АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 1 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

 

«Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы» курсы географиялық пән тәртібінің ішіндегі күрделі тармақ болып табылады. Бұл пәннің негізгі ерекшелігі: заманға сай географиялық бағытты анықтау үшін ірі аймақтарды аналитикалық түрде шолу, құрлықтарды табиғат комплекстерінің ландшафт құрушы факторларға сай дифференциялау. Осы оқу құралының негізгі мақсаты – берілген бөлімді студенттердің меңгеруде кездесетін қиыншылықтарды дер кезінде тереңірек ұғынуға көмектесер деген ойдамыз. Сондықтан да бұл оқу құралында 10-15 жылдық оқылған курстың жан-жақты тәжірибелік және методикалық тәсілдерінің материалдары қолданылған.

Оқу құралында ландшафт құрушы жер шарының физикалық-географиялық аймақтарына, проблемалық мәселелерге талдау берілген. Курстың оқылуына қажетті басты әдістер анықталады, олар комплексті ойлау қабілетін дамыту үшін және қазіргі кездегі физикалық географияның негізгі проблемаларын шешу үшін мүмкіндік жасайды. Компоненттерге жалпы шолу берудің жеке курстардан ( геоморфология, метеорология, т.с.с. ) ерекшелігі « Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясында» табиғи ортаның компоненттерін динамикалық, яғни осы заманның парадинамикалық табиғи комплекстерінің қалыптасуын қарастырады.

Жоғарыда көрсетілген сатылы бақылаулардың ең негізгісі, студенттердің көп еңбек етіп, күрделі іс-әрекетке тап болатыны - тестілеу арқылы бақылауларды тапсыру болып табылады. Осы арқылы, олар, оқылатын пәндерден алған білімдерін жалпылама емес, нақтылап, тұжырымдап тиянақтайды. Осыған сәйкес ұсынып отырған «Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәніне арналған тест және бақылау сұрақтары «Типтік бағдарламаға» негізделіп, оқылатын әрбір дәрістердің тақырыптарына арналып жасалды.



 

 

ДӘРІСТЕРДІҢ МОДУЛЬДІК МАЗМҰНЫ

 

ПӘН 2 модульден тұрады.

1. Солтүстік материктерге жалпы сипаттама, табиғатының қалыптасу кезеңдері, физикалық-географиялық жағдайлары мен аудандастыру ерекшеліктері.

2. Оңтүстік материктерге жалпы сипаттама, табиғатының қалыптасу кезеңдері, физикалық-географиялық жағдайлары мен аудандастыру ерекшеліктері.

 

Евразия материгіне жалпы шолу. Батыс Европа табиғатының қалыптасу кезеңдері мен физикалық географиялық жағдайлары. Мұхит ауа массаларының әсері.

 

Еуразия құрлығы дүние жүзі халқының жартысынан астамы қоныстанған, төрт мұхит–Солтүстік Мұзды мұхиты, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттары шайып жатқан жердің ең үлкен құрлығы. Құрлық экватор мен 770 с.е аралығында орналасқан. Ең шеткі нүктелері – Челюскин мүйісі (770 43¢ с.е.), Пиай мүйісі (10 16¢с.е.), Рока мүйісі (90 34¢ б.б), Дежнев мүйісі (1690 40¢б.б.); солтүстіктен оңтүстікке дейін -ең ұзын жері–8 мың км., ал батыстан шығысқа қарай–16 мың км-ге созылып жатыр. Еуразия құрлығына қарайтын кейбір аралдар құрлықтан қашық орналасқан. Шпицберген, Франц-Иосиф Жері мен Солтүстік Жер 800 солтүстік ендіктен жоғары орналасқан; ал оңтүстік жарты шардағы Малай архипелагының аралдары 110 о.е. дейін созылып жатыр. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 280 батыс бойлықта орналасқан. Еуразия құрлығының көлемі, аралдарымен қоса есептегенде- 53,4 млн. км2 , оның–2,75 млн км2 аралдардың үлесіне тиесілі. Құрлық көлемінің үлкен болуынан табиғи жағдайы алуандығымен және күрделігімен ерекшеленеді. Еуразия шеңберінде дүние жүзінің екі бөлігі – Еуропа мен Азия орналасқан.

‡агрузка...

