АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 28 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Австралия саванналарын ылғалды маусым кезінде сарғалдақ, лала гүл және орхидей тұқымдас ашық гүлді өсімдіктер, әр түрлі астық тұқымдастар жауып жатады. Саваннаға тән ағаштар – бұтақтары жіп тәріздес жапырақсыз, эвкалипт, қараған, казурин ағаштары. Сондай-ақ, сабағы жуан, ылғал қорын жинайтын ағаштар да кең таралған. Олар бөтелке ағашы деп аталатын ағаштың бірнеше түрлері. Осы өзгеше өсімдіктердің болуы – Австралия саванналарын басқа құрлық саванналарынан біршама ерекше көрсетеді.

Саванна негізінен эвкалипттердің әр түрлерінен тұратын сирек ормандар үйлесіп келеді. Мұндай ормандарда ағаштар сирек болады, сондықтан құрғақ маусым кезінде топырағы құрғап, жаңбыр кезінде құлпыра көктейтін қалың шөптермен көмкеріліп қалады. Эвкалипт ормандары Кейп – Йорк түбегінің үлкен бөлігі мен Австралияның солтүстік жағалауларының кең алқаптарын жауып жатады.

Саванналардың ағаш тектес өсімдіктері мен эвкалипт ормандарын жергілікті халық жыртуға жарамды, топырақтағы ылғалды сақтайтын жер алу үшін өртейді. Эвкалипт ылғалды үлкен мөлшерде буландырады, сондықтан қуаң аймақтарда ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.

Австралия саванналарының топырағы қызыл, ферралит тәріздес топыраққа жатады, ал неғұрлым құрғақ жерлері қызыл – қоңыр, сілтілігі күшті және қызыл – қоңыр сілтілігі әлсіз топырақ болып келеді.

Австралияның солтүстігі мен шығысының неғұрлым ылғалды аймақтарының құрлықтың орталық және батыс бөлігінің неғұрлым құрғақ аймақтарына ауысуы біртіндеп болады. Шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын орман сиреп, барған сайын ксерофитті түске ие болады. Бірте – бірте олар Австралияда скрэб деп аталатын өзгеше бұталы тоғайларға ауысады. Скрэб – бұл тікенді бұталы тоғайлар немесе аласа өсетін ұсақ жапырақты қабықты ағаштар. Олар көбіне эвкалипт пен қарағаннан тұрады. Онда белгілі бір немесе басқа өсімдіктің басым болуы немесе эвкалипт пен қарағанның азды - көпті бір қалыпты үйлесіп келуіне қарай скрэбті әр түрге бөледі. Сондай- ақ скрэб құрамында протейн ағаштары мен казуарин көп. Скрэб тоғайлары шөлейттің климаг жағдайларына сәйкес келіп, құрлықтың орталық жазығы мен батыс шетінде үлкен кеңістікті жауып жатыр. Скрэб тоғайларының астындағы топырақ қызыл – қоңыр, көбіне шөл аймақтардың құрылымы нашар топырағына ауысатын сортаң топырақты келеді.

Батыс – Австралия таулы үстіртінің шөлді аудандарында, сондай- ақ ішінара орталық жазықта үлкен аудандарды спинефекс шөлі деп аталатын шөл алып жатыр. Австралияда спинефекс деп сүйір жапырақты қатты дәнді айтады, олар екі түрге бөлінеді, сусымалы құмдарда және тастақты жерлерде сирек, бірақ тығыз бұталы қоға түзеп өседі.

Құрлықтың орталық, неғұрлым құрғақ бөліктеріндегі үлкен кеңістікті өсімдік мүлде жоқ және бүтіндей қиыршық тасты немесе көшпелі құм төбелер болып келеді.

Батыс Австралия таулы үстіртінің тасты шөлдері үшін қалың қатты қабат – жамылған аймақтар тән, ол жер қазіргі климат жағдайларына сай келмейді және неғұрлым ылғалды климат жағдайында қалыптасқан ежелгі түзілім болып табылады. Құрлықтың оңтүстігінде шөл теңізге дейін келеді, онда құнарсыз әк тасты Налларбор жазығында тек селдір алабота бұталары мен кейбір сораңдарды немесе тырбық эвкалипт тоғайларын кездестіруге болады.

Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстік шығысында ағашты және бұталы субтропиктік өсімдіктер басым, алайда флорасының құрамында айырмашылық бар.

Оңтүстік – батыс Австралияның климаты жерортатеңіздік климатқа жақын. Құрлықтың осы бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесі үшін мәңгі жасыл түсті эвкалипт ормандары тән, 80-100 м биіктікке жететін әр алуан түрлерінің (қызыл ағаш, карри және басқалары) биік сабақты эвкалиптері ағаш тәрізде (шөп ағаштары деп аталатын) лала гүл тұқымдастарға жататын, ірі шоқ гүлдер беріп, бұталы келетін (қараған, протейн және т.б.)

Шоқ тоғайлармен үйлесіп келеді. Құрлықтың түпкіріне жылжыған сайын бұл ормандар кәдімгі австралиялық түрлерден тұратын маквис тәріздес бұталы тоғайларға ауысады. Олардың астының топырағы сілтісіз қоңыр топырақты келеді.

Австралияның қиыр солтүстік – шығысының ылғалды субтропиктік климаты және Тасманияның мұхиттық қоңыржай климаты өсімдіктер жамылғысы және флоралар құрамы бойынша едәуір ұқсас. Онда тек австралиялық өкілдерден ғана емес, сондай – ақ антарктидалық флорадан да тұратын мәңгі жасыл ормандар басым. Бұл ормандарда тағы да басты рөлді эвкалиптер, оның ішінде биіктігі 150 метрге жететін алып маңғаз эвкалипт, миндаль эвкалипті және басқалары алады, алайда олармен бірге бірқатар антарктида флорасына тән мәңгі жасыл шамшат тұқымдас және қылқан жапырақ тұқымдастар тараған. Папоротниктер мен әр түрлі лиандар үлкен роль атқарады. Сыртқы түрлері жағынан бұл ормандар Оңтүстік Чилидің ылғалды ормандарын еске түсіреді.

Мәңгі жасыл реликті ормандар, сондай-ақ, Жаңа Зеландияның едәуір ауданын, әсіресе таудың батыс баурайларын жаып жатыр. Сыртқы кескіні жағынан ормандар Австралияның оңтүстік шығысындағы ормандарға ұқсас: олар сондай-ақ тығыз және лиандар мен эпифитті өсімдіктерге бай. Алайда олардың құрамдарының түрі Австралия мен Тасмания ормандарының құрамдарынан өзгеше. Жаңа Зеландия Палеотропиктерге жататындақтан айырмашылықтары соншалық үлкен, айрықша ішкі аймаққа бөлінеді. Оның флорасы айқын аралдық сипатқа ие және 80%-ы эндемиялық түрлерден тұрады. Оның құрамында пальма аз, эвкалипт пен қараған мүлде жоқ, бірақ оның есесіне оңтүстік шамшат ағаштары ағаш тәріздес папортниктер, араукарий тұқымдас қылқанды ағаштар, магнолиялар т.б. мол кездеседі.

Оңтүстік-Батыс Австралия, Тасмания және Жаңа Зеландия ормандарында қоңыр және сары – қоңыр орман топырақтары таралған.

Австралияның өсімдіктер жамылғысында бағалы ағаш, эфир майын, тері илейтін заттар, азықтық жемістер, ағаштың тамыры немес шыбықтарын беретін бағалы түрлер көптеп кездеседі. Көптеген өсімдіктерді жергілікті халық ертеден – ақ кең пайдаланған, мәселен шөптік ағашының тамырлары мен бүршіктерін тағамға қолданады, ал талшықтары арқан, тіпті мата дайындауға да пайдаланылады. Алайда құрлықтың жабайы флораларын, жоғарыда айтылғандай, егіншілік мәдениеті үшін өсімдіктер, берген жоқ. Көптеген мәдени өсімдіктер – астық дәндері, техникалық және бақша дақылдары, жеміс ағаштары және басқалары Австралияға әкелінді және қазір оның ландшафтында енді маңызды рөл атқарады. Кейбір әкелінген өсімдіктер үлкен зиян келтіреді. Мәселен, опунцияның бір түрінің Шығыс Австралияның кейбір аудандарында жиі өскендігі сондай, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 20 млн. гектарға жуық құнарлы жерді істен шығарды. Опунцияны құрту үшін Оңтүстік Америкадан оның зиянкестері әкелінді, сөйтіп олар бұл өсімдіктің тарауын шұғыл азайтты.

