АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 12 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Сьерра-Невада тауының беткейлерінде, әсіресе батыс жақ беткейінде, жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ге дейін артады. Жауын-шашын қыс айында мол болғандықтан мұнда басым көпшілігі қар түрінде түседі. Температура қалыптасуынан суық Калифорния ағысы елеулі әсер етеді. Жағалау аудандардың бәрінде де ыстық айдың орташа t-сы +200С-ден төмен, яғни Еуропаның тиісті ендіктерде жатқан аудандарына қарағанда жаз әлдеқайда салқындау болады. ең суық айдың орташа t-сы -100С шамасында.

Калифорния аңғарындағы t-ға мұхиттың әсері жоқтың қасы деуге болады. шілденің орташа t-сы солтүстік бөлігінде +27+280С, ал оңтүстік бөлігінде +350C болады. Ең суық айдың орташа t-сы +70+80С шамасында болады.

Ішкі үстірттің бүкіл территориясының климаты құрғақ та қатал континенттік болады. Үстіртте жауын-шашын өте аз түседі, себебі батыс пен шығыстан соғатын ылғалды желдердің өтуіне тау жоталары күшті кедергі жасайды.t-ра қауырт ауытқып отырады. Жазда жер беті қатты ысиды, қыстыгүні таулы үстірт аймақтың басым бөлігінде орташа температура 00С шамасында болады.

Жартасты таулардағы жоталардың шығыс беткейлеріне батыс жақ беткейлері мен ішкі қазаншұңқырларға қарағанда жауын-шашын едәуір көп жауады, себебі шығыс жақ беткейлері Атлант мұхитынан келетін ауа ағынының ылғалын жинап алады, сөйтіп онда жылына шамамен 700-800 мм жауын-шашын түседі. Ал тұйық қазаншұңқырлары мен батыс беткейінде жауын-шашынның мөлшері 300-400мм-ден аспайды. Солтүстікке жартасты таулардың етегінде қаңтардың орташа t-сы +200С шамасында болады. ал оңтүстікте ең суық айдың t-сы 00С шамасында болса, ең ыстық айдың t-сы +300С-ге жетеді.



Аймақтың геоморфологиялық және климаттық жағдайлары су жүйесінің қалың болып дамуына қолайлы емес. Тек батыс пен шығысындағы тау жоталарынан өзендер бастау алады. Биік таулы алқаптан Миссури, Рио-Гранде, Колорадо сияқты ірі ірі өзендері басталады. Бұл өзендер және олардың салалары жаңбыр мен еріген өар сулары арқылы қоректенеді. Ұсақ өзендердің режимі тұрақты емес олар көбінесе жауын-шашынның түсуіне байланысты молайып отырады. Олардың кейбіреулері уақытша ғана су ағатын арна болып табылады.

Америка Құрама Штатының оңтүстік-батысындағы аса ірі гидрографиялық тораптың қатарына Сьерра-Невада тау жотасы да жатады. Оның батыс жақ беткейлерінен мұздықтар мен еріген қар суынан қорек алатын көптеген өзендер ағады. Ең ірі өзендер – Сакраменто мен Сан-Франциско шығанағына барып құяды. Үлкен Бассейнді түгелдей дерлік алғанда мұхитқа жететін су көздері жоқ, оның есесіне ағысы баяу, мерзімдері кезде ғана ссу ағактын арналар және көлдердің қалдықтары өте көп. Көлдердің көбі тұйық, олардың суының тұзы мол. Сол көлдердің ең ірісі- Үлкен Тұзды көл, ол 1300м биіктікте жатыр. Көл суындағы тұздың концентрациясы 277 промильге жетеді, оның жағалауында ас тұзы мен глаубер тұзы шөгіп жатады.

‡агрузка...

Ағын сулардың барлығын да егін шаруашылығына пайдаланады. Бұл ретте әсіресе Колорадо өзенінің атқаратын рөлі зор,онда ірі-ірі тоғандар мен су қоймалары салынған.Топырақ пен өсімдік жамылғысы батыстан шығысықа қарай жер бедеріне және жауын-шашынның мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.

Бір кезде жағалау жоталарын Калифорнияның қызыл ағашы редвуд, орегон қарағашы және басқа да ағаштар қалың өсетін қылқан жапырақты ормандар басып жататын, ал қазір сол ормандар едәуір дәрежеде оталып тасталған. Оңтүстікке қарай олардың орнын бірте-бірте чаппараль тәрізді қалың жынысты бұталары ауыстырған.

