АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 18 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Судан жазықтарында ландшафт типтерін өсімдік жамылғысы анық сипаттайды. Ол экологиялық жағдайларға байланысты геоботаникалық Сахель, Судан, Гвинея зоналарына бөлінген батыс Суданда жақсы зерттелген. Сахель зонасында оңтүстігінде шөлді акация саванналарына айналатын шөлейтті тікен ағашты формация таралған. Шөлейттерге биіктігі 1-5 м бұталар мен редуценттелген топырағы және мол тікендері бар (ұзындығы 5 см) кәдімгі ксераморфты аласа ағаштар тән. Бұталар мен ағаштардан акация түрлері көп. Дақылдардан жабайы тары кездеседі. Бұл зона өсімдіктердің тіршілік циклі тек 2-3 айға ғана созылады. Акация саваннасында ағаштар бұталарға қарағанда басым. Бұл негізінен акация түрлері, олардың жапырақ пішіні кактусқа ұқсайды.

Судан зонасында құрғақ 4-6 айда қурап қалатын дақылдар өсетін кәдімгі саванна кең таралған. Дақылдар ксераморфты, биіктігі 1-1,5 метр болады. Ағаштардан акация, сүттіген, баобаб, пальмалар өседі. Бұл формацияға майлы ағаш немесе карите (Butyrospermum parkіі) тән. Карите мен кейбір басқа ағаштар жыл сайын жүргізілетін дақылдар өтіне төзімділік қасиетіне ие. Осындай профильді ағаштардың діңгегі қалың қабатпен қорғалады. Ал басқа ағаштар терең тамыр жүйесі арқылы көбейе алады. Ағаштар мен дақылдар ойпаттардағы қызыл-құба топырақтарда жақсы дамиды. Биіктегі қызыл-қоңыр топырақтарда құрғақ ормандар өседі.

Гвинея зонасында Оңтүстік Судан ландшафтарына парк сипатын беретін ылғалды биік шөптесін саванналар мен аралас ормандар басым. Биік шөптесін саванналар екіншілік қызыл түсті топырақ дамитын суайрық үстрттері алып жатыр. Орман массивтері грунт сулары жақын аңғарлар мен қазаншұңқырларда өседі. Онда мезо- гигрофитті түрлер кездеседі.

Өзен аңғарларын бойлай мәңгі жасыл гигрофиттер түрінен құралған галерея ормандары солтүстікке қарай бағытталады. Оларға поданус (Pandanus spp.) капок (Ceіba spp.) жабайы кофе ағашы (Coffea lіberіca) жатады.

Құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктер солтүстік пен шығысқа қарай өсетін континенттік климатымен анықталатын Судан ландшафтарының айырмашылықтарын атау қажет. Осы белгілер бойынша Суданда Атлант маңы Сенегамбия жазықтары, Орта Нигер, Чад көлі мен Ақ Ніл ойпаттары бөлінеді.

Солтүстік Гвинея облысында ылғалды экваторлық ормандар 1000 м биіктіктегі тау беткейлері мен жағалау маңы ойпатын алып жатыр. Ормандар екі ірі батыс гвинеялық және шығыс нигериялық массивтерді құрайды. Гананың құрғақ бөлігінде оларды пальма өскен ылғалды саванналар бөліп тұр. Гилеялар өзен сағаларындағы мангр белдеуінен кейін және жағалау маңындағы құмдарда өсетін кокос пальмаларынан (Cocos nucіfera) кейінгі жағалаудан біршама қашықтықта басталады. Гилеялар көлемі ағаш кесумен плантация жерлері есебінен қысқарды.

Солтүстік Гвинея қыратының батыс жиегі Фута-Джаллон массиві. Бойлық сырғымалары мен бұзылған массивтің кристалдық фундаментін латеритті сауытпен денудациядан сақталған төменгі полезойдың тығыз кремний құмдары жауып жатыр. Осындай сауыттармен жабылған үстірттер тасты жазықтар түрінде сипат алады.