Австралия фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді, әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі: құрлық пен аралдар ежелден – ақ жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрады және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия фаунасында Оңтүстік Америка, Антарктида мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.

Австралия мен мұхиттық аралдардың фаунасында ұқсастықтармен қатар, үлкен айырмашылықтар бар, бұл ішкі аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді: ол - құрлық пен Тасманияны, Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияны және Полинезияны қосып алатын Австралиялық аймақ.

Құрлық пен Мұхиттық аралдардың, әсіресе, Жаңа Зеландияның фаунасы кедей, көне және реликті болып келеді. Австралияның жануарлар әлемінде сүт қоректілердің 235 түрін, құстардың 720, бауырымен жорғалаушылардың 420 түрін, қос мекенділердің 120 түрін ажыратады. Оның ішінде, омыртқалылардың 90 пайызы құрлықтың эндемикті тұрлері болады. Жаңа Зеландияяның жабайы фаунасында сүт қоректілер мүлдем жоқ, ал құстардың 93 пайызы тек осы жерде ғана мекендейді.

Австралия фауналарына нағыз тән белгі – төменгі сатыдағы сүт қоректілердің: біртесіктілер мен қалталылардың кең таралуы. Біртесіктілер уыстастардың екі тегінің өкілі – үйрек тұмсықтылар мен ехидналар, олар тек құрлық пен кейбір аралдарда ғана сақталған. Қалталылар Австралияға салыстырмалы жуық шамада – антропогеннің басында келген. Австралия аймағында қалталылардың 130-ға дейін түрлері бар, оның үстіне олар жоғарғы сүт қоректілердің әр түрлі биологиялық типіне сай келетін түрлі топтарды көрсетеді. Олар – қалталы жыртқыштар, кемірушілер, өрмелеушілер; насеком қоректілер, шөп қоректілер.

Австралия құрлығының әртүрлі бөліктерінің фаунасының қазіргі табиғат жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішкі әр түрлілік, сондай – ақ тарихи дамудың жағдайларына байланысты. Мәселен, ұзақ уақыт бойы теңізбен бөлініп жатқан Австралияның батыс және шығыс бөліктерінің арасында үлкен түрлік айырмашылықтары бар.

Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай- ақ Жаңа Гвинея кейбір басқа аралдардың ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші жануарлар тән. Әсіресе қалталы аю немесе коала, қалталы жалқау деп аталатындар қызықты. Ол тіршіліктің түнгі дағдысын жүргізеді және уақытының көбін ағаштарда, олардың жапырақтарымен қоректеніп өткізеді. Бұдан басқа көбіне тіршілігін ағашта өткізетін кузу, қант тиіні және ағаш кенгуруы көп таралған. Жаңа Гвинеяда көршілес Азия фаунасының кейбір өкілдері, мәселен, жабайы шошқа бар.

Тропиктік орман құстары алуан түрлі және бай келеді. Лира құйрықтылар, австралия фаунасының эндемиялық өкілі нағыз казуар, шұбар және ашық бояулы пейіш құстары, әр түрлі тоты құстар, американ колибриінің туысы, сыртқы түрі мен қоректену тәсілі жағынан оларды еске түсіретін – бал сорғыш құстар. Австралия аймағы үшін тән эндемия – қоқыс тауықтар немесе үлкен аяқ тауықтар, бір қызығы олар жұмыртқаларын баспайды, оларды әр түрлі шіріген қоқыстарға көміп тастайды. Суаттарда австралия крокодилдері мен тасбақалары мекендейді. Суаттарда австралия крокодилдері мен тасбақалары мекендейді. Қос мекенділер өкілдерінен ағаш көлбақалар бар.

Материктің солтүстігі мен шығысының ылғалды ормандарында буын аяқтылар: әр түрлі эндемиялық құмырсқалар, көбелектермен қоңыздар көп. Солтүстігінде австралиялық жауын құрттары мекендейді. Олардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді.

