АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 3 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Эсхилдің бұл трагедиясы арқылы ұлы драматургтың гуманистік ақыл-ойының куәсі боламыз. Сол дәуірлердің өзінде дамып жетілген афиндік демократияның қан төгу арқылы әділетсіз түрде патша тағына келгендерді халықтың қалай соттайтынын әрқашанда әділдік алуға болатынын насихаттайды. Бұл трагедияда Клитемнестра образын жан-жақты көрсетуде драматург үлкен еңбек сіңірген. Осы бейне арқылы билік үшін ештеңе аямайтын қанішер қарғысқа ұшыраған адам образын жасайды. Трилогияның өн бойы оқырманды үлкен психологиялық тебіреністе ұстайды.

Ежелгі Грецияның Эсхилден кейінгі, атақты драматургі – Софокл. Ол Афин қаласына жақын Колонда б.д.д. 496 жылдар шамасында дүниеге келіп, б.д.д. 406 жылы қайтыс болады. 480 жылдардың өзінде-ақ 16 жасар жасөспірім Софокл Саламин жеңісінің құрметіне арналған эфебтердің хорына қатысады. Бұл үш ұлы драматургтердің өмір жолдарын байланыстырып, қатарластыра қарастыруға мүмкіндік береді. Эсхил Саламин шайқасына қатысса, Софокл бұл жеңісті мадақтады, ал Еврипид осы кезеңде дүниеге келді. Софоклдың шыққан тегі туралы пікірлер әрқалай. Негізінен әке-шешесі орта дәулетті болып, баласына жақсы білім береді. Ол жас кезінде музыкаға деген икемділігін де көрсетіп, тіпті кейін өзінің трагедияларына музыка да жазған.

Оның шығармашылық талантының кемеліне келіп, гүлдену кезеңі тарихтағы «Перикл ғасырына» тұспа-тұс келеді. Перикл Афина мемлекетін отыз жылдай биледі. Ол билікте болған кезде Афина нағыз мәдени өмірдің орталығына айналады. Афинаға Грецияның түкпір-түкпірінен ғалымдар мен ақындар, сәулет өнерінің шеберлері жиналды.

Софокл тек әйгілі драматург болып қана қоймай, сонымен қатар, өз тұсында мемлекеттік қызметтерді де атқарды: мемлекеттің қазынасын сақтаушы, кейін стратег және Периклмен бірге Самосқа қарсы жорыққа қатысады. Оның мемлекеттік қызметтері жайлы Хиостық ақын Ионың шығармаларында нақты мәліметтер бар.

Софокл 411 жылы демократияға қарсы төңкерістен кейін афиндік заңды қайта қарауға қатысады. Софокл Периклдің ең жақын достарының бірі болды. Периклдің маңайындағы тарихшы Геродот, философ Архелаймен жақын қарым-қатынаста болды.

Софокл трагедияларында өз заманының күрделі мәселелерін көтерді: дінге көзқарас («Электра»), құдайдың құдіретімен пешенеге жазылған тағдыр («Антигона»), адамдардың еркі мен құдайдың еркі («Эдип патша», «Трахиняндықтар»), жеке адамдар мен мемлекет мәселелері («Филоктет»), адалдық пен игі биіктік («Аякс»). Бізге жеткен деректерге қарағанда Софокл 120 -дан астам трагедия жазған. Одан бізге жеткені жетеу: «Аякс», «Трахиняндықтар», «Эдип патша», «Электра», «Филоктет», «Колондағы Эдип» және сатиралық драма «Із кесушілерден» үзінділер.

Бұл трагедиялардың қай уақытта қойылғаны белгісіз, жалпы алғанда, «Антигона» 442, «Эдип патша» 429-425 жылдарға жақын, «Филоктет» 409, «Колондағы Эдип» ақын өлгеннен кейін 401 жылдары қойылған деп шамаланады.

