АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 5 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Поэманың идеялық мағынасы – бұл ғасырлар бойғы соғыстан әбден титықтаған Италияның ауыл шаруашылығын өркендету болып табылады. Ал поэманың көркемдік стиліне келетін болсақ, ауыл шарушалығын, еңбек адамын жырлайды. Оған кеңес бере отырып, оның еңбегін керемет бір бақытқа, әдемілікке теңейді. Сонымен қатар Вергилий Италияның гүлденген бай табиғатын керемет суреттеген. Поэмадағы мифологиялық сарындар, оның көптеген құдайларға арналған арнауынан көрінеді. Энейда. Вергилийге әлемдік даңқ әперген үлкен шығармасының бірі – бұл ерлік туралы поэма «Энейда» болып табылады. Тақырыбының өзі айтып тұрғандай бұл щығарма Энейге арналған жыр. Эней Анхиспен Венераның баласы, ал Анхис Троя патшасы Приалдың ағайыны болып келеді. Гомердің «Иллиадасында» Эней Гектордан кейінгі белгілі троя көсемі ретінде көрінеді. Ал «Энейда» поэмасында Вергилий Энейді жолдастарымен бірге троя құлағаннан кейін Италияға келуін суреттейді. Он екі өлеңнен тұратын бұл поэма толық емес және мағынасында да қайшылықтар кездеседі. Сондықтан Вергилий поэмасын бұл түрінде бастыруға бұйрық береді. Бірақ осы поэманың инициаторы болған Августтың әмірі бойынша автор қайтыс болған соң басылып шығады. Поэманың сюжеті екі бөлімнен тұрады. Поэмадағы алғашқы алты өлеңінде Энейдің Троядан Италияға дейінгі жолдағы оқиғалары жырланса, кейінгі алты өлеңінде Энейдің Италиядағы жергілікті тайпаларымен соғысы жырланады. Вергилий көп жерінде Гомерге еліктеген «Энейданың» бірінші бөлімі «Одиссеяға» екінші бөлімі «Иллиадаға» еліктеу десе де болады.

І өлеңде қысқаша арнаудан келіп Энейді Юнонаның қудалауы туралы, теңіз толқынының әсерінен Энейдің Солтүстік Африкадағы Карфаген еліне келуі туралы айтылады. Венераның өзі ақша кейпіне еніп, Энейге көрінеді. Эней Карфаген патшайымы Дидонаның алдына келеді, ал ол Энейдің келуіне байланысты салтанатты той жасайды.

ІІ өлең Энейдің Дидона патшайымға Трояның құлауы жайындағы әңгімесіне арналады. Эней гректердің зұлымдығы жайында, олардың 10 жыл бойына Трояны ала алмағанын, ақыры болмаған соң ағаш атты пайдаланып құрық істегенін баяндайды.

ІІІ өлеңде Эней жолда басынан кешкен оқиғаларын айтып, әңгімесін жалғастырады. Эней Фракияда, Критта, Строфад аралдарында да болады, бірақ көптеген оқиғаларға байланысты еш жерден өзі келуіне көп жағдайлар кедергі болады.

ІҮ өлең Дидона мен Энейдің махаббатына арналған. Энейдің ерлігіне сүйсінген. Дидона оған күйеуге шықпақ болады. Бірақ Эней Дидонамен бірге қала алмайды. Өйткені оны Италияда үлкен болашақ күтіп тұрған болатын. Энейдің әсері Африка жағалауынан жүзіп бара жатқанда, Дидона болашақта Рим мен Карфагеннің соғысатынын сыйлаған қылышты өзіне тығып, жанып жатқан отқа өзін тастайды.

Ү өлеңде Эней Сицилияға қайтып келеді, өйткені марқұм әкесі Аххистің құрметіне ойындар өткізіп жатқан болатын. Бірақ Юнана Энейге жаманшылық істеуін қоймайды. Ол Ирида арқылы троя әйелдеріне Энейдің кемесін жаққызады. Энейдің Юпитерге жалбарынуы арқасында өрт тоқтайды.

