АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 4 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Альпі ылғалды батыс ауа ағысының жолында бой көтере отырып, ылғалдың ірі конденсаторы болып табылады. Әсіресе, жотаның солтүстік және батыс шеттеріне жауын-шашын көп түсіп, жылдық жауын-шашын мөлшері 1500-3000 мм жетеді және тұманды бұлтты ауа райы басым болып келеді. Ішкі жоталар мен тұйықталған аңғарлар және қазаншұңққырларға ылғал едәуір аз түседі (900-1000км).

Альпі аймағы үшін жергілікті жерлер, олардың ішінде әсіресе, солтүстік және оңтүстік беткейлердегі қысымның әртүрлілігіне байланысты өтпелі маусымдар кезінде пайда болатын фендердің үлкен мәні бар. Солтүстік беткейлерде фендер жылы және ашық ауа райында келетін, қардың еруі мен көктемнің шығуын жеделдететін, ал күзде егіннің пісіп жетілуіне себебін тигізетін құрғақ әрі жылы еңіске қарай соғатын жел түрінде көрінеді. Альпінің солтүстік пен оңтүстік етегіне орналасқан жазық аудандардың климатына таулар белгілі бір ықпал жасай отырып жауын-шашынның көбеюіне ықпалын тигізеді. Альпінің топырақ өсімдік жамылғысы анағұрлым күрделірек. Ол қоңыржай белдеуінің мұхит бойы секторының биіктік белдеулігінің классикалық үлгісі болып келеді.

Альпі тауын макроқұрылымдық ерекшеліктері мен қазіргі кездегі геоморфологиялық процестерге байланысты екі физико-географиялық облысқа бөлеміз: батысқа және шығысқа. Ал, батыс Альпі - солтүстік және оңтүстікке бөліне отырып, бірнеше физико-географиялық аудандарға жіктеледі: Солтүстік-Батыс Альпі алды, Орталық Альпі алды, Оңтүстік-шығыс Альпі алды және оңтүстік Альпі алды.



Шығыс Альпі тауының морфоқұрылымы екі физико-географиялық аудандарға бөлінеді: Солтүстік-Шығыс Альпі және Оңтүстік Шығыс Альпі. Аймақтың ойыс бөлігі – Падан ойпаты ауданына жатады. Альпі тауы ландшафттарының дамуы тау жоталарында қоңыржай және субтропикалық белдеулердің алмасуымен көзге түседі.

 

Карпат таулары мен Дунай жазықтары

 

Карпат-Дунай аймағын өзінің тектоникасы, орографиясы және мұз басу дәуірінен кейінгі ландшафттарының ерекшеліктеріне қарай бірыңғай аймаққа жатқызамыз.Карпат-Дунай аймағы екі физико-географиялық облысқа: Карпаттың тау жотасы және Дунай ойпатына бөлінеді. Батыс Карпат тауы, Шығыс және Оңтүстік Карпат физико-географиялық провинциясына бөліне отырып өзара Солтүстік-Батыс Карпат немесе Батыс Бескид, Солтүстік-Шығыс-Карпат, Солтүстік-Планин-Карпаты, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Планин атты аудандарға бөлінеді. Ал Дунай ойпаты Төменгі Дунай және Орта Дунайға бөлінеді.

Карпат өңірі қатпарларының түзілуі мен көтерілулерінің алғашқы фазалары мезозойдың екінші жартысында өтті, қатпар түзілуі палеогеннің басында шегіне жетіп, палеогенде басталған шөгулердің нәтижесінде Орта Дунай бассейні орнында көлемді тауаралық иін және Дунайдың төменгі ағысы бойындағы ойыс пайда болды. Карпат тау жүйесі Жоғарғы Дунай маңында оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай созылып жатқан Кіші Карпаттың аласа кристалдық массивтерінен басталып әрі қарай Карпат таулары ендік бағыт алып, кеңейе түседі және биіктейді.

‡агрузка...

Карпаттың 46°с.е. бөлігі (Оңтүстік Карпат немесе Трансильвания Альпісі) кристалдық жыныстардан тұрады және биіктігі жөнінен Биік Татраға аздап қана жетпейді ( Негой – 2535м). Батысында терең, тектоникалық және эрозиялық ойпаңдармен бөлінген кристалдық және вулкандық массивтер жүйесі бар.

