АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ауысу облысы

Читайте также:
  1. I ВВЕДЕНИЕ.
  2. Object pascal тілі
  3. АЛМАТЫ 2014
  4. Алтын Орда
  5. Арифметические выражения и алгоритм линейной структуры
  6. Бейбітшілік эпицентрі
  7. Билет 1
  8. Болжамы
  9. Бройтигам В., Кристиан П., Рад М.
  10. гипербола
  11. Диагностикасы

Бұл облыс (11-суретті қараңыз) мәліметтер қоры терезесін (Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларындағы) алмастыра алады, оны сол сияқты түймелер формаларымен (қарапайым тапсырмаларды орындауға арналған экрандар, мысалға, есептерді жіберу немесе мәліметтер қорын жабу үшін) бірге пайдалануға болады.

Тек осы облыста ғана мәліметтер қорының обьектілерін (кестелер, есептер, формалар және т.б.) орындауға жіберу және оларды ары қарай басқару орындалады.. Мысалға, есеп ауысу облысынан жіберіледі. Егер есептің құрылымын өзгерту қажет болса, оны конструктор режимінде ауысу облысынан ашуға болады.

 

 

11-сурет. Қазірше ауысу облысы құрылған кестелерді бейнелейді.

Тұтынушы Ассеss 2007 де жаңа немесе бұрыннан бар мәліметтер қорын ашқан мезеттен бастап, бұл мәліметтер қорының объектлері (кестелер, формалар, есептер, сұраныстар, макростар және басқалар) ауысу облысында бейнеленеді (11-сурет).

Келісім бойынша ауысу облысы Ассеss 2007-де мәліметтер қорын ашу кезінде бейнеленеді, ол Microsoft Ассеss-тің өте ертеректегі нұсқаларында қолданылған мәліметтер қоры терезесін алмастырады. Егер Ассеss –тің бұрынғы нұсқаларында белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін мәліметтер қорының терезесі қажет болса, жаңа нұсқасында ауысу облысы қолданылады. Мысалға, есеп жасау қажет болса немесе мәліметтерді тікелей жаңа жолға енгізу керек болса, ауысу облысынан кестені ашу қажет.

Ассеss-тің жаңа нұсқасында ауысу облысын тек қана стандартты тапсырмаларды орындау үшін пайдаланып қоймай, Microsoft Office Exsel 2007 немесе Microsoft Windows SharePoint Services 3.0 қызметінен мәліметтерді импорттау үшін, немесе осы тіркемелерге экспорттау үшін пайдалануға болады.

Ауысу облысының ертеректе қолданылған түймелік формалардан біршама артықшылықтары бар. Ертеректе қолданылған формаларды білуімен. Мысалға, мәліметтер қорының обьектлерін басқаруға (көшірмелеуге, жоюға, олардың құрылымын өзгертуге және т.б.) болады, бұл түймелік формалардың көмегімен мүмкін емес еді. Бұдан басқа, басқа терезелермен жабылып қалатын түймелік формалардан ауысу облысының ерекшелігі ол әрқашанда көрінетін болып қалады.

Егер мәліметтер қорының барлық обьектлерін қарау қажет болмаса, ал түймелік форманы құру міндетті емес болса, мәліметтер қоры обьектілерінің қолданылатын категориялары мен топтарын құруға және ауысу облысында тек осы категориялар мен топтарды бейнелеуге болады. Айталық, тұтынушы жұма сайын таңертең үш есептен тұратын жиынтықты жіберсін. Бұл есептерді мәліметтер қорының обьектлері тізімінен іздемеу үшін, ауысу облысында арнайы категорияны құруға және қажетті есептер үшін оған жарлықтар тобын енггізуге болады.

Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында құрылған түймелік формаларды Ассеss 2007-де ашуға және жіберуге болады, бірақ олардың түрі өзгеруі мүмкін. Мысалға, Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында мәліметтер қорының терезелерін бейнелеу үшін көптеген түймелік формалар түйме түрінде немесе басқа да басқару элементі түрінде берілді. Ассеss 2007-дегі бұл басқару элементін шерту кезінде тышқанның нұсқаушысы ауысу облысына ығысады, себебі ол мәліметтер қоры терезесін алмастырады.

 

Ассеss 2007 файлдарымен жұмыс істеу

Ассеss 2007 файлдарымен жұмыс істеу дегеніміз оларды ашу және сақтау. Осы операциялардың орындалуына нақтырақ тоқталайық.