Софокл алғашқы жеңісін трагедиялық сайыста 468 жылы «Триптол» драмасымен Эсхилді жеңіп иеленеді. Бұл мәлімет Плутархтың «Кимон» деген еңбегінде берілген. Софоклдің шығармашылығы табысты болған. Ол трагедиялық сайыстарда 20 рет жеңіске жетіп, ешуақытта соңғы орын иеленбеген. Софокл өзінің трагедияларында Афиннің демократялық бірлігін, оның қалыпты тыныш өмірін жақтады. Ескі мен жаңаның тартысынан трагедиялық конфликт тудырды. Ескі дәстүрді бұзу қаупіне келгенде діннен қорғаныш іздейді. Софокл адамның ерік күш-жігерін мойындағанымен, адамның ақыл-ойы, іс-әрекеті шектеулі деген ойды алға тарта отырып, адамның тағдыры құдайдың қолында, пенденің барлық іс-әрекеті пешенеге жазылған тағдырдың іске асуы деген авторлық позиция ұстайды. Мысалы, бұл позицияны «Аякс», «Трахиняндықтар», «Антигона», «Эдип патша» трагедияларынан тануға болады. Софоклдің түсінігінде адам өз тағдырының не болатынын білмейді, оның өмірінің бақытты, бақытсыз болуы – пешенеге жазылған құдайдың еркіндегі іс. Сонымен қатар, Софокл адамның бақытсыздығы құдайдың құдіретіне мойынсұнбаудан дейді. Мысалы «Аякс»трогедиясын алған болады.

Софоклдің шығармаларының ішіндегі елеулісі «Антигона» (442). «Антигонаның» сюжеті фивандық мифологияның цикліне құрылған. Мұнда Эсхилдегідей оқиға жүйесі толық баяндалмайды. Софокл тек «Антигона» трагедиясы арқылы осы оқиғаның бір үзігін ала отырып, адам еркіндігі мен құдайдың құдіретімен болатын іс-әрекеттердің қақтығуларын баяндайды. Сөйтіп жорғарыда айтқанымыздай, адам тағдыры құдайдың қолында болатыны осы трагедия арқылы көрсетеді. Трагедиядағы сюжет шығарманың басты кейіпкерлері Эдип патша оның қызы Антигона мен баласы Полинниктің ара қатынасынан өрбиді.

Шығарманың сюжетіне тоқталсақ, Эдип патшаның қызы Антигона отанына сатқындық жасаған інісінің өлі денесін жерлемекші болады. Полиниктің опасыздығын кешірмеген патша Креонт оны ит-құсқа жем болсын деп жерлеуге қарсы болады. Антигона зілді бұйрыққа қарсы әрекет жасап інісін арулап көмеді. Антигонаны бұйрыққа көнбегені үшін Креонт оны қатал жазаға бұйырады. Бұл жазадан гөрі өлімді артық деп санаған Антигона өз-өзіне қол жұмсайды. Антигонаның өлімін естіген жігіті Эвридика Креонттың баласы Гемон ол да өзін-өзі өлтіреді. Міне сөйтіп Креонт барлық жақындарынан айырылып қайғыға батады.