Карпат таулары жергілікті жерден аспайтын шағын мұз басуға ұшыраған. Мұз басу орталықтары рельефі тау мұздық формаларына бай, биік таулы сипатымен ерекшеленетін Биік Татра мен Трансильвания Альпісінде орналасқан. Биік Татрада «теңіз көздері» деп аталатын шағын, дөңгелек формалы көлдер жиі кездеседі. Оңтүстік Карпат тауларының рельефі биік таулық сипатқа ие, бұл мұз басудың әсеріне, таулардың терең эрозиялық және тектоникалық тілімделуіне байланысты болды. Альпі қатпарлы зонасы аймағындағы ең ірі тауаралық ойыс карпат доғасының ішіне енген Орта Дунай бассейнінің көлемді жазығына сәйкес келеді. Ойыстың шығыс бөлігі тереңірек шөккен және онда Дунайдың сол жақ жағалауында Үлкен Орта Дунай ойпаты деп аталатын, биіктігі 100м-ге жетпейтін, бірсыдырғы ойпатты жазық созылып жатады.

Бассейннің Дунайдың екінші жағына орналасқан батыс бөлігі едәуір аз шөккен, сонымен бірге онда, шамалы көтерілу де болған. Палеогендік теңіз тұнбаларынан түзілген және әр жерінде лесспен жабылған биіктігі 250-350 мертлік үстірттер арасында пермь және триас әктастарынан түзілген аласа орқаш массивтер (Дунай сыртындағы орташа биік таулар) көтеріліп тұрады. Бұл таулардың ең биігі – 750м. Ең үлкен массив – Баконь тауы, оның етегіндегі тайыз опырықта Балатон көлі жатыр.

Облыс климаты айқын байқалатын континенттік сипатта, ол тек жазықтарда ғана емес, сондай-ақ тауларда да байқалады. Облыс материктің түкпірінде, Атлант мұхитынан үлкен қашықтықта жатыр. Климатының континенттігі ең алдымен жауын-шашын мөлшерін көрші облыстармен салыстырған жағдайда да, сондай-ақ, облыстың өз ішінде батыстан шығысқа қарай азаюымен байқалады. Карпаттың солтүстігі мен солтүстік батысында жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм-ге жетіп, оның максимумы жаз айларына тура келеді. Орта Дунай бассейнінде жауын-шашынның мөлшері 500-600 мм, ал төменгі Дунай ойпатының шығысында 400 мм-ді құрайды. Аймақтың температуралық жағдайы да оның климатының континенттік сипатын көрсетеді. Орташа жазғы температура жазықтар мен Карпаттың тауалдында +20+22°С, ал жоғарғы температура +40°C-ға жетеді. Жазықтарға жылы да ерте көктем және ұзақ жылы күз маусымы тән. Бұл маусымдарда оңтүстіктен температураның көтерілуіне себепші болатын тропиктік ауа массалары жиі өтеді.

Бұл аймақ адам шаруашылығы әсерінен қатты өзгеріске ұшыраған. Ормандардың сиректенуі мен далалы ландшафттар биоөнімділігінің жойылуы осыған байланысты.

 

Дәріс 2 бөліктен тұрады:

 

Физико-географиялық Аудандардың таксономиялық бірліктерінің деңгейі.   Аудан ландшафттарының антропогендік модифика- циясы. Табиғатты қорғау.

 

 

Европалық Жерортатеңіздік физико-географиялық аймақ 3 облысқа бөлінеді: Пиреней, Аппенин және Балқан түбектері мен Жерорта теңіздегі аралдар тобы. Жерортатеңіздік өзінің мынадай табиғи көріністерімен ерекшеленеді: Жерорта теңізінде орналасуы, палеогеографиялық және тектоникалық ерекшеліктерінің бірлігі мен тау қыраттарының морфологиясы, оның сейсмикалық және карсты құрылымы, Атлант ағысының әсері, оңтүстік тропиктік ауа массалары, субтропикалық белдеудегі биотаның қалыптасуы және флора мен фаунаның жоғарғы эндемизмі.

