АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 7 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Солтүстік ̶ батыстан оңтүстік ̶ шығыс бағытқа қарай Месопотамияны бір арнаға бірігетін екі қуатты су артериясы кесіп өтеді, екі өзен біріккеннен кейін Шатт-Эль-Араб деген атпен аталады. Өзендердің су шығыны біркелкі емес. Қысқы максимум бірте –бірте арта отырып, көктемгі максимумға ұласады, яғни көктемгі жаңбыр мен қардың еруіне байланысты су тасқыны жыл сайын көтерілуі ландшафттың қалыптасуында және халық өмірінде зор роль атқарады: табиғи және мәдени өсімдіктер су баспайтын кеңістіктерге қарағанда мұнда өте көп.

Месопотамия территориясының үлкен бөлігінде шөлдік және шөлейттік топырақ пен өсімдік басым. Ағаштар тек өзен бойларында кездеседі, су жайылған жерлерде аллювиалды топырақта Евфраттық терек өседі. Оңтүстігінде әрі жабайы әрі мәдени өсімдік саналатын құрма пальмасы кездеседі.

Фауналар дүниесінен қарақұйрық, жабайы есек, шие бөрі, қорқау қасқыр, қаракөл кең тараған.

Азиялық Жерорта теңіз аймағы(Левант)

Тектонкалық жағынан левант дегеніміз жас қозғалыстармен көтерілген, бөлшектенген және қатпарларда қыртыстанған Аравия-Сирия орқашы. Левант алабында кристалдық негізгі жыныстары бор мен палеоген шөгінділерінің кей жерінде базальт жарып кірген қалың қабаттарының астында қалған.

Жерорта теңізінің жағасын бойлай жағалық ойпат жатыр. Ойпаттың шығыс жағында төбесі тегіс және тік беткейлі тау массивтері мен үстірттер бой көтеріп тұрады, таулар Ливан жерінде Ливан жотасы деген атпен ең үлкен биіктікте көтеріледі, биіктігі – 3089 м, Курнет-эс-сауда тауы.

Облыстың шығысында таулы массивтер солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл облыс арқылы өтетін және Акаба шығанағы мен Қызыл теңіз арқылы африка жеріне жалғасатын тектоникалық ояндар өңіріне тік құлайды. Бұл Аравия түбегін Аордан бөліп тастаған. Иордания алабында опырықтың түбі мұхит деңгейінен едәуір төмен жатыр және көп жерлерінде көлдер орналасқан. Солардың ішіндегі ең үлкені Өлі теңізі, оның деңгейі мұхит деңгейінен -395м төмен жатыр. Ал түбінің биіктік белгісі -748м. Тектоникалық ойыстың бүкіл осы бөлігі Гхор опырығы деп аталады.



Облыстың ары қарай шығыс шетінде антиливан таулары жатыр. Облыстың пайдалы қазбалары нашар зеттелген. Өлі теңіз суларындағы тұз қорының аса үлкен маңызы бар. Аздаған мөлшерде асфальт, гипс, фосфориттер өндіріледі.

Жылдың жазғы мезгілінде Левантта тропиктік ауа үстемдік етеді және құрғақ болады; қыста циклонның әрекетіне байланысты толассыз нөсер жаңбыр түседі. Жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай кемиді.қиыр солтүстік батыста Ливан тауларының беткейлерінде жылына 1000-2000мм-ге дейін жетеді. Ал Израиль мен Иорданияның жағалық ойпаты 500мм-ден сәл ғана артық ылғал алады. Ішкі аңғарлар мен шығыс аудандарда 500-200мм-ге дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы +4+12ᵒС болса, шілде айының орташа температурасы +27+30ᵒС-ге дейін болады.

‡агрузка...

Өзендерінде су аз болады және режимнің аса тұрақсыздығымен көзге түседі. Олар кеме қатынасына жарамсыз және гидроэнергетикалық мақсаттарға пайдаланылмайды.