Калифорния аңғарында субтропиктік өсімдіктер өседі. Оның табаны мен беткейлерінің етек жағы қоңырн топырақты ал өзен аңғарлары бойының топырағы аллювиалды топырақ болады. қазір Калифорния аңғарының табиғи өсімдік дүниесі барлық жерде дерлік жойылып біткен деуге болады.Өйткені бұл аңғардың табиғи жағдайлары субторпиктік дақылдар өсіруге, әсіресе алуан түрлі жемістер өсіруге қолайлы. Сондықтан да ол қазір түгелдей субтропиктік егін шаруашылығы күшті дамыған ірі аймаққа айналған. Сьерра-Невада тауының беткейлерінде табиғи өсімдіктер дүниесі едәуір дәрежеде сақталған. Оның оңтүстік бөлігін шамамен 1000 метрге дейінгі биіктігін емен тектес бұтаның қалың жынысы басыап жатса, оның жоғарғы жағында қант қарағайы,сары қарағай, бал қарағай және самырсын сияқты қылқан жапырақты ағаштар өсетін ормандар алып жатыр. 1500 метр биіктік шамасында алып секвойя ағаштары кездеседі. Бұл ағашта темірдей қатты, діңгегінің биіктігі 100 м-ге ал жуандығының диаметрі 10 метрге жетеді. 3000 м-ден жоғарғы беткейлерінде альпі шалғыны өседі. Ал шығыс жақ беткейінде, яғни климаты неғұрлым құрғақ аймақтың етек жағын жусан аралас көп шалғын басып жатса, ал одан жоғарылаған сайын қарағай мен арша аралас селдір ормандар жалғасады. Ал қиыр шығысында климаты құрғақ келетін дала мен субторпиктік шөлейт даланың ландшафтына тән болатын топырақ пен өсімдіктің түрлері кездеседі. Территорияның сұр топырақты келетін басым көпшілік бөлігінде құрғақта өсетін дәнді шөптер мен жусанның қалың жамылғысы бар.

Үлкен Бассейн көлінің төңірегінде топырақ сортаң келеді. Яғни онда алаботаның кейбір түрлері майлы ағаштың шар тәріздес бұталардың қалың жынысы бар. Ал жартасты таулардың беткейінде қайтадан орман бой көтереді. Солтүстік бөлігінде батыс бал қарағайы, дуглас самырсыны, шырша, туя өседі, ал оңтүстікте – сары қарағай, арша,ақ самырсын басым болады. таудың жоғарғы бөлігінде, әсіресе солтүстік жақта субальпілік және альпілік өсімдіктер өседі. Бұл аймақ жерінде ірі қорықтар мен ұлттық парктер жасалынған. Олар Сьерра-Невадағы Йоселит пен Секвойя қорығы, жартасты тауларда Йеллоустон ұлттық паркілері.

Мексика тау жүйесі.

Бұл аймақ Калифорния түбегін, Солтүстік-батыс Мексика тау жүйесін қамтиды.

Калифорния түбегі таулы келеді, олар АҚШ-ғы жағалау жоталарының жалғасы болып табылады. Бұл таулар 1000-3000 м-ге дейін биіктеп, Калифорния шығанағы мен Тынық мұхитқа жете бере күрт үзіледі.ал калифорния шығанағы ойысқан алқаптың жалғасы болып келеді. Өздерің байқағандай бұл алқап Жағалау жазығының шығыс жағын шектеп тұрса, ал Калифорния шығанағының шығыс жағалауының бойы жазық алап, ол бірте-бірте қатпарлы шөгінді заттардан, сондай-ақ жанартау құбылыстары әсерінен пайда болған жыныстардан тұрадан Сонора төбелі үстіртіне айналады.