Фута-Джаллоның биіктігінің (Гиоми 1500 м) салыстырмалы аз болуына қарамастан, оның шыңдарында көп жауын-шашын түседі. Атмосфералық жауын-шашын кертпештерден түсетін көптеген өзендерді қоректендіреді. Осы жерден Сенегал мен Гамбия басталады. Латеритті қабықшасыз батыс беткейлерде құрғақ маусым 4-5 айға созылатын Гамбияға дейін түсетін алғашқы аралас Казаман орманы сақталған.

Фута-Джаллон шығысында Лома (1946 м) және Нимба (1854м) тауларындағы биіктігі басым, кристалдық жыныстардан құралған Гвинея таулары көтеріледі. Оңтүстік жел жақ беткейлерде 1000 м биіктікте төменгі температуралар облысында ағаш тәрізді папортниктер, эпифиттер (орхидея, бегоня), қына өскен таулы гилея ормандары бар.

Гвинея таулары және Того мен Дагомея бойлық кварцитті жоталар аралығында кристалдық жыныстар аласа (400-500 м) еңістелген үстірттерді құрайтын тектоникалық иін орналасқан. Оти-Вольта алабында иінді құрылымды баспалдақты жазықтарды құрайтын кембрийге дейінгі құмдар сақталған мульда кесіп өтеді. Биіктігі аз болғандықтан Солтүстік Гвинея бұл жерде ландшафтты климаттық бөгет ретіндегі маңызын жоғалтады.

Того мен Дагомея тауларының шығысында кристалдық пенеплен ежелгі Нигер мен Бенуэ тектоникалық ойпаттарымен шектелген Баучи үстіртіне (2010 м) қарай 500-1000 м биіктейді. Камерун таулы қыратының көлеңкесіндегі Баучи үстіртінің өсімдігі далалық және саванна ормандары орнындағы екінші формация болып табылады.

Конго ойпаты мен оның шеткі көтерілімдері

Конго ойпаты – Африкалық платформаның тұйықталған ең ірі синеклизасы (көлемі – 3 млн км2). Солтүстігінде Азанде жотасы, батысынан оңтүстік Гвинея көтерілімдері оңтүстіктен Лунда-Катанга – пенепленденумен тегістелген ежелгі кристалдық іргетасының антеклизалар сақинасымен қоршалған. Оңтүстік Гвинея мен Лунда-Катанга құрылымында кембрийге дейінгі тұғырдың әлсіз зоналарындағы платформалық геосинклинальдарда дамыған. Үзілісті қатпарлар сақиналы белестің шығыс секторы биік және жер бедері тілімделген. Оны Шығыс Африканың жарылымдар жүйесін батыстан қоршған горсттық және жанартаулық массивтер құрайды.

Конго ойпатындағы кембрийге дейінгі іргетас жоғары палезойда басталып, Калахари шөліндегі құмдарға ұқсас құмдардың шөгуімен аяқталған қалың континенттік тастопшалар (свита) астында жатыр. Олардың іздері солтүстік және оңтүстік көтерілімдерде сақталып, плейстоценде түзілген ойпат иімдерінің жас екендігін көрсетеді. Иін орталықта қалың болып, төменгі және жоғарғы екі «платформаң түзілуіне алып келді. Төменгі ойпат түбі 300-500 м биіктікте жатыр. Жоғарғы бөлік еңістелген үстірт түзіп, 500-1000 м көтеріледі. Ол төменгі платформадан Конго сарқырамаларынан жақсы көрінетін биіктігі 100-300 м кертпештермен бөлінген. Сарқырамалардың екінші сақинасы жоғарғы платформалардан шеткі шыңдарға өткелдегі беткейлер иінін сипаттайды.

Иіндер өзен торының құрылымына әсер етті; үштік кезеңде Чад көліне құйған өзендер ойпат түбіндегі Бусира көліне бұрылды. Плейстоцен аяғында бұл көлді Оңтүстік Гвинеяның батыс беткейлеріндегі өзен ағызып, Конго өзенінің қазіргі ағысы қалыптасты. Осылайша Конго ежелгі және жас өзендердің қосылуынан пайда болған.