«Антигона» трагедиясындағы Софоклдің көтерген басты мәселесі құдайлар тарапынан жазылған заңдар мен адамзат арасындағы заңдардың қарама-қайшылығы. Антигона ескі салт-дәстүрге берік, сондықтан да құдай жолымен бауырын арулап жерлеуді дұрыс шешім деп қабылдайды. Бұл жолда ол мемлекеттік заңдарға бас имей Креонтқа қарсы шығады. Софокл бұл трагедияда Антигона мен Креонттың өмірге деген көзқарастарының қарама-қайшылықтарын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Антигонаның бойындағы ерік-жігер мен күш қайратты жоғары бағалайды. Адамның ұлылығын, ақылдылығы мен өжеттілігін сомдаумен қатар, Софокл әлсіздік, адам мүмкіншілігінің шектеулілігін де өз трагедияларында көрсете алды. Драматург бұл мәселені «Эдип патша» трагедиясында толық қамтиды. Мұнда да мифтік сюжет бар. Бұл трагедиядада фивандық патша Лаяның ұлы Эдиптің тағдыры баяндалады. Сәуегей патша Лаяға кейін өз ұлының қолынан қаза табатынын айтады. Лая жаңа туылған ұлының аяғын тесіп Коринф тауына апарып өлтіріп тастауға бұйрық береді. Алайда құл нәрестені өлтіруге қимай таудың бір шетіне тастап кетеді. Баланы коринфтік патша Полиб тауып алып, тәрбиелеп өсіреді. Ержеткен Полибке тағы да сәуегей оның болашақта өз әкесін өлтіріп, өз анасына үйленетінін баяндап айтып береді. Бұл бақытсыз тағдырдан қашқан Эдип Коринфтен кетіп Фивқа жол тартады. Жолда бір қарт кісімен керісіп оны өлтіреді. Бұл әкесі – Лай еді. Эдип Фива еліне келіп оларды Сфинкстердің жауыздығынан құтқарып, ерлігі үшін Фиваның патшасы болып сайланып, білместіктен Фива патшасы Лайдың жесірі, шешесі Иокостаға үйленеді. Көптеген жылдар бойы Эдип Фива патшалығын басқарып халық сүйіспеншілігіне бөленеді. Кенет елді індет жайлайды. Бұл бақытсыздықтың себебін сәуегей елде күнаһар кісі өлтіруші адам болғандықтан құдай бізді жазалап отыр деп баяндайды. Эдип елден қылмыскерді іздейді, бірақ оның өзі екенін білмейді. Ал барлық шындық белгілі болғанда Эдип бұл ауыр қайғыны көтере алмай, ол өзінің екі көзін ойып жібереді, өз қылмысы үшін осы жазаны дұрыс деп табады.

Трагедияның бас кейіпкері патша Эдип халықтың әділ басқарушысы, ол ел тағдыры үшін өзінің жаупкершілігін жоғары қоя біледі.

Софоклдің өмірінің соңғы жылдарында жазған туындысы – «Колондағы Эдип». Бұл трагедияда ақын зұлымдыққа деген көзқарасын білдіреді. Бұл трагедияның басты кейіпкері де – Эдип, бірақ бұл Эдип «Эдип патша» трагедиясындағыдай беделді ел басқарушы және бақытсыздыққа ұшыраған қайғылы жан ретінде көрінбейді. Жаңа трагедияда Эдип мәңгі өлмейтін қуатты жан, өлімге бас имейтін алып күш иесі ретінде көрінеді.

Күнәнің қайғы-қасірет, азап шегу арқылы өтелуі - шығарманың басты мақсаттарының бірі. Қайғы-қасіретке толы жылдар оны қажытты, бірақ ол оны өзінің әдейі істемегендігін, демек өзінің ақ екеніне сенімді. Енді зұлымдықтан тазарған Эдип Колон қаласының жарылқаушысы. Трагедияға Эдип патша туралы миф негіз болып алынған. Софокл «Антигона» трагедиясында адамзат санасын оятуға әрекет жасаса, ал «Эдип патшада» адамзатты биік деңгейге көтереді.

Трагедияның басты көркемдік ерекшелігінің бірі Софокл отанының даңқын әспеттейтін хорларға көп көрініс береді.Мысалы, бұл – нағыз Колонға арналған гимн т.б. Хордың лирикалық әндері трагедияның ең әсерлі жерлері.

Мемлекеттік мүдде мен жеке бастың мүддесі арасындағы қақтығыстарды Софокл «Филоктет» трагедиясына негізгі өзек етіп алады. Бұл трагедияның негізгі идеясы адам тек өз бақытын іздеуші ғана емес, отанына адал қызмет етуші. «Аякс» трагедиясының шешімі «Антигонаға» жақын. Мұнда өлім қастандықты тоқтатады, ал өлікті қорлау құдай заңына қарсы шығу деген шешім бар.

