АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жер асты сулары 7 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

33.Дала зонасын қандай жануарлар мекендейді? Саршұнақ, дала тышқандары, алақоржын, қосаяқ, күзен, ақкіс, түлкі, ақбөкен, қасқыр, т.б.

34.Далада қандай құстар кездеседі? Дуадақ, безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай, дала бүркіті, дала құладыны, кезқұйрық, қаз, үйрек, тырна, шағала, т.б.

35.Тың және тыңайған жерді игеруде дала зонасының қанша жері жыртылды?

28 млн га

 

§39. Шөлейт және шөл зоналары

1.Қазақстанның шөлейт жерлері қай табиғат зоналарының аралығында орналасқан? Дала және шөл зоналарының

2.Шөлейт зонасы Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін қанша км-ге созылып жатыр? 2900 км-ге

3.Шөлейт зонасы ел аумағының қанша пайызын алып жатыр? 10,8%-ын

4.Шөлейт зонасының климаты қандай? Құрғақ, тым континентті

5.Шөлейт зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 180-300 мм

6.Шөлейт зонасының жазғы және қысқы орташа температурасы қанша? Жазда +220С +240С, қыста -150С -170С

7.Шөлейт зонасының тұрақты ағатын өзендерін ата. Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз

8.Шөлейт зонасында қанша көл бар? 3000-нан астам

9.Шөлейттің топырағының түсі қандай? Ашық қара қоңыр

10.Шөлейт зонасында қандай өсімдіктер өседі? Бетеге, жусан, түймедақ, боз, изен, ебелек, теріскен, көкпек, долана, итмұрын, қарақат, таңқурай, т.б.

11.Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды топырақты жерлерде не өседі? Ши

12.Шөлейттегі әсем жазиралы жердің бірін ата. Қызыларай сілемі

13.Шөлейт зонасында қандай жануарлар мекендейді? Қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны, құм қояндары, сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр, т.б.

14.Шөлейт жері қандай шаруашылықпен айналысуға тиімді? Егіншілікпен

15.Шөл зонасы Қазақстан жерінің қай аймақтарын қамтиды? Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауларының етегіне дейін

16.Шөл зонасының көлемі қанша? 120 млн га

17.Шөл зонасының климаты қандай? Тым континентті, аса құрғақ

18.Шөлде түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 200 мм-ден аспайды, кей жерлерде 100 мм-ге жетпейді

19.Қазақстанның шөл зонасы нешеге бөлінеді? Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді

20.Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының қанша бөлігін алып жатыр? 1/3 жуығын

21.Қазақстанның құмды шөлдерін ата. Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары (Нарын, Қарақұм, Тайсойған, т.б.)

22.Құмды шөлдердегі ішуге жарайтын еспе су қандай тереңдікте орналасқан? Аз ғана тереңдікте

23.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дермене жусанынан қандай дәрі алады? Іш құртын түсіретін сантонин деген дәрі алады

24.Ең ірі сазды шөлдерді ата. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзенінің оңтүстік жағалауы

25.Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанның қай жерлерін алып жатыр? Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында, Үстіртте кездеседі

26.Тоғай деген не? Әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар

27.Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде кездесетін улы өрмекші тәрізділерді ата. Шаян, бүйі, қарақұрт

28.Шөлдің тұяқты жануарларын ата. Ақбөкен, қарақұйрық

29.Шөлді аймақта қандай құстар кездеседі? Азия торғайы, кішкентай торғай, сортаң жер торғайы, сексеуіл жорға торғайы, жамансары, сауысқан, құр, сұр кекілік, қарға, қырғауыл, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан, т.б.

