АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 33 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Солтүстік Мұзды мұхит табиғатының көптеген құпиялары қазірдің өзінде белгілі, бірақ болашақ ұрпақтығ ашатын жаңалықтары әлі көп.

Тынық мұхиты

 

Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Үнді мұхиты

 

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20%-ын алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы ХV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.  

Солтүстік-батысы мен шығысына негізгі, солтүстік-шығысына аккумулятивті жаға типі тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент-Винсент, т.б. шығанақтар бар.

Аралдары. Шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри-Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.). Үндістан түбегінен оңтүстік-батысқа қарай дүние жүзіндегі ең ұзын Мальдив және Лаккадив маржан аралдар тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ден аса қашықтыққа созылған. Тропиктік ендіктерде басқа да көптеген маржан аралдар (Чагос, Кокос, Андаман, т.б.) таралған. Аралдардан басқа тереңдігі бірнеше ондаған метрге ғана жететін тайыз банктер кездеседі (Сая-де-Малья, Назарет, Кампече, т.б.).

Үнді мұхиты солтүстігіндегі Лакшадуип үнді аралдары

 

Түпкі жер бедері мен шөгінділері. Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолюттік тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Түрлі тереңдіктердің үлесі төмендегідей: Құрлықтық қайраң енсіз (100 км-ден аспайды), тереңдігі 50-200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300-500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг, Брахмапутра, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген. Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия-Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік-шығысқа Орталық Үнді және Австралия-Антарктида, оңтүстік-батысқа Африка-Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында 5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орталық және Батыс Австралия, Африка-Антарктида, Австралия-Антарктида. Солтүстік-шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңдігі 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орт. бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді. Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңд. 3- 4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңдығы 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).

Климаты. Климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхит солтүстік жарты шарда Шаян тропигіне дейін ғана созылады. Сондықтан термик. экватор оңтүстік жарты шарға ығыса орналасқан. Солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұл бөлігінде жазда экваторлық оңтүстік-батыс, қыста тропиктік солтүстік-шығыс ауа ағындары басым. 8- 10 қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік-шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл — тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде 25°С, оңтүстік бөлігінде — тропиктік ендіктерде 20 — 25°С және одан да төмен. Жылдық жауын-шашын экватор маңында 3000 мм. Арабия теңізінің шығысы мен Бенгал шығанағында 3000 мм-ден астам, Арабия түбегіне жақын маңда 100 мм-ден кем. Оңтүстік жарты шардағы субтропиктік ендіктерде 500- 1000 мм, қоңыржай ендіктерде 1000 мм-ден Антарктида жағалауында 250 мм-ге дейін азаяды.

Гидрологиялық режимі. Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір-біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төменгі терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солтүстікке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солтүстікке қарай Сомали ағысы, оңтүстікке қарай Мозамбик-Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама-қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. Судың беткі қабатының темп-расы экватор маңында жыл бойы 26-28 С° шамасында. Солтүстік жарты шардың жаз айларында мұхиттың солтүстік бөлігінде 27 °С, 55° о.е-те 3 -5°С, 50° о.е-те 16 -20°С-қа дейін көтеріледі. 30°-28°С-тан төмен түседі. Солтүстік жарты шардың қысында о.е-тен оңтүстікке қарай –1 о.е-те 5°С, 50° о.е-те 21- 25°С, 30° мұхиттың солтүстік бөлігінде 23 -25°С -тан төмен. Беткі қабаттың тұздылығы жеке аудандарда 32-36,5‰ аралығында. Ең жоғарғы тұздылық Парсы шығанағында (37 — 39‰) және Қызыл теңізде (41‰). Судың ең жоғары тығыздығы (1027 кг/м3) антарктикалық ендіктерде, ең төменгі тығыздық (1018 — 1022 кг/м3) — Бенгал шығанағы мен мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде. Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5-1,6 м, шығанақтарда 5-7 м (Камбей шығанағында 11,9 м). Судың температурасы жыл бойы төмен болатын арктикалық ендіктерде мұз пайда болады. Желмен және теңіз ағыстарымен ыққан мұз бен ш.б-та о.е-ке дейін таралады. Мұзтаулар әсіресе 40 — 80° мұзтаулар солтүстікте көптеп кездеседі.

Өсімдіктері мен жануарлар әлемі. Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Басты порттары. Үнді мұхит алабында негізінен дамушы және орташа дамыған елдер орналасқан. Олар теңіз жолымен сыртқа шикізат пен азық-түлік шығарады да, шеттен өнеркәсіп өнімдерін әкеледі. Экспорт тауарларының ішінде шикі мұнай мен мұнай өнімдері басты орын алады. Аса ірі порттары: Аден (Йемен), Бомбей, Мадрас (Үндістан), Карачи (Пәкстан), Читтагонг (Бангладеш), Коломбо (Шри-Ланка), Рас-Таннура (Сауд Арабиясы), Харк, Бендер-Махшехр (Иран), Басра, Фао (Ирак), Мина-Әл-Ахмади (Кувейт), Дар-Эс-Салам (Танзания), Фримантал (Австралия), Дурбан (ОАР), Янгон (Мяньма), Могадишо (Сомали), т.б.

 

 

География-050609

 

«Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы» -базалық пәні бойынша тест сұрақтары.

 

1. Калабрия түбегіне тән тектоникалық құрылым:

A) Кембрийге дейінгі

B) Байкал

C) Каледон

D) Герцин +

E) Альпі.

 

2. Батыс Еуропаның таулы мұз басуының ең оңтүстік өңірі:

A) Пиреней;

B) Сьерра-Невада; +

C) Апеннин;

D) Пинд;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)