АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сурет 4.6 «Кейнс кресі» моделі 5 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау үшін қолданылады.

Ынталандырушы ақша-несие саясатының ұлттық табысқа әсері. Егер мемлекет ұлттық табысты ұлғайтуды мақсат етсе, онда ол ақша ұсынысын көбейтуі мүмкін. Ақша ұсынысының артуы LM қисығын төмен (оңға) LM1-ге жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесінен ауысады. Нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге төмендейді, ал ұлттық табыс Y1-ден Y2-ге көбейеді. Сөйтіп ақша ұсынысының артуы пайыз мөлшерлемесін төмендетіп инвестицияны ынталандырады. Бұл жағдай тауарлар мен қызметтерге сұранысты кеңейтеді. Мұны «кейнстің беріліс механизмі» деп атайды (8.11-сурет).

 

 

R LM R MS M׳S

LM1

A R1

R1

B R2

R2

ISMD

Y1 Y2 Y M/P

8.12-сурет. Ақша-несие саясатының әсері

Ынталандырушы бюджет-салық саясатының әсері. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты, мәселен, шығындарды көбейтуі немесе салықтарды төмендетуі IS қисығын оңға жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Нәтижесінде ұлттық табыс Y0-ден Y1-ге көбейеді. Ұлттық табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Ақшаға сұраныстың артуы пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге дейін өсуіне әкеледі. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестицияны қысқартады. Сөйтіп ынталандырушы бюджет-салық саясаты пайыз мөлшерлемесін өсіріп инвестицияның бір бөлігін ығыстырады. Мемлекеттік шығындардың көбеюі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға әсер етуі «инвестицияны ығыстыру әсері» деп аталады. Егер ығыстыру әсері болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі немесе салықтардың төмендеуі нәтижесінде ұлттық табыстың артуы Y0 – Y2 мәніне тең болар еді. Бірақ ығыстыру әсері салдарынан ұлттық табыстың өсуі тек Y1 – Y2 мәніне ғана тең болады (8.13-сурет).

 

R LM R MS

В R2

R2

A R1

R1 IS1

IS MDM׳D

Y0 Y1 Y2 Y MS M/P

8.13-сурет. Бюджет-салық саясатының әсері

Сөйтіп ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

 

Қорытынды

1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді.

2. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

3. IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау үшін қолданылады.

4. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

5. Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

6. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.

 

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Тақырыпты оқу барысында студент ең алдымен ондағы қаралатын сұрақтарды график арқылы түсіндіре алуы керек. IS-LM үлгісін құра білу.

2. Тауар және ақша нарықтарында бір уақытта орын алатын тепе-теңдіктің мәніне көңіл бөлу керек, IS-LM үлгісі арқылы сипатталатын ұлттық табысқа және оның өзгерісіне әсер ететін факторларды қарастыру қажет.

3. Тақырыпты біржолата бекіту үшін негізгі әдебиеттер тізімінде берілген оқулықтарды меңгеру қажет.

 

9-тақырып. Мәселелі дәріс

Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі

Мақсаты: еңбек нарығының макроэкономикалық ерекшелігін айқындау, жұмыспен қамтудың теорияларына сипаттама беру, жұмыссыздық мәселесіне кеңірек тоқталып оны азайту жолдарын қарастыру, еңбек нарығын мемлекеттік шараларын талқылау, сонымен қатар, Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталып өту. Дәріс сұрақтары төмендегідей қарастырылады.

Дәріс жоспары:

1. Еңбек нарығының мәні, қызметтері. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

2. Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Оукен заңы

3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

4. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы

Негізгі түсініктер: еңбек нарығы; еңбек нарығының ерекшеліктері; еңбекке деген сұраныс факторлары; еңбекке деген ұсыныс факторлары; еңбек нарығының қызметтері; жұмыс күші; жұмыссыздық; фрикциондық жұмыссыздық; құрылымдық жұмыссыздық; циклдік жұмыссыздық; толық жұмысбастылық; жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің факторлары; Оукен заңы; еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.

Тақырыптың мазмұны.

Макроэкономикада, еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер-ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады.

Еңбек нарығының экономикалық және әлеуметтік деген екі негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал әлеуметтік қызметі жұмыскерлердің және олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.

Жұмыс күші – бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынты-ғы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:

1) экономикалық белсенді халық (бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);

2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т.б.).

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткішке ие болады:

немесе,

мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.

Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:

1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерін-де бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу белгілі бір уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда, бос жұмыс орындары және оған лайық азаматтар туралы ақпараттар жетілмеген болып табылады. Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуы-мен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.

2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыс-сыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» немесе ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды және жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.

3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.

Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық болса құлдырау кезеңдерінде орын алады да, соның салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы күрделі макроэкономикалық мәселеге айналады, макроэкономикалық тұрақсыздықты туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын болдырады.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлы-ғының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбас-тылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.

Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетелдік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистердің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.

Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осы-ның нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді:

а) демографиялық факторлар;

ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі;

б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.

Табиғи жұмыссыздықтың өзгеруі ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейінің өзгеруімен тығыз байланысты болғандықтан бұл мемлекет саясатының басты мәселесі болып табылады.

Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады.

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың осындай экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және еңбек демалыстарын ұйымдастыру, т.б.) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді.

Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарын мыналар жатады:

- толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұмыссыздық-тың «табиғи» деңгейін сақтай отырып циклдік жұмыссыздықты бол-дырмау;

- экономикалық дамудың ішкі және сыртқы өзгерістеріне тез бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл жерде жұмыс істеуге ынталы әрбір азамат өзінің қабілетіне қарай жұмыс орнын таба алуы тиіс.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады:

1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталанды-ру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.

2. Жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар.

3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар.

4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемлекеттің саясаты енжар болып табылады.

Белсенді саясат әрқашанда толық жұмысбстылыққа қол жеткізуге бағытталады және дамыған елдерде еңбек нарығының басым бағыттарына жатады.

Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:

- экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік ынталандыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;

- құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;

- еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

- жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;

- жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынталандыруы;

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

- жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекен-жайын ауысты-руына көмектесу;

- халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбастылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шараларын жүргізу;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)