Өсімдігі мен топырақтарында облыстың жалпы субтропиктік сипаты айқын көрінеді. Жағалауда және таудың батысқа қараған беткейлерінде ландшафт топырағыөызыл және қошқыл қоңыр түсті, маквис немесе гаррига типіндегі мәңгі жасыл ормандар нағызжерорта теңіздік анағұрлым ылғалды жерлерде кипорис тоғайлары және басқа жалпақ жапырақты тұқымдастарынан құрылған ормандар кездеседі. Оңтүстікке қарай ағаш өсімдігі жоғалып ксерофитті түрге айналады. Левантың фауна құрамында Жерорта теңізі алқабының қалған бөлігімен ұқсастықтар көп, бірақ сонымен бірге Африка мен Азияның кейбір облыстары фаунасының өкілдері бар.

Орталық Азияның табиғат жағдайларының Азияның басқа бөліктеріне қарағанда айқын көрінетін тым бірегейлігіне қарамастан оны физикалық-географиялық облыстарға бөлуге негіз болатын елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың біріншісі солтүстік Монғолия, содан кейін оңтүстік Монғолия мен солтүстік Қытайдың таулы үстірті, сондай ақ солтүстік батыс Қытайдың таулары мен қазаншұңқырларына нағыз ортаазиялық табиғат белгілері тән болады. Солтүстік монғолия релефінде тау жоталары үлкен абсолюттік биіктікте жатқан қазаншұңқырлармен және жазықтармен алмасып келеді. Тау жоталары негізгі үш негізгі жүйеге Хэнтэй, Хангай және Монгол Алтайы мен Гоби алтайы жүйелеріне жатады. Оларға ортақ ерекшеліктер ұзаққа созылған тегістелу процесінің ізі және орташа биіктіктердің басым болуы оларға ортақ ерекшеліктер. Ең биігіне монғол алтайы жатады.

Солтүстік монғол тауларында әсіресе Монғол Алтайында тектоникалық қазаншұңқырлар көп, оларды кейде көлдер алып жатады. Солтүстік Монғолиядағы жоталардың аралығындағы жазық учаскелер төрттік континенттік шөгінділер жамылғысымен жабылып пенепленденген учаскелер болып табылады. Монғолияның батысында Хангай мен Монғол Алтайының аралығында тұйықталған Үлкен көлдер қазаншұңқыры, шығысында ішінара Монғол территориясында, Қытай жерінде, Ұлкен Хинган жотасының батыс етегінде зор көлемді ойыс бар.

Солтүстік Монғол қойнауларында протерозойдың және төменгі палеозойдың кристалл негізінің жыныстарында темір рудалары, алтын және басқа түсті металдардың кен орындары бар. Кейбір қазаншұңқырлардың мезозой мен палеозой шөгінділерінде тас көмір қоры бар.

Солтүстік Монғол қысқы Азия максимумы алабында жатыр, жазда бұл жерде батыс тасымалы әрекет етеді де, полярлық фронтты бойлап циклондық әрекет өрістейді. Осыған орай облыстың негізгі климат ерекшеліктері қалыптасады: қыс және жаз айларындағы және тәулік ішіндегі температураның жер шарындағы ең шұғыл, ең үлкен контрастары: жауын-шашынның жылдық мөлшерінің аз болуы және жаздық максимумның айқын білінуі, тұрақты және ұзақ қыс, ыстық жаз. Қыс уақытында Солтүстік Монғолия Азия максимумының орталығына тақау жатқан кезде, бұлттылығы аз, ашық аязды ауа райы үстем болады. Әсіресе, күшті суықтар температуралық инверсия айтарлықтай байқалатын қазаншұңқырлар да білінеді. Улан Баторда қаңтар айының орташа температурасы −27ᵒС, ал абсолюттік минимум ̵ 50ᵒС . Жазықтар көбінесе бүкіл қыс бойы қар жамылмай жатады, бұл мәңгі тоңның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сондықтан Солтүстік Монғолияда оның шекарасы солтүстік жарты шардағы ең оңтүстіктен орын алады.

Жазғы орташа температурасы Солтүстік аудандарда +18+19ᵒС, бірақ максимум +40ᵒС. Температураның айтарлықтай тәуліктік амплитудасы өтпелі маусымдарда, әсіресе көктемде болады.