Шығыста Мексиканың негізгі бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Кордильердің басқа бөлігінен ол Тынық мұхит пен Мексика шығанағына созылып жатқан терең жарықтар жүйесі арқылы бөлінеді. Мексика таулы қыраты палеозой мен мезазой дәуірінің тауі жыныстарынан тұрады жа, бұл жыныстар ларалия дәуірі кезінде қатпарланып, жанартау материалдармен көміліп қалған. Бұл таулы қыраттың солтүстік бөлігі (Солтүстік Меса) неғұрлым аласа болады да тұйық қазаншұңқырларпға және оларды бөліп тұратын көтеріңкі учаскелерге бөлініп кетеді. Ал оңтүстік бөлігі – Орталық Меса – едәуір көтеріңкі және көбірек тілімденген. Солтүстігі мен оңтүстігінің осыншама тілімденуі, ондағы климат жағдайларының айырмашылықтары әсер еткен. Неғұрлым ылғалдығы оңтүстік бөлігінде эрозиялық прцесстер күшті болса, ал солтүстік бөлігінде желдің күшімен үгілу және эолдық әрекет басым.

Таулы үстірт батыс жағынан Батыс Сьерра-Мадре тауларымен, ал шығыс жағынан – Шығыс-Сьерра-Мадре тауларымен шектеледі, осы тау жүйелерінің биіктігі 3000 м-ден аспайды.

Мексика таулы қыратының оңтүстік жақ жиегі зор көлемді жарықтар жүйесімен тұспа-тұс келеді, ол жарықтар Тынық мұхитының түбінде жатқан белсенді тектоникалық аймақтың шығысқа қарай созылған жалғасы болып табылады. Осы аймақтың бойында сонау мезазой дәуірінен бері қарай жанартаулық заттар ерекше күшті атқыланып жан-жағына жайылып Көлденең Вулкандық Сьерра немесе Мексиканың Орталық Вулкандық таулы қыратының жүйесін құрайды. Мұндағы жанартаулық құбылыстар әсіресе неоген дәуірінде күшті болды, ол қазірде жүріп жатыр. Олар Колыма, Орисаба,Попокатепетель, ең биік шыңы Орисаба – 5700 м. Бұл аймақтың басым көпшілік бөлігінің климаты құрғақ, тіпті шөл болып келеді. Тек шығыс пен оңтүстік аудандар жағдайы ғана бұдан өзгеше.

Бұл аймақтың мейлінше құрғақ бөлігі оның солтүстік-батысы мен Калифорния түбегі. Өйткені ол аудандар Тынық мұхит максимумының шығыс жақ шетінде жатыр және климат жағдайлары жағынан Батыс Сахараға немесе Намиб шөліне ұқсас келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-150 мм ғана. Жауын-шашынының сәл ғана артуы Батыс-Сьерра-Мадренің беткейлері мен Калифорния түбегінің қиыр оңтүстігінде ғана байқалады. Жазғы температура – 250С-дан аспайды.

Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігі шөлейт аудан, климаты континенттік. Онда жаз ыстық, ал қыс біршама жұмсақ болады. Бірақ қысқы айларда солтүстіктен суық ауа ағынының келуіне байланысты оңтүстікте -150С, солтүстікте -200С-ге дейін аяз болуы мүмкін.

Аймақтың оңтүстік және шығыс бөліктерінде Солтүстік Атлантика максимумының батыс жағы шеті әсер етеді. Жазда жауын-шашын мол болады. шығыс Сьерра-Мадренің шығыс жақ беткейі мен Көлденең Вулканды Сьерраның оңтүстік жақ беткейінде жауын-шашынның жылдық мөлешері 2000-4000 мм-ге жетеді. Мексиканың үлкен бөлігінде мұхитқа құятын өзендер жоқ, өзендердің суы аз. Солтүстікте Жартасты таулардан басталатын Рио-Гранде өзені ағып жатыр. Ол таудағы жауын-шашынмен еріген қар суымен қоректенеді, режимі біркелкі емес, су шығынының максимумы жазда болады. Батыс пен Шығыс Сьерра-Мадре тауларының беткейлерінен қысқа, бірақ суы мол бірнеше өзен ағады. Олардың ішіндегі ең суы молы – Бальсос өзені.

Бұл аймақта сұр, қызыл-қоңыр және қоңыр топырақта өсетін далалы шөлейт өсімдіктері басым болады. мұнда өсімдік жамылғысында кактусың 500 ге дейін түрі кездеседі,сонымен бірге опунция, агава және көптеген пайдалы өсімдіктер де бар. Әсіресе кактустың бір түрі цереустер ерекше көзге түседі, олардың биіктігі 20 метрге жетеді,кірпі тәріздес кактус діңгегінің жуандығы 2 метрге дейін жетеді. Осындай кактус өсімдігінің бойында 2 тоннаға дейін су болады, оның қышқыл-тәтті жұмсағы тағамға пайдаланылады.

