АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 9 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Кордильердің жоғары көтерілуі шегіне плиоцен мен плейстоценнің басында жетті. Клитаттың суытуы мен құрылқтың үнемі көтерілуінен Солтүстік Америкада құрлықтық және тау мұздықтар пайда болды. Климаттың суынуына плиоценде Солтүстік Америкада тайга мен тундра фаунасы мен флорасы қалыптасты. Фауна мен флорра түрлерінің қалыптасу орталығы Америка мен Еуразияны Беринг бұғазы арқылы қосып тұрған құрлық болса керек. Құрлықтың осы бөлігі екі құрлық арқылы өсімдіктер мен жануарлардың түрлік айырбасы іске асатын көпір тәрізді еді.

Солтүстік Америка мен Гренландияда неогенде басталған мұздану үрдісі плейстоценде кең алқапты қамтыды. Мұздықтардың таралу орталықтары Лабрадор түбегі мен Кордильер таулары болды. Мұздықтардың өте қатты дамығанында олар құрлық ауданының 65 пайызын қамтып, оның 400 солтүстік ендігіне дейін тарады.

Солтүстік Американың мұздықтары Еуразиямен салыстырғанда үлкен ауданды басты, өйткені құрлықтың ішкі орталықтарының ылғалдылығы басым еді. Құрлықтың солтүстігінде орналасқан, осы уақытта континенттік климат басым болған, Алясканың солтүстік бөлігін және Канада архипелагының батысын мұз баспады.

Еуразиядағы сияқты Солтүстік Америкада мұздықтар бірде көлемін ұлғайтып, бірде азайтып отырды. Соңғы висконсин мұздығы осыдан 10-15 мың жыл бұрын дамуын тоқтатты. Мұздықтың әсерінен кең кеңістікте өсімдік пен топырақ жамылғысы жойылып кетті. Бұрын дамыған ағаш тұқымдастар мен дала өсімдіктері оңтүстікке ығысты, «өмір сүру баспанасында» сақталып қалды; Аппалачтың оңтүстігінде жалпақ жапырақты флора, ал Кордильердің оңтүстік-батысында қылқан жапырақты ормандар сақталды.

Мұздықтардың кейін шегінуінен пайда болған жазықтарда көлдер көп пайда болды.

Еуразиядағыдай мұздықтар рельефтің қалыптасуына күрделі әсер етті. Шамамен шекарасы Канада қалқанымен сәйкес келетін құрлықтың ішкі аудандары мұздықтардың орталығына сәйкестенді немесе олардың арасында орналасты; сондықтан, осы аймақтарда мұздық рельеф пішіндері басым дамыды. Мұз тараған аудандардың шеткі бөліктерінде әртүрлі типтегі мұздықты-аккумулятивті рельеф пішіндері пайда болды. Солтүстік Американың мұхдықтардан тыс, алшақ аудандарында зандралы құмдар мен лесс пайда болды.

Тау жүйелері рельефінің де дамуына мұздықтар үлкен әсер етті. Олардың қарқындылығы, әсіресе, Каскад, Сьерра-Неваде, Скалистый тауларында көрініс тапты. Мұздықтар тау беткейлерінен сырғып көршілес жазықтарға, тіпті теңіздерге дейін түсіп жатты. АҚШ-тың солтүстігі мен Канаданың ішкі аудандарында фирналық күмбездер пайда болды. Олар көптеген аңғарлық мұздықтар дамуының бастамасы болды.

В.Е.Хаинның тұжырымы бойынша Солтүстік Америка басқа құрлықтардан құрылымының симметриялы және гелогиялық құрылымына рельеф пішінінің толық сәйкес келуімен ерекшеленеді. Орталық, біршама төмен орналасқан және тұрақты бөлігін (платформаны) әртүрлі ерте және кейінгі плаеозой мен мезокайнозой жасындағы қатпарлы құрылымдар шектеп жатыр.

Құрлықтың ең көне жері - Солтүстік Америка плитасының құрлықтық ядросы – Канада кристалды қалқаны. Рельеф пішінінде оған биіктігі 500-700 метр цокольды Лаврентий қыраттары мен 100-200 метрлік салыстырмалы төмен түскен бөліктер сәйкес келеді. Қыраттың көне тегіс бетінің рельефі қатты тау жыныстарының жер бетіне жақын орналасқан күмбездері мен қырқаларымен күрделенген. Осы аймаққа тектоникалық және мұздықтардың әсерінен пайда болған көптеген көлдер тән.