30.Шөл зонасында қандай қорықтар бар? Барсакелмес және Үстірт қорықтары

 

Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру

§40. Шығыс Еуропа жазығы

1.Табиғат кешенінде жүріп жатқан табиғи процестер нені анықтайды? Сол жердің қалыптасу ерекшеліктері мен құрылымын

2.Табиғат кешенінің бір компоненті өзгерсе, кешен қандай күйге ұшырайды? Табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бұзылады

3.Қазақстан қай дүние бөліктерін біріктіріп жатыр? Еуропа және Азия

4.Қазақстан аумағы қанша табиғат аймағына бөлінеді? 9

5.Шығыс Еуропа жазығы қандай жазық? Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі

6.Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-шығыс бөлігі

7.Шығыс Еуропа жазығы қай ежелгі платформада жатыр? Ежелгі Шығыс Еуропа платформасында

8.Платформаның фундаменті қай дәуірлерде қалыптасқан? Архей мен протерозойда

9.Платформаның бетін қай эралардың жыныстары жауып жатыр? Палеозой, мезозой, кайнозой

10.Шығыс Еуропа жазығын қандай аймақтарға бөлеміз? Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты, Орал алды (Жем) үстірті

11.Жалпы Сырт қыратының қазақстандық бөлігі неден тұрады? Бір-бірімен жалғасып жатқан жалдардан тұрады

12.Орал алды (Жем) үстірті қай жерде орналасқан? Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығында

13.Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде қандай құмды аймақ бар? Қарақұм

14.Каспий маңы ойпатындағы құмды төбелер қалай аталады? Бэр төбешіктері

15.Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы не? Мұнай мен газ

16.Аймақта қандай мұнай, газ кен орындары бар? Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол

17.Каспий маңы ойпатында мұнай мен газдан басқа қандай пайдалы қазбалар өндіріледі? Ас тұзы, бор, құрылыс материалдары

18.Шығыс Еуропа жазығының климаты қандай? Құрғақ континентті

19.Шығыс Еуропа жазығының Қазақстан жеріндегі ірі өзендерін ата. Жайық, Ойыл, Жем

20.Ойыл қай өзеннің саласы? Жайық өзенінің саласы

21.Жем өзені қай жерден басталып, қайда құяды? Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды

22.Шығыс Еуропа жазығының ірі көлін ата. Каспий теңізі

23.Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі қандай табиғат зоналарында жатыр? Дала, шөлейт, шөл

24.Каспийдің солтүстігі мен Жем үстірті қай табиғат зонасында жатыр? Шөлейт

25.Каспий маңы ойпатының оңтүстігі қай табиғат зонасында жатыр? Шөл

26. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде қандай топырақ таралған? Сор және сортаңды

27.Жануарлары жағынан бұл аймақта қандай фауна таралған? Еуропалық фауна

28.Каспийдің ең бағалы аңын ата. Итбалық

29.Шығыс Еуропа жазығында тіршілік үшін қандай қолайсыз жағдайлар бар? Ылғалдың тапшылығы, топырақ құнарының жетімсіздігі, жел эрозиясы, жиі соғатын аңызақ желдер

30.Шығыс Еуропа жазығы аймағының қандай экологиялық мәселелері бар? Мұнай, газ өндіретін кен орындарда ауа тазалығын сақтамау, мұнай, газ қалдықтарымен ластау, сөйтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтамау

 

§41. Тұран жазығы

1.Тұран қандай жазық? Қазақстанның оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатқан кең жазық

2.Тұран жазығының аумағына қай жерлер кіреді? Маңқыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы

3.Аймақтың негізгі тұғыры неден тұрады? Палеозойда қалыптасқан эпигерциндік платформалық құрылым – Тұран тақтасы

4.Тұран жазығының жер бедері мен топырақ жамылғысы неден түзілген? Палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен

5.Маңқыстаудың аласа таулы өлкесі қай эраның жыныстарынан түзілген? Мезозой эрасының

6.Маңқыстаудың ең биік тауын ата. Қаратау

7.Қаратаудың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Бесшоқы, оның биіктігі – 556 м

8.Ақтаудан оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен аласа жатқан қазаншұңқырлардың ең төмені қалай аталады? Қарақия ойысы (-132 м)

9.Үстірт қыратты жазығы қай жерлерді ала орналасқан? Маңқыстаудан Арал теңізіне дейін