Азанде көтерілімінің биіктігі 900-1000 м, қалдықты гранит массивтері бар ежелгі кристалдық жыныстардағы пенеплен (Гау тауы-1420 м). Ол батысында жарылым бойынша төгілген лава ежелгі негізді жауып жатқан баспалдақты Камерун таулы қыратымен шектеледі. Осы жаралымдармен жағалау маңы ойпатындағы дербес орналасқан Камерун жанартауының түзілуі де байланысты.

Оңтүстік Гвинея көтерілімі – биіктігі 700 м, Конго ойпатының шетінде көтеріліп, бор және үштік теңіз шөгінділерінен құралған Атлант маңы жағалауының тар аккумулятивті жазығына тік құлама жасайды. Терең өзен аңғарларының торы Оңтүстік Гвинеяны жеке массивтерге (Хрустальные таулары, Шайю таулары) бөледі.

Лунда-Катанга көтерілімі батыста биік Бие кварцитті массивімен (Моко тауы – 2610 м) басталады. Оған Касаи мен Замбези биіктегі баспалдақтарынан бастау алатын кең және тегіс Лунда үстірті жанасады. Шығысын бөлшектенген палеозой құрылымдарының Катанга алып жатыр. Катанга-метоллогения көлемімен мыс, цинк, ваннади, кобальт, қорғасын және хромит қорымен өндірісі бойынша Африкадағы ең ірі аймақ. Жарықтар сызығымен Катангада Митумба горсты – жақпарлы жотасы көтеріліп, терең ойпаттар төмен түскен. Олардың біреуінде Мверу көлі жатыр, Упемба грабенінде Луалабаның жоғарғы ағысы өтеді.

Экваторлық және субэкваторлық ендіктердегі географиялық орны, анық климаты мен ландшафтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Ойпаттың солтүстік бөлігі (20 о.е.) экваторлық белдеуде, Азанде мен елдің оңтүстік бөлігі – экваторлық муссон белдеуінде орналасқан. Пассаттар алып келетін континенттік тропиктік ауа ылғалды гилеяларда экваторлық ауаға ауысады. Конго ойпатында ылғалды ауа массалары мұхиттан да келді: жазда Гвинея шығанағының оңтүстік-батыс муссондары, ал қыста Үнді мұхитының оңтүстік-шығыс пассаттары енеді.

Жыл бойы күннің тас төбеде орналасуынан ылғалды ауа массаларының белсенді конвексиямен жылынуы бірқалыпты болады. Экватор маңында орташа айлық температуралар 23-250С аралығында ауытқиды, тек шеткі биіктігі мың метр шыңдарда маусымдық ауытқулар байқалады: Катангада ең жылы ай температурасы 240С, ал ең салқын айда 160С болады.

Қуатты конвекциялық ауа ағымдары түстен кейін және түнгі нөсерлерден тарайды. Конго ойпатындағы жылдық жауын-шашын мөлшері орталық аймақтарда 2000-2200 мм. Оңтүстік Гвинеяның жел жоқ беткейлерінде жауын-шашын 3000 мм көтеріледі, ал Камерун вулканы беткейлерінде Африкадағы ең үлкен шама 10000 мм жетеді.

Жыл бойы жауын-шашын бірқалыпты жауады, бірақ күзгі және көктемгі максимумдар сипат алады. Құрғақ маусым ойпаттың солтүстік және оңтүстік шетінде, Конго сағасының оңтүстігіндегі Атлант маңы ойпаты бойында байқалады. Азанде мен Лунда-Катангадағы жылдық жауын-шашын мөлшері жоғары (1500-1700мм), тек қана 2-3 қыс айында гилеялар өсуіне қажет жауын-шашын мөлшерінен аз болады (30мм). Оңтүстік Атлант максимумы мен суық Бенгаль ағысының пасаттық инверсиясының ауа ағындары әсерінен Атлант маңы ойпатында 500 мм жауын-шашын түседі.