Аристофан – ежелгі грек драматургиясындағы комедия жанрының негізін салушы. Оның өмірі жайлы деректер аз. Аристофан Эгин аралында 450 жылы дүниеге келген. Ол Афина азаматы болды Ол антикалық комедияның жалғыз ғана өкілі болып саналады. Оны Энгельс: «Ашық бейнелеуші тенденциалы ақын» деп атаған. Ол комедия атасы деген атпен танымал.

Аристофан өзінің елеулі шығармашылық өмірінде халық тұрмысын сатиралық түрде баяндаған. Афина елінің қоғам қайраткері Аристофан б.з.д. 380 жылы дүние салған.

Аристофан 40 – қа жуық комедия жазған. Бізге жеткені тек 11 коме-диясы ғана. Оның комедияларын үш әлеуметтік – тарихи кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

1 - кезең. Б.з.д. 427 - 421 жылдар аралығын қамтиды. Ол Пелопондық соғыс пен Никиева бейбіт бітімін қамтып өтеді. Оған оның «Ахарнянда» (425 ж) шығармасы, онда қарапайым шаруаның соғыстан әбден мезі болған, өзіне - өзі бейбіт өмір құрып алады. «Аттылар» (424 ж) туындысы сол кездегі демократиялық лидер Келон сатира негізінде құрылған. «Бұлттар» (423) – қарызға батқан, бар жұмысы оқу – білім мен шұғылданушы софистер жайлы, оның ішінде Сократта бар. «Бейбітшілік» (421) – қоңыз Олимпке барып бейбітшілік құдайын қинап, күшпен өз үйіне алып келеді.

2–кезең. 414 – 405 жылдарды қамтиды. Ал 421 -414 жылдар аралығындағы шығармашылығы жайлы ешқандай мәлімет жоқ. Бұл кезеңде әлеуметтік мәселе жоқтың қасы еді. Мұндағы мәселе тақырыптары қоғамдық сатираға негізделген. Ақындар мен театрдың үстем таптарының саяси талаптарына қарсы наразылықты негіз етіп алады. «Құстар» (414) – онда екі афиндықтың қалалық өмірден жалығып, жер мен көк арасынан ұшқан әр бір құсты қуумен болады. Біреуі өзін Зевс деп те атайды. «Лисистрата» (411) - әйелдер қауымының ереуілі. Олар өз тұрмыс ортақтарының қашан соғысты тоқтатпайынша өз араздықтарын қоймайтынын жариалап, соғыс ашады. Алайда ереуіл соңы әйелдер мен еркектердің келісімге келуімен аяқталады. «Фесмофори мерекесіндегі әйелдер» - Еврипидтің інісі әйел киімін киіп мерекеге қатысуы. Ол жерден Европид құтқарып алып шығады. «Бақалар» (405) - пен Эсхил арасындағы бақталастық.

3– кезең. Б.з.д. 392 – 388 жылдар аралығын қамтиды. Онда көне жер иеленуритуалды – саяси комедиялар енеді. Оған кіретіндер: «Халықтық жиналыстағы әйелдер» немесе «Заң шығарушылар» (392)ешқандай уайым қайғысы жоқ өмірдің, жеңіл қолға келуіне сатира негізінде жазылған шығарма «Байлық» (388) - әділ жер иеленушінің байлықты бөлуде әділдік болуын армандауы жайында жазған. Жалпы әлеуметтік жағдайларды суреттейді.

Аристофанның жалпы шығармашылығын тарихи негізінен алар болсақ, бұл кезең афин демократиясының дағдарысқа ұшыраған кезеңі еді. Грецияның классикалық кезеңінің соңы.

Аристофанның дүниетанымы көне аристократиялық та емес, софистикалық та емес немесе демократиялық та емес. Ол байыған қала демократиясының баи түсу үшін соғыс жүргізген әскер басшылар мен ел әкімдеріне арналған сыни сатирасы болып келді.

