АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 20 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Жерортатеңіздік массивке ұқсас финбош құрамына күміс ағашы (Leucadendron argenteum) аршагүл, бұршақ тұқымдастар кіретін протейн тұқымдастары кіреді. Жер беті жамылғысында жуалы және түйнектілер басым. Дүние жүзі бау-бақшалары мен бөлме өсімдіктерінің құрамына финбоштың көптеген өсімдіктері (цинерария, қазоты) еңген. Терең аңғарларда оңтүстік қылқан жапрақты ормандарды кездестіруге болады (podocarpus spp, wіddrіngtonіa junіperoіdes).

22° шығыс бойлық шығысында (Моссел-бей қаласы) құрлыққа ылғалды мұхиттық муссон енуінен жазғы максимум басымдылық көрсетеді. Тау беткейлерінде қалың аралас ормандар пайда болады. (podocarpus spp, лавр зәйтүні кап «букы» myrsіne melano-phoes). Жағалау маңы ойпатындағы жылы климатта Алгоа қойнауынан солтүстікке қарай «Наталья» пальмалар белдеуі созылып жатыр.

Кап тауларының алдыңғы жоталарынан келген құрғақ және ыстық аймақтарда оңтүстіктегі сванналарда далалардан кейін өскен шөлейт ландшафтары басталады. Олар таулы аймақтар мен Үлкен Кертпештін оңтүстік беткейлерінің Кап тауларының бөліп тұрған Үлкен Карру ойпатын алып жатыр. Бұл ойпат Үлкен Кертпешті ағаштың және тығыз долериттерден құралған көптеген қалдық массивтерін бөлген өзендердің регресивті эрозиясы әсерінен түзілген.

Үлкен Карру ойпаты алдыңғы үлкен кертпеш беткейі оңтүстігінде Калахари ойпатын шектейтін Жоғарғы Карру үстіртіне көтеріледі. Үстірт долерит интрузиялары енген Карру жүйесінің құмдарымен тақтатастарынан құралған. Пласты интрузиялар Снеэберен тауларында 2499 м-ге жететін оңтүстіктегі шеткі бөлікті қорғайды. Жоғарғы Карру климаты әсіресе батыста шұғыл континентті. Қыста қатты аяздар болып, ал жазда орташа температуралар 25°С-ге дейін көтеріліп, максимальды 38°С-ге жетеді. Шығысын шөлейттер, батыстан шөлдер алып жатыр.

Оңтүстік Африканың батыс жағалауындағы тропиктік белдеудің мұхит маңындағы секторында Намиб шөлі орналасқан. Жауын-шашын түспеуі Оңтүстік Атлант максимумының шығысындағы суық Бенгель ағысының пассаттық инверсиясына байланысты. Жазда тропиктегі шығыс және батыс жағалаудың орташа температуралар айырмашылығы 9°С құрайды (26°-17°С) Көктем мен күзде жағалауды қалың тұман басады жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге жетеді.

Шөл Оранжевая өзенінің оңтүстік сағасынан басталып солтүстіктегі Кунене өзеніне дейін 1500 км-ге созылады. Ол ежелгі кристалдық пенепленінің төмен бөлігін алып жатыр аласа таулы үстірттен батыс үстірттерінің тауалды жоталарына көтеріледі.

Оңтүстікте Намибтің тас беткейін тектоникалық иіндер мен жарықтардағы бойлық ойпаттар кесіп өтеді. Бұл аймақтасолтүстікке қарағанда қалың тұман, шық және тұрақты жауын-шашын (50-100 мм) болады. Осыған байланысты құрғақ арналар аңғарларында қалың өсімдік жамылғысы суккулентті бұталар (mesem-bryanthmum тас тәрізді жылдық өсімдіктер), аласа таулармен қатты шөптер («түйеқұс шөбі» Eragostіs spіnosa).