ҮІ өлеңде Энейдің Италияға келуі суреттеледі. Эней құмахтағы Аполлон храмында сәуегей Сивилламен кездесіп, одан жер асты әлеміне қалай түсу керектігі жөнінде ақыл сұрайды. Сивилланың бастауымен Эней жер асты әлеміне түседі, онда ол Анхистен өзінің болашағы туралы білмек болады. Вергилий жер асты әлемін толық суреттейді. Анхис Энейге бүкіл ұрпақтарын көрсетеді және Италиядағы соғыстар жөнінде ақыл береді. «Энейданың» екінші бөлімінде Энейдің болашақ Рим мемлекетін құру мақсатындағы соғыстары бейнеленген.

ҮІІ өлеңде Эней Лациумға еніп, осы елдің патшасы Латинадан, оның қызы Лавинеяға үйленуге келісім алады. Бірақ Энейдің қарсыласы Юнона бұл некені бұзып, атамандық тайпаны Латинаға қарсы қояды.

ҮІІІ өлеңде итальян тайпасының көсемі Турн Италиядағы грек патшасы Диомедпен келісімге келеді. Ал Эней Аркадиялық грек Свандр мен келісімге келеді. Эней Свандрдың баласы Паллантпен бірге Этруск тайпасынан көмек сұрайды. Венераның өтініші бойынша оның күйеуі Вулкан Энейге арнап қару-жарақ және болашақ Рим тарихының суреті бейнеленген қалқан дайындайды.

ІХ өлеңде соғыстың жайын баяндайды. Турн бастаған итальян тайпасы кемелерді өртеу мақсатымен троя лагеріне енеді, бірақ Юпитер кемелерді теңіз Нимфасына айналдырып жібереді. Маңызды эпизодтардың бірі – бұл троя жауынгерлері Нис пен Евриалдың троя лагерінің қақпасын қорғаудағы ерлігін айтуға болады.

Х өлеңде енді Энейдің өзі қатысуымен кескілескен соғысты бейнеленген. Бұл соғысты тоқтатуға Юпитердің де шамасы келмейді. Турн Энейдің жағалауға қоныстанғанына қарсыласып Паллантты өлтіреді. Турнды Энейдің қарсыласы Юнона қолдап отырады Эней Мезенций мен оның баласын өлтіреді.

ХІ өлеңде өлген трояндықтарды желеу және латина мен Турна, екеуінің арасындағы ұрысы жайлы айтылады.

ХІІ өлең Эней мен Турнның жекпе-жек күресіне арналады. Юнона Энейдің қудалауын тоқтатады. Турн қаза тауып, Эней жеңіске жетеді. Вергилий «Энейданы» аяқтай алмаған, өйткені кейінірек болған оқиғалар яғни Рим тарихының бастауы болған латинандармен трояндықтардың бірігуі; Энейдің Лавинияға үйленуі; олардың баласы Иуланың дүниеге келуі; кейінірек Римнің тұңғыш патшалары болатын Иуланың ұрпақтары ағайынды Ромуя және Римнің дүниеге келуі жайындағы оқиғалар айтылған.

«Энейданың» дүниеге келуі Рим империясының дамуының тарихи негізі болады. Мұндай жағдайларда бір ғана тарихи фактілер жеткіліксіз болды. Яғни жай ғана тарихты ғажайыпқа айналдыратын мифологияны әрқашанда пайдаланамыз. Рим тарихының осындай мифологиялық негізге құрылу концепциясын Вергилий өзінің поэмасында қолданды. Энейдің Италияға келу мақсаты грек ақындары Стесихораның, Дионисмедтің, Гали Карнасскийдің шығармаларында да кездеседі. Бұдан қарап Рим мемлекетінің негізін салушылар трояндықтар екенін көреміз. Яғни бұдан Энейдің бүкіл идеялық мағынасын түсінеміз. Вергилий салтанатты түрде Августтың империясын мадақтағысы келді. Оның ойынша Август Ежелгі Рим патшаларының тікелей ұрпағы болып табылады.

