АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 2 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде-бір үлгі макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өндірісі ана емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

4. Макроэкономикалық зерттеуде негізгі үш әдіс қолданылады. Олар: 1) агрегаттау, 2) модельдеу, 3) тепе – теңдік принципі

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қортындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесінде алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «Экономикалық кесте» деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның ХVIII-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдау көрсетеді.

Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д.Рикардо (1771-1823 жж.) «Саяси экономияның басталуы және салық салу» (1817ж.), Т.Р.Мальтус (1766-1834жж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірбиесі» (1798ж.), К Маркс (1818-1883 жж.) «Капитал» (1867ж) сияқты жұмыстарында қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835-1882 жж.) пен Л. Вальрас (1843-1910 жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.) пен С.Кузнец (1901-1983 жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларының, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қолтық айналыса бастады.

 

Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Макрэкономика қандай мәселелерді қарастырады?
  2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?
  3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?

 

2-тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер

    1. Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
    2. ЖҰӨ мен ЖІӨ есептеу әдістері.
    3. Атаулы және нақты ЖҰӨ. Баға индексі.
    4. ҚР негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама

Қазіргі ұлттық есеп-шот жүргізуді жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізілді. Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шақты. Қазіргі барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларды көрсетліген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда содай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болып өндірістің ұлттық көлемі, жалпы баға деңгейі, пайыздық ставка және жұмыспен қамту табылады.

Жалпы ұлтық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұисалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни, өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.

Шығындарға тұтынушылық шығындар, мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.

· Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.

· Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.

· Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.

· Таза экспорт (Хп) бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.

Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:

ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn

 

Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.

  • Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.
  • Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
  • Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша, несиелер бойынша пайыздар.
  • Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.

 

ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін төмендегідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция

Табыс бойынша:

ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну

Қорыта айтқанда ЖҰӨ-де елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығыны көлемі де көрсетіледі.

Номиналды және нақты, сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:

 

Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) · 100%

 

Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни, фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.

Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.

Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
  2. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?
  3. Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?

 

3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық.

    1. Экономикалық цикл ұғымы. Әлеуетті ЖҰӨ. Цикл фазалары. Экономикалық циклдың себептері.
    2. Жұмыссыздық еңбек ресурстары, жұмыспен қамтылғандар ұғымы. Жұмыссыздық түрлері. Оукен заңы.
    3. Инфляция:мәні, қарқынын және түрлері. Филлипс қисығы.
    4. Инфляция және жұмыссыздық мәселелерін шешудің бағыттары, олардың Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.

Экономикалық циклдер. Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады. Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. Жалпы айтқанда, экономикалық (іскерлік) цикл — бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді.

1. Шың.Оны іскерлік белсенділіктің уақытша ең шекті нүктесі деп атаймыз. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз. Шың фазасында бағалар деңгейі көтсрілу беталысына ие болады.

2. Құлдырау.Шың кезеңінен соң құлдырау кезеңі басталады — алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең. Бұндай құлдырау экономика секторларындағы жұмыс белсенділігінің жаппай кемуімен сипатталады. Бірақ баға осы кезде түсе бермейді, олар тек қана құлдырау өте ұзаққа созылып, тоқырауға айналғанда, шын мәніндс ауыр жағдайда ғана төмендей бастайды.

3. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі.Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейгс жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл цикл фазасы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде болады.

4. Көтерілу.Көтерілу (жаңғыру) фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздык, азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін. Циклдер бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтығы және белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан экономистер экономикалық циклдердін орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді.

«Толық жұмысбастылық» ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.

Жұмыссыздық деңгейі. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

Жүмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішіндс жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайыи жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп — үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жүмыс істемесе,

яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол — жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

Жұмыс күші — жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

 

Жұмыссыздар саны х 100

Жұмыссыздық деңгейі =-----------------------------------------

Жұмыс күшінің жалпы саны

Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкси тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:

 

Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі = Жұмыс күшінің жалпы саны х 100

Жасы үлкен тұрғындар саны

 

Бұл статистикалык көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің орташа қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар

төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексінен алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз.

Аса зор шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде, бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынын айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.

Инфляцияның ашық және басылыңқы түрлері бар.