Гренландия мен Канада архипелагы аралдарында цокольды жазықтар теңіз деңгейінен төмен орналасқан немесе бетін қалың мұздықтар жауып жатыр. Бұрынғы даму тарихынан мұра ретінде қалған Гудзон қазаншұңқырының шеткі бөліктері мен Маккензи өзенінің төменгі алабында аккумулятивті жыныстардың қалың қабаты дамыған. Қалқаннан оңтүстікте орналасқан жазық Орталық жазық деген атпен белгілі. Құрылымына қарай палеозойдың қалың теңіздік жыныстары дамыған плитаға сәйкес келеді.

Солтүстігінде, кристалдық қалқанның жиегіндегі тығыздығы әртүрлі шөгінді жыныстар еңкіш орналасқан бөліктерде куэсті рельеф пішіндері дамыған. Әсіресе, Ниагара өзені кесіп өтетін силур жасындағы куэсті кертпештің көркі ерекше. Мұнда Ниагара сарқырамасы пайда болған. Сонымен, Орталық жазықтың негізгі морфоқұрылымдық типтері: пласты қырқалар мен еңкіш жазықтар. Солтүстік беткі қабаты мұздықты және аккумулятивті рельеф пішінімен: мореналық қырқалар мен друмлиналармен күрделенген. Өзен жағалауында ірі аккумулятивті жазықтар дамыған.

Оңтүстікте тараған морфоқұрылымда эрозиялық рельеф формалары, жыралар мен қалың, яғни жиі оналасқан өзен жүйелері кездеседі. Қиыр оңтүстігінде, жыныстарында палеозой әк тастарының көптігінен карсты рельеф формалары дамиды.

Солтүстіктен оңтүстікке Кордильер тауларымен шектесе Ұлы жазық орналасқан. Кордильер тауларындағы көтерілуге ілесе көтерілген Ұлы жазықтың қазіргі рельеф пішінінде кертпештермен шектелген және шығысқа еңкіштеу тау алды пласты плато пайда болды. Кордильердің етегінде биіктігі 1200-1700 метрге жетеді, фундаменті 1000 метрге төмендеп, оның беті палеозойдан палеогенге дейінгі тау жыныстары толтырады. Орталық жазық рельефі сияқты солтүстігінде мұздықты-аккумулятивті, ал оңтүстігінде эрозиялық рельеф формалары басым кездеседі.

Көне платформаны солтүстігінде, оңтүстік-шығысында палеозой жасындағы құрылымдар шектеп жатыр. Қазіргі рельеф пішінінде биік және орташа жақпарлы таулар түрінде кездеседі. Гренландияның солтүстігін, Элсмир және Мелвилл аралдарында биіктігі 3000 метрге дейін көтерілетін Иннуит тау жүйесі орналасқан. Тау жүйесі төменгі және ортаңғы палеозойда пайда болып, кейіннен неоген мен антропогенде қайтадан көтерілген. Иннуит тау жүйесі қазір де көтерілуін тоқтатқан жоқ. Солтүстік мұзды мұхитындағы оның жалғасы Ломоносов қыраты болып есептеледі.

Көне платформаны қоршап жатқан келесі бірлік – төменгі палеозойда пайда болған Шығыс-Гренландия қатпарлы жүйесінің таулары. Қазіргі жас тектоникалық үрдістерден биіктігі 3000 метрге көтерілген. Тау рельефінің өзіндік ерекшелігі – бор мен палеоген кезеңінде ірі жарылымдардың шетінде пайда болған базальтты платолар мен жанартаулық формалар.

Шығыс Гренландия тауларының оңтүстігінде платформаның қатпарлы құрылымы жоғалып, кейіннен Ньюфаундленде, Аппалач таулары түрінде қайтадан пайда болады. Олардың оңтүстік-батыстағы жалғасы – Уачита-Маратон жүйесі. Бұл тау жүйелерінің барлығы қатпарлы палеозой жүйесінің бір бөлігі ғана. Қалған бөліктері ослтүстік-шығысында Атлант мұхиты суының астына, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Атлант және Мексика маңының мезокайнозой жыныстарының төменгі қабатына еніп кетеді.