Солтүстік бөлігін хамада тәріздес тасты шөлдер мен 100 м биіктектегі қырқалы шағылдар алып жатыр. Жауын-шашын аз түседі (Свакопмунде жылына 19 мм) және салыстырмалы жоғары ылғалдылық пен грунт сулары өсімдік жамылғысының өсуіне мүмкіндік береді. Намибдің солтүстік бөлігінде қысқа қалың діңгегі мен ұзындығы 2 м тығыз 2 жапырағы бар ежелгі суккулент вельвичия белгілі (welwіtschіa baіnesіі).

Батыстағы шеткі үстірттер Намиб шөлінен құрғақ өзен арналарымен тілімденген Үлкен кертпеш беткейлерімен биіктейді (300-800м). Үстірттер Карру жүйесінің төменгі бөлігінің континентті тас топшаларымен кристалдық жыныстардан құралған қалдық беткейлер болып табылады. Олар дислокоцияланған тақтастармен кварциттер жер бетіне шығып жатқан Комас таулы үстіртінде (Аваз тауы 2421 м) биіктейтін аралды таулар мен қалдықты массивтермен жалғасқан.

Үстірттер тропиктік Африканың шөлді мұхитты котинентті сектор аралығындағы ауыспалы ылғалдану бөлігінде орналасқан. Жауын-шашын мөлшері 100-250 мм және акация, сүттіген, алоэ шөлейтті ағаштар өседі.

Шеткі үсірттер сақинасы ішінде 900-1000 м биіктікте Калахари жазықтары жатыр. Карру мен Калаохари жүйелерінің континенттік шөгінділерін жазықтарда плейстоценнің құрғақ және ыстық. Жауын-шашын маусымы 5-7 айға созылатын солтүстік пен солтүстік-шығыста мол болады (750-1500 мм). Бұл аймақтарда Лунда-Катангаға көтерілетін жазықтағы Оңтүстік Африканың ең ірі өзені Замбези мен оның салаларының коректенуі үшін жауын-шашын жеткілікті болды. Орта ағында өзен эрозиямен кеңейген ірі тектоникалық ойпатты алып жатыр. Ежелгі лава кластарына терең шатқалдармен еніп, Виктория және басқа да сарқырамаларды құрайды. Сарқырамалардан төмен Карибу шатқалында солтүстік және оңтүстік Родезияның тау кен өнеркәсібінің қамтамасыз етуге су электрстанциясы бар платина салынған.

Замбези солтүстігіндегі жерлерді Іsoberlіnіa мен Brachystegіa түрлерінен құралған сирек саванналар алып жатыр. Орманда қызыл-қоңыр топырақтар дамыған. Замбезиден солтүстікке қарай Калахариден құрғақ орталық жазықтары орналасқан орталық жазық Калахаридің ежелгі іргетасының еннін алып жатыр. Төмен жерлерде Этоша-Пан, Масарикари сорлары мен Окованго батпақтанған алап алып жатыр.

Өзен аңғарларындағы дақылды жамылғы арасында баобаб, акациялар мопане ағашы. Құрғақ жерлерде акация мен сүттіген сирек ормандар өседі.

Калахари оңтүстігінде кен күмбезді көтерілім Бакалахари шөлейтті аймағы орналасқан. Онда ішкі ағын кейде, сирек акаия мен зәйтүн ағаштары өседі.

Оңтүстік батыста Бакалахари шөлейттері Оранжеваяның төменгі ағысындағы құмды шөлдерге айналады. Ол Калахари жүйесінің әктас қабықшалары жерге шығып жатқан аралықта қырқалы құмдармен толған. Бұл жерлердегі микрожербедерге пішіндерге су мен жел әсерінен түзілген еңіс ойпаттар тән.

Шөлді Оранжеваяға құятын Грейт-Фиш, Носоа, Молопо құрғап қалатын өзендер кесіп өтеді. Ылғалды төрттік кезеңде Оранжевая қуатты өзен болған. Қазір өзен суы аз, бірақ жауындардан кейін денгейі 15 м-ге дейін көтеріледі.

Оңтүстік батыс Калахари шөлдеріндегі арналарында аласа акациялар, суккулентті бұталар (алоэ, сүттіген), мезетмбриантемумдар өскен. Көктемде эфимерлер пайда болады.