Бұл аймақтың ландшафтына кактустармен,агавалармен және опунциялармен қатар лилия туыстас өсімдіктер қатарына жататын ағаш тәрізді юккалар да тән болады. шөл далада суккументті өсімдіктермен бірге бұталар және мексит,гвайюля сияқты басқа да аласа ағаштар жиі кездеседі.

Бұл аймақта жауын-шашын мөлшері бірте-бірте молайып келе жатқанына байланысты шөл далалардың шөлейт далаларға,шөлейт далалардың тропик далаларға айнала бастағаны байқалады. Дала учаскелері Сонорада және Мексика тау қыратының солтүстігінде кездеседі, әсіресе ол Орталық Месада көп. Жауын-шашыны мол тау беткейлерінде 1000-1200 м биіктікке дейінгі жерді мәңгі көк-жасыл ормандар басып жатыр. Таудың ортаңғы белдеуінде аралас және қылқан жапырақты ормандар бар, оларда емен, жаңғақ, қарағай, самырсын және арша өседі. Вулканды Сьерраның 4000м. биіктіктен жоғарғы жағын альпі шалғыны басып жатыр.

Орталық Америка

Солтүстік Американың оңтүстіктегі жіңішкерген, тропиктік ендіктерде жатқан бөлігі Орталық Америка деп аталады. Ол Солтүстік Американы Оңтүстік Америкамен жалғастырады, ал табиғат жағдайлары тұрғысынан қарағанда екі материктің аралығындағы өткел- территория сияқты. Кариб теңізіндегі аралдар тобы да табиғаты жағынан Орталық Америкаға жақын және оның құрамдас бөлігі болып саналады.

Тектоникалық тұрғыдан алып қарағанда Орталық Америкаға ішінара Кордильер белдеуінің ерекше аймағына Антиль-Кариб аймағына жатады.

Климаты, өсімдігі және жануарлар дүниесі жағынан алғанда Орталық Америка Оңтүстік Американың солтүстік бөлігіне неғұрлым жақын тұрады.

Орталық америка мойнағы, аралдар мен олардың арасында жатқан Кариб теңізі және оған Атлант мұхитының іргелес бөліктерін қоса алғанда ол тектоникалық жағынан құбылмалы аймаққа жатады. Онда құрлықтың тым жоғары көтерілген учаскелермен қатар аса терең ірі ойпаттар –үнемі ойысып отырған және тұнба жиналып жатқан учакелер бар. Тұтасынан алғанда бүкіл Орталық Америка сейсмикалық құбылыстар және осы заманғы вулканизм күшті дамыған ауданға жатады.

Орталық Америка құрлығы Америка мен Атлант мұхитының аса ірі теңіз бассейні-мұхиттық тұрпаттағы жас ойпатқа орналасқан Кариб теңізінің жан-жағынан қоршап тұрады. Су асты шоңғалдары бұл ойпатты тереңдігі 4-5мың метрге жететін бірнеше қазан шұңқырға бөледі. Тропик белдеуінде жатқандықтан Кариб теңізі суының температурасы жоғары болады және тұздылығы мұхит суына тән мөлшерде болады(судың орташа айлық температурасы оның үстіңгі қабатында +230 +270С, ал бірнеше ондаған метр тереңдікте +40С-ден сәл жоғары)

Кариб теңізі арқылы Атлантика мұхитынан Мексика шығанағына пассаты ағыстың суы келеді, оның Мексика шығанағынан шыға берісіне Гольвстрим ағысы басталады.

Маусымнан қазанға дейін Кариб теңізі үстімен тропиктік күшті дауылдар өтеді, аралдар халқын ауыртпалыққа ұшыратады. Теңіздің экономикалық және стратегиялық маңызы өте зор, өйткені ол Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа Панама каналы арқылы өтетін су жолының үстінде жатыр. Теңіздің жағалауында көптеген ірі порттар бар.

Орталық Америка шеңберінде екі физикалық-географиялық аймақ қарастырылады. Олар: Мойнақ және Аралдар.

Мойнақ

Орталық Американың бұл аймағына шығыста Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің, ал батыста тынық мұхиттың аралығында жатқан құрлық алқабы кіреді. Орталық американың солтүстіктегі шекарасы-Балсас өзенінің тектоникалық аңғары арқылы, ал оңтүстіктегі шекарасы Дарьен шығанағынан Тынық мұхитқа қарай, яғни Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірімен ұласатын жері арқылы өтеді.