Энейданың жанры түрлі болып келеді, бірақ бұл эллинистік Рим поэзиясы үшін қалыпты жағдай болып табылады. Алдымен бұл эпос ерлік туралы жыр болып табылады. Мұның бастау бұлағы Гомер, Рим ақындары Невии және Эннийлерден басталады. Сонымен қатар Вергилий шығармасында лирика да кездеседі, әсіресе ол Евандрдің және Евриалдың анасының жоқтауынан көрінеді. Вергилий эпосының басқа эпостан айырмашылығы – бұл тұрақты, шарықтау шегіне жетіп отыратын драманың болуы. Жанры көптүрлі болып келетін Энейданың көркем стиль классикалық қарапайым түріне жатпайды, өйткені мұнда адамға ұмытпас әсер қалдыратын көптеген қарама-қайшы элементтерге толы болып келеді. Вергилийдің көркем стилінің ерекшелігі, оның Вергилийдің шығармаларындағы мифологизмдердің тарихи оқиғалардан ажыратылмауы, яғни тарихи оқиғалармен қамтылуын айтамыз. Римнің құрылуы оның даму күші, принципаттың пайда болуы сияқты тарихи оқиғалар суреттеу, сипаттау, көркемдеу құралдарымен бірігіп, астасып жатады. Мұндағы тарихи оқиғаларды идеологияның бір көрінісі немесе Рим тарихының бір көрінісі ретінде қарауға болмайды. Мұндағы оқиғаларды Вергилий өз басынан кешірген. Сондықтан адам психологиясын көрсете білу поэманың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Энейданың көркем образдарының құрылысы ақыл-ой және бірігу күш арқылы ерекшеленіп тұрады. Бұлай болмауы да мүмкін емес еді, өйткені бұл поэма әлемдегі күшті империяны мадақтауға арналған. Вергилий өзінің поэтикасында ірі антикалық моралистердің бірі болып келеді. Ақжүректі Вергилий тек Букомиктер және Георгиктер поэмаларында ғана емес, сонымен қатар Энейда поэмасында да соғысты кінәлап, жайбарақат, тыныш ауыл өмірін аңсаған ойларын жазады. Көптеген сыни көзқарастардың болуына қарамастан, әлем әдебиеті тарихында Вергилий өзінің өшпес ізін қалдырды десе де болады. Ежелгі әдебиетінің өзінде Вергилийге деген табынушылыққа толы болатын. Тіпті оған эпикалық ақындар Силий, Италик, Валерий Флакк, драматург Сенека тарихшы Тит Ливвлейлердің өзі еліктейтін. Кейінірек әдебиетте Вергилийдің шығармаларына түрлі тақырыпқа құрылған өлеңдерден тұратын бүкіл бір жанр пайда болды.