Еуропа мен Азияның дүниенің екі бөлігі ретінде танылуы ежелден, яғни құрлықтың түгелдей көлемі мен пішіні анықталмаған, географиялық танымдар қалыптаспаған кезде белгілі бола бастаған. Сол себепті ұзақ уақыт бойы Еуропа мен Азияны дүние бөліктері емес екі құрлық деп түсініп келді. Бұл түсінікті Еуропа мен Азияның табиғи жағдайының алуандығы және көптеген географ мамандардың қолдауымен қабылданған болатын. Бірақ құрлықтың ірі бөлігі ретінде, барлық жағын түгелдей Әлемдік мұхит шайып жатқанын ескерсек, Еуропа мен Азияны тек біртұтас құрлық ретінде қарастыруға болады.

Оны дүние жүзі бөліктері ретінде қарастыру физгеографиялық емес, тарихи тұрғыдан, яғни оның біртұтастығы анықталмаған тұста қарастырылған. Сондықтан, дүние жүзінің ең ірі құрлығы Еуразияның атауы оның шеңберіңде орналасқан екі дүние жүзі бөлігінің атауынан тұрады.

Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа еніп, әсіресе батысы мен оңтүстігінде жағалауы қатты тілімдеген. Бірақ, Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 1/3 бөлігі тиеді. Теңізден ең алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте аралдар мен түбектердің үлесіне оның 1/4 бөлігі сәйкес келеді.

Батыстан шығысқа қарай құрлықтың жер беті пішіні де өзгеріп отырады. Шетелдік Еуропаның қатты тілімденген жер бедерін ірі Шығыс-Еуропа, Батыс-Сібір, Тұран жазығы және Орта Сібір қыраттары алмастырады. Ірі тау сілемдері, Еуразияның батысынан шығысына қарай Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып, осы бағытта биіктігі өсіп, Жердің ең биік шегіне Гималай мен Тибет таулы өлкесінде жетеді.

Еуразияның батысы мен оңтүстігінде негізгі орографиялық элементтер ендік бағытта, ал орталығында меридиан бағытта созылады. Орографиялық элементтердің осылай орналасуы құрлықтың ішкі бөлігіне Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсер етуіне жағдай жасайды, ал Еуразияның оңтүстігі мен шығысында биік таулы өлкелердің орналасуынан Тынық және Үнді мұхиттарының әсері шамалы. Бұл мұхиттардың әсері құрлықтың тек шеткі бөліктерінде ғана сезіледі.

Еуразия көлемінің үлкендігі, геологиялық құрылымы мен рельеф пішінінің күрделілігі, дүние жүзілік мұхиттардың алуан түрлі әсер етуінен географиялық зоналық заңдылығындағы айырмашылықтар табиғи үрдістер мен құбылыстардың зоналық әртүрлілігіне ықпал етеді. Еуразия құрлығында құнарсыз арктикалық шөлдер мен ылғалды экваторлық ормандар тараған; бір тамшы да жауын жаңбайтын ірі ағынсыз аймақтар мен керісінше ылғалының көптігінен халық қиыншылық көретін кеңістіктер алмасып кездеседі. Еуразия құрлығында Жер бетіндегі температура мен биік шыңдардың қарама-қайшылығы ерекше білінеді. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы мен жер шарындағы өте құрғақ терең шұңғыма да осында орналасқан. Басқа құрлықтардан ерекше айырмашылығы–табиғи жағдайының күрделігі. Сондықтан да басқа құрлықтармен салыстырғанда зерттеуге қызықты аймақ болып табылады.

 

Орталық және Шығыс Азияның биік таулы массивтері мен тауларының арасында аккумулятивті рельеф пішіні басым ірі тау аралық жазықтар мен платолар немесе тұйық қазан-шұңқырлар кездеседі. Олар Солтүстік Қытай жазығы, Қашқар мен Жоңғар қазаншұңқырлары, Үлкен Көлдер қазан-шұңқыры, Ордос пен Алашань платолары. Қытай мен Моңғолияның шегінде орналасқан Гоби тауының рельефінде жыныстары бор мен кайнозой жасына сәйкес келетін ұсақ шоқылар, биіктеу пласты жазықтар аралас кездеседі.