Пиреней түбегі. Облыс екі бассейн Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының ықпалында. Оның негізін кристалдық жыныстарын түзілген, және солтүстігі мен оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеулерінің тау ғимараты- мен көмкерілген, пенепленденген Мессета массиві құрайды. Мессетаның солтүстік жартысында биіктігі 600-800м. Ескі Кастилия үстірті жатыр. Оның беті калий тұзының қоры бар көл Лагуна шөгіндінің қабатымен жабылған. Мессетаның оңтүстік жартысында анағұрлым аласа (500м) Жаңа Кастилия үстірті жатыр, ол кей жерлерде ғана жас тұнба шөгінділердің қабатымен жабылған кристалдық жыныстардан тұрады.

Пиреней тауларын Жерорта теңіз алқабы мен Орта Европаның аралығындағы маңызды физгеографиялық шекара қызметін атқарып, Европада Альпіден кейін екінші орын алады. Пиреней таулары әлдеқайда аз тілімденген, таулардың кристалдық жыныстардан құралған орта бөлігі анағұрлым биіктеу келіп шеткі бөліктері кристалдық жыныстардан емес әктастар мен борпылдақ жыныстардан құралған.

Батыста Пиреней Кантабр тауларымен түйісіп жатады, оның шығыс бөлігі – Бискай таулары орографиялық, тектоникалық және геологиялық жағынан Пиренейдің жалғасы болып табылады. Кантабр тауының батыс бөлігі неғұрлым көне жыныстардан құралған.

Пиреней түбегінің оңтүстік тау жүйесі өзінің геологиялық құрылысы мен құрылымы жағынан Альпі тауларына өте жақын бұған Андалузия таулары, немесе Бет Кордильера таулары жатады.

Оңтүстік батыста Мессета мен Андалузия тауларының аралығында Андалузия ойпаты жатыр. Ойпат Атлант мұхиты шығанағының (Кади шығанағы) орнында оны іргелес таулардан келген үйінділермен толтыруы нәтижесінде пайда болған өңір болып саналады.

Пиреней түбегі пайдалы қазбаларға бай, әсіресе металл рудаларының қоры, олардың кен орындары, Мессетаның ежелгі кристалдық негізінің шығып жатқан жері мен немесе қатпарлы тау вулкандық жыныстарымен байланысты. Мессетаның солтүстік батыс шетінде каледон мен протерозой гранит интрузиясында қалайы, вольфрам мен уран рудалары бар. Түбектің оңтүстік батысында қатпарлы герцин циклінің интрузивтік жыныстарда түзілген мыс пириттерінің өте бай қоры бар.

Пиреней түбегіне өте терең ішкі аудандарының климатының айқын айырмашылықтары тән және ол Жерорта теңіздің климат облысына түгелдей тек шартты түрде ғана жатқызылуы мүмкін.Қиыр солтүстік батыста климат жұмсақ және ылғалды, жыл бойына температура шамалы ауытқып, жауын-шашын мол түседі. Атлантика жақтан үнемі соғып тұратын жел, негізінен қыста мол ылғал әкеледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000мм-ден 2000мм-ге жетеді. Жаздың орташа температурасы +17°С.

Түбектің ішкі бөліктерінде Ескі және Жаңа Кастилия үстірттері мен Арагон жазығында континенттік ауаның ықпалы байқалады. Оларда жауын-шашын мөлшері 500мм-ден аспайды, маусымдар бойынша температураның күрт ауытқуы тән келеді. Түбектің батыс және оңтүстік шеттерінің климаты нағыз Жерорта теңіздік, қысы жұмсақ әрі ылғалды, жазы ыстық әрі құрғақ келеді. Ең суық айының орташа температурасы +10°С, қар жылына 2-3күннен артық жатпайды. Жазы қоңыржай ыстық, айлық орташа температурасы +23 +24°С. Андалуз ойпатында ең суық айдың орташа температурасы +12+13°С.

Пиреней түбегінің ландшафт құрушы факторларына Пиреней тау жотасының орографиялық барьері, Атлант ауа ағымының басымдылығы жатады. Аймақтың табиғат кешендерінің басты ерекшеліктері: оның морфоқұрылымының айқын көрінісі, Жерортатеңіздік гидротермикалық режим ерекшеліктері және биотасы. Ландшафттары - субтропикалық мәңгі жасыл ормандар мен ксерофильді бұталы өсімдіктері - құрғақ өңірде мәңгі жасыл бұталы типті маквис және гарриги түріне ауысып отырады.

Топырақ жамылғысы орманның қоңыр-сұр топырағынан кәдімгі қоңыр және сұр-қоңыр топырақтан шөлейттің сұрғылт топырақтарына ауысады.