10.Үстірттің Қазақстанға қай бөлігі кіреді? Солтүстік-батыс бөлігі

11.Торғай үстірті қай жерде орналасқан? Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында

12.Торғай үстірті негізінен қандай жыныстардан тұрады? Теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан

13.Арал маңы Қарақұмы қай жерлерді алып жатыр? Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығын алып жатыр

14.Арал теңізінің солтүстігінде қандай құмдар орналасқан? Үлкен және Кіші Борсық құмдары

15.Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазық қалай аталады? Сырдария аллювилі жазығы

16.Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі қалай аталады? Қызылқұм

17.Мойынқұм қандай жазық? Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық

18.Сарысу мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл қалай аталады? Бетпақдала

19.Балқаш-Алакөл қазаншұңқыры қай жерлерді қамтиды? Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жетісу Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарының аралығын

20.Тұран жазығында қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Мұнай, газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода

21.Тұран жазығының климаты қандай? Құрғақ континентті

22.Тұран жазығында өзендер қалай дамыған? Өзен жүйесі нашар дамыған

23.Тұран жазығы аймағында қандай көлдер бар? Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Ақкөл, Қопа

24.Суы тұщы болып келетін Жетісу өзендерін ата. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек

25.Тұран жазығы аймағынан қандай табиғат зоналары өтеді? Торғай үстірті ғана құрғақ далалы, шөлейтті зонада, Тұран жазығының қалған жері шөл зонасында жатыр

26.Тұран жазығында топырақтың қандай түрлері таралған? Торғай үстіртінде күрең қара қоңыр топырақ, шөлді аймақтың солтүстігінде қоңыр және сұрғылт топырақ, ал, оңтүстік шөлді аймақта сор және сортаңды топырақ таралған

27.Тұран жазығында өсетін өсімдіктерді ата. Солтүстігінде боз, бетеге, селеу, бидайық, жусан, изен, оңтүстік шөлді аймақтарда қызыл жусан, қара жусан, еркекшөп, шағыр, жыңғыл, жүзгін, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, итсигек, теріскен, сораң өседі

28.Тұран жазығында кездесетін жануарларды ата. Ақбөкен, қарақұйрық, үстірт муфлоны, қасқыр, түлкі, шағыл мысығы, қарақал, қосаяқ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан жиі кездеседі.

29.Іле өзенінің бойында қандай жануар жерсіндірілген? Ондатр

30.Тұран жазығында қай қорықтар орналасқан? Барсакелмес, Үстірт қорықтары

 

§42. Солтүстік Қазақ жазығы

1.Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты алып жатыр

2.Солтүстік Қазақ жазығы оңтүстігінде немен шектеседі? Сарыарқамен

3.Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі қанша, солтүстігі қанша болып келеді? Оңтүстігіндегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м

4.Солтүстік Қазақ жазығының бетін қандай тау жыныстары жауып жатыр? Палеогеннің теңіздік және неогеннің континенттік жыныстары

5.Қазіргі жер бедері қай эрада қалыптасқан? Кайнозой эрасында

6.Солтүстік Қазақ жазығының жер беті қандай? Біркелкі тегіс

7.Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі қанша ауданға бөлінеді? 4 ауданға, Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл-Обаған жазық даласы, Есіл-Ертіс даласы және Ертіс-Құлынды жазығы

8.Есілдің жазық орманды даласы қай жерлерді қамтиды? Есіл өзенінің екі жағын жағалай, Солтүстік Қазақстан облысының жерін

9.Есілдің жазық орманды даласында негізінен қандай ағаштар өседі? Қайың мен көктерек

10.Тобыл-Обаған жазық даласы қай аумақты қамтиды? Орал Сырты үстіртінің шығысынан Есілдің сол жақ жағалауына дейінгі аумақты

11.Тобыл-Обаған жазығымен қандай өзендер ағып өтеді? Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған

12.Есіл-Ертіс даласына қай жерлер кіреді? Есіл-Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасы

