АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 32 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Халықаралық-құқықтық режим. Теңіз кеңістігін және Дүниежүзілік Мұхитты пайдалану құқығын реттеу, оның байлықтарын пайдалану халықаралыққұқық нормасының күрделі жүйесімен және жеке мемлекеттердің заңдарымен анықталады. Оны реттеу үшін 1958 жылы халықаралық теңіздік құқық кодификациясы өткізіліп, Женева конвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы барлық мемлекеттерге ортақ және ешбір мемлекет мұхит бөліктерін өз биліктеріне бағындыруға құқығы жоқ; ашық теңізде әрбір мемлекеттің кеме қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядролық қару-жарақты сынау, Дүниежүзілік Мұхиттың ластануын болдырмау туралы, аумақтық теңізге және континенттік қайраңға шек қою, т.б. мәселелерге тыйым салатын көптеген халықаралық келісімдер бар. Теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған “Теңіздер хартиясы” аталатын БҰҰ Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін құрайтын экономикалық аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдықшикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғылыми зерттеу мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүзілік Мұхит байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі саналады. Бұл оның планетадағытемператураны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын қасиетіне байланысты. Мұхитты игеру минералдық, биологиялық, энергетикалық, көліктік, рекреакциялық, экологиялық, ғылыми-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ҰТР-ның табыстары Мұхиттағы мұнай мен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары энергиясын электр энергиясына айналдыратын алып электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде (Франция, Норвегия, Ресей) Мұхит суының тасқынын пайдаланатын электр станциялары жұмыс істейді. Мұхит жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді.



Мұхит геохимиясы – геохимияның мұхит суындағы және шөгінділеріндегі химиялық элементтердің концентрациясы мен шашырау заңдылықтарын, мұхит суларының тұзмассасы құрамының қалыптасуын, мұхиттың химиялық эволюциясын зерттейтін саласы. Негізгі мақсаты мұхит суы құрамындағы элементтерді зерттеу. Мұхит суы құрамы литосфера, биосфера және гидросфера арасындағы элемент алмасу мен ұзақ айналымның бір бөлігі болып қарастырылады. Мұхиттың тұздылығы кембрий дәуірінен бастап қазірге дейін өзгермеген. Бір литрінде 34 – 35 г-дай тұз болады. Қалыңд. ондаған немесе жүздеген метр мұхит суының жоғарғы қабатының тұздылығы біртекті, төменгі қабатында тұздылығы түрліше. Мұхит суының тұздылығы қосылған өзеннен, жалғасқан теңіз суларынан әкелінген шөгінділерден, еріген мұздықтар мен мұзтаулардан біраз төмендейді, ал буланудан – өседі. Тұздылық шамасы жылы ағыстар мен 20 – ендіктерде жоғары, салқын ағыстар мен °30 экватор аумағында төмен. Мұхит сулары массасындағы элементтердің жинақталуы олардың таралу мөлш. мен қосылыстарының ерігіштігіне байланысты; мұхит суы катиондарының иондық потенциалы төмен, ал аниондарынікі – жоғары келеді. Оңай еритін қосылыстар суды қанықтырады, ал қиын еритіндері мұхит түбіндегі тұнбаларда жиналады. Мұхит сулары массасындағы түпкі шөгінділер, құрамы әр түрлі ерітінділер, органик. заттар, газдар арасында тепе-теңдік орнаған. Мұхит сулары негізгі, түптік, лайлық болып ажыратылады. Түптік суларда оттек аз, бірақ көмірқышқыл газы, метан, күкірттісутек мол. Кремний, аллюминий, темір, т.б. жер қыртысында көп таралған элементтер мұхит суларында өте аз, ал хлор мен бром көп. Жер қыртысына қарағанда мұхит суында бор 260, хлор 670, күкірт 290 есе жоғары. Мұхит суындағы бос күйдегі оттек организм түрлерінің таралуын, тотығу, тотықсыздану реакцияларын реттейді, геохимиялық процестерді түсінуге мүмкіндік береді. Катиондарының қосындысы Цл–, сияқты күшті қышқыл аниондарының қосындысынан артық болуынан “сілтілік қор” құрылады. Мұхит тереңінде тотықсыздану реакциясы басым болады. Көміртегі (ІІ) оксиді және сульфаттарды ажыратушы бактериялардың қатысуымен органик. заттардағы күкірт қышқылы тұздарының ыдырауынан күкіртсутек (Н2S) түзіледі. Н2S газы тірі организмдерге зиянды әсер етеді. Мыс., Қара теңіз суының терең қабаттарындағы Н2S мол болғандықтан Каспий теңізіне қарағанда органикалық дүниесі тапшы. температура төмендеген сайын СО2-ның ерігіштігі артатындықтан, карбонатты шөгінділер жылы суларда жиылады, ал суық суларда олар тұнбайды. Жер қыртысындағы бромның 75%-ы мұхит суларында.