Орталық Азияның көп бөліктеріне керісінше, Солтүстік Монғолия су торы дамыған. Мұндағы ең үлкен өзен ̶ Селенга өзені ̶ Хангайдан басталып, Байкалға құяды. Тынық мұхит бассейніне Монғолияның солтүстік шығысындағы Хэнтэй тауларынан басталатын Керулен мен Онан жатады. Өзендердің едәуір бөлігі ішкі бассеиндерге жатады және тұйық көлдерге құяды немесе құмдарда, сорлар мен батпақтарда аяқталады. Ағынсыз аймақтардағы ірі өзендер ̶ Кобда мен Дзабхан, олар мұздықтардан басталады.

Солтүстік Монғолияның барлық өзендерінің режимінің климат ерекшеліктеріне байланысты кейбір ортақ белгілері бар. Олар ұзақ мерзім бойы, шамамен қарашадан сәуір айына дейін қатып жатады. Оларда көктемгі су тасуы болмайды, ол жаз айында байқалады. Бұған себеп ̶ облысқа қар аз түседі де, қардың еруі өзен деңгейінің көп көтерілуіне әсер етпейді. Ал жазғы максимум мұздықтардың еруімен және жазғы циклондық жаңбырлармен байланысты болады.

Солтүстік Моңғолия көлдерге бай. Олардың арасында ағынды, ағынсыз, ірі және майдалары бар. Көлдердің үлкен тобы солтүстік батыста, Үлкен көлдер қазаншұңқырында ( Убсу Нур, Хиргис Нур, Хара Ус Нур, Хара Нур). Ьаулы аудандарда шағын мұздық көлдер көп.

Солтүстік Монғолия ̶ Орталық Азияның ең орманды алқаптарының бірі, орман тек тауларда және оның солтүстік беткейлерінде тараған. Оңтүстікке ұзаған сайын ормандардың аудандары азайып, тауға жоғары көтеріле түседі. Орманды алқап Хэнтэйдің баурайы мен Хубсугул көлінің төңірегінде кездеседі. Хангайда Сібір балқарағай орманы мол тараған. Ол нағыз орманды даланың ландшафтын жасайды. Орман асты күлгін топырақты болып келеді, ал дала өсімдіктері тау каштан топырағында қара топырақ тәріздес топырақта өседі. Далалар әсіресе, облыстың шығыс бөлігінде кең тараған, мұнда боз селеу, қоңырбас, ши кездеседі. Оңтүстік бағытта дала барған сайын құрғай түсіп, өсімдігі өте сирек, шөл дала сипатына ие болады, құм массивтері немесе топырақ пен өсімдіктен мүлде жұрдай тастақ учаскелер, аумақты сорлар кездеседі. Монғолияда мұндай ландшафттар «гоби» деп аталады.

Солтүстік Монғолияның барлық тауларында 2300-2500 м-ден жоғарыда шалғынға бай субальпі белдеуі басталады, ол арасынан жалаңаш шыңдар бой көрсетіп тұрған таулы тундра белдеуімен аяқталады.

Оңтүстік Монғолия мен Солтүстік Қытай.

Бұл облысқа ішкі Монғолия алабындағы Гоби таулы үстірті, Ордос таулы үстірті, Алашань шөлі, Бэйшань таулы үстірті мен оларды қоршаған таулардың табиғат жағдайының көптеген ортақ белгілері бар. Ландшафттардың басым түрлері ̶ шөлейттер мен далалар. Оңтүстікте бұл облыс Тибет таулы өлкесі қыратының шеткі жоталарымен шектелген, батыста ол Солтүстік Батыс Қытайдың шөлдерімен қосылып кетеді.

Бұл территориядағы платформалық құрылым мезозой қозғалыстарымен күрделене түскен. Рельефіне пенепленденген кең байтақ және биік кристалдық таулы үстірттер басым келеді. Тегіс таулы үстірт учаскелері эрозиямен терең тілімделген жақпарлы тау жоталарымен кезектесіп келеді. Ордос үстірті беті юра мен бор, эолдық процестерімен өңделген құмтас қабаттарымен толтырылған платформалық синеклиза болып табылады.