Шығыс және Оңтүстік Африка табиғатына Африкалық платформаның бөлігі және ең ірі Мадагаскар аралы ұқсас (616 мың км2). Ол жер шарындағы (Гренландия, Жаңа Гвинея, Калимантан) төртінші арал болып табылады. Аралдың шығысын ежелгі кристалдық жыныстардан құралған, Орталық таулы үстірті алып жатыр. Үштік кезең сырғымалары базальт лаваларын жамылған солтүстік және орталық бөлігінде көтеріңкі жеке массивтерге бөлген. (Анкаратра 2844 м, Царатанана 2880 м) екі сырғымалы кертпеш мезозой және үштік теңіз шөгінділері шоғырланған жағалау маңы ойпатына құлама жасайды. Шығыс жел жақ беткейлерінде Үнді мұхитының ылғалды жерлерінен жылына 3000 мм жауын-шашын түседі. Олардан терең шоңғалды өзендер тілімденген. Бұрын беткейлерде темірлі, кира, палиссандр ағаштары мен мадагаскарлық эндемик «саяхатшы ағаш» (мезембриантемум) өскен. Шығыс беткейлерінде пальма мен баобаб өскен сирек саванналар оңтүстік батыста ксерофитті бұталар басым.

Аралдың 4/5 бөлігіндегі табиғи өсімдік жамылғысын антропогендік әсерден жойылған. Сақталған қалың орман массивтерінде лемурлар (ірі индри мен мактар), жәндікпен қоректенетін тенректер, Хорьков мысықтары және басқа да ежелгі фауна өкілдері тіршілік етеді.

Арал фаунасы жойылған Африка фаунасына жақын және онымен Мадагаскар палеоген мен неогенде Комор аралдары арқылы жалғасқан. Бұл байланыстар аралға ежелгі жануарлар тобының келуіне мүмкіндік туғызды.

Бірақ жануарлар мен құстардың көптеген түрлері, ХІХ ғасыр аяғында алып эпиорнис құсы, піл тасбақалары жойылған. Қазір оларды көршілес Маскарен, Комор, Сейшель, Амерант аралдарынан кездестіруге болады. Африка табиғатының көптеген таңғажайып жұмбақ құбылыстарын әлі де зерттеуді қажет етеді. Табиғи әлеует қоры толығымен пайдаланылмайды.

 

Оңтүстік Америка материгінің географиялық орны мен табиғи жағдайларының қалыптасу кезеңдері. Климаты мен ішкі сулары.

 

Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда,экваторлық және субэкваторлық белдеуде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне құрлықтың енсіз бөлігі ғана кіреді.

Оңтүстік Американың енді жері (5000 км-ден астам 50о.е.-те. Құрлықтың ең батыстағы нүктесі–Париньяс мүйісі (81020' б.б.), ең шығыстағысы–Кабу-Бранку (34046' б.б.) мүйісі 400 солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды. Оңтүстік Америка солтүстікте 12025' с.е. дейін (Гальинас мүйісі), оңтүстікке–53054' о.е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетеді. Отты жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі – осы аттас аралдағы Горн мүйісі–55059' оңтүстік ендікте жатыр.

СолтүстікАмерикамен арадағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентурашығанағына дейінгі аралықта өтеді. Панама мойнағы екі құрлық арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледі.

Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан құрлықтық ірі аралдар–Тринидад, Чили Отты жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан Оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан–Фернандес аралдары жатады.

Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдармен қоса есептегенде шамамен 18280 мың км2. Оның 150 мың км2 ғана аралдарға тиесілі.

Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік Пассат ағысы келеді. Сан–Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді, тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен құрлықтың жағасын бойлап солтүстік-батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі–Бразилия ағысы оңтүстік-батысқа Ла-Платаның сағасына қарай ағады.

Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауы тұсында салқын Фолкленд ағысы өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 400 және 350о.е. аралығында Ла-Плата ауданында тоғысады.

Атлант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік- шығыста Патагонияның жағасынан жарты шеңбер тәріздес Сан-Матьяс, Сан–Хорхе ірі қойнаулары т.б. еніп жатады. Парана өзені құятын жерде жаға Ла-Платаның кең, әрі ұзын эстуариймен тілімденген. Одан солтүстікке таман Оңтүстік Америка жағалауына терең және кеме тұруға қолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.

Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп тұрады. Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік-батысы мен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі шығанақ–Венесуэлла шығанағы ерекше көзге түседі. Панама мойнағы етегінен теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.

Тынық мұхиттың Оңтүстік Америка жағасы тұсында контитеннтік платформа өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Құрлыққа таяу маңда ең тереңі 7000 м-ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың әсері экватордың солтүстік жағасында сезіледі, ал оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері байқалды, оның салқын суы оңтүстік экваторға дейін ұласып жатады.

Құрлықтың солтүстік-батыс жағалауы шамамен 50 оңтүстік ендікке дейін өте тілімденген. Ең ірі және қолайлы қойнау–Гуаякиль. Оңтүстікке қарай 300 о.е.-ке дейін жаға мүлдем тілімделмеген, биік және кеме қатынасына қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Құрлықтың жағалауына ішкерілей кіріп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді, әрі енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс ірі шығанақтары, сондай-ақ құрлықтан Отты Жер архипелагын бөлетін Магеллан бұғазы мысал бола алады.

Табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Оңтүстік Американың көп бөлігі–Оңтүстік Америка платформасы Гондвананың құрамына кірген және оның қалған бөлігімен бірге протерозойдың аяғында–кембрийдің басында қалыптасқан. Ол мұнан кейінгі бүкіл тарихында көбінесе көтерілу қозғалысына ұшырап, оның негізгі бөлігі құрлық күйінде қалған.

Протерозойдың аяғынан бастап платформаның негізгі құрылымдық элементтері айқындалған: Парананың төменгі жағынан солтүстікке таман Гвиана-Бразилия мегақалқаны оқшауланған, онда кембрийге дейінгі фундамент үлкен кеңістікте жер бетіне шығып жатады. Оңтүстік бөлігінде түгелге жуық шөгінді жыныс жамылған Пампа-Патагония плитасы айқын көрінеді. Мегақалқан алабында Гвина, Шығыс Бразилия және Батыс Бразилия дөңдері бөлінген, олардың аралықтарында палеозойдың басында синеклизалар қалыптаса бастаған, синеклизаларды мезгіл-мезгіл теңіз басып отырған.

Мезозойдың екінші жартысы Атлант мұхиты аймағында жердің төмен түсуі болған, осыдан барып Оңтүстік Америка Африкадан бөлінген. Сонымен бірге кей жерлерде платформа Атлант мұхиты жағынан трансгрессияға ұшыраған, ал қалқандардың кейбір алаптары көтерілген. Онымен бір кезде Амазонка және Парана синеклизаларында қайтадан жанартау әрекеті орын алған. Платформаның құрлық күйінде қалған алаптарында жаңа тегіс беттер түзілген, сондай-ақ жер бедері қазіргі кезге дейін сақталып қалған.

Бор дәуірінің аяғына қарай Оңтүстік Америкада қазіргі кездегіге шамалас климат жағдайы қалыптасқан. Органикалық дүние құрамында бірте - бірте жоғалып бара жатқан мезозой фаунасы мен флорасы орнына қазіргіге ұқсас түрлер шыға бастаған. Жануарлар дүниесінің құрамында бұлар балықтар, құстар, сондай-ақ қалталы және плацентарлық (насеком қоректі) сүт қоректілер болды. Оңтүстік Америка мен Африка бөлінгенге дейін олар үшін ортақ түр құралу орталығы қазіргі Оңтүстік Атлантиканың орнына жатты. Кайнозойдың басынан бастап құрлықтардың әрқайсысының флорасы дербес қалыптасты.

Бор дәуірінің аяғында және палеоген бойы Анд зонасында қатпарлану, көтерілу және жанартау әрекеті жүріп жатты. Палеогеннің аяғына қарай геосинклинальдың орнына оңтүстікте Антарктида құрлығына дейін баратын, ал солтүстікте Антиль-Кариб аймағының жүйелерімен қосылып жатқан орасан зор тау жүйесі пайда болған. Көтерілу платформаның едәуір бөлігінің теңіз деңгейінен төмен батуымен және перикратондық майысу синеклизалардың алабында және Атлант мұхиты жағалауында шөгінді жыныстардың қалың қабаттарының түзілуімен бір кезде болған.