Екі мұхиттың аралығында жатқан құрлық алқабының ені Юкатан түбегі аймағында 860км-ге жетсе, ал мейлінше жіңішкерген учаськесінде (панама мойнағы) не бары 50км. Мойнақтың едәуір бөлігі таулы келеді. Ол тауларға жер бедерінің тілімденуі, осы заманғы вулканизм және жер сілкінуі сияқты құбылыстар тән.

Тынық мұхит жағалауы бойымен ұзыннан- ұзақ жіңішке ойпат жатыр,ол теңіздік, аллювиалдық және жанартаулық заттардан құралған. Бұл ойпат төрттік кезең тұсында пайда болған. Оның жағалау жиегі шамалы тілімденген, кей жерлерде ол түзу болады. оған құм қайыр мен төбелер тән. Мойнақтың қиыр оңтүстігінде ғана таулар жағалауға төніп тұрады. Соның нәтижесінде шағын түбектер мен қолайлы қойнаулар пайда болған.

Тынық мұхит ойпатында биіктьігі 2000-3000 метрге жететін тау жоталары бой көтереді, олар кристалл немесе қатпарлы тұнба заттардан, сондай-ақ вулкандық құбылыстар кезіндегі атқылаған жыныстардан тұрады. Ларами дәуірінде қалыптасқан алқап бұл маңда барған сайын жіңішкере береді де, Кариб теңізінің жағасына жеткенде еніп жоқ болады. мойнақтың басым көпшілік территориясын Оңтүстік Сьерра-Мадриа тау жүйесінің орталық аймағымен Чиапас таулы алқабы алып жатыр. Чиапастың батыс жақ бөлігінде борпылдақ шөгінді жыныстарға толып қалған үлкен ойпат бар. Таулардың Тынық мұхит жағындағы беткейлердің қуалай қазір сөніп қалған және жаңадан пайда болған жанар таулар тізбегі бой көтереді. Орталық Американың ең биік шыңы Гватемала тауларындағы қазір өшіп қалған Тахумулько вулканы (4217м) болып табылады. Такана вулканы да соған жетеқабыл (4064м). Қазіргі атқылап тұратын Фуэго, Санта-Мариа және Атитлант жанар тауларының биіктігі 3000 метрден асады, ал Панамадағы Чирики жанартауының биіктігі – 3478 м. Коста-Рикадағы Ирасу жанар тауы көп уақыт үзілістен кейін қайтадан атқылай бастады.

Таулар көптеген алқаптар мен жоталарға бөлінеді, оларды тектоникалық және эрозиялық құбылыстардың әсерінен пайда болған ойпаттар мен терең аңғарлар бөліп жатады. Жер бедерінің едәуір абсолюттік биіктікте жатқан осы бір ойпаң жерінде Орталық Америка республикаларындағы елді мекендердің басым көпшілігі орналасқан, жалпы халықтың едәуір бөлігі осында тұрады.

Никарагуа территориясына жеткен таулар күрт үзіліп, кең алқапты ойпат басталады, содан соң Панама мойнағын түгелдей алып жатқан таулар қайтадан басталады. Әлгі ойпатты тектонистер Кордильер таулары мен Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының шекарасы деп қарастырады. Бұл ойпатқа жоғары дәрежедегі сейсмикалық құбылыс тән. Соңғы рет 1973 жылы болған жер сілкіну кезінде елдің астанасы – Манагуа қирады.

Орталық американың Кариб теңізі жағындағы жағалау ойпаты Тынық мұхит жағындағы жағалау ойпатына қарағанда едәуір енді келеді. Ол әсіресе Юкатан түбегі тұсында ерекше енді. Никарагуа шеңберінде ойпат кеңейе береді де, батпақты Шіркейлі жағалау құрайды. Жағалау ойпаттары барлық жерде дерлік балшық жыныстардан тұрады, ал мұның өзі ол жерлердің батпақтануына апарып соғады. Бірақ Юкатан түбегінде жердің үстінгі бетіне неоген дәуіріндегі әк қабаты көтерілген, ол Флорида түбегенің бетін түзетін әк қабаттарына өте ұқсас болады. Юкатан түбегінде жауын-шашын мөлшері көп болған кезде, онда карсты құбылыс процесстері күшті қарқынмен жүреді. Мұның өзі жер бедері мен гидрография формаларына әсер еткен.