Пиреней түбегі екі физико-географиялық провинцияға бөлінеді: ылғалды солтүстік-батыс және құрғақ орталық-оңтүстік. Біріншісі Пиреней, Галисий, Португал; ал екіншісі – Орталық-Месета, Солтүстік-шығыс-орташа биіктік, Андалузия және Ойпатты-Андалузия аудандарына бөлінеді.

Аппенин түбегі. Бүкіл облыс үшін таулы рельеф басым. Рельеф негізін бүкіл Аппенин түбегін ұзына бойына кесіп өтіп, Сицилия аралына өтетін Аппенин тау жүйесін құрайды. Солтүстік Аппенин Теңіз жағалаулық Альпімен ұласып жатады. Шартты түрде Альпі мен Аппенин арасындағы шекараны Турин мен Саван қалаларын қосатын сызық бойынша жүргізеді.

Арно өзенінің жоғары ағысына дейін тауларды солтүстік Аппенин деп атайды. Бұл бөлікте олар палеогендік, көбінде борпылдақ жыныстардан құралған және биіктігі 2000м-ден көп аспайды.Оңтүстікке қарай, Арно мен Вальтурно өзендерінің бас аралығында Аппенин тауының ең биік телімі – Орталық Аппенин орналасқан. Ол мезозойдың әктастарынан құралған, тектоникамен күшті бөлшектенген биік массивтерге ыдырайды. Таулардың неғұрлым биік бөліктері төрттік мұз басуға ұшыраған. Аппениннің ең биік шыңы –Гран Сассо д’. Италия массивіндегі Корно тауы 2914м-ге жетеді.

Оңтүстік Аппенин көбіне палеоген дәуірінің борпылдақ жынысынан құралған орташа биік таулар болып келеді. Оңтүстік батысқа қарай Калабрия түбегінде Калабрия Аппенині деген атпен тау массиві созылып жатыр. Басқа Аппениндерге қарағанда Калабрия тауларының жасы мен құрылымдарында ерекшелік бар. Бұл кристалды жыныстардан құралған, тегістелген және опырылманы бойлап көтерілген күмбез тәріздес массив.

Сицилия аралын түгелдей дерлік Аппениннің тектоникалық жалғасы болып табылатын таулар алып жатыр. Аралдың шығысында Европаның биік және белсенді вулканы, биіктігі 3340м-ге жететін Этна жанартауы көрініп тұр. Сицилиядан солтүстікке қарай, Тиррен теңізінде Вулкандық Липар аралының бір тобы жатыр, олардың кейбіреуі үнемі атқылап тұрады. Корсика мен Сардиния аралдары неогенде облыстың қалған бөліктерімен байланысты болды. Облыс пайдалы қазбаларға бай емес, тек темір рудасының шағын кен орындары бар, олар Тиррен жағалауы мен Эльба аралында шоғырланған. Сицилияда мұнай мен газдың едәуір қоры бар.

Климаты. Түбектің батыс бөлігі Жерорта теңіздік климатқа жатады. Таулы өңір болғандықтан мұнда биіктік климаттық белдеудің үлкен маңызы бар. Сондай-ақ солтүстіктен оңтүстікке қарай климат жағдайлары едәуір өзгереді. Жерорта теңіздік климат әсіресе Сицилияға, сондай ақ Аппенин түбегінің оңтүстік бөлігіне тән. Климатқа, әсіресе жауын-шашынның таралуына орография зор ықпал жасайды.

Лигурий теңізі жағалауының Ривъерада климаты ерекше жұмсақтығымен көзге түседі. Бұл енсіз жағалық өңір солтүстіктен суық ауа массалары өтпейтіндей етіп таумен қоршалған, сондықтан мұнда оңтүстік ауданға қарағанда жылылау болады. Қаңтар айының орташа температурасы +8°С. Жауын-шашын мол, 3000 мм-ге дейін түседі, оның максимумы күзге келеді.

Аппенин түбегінің солтүстік бөлігінде климат Ривъерадағыдай онша жұмсақ емес. Калабрияның климаты анағұрлым жылы, ал Сицилия Европадағы ең жылы жердің бірі. Қаңтар айының орташа температурасы +11+12°C, шілде айының орташа температурасы +28°С, жауын-шашын 600 мм-ден аспайды және қысқы үш айда ғана түседі, басқа кезде жаңбыр жаумайды. Тауға көтерілген сайын климат әжептәуір салқындай түседі.