Аппалач тауының оңтүстігі төменгі және жоғарғы палеозойда қатпарланған. Ньюфаундленд аралымен бірге, оның солтүстігі палеозойдың бірінші жартысында қатпарлануға ұшыраған. Олардың арасындағы терең тектоникалық ойпат Эри көлінен Гудзон өзені аңғарына дейін созылады. Ойпаттың солтүстігінде биіктігі 2000 метрге дейінгі аласа таулар көтеріледі. Олар құрылымы айқын байқалмайтын кристалды және метаморфты тау жыныстарыннан тұрады. Рельефінде таудың мұздықты рельеф пішіні дамыған.

Оңтүстік Аппалач геологиялық және геоморфологиялық жағынан алуан түрлі бойлық бойымен созылған белдемдерден тұрады. Таулар мен төрткіүлді рельефті платформаның арасында пайда болған аппалач алды платосы өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Шығысында ол шөгінді жыныстары басым нағыз Аппалачқа тән құрылыммен алмасады. Олар антиклинальды аңғарлардың параллелді қыраттары мен синклинальды құрылымдармен аралас кездеседі. Осында инверсионды (дағдылы тәртіптен ауытқыған) рельефтің пайда болуы, тығыздығы әртүрлі тау жыныстарынан тұратын беткейлердің ұзақ уақыттық шайылуының салдары. Осыдан кейін кристалды плато, одан ары Пидмонт деп аталатын тау алды платосы орналасқан. Плато Атлант маңы ойпатына күрт кертпеш жасап қулайды.

Аппалач таулары нағыз инверсионды (аппалач) рельеф типтері дамыған орта тауларға жатады. Аппалач тауларының оңтүстік-батысының жалғасы Уачит жүйесі сияқты қалың шөгінді жыныстардың астында жатыр. Биіктігі 900 метрге дейінгі осындай бірліктер Кордильер жүйесінің шекарасындағы Маратон мен Уачита тауларына жақын орналасқан.

Солтүстік Американың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қалың палеозой құрылымдары, олардың бетін шөгінді мезокайнозой жыныстары көмкеріп жатыр.

Қатпарлы фундаменттің көтеріңкі аймағы Флорида, Багам аралдары мен Юкатан маңында төмен түскен бөлікті Атлант маңы иілімі мен Мексика маңын (Голф-Кост) оның жасғасы деп есептелетін Мисисипи синеклизасын екіге бөледі. Бұл иілімдерге рельефте Береговой ойпатының пласты рельефі сәйкес келеді. Биіктігі 100 метрден төмен өте жазық релеьеф формасын аздаған өзен аңғарлары кесіп өтеді. Теңіздерге жақын жерлерде өзендер жағалауында аймақтардан биіктеу келетін өз үйінділерімен ағады. Кейбір жерлерінде жер беті әк тастан тұрады, сондықтан карсты рельеф формаары пайда болады. Әсіресе, Флорида мен Юкатан түбектерінде карсты рельеф пішіндері жақсы дамыған.

Миссисипи ойпатында аллювийлі жыныстардың қалың қабаты пайда болған. Оның өте қалың жері - үнемі өсу үстінде болатын Миссисипи атырауы болып табылады.

Атлант мұхиты жағалауы ойпатты, қайраңдар, шығанықтар мен дюналар. Шығанақты жағалаулар Атлант мұхиты жағалауы мен Мексика шығанағында өте жақсы дамыған. Береговой жазығының Нью-Йорктен оңтүстігінде жағалау терең лагуналар мен өзен эстуарийлерімен тілімденген. Тілімдену жоғары болғандықтан жағалау бірнеше бірінен-бірі алшақ орналасқан түбектерге жіктеген.

Солтүстік Американың континентті плитасының қойнауы әртүрлі қазба байлықтарға бай. Қалқан, әсіресе оның оңтүстігі түрлі-түсті металдар мен сирек металдарға бай. Канаданың оңтүстігіндегі протерозой лавасында мыстың, никель мен кобальттың қоры көп. Қалқанның шетінде, яғни Үлкен көлдердің жағалауында уран рудасы қоры көп. Архей граниттерінде алтынның кен орындары кездеседі.

АҚШ пен Канаданың Үлкен көлдер маңында шығу тегі шөгінді жыныстарда темір рудалары мол. Темірдің ірі кен орындары Унгава шығанағының оңтүстігінде орналасқан Лабрадор түбегінде кездеседі. Орталық жазық платформасының шөгінді жыныстарында (Иллиной мен Батыс бассейндер) тас көмір мен мұнайдың мол кен орны бар, ал Ұлы жазықтың палеоген-неоген жыныстарында қоңыр көмір мен лигнит көп.

