АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 31 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Меланезия аймағы морфоқұрылымдық белгілері мен ландшафтық ерекшелігіне байланысты солтүстік және оңтүстік Меланезияға бөлінеді. Солтүстік Меланезияның климаты үнемі ыстық және аймақтың көп бөлігін өте ылғалды болып келетін мәңгі жасыл орманды жазықтар мен таулар құрайды. Оңтүстік Меланезияның климаты ыстық және маусымдық ылғалды, таудың жел жақ беткейлері гилей ормандарымен көмкерілген. Ал құрғақ, желге қарсы аласа аралдарда саванналар таралған.

Жаңа Зеландия

Жаңа Зеландия солтүстік, оңтүстік және ұсақ аралдар тобынан тұрады. Бұл жеке мұхиттық аймақ бола отырып таулы аралдық Меланезияның ландшафтық типіне ұқсас болып келеді. Жаңа Зеландия аралы Австралиядан 2000км қашықтықта жатыр. Жаңа Зеландиядағы органикалық дүниесінің дамуы палеотропиктік патшалықтың өзіндік флоралық кіші облыс пен ерекше фауналық облыс құрайды. Себебі, аралдар флорасының 74%-ы эндемикалық өсімдіктерден тұрады. Жаңа Зеландияның фаунасы да өзінің жоғары эндемизм мен ежелгі түрімен сипатталады. Солтүстік және аралдардың табиғаты өте күрделі. Оңтүстік аралдың ауданы150мың км2. Ол кристалды метаморфтық және қатпарлы шөгінді жыныстармен көмкерілген, жер бедері таулы болып келеді. Оңтүстік Альпі аралдың батыс бөлігінде 3764м «Кука тауы» созылып жатқан тау жүйесі. Төрттік дәуірде аталған тауымыз екі рет мұз басу процесінен өтіп қазіргі кезде ауданы 1000км2-қа жететін елуге жуық мұздықтардан тұрады. Оңтүстік аралдың қиыр солтүстік аумағынан басқа өңірі қоңыржай белдеудің жылы қоңыржай және өте ылғалды климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік Альпінің батыс беткейіндегі қар сызығы 2100м биіктікте жатса, шығыс бөлігі 2400 м биіктікте жатыр. Қыста солтүстік аймағы белсенді циклогенездік полярлы фронттың ықпалында болады. Батыс жағалауындағы циклондарға кейбір кездерде арктикалық суық ауа массалары келіп температураны 0ᵒС-ге төмендетеді. Сондықтан да қыс мезгілінің орташа температурасы батыс жағалауында 5-7ᵒC құрайды.



Жаңа Зеландия фаунасы үлкен өзгешелікпен ерекшеленеді. Желден бергі аралдық жағдайына байланысты ол түрлерге, Әсіресе сүт қоректілер түрлеріне кедей. Бірақ оның есесіне онда кейбір ежелгі жануарлар сақталған, оларды тірі қазбалар деп дұрыс атайды. Жаңа Зеландия фаунасы қазіргі фауналардың ең ежелгісі және өз құрамдарында мезозойдың соңы мен палеогеннің басындағы өкілдері сақтап қалған.Жаңа Зеландияның құстар дүниесі эндемиялық және ежелгі форманың ең көп мөлшерін сақтайды. Онда қанатсыздар отрядының ежелгі өкілдері киви, жапалақ тұқымдас тоты құс және басқалары тіршілік етеді. Еуропалықтар келгенге дейін-ақ биіктігі 5 метрге жететін алып құс моа құрып кеткен.Бауырымен жорғалаушылардан әсіресе кесірткелер көп, олардың ішінде қазіргі уақытта жойылған, мезозойдан бері сақталған гаттерия бар. Оның есесіне Жаңа Зеландияда жылан, тасбақа мен крокодил жоқ

‡агрузка...

Жазда батыс циркуляциясы сақталып полярлық фронт оңтүстікке қарай ығысады. Оңтүстік Тынық мұхит максимумының батыс секторы арқылы келетін солтүстік батыс желдері аралдың солтүстік аймағына өте көп мөлшерде жауын-шашын алып келеді де температурасы жазда оңтүстігінде +14ᵒС, солтүстігінде +17ᵒС-ға болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері аралдың батыс бөлік ойпаттарында 2500мм-ге, тау беткейлерінде 3500мм-ге, ал шығыс беткейлерінде тек 500-700мм-ге тең. Батыс өңірінің өзен ағындары біркелкі және суы мол, бұл өзендер қар суымен, мұздықтармен және жауын-шашынмен қоректенеді. Мұздықтар аралдың батыс беткейлерінде 212м-ге,ал шығысы 700м-ге дейін төмендейді; мұздықтардың ішіндегі ең ұзын мұздық шығыс беткейдегі Тасмана мұздығы(29км).