Рельефтің эрозиялық формаларының көп болуы мұз басу дәуірінде бұл аймақ және онымен көршілес Орталық Азияның бөліктері бұдан гөрі ылғалды климат жағдайында болғандығын білдіреді. Мұз басудан кейін климат едәуір құрғады және эолдық процестер күшті жүрді. Жауын ̵ шашын мөлшері 200мм ден аспайды, тек шығысында муссондардың әрекетіне байланысты бұдан бірнеше есе асып түседі. Жылдық жауын-шашын түгелдей дерлік тек жаз айларында жауады. Гобидің жазы қысқа, ыстық және құрғақ, температураның тәуліктік ауытқуы өте үлкен. Шілденің орташа температурасы +22+24 кезінде топырақ +70ᵒ дейін қызады. Қыста аяхды болады, бірақ температура Солтүстік Монғолиядағыдай ешқашан қатты төмендемейді. Қаңтардың орташа температурасы -10ᵒ жетпейді, ал ең төменгі температурасы -20ᵒ сирек төмендейді. Грунт суларының маңызы зор. Мұндай аймақтарда дала топырағы мен өсімдіктері пайда болады. Тауларда биіктік белдеу мүлде білінбейді, яғни етектен шыңға дейін шөл немесе қуаң даоа қамтып жатады, онда селеу, қоңырбас кездеседі.

Құрғақ арналарды бойлай шөл ильмі, кейде жыңғыл тоғайы өседі. Жануарлар дүниесінде тұяқтылар мен кемірушілер басым. Бөкеннің бірнеше түрлері, Пржевальск жылқысы, жабайы түйелер кездеседі. Тауда реликті Гоби аяюы тіршілік етеді.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Азия алды таулы қыратының ландшафт түзуші негізгі факторлар  
   
Зональды   Азональды
   
Ландшафттың ауыспалы зонасының түзілуі.  
 
Көне жерді суарудағы табиғатты қорғау іс-шараларына талдау.  

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Оңтүстік-батыс Азия ландшафт дифференциацияларының негізгі факторлары  
    Палеогео-графиялық (неогеннен кейінгі және тарихи аспектілер)     Климаттық (зоналық субтропиктік және тропиктік ауа массаларын талдау) және секторлық (жерортатеңіздік және континентальды ауа массалары)   Биологиялық ерекшеліктер: а) қиыршық тасты, қаратопырақ, қара және сұр қоңыр топырақ; б) топырақ жамылғысының болмауы в) биомасса өнімділігінің төмендеуі; г) флоралық және фауналық құрамның тапшылығы; д) оазис участкесінің болуы.

 

Физико-географиялық бірліктерінің жіктелуі мынандай: Орталық Азия келесі физико-географиялық облыстар мен аудандарға бөлініуі:

1. Такла-Макан (Қашқар-қазаншұңқыр), құмды- Тарим, Лобнор).

2. Алашань-Ордос (Алашань және Ордос құмды ауданы).

3. Аласатаулы Бейшань.

4. Жоңғар қазаншұңқыры.

5. Гоби шөлі (Батыс Гоби, Шығыс Гоби).

6. Лессті үстірт.

7. Сайдам қазаншұңқыры және Наньшань

8. Хангай-Хэнгэй аласа таулы массиві.

9. Шығыс Тянь-Шань.

10. Шығыс Қарақорым.

11. Куньлунь.

 

Аймақтың аз зерттелуі мен ландшафт құрушы факторлары белгілерінің болмауы Орталық Азияның физико-географиялық аудандастыруын қиындатады.

Тибет таулы қыратының табиғат жағдайы өзінің 3 ерекшелігімен жақсы айқындалған: тау жотасының ендік бағытта созылуы мен орталық бөлігінің вертикаль бағытта аз тілімденуі және ағаш өсімдігінің болмауы. Тау қыратының табиғат кешендері биік таулы шөлдердің элементтерімен ерекшеленеді. Негізгі ландшафт құрушы факторлар болып жер бетінің абсолюттік биіктігі (6000 м дейін), климаттың құрғақтығы; криолитогенездің болуы; белсенді дефляциялық процесс, тұзды көлдердің көп болуымен танылады.

Аймақтың негізгі сипатына биік таулы жағдайда қалыптасқан биіктік белдеудегі субтропикалық, тропикалық және муссонды ауа массаларының трансформациясы мен қазіргі табиғат кешендерінің сипаты тән.

