АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кестелер

Читайте также:
  1. MS Access интерфейсімен танысу.
  2. Автор туралы
  3. Алматы 2012 1 страница
  4. Алматы 2012 10 страница
  5. Алматы 2012 2 страница
  6. Алматы 2012 8 страница
  7. Алматы 2012 9 страница
  8. Арифметические выражения и алгоритм линейной структуры
  9. Ауысу облысы
  10. Бройтигам В., Кристиан П., Рад М.
  11. Диагностикасы
  12. Есеп беру

Бұрындары ескерткеніміздей, контактлер тізімі сияқты, қарапайым мәліметтер қорында бір ғана кесте қолданылады. Алайда көптеген мәліметтер қорында бірнеше кесте қолданылады. Компьютерде жаңа мәліметтер қорын құру кезінде жаңа файл құрылады, бұл мәліметтер қорының барлық обьектлері үшін, оның ішінде кестелер үшін де, контейнер ретінде қолданылады.

Ассеss кестелерін құру

Реляциялық мәліметтер қорындағы берілгендер кестелерде сақталады, бұл ережеден Ассеss 2007 де тыс қалмайды. Кестелерді құру үшін келесі тәсілдердің бірі қолданылуы мүмкін: жаңа мәліметтер қорын құру мезетінде кестелерді бұрыннан бар мәліметтер қорына орналастыру, сол сияқты мәліметтердің басқа көздерінен кестеге импорт немесе сілтеме жасау, мысалға Microsoft Office Exsel 2007 кітабы, Microsoft Office Word 2007 құжаты, мәтіндік файл, немесе басқа мәліметтер қоры. Жаңа мәліметтер қорын құру кезінде, оған өрістерді анықтауды бастауға мүмкіндік беретін, мәліметтерді енгізуге болатын, жаңа бос кесте автоматты түрде қойылады. Бұрыннан бар мәліметтер қоры құрамында жаңа кестелерді құруды бастайық, ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет.

Ассеss 2007-ні орындауға жіберіңіз

«Бағдарламаның алғашқы экраны» терезесінде «жаңа мәліметтер қоры» белгісін шерту.

«Жаңа мәліметтер қоры» ішкі терезесінде файлдың атын енгізіңіз және мекен жайын көрсетіңіз. (4-сурет.)

1. Енді Құру қосымшасына өтіңіз, содан кейін Кестелер тобындағы Кесте түймесін шертіңіз (19-сурет).

19-сурет. Командалардың бұл тобының көмегімен жаңа кесте құруға болады.

Ассеss кестелеріне өрістер қосу

Мәліметтер қорындағы барлық ақпараттар өрістерде сақталады (сол сияқты бағандар деп аталады). Мысалаға, Контактлер кестесінде Аты, Фамилиясы, Мекен жайы, Телефон және т.б. атаулармен өрістер құруға болады.

Өрістерді таңдап алуға үлкен жауапкершілікпен қараңыз. Өрістерді анықтау үрдісінде ақпараттарды жеке пайдалануға болатындай етіп, кішкентай бөліктерге бөлуге тырысыңыз. Мысалға, толық атауларды екі өрісте сақтау ыңғайлы – Аты және Фамилиясы. Егер ақпараттың белгілі бір элементі үшін есептер жасау, сорттауды орындау, іздеу немесе есептесу жоспарланса, ол үшін жеке өріс құру ұсынылады.

Өріс сипаттамасымен қатар анықталады. Мысалға, әрбір өрісте осы өрісті бірдей дәрежеде анықтайтын өзінің аты бар. Бұдан басқа, кез келген өріске осы өрісте сақталатын мәліметтерге сәйкес таңдалатын, мәліметтер типі сәйкес келеді. Мәліметтердің бұл типі сақтауға болатын мәндерді, мәліметтермен орындауға болатын операцияларды, сол сияқты әрбір мәнге бөлінген жадының көлемін анықтайды. Әрбір өріспен сол сияқты қасиеттер деп аталатын параметрлер тобы да байланысты, олар осы өрістің сыртқы түрі мен функциональды сипаттамаларын анықтайды. Мысалғы, Формат қасиеті өрісте бейнеленетін мәліметтердің құрылымын анықтайды.