Алғашында құрылған файлдарды ашуды қарастырайық. Жаңа файлдарды құру әрқашан талап етіле бермейді. Тұтынушы көбінесе құрылған файлдарды редакторлауды орындайды. Бұл үрдістің мағынасы мынада, құрылған файл ашылады (<Сtr1+O> пернелерінің комбинациясы). Немесе басқадай ұзағырақ жолмен баруға да болады, тышқанмен Оffiсе үлкен дөңгелек түймешесін шертііп, содан кейін пайда болған мәзірден Ашу командасын таңдау.

 

 

12-сурет. Ашылатын файлды таңдаңыз.

 

Қалай болғанда да алынатын нәтиже біреу — Құжаттың ашылуы диалогтық терезесі (12-сурет).

Енді тышқанның сол жақ батырмасымен Ашу түймешесін басу, осының барлығы орындалғаннан кейін сіздің таңдаған файлыңыз экранға шығады.

Қүрған немесе құрылған файлды өзгерткеннен кейін оны сақтау қажет. Бұл операцияны орындау үшін <Сtr1+S> пернелерінің (жедел сақтау) немесе <Р12> комбинациясын орындаңыз (мәзірдегі Қалай сақтау командасының аналогы, Officе түймешесін басқаннан кейін орындалады). Сол сияқты бұдан "ұзағырақ" командаларды пайдалануыңызға да болады, Office →Қалай сақтау түймешелері.

Мынаған көңіл аударыңыз, Қалай сақтау командасын таңдау кезінде мәліметтер қорының жеке обьектісін де немесе тұтас мәліметтер қорын таңдуға да болады..

Егер соңғы нұсқаны таңдасаңыз экранда Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады. (13-сурет). Файлдың аты өрісінде өзіңіздің файлыңыздың атын енгізіңіз, ал Файлдың типі өрісінде сақталатын файлдың типін таңдаңыз, осыдан кейін тышқанмен Сақтау түймешесін шертіңіз. Алдыңғы жағдайдағыдай, қандай да бір себептермен сізді құрылған файл қанағаттандырмаса оны сақтау идеясынан бас тартуыңызға болады. Ол үшін Отмена түймешесін шерту қажет.

13-сурет.Бұл диалогтық терезеде сақталынатын файлдың аты мен типін көрсетіңіз.

 

Жұмыс ортасын баптау

Жылдам ену тақтасы (14-суретті қараңыз)

Бастапқыда бұл тақта үш командадан тұрады.

· Файл, "жылдам" <Сtг1+S> пернелері. Құрылған(немесе өзгертілген) файлдар.

· "жылдам" командасын болдырмау <Сtг1+Z> пернелері. Орындалған операцияны болдырмау. Алдын ала белгілегеніміздей, осы команданың пиктограммасының оң жағында тұрған бағдаршасында тышқанның сол жақ батырмасын шерткеннен кейін орындалған команталар тізімі шығады. Сіз орындалған командалардың кез келгенін болдырмай тастауыңызға болады.

· "жылдам" командасын қайта оралту <Сtr1+Y> пернелері. Орындалған операцияларды қайталау.

14-сурет. Өзіне ең "пайдалы"командаларды қамтушы Асcess 2007-нің жылдам ену тақтасы.

Баптаудың мұндай"радикальды" түріне енбес бұрын, жылдам ену тақтасының жағдайын өзгертіп көрейік. Бұл үшін жылдам ену тақтасының оң жақ бөлігінде тұрған екі стрелканы шертіңіз. Осыдан кейін экранда бізді қызықтыратын – Таспаның астына орналастырыңыз деген бір ғана пункті бар мәзір шығады. Осыдан кейін жылдам ену тақтасы Басты облысы, Алмастыру буфері тобындағы таспаның астына орналасады. Егер сіз оны кері оралтқыңыз келсе, осы пунктті қайта таңдаңыз. Шындығында, оның аты өзгереді. Енді мәзірдегі бұл пункт Таспаның үстіне орналастырыңыз деп аталады.

Жылдам ену тақтасының мазмұнын баптау үшін, осы тақтаның оң жақ бөлігінде тұрған қос қабат стрелканы шертіңіз, содан кейін алдын ала дайындалған тізімнен сіз жылдам ену тақтасынан көргіңіз келген команданы таңдаңыз. Бұл командалардың жиыны аса үлкен емес (біздің Ассеss 2007-те жылдам ену тақтасындағы үш команданы қосқанда, олардың саны 11).

Тышқанды Басқа командалар пунктінде шерткенде, Баптау бөлімінде, Ассеss параметрлері диалогтық терезесі ашылады (15-сурет).

Бастапқыда жылдам ену тақтасына жиі қолданылатын үш команданы қосамыз Құру, Ашу және Кесте (мәліметтер қоры кестесін құру). Жалпы айтқанда бұл командалар жылдам ену тақтасының оң жақ бөлігінде орналасқан қос стрелканы тышқанмен шерткеннен кейін пайда болатын Жылдам ену тақтасын баптау мәзірінде болады. Біз бұл екі команданы Ассеss параметрлері диалогтық терезесінің Баптау бөліміне қосамыз.

