнындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

30. Периодты заңдылықты түсінуге қажетті атом құрылысы жөніндегі мәліметтердің мазмұны мен көлемі туралы не айтуға болады?

31. Периодтық жүйеге байланысты негізі ұғымдар атом құрылысы тұрғысынан қалай қалыптастырылады?

32.Периодтық заңның Д.И.Менделеев берген және қазіргі анықтамасын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар, олардың әрқайсысы оқушыларға қай кезеңде түсіндіріледі?

33. Орта мектептің химия курсында химиялық байланыс туралы ұғымның орны, оқытылу реті қалай анықталған?

34. Коваленттік байланыс туралы ұғым қалай қалыптастырылады?

35. Иондық байланысты оқыту методикасының ковалентті байланыспен таныстыру методикасынан айырмашылығы қандай?

36. Заттың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланыс қалай ашылады?

37. Валенттілік ұғымының ғылымдағы және химияны оқыту барысындағы маңызы қандай?

38. Валенттілікпен алғашқы таныстыру қалай жүзеге асады?

39. Валенттілік ұғымын қалыптастыру және дамыту кезеңдері қандай?

40. Элемент атомдарының тотығу дәрежесімен таныстыру методикасы және бұл ұғым қалай пайдаланылады?

41. Валенттілік, тотығу дәрежесі және химиялық байланыс ұғымдарының өзара тәуелділігін қалай түсіндіпу керек?

42. Химиялық реакция туралы ұғымның жеке бөліктерін көрсететін сызбанұсқа сызыңдар.

43. Атом- молекулалық ілім тұрғысынан химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?

44. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакцияның мәні мен механизмі қалай түсіндіріледі?

45. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғым қалай қалыптастырылады?

46. Химиялық реакция ұғымы иондық теория тұрғысынан қалай дамиды?

47. Органикалық химияны өткенде химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?

48. Химиялық реакция туралы білім қалай қорытылады?

49.

Емтиханға дайындық тест сұрақтары.

Апта

1 В.Н. Верховскийдің бағдарламасының жобасы қай жылы қабылданды.

А.1923, В. 1929, С.1932, Д. 1936

2. В.Н.Верховский басқарған бағдарлама қай жылдар арасында өзгеріссіз пайдаланылады .

А.1920-1923

В.1932-1948

С.1920-1932

Д.1948-1966

3. Химия курсы мазмұнын таңдауға қойылатын принципке

жататыны:

А. қарапайымдылық

В. көрнекілік

С. сенімділік

Д. қауіпсіздік

4. Оқу жұмысын ұйымдастыру формасына жататыны:

А. сабақ С. мектеп лекциясы

В. семинар Д. практикалық жұмыс

5. Кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау оқытудың

қай әдісіне жатады?

А. сөздік С. сөз-көрнекі-сарамандық

В. сөз-көрнекілік Д. ешқайсысы

6. Көрсетілген мысалдардан диалогтық әдісті көрсет:

А. әңгімелесу

В. әңгіме

С. семинар

Д. химиялық диктант

7. Сәйкестілікті көрсет:

1. көлемді көрнекіліктер а) сурет, картинка

2. бейнелеу көрнекіліктер б) сызбанұсқа, диаграмма

3. графикалық көрнекіліктер в) макет, нақпішіндер

А. 1в, 2а, 3б; В. 1а, 2б, 3в; С. 1б, 2а, 3в; Д. 1б, 2в, 3а.

8. Техникалық оқыту құралына жататыны:

А. кодоскоп

В. тақта

С. таблица

Д. схема

9 . Көрнекі көрсету эксперименті мына жағдайда жүргізіледі:

А. тәжірибе “қауіпсіз”

В. реактив мөлшері жеткілікті

С. прибор қарапайым

Д.оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдысы жеткіліксіз

10. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талап:

А. белсенділік

В. ғылымдылық

С. жүйелілік

Д. сенімділік

11. Сарамандық жұмыс кезінде:

А. жаңа білім алады

В. оқушылар тәжірибені бір мезгілде орындайды

С. алынған білім мен білік бекітіліп тексеріледі

Д. тәжірибе жасап үйренеді

12. Оқушылардың білімін қорытып тексеруді қалай жүзеге асыруға болады?

А. бақылау жұмысын жүргізу

В. емтихан тапсыру

С. өзіндік жұмыс орындату

Д. химиялық диктант жазу

13. Қысқа мерзімді ауызша сұрау қай уақытта жүргізіледі?

А. үй тапсырмасын тексеру кезінде

В. тақырып өтілгеннен кейін

С. зачет алу кезінде

Д. сабақ соңында материалды бекіту үшін

14. Жазбаша тексеру әдісіне жататыны:

А. жаппай сұрау

В. зачет

С. бақылау жұмысы

Д. зертханалық жұмыс

15. Оқыту процесінің белсенді формасына жататыны

А.факультатив сабақ

В.Қорытынды сабақ

С.ашық сабақ

Д.интегралды сабақ

16 Химиядан кластан тыс жұмыстар. Сәйкестілікті көрсет.