Оңтүстік Альпінің батыс беткейінің ылғалдылығы мол болуымен және температураның маусымдық амплитудасының болмауы салдарынан аралас ормандармен жамылған. Олар оңтүстікке қарай мәңгі жасыл ағаштар, әсіресе лаврлы және қылқан жапырақты түрлерімен ерекшеленеді. Тау етегінен жоғарғы шегіне дейін орманның құба топырағы мен орманның таулы құба топырағы және күлгінді топырақ таралған.

Шығыс беткейлері мәңгі жасыл бұталы өсімдіктермен жамылған.

Солтүстік аралдың ауданы 115мың км2-созылған, оңтүстік аралмен Кука бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Арал палеоген және төрттік дәуір жыныстарымен, ал орталық пен солтүстік аумағы мезозой мен вулканды жыныстармен көмкерілген. Жер бедерінде орта биікті үстірттер мен шеткі аумақтарында ойпаттар, ал шығыс жағалауында Руахине (1592м) таулы қыраты орналасқан. Аралдың орталық бөлігін меридиандық бағытта вулканды конуспен көмкерілген үстірт алып жатыр. Олардың ішінде Жаңа Зеландиядағы ең биік Руапеху (2796м), және Таравера ( 1100м) вулкандары 1186жылы өзінің қатты атқылауымен белгілі болған. Бұл үстіртте термальды көлдер өте көп, солардың ішіндегі ең ірісі Таупо (ауданы 612км2, тереңдігі − 102м). Солтүстік аралдың климаты қысы өте ылғалды, қоңыржай жылы субтропиктік климат типін құрайды. Жаз мезгілінде жауын-шашын аз мөлшерде жауып, тек кейбір мезгілдерде тайфундардың келуіне байланысты қатты желдер мен нөсер жауындар болады. Оңтүстік аралға қарағанда бұл өңірдің табиғи өсімдіктер дүниесі түрлерге бай және аралас субтропиктік ормандар таралған.

Жаңа Зеландияның табиғи ландшафтары антропогендік әсерге байланысты қатты өзгеріске ұшыраған, әсіресе оның тау беткейлері мен жазық алқаптары.

Микронезия

Микронезияға (грек тілінен аударғанда «ұсақ аралдар, 1500 аралдар тобы») Кадзан (Волкано) архиппелагы, Огасавара(Бонин), Мариан, Каролин, Маршалл, Гильберт, Тувалу, Науру және Ошен аралдары кіреді. Осы аралдардың ішіндегі ең ірісі ̶ Гуам(Мариан аралдарында), ауданы 583км2. Микронезияның батыс архиппелагтары Тынық мұхит түбінің геосинклинальдық құрылымы белдеуінде және қатпарлы жерасты таулы қыраттарында орналасқан. Мұхит түбінің жер бедері Микронезияның батыс бөлігінде өте қатты тілімденген, сондықтан да Мариан аралдар доғасының шығыс жағалауында дүние жүзіндегі ең терең қазаншұңқыр ̶ Мариан шұңғымасы (11022м)жатыр. Бұл аймақтың жер қыртысы белсенді тектоникалық сипатта бола отырып, мұнда қатты жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы жиі орын алады. Аралдардың жер бедері таулы болып, биіктігі 400-100м-ге жетеді. Микронезияның шығыс аралдары атоллды,маржанды болып келеді.

Аралдар экватор мен субтропиктік ендіктер бойында жатса да, Курасива жылы ағысының әсерінен солтүстік аралдар климаты оңтүстігіне ұқсас ылғалды да ыстық болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500-2000мм-ге жетеді. Өсімдіктер дүниесінен тропиктік ормандардың ылғалды мәңгі жасыл ағаштары таралған, бірақ қазіргі уақытта бұл ормандардың аумағы антропогендік әсерден азайған. Аралдардың солтүстік беткейлерінде екінші реттік саванналар, ал Микронезияның шығыс атоллды өңірлерінде кокосты пальмалар мен мангр ормандары кездеседі.

