АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тапсырма 4

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.
  4. Айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Интерактивті тапсырмалар
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма 1
  9. Тапсырма 1
  10. Тапсырма 1
  11. Тапсырма 1
  12. Тапсырма 1

Эксперименттік есептерді шығару.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер

 

Оқыту мақсаты: Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар жайлы алған білімді бір жүйеге келтіру және оқушылардың дағдысын, біліктілігін, тірек білімін химиялық эксперимент арқылы қалыптастыру.

Құралдар мен реактивтер: Магний, темір, кальций, магний оксиді, темір (ІІІ) оксиді, мыс (ІІ) оксиді, мыс )ІІ) гидроксиді, темір (ІІІ) гидроксиді, тұз, күкірт, азот қышқылы ерітінділері, индикаторлар, тұрғылар, сынауықтар, ұстағыштар, химиялық стакандар, ыдыстар.

Ескерту: қышқылмен, сілтімен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтау қажет!

1 есеп. Кальций оксидінен кальций гидроксидін; мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар.

2 есеп. Үстелде берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын алып, оны қоспадан тазартуды іске асырыңдар; өзгерістерді тәжірибе жүзінде іске асырып, оеакция теңдеулерін жазыңыз.

FeCl3 ® Fe(OH)3 ® Fe2(SO4)3

3 есеп. Тәжірибе арқылы: а) мыстан; ә) мыс (ІІ) гидроксидінен мыс (ІІ) оксидін алып, оның негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.

4 есеп. Үстелде берілген: PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерін пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар және оны қоспадан тазартыңдар.

5 есеп. Мыс (ІІ) гидроксиді, тұз қышқылы берілген. Мыс (ІІ) оксидін және мыс (ІІ) хлоридін алыңдар.

6 есеп. Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар.

7 есеп. Үстелде бар темір, темір (ІІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар.

8 есеп. Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықтаңдар; ә) үстелдер мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер.



9 есеп. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш кали және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар.

10 есеп. Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Біріншісі – негіздік, екіншісі – қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер.

11 есеп. Ерімейтін оксид СиО негіздік оксид екенін, СО2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Осы аталған эксперименттік есепті іске асыру үшін оқушылар деңгейлік тапсырманың үш нұсқаға бөлінген үлгісін төмендегідей етіп орындағаны дұрыс.

І нұсқа: 1, 3, 6 – есеп.

ІІ нұықа: 2, 4, 8 – есеп.

ІІІ нұсқа: 3, 7, 9 – есеп.

Немесе екі есептен орындауға болады:

І нұсқа: 1, 6.

ІІ нұсқа: 2, 8.

ІІІ нұсқа: 3, 4.

Бұл сабақ оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалануға негізделгендіктен төмендегі жоспар есте болсын.

  1. Эксперименттік есепті ретімен біртіндеп орындау қажет.
  2. Әр тапсырманы түсініп, қай заттар (реактив) пайдаланылады және оның нәтижесі қандай болатынын болжай білген дұрыс.
  3. Тәжірибе орындау кезінде байқалатын өзгерістер мен түрлі құбылыстарды мұқият бақылаған жөн.
  4. Жұмысты аяқтаған соң оқушы тәжірибе нәтижесін кестеге сүйеніп, дәптерге толтырады.

 

Тәжірибенің аты Әрекеттесуші реагенттер Байқалған құбылыс Реакция теңдеуі Қорытынды
         

 

‡агрузка...

Пайдаланатын әдебиет:

5. Н.Н.Нұрахметов және т.б. Химия 8-сынып оқулығы, Алматы, Мектеп, 2004 208-209 беттер.

6. К.М.Жексенбина, Н.Н.Нұрахметов, К.А.Сарманова Химия 8-сынып әдістемелік нұсқау Алматы, Мектеп, 2004 74-78 беттер.

7. А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан” 1997 ж. 68-72 беттер.

8. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989 г. 126б

8-жұма

Лабораториялық сабақ №8

Тақырыбы: 9 сыныпта «Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есептерді шығару»тақырыбы бойынша №1-практикалық жұмыс. жүргізуәдістемесі.

Мақсаты: Электролиттік диссоциация тарауындағы экспериментті орындау әдістемесін меңгеру.Эксперименттік есептерді шығаруға дағдыландыру.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.006 сек.)