Облыс суға бай емес, кеме қатынайтын ұзын өзендер жоқ. Ең ірі өзен Тибр (ұзындығы 400км). Өзен режимі біркелкі емес.

Аппенин және Балқан түбектері Жерортатеңіздікпен бірдей сипатқа ие болған өңір. Биотасы мен климатының ерекшеліктеріне қарай солтүстік Лигурий-Тоскан, орталық Абруц-Собин, оңтүстік Неаполитан-Лукан, Тоскан жазығы, Корсик, Сардиния, Сицилия аралдары бір-бірінен тау жоталарының морфологиялық құрылысы ғана емес, сонымен бірге биотасы жағынан да ерекшеленетіндіктен жеке физико-географиялық аудандарға бөлінеді.

Балқан түбегі. Географиялық орны. Солтүстігінде енді келген Балқан түбегі оңтүстікке қарай жіңішкере түседі. Жер беті таулы келеді, сондықтан оның аты түріктің «балкан» яғни «тау» деген сөзінен шыққан.Облыстың қазіргі пішіні мен рельефі неогеннің аяғы мен антропогеннің басында өткен қозғалыстар нәтижесінде қалыптасқан. Эгей теңізі Балқанды Кіші Азиямен байланыстырып тұрған құрлықтың бөлшектенген және шөккен орнында пайда болған. Эгей теңізінің аралдары осы құрлықтың қалдықтары болса, ал Босфор мен Дарданелл бұғаздары неогендегі кең өзен аңғарларының шөгуі және су басуы нәтижесінде пайда болған.

Балқан түбегінің батыс және солтүстік батыс шеттерінде кайнозойдың тау жүйелері бой түзейді. Кейінгі мұз басу процесі массивтің рельефін ыдыратып жіберді де биік таулық форманың комплексін жасады. Олар - Рила, Пирин, Родопы, т.б.Сонымен бүкіл Балқан түбегінің рельефіне неоген соңы мен антропоген басында әртүрлі дәуірдің қатпарлы ғимараттарын қамтыған вертикаль қозғалыстардың нәтижесі болып табылатын тілімдеушілік тән. Нағыз жерорта теңіздік климат Балқан түбегінің тек енсіз батыс және оңтүстік жағалау өңіріне ғана тән. Оның солтүстікте және ішкі бөліктерінде континенттік белгісі байқалатын қоңыржай климат орын алады.

Балқан түбегі климатының қалыптасуында таулы рельефтің үлкен мәні бар. Қазашұңқырлар мен тау массивтерінің климатындағы айырмашылық ең алдымен ылғалдың жылдық батыс шеткі аймағының ыдырауына және оның теңіз деңгейі астына батуына әкеліп соққан. Бұл күшті жырымдалу Далматы жағалауының пайда болуына әкелді (Брач,Корчула т.б.). Динар тау қыратының батыс зонасы мезозой әктастарынан құралған. Ал шығыс бөлігі палеозой мен мезозой тақта тастары мен әктастарынан құрылған.

Солтүстік Албанияда тау жотасының созылуы ендік бағытына ауысады. Олар әктастардан құралған және рельефі өте қатты тілімденген.

Таулар ары қарай меридиан бағытта оңтүстікке созылып Пинд деген атпен Пелопоннес түбегі мен Крит аралына жалғасады. Таудың неғұрлым биік учаскелеріне айқын формалар мен карстың кең таралуы тән келеді.

Балқан түбегінің ішкі бөлігін Македон Фракия орта массиві алып жатыр. Неогенде массив ойыстармен бөлінген таулы қыраттарға бөлшектенеді. Алғашында бұл ойыстарды бірнеше көлге бөлшектенген теңіз алып жатты да, антропоген басында көлдер бірте-бірте құрғап, қазаншұңқырлардың беткейлеріне террасалық сатылар түсті. Түбектің шығысында доғаша келген Балқан таулары немесе Стара-Планина созылып жатыр. Қатпарлықтың жасы мен құрылымы бойынша Балқан Карпатқа жақын келеді. Балқанның солтүстік беткейі бірте-бірте тауалды Болгар үстіртіне ауысады, ал ол ары қарай төменгі Дунай ойпатына түседі. Ең биік орталық бөлігі кристалдық жыныстардан құралған. Оның максимум биіктігі 2373 м-ге жететін Ботев тауы. Батыс және Шығыс Балқандар Орталық Балқаннан едәуір аласа және мезозой дәуірінің әктастарынан құралған.