Аристофанның саяси - әлеуметтік көзқарастары оның жоғарыда аталған үш кезеңінің негізінде демократиялық тәртіпке арналған ащы сатирасы мен, сол кездегі демократиялық лидерлер халықтың арқасында байып отырған, іс - әрекеттерін ашық мысқылмен суреттеген. Аристофан әсіресе милитаризмге қарсы болған. Ол оның «Ахарнянда», «Аттылар», «Фесмафорий мерекесіндегі әйелдер», «Бейбітшілік» шығармаларының идеясы дәлел бола алады. Ол ақша, қағаз ақшаға қарсы болған. Бәлкім, бұл оның жаңадан үркіп, ескіні күштейтіндігінен де шығар.

Аристофанның әдеби – эстетикалық көзқарастары оның «Бақалар» мен «Фесмофори мерекесіндегі әйелдер» атты комедияларында өте әдемі берілген. Әсіресе Эсхильдің көне салтанатты стилін Еврипидтің стилімен өзара салыстыруы өте әдемі шыққан. Ол онда музыкалық дауыс ырғағын да, өте әдемі дәл әрі нақышына келтіріп қоя білген.

Аристофан діни наным – сенімге көзқарасы өте принципті болып келеді. Оған мысал келтіретін болсақ, «Бұлттар» атты антисофистикалық позициядағы комедиясы. Алайда оның комедияларында ол құдайларды өте күлкілі жағдайда беріп отырған. Осылайша ол барлық Гомерден бастаған ежелгі грек мифологиясына қарсы шыққандығын айқындайды. Комедиант ретінде Аристофанның анық бір алған позициясы да белгісіз. Біз Аристофаннан антропоморфты мифологияға сыни көзқарастың қырын аңғарамыз. Лукианаға дейін (б.з.д.Iiғ.) басқа ешкімде дәл мұндай құдай-лар, шайтандар мен батырларға осыншама мысқыл, кекесінді еш жерде кездестіре алмаймыз. Аристофан оларды өте қатты әшкерелеген. Өйткені ол кезеңдерде әлі де діни наным – сенім өте күшті болатын. Алайда атейзм ашық түрде жүргізіле берген. Аристофанның комедиялық жанырының идеясы бір жағынан Дионис культіннің элементтерін негізге алса, ал екінші жағынан қала тәртібін ащы мысқылды сатираға алады.Аристофан индивидуалды – пластикалық образдар жанырындағы характерлеу мен байланысты. Онда қатысқан әр бір кейіпкер жансыз болып келеді, тек олар нақтылы - индивидуалды өмір тіршілігінен ғана алынып отырады. Аталғандар тек қана мұнда жалпы түрлері болып табылады. Нақтылап айтар болсақ, Аристофан ендірген психикалық образдар екі жақты түрде бейнеленеді. Алайда Аристофанның кейінгі кешірек жазылған комедиялары таза күнделікті тұрмыс – тіршілікті баяндауға ауысады. Оған мысал: Ксанфий «Бақалардағы», «Байлық» комедиясындағы Карион кейіпкерлерін атап кетсек болады. Аристофанның бір сөзбен айтқанда соңғы жазылған комедияларымен салыстырғанда алғашқы жазылған комедиялары әбден араласып, жүйелі бір тәртіпте жазылмаған, кездейсоқ эпизодтар көптеп кездеседі.

Аристофан комедиясының көркемдік стилі таза классикалық стилдің негізінде көрсетілген. Яғни онда басты адам психологиясына емес, анализ жасауға емес, ауыспалы - типтік, индивидуалды – пластикалық формадағы суреттеу мен баяндауға назар аударды. Ал бұл классикалық стиль өнеріне жатады.

Аристофан тілінің көркемдігі қалалық антикалық сөйлеу тілімен жаза білген. Онда барлық салыстырмалы, ауыспалы, қарама – қайшы көптеген сөз тіркестері мен тілдік еденицалар бар. Сонымен қатар шет тілінде сөйлеу диалогтары да бар (сақ – «Фесмофорий мерекесіндегі әйелдер») және комедиялық жаңылтпаштарда баршылық.