Конго ойпатындағы булану мен сіңіп кеткен ылғал шығыны кірісінің жартысын құрайды. Құрлықтағы қуатты ағын жүйесінің қалыптасуына ең қолайлы жағдайды Конго өзені туғызады. Конго бастауы Мверу өзеніне дейін Луапула, кейін ірі Луалаба саласына дейін Лувуа деп аталады. Ал Стэнливилядан кейін Конго деп аталады. Луалаба Замбези бастауында Лунда-Катанганың суайрық жазығында басталады және ол Конгоның басты саласы болып табылады. Жоғарғы ағысында ол батпақтар мен көлдер (Упемба, Кисале) арқылы ағып өтеді суайрық қыраттан ойпаттың құнды платформасына түскенде өзен Конде сарқырамасын құрап, Танганьикадан ағып шығатын Лукуга саласын қабылдайды. Бұл өзеннің ағыны тұрақты емес және көлдегі су деңгейі ауытқуларана тәуелді болады.

Лукуга құяр жерінен тығыз кристалдық жыныстарға кездесіп, тар шоңғалды арнамен шатқал бойынша ағады. Стэнли сарқырамалары өзінің жоғарғы платформадан ойпат түбіне түсетін жерде орналасқан. Конго аңғары ойпаттың тегіс жазығында кең, тегіс және батпақтанған. Өзен құмды аралдармен көптеген кең салаларға бөлініп, солтүстік бөлігіндегі доғасынада ең кең жері 55 км-ге жетеді.

Конго өзені ойпатта ірі салаларын: оң жағынан Арувими мен Убанги, ал сол жақтан Руки мен Ква құяды. Соңғы сала қуатты сала Касан мен Квандо қосылуынан түзіледі.

Ква құяр жерінен Конго Оңтүстік Гвинея көтерілімін кесіп өтетін аңғар түзеді. Стэнли-Пул көл тәрізді жайылмасына дейін ол арнасы 400 м-ге дейін тереңдігі 10 м шатқалмен ағады. Көлден шыққан Конгоның төменгі ағысының шатқалы басталып, өзен 32 Ливингстон сарқырамасынан өтеді.

Аңғардан шыққаннан кейін Конго жағалау маңы ойпатына шығып, кеңейіп арнасы тереңдейді. Бома қаласы маңында Атлант мұхитына құяр кезде 400 м тереңдейтін эстуарий басталады. Су асты каньоны Конго аңғарынан 233 км созылып, 2000 м тереңдікке жетеді. Ол Y тәрізді пішінді және 10000 жыл бұрын су астына батқан өзен бөлігі болып табылады. Мұхитта сары тұщы су ағыны сағадан 75 км қашықтықта анық көрінеді.

Ойпаттың ең төмен жерінде өзен жүйесіне Бусира көлінің реликтілері - Тумба және ІІ Леопольд көлдері қосылған. Бұл батпақтармен жай ағатын өзен үшін эрозия базисі болып табылады. Суайрықтар анық емес және кең жайылмалар өзен деңгейінің аз көтерілуінен де болады.

Орасан зор алаптан су жинайтын Конго жылдық ағын көмегімен тек Амазонкадан кейінгі орынды алады. Орташа жылдық шығын (40000 м3/сек) маусым бойынша аз өзгереді. Ағын тәртібінің бірқалыпты болуы әр қалыптағы су тасуларының өзеннің әр түрлі ағыстарына бөлінуінен болады. Жоғарғы ағыста максимальды шығын Оңтүстік жарты шардың жауын-шашынды маусымында қаңтардан наурызға дейін байқалады. Конгоның орта ағысында солтүстік салалар әсер етіп, солтүстік жарты шардың жауын-шашын маусымының аяғында су тасқыны жүреді. Жеті айдан соң, мамырда Орта Конго тасуы төменгі ағысқа жетеді. Ква құяр жерінен төмен өзен жазғы маусымда жоғары көтеріліп, желтоқсанда максимумға жетеді.