13.Есіл-Ертіс даласының ең үлкен көлі қайсысы? Шағалалытеңіз

14.Ертіс-Құлынды жазығы қай жерлерді қамтиды? Павлодар облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын қамтиды

15.Ертіс-Құлынды жазығындағы Ертіс өзенінің жағалауы неден тұрады? Бірнеше террасадан

16.Солтүстік Қазақ жазығында қандай пайдалы қазба кен орындары бар? Темір, никель, көмір, хромит, боксит, кобальт, құрылыс материалдары

17.Солтүстік Қазақ жазығының климаты қандай? Континентті

18.Ертістің төменгі ағысындағы сол жақ басты салаларын ата. Тобыл, Есіл, Вагай, Қоңды

19.Ертістің төменгі ағысындағы оң жақ басты салаларын ата. Омь, Тарта, Демьянка

20.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? Есіл өзенінің

21.Солтүстік Қазақ жазығының шағын өзендерін ата. Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Шағалалы, Сілеті, Өлеңті, Шідерті, т.б.

22.Солтүстік Қазақ жазығының көлдерін ата. Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Қызылқақ, Теке, т.б.

23.Солтүстік Қазақ жазығы қай табиғат зоналарында жатыр? Орманды дала, дала

24.Солтүстік Қазақ жазығының топырағы қандай? Қара, күңгірт қызыл-қоңыр

25.Солтүстік Қазақ жазығында қандай өсімдіктер өседі? Қарабас, қылтықсыз арпабас, сәбізшөп, қамыс, қайың, көктерек,т.б.

26.Солтүстік Қазақ жазығында кездесетін жануарларды ата. Бұлан, елік, қоян, қарсақ, қасқыр, дала күзені, дала алақоржыны, аламан, саршұнақ, сұр тышқан, т.б.

27.Өткен ғасырларда Солтүстік Қазақ жазығында қандай жануарлар болған? Құндыз, аю

28.Аймақты қандай құстар мекендейді? Аққу, қаз, үйрек, шағала, тырна, дуадақ, бүркіт, сарыторғай, қараторғай, бүркіт, ақ құр, сұр құр, ақ тұмсық қарға, күйкентай, бұлдырық, безгелдек, шәукілдек, т.б.

29.Солтүстік Қазақ жазығындағы түрлі қорықтар мен ұлттық парктер қандай мақсатта құрылған? Табиғаты әсем, аң-жануарларға бай өлкенің табиғи ландшафтысын қорғау мақсатында

30.Солтүстік Қазақ жазығы республикамыздың қандай аймағына жатады? Қазақстанның егіншілік дамыған аймағына жатады.

§43. Сарыарқа

1.Сарыарқа Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр

2.Сарыарқа еліміздің қай аймақтарымен шектеседі? Батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен

3.Сарыарқа батыстан шығысқа қарай қанша км-ге созылып жатыр? 1200 км

4.Сарыарқаның жер бедері қандай? Мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады

5.Сарыарқаның қай бөлігі биіктеу болып келеді? Шығысы

6.Аймақ қай эраның, қандай жыныстарынан тұрады? Палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан

7.Сарыарқаның ең биік тауы қалай аталады? Қызыларай

8.Қызыларайдың ең биік нүктесі қанша, ол қалай аталады? Ақсораң, биіктігі 1565 м

9.Сарыарқаның ұсақ шоқылы тауларына қай таулар жатады? Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау

10.Сарыарқаның ұсақ шоқылы таулары негізінен неден тұрады? Граниттерден

11.Сарыарқаның батыс бөлігі қандай болып келеді? Тегіс және ойлы жерлер көп, қалдық таулар мен ұсақ шоқылар аз кездеседі

12.Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатқан ірі ойысты ата. Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры

13.Сарыарқаның оңтүстік-батысында қай тау жүйелері орналасқан? Ұлытау тау жүйелері

14.Ұлытау қандай тау? Граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы

15.Ұлытау беткейлері қандай жыныстардан тұрады? Кристалды тақтатастан, құмтастан, аралас жыныстар – конгломераттардан тұрады

16.Сарыарқа жерінде қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Көмір, мыс, темір, марганец, сирек металдар

17.Қазақтың ұсақ шоқысының климаты қандай? Құрғақ континентті

18.Ұсақ шоқылы тауларда ылғал қалай түседі? Молырақ түседі

19.Сарыарқаның басты өзендерін ата. Есіл, Нұра, Сарысу, Шідерті, Тоқырауын, т.б.

20.Сарыарқаның өзендерінің көбі немен қоректенеді? Көктемгі қар суымен

21.Сарыарқа өзендерінің қайсысында тұрақты ағын бар? Есілде ғана

22.Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету жолдары қалай шешілген? Ертіс – Қарағанды каналы салынған

23.Сарыарқаның тұщы сулы көлдері қай жағында орналасқан? Солтүстігінде Бурабай, Шортанды және Қорғалжың тұщы көлдері орналасқан

24.Сарыарқа аумағында қандай қорық орналасқан? Қорғалжың қорығы

25.Сарыарқа аумағы қай табиғат зоналарына кіреді? Дала, шөлейт, шөл

26.Сарыарқа жерінде қандай топырақ түрі таралған? Қошқыл қызыл, қоңыр

27.Қазақтың ұсақ шоқысында қандай өсімдіктер өседі? Терек, қайың, қарағай, арша, тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу, бұйырғын, қара жусан, көкпек, т.б.

28.Сарыарқаны қандай жануарлар мекендейді? Бұғы, елік, ақбөкен, қасқыр, түлкі, т.б.

29.Ұзақ уақыт жел мен су әсерінен үгілген, мүжілген аласа тауларда қандай пішіндегі тас мүсіндерді ұшырастыруға болады? Көкшетаудан шөккен бура, жеке батыр бейнелерін, жұмбақ тас, оқ жетпес, Қарқаралыдан тас құрбақа, Баян тауынан мыстан кемпір, т.б. кездестіруге болады.

30.Сарыарқа аумағының қай жерлері Қазақстанның ең көрікті жерлері болып саналады? Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл

Орал

1.Қазақстанға Орал тауының қай бөлігі кіреді? Оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы кіреді.

2.Мұғалжар қай жерден басталып, қай бағытқа қарай орналасқан? Жаманқала (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан.

3.Таудың ең биік нүктесі қанша, ол қалай аталады? Үлкен Боқтыбай, оның биіктігі 657 метр

4.Мұғалжар қай таудың жалғасы болып табылады? Орал тауының

5.Мұғалжар қандай таулар қатарына жатады? Экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулар қатарына жатады.

6.Мұғалжардың пайда болуы да, жер бедері де қай тауға ұқсас болып келеді? Орал тауына ұқсас

7.Мұғалжардың шығыс беткейі қандай? Көлбеу

8.Ал, батыс беткейлері қандай болып келеді? Жарқабақты

9.Мұғалжар қандай екі жотаға бөлінеді? Батыс және шығыс жотаға

10.Батыс және Шығыс Мұғалжарды қай ойыс бөліп жатыр? Біршоғыр ойысы

11.Мұғалжар қандай таулы өлке? Герцин қатпарлығында пайда болған палеозойлық таулы өлке

12.Мұғалжар қандай жыныстардан тұрады? Магмалық, метамофтық жыныстардан және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады.

13.Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі қай тауларға ұқсас? Сарыарқаға ұқсас

14.Мұғалжардың бас жотасы қайсысы? Батыс Мұғалжар

15.Мұғалжардың қай бөлігі жеке-жеке аласа таулардан тұрады? Шығыс Мұғалжар

16.Мұғалжар тауының қойнауы қандай пайдалы қазбаларға бай? Никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға

17.Мұғалжарда қандай кен орындары ашылған? Хромиттау, Никельтау

18.Оңтүстік Мұғалжардың құмынан не жасалады? Шыны


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.)