Вергилийдің кіші замандастарының бірі Квинт Гораций Флакк император Август дәуірінің ең үлы ақындарынын бірі. Ол б.э.б. 65 жылы Италияның оңтүстігіндегі Венузийде дүииеге келді. Оның әкесі азат етілген қүлдар тұқымынан шыққан, аз ғана жеке меншік жері бар жақсы жан еді. Ол өз үлына жақсьі білім әперді. Гораций ең алдымен ежелгі рим ақындары мен Гомерді оқытатын рим мектебінде, одан кейін Афинада оқыды. Ол жерде грек поэзиясы мен философиясын зерттеді, тереңдетіп үйренді, сөйтіп "ақиқат пен әділдік іздеді".Цезарь өлімінен кейін, Афинды билеуге келген Брутпен Гораций тіл табысып, әскери трибун дәрежесіне дейін көтерілді, қызмет істеді. Филиппадағы Бруттың жеңілісі (42ж б.ғ.д.) және республикашыл партиялардың талқандалуы Гораций икон ықпалын тигізді, рим бостандығы туралы армандары күйреп, ақын алдында мүлдем жаңа өмір тұрды. Кешірім алған (атнистия) Горацмй "Қанаты қырқылып" Римге қайтып оралды. Мекен жайы-тәркіленіп, өмір сүруі қйындай түсті. Опық жеп, өкінген сәттерде еңсеңді түсірме деп өзін-өзі жұбата білді. Міне осы кезеңде бұрынғы легион жетекшісі квестор жазушылар коллегиясының құрамына кірді, олардың негізгі міндеті заңдар мен протоколдарды, басқа да мемлекеттік құжаттарды қайта жазып, тіркеп отыру болатын. Осы мезгілдер (30 жылдар) оның қызметінің бақылау кезеңесіне сөйкес келеді. Оның өз айтуы бойынша "жоқшылық". "кедейлік" оны өлең жазуға итермелейді. Гораций өзінің алғашқы өлеңдерін "Эподтар" деп атады. Сонымен қатар бұл мезгілде сатира жазумен де айналыса бастады. Эпод — лирикалық өлеңнің бөлігі, екі шумақты өлең, екінші өлең біріншіден қысқалау болады, өлең қорытындысы, қайырмасы.

Горацийдің осы алғашқы ақындық тәжірибелері Вергилийдің назарын аудара бастады, оның бойынан талантты ақынға тән қасиеттерді аңғарған ол Горациді Меценатпен таныстырды. Меценат Ангуст саясатын жүзеге асырып, ақын шығармаларына бағыт беріп отыратын еді. Горацийдің Меценаттың әдеби үйірмесіне кіруі оның өмір жолын толық өзгертті. Ол өзінің қамкоршысына жақын бола бастады, нәтажесінде Сабиндік жер меншігін /имение/ сыйға алды. Уақыт өте келе ол пушкин атап өткендей "Август ақыны" немесе сарай ақыны бола бастады. Рим ақыны өз өмірінін көп бөлігін Сабинде өткізді. Ұлы ақын б.ғ.д. жылы Римде қайтыс болды. Оның артында өлмес даңқ әперген аса үлкен емес өлең кітабы қалды. Гораций соңында қалған әдеби мұралар эподтардан, сатиралық екі жинақтан, төрт кітаптан тұратын одалар, мерекелік гимнен, екі кітаптық арнаудан тұрады. "Эподтар" Гораций эподтары 31-30 жылдары жарық көрді. Ол да Архилог сияқты (б.ғ.д. ҮІІг. өмір сүрген грек ақыны) эподтарын ямб үлгісінде жазды. 17 өлеңнен түратын эподтар жинағы өз дәуірінің шындығы на сай жазылған тақырыптардан тұрады. Эпод мазмұндары түрлілігімен ерекшеленеді, алайда олардың ішінен айра ерекше көзге түсетіндері саяси бағыттарға арналған өлеңдері.