Конго – экваторлық Африканың кеме жүретін басты артериясы, бірақ көптеген шоңғалдар кеме жүруіне кедергі тудырып отырады. Кеме жолдарының жалпы ұзындығы – 2700 км.

Камерун жанартауынан Конго ішіне қарай 2400 км және экватордан екі жаққа қарай 3-40 солтүстігі мен оңтүстігінде аралас ормандар қосылған Африканың ең ірі мәңгі жасыл ормандар массиві – Ұлы Экваторлы орман созылып жатыр. Қазіргі уақытта ормандар көлемі қысқаруда. Ломами мен Санкуру арасындағы суайрық үстірттерде және басқа да жерлерде саванналар су өткізбейтін құмтастарда орналасып, экваторға дейін жетеді. Ылғалды экваторлық ормандар, сонымен қатар, латеритті сауыты бар жазықтарда өспейді.

Конго гилеяларында бұршақ, пальма, стеркули, тұт, сүттіген, комберт тұқымдастар өкілі басым. Амазонкаға қарағанда, лианалар әр түрлі орхидеялы және фикустар түрінде, ал эпифиттер папортниктер түрінде кездеседі. Кәдімгі гилеялар Оңтүстік Гвинеяның солтүстік бөлігін және Конго ойпатының шығыс бөлігін алып жатыр; ойпат батысындағы Конго аңғарындағы және Тумба мен ІІ Леопольд көлдері айналасында оларды артық ылғалданған сирек және аласа гилеялар бөліп жатыр. Жер бетіне тамыры шығып жатқан ағаштардан түзілген ормандар (Uapaca, Myrіanthus, Mіtrogyna spp.) Бусира көлі қайтқан соң Конго ойпатында алғаш пайда болған ормандар.

Ұлы Экваторлы ормандардан тыс Конго аумағын аралас ормандармен бірге биік ылғалды саванналар қоршап жатыр. Аралас ормандар егіншілік болып табылады және олар кесілген ормандарда бірнеше жылдан соң пайда болып, түрлі құрамы кедей және қатты қабықшасы болмайды. Оларда Musanga smіthіі, майлы пальма тән. Оңтүстік Гвинея көтерілімі бойынша жеке массивтер 120о.е. дейін жетеді. Құрғақ маусым 3 айға дейін созылуына байланысты мәңгі жасыл ормандар аралас ормандарға ауысады.

Конгоның табиғат жағдайларының әркелкі болуы келесі облыстарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Аңғарлар бойындағы галерея ормандары мен ылғалды саванналар, ылғалды-маусымдық пенепленденген қристалдық Азанде көтерілімі. Бұл жерде саванналар биіктеген сайын таулы далаларға ауысатын жанартаулық Камерун таулы қыраты маңызды орын алады.

Биік Африка

Биік Африкада физикалық-географиялық елдер шекаралары орографиялық белестер болып табылады, ал елдердің өзі – Абессамалия, Шығыс және Оңтүстік Африкалық платформаның құрылымдық-морфологиялық облыстарына ұқсас келеді. Олардың әрқайсысында географиялық зоналылық пен құрылымдық-морфологиялық аймақтылық сәйкес келеді.

Абессомалия – биіктік белдеулер мен беткейлер экспозияциясына, қатты тілімденуінен табиғаты әркелкі болып келегн, жақпарлы тектоникамен бөлшектенген көрнекі орналасқан ел.

Шығыс Африка – жарықтар мен бұзылған таулы үстірт. Шығыс Африканы экватор кесіп өтеді, бірақ оған саванналар мен сирек ормандар ландшафтары тән.

Оңтүстік Африка – Африкалық платформаның белгілерін сақтаған және ішкі аймақтарында тектоникалық дислокациялармен аз бұзылған. Оңтүстік Африка ландшафтары ылғал мен жер бедеріне байланысты әркелкі болып келген.