Анти әскери комедиялар. Аристофанның туылған күніне байланысты өткізілген 1954 жылғы Дүниежүзілік кеңесте оның 2400 жылдығы тойланды. Аристофан бүкіл комедия жанырының атасы. Оның драматургия саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Оның еңбектері тек қана антикалық әдебиеттің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің сарқылмас қазынасы

Ионда поэзияның дамуымен қатар прозалық туындылар қалыптасты. Алғашында олар қалалар мен мемлекеттердің нақты құжаттарын жазу, заңдарды және жеңімпаздардың есімін жазу түрінде қалыптасты. Жобамен алғанда ол қолжазбалар былғарыларға жазылған болуы керек. Сондықтан олар ұзақ уақыт сақтауға жарамсыздықтан бізге жетпеген.

Б.э.д. ҮІ-Ү ғасырларда көптеген Иондық қалаларда және Италия мен Сицилияда экономика, мәдениет ғылымы және философия шапшаң дамыды. Олардың көпшілігінің есімдері бізге сақталып жеткен. Олар математик, музыкант, философ Пифагор, бірінші философ - диалетик Гераклит, философ Фалес, Анаксимандр. Бұлардың прозалық шығармаларының бізге фрагменттері ғана жеткен. Б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғасырларда философиялық еңбектермен қатар алғашқы ғылыми жазбалар медицина, астрономия, география, тарих саласындағы еңбектерде де туындады. Гректер проза авторларын логографтар деп атады. (логос – сөз, граф – жазамын).

Мемлекеттік логограф Гекатейдің (туған жылы шамамен б.э.д. 540) екі трактат жазды. Олар «Описание земли» және «Родословные» деген еңбектер болды. Сонымен қатар б.э.д. ҮІ ғасырда мысал жанры да туындады.

Б.э.д. Ү-ҮІ ғасырдағы әдеби проза историяграфия, шешендік өнер, философия саласында ірі тұлғалардың есімін танытты. Соның бірі тарихтың атасы аталған Геродот болды. Галикарнассе қаласынан шыққан Геродоттың өмірі мен шығармашылығы гректердің парсыларды жеңген кезінде Афина мәдениетінің жарқыраған тұсында өтті. Ол қиын кезең Пелаппонес соғысының басталар тұсында қайтыс болады.

Геродот б.э.д. 484 жылы Галикарнасе қаласында қаласында туылып демократиялық идеялардың шарықтаған кезінде өмір сүрді. Геродот жер шарын кең аралап, Египет тарихын терең қарастырды. Ол бірнеше рет Италияның оңтүстігінде қарастырды. Ол бірінші рет Италияның оңтүстігінде болып, Афиналық колонияларды аралайды. Тоғыз кітаптан тұратын Геродоттың «Тарих» - деген бұл еңбегі тек тарихи құндылығымен ғана емес, көркемдігімен де маңызды. «Тарих» еңбегінің композициясы прозадағы эпикалық поэма секілді. Мұндағы негізгі тақырып грек, парсы соғысында батырлық күрес, грек батырларының даңқты ерліктері суреттеледі. Геродоттың бұл «Тарих» еңбегінде көптеген географиялық тарихи мәліметтермен қатар, ауыздық мифологиялар да бар. «Тарихтың» ҮІІІ-ІХ кітаптарында Саламин соғысының көрінісін береді. Геродоттың бұл еңбегі Эсхилдің «Парсылар» трагедиясы идеялас келеді. Эсхилде болсын, Геродатта болсын парсылық жаулаушыларды жек корушілік сезіммен суреттеледі. Мұнда тек парсылық тирандық билеушісі деспот Ксерксті ғана айыптайды.