Австралияның өзендері мен көлдерінде суда жүзетін көптеген құстар тіршілік етеді. Жергілікт түрлерден басқа, онда Сібірден, солтүстік жарты шардан қыс уақытында ұшып келген қонақтарды кездестіруге болады.

Австралияның ішкі сулары балықтарға бай, олардың арасында эндемиялық және өте ежелгі түрлер таралған. Триастан бері өзгермеген түрде сақталған қос тынысты рогозуб (мүйіз тісті) барлығы да тамаша. Олар тек құрлықтың шығыс бөлігінің аздаған өзендерінде ғана кездеседі.

Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарының, бұталы тоғайлары мен ашық кеңістіктерінің фауналары бұдан да өзгеше. Шөп қоректі жануарлар үшін азық қорлары мол аймақтарда кенгурудің бірнеше туыстары мен көптеген түрлері мекендейді. Кенгурулер әдетте үйірімен тіршілік етеді. Қауіп төнген жағдайда олар қатты секіріп, жылжиды. Ең зор сұр кенгуру секіргенде ұзындығы 10 метрге және биіктігі 2-3 метрге дейін жетеді. Жартастар мен бұталы нулар арасында валлаби кенгуруі өмір сүреді.

Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті қатты қырып жіберді. Динго иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ шабуға икемді. Олжасының ізіне түсе отырып, ол көп сағаттар бойы талмай жүгіруі мүмкін. Қазір бұл жыртқыштар Эйр көлі маңайындағы үлкен территорияға таралған. Өзінің тұрақты мекендерінен олар түрлі бағыттағы үлкен қашықтықтарға азық іздеп барады. Кегуруден басқа олар көптеген басқа жануарларды қырып жойды. Австралиядағы кейбір жануарлар динго иті мекендейтін жерлерден мүлде құрып кетті де ол жоқ аймақтарда ғана сақталып қалды. Әсіресе ол қой өсіру динго итіне байланысты тиімді бола алмауда. Олар сондай- ақ қарусыз адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасайды.

Шөп пен бұта жамылған аймақтарда, сондай – ақ қалталылар: вомбпт, көртышқан, егеуқұйрық, борсық, құмырсқа жегіштер тіршілік етеді.

Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүт қоректі, жергілікті эндемия - ехидна мекендейді. Үйрек тұмсықтылар сияқты ехидна да өзінің балаларын жұмыртқадан өргізеді, ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ тілін сұғып жіберіп, құмырсқалармен қоректенеді. Ол түнде тіршілік етеді, өте қорқақ және қауіп төнсе, жерді қазып кіріп кетеді. Ехиднаны дәмді еті үшін аулайды.

Құстардың ішінен ормансыз кеңістіктерді австралия түйеқұсы эму, егінге үлкен зкелтіретін шөп қоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда мекендейтін, көпшілігі солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар кездеседі.

Жыландар мен кесірткілер көп. Жыландардың ішінде улы жыландар басым. Молох кесірткесінің денесіндегі тікенекті айрықша шор ауадан ылғалды жұтады, бұл қуаң климатжағдайына бейімделудің амалы болып табылады.

Насекомдар мол, әсіресе өзінің құрылыстарымен зор кеңістікті жауып жатқан термиттердің тығыздығы соншалықты, кейбір жерлерден өтуді қиындата түседі. Сондай – ақ құмырсқалар да таралған. Ауыл шаруашылығына ауыртпалық тигізетін шегіртке болып табылады. Москит, маса мен шыбын адамдарға үлкен зиян келтіреді.

Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Онда, мысалы, қалталылардың құрлықта жоқ екі өкілі: қалталы қасқыр және қалталы пері сақталған. Қазір олар өте сирек кездеседі. Қалталы қасқырларды тіпті мүлдем құрыған деп те санайды. Аралдың оңтүстік бөлігінде антарктида фаунасына тән өкіл – пингвин кездеседі.