Полинезия

Полинезия (грек тілінен аударғанда «көп аралды») шығысы 180ᵒ меридиан мен 30ᵒс.е пен 30ᵒо.е аралығында жатқан аралдар тобы. Оларға: Гавай аралдары, атоллды және маржанды Лаин(Спорада) аралдары, Феникс пен Токелау маржанды архиппелагтары,вулканды Самоа аралдары, Тонга маржанды аралдар, Кука, Тубуаи, Таити вулканды аралдары бар Қоғам аралдары, 76 атолдан тұратын Туамоту және алшақта жатқан Пасхи аралдары кіреді. Аймақтың органикалық дүниесі маржансүйгіш өсімдіктермен таралған. Атоллды аралдардың шеткі жағалауларында мәңгі жасыл ксерофитті бұталы өсімдіктер, кокосты пальма ормандары және банан ағаштары таралған. Бұл өсімдіктердің көпшілігі мәдениге жатады, тек аз мөлшердегі бұталы және ағашты өсімдіктер түрлері ғана табиғи флора.

Полинезияның ландшафтарының барлық түрін Гавай аралдарынан кездестіруге болады. Бұл аралдың ауданы 16700км2, 2500км-ге созылып жатқан 24 аралдан тұрады. Аралдардың көпшілік бөлігі тропиктік климат белдеуінде жатып, солтүстік-шығыс пассатының ықпалында болады. Жауын-шашын мөлшері таулы аралдардың жел жақ беткейлерінде 4000мм-ге дейін жауса, ең мол жауын-шашын мөлшері 10000-12000мм-ге жететін Тауаи аралында, ал желге қарсы беткейлерінде жауын-шашын мөлшері 700мм құрап, басқа аудандары ыстық та құрғақ болып келеді. Полинезияның солтүстік батыс аралдар архиппелагы субтропиктік климат белдеуінде жатыр. Жауын- шашынның түсу мерзімі қыс айында циклондық сипатқа ие болып, жылына 1070мм-ге жуық жауын-шашын түседі. Гавайдың флорасы 93%-ға дейін жететін палеотропиктік патшалықтың Гавай кіші облысының жоғарғы эндемизмімен ерекшеленеді. Фаунасының басқа аймақтан ерекшелігі бұл аралдарда арнитофаунаның, яғни құстардың 67-ге жуық түрі таралған. Аралдардың орманды өңірлеріндегі топырақтарға үздіксіз көп уақыт жақсарту шараларын жүргізбегендіктен, қарқынды эрозияға ұшырауына әкеліп соқты, ал саванна аймақтарындағы топырақтар латеритті болып келеді. Дүние жүзінің басқа аймақтарынан өсімдіктердің,жануарлар мен құстардың көптеген түрлерін алып келуі жергілікті жердің табиғи ландшафтының бұзылуына үлкен әсерін тигізді. Осы қателікті қалпына келтіру ̶ адамзат алдында тұрған мәселелердің ең мағыздысы.

Мұхит – құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты 5 мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктидалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.

Мұхит түбі бедері және геологиялық құрылысы. Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфі), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2000 – 2400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

Гидрологиясы.Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына температура, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

Температурасы.Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0°С-тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұз астында).

Тұздылығы.Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы С – 35,00‰, максимальды тұзд. 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұзмассасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру 1022 г еріген тұз бар. Оның×қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5 құрамында На+, Мг2+, К+, Ца2+,Цл-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Мұхит суының химиялық құрамы.Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, басқа қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы С – 35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да кездеседі: азот, оттек, көмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің дамуында атмосферадан өтетін және балдырлардың фотосинтезі кезінде түзілетін оттектің маңызы өте зор. Терең қабаттарда оттек мөлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең болады.

Су айналымы.Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы Мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим,Куросиоағыстары). Антарктидада беткі судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).

Географиялық белдемділігі.Температураның, тұздылықтың, химиялық элементтердің, органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

Түпкі шөгінділер.Мұхит түбінде терригенді, биогенді, хемогенді, жанартаутекті және эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоникалық өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған.

Минералды ресурстары. Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд. (қойнау қайраңында 184 млрд. ) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-қа жуық ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзияжағалауларында қалайы, Аляска және солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылысматериалдары – құм, қиыршықтас, маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі.

Органикалық дүниесі. Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитыныңСаргасс теңізі және Үнді мұхитыныңАрабия теңізі. Кейбір көлдер – Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ге г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 тығыздығы 1,01-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.012 сек.)