ІІ кітап Египетті суреттеуге арналған Герадат Ніл өзенінің сұлулығын көркем тілмен таңдана суреттейді. Сонымен қатар, мұнда египеттіктерді қарулануы, дәстүрі, географиялық жағдайлары тарихи нақтылықпен суреттеледі.Тарихтың ІҮ кітабы скифтердің өміріне арналған. Мұнда скифтердің грек парсыларымен байланысы олардың аңыз мифологиялық шығармалары, көсемдері мен батырлары жайында да терең айтылады.

Фукидид – б.э.д. Ү ғасырдың соңында өмір сүрген тарихшы және аттикалық прозаның көрнекті шебері. Ол Аттикада 460-455 жылдар шамасында белгілі бай тұқымның отбасында дүниеге келіп, 396 жылдар шамасында қайтыс болды. Пелопоннес соғысында Фукидид стратег болып сайланып, эскадро командирі ретінде спарталықтармен қарсы соғысқа қатысты.

Ампинол қаласына дер кезінде көмек көрсете алмаған ы үшін Фукидид отанын сатты деген кінәмен жиырма жылға жуық қуғын-сүргінде болды. Ол – афиндік демократияның шынайы патриоты. Афин мәдениетінің даңқын арттырушы. Атақты тарихшының соңында қалған «Пелопоннес соғысының тарихы» атты құнды еңбекте автор көзі көрген оқиғаларды ғана тарих етіп жазып, зерттеулер жасаған. Болған оқиғалардың дінін хронологиялық тәртіппен бай тілмен, қызықты етіп жазу арқылы көп еңбек сіңірді. Ксенофонт (430-350ж б.ғ.д.) – Афиннің құлдырау дәуірінде өмір сүрген белгілі философ және тарихшы. Ол парсы елінен қайтқан 10000 гректің тарихын жырлайтын «Анабасис» атты шығармасымен белгілі. Оның өмірбаяны алуан-алуан оқиғаларға толы, күреспен өтті. Тарихшы және философ Ксенофонт – жасөспірім кезінде философ Сократтың шәкірті болды, кейін өзінің ұлы ұстазына біршама шығармаларын арнады.

Ксенофонт шығармалары аса күрделі және әралуан болып келеді. Ол – Сократ туралы жазбалар («Меморабилидің») алғашқы авантюрлік-тарихи роман «Анабисистің», «Греция тарихы» сияқты кітаптардың авторы. Тарихшы әрі философ шеберлік пен ақыл-ойдың майталманы, зор сөз зергері ретінде танымал болды.

Тамаш кейіпкерлер образы, қайырымды, батылдық пен ақылдылықты бойына сіңірген тарихи дархан адамдарды өз кітаптарында бір емес, бірнеше кітаптарында суреттейді.

Бұлар жасы үлкен Кир («Киропедия») жасы кіші Кир («Анабасис») Спарта патшасы Агесилайлар («Агесилай»).

«Анабасис» шығармасының негізінде автор өзі сүйген кейіпкерлер бейнесін жасайды. Атап айтқанда, «Киропедияда» адал патшаның ал «Анабасисте» талантты, тамаша қолбасшының бейнесін жасады. Ксенофонт шығармаларын оқи отырып, біз оның жаужүрек әскер, дарынды философ, білгір тарихшы, қарымды жазушы екеніне көзіміз жетеді. Сөйтіп классикалық Грецияның көрнекті өкілі болып, ғасырлар бойы өмір сүре береді.

Грециядағы қоғамдық өмірдің ерте дәуірінде-ақ шешендік өнер маңызды орын ала білді. Гомердің Одиссей, Нестор, Феникстері керемет шешен болып, өз тыңдаушыларын дәлелді сөздермен баурап алады, әсер етеді.

Мемлекеттіліктің дамуы, әсіресе грек-парсы соғысынан кейін, б.ғ.д. Ү ғасырдағы саяси күресте демократиялық партиялардың әсері, халықтың ішкі грек өміріне белсене араласа бастауы – шешендік өнерді, ділмарлықты дамыта түсті.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)