Неогенде ішін-ара шөгу, әсіресе, қалқандар аймағы мен Анд зонасында күшті көтерілулерге ауысқан. Көтерілулерге байланысты өзендер арнасын тіліп тереңдеген және сарқырамалар пайда болған. Атлант және Кариб жағалаулары ғана төмен түскен, ол жерлерде эстуарийлер мен лагуналар түзілген. Анд жүйесінің жалпы көтерілуіне платформаның көршілес алаптары да қамтылған, соның нәтижесінде Андымен орография жағынан байланысты Предкордильер, Пампа сьерралары және кейбір басқа жоталар көтерілген.

Тау түзілу үрдістерімен бірге күшейе түскен жанартау әрекеті орын алған. Жанартау әрекеті әр кезде тау жүйесінің әртүрлі бөліктерінде және Патагония плитасы алабында кездесіп отырған. Көтерілу мен жанартау әрекеті бүкіл плиоценде, антропогеннің басында жалғасып отырды және қазіргі кезге дейін тоқтаған жоқ. Анд тауының көтерілуімен бір кезде күшті бұзылыс жүріп жатты, жұмсақ материал жинақталды, жер беті тегістелді. Анд тауының көтерілуіне байланысты оның батыс зонасында тереңдікте жарылу болды және оның шеткері аймақтары Тынық мұхит суының астына батып кетті.

Плиоцен дәуірінде сәл үзілістен кейін Оңтүстік Америка солтүстік құрлықпен түпкілікті жалғасты. Бұл жалғасу құрлықтардың жануарлары мен өсімдіктері түрлерінің алмасуына жағдай туғызды.

Оңтүстікте Антарктида аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы жабынды мұз басудың басталуына байланысты антарктида флорасының элементтері ене бастады. Анд көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейімделген неотропиктік элементтерден, антарктидалық түрлерден және Андтың өзінде түзілген эндемиктік тау түрлерінен тұратын оның ерекше органикалық дүниесі қалыптасты.

Анд тауының күшті көтерілуінің тағы бір салдары таулық мұз басу болды, ол қазіргіге қарағанда анағұрлым қалың болғанымен қиыр оңтүстіктен басқа еш жерде тау жүйесінен шеткері шыққан жоқ. Құрлықтың оңтүстік-батысында төмен түсуінен және мұз әрекеті әсерінен Чилидің фьордтық жағалауы түзілді.

Антропогеннің екінші жартысында Оңтүстік Америкаға адам қоныстанды. Адамның мұнда шеттен келуі мүмкін еді. Өйткені Неотропиктік аймақтың қазынды және қазіргі фаунасының құрамында тар танаулы маймылдар жоқ. Адамның Оңтүстік Америкаға өтуінің ең қолайлы жолы–Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауы, ал уақыт жағынан алғанда ол бұдан 30-15 мың жыл бұрын болған.

Оңтүстік Американың сыртқы белгілері мен ішкі құрамында Солтүстік Америкамен ұқсастық байқалады.

Құрлықтың шығысы, көне Гондвана құрлығының бір бөлігі, салыстырмалы тұрақтылығымен және рельефінде жазықтар мен таулы қыраттардың басымдылығымен ерекшеленеді. Құрлықтың батыс мен солтүстік -батысында, жағалауының пішінін қайталайтын, ұзындығы 9 мың км-ге тең Жер бетіндегі ұзын тау жүйесі Анд, немесе Оңтүстік Америкалық Кордильер таулары созылып жатыр.