Австралия мен оған жақын орналасқан аралдардың табиғи фаунасының кедейлігінен Еууропа отарлаушылары келген соң мұнда басқа құрлықтардың жануарларын жерсіндірулеріне тура келді. Олардың бірін үй малы ретінде пайдалану үшін, екіншілерін аң аулау сияқты мақсатта алып келген. Қалай болған жағдайда да олардың кейбірі жергіліктіі реликті фаунада өздеріне қарсы тұра алатындай бәсекелестерді кездестірмеді десе де болады. Олардың кейбіреулері жабайы түрге айналып, құрлықта кең тарады. Орман және тіпті байырғы жануарларды жоюға дейін барды. Мысалы, Австралия мен Жаңа Зеландияда жерсіндірілген үй қояндарынан көрген жәбіршілік көпке белгілі. Жабайы болыып кетккен үй мысығы құстар мен кішірек аңдарды қырып жойды. Осы сияқты бұғылардың орман ағаштары мен егістіктерге тигізер зиянын да айта кеткен жөн.

Австралия материгін физикалық географиялық және табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне қарай 3 аймаққа бөлеміз:

1. Батыс Австралия

2. Орталық Жазық (Үлкен Артезиан Бассейн аймағы)

3. Шығыс Австралия немесе Үлкен суайрық жотасы

 

 

Батыс Австралия

Бұл – Австралияның ең үлкен аймағы. Солтүстігінде ол Солтүстік Австралиямен, шығысында Орталық жазықпен шектеседі, Солтүстік батысы мен оңтүстігінде Үнді мұхиты жағалауларына шығады. Табиғат жағдайлары бойынша Сахарамен салыстыруға болады.

Аймақтың үлкен бөлігін батысында докембрийлік кристал жыныстарынан, ал шығысында көлденеңінен жатқан палеозой құмдарынан қалыптасқан БатысАвстралия таулы үстірті алып жатыр. Оның орташа биіктігі 400-600м.

Батысы мен оңтүстігінде таулы үстіртке Үнді мұхиты жақтан ойпатты жазық алқаптар, оңтүстігінде беті әктен қалыптасып, теңізге қарай биіктігі 100-150 метрлік кертпеш болып үзілетін Налларбор жазығы шектеледі. Ол карст құбылыстарының кең таралуымен ерекшеленеді. Оның бетінің тасты, кей жерлерінің шұңқыр боп мүжілген тұстары тіршіліксіз дерлік шөл болып табылады. Батысы мен солтүстік-батысында таулы үстірт құмнан түзілген жағалаудың төбелі жазығымен шектеседі. Оның ойпатты жағалауын терең шығанақтар бөліп жатыр, жағаны бойлай құм қайырлар мен бірқатар құм төбелері созылады.

Шығысында Орталық жазықпен шекарада ежелгі граниттер мен төменгі палеозойлық қатпарлы жыныстардан қалыптасқан жоталы массивтер арал түрінде көтеріліп тұр. Оңтүстік массиві – Масгрей Вудрофф(1440м) шыңымен бірге ең ірі массив. Неғұрлым солтүстік массив Макдоннеллден ол енді опырықпен бөлінген. Шұғыл континентті құрғақ климат жағдайында үгілу нәтижесінде бұл таулар тік беткейлері, мұнара тәрізді шыңдары және уақытша су ағындарының терең шатқалдары бар жер бедерінің үшкір формасына ие болды. Үгілу нәтижесінде таудан мұналар мен шыңдар немесе алып шар тәріздес жақпарлар түрінде ғажайып формадағы тау жұрнақтары сомдалды. Массивтің етегі мен жайпақ беті қиыршық материалдар мен құмға толы.

Батыс Австралия таулы үстіртінде құмның қызыл түсіне байланысты өзгеше түрі бар құм шөлдер таралған, биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін құм төбелер де қатарласып жатыр. Үлкен Виктория шөлі мен Үлкен құмды шөл кең аумақты алып жатыр. Құм алқаптары сондай ақ аралдар мен массивтердің араларындағы ойыстардың бойымен созыла түседі.