Ашық инфляция – сұраным мен ұсынымым еркін түрде өзара әрекетте болғандықтан ақша бірлігінің сатып алушылық қасиетінің түсіп қалуынан барып, ашық, еш нәрсеге бөгет жасай алмайтын бағаның өсуі бар нарықтық экономика елдеріне тән болады.

Ашық инфляция нарықтық процестер дұрыс жүргізуге бөгет болғанымен, ол өндірушілер мен сатып алушыларға қай сала бойынша капиталды дұрыс салуда пайда жолын көрсететін баға ролін сақтап қалады.

Сөйтіп, ашық инфляцияның өзі де инфляцияға қарсы күресетін құрал болып сналады.

Басылыңқы инфляция – бұл баға мен кіріске әкімшілік бақылау болған экономикаға тән болады.

Мұның басылыңқы деп аталуының себебі – баға мен кіріске қатаң түрде бақылау жасайтындығынан, инфляция өзінің бірден бір бой жазатын жерінде – ақша бағаларының өсуінде ашық көріне алмауында. Мұндай жағдайда инфляция «астыртын» әрекеттілікте болады: сырттай қарағанда баға тұрақты секілді, бірақ ақша массасы өсіп кетеді, ақшаның соншалықты көптігінен ол тауарлық тапшылыққа ұласады да, осыдан барып экономиканы реттеу ісі бетімен кетеді. Ақшаның көбеюі тауар жетіспеушілігімен бүркемеленеді, мұндайда экономикалық проблеманы шешудің жолы тек өндірісті дамыту, ұсынымды көбейту ғана болып қала береді. Бірақ та үнемі ақша санын көбейтіп, шығара беруде, оның орнын өндіріспен жабуға мүмкіндік болмайды, өйткені ауыздықсыз шауып бара жатқан ақшаның соңынан өндіріс өсуі жете алмай жатыр.

Сонымен басылыңқы инфляция жағдайында, тауарлы жетіспеушілік осы инфляцияның сыртқы көрінісі ғана емес, оның нақты болуға тиісті жымысқы әрекеті болған,дықтан, оған жол бермей, мүлдем жою керек. Басқаша айтқанда, баслыңқы инфляция – бұл тыйым салынатын инфляция.

Басылыңқы инфляциядан «шығу» жолы да жалғыз – тек ақшаның бір бөлігін ақша деп танумызда ғана.

Сөйтіп, инфляцияның бірінші себебі – қазіргі ақша айналымының қағаздық табиғатында жатыр, өйткені оның алтындық түрдегі бойындағы қасиетін шектеушілікті алып тастағандықтан.

Екінші себебі – бұл өркениетті мемлекеттердің жалпы ұлттық экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға кететін шығындардың үнемі дерлік өсуі.

Жоғарыда айтылғандай екі инфляция болу себебі бірігіп барып сұраным, сатып алушылар жағынан қосымша ақша қажеттілігінен туады.

Үшінші инфляция себебі – бұл ақшаға деген сұранымның өндірушілер жағынан болуы (сондықтан бұл инфляцияны «инфляциялық шығым» деп атайды.

Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:

- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті және әлемдік инфляция;

- жүру қарқынына байланысты – біркелкі, үздіксіз және сатылы инфляция;

- даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 пайыздан аспайды; қарқынды инфляция

(галопирующая) - онда бағаның өсуі жылына ор-таша 10 пайыздан 50 пайызға дейін (ал кейде 100 пайызға) жетеді. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны стагфляция деп атайды.

 

Дәрісті өздігінен қайталау үшін сұрақтар:

1. Нарықтық ортада толық жұмыспен қамтылу кезінде жұмыссыздық бола ма?

2. Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресу үшін қандай әдістерді қолданады?

3. Бірқалыпты, қарқынды және гиперинфляцияның айырмашылықтары қандай?

4. Инфляция деңгейі қалай есептеледі?

 

4-тақырып. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу және тұтыну

1.Ұлттық табысты өндіру және бөлу

2.Тұтыну және қор жинау

3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор

Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рол атқарады. Солай бола тұра, инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.

C = a + b(Y-T)

C – тұтыну шығыны

A – автономды тұтыну

B – тұтынуды шекті бейімділігі

Y – табыс

T – салықтық аударымдар

(Y-T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI)

MPC = ΔC/ΔYd

MPC – тұтынудың шекті нормасы

ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)