Эфиопия және Сомали (Абессомалия)

Абессомалия деп аталатын бір тұтас табиғи елге Абиссин таулы қыраты, Сомали түбегі мен Афар ойпатын біріктіреді. Оған бірдей геологиялық даму, тектоникалық бөлшектену мен ерекше құрылымдық-морфологиялық облыстардағы табиғи жағдайлардың айырмашылығы тән.

Абессомалия іргетасы кристалдық кембрийге дейінгі жыныстар құрайды. Оларда палеозой-мезазой басының континенттік тастопшалары (свиталары) мен орта юра-жоғарғы бор теңіз шөгінділері жатыр. Теңіз тәртібі Абессомалияда неоген басына дейін сақталып, кейін эритрей антеклизасына қосылды. Неоген мен төрттік кезең басында антеклиза күмбезінде, жарылымдар бойында Қызыл теңіз грабені, Абиссин таулы қыраты, Абиссин грабені, Афар ойпаты түзіліп, Сомали түбегінің жағалауы пайда болды. Жарықты тектоника базальтты лавалар төгілуімен қатар жүріп, жанартаулар пайда болды.

Абиссин таулы қыраты оны қоршаған жазықтардан бірден биіктейді. Ол батысқа қарай еңістелген және оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай 2000 м – 3000 м көтеріледі. Оның оңтүстік және орталық бөліктеріне базальт төгілген, ал солтүстікте ежелгі іргетас граниттері жерге шығып жатыр. Базальтты үстірттерден жер бедеріне тән тегіс лава қалдықтары биіктейді (амбалар). Биік, тілімденген Семиен таулары таулы қыратының ең биік Рас-Дашан шыңымен (4620 м) бірге Атбара мен Такказе өзендерінің жоғарғы ағысы аралығында орналасқан. Оңтүстікте Көк Ніл маңында Чоке таулары көтерілген. Семиен және Чоке таулары аралығында Тана көлінің қазаншұңқыры орналасқан. Сомали түбегінен таулы қырат 800 км Абиссин гребенімен бөлінген. Оның беткейлері ағынсыз көлдер (Стефания көлі 520 м, Чамо – 1050 м) т.б. алып жатқан қазан шұңқырлардың көлденең сілемдері мен бөлінген түбіне тік құлама жасайды. Шеткі аймағы мен грабен түбінде биік жанартаулар көтеріліп, фумаролдар мен ыстық бұлақтары бар. Бұл күшті жер сілкінісінің аймағы.

Абиссин таулы қыраты субэкваторлық белдеуде орналасқан, бірақ жеке аймақтарының климаттық ерекшеліктері көп. Оңтүстік шығыс беткейлеріне шілде-тамызда үнді муссоны жауын-шашын алып келіп, оңтүстік батыс беткейлері Судан мен Конго желдерімен ылғалданады. Солтүстік беткейлер тропиктік белдеуге орналасуына байланысты құрғақ. Қыста Қызыл теңіздің ылғалды желдеріне қараған шығыс беткейлерінде жауын-шашын аз түседі. Таулы қыратта биіктік климаттық белдеулер ақын байқалады.

Таулы қыраттан солтүстік-шығыс Африканың ірі өзендері – Такказе, Атбара, Көк Ніл, Собат, Омо ағып келеді. Олардың ішінде Көк Нілдің суы мол. Жоғарғы ағысында лава ағынымен толған Така көлі арқылы ағып өтеді. Көл ауданы үлкен (3100 км2), бірақ тереңдігі аз (100 м) және ол өзеннің жылдық ағынының 7%-ын қамтамасыз етеді. Көк Ніл шығыны көлден шыққанда маусым бойынша ауытқиды. Көлдегі су деңгейі мен Көк Ніл шығыны мамыр-маусымда аз, ал үнді муссонының жауын-шашын маусымы аяғында, қыркүйек айында жоғары болды. Көк Ніл көлден шығып, 500 км қашықтықта Абиссин таулы қыратын тереңдігі 1200 м каньонмен кесіп өтеді. Көк Ніл мен мен Атбара суы өсімдікке қажет кальций бар лайдың көп мөлшерін Судан мен Ніл аңғарына алып келіп, табиғи құнарлықты молатады.