Балқан түбегінің кайнозойлық ғимараттарының ІІ-жүйесі оның батыс шетін бойлап солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр да жағалық аралға өтеді. Олар Балқан тауына қарағанда анағұрлым көлемділеу, құрылысы да күрделі. Бұл – Динар тауы мен Пинд тау жүйесі. Динар тау қыраты Истрия түбегінің солтүстік тұсынан басталып Оңтүстік Шығыс Альпімен түйіседі, одан ары солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай Адриат жағалауының бойымен Албанияның солтүстік шекарасына дейін созылады.

Балқан түбегі Жерортатеңіздік аймақтың шығыс бөлігінде орналасып, географиялық орнына қарай бірнеше физико-географиялық ерекшелігімен айқындалады. Бұл аймақ ландшафттарының ерекшелігіне байланысты қоңыржай белдеудің орманды табиғи кешендерінің таралуы және табиғи кешендерінің Жерортатеңіздік типке топтасуы жатады.

Жер бедерінің морфологиялық құрылымын мезоклиматтық көрсеткіштеріне қарай және адамзат әсерінен қазіргі заманғы биотаның қатты өзгеріске ұшырауына байланысты мына төмендегідей физико-географиялық аудандарға бөлеміз: Старо-Планино, Франк-Македон, Динар, Солтүстік Албан, Родопы, Албан жазығы және Оңтүстік аралық.

Дәріс 3 блоктан тұрады:

 

Жерортатеңіз аймағының табиғи жағдайлары.   Пиреней түбегінің физико-географиялық облыстарын талдау. Ландшафт құрушы факторлар.   Физгеографиялық бірліктерді жіктеу.

 

 

Дәріс 5 блоктан тұрады:

 

Аппенин түбегінің ландшафт түзуші процестерін анықтайтын табиғи факторлар   Физико-географиялық бірліктерді талдау.   Аймақ ландшафттары-ның антропогендік модификациясы. Ауданның экологиясы мен табиғатты қорғау мәселелері.

 

Балкан түбегіндегі ландшафт түзуші процестерінің ерекшеліктері. Аймақтық және провин-циальдық ерекшеліктері.   Физико-географиялық бірліктерге талдау, оларды бөлу принциптері.

 

Шетелдік Азия табиғатының қалыптасу ерекшеліктері. Климаты мен ауа массаларының қозғалысы. Ішкі сулары. Физикалық географиялық аудандастыру мен аймақтарына сипаттама.

 

Азия− материгі жер шарындағы құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Азияның жалпы көлемі 43млн.км², ал СССР территориясын есептемегенде− 26 млн. км². Шетелдік азия 53°с.е. пен 12°о.е. аралығында жатыр, сондықтан да мұнда субтропикалық және тропикалық ландшафтың дамығандығын байқаймыз.

Азия− жер шарының ең биік жері. Бүкіл территориясының ¾ бөлігін таулар, қыраттар мен жоталар алып жатыр. Ең биік шың Джомолунгма немесе Эверест (8848м), ең терең жер Өлі теңізде Эль Гхор(405м).

Азия территориясының барлық бөлігі дерлік Монгол-Охота және Тынық мұхит қатпарлы белдеулерінің орнында түзілген. Ал бұған Азияның оңтүстігіндегі Аравия және Үндістан түбегінің көлемді платформалық облысы жалғасқан. Бұл өзгеріс бор дәуірінде басталып, мезозойда Қытай платформасының біртұтастығы бұзылды, ол геосинклиналь типтегі иіндермен бөлінген бірнеше массивтерге бөлшектенді(Тарим, Ордос, Шаньдун, Корея, Оңтүстік Қытай және Үнді Синий). Неогеннің аяғында және антропогеннің басында Альпі- Гималай қатпарлы белдеуінің шегіндегі және оның сыртындағы тау ғимараттары көтерілуге ұшырады. Ол Гималай, Тибет, Қарақорым және олармен іргелес Герцин қатпарлық зонасының биік Кунь- Лунь, Тянь- Шань т.б тау ғимараттарының пайда болуына алып келді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.018 сек.)