АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тарау жолдары

Читайте также:
  1. Тарау. МЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІ
  2. Х тарау,110 -117 беттер.

- ауа тамшылы (негізгі),алиментарлы тұрмыстық

- қатынас арқылы (қосымша маңызды)

Ауыратындар көбінесе балалар. Жалпы ЖРВИ құрамында аденовирусты инфекция балалар арасында 2-24%, ересектер арасында 2-6% кезінде кездеседі. Мерзімі күз-қыс айлары. Иммунитет: аурудан кейін типті спецификалық иммунитет қалыптасады. Патогенезі. Аденовирустар тыныс алу, ас-қорыту жолдарының, көздің шырыш қабаттарына түсіп, олардың эпителиальды клеткаларының ішінде көбейеді. Шырыш қабаттарда эксудациемен фибрин түсуімен, некроздануымен өтетін жергілікті қабыну процессі қалыптасады. Аденовирусты инфекцияда патологиялық процесс типті түрде жұтқыншақта (фарингит). Қабыну процессі жоғарыдан төменге қарай түсіп интерсициальды инфекцияланған шырыш төмен асқазанға, ішекке түсіп асқорыту жолын зақымдануы себебі болады.Шырыш қабаттарынан вирус қан тамыры арқылы қанға өтіп-вирусемияны тудырады. Вирус қанмен организмдегі моноциторлы макрофагальды жүйесі клеткаларынан қалыптасқан ағзаларға тарайды (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр т.б.). Вирусемия мен қатар токсинемия айқын өтіп-интоксикация себебі болады. Клиникасы. Клиникалық көріністері әр түрлі болады. Клиникалық түрлеріне қарай келесі түрлерін ажыратады:1)жедел респираторлы ауру (ринофарингит) 2)жедел фарингит 3)фарингоконьюктивиальды қызба 4)жедел коньюктивит 5)нератоконьюктивит 6)рифаренготонзилит Инкубациялық мерзімі 4-14 күн, орташа 5-7 күн.

Клиникасында 2 синдром бөлуге болады:

- интоксикация синдромы

- патологиялық процесс орналасуына байланысты синдром

Сырқат жедел интоксикация және катаральды көріністерден басталады. Интоксикация синдромы аденовирусты инфекцияда көбінесе шамалы түрде өтеді.

- дене қызуы жоғарлайды, максимальді көрсеткіші 2-3 күн бойы ұзақтығы 1-12 күнге дейін

- адинамие

- енжарлық

- бас ауру

- бұлшық еттерінде ауырсыну

Катаральды синдром жоғары аталған клиникалық түрлерне сәйкес фарингит, тонзиллит, ринит белгілерімен өтеді. Аурулардың көбінде коньюктивит белгілері болады. Ас қорыту жолы жағынан:

- жүрек айну

- құсу

- эпигастральды аймақтағы ауырсыну

- диарея болуына тиісті

Лимфаденопатия-аденовирусты инфекциясын көрнекті белгісі (көбінесе мойын, жақ асты лимфа түйіндері)Ауруларда жиі бауыр мен көкбауырдың ұлғайғанын анықталады.

Кейбіреуінде денеге бөртпе шығуы тиіс:

- розеолездыдақты

- дақты-папулездыпетехиальды

Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлерінің ерекшеліктері:

Жедел респираторлы ауру- ең жиі кездесіп жеңіл өтетін түрі. Көбінесе ринит белгілерімен кейде ринотраксобронхит түрінде өтеді.

Жедел фарингит- тамағын жұтынған кезде ауырсынуымен, жұтқыншақ шырыштарының гиперемиясымен, бадамша бездерінің қабынуымен және тыныс алу жолдарының зақымдануымен өтеді. Фарингоконьюктивиальды қызбада қызба, интоксикация белгілерімен қатар коньюктивит қалыптасады.

Коньюктивит басында біржақты болып, 4-5 күннен кейін 2-ші көзіне түседі. Қабынуы-катаральды, фоликулярлы немесе қабыршақтанған түрінде болады. Коньюктивит басында клиникалық көрініс болғанда 2 аптаға дейін созылады. Кератоконьюктивит коньюктивалардың қабынуынан басталып қасаң қабаққа өтеді. Қасаң қабақта субэпителиальды қабыну ошақтары, кейде торлану анықталады. Өзгерістер 3-4 апта бойы сақталады. Асқынулары. Екіншілік инфекция қосылу себебінен пайда болатын – пневмония, ангина, отит т.б.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)