1/ жаппай жұмыстар А. химиялық кеш

2/ жеке жұмыстар В. үйірме жұмысы, стенд жасау

3/ топтық жұмыстар С. реферат жазу, кітаппен жұмыс

 

а/ 1а2с3в; в/ 1с2в3а; с/ 1а2в3с; д/ 3а1в2с

17. Минералды тыңайтқыштар қоймасына топсеруенді қай класта жүргізуге болады ?

А. 8 класс

В. 9 класс

С. 10 класс

Д. 11 класс

18. Ауаның, судың, ауылшаруашылық өнімдерінің құрамында химиялық анализ қай үйірмеде жасалады ?

А. химия тарихы үйірмесі

В. агрохимия үйірмесі

С. электрохимия үйірмесі

Д. аналитикалық үйірмесі

19. Жай зат ұғымына жатады:

А. қосылыстағы валенттілігі

В. бос күйінде алынуы

С. химиялық таңбасы

Д. салыстырмалы атомдық массасы

20. Химиялық элементер және олардың қосылыстарын оқып үйренудің неше кезеңі бар ?

А. 2 кезең

В. 3 кезең

С. 4 кезең

Д. 5 кезең

21. Оқушының берген жауабының қайсысында қате бар деп

ойлайсың?

А. FeCl3 – темір (111) хлориді

В. Na2SO4 –натрий сульфаты

С. Мg(NO3) 2– магний нитраты

Д. CuO –мыс оксиді

22. Химиялық формула арқылы нені білуге болады ?

А. Заттың сапалық құрамы

В. Элементтің реттік нәмірі

С. Изотоптар

Д. Атом ядросының заряды

23. 2H таңбасы нені білдіреді?

А. Сутегі атомы

В. Сутегі молекуласы

С. Сутегінің екі молекуласы

Д. Сутегінің екі атомы

24. Физикалық құбылысқа жатады

А. газдыңжануы

В. сүттің ашуг

С. тұздың еруі

Д. жапырақтың сарғаюы

25. Химиялық элемент блогіне кіретін ұғым

А. химиялық формула

В. физикалық қасиеттері

С. кристалдық тор

Д. салыстырмалы атомдық масса

26. Қай сөйлемде темірдің химиялық элемент екені туралы сөз

болады?

А. темір күкіртпен темір сульфидін түзеді

В. қақта темір бар
С. темір магниттеледі

Д. шойын құрамында темір бар

27. Малахиттің айырылу реакциясын демонстрациялауды қалай аяқтаймыз?

А. Спиртовканы сәндіру

В. Спиртовканы сәндіріп, газ шығатын түтікшені сұйықтықтан алу

С. Газ шығатын түтікшені сұйықтықтан алып, спиртовканы сәндіру

Д. Қалай істесе де бәрі бір

 

Апта

 

1. Минералды тыңайтқыштар қоймасына топсеруенді қай класта жүргізуге болады ?

А. 8 класс

В. 9 класс

С. 10 класс

Д. 11 класс

2. Ауаның, судың, ауылшаруашылық өнімдерінің құрамында химиялық анализ қай үйірмеде жасалады ?

А. химия тарихы үйірмесі

В. агрохимия үйірмесі

С. электрохимия үйірмесі

Д. аналитикалық үйірмесі

3. Жай зат ұғымына жатады:

А. қосылыстағы валенттілігі

В. бос күйінде алынуы

С. химиялық таңбасы

Д. салыстырмалы атомдық массасы

4. Химиялық элементер және олардың қосылыстарын оқып үйренудің неше кезеңі бар ?

А. 2 кезең

В. 3 кезең

С. 4 кезең

Д. 5 кезең

5. Оқушының берген жауабының қайсысында қате бар деп

ойлайсың?

А. FeCl3 – темір (111) хлориді

В. Na2SO4 –натрий сульфаты

С. Мg(NO3) 2– магний нитраты

Д. CuO –мыс оксиді

 

6. Химиялық формула арқылы нені білуге болады ?

А. Заттың сапалық құрамы

В. Элементтің реттік нәмірі

С. Изотоптар

Д. Атом ядросының заряды

 

7. 2H таңбасы нені білдіреді?

А. Сутегі атомы

В. Сутегі молекуласы

С. Сутегінің екі молекуласы

Д. Сутегінің екі атомы

8. Физикалық құбылысқа жатады

А. газдыңжануы

В. сүттің ашуг

С. тұздың еруі

Д. жапырақтың сарғаюы

9. Химиялық элемент блогіне кіретін ұғым

А. химиялық формула

В. физикалық қасиеттері

С. кристалдық тор

Д. салыстырмалы атомдық масса

10. Қай сөйлемде темірдің химиялық элемент екені туралы сөз

болады?

А. темір күкіртпен темір сульфидін түзеді

В. қақта темір бар
С. темір магниттеледі

Д. шойын құрамында темір бар

11. Малахиттің айырылу реакциясын демонстрациялауды қалай аяқтаймыз?