Таулы үстірттің батыс бөлігі орталық шөлді аудандарға қарағанда көтеріңкі келеді. Оның бетіне докембрийлік кристалл жыныстар шығып жатыр. бұл ауданның солтүстік жартысында терең құрғақ арналар кесіп өтетін өркеш жоталар көрінеді. Олардың арасынан Хамерсли массиві 1226 метр биіктікке дейін көтеріліп тұр. Оңтүстікке қарай неғұрлым бірыңғай және төмен жатқан кристалды жазықтар сынық материалдарға толы, жекелеген ойыстары немесе кеуіп қалған көлдерімен созыла түседі.

Аймақтың бүкіл батыс жартысында алтынның кен орындары бытырай орналасқан және оны өндіру қолға алынуда. Әсіресе алтын өндіретін ірі аудан сондай ақ жуырда ашылған никель кені оңтүстікте Калгурли маңында жатыр. Солтүстік батыста, Хамерсли тауында темір, марганец, қалайы өндіріледі.

Территориясының үлкен бөлігінің климаты шұғыл континентті, тек жағалау алқабының батысында климаты континенттігі бәсеңдеп, мұхиттық климатқа ұқсай береді.

Қыста тәуліктік температурасы +12, +18°C болған кезде орталық бөліктеріндегі температураның ауытқуы -30°-40°C-ге жетеді. Кейде күн сәулесінің түсуіне ғана байланысты емес, сондай ақ оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық түседі.

Жазы ыстық, орташа теспературасы +32°С және ең жоғары температурасы +50°C-қа дейін, солтүстігінде жаз айларында өткінші нажағайлы жаңбыр болады, оңтүстігі мен батысында жауын-шашын қыс уақыттарында жауады.

Жауын-шашын барлық жерде бірқалыпты емес, оның жылдық қосындысы тым аз. Орталық алқап мүлде жаңбырсыз, территориясының үлкен бөлігінде 150мм-ден кем жауады, тек аймақтың шет жақтарында бұл қосынды 300мм-ге дейін көбейеді. 300-ден 500мм-ге дейінгі жауын-шашын тау массивтерінің шығыс беткейлерінде жауады, өйткені пассат орографиялық жауын туғызады.

Бүкіл Батыс Австралия суға тапшы. Тек оның шеткі бөлігінің жоталы массивтерінің неғұрлым ылғалды беткейлерінде жаңбыр кезінде суға толатын арналардың тығыз жүйесі тарамдалған. Жылдың көп уақытында арна құрғап қалады, өйткені тіпті аймақтың шет жақтарында да қуаңшылық жылына 300 күнге дейін созылады. Жаңбыр кездейсоқ және тіпті әр жыл сайын жауа бермейтін нағыз құрғақ орталық бөліктерде криктер де жоқ, оның есесіне бүкіл территорияда көлдер әр жерде бар. олар әсіресе оңтүстік-батыста көп. бұл қалдық бассейндер құрғақ арналарымен бірге жуырда өткен геологиялық дәуірде неғұрлым ылғал климат болғанын айғақтайды. Енді көлдер жылдың үлкен бөлігінде құрғап, аппақ қардай күн көзіне шағылысқан тұз қабығын немесе қою тұтқыр балшық жамылып жатады. Нөсерден кейін көлдер суға толады да, өте тез буланып кетеді.

Австралияның шөлдң аймақтарында Сахара ландшафтарына тіршілік беретіндей оазистер жоқ. Алайда тұтастай алғанда бұл аймақ тіршіліксіз де көрінбейді. Оның үлкен бөлігінде, әсіресе шет жақтарында скрэб пен спинифексті тоғайларының шөлейт ландшафтары жауған жауын-шашынның мөлшері мен топырақ сипатына байланысты алмасып келеді. Құмдақты және тасты шөл топырақты неғұрлым құрғақ учаскелері әдетте биіктігі бір метрге жететін жапырағы үшкір, қатты әрі тікенді спинифексті жамылып жатыр. бұл тоғайлар кей жерлерде мал жаюға пайдаланылады. Әсіресе Налларбор («ағашсыз») жазықтығы өсімдіктерге жұтаң. Аймақтың ішкі аудандарына қарағанда онда жауын-шашын біршама көп жауса да оны әк жарықтары сіңіріп алады, жазықтықтың сусыз, тасты беті топырағынан айрылған әк бетіне жабысып, сирек өскен ала бота мен сораң бұталарын ғана жамылып жатыр.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)