1.1.-кесте Access 2007 өрістеріндегі таңдалған мәліметтер типтері

Мәліметтер типі Өлшемі Қызметі
Мәтіндік 255 белгіге дейін Есеп жасауда қолданылмайтын (мысалға, тауар коды) мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады
MEMO өрісі 1073741824 белгіге дейін немесе 2 Гбайт жадыға (белгіге2 байттан), басқару элементінде 65535 белгі түрінде беруге болады Бұл типтің өрісіне алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтінді. 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтегі өрістің қолданылу мысалы — ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар
Сандық 1, 2, 4 және 8 байт немесе 16 байт (егер репликацияны кодтау үшін қолданылса) Бұл өріске сандық мәндерді енгізуге болады (бүтін немесе бөлшек). Ақшалық мәндерден басқа, есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады, (ақшалық мәндер үшін "Ақшалық" мәліметтер типі қолданылады)
Мерзім /уақыт 8 байт Бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады. Әрбір сақталған мән бір мезгілде мерзімнің де, уақыттың да компаненттерін құрайтын-дығына назар аударыңыздар.
Ақшалық 8 байт Бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге арналған. Ақшалық мәндерді сақтау үшін қолданылады. (валюталар)
Есептегіш 4 байт немесе 16 байт,егер репликацияны кодтау үшін қолданылса   Access 2007 –ге автоматты түрде енгізілетін Уникальное сандық мән. Уникальный мәндерді құру үшін, мысалға алағашқы кілтті қолданылады. Мынаған назар аударыңыз, мәліметтердің "Есептегіш" типті командаларында сандар көрсетілген нұсқауларға тізбекті түрде өсуі немесе кездейсоқ таңдалуы мүмкін.
Логикалық 1 бит (8 бит = 1 байт)   Мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін "Ия" және "Жоқ" немесе True и False қамтитын өрістер үшін қолданылады.
OLE объектсінің өрісі 1 Гбайтқа дейін   Бұл өріске OLE –объектлері немесе басқа екілік мәліметтер енгізіледі. Microsoft Windows –тің басқа қосымшаларының OLE-объектлерін сақтау үшін қолданылады.
Салымдар Сығылған салымдар үшін — 2 Гбайт. Салымдардың сығылу дәрежесінің мүмкіндігіне байланысты, сығылмаған салымдар үшін шамамен 700 Кбайт. Бұл типтегі өрістерге сәреттер, бейнелеулер, екілік файлдар, Microsoft Office файлдары енгізілуі мүмкін. Цифрлы бейнелерді және екілік файлдардың кез келген типтерін сақтауға арналған мәліметтердің стандартты типі.
Гиперсілтеме 1073741824 белгіге дейін немесе жадының 2 Гбайты (белгіге 2 байттан), басқару элементінде 65535 белгімен беруге болады   Бұл өріс тышқанды URL-мекен жайында немесе файлда бір рет шерту арқылы Web-беттерді шақырудың гиперсілтемелерін сақтау үшін қолданылады. Бұдан басқа, мәліметтер қорында сақталған Ассеss объектлеріне сілтеме жасауға пайдалануға болады.
Мастер подстановок Кестелер мен сұраныстар негізінде – байланған баған өлшемі. Мәндер негізінде мәндерден тұратын мәтіндік өрістің өлшемі. Нақтысында мәліметтер типі болып табылмайды, тек подстановка шеберін шақырады. Тізімдері бар өрісті пайдалана отырып, басқа кестелерден, сұраныстардан немесе мәндер тізімінен мәндер таңдауға мүмкіндік беретін, көмегімен өріс құруға болатын подстановка шеберін жіберу үшін пайдаланылады.

Құрылған жаңа кесте кестелер режимінде ашылады. Жаңа өрісті жылдам қосу үшін Өріс қосу бағанында мәліметтер енгізуге болады. (20-сурет.)

20-сурет. Келісіңіз, барлық кестеге екі өріс –бұл азырақ.

<Enter> пернесін басыңыз, осыдан кейін сіздің кестеңізде жаңа өріс пайда болады (21-сурет).

21-сурет. Байқағаныңыздай, кестеге жаңа өрісті енгізу бірнеше секундта орындалады.

Мынаған назар аударыңыз, Ассеss 2007 жаңа өріске атауды автоматты түрде қояды: бірінші өріс үшін Өріс1, екінші өріс үшін Өріс2 және с.с. Өрістің атын өзгерту үшін, оның тақырыбында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз, осыдан кейін жанама мәзірден Баған атын өзгерту командасын таңдаңыз.

Өрістің атын таңдау кезінде қолданылатын шектеуді ұмытпаңыз – өріс атының ұзындығы 64 символдан аспау керек.

Жаңа кестені құру

Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды және өріске Код атын және мәліметтер типін Есептегіш тағайындайды (5-суретті қара). Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек.

Кестелер конструкторы режиміне өту үшін келесі тәсілдердің біреуін пайдаланыңыз:

a) Тышқанның оң жақ батырмасымен ауысу облысындағы кесте аты белгісін шертіңіз және Конструктор командасын таңдаңыз.

b) Access күйі тақтасында Конструктор түймесін тышқанмен шертіңіз.

Кестелер режимінен Конструктор режиміне өткен кезде«Сақтау», диалогтық терезесі ашылады, бұл жерде кестенің атын «Студенттер» деп жазу қажет.

 

Конструктор режимінде кесте құрылымын жасаймыз (22, 23-суреттерді қараңыз):

1. «Өріс аты» бағанына өрістер аттарын енгіземіз, мысалға, «студент коды».

2. Өрістерде мәліметтер типін анықтаймыз, мысалға, ашылған тізімдегі «студент коды» үшін «сандық» өріс типін таңдаймыз.

3. Өрістің қасиетін анықтаймыз, мысалға, «сандық» мәліметтер типіне ашылған тізімнен «бүтін» өріс өлшемін таңдаймыз.


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)