Кариб теңізі мен Мексика шығанағының жағалаулары ойпатты келеді, оның теңізге қарайтын жағы көсілген жазық, бұл жазықты құм қайыры мен қатар-қатар болған құм төбелері (лагуналар) бөліп жіберіп отырады. Жағалау бойында кеме қатынасын қиындататын көптеген ұсақ аралдар мен су асты маржан жартастары кездеседі.

Орталық Америка тұтастай дерлік жауын-шашыны мол және температурасы жоғары аймақта жатыр. Ойпаттар мен таудың 1000метр биікке дейінгі төменгі етектерінде жылдық температура мейлінше бірқалыпты сақталады, ең ыстық айдың ең суық айдан айырмашылығы небары 3-50С шамасында ғана, соның өзінде ауаның температурасы +200С-ден ешқашан төмен түспейді. Таудың биіктігі 1000 метрден астам беткейлерінде температура әдетте +200С-ден аспайды. Температураның жылдық ауытқуы да болар болмас мөлшерде. Орталық Американың ілуде бір шыңдарында ғана (мысалы Тахумулько) температура 00 –тан төмен болады және қар жатады.

Алқаптың Атлант мұхитына қараған жағының бір бөлігі біршама ылғалды тропиктік ауа ағынының ықпалында болады, бұл ылғал ауаны солтүстік-шығыстан әсіресе жаз айларында күшті соғатын пассат желдері алып келеді. Осыған байланысты Орталық Американың шығыс және солтүстік- шығыс жағалаулары мен тау беткейлерінде жауын-шашын бүкіл жыл бойы мол болады, ал оның максимумы жаз айларына келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері қай жерде де 2000 мм-ден кем болмайды, ал Шіркейлі жағалауының кейбір жерінде тау беткейлерінде жылына 4000-5000 мм жауын-шашын түседі.

Орталық Американың батыс бөлігіне жылдың суық жартысында Тынық мұхит максимумы әсерін тигізеді, ал жаз кезіндегі ауа ағыны оған Кариб теңізі мен Мексика шығанағына таяу жатқан аудандарға қарағанда ылғалды аз жеткізеді. Сондықтаг да онда қысқы кезең біршама құрғақ келеді, ал жауын-шашынның жылдық мөлшері шығыс бөлігіне қарағанда едәуір аз болады. орталық Американың қиыр оңтүстігі субэкваторлық белдеуде жатыр. Ол жаққа жауын-шашындыы экваторлық ауа ағыны оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан алып барады. Жауын-шашын негізінен жаз айларында көп болады.

Орталық Америка кішігірім болғанымен, мол сулы, ағысы күщті өзендер көп. ең басты су айрығы Атлант мұхитынан гөрі Тынық мұхитқа таяу жотплпр арқылы өтеді. Кариб теңізі мен Мексика шығанағына құятын өзендердің неғұрлым ұзын болатыны да сондықтан. Олардың суы Тынық мұхит жақ беткейдегі өзендерге қарағанда сол болады, өйткені жауын-шашын көп түсетін территория арқылы өтеді. Ал Юкатан түбегіндегі жағдай мүлде өзгеше. Онда карстық процестердің күшті даму салдарынан жер бетімен ағатын өзендер жоқ

Көптеген өзендер таудан шығысымен жағалау жазығына жайылып кетеді, батпақтандырып жібереді. Мұндай батпақты жерлер әсіресе Тынық мұхит жағалауымен Шіркейлі жағалауында көптеп кездеседі.

Тауды таудан бөліп жатқан тектоникалық ойпаттарда көлемі үлкен терең көлдер жатыр. Олардың ішінде ең ірісі – Никарагуа көлі. Оның ұзындығы – 167 км, ал ең терең жері – 70 метр. Көлде көтеріліп тұрған аралдар бар, оларда атқылайтын жанартауларда, сөніп қалған жанар тауларда кездеседі.

Орталық Американың органикалық дүниесі өзінің пайда болуы мен құрамы жағынан Оңтүстік Американың солтүстік бөлігіне ұқсас келеді, дегенмен өсімдіктері мен жануарлар дүниесі байлығы жағынан Оңтүстік Америка материгінен біршама кейін тұрады. Өсімдік түрлерінің таралуына жауын-шашынның мөлшері мен режимі үлкен роль атқарады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.013 сек.)