Құрлықтың шығысының рельефінде көне гондвана фундаментінің жер бетіне көтеріңкі аймақтары мен оларды бөліп жатқан синеклизалар кездеседі. Гвиана, Шығыс және Батыс Бразилия көтерілімдері бұрынғы уақытта біртұтас Гвиана- Бразилия мегақалқанының құрамына кірген. Оларды бірінен-бірін синеклизалар бөліп жатыр: экватор бойымен созылып жатқан Ориноко, үш синеклизаның қосылып кеткенінен пайда болған Амазонка, кішкене оңтүстікте – Парагвай-Парана (Ла-Плата). Шығыс және Батыс Бразилия көтерілімдерінің арасында, жоғарғы Парана синеклизасын қоспағанда, Сан-Франциску және Мараньято (Паранаиба) ойпаттарын бөлуге болады. Батысында, Анд тауларының бөктерінде синеклизалар Анды алды иілімімен қосылып кетеді.

Ла-Платаның оңтүстігінде, құрлықтың қиыр оңтүстік-шығысында Патагон қалқаны орналасқан. Оның құрамында Ла-Платамен қосылып кететін Чако-Пампа синеклизасы мен беткі қабаты шөгінді және жанартаулы жыныстармен көмкеріліп жатқан екі массив орналасқан.

Оңтүстік Американың шығысының геологиялық құрылымының алуан түрлі болуына байланысты әртүрлі минералды ресурстар дамыған.

Архей және протерозой фундаментімен металдың ірі кен орындары байланысты болды. Гвиана мен, әсіресе, Бразилия көтерілімінің протерозой жасындағы метаморфтық жыныстарында өте көп темір рудасының қоры жиналған–магнетит және гематит. Интрузиялық жыныстар тараған аудандарда –алтынның кен орындары бар.

Көне үгілу қабығының және гранитті-гнейсті жыныстардың ыдырауынан құрамында металдың мөлшері 50 пайызға дейінгі марганец рудаларының үлкен қоры пайда болған.Кристалды жыныстардың көне үгілу қабығының жыныстарымен, әсіресе, Гвиана қалқанында кеңінен тараған, капиталистік елдердегі бокситтің ірі кен орындары байланысты. Әртүрлі пегматитті тау жыныстарының жарықтарында сирек және радиоактивті элементтер тараған. Ориноко, Амазонка, Гран-Чако алаптарының иілімдерінде және Патагон плитасында мұнайдың ірі кен орындары пайда болған. Шығыстың барлық геологиялық құрылымдары рельефте, гондвана платформасына тән, морфоқұрылымдық рельеф типтерінде тура көрініс тапқан.

Қалқандардың беткейлеріне (Гвиана, Шығыс және, әсіресе, Батыс Бразилияға) цокольды жазықтар мен қыраттар сәйкес келген. Белсенді Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандары жақпарлы цокольды қыраттар жүйесі мен массивтерге ауысқан. Бүкіл мезозой кезеңіне сәйкес келетін, Батыс Бразилия қалқаны мен Парана синеклизасының шекарасындағы белсенді трапты жанартаудың нәтижесінде дүние жүзіндегі ең ірі базальтты баспалдақты плато қалыптасты.

Анд маңы синеклизасы мен барлық синеклизалардың орталық бөлігін аккумулятивті жазықтар алып жатыр. Синеклизалардың шетін, яғни қалқандарға іргелес орналасқан бөліктері мен Патагон плитасының басым көпшілігінде биік пласты жазықтар мен платолар пайда болған. Шөгінді жыныстары көршілес орналасқан қалқандармен бірге көтерілу үрдісіне ұшыраған. Мараньято мен Сан-Франсиску ойпаттарында беткейлері тік (шападас) биік, монолитті және баспалдақты платолар пайда болды.

Анд тауларының қатпарлы құрылымдары бүкіл ұзындығында бір-біріне параллель қыраттар түзеді, олар антиклинорийлерге, ал тау аралық аңғарлар синклинорийлерге сәйкес келеді. Анд тауларының қазіргі қатпарлы құрылымдарына кейінгі орогенді үрдістермен қайтадан өзгерген палеозой қатпарлы құрылымдары енеді. Оларға тау жүйелерінің орталық және шығыс бөліктері жатады. Батысында бүкіл палеозой мен мезозой эраларында төмен түсуімен, ал кейіннен кайнозой эрасында қатпарлы үрдістердің әсерінен қайта көтерілуге ұшыраған аймақтар тараған. Анд тауларында жанартаулық рельеф формалары көп.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)