Палеозой қатпарлы белдеуімен қазба байлықтардың басқа түрлері де байланысты: мысалы, тау алды жазықтарындағы (Пенсильван мен Уачита бассейндері) көмірдің таралуы. Аппалачта, Ньююфаундлендте және Гренландия аралында полиметалл кен орындары тараған. Оңтүстік Аппалачтың силур жыныстарында гематиттің қоры көп –негізгі темір рудасы. Солтүстік Аппалачта асбестің ірі кен орны бар.

Голф-Костаның мезокайназой жыныстары мұнай мен газға, тұзға бай.

Құрлықтың батысы, Аляска түбегінен Панама мойнағына дейін орографиялық ерекшелігі бойынша Кордильер орогендік белдеуіне енеді. Қазіргі рельефі ұзақ уақыт бойы, яғни юрадан неогеннің екінші жартысына дейін қалыптасты. Қазіргі рельефінің пайда болуында вертикальды қозғалыстардың, жанартау атқылауының, жарылулар мен төрттік кезеңнің мұздықтарының маңызы ерекше болды.

Қазіргі Кордильер тауларының ені 800-1600 км, ұзындығы 9000 км.

Дегенмен, тау сілімдерінің шығу тегі мен құрылымы бірдей емес. Кордильердің негізгі бөлігі, яғни Калифорниядан солтүстікте орналасқан ауданы (Оңтүстік Америкадағы Анд таулары сияқты) континентті Солтүстік Америка плитасының Тынық мұхиттық плитаға жылжу барысында сығылуы мен қатпарлануынан пайда болған. Құрылымында мұхиттық қыртыс кездеспейді, андезитті жанартаулық үрдіс қарқынды. Кордильер тауларында негізгі тау түзілу үрдісі юраның соңынан палеогеннің басына дейін соызылды. Дегенмен, толық дамуы мен қазіргі рельефі неоген-антропоген кезеңінде қалыптасты.

Көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша Кариб теңізінің Кордильерге іргелес орналасқан бөлігі Тетис теңізінің қалдығы. Оның пайда болуы мен дамуы континентті Солтүстік және Оңтүстік Америка қалқандарының тығыз байланысынан туындаған. Құрылымына қарай Еуразияның Альпі белдеуіне ұқсас. Кордильердің басқа бөліктерімен салыстырғанда Калифорния маңы Кордильерінің құрылымы күрделі. Оны Кордильер мен Альпі арасындағы өтпелі тау түзілу құрылымына жатқызады.

Аляскадан Калифорнияға дейін Кордильер тауының Тынық тұхыттық плитамен шекарасында көлденең жарылымдар пайда болған. Олардың ішіндегі ең белсендісі – Калифорниядағы Сан-Андреас.

Кордильердің негізгі морфоқұрылымдық бірліктері: қатпарлы-жақпарлы, жақпарлы қыраттар, жанартаулар, денудациялық, лавалық, пласты және аккумулятивті жазықтар, жас иілімдер мен рифті белдемдер. Кордильер жүйесі қазба байлықтарға өте бай. Канада мен АҚШ-тағы қазба байлықтардың көбі юра-бор кезеңдерінің гранитті интрузиясымен байланысты. Олар: мыс, мырыш, цинк пен вольфрам. Бор мен палеогеннің кейінгі интрузиясымен оңтүстік аудандардың молибден, титан, уран рудаларының кен орындары байланысты болды. Бүкіл жүйе шегінде алтын кездеседі. Рудасыз кен орындарынан тау алды және тау аралық ойпаттардың мұнай кен орындарын атауға болады. Оңтүстік Аляска мен Калифорнияның бұрыннан игеріліп келе жатқан кен орныдарымен қатар қазір Солтүстік Аляскада тағы да мұнай кен орындары ашылды. Мұнда, сонымен қатар, газ кен орындары бар. Скалистый тауының ішкі қазан-шұңқырларында қоңыр көмірдің қоры кездеседі.

 

Солтүстік Америка материгінің климат құрушы факторлары, ауа массаларының қозғалысы. Климаттық белдеулер мен ішкі сулары.

