АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 10 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Шекспирдің биографиялық өмірінің осындай жұтаңдығы ХІХ ғасырдың орта шенінде антишекспирлік теорияға жол берді. Ол актер Шекспир драматург Шекспир емес, бұл шығармаларды сол замандағы аристократ өзге адам жазуы мүмкін, ол Шекспирге бұл шығармалардың авторы ретінде өз атын беруге сыйлық төлеген деген гипотезалар еді. Бұл теорияны жақтаушылар бұл пьесалардың шын авторы Френсис Бэкон деген тұжырымды ұсынды. Кейбіреулер оны Бэкон емес, граф Дерби, лорд Ретленд деген есімдерді де ұсынды. Бірақ олардың нақты фактілері болмағандықтан ғалымдар бұларды жоққа шығарды. Дегенмен антишекспиршілдер өз позицияларынан күні бүгінге шейін қайтқан емес. Олардың ойынша, «провинциальный недоука» әшейін саудагердің баласы осындай ұлы терең философиялық ой мен ақылға, незік сезім мен мейірім сезімге жазылған еңбекті жазуы мүмкін емес дейді де, бұл туындыларды тек мәдениетті өте жоғары білім деңгейі жоғары, ақсүйек қауымының өкілі жазуы мүмкін деген пікір айтады. Ұлылар жөнінде бұндай аңыздардың айтылуы заңды. Оның әрқайсының өзіндік логикасы бар. Оның бізге мәлім болған («Венера мен адонис») және (Лукреция), 154 сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сюжеттерінің ойлылығы, философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Жалпы алғанда Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде танимыз. Оның «Отеллосы», «Лир королі», «Гамлеті», «Дауыл», «Қысқы ертегі» пьесалары т.б. еңбектері Шекспирдің үлкен ақын, жазушы екенін танытады.

Шекспирдің шығармашылық кезеңі ХҮІ ғасырдың 80 жылдарынан 1612 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Шығармашылық мазмұны мен стилі жағынан 3 кезеңге бөлуге болады. 1-ші кезең ХҮІ ғасырдың 90 жылдары Шекспир ең қызықты комедияларын, тарихи хроникаларды және «Ромео и Джульетта» трагедиясын жазды. Сонымен бірге екі поэмасын және кейінірек 1609 жылы бастырып шығарған сюжеттері де кіреді. 2-ші кезең 1601-1608 ж.ж. аралығы. Бұл дәуірге Шекспирдің ең тамаша трагедияларын жатқызуға болады. 3-ші кезең 1608-1612 ж.ж. аралығы. Бұған Шекспирдің комедияларын енгіземіз. Шекспирдің сюжеттерінің қайта өрлеу дәуірінің лирикалық поэзиясынан өз орны бар. Оларда махаббат, достық, өмір туралы толғаныстар, өнер туралы мәселелер сөз болады. «Ромео мен Джульетта» трагедиясы махаббат жайындағы биік үлгідегі поэтикалық пьеса. Мұнда гуманистік махаббаттың феодалдық келеңсіздіктермен қақтығыс, екі отбасының жауластығы сөз болады. Оқиға Верон қаласында өтеді, бірақ онда ағылшындар мәселесі қозғалады. Монтенни және Капулетти отбасыларының ежелден келе жатқан қастығы бір-бірін құлай сүйіп, ғашық болған Ромео мен Джульеттаның бақытына кедергі болады. Пьеса адамның шығу тегіне емес, оның тұлғасына мән беру керектігіне назар аударады. Джульетта өзінің сүйген жігіті отбасының жауы екенін білгенде айтқанын тыңдайық:

Что значит имя? Роза пахнет розой,

Хоть розой назови ее, хоть нет

Ромео под любым названием был бы

Тем верхом совершенств коной он есть

(Пастернак аудармасы)

Автор махаббат пен сүйіспеншілікке еш нәрсе кедергі бола алмайтындығын айтып, өз сүйгені үшін құрбан болғандарын сөз етеді. Трагедия лиризмге толы. Шекспирдің гуманистік идеясы мен Ромео мен Джульетта образдарынан ғана емес, Монах Лоренцо, Ромеоның досы Меркуцио образдарынан да көрінеді. Ол екеуі де екі отбасы арасындағы жауласушылықты тоқтатпақ болып, екі жасқа көмектеседі.

Шекспир «Гамлет» (1601) трагедиясында Англиядағы гуманизм трагедиясын қозғайды. Бұл ескі Амлет принципі жөнінде трагедияның өңделгені еді. «Гамлет» дат принці гуманистіктің тамаша образы, гуманизмге қарсы өмірмн қақтығысады. Әкесінің өлімі оған бүкіл елдегі жамандықтың бетін ашуға көмектеседі. Ол шындық үшін күресемін деп, әкесін өлтірген адамнан кек алмақшы болады. Ол:

Век расшитался, - и скверней всею,

Что я рожден восстановить его! -дейді. (Лозинский аудармасы)

Гамлетте ерекше күшті сезім бар және ол сезім қайта өрлеу дәуіріндегі адамдарға тән еді. Әкесінің өлімі, анасының масқаралық некесі Гамлетте үлкен жауыздық пен ыза туғызады. Ол Ол Офемияны сүйеді, бірақ онымен бақытты болмайды. Қорыта келгенде, Гамлет – тамаша, Қайта өрлеу дәуірінің жан-жақты суреттелген гуманист образы.