Континетті Еуразия плитасының құрылымы мен жыныстарының литологиялық құрамының әртүрлігінен пайдалы қазбалары да алуан түрлі.

Көне Еуразия құрлығының ядросында пайдалы қазбалардың көп қоры шоғырланған: архей мен протерозой тау жыныстарында темір, марганец және хром рудалары (Скандинавия мен Үндістан) мен кейбір түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар (мыс, кобальт) жеткілікті. Үндістан платформасының қойнауында алтын, алмаз және бағалы тастар көп. Көне кристалдық ядроның кейбір жыныстарын әшекей заттар жасау үшін пайдаланады, мысалы, Балтық қалқанындағы гранит.

Палеозой қатпарлы құрылымдары тараған аймақтар, әсіресе шетелдік Еуразия түрлі-түсті және сирек кездесетін рудаларға өте бай (мысалы, мырыш, қорғасын, сынап, уран, қалайы). Шөгінді жыныстарда мұнай мен газ, ал Үндістан платформасында Гондвана сериясымен тас көмірдің кен орындары байланысты. Ірі тас көмір кен орындарының таралуы да мысалы, Силез, Рур және шетелдік Еуропаның басқа да көмір бассейндерінің, Солтүстік-Шығыс Қытай кен орныдарының пайда болуы, палеозойлық тау алды иіндерімен байланысты.

Еуразияның солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігі мезозой мен кайнозой эраларында тау түзілу мен сығылу үрдістерінен өткен жас құрлықты- мұхиттық жапсарлы белдеуге жатады. Олардың континенттік бөлігі мен оған іргелес орналасқан мұхиттық қыртыстарының құрылымы күрделілігімен және рельефінің алуандығымен ерекшеленеді.

Тибет тау жүйесі мен Қарақорым тауында да мезозой эрасының қарқынды тау түзілу үрдістері көрініс тапқан. Бұл таулар Биік Азия деп аталатын Жер бетіндегі ең биік таулардың қатарына жатады. Олардың құрылымында әртүрлі жастағы қатпарлы кездеседі. Таулар антропоген кезінде және қазіргі кезде де көтеріліп келеді. Мезозой эрасында қатпарланып көтерілген Үндіқытайдың солтүстігі мен шығысы, Малакка түбегі кейінгі жас жарылымдардан аласарған да, орнында биіктігі орташа қатпарлы-жақпарлы таулар пайда болған.

Мезозой жыныстары тараған аймақтар бүкіл Еуразия құрлығы арқылы батысында Пиреней түбегінен оңтүстік-шығысында Үндіқытайға дейін созылып жатқан Альпі-Гималай қатпарлы белдеуімен қосылып кетеді. Белдеудің тау сілімдерін, Пиреней мен Андалуз тауларын, Альпі, Карпат, Апеннин мен Балқан түбегін, Алдыңғы Азия таулы қыратын, Гиндукуш пен Гималайды қоса есептегенде Тетис жабылғаннан кейін пайда болған Альпілік белдеу деп атауға болады.

Бүкіл белдеуде салыстырмалы түрде көне құрылымдар тараған – ортаңғы массивтер палеозой немесе одан да ертерек қатпарлықтан пайда болған. Қазіргі рельеф формаларында олар бірнеше ярустан тұратын, көне тегістелу формасына тән, беткейі баспалдақты аласа таулар түрінде кездеседі. Рельефтің осындай түрі Калабрия тауына, Балқан түбегіндегі Родоп-Македон массивтеріне, Орталық Иран тауларына сәйкес келеді.

Құрылымы күрделі Альпілік антиклинорийге биік және өте биік қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы тау жүйелері сәйкес. Олар Оңтүстік Еуропа мен Оңтүстік-Батыс Азияның тау жүйелерін бойлай созылып жатқан: Альпі, Пиреней, Эльбрус, Загрос, Гиндукуш, Гималай таулары. Таулардың 3 мың метрден жоғары бөліктерінде Альпілік рельеф басым дамыған. Көтерілу үрдісі әлсіз және мезозой эрасының карбонатты тау жыныстарынан түзілген тау алды иіндерінде пайда болған биік тау жүйелерінің шеткі аймақтарында, сонымен қатар, Карпат, Балқан, Апеннин және Динар, Тавр, Мекран тауларында эрозиялық формалары басым орташа таулар дамыған. Бүкіл Альпі қатпарлы белдеуінде карбонатты тау жыныстарының кеңінен таралуынан карст үрдістерінің және карсты рельеф формаларының дамуына қолайлы жағдай туды. Мұндай рельеф формалары Апеннин, Динар және Тавр тауларында жиі кездеседі. Жерорта теңізі жағалауында, Карпатта, Армян таулы өлкесінде және Эльбрус тауларындағы жер асты жанартаулық жарылуларымен жанартаулық рельеф формалары тығыз байланысты болды.