I эпод өзгелерден кейін жазылса да жинақты ең алдымен арналасқан, себебі ол өзінің демеушісі, қамқоры болған Меценатқа арналған. Сонымен қатар ақынның ақсүйектерге, мырзаларға деген Ямб - өлең өлшемі, екі буынды ырғақтық өрнек өлең тармағында алдымен екпін аз буын, кейін екпінсіз буын келіп отырады көзқарасын көрсетеді. Орындалмайтын арман, "алтын гасырдың" гүлденуі 16 эподты өз көрінісін табады. Гораций алыс аралдарға "шат-шадыман"өмір сүру үшін рим халқын барлық тартыс-таластан аулақ өмір сүруге шақырады. Ақын келесі бір өлендерінде қоғамдық өмір көрінісін камтитын мәселелерді жырға қосады. 5-17 эподтары арқылы сиқырлау, дуалауға тиым салатын шешімге жауап береді. Өте қатаң түрде, жеккөрінішті сиқыршы Копидағы қарсы шабуыл жасайды. Ол әйелдердің рухани кұлдырауын (8.12) құлдық ортадан шығып менменсініп кеткендерін (4) өткір сынға алады. Бұл эподтардың дені әлеуметтік бағытпен көзге түседі. Табиғат аясында ауыл өмірінің даңқын аспандату — ақынның сүйікті тақырыбы ~ осы тақырыпқа автор өзінің 2 эподын арнайды, "өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді" дейтін Гораций эпод жанрына үлкен еңбек сіңірді. Сатиралары Гораций сатиралық екі кітап шығарды, біріншісі 35, 94 ж., екіншісі ~ 30 ж. Бірінші кітаптағы 10 өлеңнің ішінен екі сатира - 4.10 ерекше орын алады, олар әдеби тақырыпқа арналып жазылған.