Тибет таулы қыратын зоналық қасиетіне қарай екі облысқа бөлуге болады: солтүстік және оңтүстік Тибет. Осы облыстардың әрқайсысы ауа ағымының басымдылығы мен биота сипатына қарай солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аудандары болып бөлінеді.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Орталық Азияның ландшафт құрушы факторлары (континентальды, ағынсыз, аридті).
   
Континентальды климаттың аридті түзілуін талдау
   
Шөлейттену процесі және дефляциялық процестің белсенділігі
 
Биотаның ксерофитті және псамофитті сипаттамасы

 

Шығыс Азия

Шетелдік Азияның Шығыс Азия немесе Қиыр Шығыс аймағы Шығыс Қытай, Солтүстік-шығыс Қытай, Корей түбегі және Жапон аралдарын қамтиды. Осы физико-географиялық аймақты біріктіретін табиғаттың белгісіне - материктің шығыс бөлігіндегі географиялық орны, табиғи кешендердің дамуы мен қалыптасуы, муссондық циркуляция мен арктикалық ауа ағымының әсері, қыс мезгіліндегі Азия антициклоны мен Алеут минимумының әсерлері жатады.

Аймақ литогенезініңәртүрлі жаста дамуы және территориясының тектоникалық тұрғыдан күрделілігімен ерекшеленеді. Оның қалыптасуы үш орогенезде, яғни докембрий, мезозой және неоген дәуірлерінде қалыптасқан. Міне, осы климаттық факторлардың күрделенуі мен табиғат кешендерінің мозаикалы және комплексті болып келуіне себепші болады. Биоталық сипат жылу сүйгіш флора мен фаунаға пана болатын аймақ ретінде плейстоцен дәуірінен кейін қалыптасқан. Аймақтың көптеген территориясына антропогендік факторлардың ұзақ жылдар бойы әсер етуінің нәтижесінде ағаш формациясы жойылып, тек қайта пайда болған бұталы өсімдіктер таралған.

 

Шығыс Қытайдың бөлінуі:

1. Ұлы Қытай жазығы (Шығыс және Батыс ауданы).

2. Шаньдунь таулы массиві.

3. Оңтүстік Қытай таулары (Оңтүстік Қытай және Примор).

4. Сычуань қазаншұңқыры (Қызыл бассейн).

5. Циньлинь (Солтүстік Циньлинь, Оңтүстік Циньлинь).

6. Жайылмалы-Синзян (ылғалды тропикалық)

7. Оңтүстік-батыс таулы қыраты (Гуйчысоу үстірті, карсты Юньнань)

8. Тайвань аралы (шығыс-таулы және батыс жазықты).

9. Жапон аралдары (Солтүстік Жапон, Рюкю).

Солтүстік-шығыс Қытай мен Корея түбегі төмендегідей физико-географиялық облыстарға бөлінеді: 1. Үлкен Хинган; 2. Кіші Хинган; 3. Маньчжур-Корей таулары; 4. Оңтүстік Маньчжур жазығы; 5. Орталық Маньчжур жазығы; 6. Корей түбегі (солтүстік Корей және оңтүстік Корей).

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Шығыс Азияның қазіргі ландшафттарының палеогеографиялық негізі.
   
Мозаикалы табиғат кешендерінің әртүрлігі мен литогенетикалық ерекшеліктерге тәуелділігі
 
Биота қалыптасуының климатқа тәуелділігі. Биотаның қайта құрылуы, оның эндемизмі мен реликтілігі.
 
Ландшафтты пайдаланудың тарихи аспектілері, табиғатты қорғау.

 

Оңтүстік Азия аймағы.

Берілген аймақ екі климаттық белдеуді (тропиктік және субэкваторлық) қамтып, екі орогенезде (докембрийде) - Үндістан платформасы мен альпілік - Гималай тауы мен Үнді-Ганг жазығының тау аралық ойысында қалыптасқан. Аймақ ландшафттарының дамуы мен дифференциациясына мынадай табиғат факторлары: ылғалды муссонды климаттың континентальды климатқа ауысуы; ауа ағымына Гималай тауының орографиялық кедергісі; көне-вулканды, сулы эрозиялы, криогенді және батыстағы-дефляциялық процестер әсерін тигізеді.