Ландшафтардың биіктік белдеулері климаттық белдеулерге сәйкес келеді. Алғашқы колла (ыстық) белдеуі 1800-2000 м биіктікте орналасқан. Орташа айлық температуралар 200С-ден төмен түспейді, ыстық күндер (мамыр) жауын-шашындар алдында орнайды.

Колла белдеулерінің таулы үстірттерін саванналар, жел жақ беткейлер – мәңгі жасыл ормандар мен кофе ағаштарының плантациялары, желге қарсы беткейлерде-тікенекті бұталар алып жатыр.

Война-дега (қоңыржай) екінші белдеуі 2400-300м биіктікке көтеріледі. Бұл жерде ең жылы айда (сәуір) орташа температуралар 160-180С-ден аспайды, ал салқын айлары 130С-ден төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм, құрғақ маусым қазан-ақпан айлары, ал ылғалды маусым наурыз-қыркүйек айларында болады. Таулы қыраттың оңтүстік бөлігінде Күннің тас төбеде екі рет орналасуына байланысты екі жауын-шашынды кезең орнайды.

Геоботаникалық карталарда война-дега белдеуінде далалар көрсетіледі, бірақ нағыз далалар үшін бұл жерде ылғал көп. Температуралар төмендеуінен пальмалардың мегатермиялық түрлері жойылып, бірақ өзен аңғарларында, үстірттерде гиганттық сикоморлар (Fіcus sycomorus), қолшатырлы акациялар, жабайы олива ағаштары (Olea chrysophіlla), сүттігендер (Euphorbіa abyssіnіca) басым. Тау беткейлерінде ағаш тәрізді аршалар (Junіperus procera) ормандары өседі. Бұл белдеуде бидай, тары сорттары шығарылған ежелгі жер өңдеу аймағы бар.

Үшінші дега (суық) белдеуі жыл бойы күшті желдер мен төмен температуралармен сипатталады. Оның төменгі шекаралары орманның жоғарғы шекарасы болып табылады. Бұл белдеудің суық климатына аласа шөптер мен жеке ағаштардан куссо (Hagenіa abussіnіca) төзімді.

Шығыстан Абиссин таулы қыратына Қызыл теңізден Данакиль горстты жотасымен бөлінген шөлейт облысы – Афар ойпаты жанасады. Оның солтүстіктен сазды-сорлы жазықтары теңіз деңгейінен төмен түскен (Ассале көлі –116 м) ал оңтүстікте терең депрессияларды қоршаған сырғымалармен бұзылған төменгі лава үстірттері жатыр (Ассалъ ойпаты –150 м, Африкадағы ең терең ойпат). Афар шеттерінде жанартаулар, соның ішінде сөнбеген Афдера жанартауы көтерілген. Афар ойпаты – жер шарындағы ең ыстық орындардың бірі. Жазда орташа температуралар 350С шамасында, ол қыста 250С-ге дейін төмендейді. Қызыл теңіз жақын орналасуынан ылғалдылық жоғары болды.

Афор ойпаты мен Абиссин таулы қыратына оңтүстіктен Сомали түбегініңқұрылымдық-баспалдақты үстірттер жанасады. Құрылымдық баспалдақтар мезозой мен үштік жыныстарда түзіліп, Абиссин таулы қыратының тауларынан (Какка тауы, 4190) аккумуляциялық жағалау маңы ойпатына төмендейді. Сомали түбегінде Үнді мұхитына жақын болуына қарамастан ылғал жетіспейді. Судан муссондары Абиссин таулары кедергісінен Сомалиге жетпейді. Жазғы Үнді муссонының Абиссин тармағы Сомалиге аз жауын-шашын, ал қысқы муссон Арабиядан құрғақ ауа алып келеді. Қысқы Сомали жағалауымен салқын ағыс өтеді. Түбектің көп бөлігіне жылына 250-500 мм жауын-шашын алады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)