Отелло трагедиясында Венецияның полководеціне венециан сенаторының қызы ғашық болады. Қайратты да сүйкімді Дездемона ұлты мен тәрбиесіндегі айырмашылыққа қарамай Отеллоға тұрмысқа шығады. Отеллоның офицерлерінің бірі Яго Дездемона саған көзіңе шөп салды деп өтірік сендіреді. Өзінің сүйіктісінің алдағанына төзе алмай, Отелло оны тұншықтырып өлтіреді. Дездемона өлгеннен соң ғана, Ягоның алдағанын біледі. Отелло Шекспирдің ең мықты образдарының бірі. Ол трагедияда жан-жақты суреттеледі. Батыл саяхатшы, полк басшысы, адал әскер, басшы, тік және инабатты адам. Оны Дездемонамен тамаша, адал сезім байланыстырады. Басында онда ешқандай қызғаныш сезім болмайды, Ягоның өтірігі тудырады. Яго – Шекспир туғызған ең жауыз кейіпкерлердің бірі. Отелло шындықты білген соң, өзін қылмыскер санап, өзін-өзі өлтіреді. Шекспир гуманизмге үгіттеп, жауыздық атаулыға қарсы күресуге шақырады.

Король Лир трагедиясында феодалдық тәртіпке көзсіз мойынұсынған адам мәселесі сөз болады. Лир өте күшті және қайырымды істерге бара алатын, король болады. Лир өзінің үлкен екі қызының сөздеріне кәміл сеніп, патшалықты өзара бөліседі. Лирдің екі қызы Шекспирдің зәлім кейіпкерлері, әкелері тақтан тайған кезде олардың зәлім екендіктері мәлім болады. Үйсіз, қайыршы жағдайға түскен кезде ғана Лир өзінің адамқанын түсінеді. Ол енді кедейлердің бейшара халімен танысады, өзінің король болған кезде оларға мән бермегеніне өкінеді. Бұл трагедияда көпшілік халықтың нашар күйі, әділетсіздік, басшылардың байлыққа деген құштарлығы феодалдық қоғам сөз болады.

Макбет. Шекспирдің қайырымды адамның жауыз адамға айналатын жалғыз ғана шығармасы. Макбет алғашында батыл әскер, король Дуннонның сенімді вассалы болады. Бірақ ол билікке көзсіз ұмтылады. Айналадағы залымдық пен жауыздық оған қатты әсер етіп, ол өзінің королін өлтіреді. Оған әйелі қатты ықпал жасайды. Трагедияда шайтандардың трагедиялық образы да керемет берілген. Өзі істеген қылмыстарға өзі шырмалып, ақырында Макбет қанды қарақшыға (кровавый тиран) айналады. Соңында Макбет қайтыс болады, себебі оған бар жақсылық қарсы шығады.

Шекспирдің шығармашылығы қайта өрлеу дәуірінің мәдени өміріне көп өзгерістер әкелді. Оның трагедиялары өз заманының көкейкесті мәселелерін қозғады. Шекспир шығармалары әлем тілдеріне аударылып, тек ағылшын әдебиетінің ғана емес, шет ел әдебиетінің алтын қорынан орын алды.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі француз әдебиетін қалай дәуірлейміз?

2.ХҮІ ғасырдың бірінші жартысындағы поэзия қалай дамыды?

3.Рабле қай жылы, қай жерде дүниеге келді? Оның өміріне қатысты қандай деректерді білесің?

4.«Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының тақырыбы, идеясы, композициясы, тілі қандай?

5.Испаниядағы әдеби дамуын қалай дәуірлейміз.

6.Романстар олардың тақырыптық ерекшелігін ата, олардың жазба әдебиетке әсері қандай?

7.Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері қандай?.

8.«Дон Кихот» романына композициялық, сюжеттік талдау жаса, кейіпкерлеріне сипаттама жаса.

9.Сервантестің әдебиеттің дамуына әсері қандай болды?

10.Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін қандай кезеңдерге бөліп дәуірлейміз.

11.Қайта өрлеу дәуірінде ағылшын әдебиетінде поэзия, проза, драматургия қалай дамыды?

12.В. Шекспир шығармашылығы неше кезеңге бөлінеді? Әр кезеңнің өзіндік қандай ерекшеліктері бар?.

13.Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңіне қандай шығармалары жатады?

14.Шекспир шығармашылығының екінші кезеңіне қандай шығармалары жатады?

15.Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңінің қандай ерекшеліктері бар?

16.Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны қандай?

17. «Ричард ІІІ», «Ромео мен Джульетта» т.б. шығармаларындағы кейіпкерлер кімдер?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1983

2.Пурышев В.И. Литература эпохи Возрождение. