АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жер асты сулары 8 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

19.Мұғалжардың климаты қандай? Құрғақ континентті

20.Таудағы жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 300 мм

21.Мұғалжардың жазы қандай? Ыстық, кейде ауа температурасы +380С-ға дейін көтеріледі

22.Мұғалжардың қысы қандай? Боранды, аязды, суық желді. Желі кейде дауылға ұласады. Кейде ауа температурасы -400С-ға дейін төмендейді

23.Судың тапшылығы ненің құрғақ болуына әсер етеді? Климаттың құрғақтығына

24.Таудан ағып шығатын өзендерді ата. Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды

25.Мұғалжардың өзендері немен қоректенеді? Қар суымен

26.Ауыз суы ретінде және шаруашылық мақсатта қандай су пайдаланылады? Жер асты суы

27.Мұғалжарда қандай топырақ түрлері таралған? Қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақ, құмайт, қара қоңыр топырақ

28.Аймақта қандай өсімдіктер өседі? Селеу, бетеге, көде, жусан, қараған, тобылғы, жабайы шие, терек, қайың, емен, тал, үлпілдек селеу, көкпек, т.б.

29.Мұғалжарды мекен ететін жануарларды ата. Ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан, аққу, қаз, үйрек, безгелдек, т.б.

30.Батыс және Шығыс Мұғалжар жері қандай мақсатта пайдаланылады? Мұғалжардың батыс беткейінің біраз жері егіншілікке пайдаланылса, шығыс беткейі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.

Алтай

1.Алтай таулары қандай тау? Жайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса ірі тау жүйесінің бір бөлігі

2.Қазақстан жеріне Алтайдың қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-батыс бөлігі

3.Алтай Сарыарқадан қай өзеннің аңғарымен бөлінеді? Шар өзенінің

4.Алтай тауларының ең биік нүктесі қанша, ол қалай аталады? Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы, оның ең биік нүктесі – Мұзтау (4516м)

5.Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қазақстандық Алтай қандай аудандарға бөлінеді? 3 ауданға: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы

6.Оңтүстік Алтай қай жерлерді алып жатыр? Солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Жайсан, қара Ертіс аралығында жатыр

7.Асу жотасы мен Сарытау аралығында 1449 м биіктікте қандай қазаншұңқыр орналасқан? Марқакөл қазаншұңқыры

8.Кенді Алтай қай тау жоталарынан тұрады? Үлбі, Иванов, Үбі тау жоталарынан

9.Кенді Алтайдың тау беткейлерінің көп жерін қандай орман жауып жатыр? Қылқан жапырақты орман

10.Қалба жотасы қай жерде орналсқан? Ертіс өзенінің сол жағында

11.Қалба жотасының ең биік нүктесі қалай аталады? Сарышоқы (1558 м)

12.Қазақстандық Алтай таулары қай қатпарлықта түзілген? Герцин қатпарлығында

13.Геологиялық құрылысы жағынан Алтай қандай жыныстардан тұрады? Метаморфтанған палеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан, әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулық эффузиялық тау жыныстарынан

14.Алтайдың пайдалы қазбаларға ең бай ауданын ата. Кенді Алтай

15.Алтайда қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс, сынып, алтын, сирек кездесетін металдар, полиметалл кендері

16.Осы өңірде өндірілетін қазбаларды байыту үшін қандай металлургиялық зауыттар салынған? Өскемен, Риддер, Зырян металлургиялық зауыттары

17.Не себепті өңірде экологиялық мәселелер туындап отыр? Кенді өндіру мен қорыту таза технологиялық негізде орындалмағандықтан

18.Алтайдың климаты қандай? Қоңыржай континентті

19.Жазда тау ішінің салқындау, ал қыста жылы болуына не әсер етеді? Инверсия

20.Алтайда өзен, көл қалай таралған? Өзен де, көл де көп

21.Алтайдың өзендерін ата. Ертіс, Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Тұрғысын, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Нарын, т.б.

22.Ертіс бойында қандай СЭС салынған? Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі СЭС-тері

23.Алтайда қандай көлдер бар? Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б.

24.Алтай көлдерінің ең үлкені қайсысы? Жайсан

25.Қазақстандық Алтай тауларында қанша мұздық бар? 328 мұздық бар

26.Алтайда қандай топырақ түрлері таралған? Тау етегі мен аласа тауларда қара топырақ таралған

27.Алтайда қандай өсімдіктер өседі? Май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын, итмұрын, қарақат, жидек, қоңырбас, т.б.

28.Алтайда қандай жануарлар кездеседі? Бұғы, марал, аю, қабан, таутеке, қар барысы, бұлғын, қаракүзен, ақкіс, т.б.

29.Рахман қайнары Алтайдың қай аймағында орналасқан? Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында

30.Шығыс Қазақстан еліміздегі қандай шаруашылықтың орталығы? Негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)