Тау доғаларының сыртқы аймақтарындағы шеткі иілімдерде аккумулятвивті жазықтар пайда болды. Олар: Альпі мен Карпат алды жазықтары, Андалуз ойпаты, Месопатам және Үнді-Ганг жазықтары т.б.

Биіктеу және аласа аккумулятивті жазықтар тауаралық ойпаттармен шектелген жарықтарда да пайда болған. Осындай ірі құрылымдар- Орта Дунай мен Падан жазықтары, Анатолий платосы, Иран таулы өлкесінің ішкі жазықтары.

Азияның оңтүстік-шығыс және шығыс аралдық бөлігінің Тынық мұхиттық теңіздері Батыс Тынық мұхиттық белдеудің аралдар доғасына жатады. Олар кинтиненттік-мұхиттық субдикция үрдістерінің әсерінен пайда болған. Үндіқытайдың батысын кейінгі кайнозойда пайда болған таулар алып жатыр. Тау тізбектері Суматра, Калимантан, Тайвань, Хоккайдо, Сахалин және Камчаткаға дейін созылады. Тынық мұхиттық жағалаудан оларға арал доғаларының геоантиклинальды зоналары, терең науалар мен шеткі теңіздердің қазан-шұңқырлары іргелес орналасқан. Бұл белдеу қарқынды сейсмикалық және жанартаулық әрекетімен ерекшеленеді. Биік тау шыңдарын сөнген және қазіргі әрекеттегі жанартаулар құрайды, олар Жапон, Филлиппин және Ява құрлықтық арал доғалары. Шығу тегі жанартаулық аралдар көп кездеседі.: Рюкю, кейбір Зонд аралдары.

Мезозой мен кайнозой жасындағы қатпарлы белдеуде шығу тегі пегматитті және гидротермальды түрлі-түсті металдар кеңінен тараған. Олар Карпат пен Балқан түбегіндегі мыстың, мырыштың, цинктің қорлары, Оңтүстік Қытайдан Үндіқытай түбегі арқылы, Малаккканы қоса есептегенде, Индонезияға дейін созылып жатқан әйгілі қалайы және қалайы-вольфрам белдеуі, Жапон аралындағы түрлі-түсті металдардың кен орындары. Шығу тегі шөгінді қазба байлықтардан Альпі, Карпат, Батыс Үндіқытай мен Индонезия тауларындағы бокситтерді айтуға болады. Шеткі иілімдер мен қазаншұңқырлар мұнай мен газға бай. Әсіресе, Карпат алды, Месопатамия шеткі иілімін және Орта Дунай ойпатын айта кетуге болады. Көптеген қазан-шұңқырларда, сонымен қатар, қоңыр көмір мен әртүрлі тұздар тараған.

Евразия материгі табиғатының қалыптасу кезеңі. Еуразия құрлығының пайда болуы мен даму тарихы солтүстік жарты шардың басқа құрлығы - Солтүстік Американың дамуымен тығыз байланысты. Оңтүстік жарты шардың құрлықтары сияқты Еуропа мен Солтүстік Америка Жердің даму тарихының белгілі бір кезеңінде біртұтас материк болған. Қазіргі Еуразия құрлығының негізін кембрий кезеңінің соңында қалыптасқан, салыстырмалы тұрақты көне – Еуропалық, Сібір және Қытай платформалары құраған. Осы платформалардан оңтүстікке қарай дәлірек айтсақ, солтүстік тропиктің оңтүстігінде суперплатформа Гондвана қалыптасты. Солтүстікте қалыптасқан платформалардың аралығында геосинклинальдық белдеулер орналасқан, олар бір-бірінен Орал − Тянь-Шань, Монғол-Охота, Каледон геосинклинальдық белдеулерімен және Солтүстік Америка платформасынан көне мұхиттар мен оңтүстік шығыста Батыс Тынық мұхиттық белдеулер арқылы бөлініп жатты.