А. Спиртовканы сәндіру

В. Спиртовканы сәндіріп, газ шығатын түтікшені сұйықтықтан алу

С. Газ шығатын түтікшені сұйықтықтан алып, спиртовканы сәндіру

Д. Қалай істесе де бәрі бір

12. Қай реакция мысалында катализатор ұғымымен таныстырамыз

А. КМпО4 айырылуы

В. СаСО3 айырылуы

С. НgО айырылуы

Д. Н2О2 айырылуы

 

13. Бейтараптану реакциясымен қай тақырыпта танысады?

А. Оттегі, оксидтер, жану

В. Сутегі, кышкылдар, тұздар

С. Су, ерітінділер, негіздер

Д. Химиялық алғашқы ұғымдар

14. Табигатта СаСО3 бор, мрамор, ізбес тас күйінде кездеседі.

Оқушы: Буларды амотропиялык түр өзгеріске жатқызуға болады ма? – деп сурады.

Мұғалімнің жауабы:

А. Ия, жатқызуға болады

В. Ия, бор мен ізбес тас

С. Ия, ізбес тас пен мрамор

Д. Жоқ, жатқызуға болмайды

15. « Вулкан» тәжірибесін қай затпен жасауға болады?

А. К2Сr2О7

В. (NH4)2Cr2О7

С. Сr2О3

Д. КСlО3

16. Қай реакцияның көмегімен отсыз түтін тәжірибесін жасауға болады ?

A. H2SO4+2NaCL→Na2SO+2HCL

B. CaO+2HCL→CaCL2+H2O

C. NH4OH+HCL→NH4CL+H2O

D. NH4OH+NaCL→NH4CL+NaOH

17. Тартпа шкафта қай газ алынады?

А. күкірт (IV) оксиді

В. көмір қышқыл газы

С. этилен

Д. сутегі

18. Дәрі қорабында болатын зат:

А. NaHCO3 ерітіндісі

В. метил спирті
С. NH4NO ерітіндісі

Д. құмырсқа қышқылы

19. Термиялық күйге жерді өңдеу үшін қай зат қолданылады?

А. спирт

В. глицерин

С. 2 % бор қышқылы ерітіндісі

Д. 2 % калий перманганаты ерітіндісі

20. Сілті тамғанда не істеу керек?

А. сумен жуып, 1 %-тік сірке қышқылы ерітіндісімен шаю керек

В. сумен сабындап жуып, сода ерітіндісімен бейтараптау керек

С. тек сумен жуып қою керек

21. Na2SO3 жоқ жерде SO2 газын қалай алуға болады?

А. FeS өртеу

В. H2SO4 конц. мен Cu әрекеттестіру
С. Н2S өртеу

Д. басқа әдіспен

22. Спирт шамының қай бөлігі тез қызады?

А. жоғарғы бөлігі

В. ортаңғы бөлігі
С. төменгі бөлігі

Д. барлық бөліктері бірдей

23. Оқушылар №1 тақырыпта (8 кл) қандай жаңа ұғыммен

танысады?

А. химиялық қасиеті

В. алмасу реакциясы
С. элементтің реттік нөмірі

Д. химиялық формула

24. “Оттегі, оксидтер, жану тақырыбында оқушылар қай оксидпен алғаш танысады?

А. су

В. темір қағы
С. күкіртті газ

Д. фосфор оксиді

25. Оқушының индикаторға берген анықтамасының қайсысы дұрыс?

А. қышқыл мен сілтінің түсін өзгертетін заттар

В. индикаторлар бояулы заттар

С. қышқыл мен сілтінің әсерінен өздерінің түсін өзгертетін заттар

Д. А және Д жауаптары дұрыс

26. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер қай кластан бастап

шығарылады?

А. 8 класс

В. 9 класс

С. 10 класс

Д. 11 класс

27. „Көміртегі” топшасын өткенде қандай жаңа ұғым енгізіледі?

А. Адсорбція

В. Гидратация

С. Конизация

Д. Аллотропия

 

28. Табиғатты қорғау мәселесі қай тақырыпты өткенде қаралады?

А. оттегінің қолданылуы

В. ауа құрамы
С. тотығу және жану

Д. ауаның қолданылуы

29. „Галогендер” топшасын оқығанда қай ұғыммен алғаш танысады?

А. катализатор

В. ингибитор

С. дистиляция

Д. айдау

30. Бром төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттеседі? Оқушының

жауабы қайсы болу керек?

А. калий фториді

В. калий хлориді

С. калий бромиді

Д. калий геодиді

 

31. Газдардың қайсысы суда жақсы ериді. Оқушы жауабы:

А. Сутегі

В. Оттегі

С. Азот

Д. Көмір қышқыл газы

32. Мына тәжірибелердің қайсысы лабораториялық жұмыс кезінде орындалады?

А. Кальцийдің сумен әрекеттесуі

В. Мыс гидроксидін қыздырғанда айрылуы

С. Судың синтезі

Д. Хлордың алынуы

 

12. Оқу үрдісіндегі бағдарламалық немесе мультимедилік әдістерін қолданылмайды.

13. Мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялар тізімі жоқ.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.318 сек.)