 

Солтүстік Америка қасында орналасқан аралдарымен қоса солтүстіктен оңтүстікке дейін 830 және 70 солтүстік ендіктер арасында, экватордан басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Ені кең, көлемді бөлігі субарктикалық және қоңыржай белдеулерде, ал аз бөлігі субтропиктік белдеуде орналасқан. Тропик пен субэкваторлық белдеулерде Солтүстік Американың ең тар аймағы, арктикалық белдеуде тек аралдары ғана орналасқан. Географиялық орналасуы мен орографиялық құрылымындағы осы ерекшеліктерден құрлықтың солтүстігі мен оңтүстігінде елеулі айырмашылықтар байқалады.

Жер бетінің негізгі орографиялық элементтері субмеридиан бағытта созылып жатқандықтан, орографиялық тосқауылдың кездеспейтінінен ауа массаларының шығыстан, Атлантика жағалауынан енуіне қолайлы жағдай туады. Сонымен қатар, Кордильер таулары Тынық мұхит жағалауынан ауа ағынының енуін қиындатады. Солтүстік Мұзды мұхиты мен Мексика шығанағы арасында орографиялық тосқауыл мардымсыз, кездесетін орографиялық элементтер жазықты. Сондықтан, жылдың барлық мерзімінде арктикалық және тропиктік ендіктердің ауа массалары бірімен-бір еркін алмасады.

Атлант мұхитының Ньюфаундленд маңында кездесетін жылы Гольфстрим мен суық Лабрадор ағындары құрлық жылынуында ала-құлалық туындатады. Жылы және суық ағындардың түйісу шекарасында циклондар мен оның әрекеттері дамиды. Тынық мұхиттың 40- параллелінде пайда болып, солтүстікке бағыт алған жылы ағыс жағалаудың қыс мезгілінде температурасын көтереді, бірақ Еуропа жағалауындағы Солтүстік Атлант ағысы сияқты қарқынды болмайды.

Солтүстік Америка құрлығының беткі қабатында қалыптасқан ауа массалары циркуляциясы Еуразия құрлығына ұқсас, бірақ екі құрлықтың көлемі мен орографиялық ерекшелігіне байланысты циркуляция мен температураның, жауын-шашынның таралуында өзгеріс жеткілікті.

Солтүстік Американың басым бөлігінде пайда болатын негізгі атмосфера циркуляциясы – батыс және шығыс ағындар. Дегенмен, құрлық орографиясының әртүрлі болуына байланысты теңіздік климаттың әсері Тынық мұхит жағалауы мен Кордильер тауларының батыс беткейлерінде ғана байқалады. Құрлықтың ортаңғы бөлігіне тынық мұхиттық ауа тау аралық ойпаттар, көлденең аңғарлар арқылы енеді, бірақ Кордильер тауларының батысына көп өзгеріп жетеді. Солтүстік Американың орталық аудандары континентті ауа қалыптасатын өңір. Бірақ, Еуразия құрлығымен салыстырғанда көлемі кішілеу болғандықтан Еуразия құрлығындағыдай қарқынды, қыс айларында, Азия максимумы пайда болмайды. Сондықтан, Солтүстік Американың Атлант жағалауы қоңыржай белдеуінде бүкіл жыл ішінде циклондық әсер басым дамиды.

Орталық Америка мен ішінара Мексика жағалауы Солтүстік Атлант максимумының батыс шеткі иіні және осымен байланысты пассат циркуляциясының әсерінде болады. Тынық мұхыттың 400 солтүстік ендіктен оңтүстікте орналасқан аймағы Тынық мұхиттық максимумның шығыс жиегінің әсерінде болады. Орталық Американың қиыр оңтүстігіне экваторлық муссон енеді.

Солтүстік Американың орографиялық құрылымындағы ерекшеліктер: тропиктік және арктикалық ауа ағындарының жақын орналасуы, құрлық жылынуындағы қасиеттер мен фронттардың қарқындылығынан тропосфера қабатында урагандар мен торнадо дамиды. Урагандар (Шығыс Азия тайфундарына ұқсас) құрлықтың атлант маңы жағалауы мен Орталық Америкаға тән. Күтпеген жерден пайда болатын күшті дауылдар – торнадо АҚШ-тың құрлықтық штаттарына тән.