‡агрузка...

Мұхиттағы дивергенция белдемі – Дүниежүзілік Мұхиттың беткі ағыстарының таралу аймағы. Су бетіндегі жел ағыстарының жылдамдығының және су тығыздығының бір қалыпты таралмауы салдарынан қалыптасады. Циклондықциркуляция аймағында, жел және су ағыстарының қарама-қарсы бағытқа шұғыл өзгеру аудандарында анық байқалады. Тереңнен көтерілетін ағыстар әсерінен Мұхиттағы дивергенция белдемінде жоғарғы қабат сулары қоректік заттары мол қабаттармен байытылып (биологиялық өнімділіктің жоғарылауына әсер етеді) отырады; бұл белдемдер – балық кәсіпшілігіне өнімді мол беретін аудан. Дивергенцияның тұрақты белдемдері мұхиттардың қоңыржай және субтропиктік ендіктерінің шығыс бөліктері болып есептеледі;

Мұхиттағы конвергенция белдемі – Дүниежүзілік мұхит суының беткі қабаттарының араласу аймағы. Мұхит бетіндегі ауа ағыстары мен су тығыздықтарының біркелкі таралмауларынан дамиды. Негізінен жылы және суық сулардың тоғысқан жерлерінде қалыптасады. Конвергенциялық белдемде су тығыздығының қалыпты жағдайларда таралмауы салдарынан беткі қабаттарда антициклондық және циклондық ағыс айналыстары дамиды. Антициклондық айналыста судың қарқынды араласуы мен төмен қарай ығысуы қалыптасса, циклондық айналыстарда мұхит бетіне шығатын тереңнен көтерілу ағыстары дамиды. Осыған байланысты бұл белдемде жоғарғы биологиялық өнімділік жағдайлары қалыптасады. Дүниежүзілік мұхитты негізгі 4 тұрақты конвергенц. белдемге ажыратуға болады: солтүстік, оңтүстік субполюстік және солтүстік, оңтүстік субтропиктік белдемдер. Мұхиттағы конвергенция белдемі мұхит табиғатының маңызды элементі, себебі төмен ығысатын сулар мұхиттың терең қабатын жылытады және оттекпен байытып отырады. Мұхиттағы конвергенция белдемінде 100 – 150 м-ден астам тереңдіктегі су қабаттарының барлық негізгі гидролог. белгілері қалыптасады. Мұхиттағы конвергенция белдемі неғұрлым жоғары ендіктерде орналасса, судың температурасы соғұрлым төмендеп, тұнатын судың тығыздығы жоғарылайды, ол мұхиттың терең қабаттарын қамтиды;

Мұхиттану , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі ретінде әрі физиялық, химиялық, геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосферамен, литосферамен, құрлықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны, энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, математиканың, химияның, биологияның теориялық тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың және мұхит түбінің биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір құбылыстарын зерттейді. Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық процестерді мұхит пен атмосфераның өзара әсерлесу заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін, құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен қойнауындағы өтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен теңіздің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, онда өтетін биологиялық процестерді қарастырады.

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Астероідеа) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Мұхит шарасы – Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің және геологиялық құрылымының басты элементтерінің бірі. Мұхиттың абиссаль белдемін қамтиды, жер бетінің ең төменгі гипсометрлік деңгейін (орташа тереңдігі – 4000 м, ең терең жері – 7000 м) алып жатыр. Мұхит шарасының аум. 185 млн. км2-ден астам; бұл – Дүниежүзілік мұхит түбінің 50%-ы. Мұхит шарасы бедерінің аса ірі элементі – мұхит шұңғымасы (орташа тереңдігі 5000 м). Шұңғыма түбінің 80%-ы – төбелі, абиссаль бедерлі аймақ, қалған бөлігі – құрлықтар етегіне ұласатын, тегіс және көлбеулене келген абиссаль жазықтар. Мұхит шарасының жоталық жер бедері негізінен күмбез тәріздес, мұхит көтерілімдерінен құралады. Кейбір су астындағы жоталардан жанартаулар тізбегі кездеседі. Тропиктік айдындардағы мұхит жоталарының шыңдарына теңіз маржандары шоғырланады да, бірте-бірте шағын аралдарға айналады. Көлемді аймақты қамтитын, беті тегістелген көтерілімдер мұхиттық үстірт, терең сулы науаларды қоршап жатқан өңірлер шеткі жондар деп аталады. Мұхит шарасы бедерінен жер қабығының мыңдаған км-ге созылған ірі жарылыстарын (мысалы, Тынық мұхиттың солтүстік-шығыс шұңғымасындағы субендіктік жарылыстар жүйесі) байқауға болады;

Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректерАфриканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.

Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Υнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Ырі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.

Арктика мен Антарктида аймақтарын қоспағандағы Атлант мұхиты.

Климаты.Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктида минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28°С. 60° солтүстік ендікте – 8-12°С, ал 60° оңтүстік ендікте 0-12°С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25°С, 60° солтүстік ендікте 8-12°С-қа, ал 60° оңтүстік ендікте – 8-10°С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25°С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктида маңында 100 мм-ден аспайды.

Гидрологиялық тәртібі.Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және Батыс Желдер мен Бенгал суық ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс жағалауымен Фолкленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа тұздылығы 35.4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 метрге дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағы жағалауында 18 метрге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктеріндегі ішкі теңіздер де ғана мұз қатады. Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар (айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе, оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл т-нде түзіледі.

Жай күндегі Атлант мұхитының Ирландия батыс жағалауынан көрінісі

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.

Зерттелу тарихы.3 кезеңге бөлінеді.

Бүгінгі Атлант мұхитын құрған Пангея бөліну анимациясы

· Ежелгі дәуірден 18 ғ. ортасына дейінгі 1-кезеңде, көптеген саяхатшылар,. теңізшілер (финикиялықтар, карвагендіктер, Б.Диаш, Васко-да-Гама, Христофор Колумб, Дж.Кабот, Фернан Магеллан, Дж. Дейвис, Г. Гудзон, Баффин, т.б.) мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты.

· 2-кезеңде (1749-1872) мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды (Г. Эллис, Дж. Кук, О. Соссюр, И.Ф. Крузенштерн, Э. Ленц, т.б.).

· 3-кезеңде (1872 жылдан бүгінге дейін) арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді (“Челленджер”, 1872-76; “Витязь” 1986-89; ”Метеор”, 1925-38; “Дискавери-11”, 1931-ден қазірге дейін; “Атлантис” 1933 жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-58; “Калипсо” 1952 жылдан қазірег дейін). Мұхит дүние жүзінде ауланатын балықтың 40%-ын береді. Негізгі кәсіптік балықтар: майшабақ пен нәлім. Оңтүстігінде кит ауланады. Мұхиттың үлесіне дүние жүзі мұхиттық жүк айналымының жартысынан көбі тиеді. Аса ірі порттары: Роттердам, Марсель, Гавр, Антверпен, Лондон, Ливерпуль, Генуя, Гамбург, Санкт-Петербор, Нью-Йорк, Хьюстон, Филаделфия, Балтимор, Буэнос-Айрес, Рио-де-Жанейро, Кейптаун, Дакар, Абиджан, т.б.

Солтүстік Мұзды Мұхит– Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км2, суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың орта тұсында солтүстік полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстігіндегі Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, 4 мұхиттың ең кішісі.

Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген. Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундралар.

Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп –Жаңа Жер, Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге жақын орналасқан. Солтүстік Мұзды Мұхитты зерттеу – бұл бірқатар елдердің: ТМД, Норвегия, Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің, саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.

Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте ( Шпицбергенде ) қыстап шығып, Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді. Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып, ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті. Виллем Баренцтің ХVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.

Ұлы Солтүстік экспедициясы (1733-1743ж.ж ) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап, Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді. Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин, Лаптевтер және басқалары ) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедицияда жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды Мұхит туралы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардығ шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірибесіне сүйене отырып, ХІХ ғасырдың аяғында А.Норденшельдтің басшылығымен орыс-швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап, батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. ХХ ғасырдың басында бұл жолды Р.Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың аяғында Ф.Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және ХХ ғасырдың басында Г.Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалып, 1899 жылы адмирал С.О.Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылып, мұзды машина күшімен жеңуге болатындығы дәлелденді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.018 сек.)