Біріншісі сатира бағытын түсіндіреді, екіншісі-поэтикалық мұралар формасына деген талапты айқындайды. 10-сатира "Ия! Луцилия өлеңдері өте сүйкімсіз деп айттым ғой" деп басталады. Бұл Луцилий оқырмандарының республика жақтастарына, Октавианаға жаулық ниеттілерге жауап болатын.Бірінші кітаптың өзге сатираларында автор өмірде кездесетін әртүрлі эпизодтарды суреттейді: Брундузияға деген саяхаты (5) беймаза жолаушымен кездесу (9) Пренесталық Ренила Рекске қатысты сот ісі (7) т.б, Сонымен қатар әлеуметтік-этикалық мәселелерді қозғайды: қызғаншақтық, сараңдық, сиқырлык, рухани қүлдырау, өзімшілдік т.б. Сөйтіп "сараң мұқтаждықтан көз ашпайды" деген даналық пікір білдіреді. Гораций өзінің алдына бір мезгілде көңілдендіре отырып үйрету арқылы диатрибаның барлық әдістерін пайдаланады: данағоймен болған әңгіме, риотрикалық сұрақтар, эпитеттер, теңеулер, метафоралардың бәрі күнделікті өмірден алынады. Бүл әдістің барлығы оқырманға ауырлық түсірмей, оның акыл-ойына тікелей қозғау салып, жасандылықтан аулақ, табиғи жер туғызады. Сатира өлшемі — икзаметр. Олардың дені автор өз шығармасын арнаған білімдер, озық ойлы риториктердің тілімен жазылған. Сатира туралы алғашқылардың бірі болып кітап жазған Гораций "Әзіл, күлдіргі сөз тіпті маңызды нәрселердің өзіне ден қойып, терең зерттегенге қарағанда әрі сәтті, әрі жақсы анықтайды" деп зор баға берді. Мерекелік гимн. Горацийдің атын әлемге мәшһүр еткен ода "Ғасырлар жыры" десе де болады. Өз заманында "Август ақыны" атанған оның алғашқы одалар жинағы шығысымен-ақ император Август 17 жылы бүкілхалықтық мерекені тойлауды ұйымдастыру қарсаңында. Икзаметр — ежелгі грек, рим өлеңдерінін 6 бунақты түрі; риторика — грекше шешен, ділмар; диатриба біреудіц жанына тигізе айтылатын у тіл, ащы сөз. Мерекелік гимн "Ғасырлар жырын" жазуға тапсырма берді. Осындай мерекелер әулие кітаптардың көрсетуі бойынша әр 100 жыл сайын өткізіліп түруға тиісті болатын. Бірақ ұзақ уақыт бойы жүргізілген азаматтық соғыстардың әссрінен өткізілмей келе жатқан еді. Римнің атақты адамдары түгелге жуық қатынасқан, құдайларға дегсн құрбандық шалынған мереке салтанаты гимнмен аяқталды. Бүл гимнді 27 ұл мсн 27 қыздан тұратын хор айтты. Мерекелік гимнде Гораций Римнің, Августың қуаты күшейіп, гүлденуін, даңқы арта беруін тілейді. "Арнау" (Псолания) 20 жылдардың соңында "Арнаудың" бірінші кітабы, ал екіншісі — 19-14 жылдар аралығында жарық көрді. Арнаудың алғашқы кітабы сатираға жақын, философиялық характерлермен көзге түскен әр алуан тақырыптағы шығармалар. Бүл арнаулардағы сөз сарыны үлкен салмақтылығымен ерекшеленеді. Бұны ақын кейбір қажеттіліктермен, жасының ұлғаюымен деп түсіндіреді. Жаңа жанрдағы шығармаларда өмірдің мәні туралы философиялык. Ойларын, өзіндік пікірлерін ортаға салады. Гораций осы арнауларында өзге шығармаларына қарағанда дін, саясат мәселелерінен аулақ болуға әрекет етіп, оқырманды өзінің ішкі әлеміне шақырады.Тыныштық, рух бостандығы, шектен тыс ақыл-ойларды жүзеге асыру — арнаудың алғашқы кітабының негізгі түйіні.Тарихи-әдеби түрғыдан қарағанда "Арпаудың" екінші кітабы үлкен кызығушылық тудырады. "Августке", "Флорға" және "Пизонға арнау" деген үш хаттан тұратын кітап әдебиетте "Поэзия өнері" деген атпен белгілі болды. Горацийдін ақындық сырын ашқан "Поэзия өнері" (Пизонға арнау) еңбегі- классикалық эстетиканың ерте дәуірдегі бірден-бір сскерткіші болып табылады. Құдіретті поэзияның дүнисгс келуін тарихи мифологиямен байланыстырады. Құдайлар еркін жүзеге асырушы Орфей адамдарға бірін-бірі өлтіруді, өмір тұрмысын өзгертуге мәжбүр етті. Поэзияның дүниеге келуіне философия өз ықпалын тигізді дейді. Өнер мен таланттың өзара қарым-қатынасы Горацийді өте қатты толғандырды. Бір ғана талант жеткіліксіз, оны үнемі үйренумен толықтырып отыру керек деді. Өз күшіне қарап мифологиядан, тарихтан керекті материалды таңдапала білуді, сонымен қатар көзсіз еліктеуден аулақ болу қажет екенін түсіндірді. Поэзия ғылымын сөз еткен ақын тіл мәселесіне де назар аударды. Гораций жаңа сөз қолданар кезде өте сақ болуды мұқият тандауды талап етеді және грек әдебиетінің қайнар көздерін кеңірек пайдалануға кеңес береді. Өз дәуірінің ұлы ақыны болған Горацийді классицизм теоретиктері де кеңінен пайдалана білді. Оның ғажайып мұралары Европа поэзиясының, әсіресе 16-18 ғасырдағы лирика жанрының калыптасуына да аса зор рол атқарды. Сондықтанда ол ежелгі дәуір әдебиетінің ең озық өкілдерінің бірі болып өмір сүре береді. "Адамның колынан келмейтін ешнәрсе жоқ" дейтін әйгілі қағидасы адамзат баласының ұлылығын ғасырдан-ғасыр өткен сайын биік мәртебеге көтеру үстінде. Классицизм — ескі грек, рим үлгілеріне еліктеген өнеп бағыты.

Бақылау сұрақтары:

1.Элинизм кезеңінің басты ерекшелігі қандай?

2.Элинизм кезеңінде мәдениет қалай дамыды?

3.Элинизм кезеңіндегі тарихи жағдай қандай болды?

4.Элинизм кезеңінде қандай мәдени орталықтар болды?

5.Муздар храмы дегеніміз не?

6 Шешендік өнердің негізін кімдер қалады?

7. Римдік тұңғыш ақындар кімдер?