Циркуляциялық жағдай мен климаттың негізгі көрсеткіштерінің таралуы жыл мезгілдері бойынша әртүрлі. Жылдың суық мезгілінде поляр шеңберінен солтүстікте поляр түні басым және күн радиациясының мөлшері 0-ге тең. Құрлықтың ортаңғы бөлігі де қатты суынады, радиациялық баланс теріс көрсеткішке ие. Атмосфераның жер бетіне жақын солтүстік құрлық аймағында суынуынан жоғарғы қысым қалыптасады. Оның орталығы 400 с.е. оңтүстікте және Канаданың солтүстік-батысында пайда болады. Мұхиттың қоңыржай белдеуінде төменгі қысымды аймақ дамиды. Қарқынды Исландия минимумының әсері солтүстік-батысқа Девис бұғазы мен Баффин теңізіне дейін жетеді. Сондықтан циклондық әсер Солтүстік Американың атлант жағалауына, ал кей жылдары құрлықтың ортасына, Кордильер тауларының етегіне дейін созылып кетеді. Атлант мұхитымен салыстырғанда Тынық мұхиттың жылы ағысы әлсіз болғандықтан Тынық мұхиттық (Алеут) минимумының дамуы нашар. Мұхиттық ауа мен циклондық ауаның әсері құрлық жағалауының аз кеңістігіне тарйды. Кордильер тауларын асып өткен мұхиттық ауа шығысқа қарай өзгереді де біртіндеп континентті ауа массасына аусыады. Қыс айларында субтропиктік максимум да оңтүстікте орналасады және жазбен салыстырғанда нашар дамиды. Сондықтан Атлантика бетінде, құрлықпен салыстырғанда, қысым төмен, яғни құрлықтан Атлант мұхитына соғатын континентті ауа басым. Бірақ америкалық қысқы максимум тұрақсыз және әлсіз және осының салдарынан туындаған муссонды циркуляция Солтүстік Америка жағалауында әлсірейді.

Суық арктикалық ауа массалары қыс мезгілінде Баффинов шығанағының ибатыс шеті арқылы құрлықтың оңтүстігіне, кейде Флоридаға дейін жетеді. Ылғалдылығы тұрақты оңтүстік-шығыс желдерінен АҚШ-тың оңтүстік-шығысы мен ішкі аймақтарында нөсерлі жауын жауады. Мексика мен Орталық Американың басым бөлігі де Атлант максимумының әсерінде болады. Мұнда солтүстік-шығыс пассаттардың әсерінен ық беткейлерде мол жауын-шашын түседі.

Осы кезде қоңыржай ендіктің батыс ағыны мен циклондық әсер бәсеңдейді, яғни арктикалық ауа массаларының оңтүстікке енуі де әлсірейді.

Құрлықтың ішкі қатты қызған (ішкі ойпаттарда орташа температура +300 С-қа тең) және суық ағын дамыған батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінің арасында әртүрлі температура пайда болады. Оңтүстіктен солтүстікке қарай да температура төмендейді.Шілде айының изотермасы (-40С) Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында орналасады, ал Гренландияның ішкі бөлігі мен Элсмир аралдарында жазда теріс температура сақталады.

Солтүстік Американың көп бөлігінде жаз айларында мол жауын түседі. Бірақ 400С солтүстік ендіктен оңтүстіктегі Тынық мұхиттық жағалау, Кордильер тауларының ішкі аудандары, құрлықтың қиыр солтүстігі мен арктикалық аралдарда жауын аз түседі.

Солтүстік Америка Еуразия құрлығындағыдай климаттық белдеулерде орналасқан. Дегенмен, әрбір құрлықтың ішкі табиғи ерекшелігіне байланысты жекелеген климаттық белдеулер мен олардың климаттық облыстарға жіктелуінде айырмашылықтар бар.

Солтүстік Американың солтүстік жағалауы мен көршілес орналасқан аралдарда жылдың барлық мезгілінде арктикалық климат басым арктикалық ауа массалары дамыған. Ең төменгі орташа қыстық температура Гренландияның (-440, -500С) басқа аудандарында қаңтардың орташа температурасы –400, -360С-тан төмен емес. Жаз айларының орташа айлық температурасы осы бөліктерде теріс немесе 00С-ге жуық. Бүкіл жыл ішінде бұлтты, тұманды және қарлы боран сақталады. Қыс айларындағы поляр түні бес айға созылады. Белдеу шекарасында қазіргі жаппа мұздықтардың орталығы дамыған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)