Биотасының реликтілігі жағынан Үндістан түбегі ерекше аймақ түзеді. Басымды биоталар (жерортатеңіздіктен азиаттық, тропиктік және субэкваторлық) әртүрлі генезиске ие. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысының барлық элементтері жауын-шашынның түсу мөлшері мен режиміне бағына отырып табиғат комплекстерінің құрғақ саванналы түрінен ылғалды саванна құрылысына ауысады, яғни алғашында желге қарсы тау беткейлерінің субэкваторлық ормандар сипатынан мәңгі жасыл субэкваторлық ормандардың муссонды типіне ұласады. Міне, осы зоналы табиғат кешендерінің даму жағдайы 500-800 мм-ден (саваннада) 1000-2500 мм дейінгі (ормандарда) жауын-шашынның алмасуымен сипатталады. Табиғат комплекстерінің кеңістікте таралу сипаты биіктік белдеуге де, яғни оның қалыптасуы - беткей экспозициясына, абсолюттік және салыстырмалы биіктігіне, ылғал әкелетін басым желдердің бағытына байланысты.

Гималай тауы төмендегідей физико-географиялық облыстарға бөлінеді: Шығыс, Орталық және Батыс Гималай. Бұлардың әрқайсысы жеке тау бөктерінен (Сивалик атты), Үлкен және Кіші тау үстірттерінен тұрады.

Гималай жүйесі Тетистің геосинклинальдық бассейнінен Оңтүстік Еуропа және Батыс Азия тауларымен бір мезгілде пайда болған. Оның қалыптасуы оргенездің үш негізгі фазасы кезінде, олигоценде ежелгі кристалдық ядро мен тұнба жыныстардан тұратын орталық зона пайда болған кезде, миоценде және антропогеннің басында өткен. Гималайдың көтерілулері қазіргі уақытта да аяқталған жоқ, бұл туралы біршама жиі жерсілкінулер және ерте төрттік шөгінділерінің теңіз деңгейінен жоғары жатқан орны куә бола алады. Таулардың құрылысында архейден төрттік дәуірге дейінгі әртүрлі жастағы кристалдық, метаморфтық, шөгінді және фулкандық жыныстар қалыптасады. Олар орталық бөліктерінде қуатты жоғарғы ығысулар мен жырылулардың нәтижесінде күрделенген күшті қатпарларға жинақталған. Гималайдың геологиялық құрылысының ерекшелігі – Үнді платформасының комплекстеріне ұқсайтын кембрийге дейінгі жыныстардың басым келуі, геосинклинальдық типтегі теңіздік қалың шөгінділердің өте аз таралуы, неоген-антропоген кезінде тектоникалық жандануға ұшыраған Үнді платформасы шетінің орнында пайда болған тау жүйесі деп қарауға негіз береді.

Гималай – Азияның аса ірі климат айрығы. Одан солтүстікке қарай қоңыржай ендіктің континенттік ауасы, оңтүстікке қарай тропиктік ауа массалары басым келеді. Гималайдан оңтүстікке қарай муссондық циркуляция, ал солтүстікке қарай шұғыл континенттік жағдайлар қалыптасады. Сондықтан Гималайдың солтүстік және оңтүстік беткейлерінің климаты әртүрлі болып келеді.

Үнді-Ганг ойпаты азияның аса зор аллювиалды жазықтарының бірі болып саналады. Бенгал шығанағының жағалауынан Аравия теңізіне дейінгі ұзындығы 3000км, ал ені 250-300км-ге созылып жатыр. Ойпаттың солтүстік пен батыс шекарасын Гималай мен Белуджистан таулары түзеді, оңтүстікте Үндістан түбегінің таулы үстірті бой көтеріп тұр.

Кайнозой бойы қалыптасқан теңіз бассейні таудан келген шөгінділермен толды. Бұл толу теңіз түбінің шөгуімен қатар жүрді, сондықтан ойпатты бұзатын ежелгі аллювиалды қабаттардың қалыңдығы 2500м-ге жетеді. Олар негізінен таудан өзен сағаларына қарай барған сайын жұқара беретін құм саз шөгінділерінен тұрады. Өзен аңғарлары ежелгі аллювиалды қабаттарына тіліп түскен және жыл сайын өзендер жайылғанда жиналған қазіргі аллювиалды материалдарға толған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.023 сек.)