Солтүстік платформалардың оңтүстігінде Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуі созылып жатыр, ол қазіргі шетелдік Евразияның ауқымды бөлігін қамтыған.

Протерозойдың соңы, төменгі және жоғарғы палеозойда осы мұхиттардың біртіндеп жабылуынан құрлықтың ауданы артып мезозой эрасының басында оңтүстік жарты шардың құрлықтарымен қосылып, Жердің біртұтас праконтиненті – Пангейді дамытты. Осы уақытта түпкі бөлігінде мұхиттық қыртыс дамыған Тынық мұхитының қазаншұңқыры пайда болды.

Палеозойдың алғашқы жартысында болған тектоникалық қозғалыстар Евразия материгінің қалыптасуына әсер ете отырып оның геосинклинальдық белдеулерінің көтерілуі салдарынан территориялары ұлғая бастады. Байкал қатпарлығы Сібір платформасынан оңтүстікке қарай айқындалып жалпы тау түзілу процестері силурдың аяғында ерекше арта түсіп Сібір платформасымен жаңадан қалыптасқан тау ғимараттары аясында Ангарида материгі пайда болды. Осы уақытта (силурдың аяғы) батыстағы Европа мен Солтүстік Америка платформаларының бірігуі нәтижесінде Каледон геосинклинальдық белдеуі құрлыққа айналып «Солтүстік Атлант» материгі пайда болды. Қатпарлы ғимарат сондай-ақ Монғол-Охота геосинклинальінде де түзіліп тектоникалық әрекет геосинклинальдық зоналар шегінде рудалану мен интрузиялар түзілуімен қатар жүріп тау ғимараттарының етегінде қалың қабатты шөгіндіге толған иіндер пайда болып, онда мұнай, боксит, темір рудаларының түзілуі жүріп жатты. Каледон қатпарлығы салдарынан континенттік жағдай мен жер бедерінің тілімденуі күшейіп платформалар мен жаңадан пайда болған тау ғимараттары көтеріле түсті.

Карбонның екінші жартысы мен пермьде Евразия материгі үшін маңызды тектоникалық цикл (герциндік) өтті. Яғни үдемелі тектоникалық қозғалыс триас дәуірінің басына дейін жалғасуы нәтижесінде Орал-Тянь-Шань, Монғол-Охота геосинклинальдық облыстары мен Альпі-Гималай геосинклинальінің ауқымды бөлігі таулы құрлыққа айналды (Пиреней, Альпі, Карпат, Кавказ, ал Азияда Кунь-Лунь, Тянь-Шань). Нәтижесінде көне ғимараттар бірігіп Евразия мен солтүстік Американы қосқан зор материк Лавразия пайда болды.

Герциндік циклдің өте ұзақ жүруіне байланысты ол бірнеше фазаларға бөлінді:

Бірінші фазада шетелдік Евразияның орталығы мен шетелдік Азияда тау ғимараттары қалыптасса, Каледон ғимараттары дамыған облыстарда трансгрессия процесі жүрді.

Екінші фазада тау құрылу процесінің одан әрі дамуымен қоса күшті интрузиялар мен кендену байқалды.

Ал үшінші фазада қатпарлы құрылу процестерімен қатар платформалар да көтеріліп оның шегінде пайда болған таулар мүжіле бастады.

Лавразия материгінің консолидациялануымен қатар пермь аяғында лавразиядан жерортатеңіздік геосинклинальмен бөлінген Гондвана ыдырай бастады. Осының салдарынан Үнді мұхитының қазаншұңқыры қалыптасты да, юра дәуірінің басында біраз бөлігі трансгрессияға ұшырап ол аймақтарда ыстық ылғалды климат үстем болды.

Юраның аяғы мен бор дәуірінің басында тектоникалық процестің Альпі эрасы басталды. Бұл эраның ерекшелігі – Евразия дербес материк ретінде қалыптасты және қазіргі табиғат жағдайы түзілді.

