АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Диагностикасы. 1.Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ)

Читайте также:
  1. Диагностикасы
  2. Диагностикасы
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Диагностикасы
  6. Диагностикасы
  7. Диагностикасы
  8. Диагностикасы
  9. Диагностикасы
  10. Диагностикасы
  11. Диагностикасы
  12. Диагностикасы

1. Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ), саниметрлік лента арқылы бел мен бөксе айналымын өлшеу, олардың арақатынасын анықтау. ДМИ есептеу кезінде дене массасы кидограммен, бойы метрмен, өлшем бірлігі шаршы метрмен (кг/м2) өлшенеді (кесте 11.3).

 

11.3 кесте. Дене массасының индексін бағалау (ДДСҰ, 1997)

 

ДМИ(кг/м2) Дене массасы Қосымша патологияның даму қаупі
< 18,5   Дене массасының жеткіліксізділігі Төменгі (басқа аурулардың даму қаупі жоғары)
18,5–24,9 Қалыпты дене массасы Популяция үшін орташа
25,0–29,9 Жоғарғы дене массасы Жоғарылаған
30,0–34,9 Семіздіктің І дәрежесі Жоғары
35,0–39,9 Семіздіктің ІІ дәрежесі Өте жоғары
≥40 Семіздіктің ІІІ дәрежесі Тым жоғары

 

Бел айналымын (БА) өлшеу қабырғаасты мен жамбас сүйектерінің ортасынла ортаңғы қолтық сызығының бойымен өлшенеді. Қалыпты жағдайда БА әйел адамдарда 80 см артық емес, ал ер адамдарда — 94 см болуы тиіс. Бөксе айналымы (БА) сан сүйегінің басы бойымен өлшенеді. Семіздік абдоминальді болып егер БА/БА арақатынасы әйел адамдарда 0,85-тен ер адамдарда 1,0-ден жоғары болғанда саналады.

2. Метаболикалық синдром висцералды семіздіктің келесі өзгерістердің біреуімен ұштасқанда диагностикаланады: триглицеридтер↑, ЖТЛП↓, АҚҚ↑., гипергликемия немесе қант диабеті2 тип.

Диабеттің Мемлекетаралық Федерация қағидаларына сәйкес (IDF, 2005) МС диагнозы орталық семіздіктің (БА европалық ер адамдар үшін 94 см, әйелдер үшін 80 см) төменде көрсетілген төрт өзгерістердің екеуімен ұштасуы кезінде ғана қойылады:

— үшглицеридтер (ҮГ) деңгейінің жоғарылауы 150 мг/дл (1,7 ммоль/л) немесе сол бұзылысқа тән спецификалық ем.

— жоғарғы тығыздықты липопротеиндтер деңгейінің төмен болуы (ЖТЛП): < 40 мг/дл (1,03 ммоль/л) ер адамдар үшін, <50 мг/дл (1,29 ммоль/л) әйелдер үшін немесе сол бұзылысқа сәйкес спецификалық ем.

— жоғарылаған артериялық қан қысымы (АД): сиcтолалық АҚҚ 130 немесе диастолалық АҚҚ85 мм сын.бағ. немесе артеряилық гипертензияны ерте диагностикалау.

— қан сарысуында ашқарынға глюкоза деңгейінің жоғарылауы 5,6 ммоль/л немесе ерте диагностикаланған ІІ типті қант диабеті.

3. Тамақтану (науқастан бірнеше күн бұрын жеген тамақтарының тізімін сұрау) мен физикалық белсенділігін мұқият зерттеу.

4. Метаболикалық синдром асқынулары мен компоненттерін диагностикалау (гликемия деңгейі, липидтік спектр).

 

Салыстырмалы диагностикасы

Көрсеткіштер бойынша симптоматикалық генезді семіздікті жоққа шығару қажет (кіші дексаметазонды тест, ТТГ және т.б.). Дәрәгер мен семіздікпен сырқаттанған науқастар арасындағы дәстүрлі мәселе болып науқастың семіздік себебі қандайда бір сырқаттың нәтижесі деп бой бермеуі табылады.

 

Емі

1. Тағам қабылдау тәртібін реттеу және физикалық белсенділікті арттыру.

2. Гипокалориялық емдәм. Энергетикалық құныдылығы тәулігіне 1200 ккал болуы тиіс және май қабылдауды минимальді дәрежге жеткізу қажет. Қосымша көп мөлшерде тағамдық талшықтарды қабылдау тағайындалады. Емнің мақсаты болып бір жыл көлемінде дене массасын 5–10 %-ға төмендету табылады.

3. Медикаментозды ем науқастың өмір сүру салтын, емдәмін, сонымен қатар семіздік асқынулары мен жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғарылағанда тағайындаймыз:

3.1. Семіздіктің емі:

•орлистат (ксеникал) ішектік және панкреатиттік липазаларды ингибирлейді, нәтижесінде майлардыңғ ыдырауы бұзылып, ішекте сіңірілуі нашарлайды.

• сибутрамин (меридиа) мономиндердің (серотонин, норадреналин) кері қармалуының ингибиторлары болып табылады. Синапстарда осы нейротрансмиттердің жоғарылауы орталық 5-НТ-серотонин және адренергиялық рецепторларды тітіркендіріп, қойым сезімін арттырып, тәбеттің төмендеуіне және жылу алмасудың жоғарылауы әкеледі.

3.2. Липидті спектрді коррекциялау. Осы мақсатпен ГМГ-КоА-редуктаза (статин) және фибраттар ингибиторлары тағайындалады.

3.3. Гипотензивті терапия. ААФ ингибиторлары және т.б. дәрілік заттар тағайындалады.

3.4. Инсулинорезистенттілік және гипергликемия. Қант диабетін емдеу қағидалары 7.6.бөлімде көрсетілген.Метформин кей жағдайларда диабет алды сатысында тағайындалады.

4. Хирургиялық ем: кіші асқазанның түзілуі (гастропластика), асқазанды шунттау, жіңішке ішек резекциясы және т.б.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)