8. Гректік риторика мен философия қалай дамыды?

9.Цицерон Марк Тулийдің шешендік өнердің дамуына тигізген әсері қандай?

10.Вергелий Марон Публий қандай дидактикалық поэмасы, батырлық эпосы бар?

11.Горацийдың әдебиеттің дамуына қандай ықпалы бар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тахо-Годи А.А. Античная литература. М., 1963

2. Честякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. Л., 1963; М., 1971

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1983

4. Овидий. Метаморфозы. М., 1977

5. Лукреций. О природе вещей. М., 1964

6. Вергилий. Энейда. //Буколики. Георгики. М., 1971, 1979

7. Федр и Бабрий. Басни. М., 1962

8. Тит Макций и Плавт. Комедии в 2 томах. М., Искусство, 1987

 

 

№ 4 Лекция

Тақырыбы: Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Ежелгі Қытай әдебиеті.

2.Ежелгі Қытай әдебиетінің б.э.д. ІІ мың жылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезеңі.

3.Конфуций – адамды сүю гуманизмінің өкілі.

4.Ежелгі үнді әдебиеті. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы.

5.Ежелгі Иран әдебитеті. Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы иран тайпаларының әдебиеті.

6.Ежелгі үнді әдебеті үнді әдебиеті. Б. з.д. бірінші ғасырдағы санскрит әдебиеті.

Ежелгі Қыттай әдебиеті. Б.э.д. II мың жылдықтан б.з. III ғ. дейінгі үш кезеңі: Шань-иньдік тайпалык, одақ б.з.д. ХУПІ-ХІІ/; кала — мемлекеттік Үжблық дәуір. /б.з.д. ХІІ-УІП/; Импунялык, дәуір /б.з.д. VIIғ.-дан б.з.д. IIІ ғ./

"Шан-шу" /"Ежелгілік туралы жазу"/ - деларацияла, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштердегі риторикалық сөздер. Сыма Цянының "Тарихи жазбалары".

Б.з.д. Кытай патшалығыньщ тарихи - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций /551-479 ж.ж./, Мо Ди /479-400 ж.ж./ - адамды сүю гуманизмнщ өкілдері.

"Луньюй" /тұжырымдар мен сүхбаттар/ - қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.

"Дао-цзы" /"Дао жөне табитттың болмысы туралы"/ - метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.

Хань империясы түсындағы Қытай әдебиеті. Дун- Чжун-шу /120-122/ - Ханъ филологиясының негізін салушы. Хань филологиясындғы "Бескітаптық" іріі шығармалар: "Шицаин" /"Өлеңдер кітабы/", /"Шуцзин"/ "Тарих кітабы/, "Ицзин" /"Өзгерістер кітабы", "Лицзи" /"Әдет-ғұрыптар кітабы"/, "Чунь-цю" /"Көктемдер мен күздер"/. Лу патшалығының шежіресі. Конфуций жоғары бағалаған "Юэцзин"/"Әуез кітабы"/.

Лю Сян — ескі жазбаларды жинаушы, зерттеуші, жариялаушы, әдебиетші, тарихшы, жазушы. Шығармалары; "Хунфинз у син чжуань" /"Үш заң туралы \ кітап және табитттьщбес хубылысы туралы "/, "Басқарудың ұлы заңы".

Съма — Сян — жу / б.з.д. 179-117 ж.ж./ - Империя дәуірінің "алтын [ гасырының" өкілі. Шығрмалары: "Цзы — сю туралы дастан" — "Императорлық аңшылық " - прозалык, әрі поэзиялық дастандар, шығармалардан қытайдың табиғатының, аңшылық салттың, халықьы; көңіл-күйдің шьнайы суреттері. "Алтын ғасырдың" өзге өкідері: Дун - Чжун — шу — оқымысты филолог, Ли-янь-нянь - әуезші, Цоя И — кесемсөзші.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)