Бор дәуірінің екінші жартысында Европаның батысы мен Европа платформасының оңтүстік бөлігінде трансгрессия байқалып осы кезеңде аймақтың органикалық дүниесінде айтарлықтай өзгерістер байқалды, яғни палеозойда дамыған ашық тұқымдылар, папоротниктермен қатар қазіргі флораның негізін қалыптастырған жабық тұқымды өсімдіктер дамыды. Фауна дүниесінен алғашқы құстар мен сүтқоректілердің таралуы және балықтардың дамуы кезең алды.

Кайнозой дәуірі ішінде: материк пішіндерінің ақырғы түзілуі, қазіргі жер бедері, табиғат жағдайы мен органикалық дүниесі қалыптасты. Мәселен, палеогеннің бірінші жартысында тектоникалық әрекеттің нәтижесінде Жерортатеңіздік және Батыс Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеулер шегінде көтерілген тау ғимараттарының есебінен Евразия құрлығы едәуір ұлғайып Балқан түбегі мен Кіші Азия біріксе, Батыс европа Гибралтар бұғазы ауданында Африкамен жалғасты. Ал Шығыста Зонд архиппелагы Шығыс Азиямен жалғасты.

Палеогеннің екінші жартысында солтүстік пен оңтүстік арасында органикалық дүниеге әсер ететін климаттық жағдайларының айырмашылығы күшейді. Яғни, оңтүстікте пальма, папоротник, мәңгі жасыл емен және тропиктік қарағайдан тұратын Полтава флорасы қалыптасса, ал солтүстігінде жылы да ылғалды қоңыржай климаттың Торғай флорасы пайда болды.

Неоген бойы Евразияның геосинклинальдық аймақтарында тау құрылу процесі одан әрі дамып, оңтүстік бөліктерінде тау құрылымдарының толық қалыптасуына әкеліп соқты.

Неогеннің аяғы мен антропогеннің басында Альпі-Гималай қатпарлы белдеулері тектоникалық процестің жандануы нәтижесінде Гималай, Тибет, Қарақорым және олармен іргелес Герцин қатпарлық зонасының биік – Кунь-Лунь, Тянь-Шань ғимараттарының пайда болуына әкелді. Сонымен қатар Батыс Европадағы Альпі, Карпат, Апеннин және Андалузия, Скандинавия таулары да көтеріліп олардың аралық иіндерінің төмен түсуімен сай келді.

Осы кезеңдер аралығында Атлантиканың солтүстігі мен Солтүстік Мұзды Мұхит су деңгейлерінің төмендеуі салдарынан Евразия солтүстік Америкадан біржола бөлініп, Шпицберген архиппелагы оқшауланды. Неогеннің аяғында сондай-ақ Африка Арабия платформасы аймағында тектоникалық процестің жандануы салдарынан Қызыл теңіз опырығы қалыптасып Аравия Африкадан бөлінді және де Альпі-Гималай белдеулерінің көтерілуі нәтижесінде Үнді-Ганг пен Месопотамия тауалды иіндерін толтыру мен Аравия және Үнді платформалардың Евразия материгіне қосылуы қатар жүрді.

Антропогеннің басында материктен Британь аралдар тобы бөлініп Гибралтар бұғазы мен Жерорта теңізінің батыс бөлігінде терең қазаншұңқырлар пайда болды. Ал Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде Эгей теңізінің су деңгейінің төмендеуі Балқан түбегі мен Кіші Азияны қосқан құрлық бөлшектенуге ұшырап Эгей теңізі мен Қара теңіз аралығындағы бұғаздар (Босфор мен Дардоннел) және Мрамор теңізінің қазаншұңқыры пайда болды.

Ал материктің оңтүстік шығысында Азия мен Австралияны қосып тұрған құрлық бөлшектеніп Зонд архиппелагы пайда болды.

Неотектоникалық процестермен қатар Евразия материгінде жер бедері мен пішіндеріндегі өзгерістер климат жағдайларын едәуір өзгеріске ұшыратты.

Палеогеннің екінші жартысында материктің бүкіл солтүстік бөлігі біртіндеп салқындай бастап ол органикалық дүниенің дифференциациялануына және де оңтүстік пен солтүстік аралығындағы айырмашылықтарды күшейте түсті, бірақ материіктің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (қазіргі аралдар орнында) климат жағдайлары мезозойдың аяғынан бері елеулі өзгеріске ұшырамады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.022 сек.)