Құру командасын қосудан бастайық. Оны таңдап алынған Жиі қолданылатын командалар категориясындағы, өрістен төмен орналасқан Командаларды таңдаңыз тақтасынан табыңыз. Сонымен, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту арқылы осы команданы таңдап алыңыз, содан кейін Қосу түймешесін шертіңіз. Бұл команда жедел ену тақтасының түймешелері бейнеленген терезеде бірден пайда болады. Келісім бойынша бұл терезедегі барлық командалар алфавит бойынша орналасады. Егер бұл рет сізге ұнамайтын болса, оны өзгертуге болады.

15-сурет. Бұл диалогтық терезенің көмегімен жедел ену тақтасын баптау іске асырылады.

Бұл үшін осы терезенің оң жағындағы стрелка түріндегі түймешелер қолданылады. Осы терезені жапқаннан кейін бұл команданың белгілері жедел ену тақтасының сол жағына ауысады. Егер сіз қателесіп басқа команданы таңдаған болсаңыз, одан сол мезетте құтылуға болады.

· Жедел ену тақтасын Баптау тізімі. Бұл тізімдегі екі мән — Барлық құжаттар үшін (үнсіз келісім бойынша) және Диск аты:/жол/мәліметтер қорының аты aссdb — сіздің жасаған өзгерістеріңіздің облысын анықтайды. Бірішіден, үнсіз келісім бойынша берілген мәндер сіз болашақта жұмыс істеймін деп ойлаған жедел ену тақтасындағы барлық мәліметтер қорына өзгерістер енгізуге қолдануға болатындығын анықтайды. Егер екінші мәнді таңдасаңыз, онда күткеніңіздей, өзгертілген жедел ену тақтасы ағымдағы мәліметтер қорымен жұмыс істеген кезде ғана пайда болады, егер сіз келесі реттегі мәліметтер қорымен жұмыс істесеңіз, жедел ену тақтасы бастапқы қалпына келеді.

 

· Жедел ену тақтасын таспаның астына Орналастыру жалаушасы. Бұл жалаушаАсcess параметрлері диалогтық терзесінен кетпей-ақ жедел ену тақтасының жағдайын өзгертуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы мәліметтер қоры

Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдаңыз: Office – Access параметрлері – Ағымдағы мәліметтер қоры түймешесі.

Ассеss параметрлері диалогтық терезесінің Ағымдағы мәліметтер қоры бөлімінде (16-суретті қараңыз) құрылған мәліметтер қорының параметрлері анықталады. Осы диалогтық терезенің параметрлеріне нақтырақ тоқталайық.

· Қосымшалар параметрлері тобы. Бұл топтағы параметрлер жиыны Microsoft Оfficе Ассеss 2007-де қайтадан жасалынған қосымшалардың "тюнингін" қамтамасыз етеді: тақырып пен қосымша белгісін, құжат терезесі параметрлерін, суреттерді сақтау форматын, сол сияқты басқа да параметрлерді анықтау.

· Ауысу тобы. Бұл жерде жоғарыда сипатталған ауысу облыстарының параметрлері анықталады. Ауысу облысы жалаушасы (үнсіз келісім бойынша қойылған) Ассеss жұмыстық терезесінде ауысу облысынң бейнеленуін қамтамасыз етеді. Ауысу параметрлері түймесін шерткеннен кейін Ауысу параметрлері диалогтық терезесі пайда болады (16-сурет), мұнда осы облыста бейнеленген обьектлер құрамын, сол сияқты олармен жұмыс істеу тәсілдерін баптауға болады. Егер сіздің Ассеss 2007-мен жұмыс істеу тәжірибеңіз аз болса, барлығын да бұрынғыша қалдыру жеткілікті.

· Таспалар және саймандар тақтасы параметрлері тобы. Бұл топтың атауынан көрінгеніндей, мұнда Ассеss 2007-нің таспалар мен саймандар тақтасының параметрлері анықталады.

· Атауларды автоауыстыру параметрлері тобы. Бұл топтағы командалар атауларды автоауыстыру үрдісінде қолданылатын тәсілдерді анықтайды.

· Мәліметтер қорына арналған автосүзгілеу параметрлері тобы. Бұл топтың құрамына кіретін командалар мәліметтер қорында қолданылатын автосүзгі параметрлерін анықтайды.

16-сурет. Бұл терезеде құрылған мәліметтер қорының 17-сурет. Өзіңіздің "басқару пультіңіздің"

параметрлері тұтасымен анықталады. негізгі параметрлерін анықтаңыз


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)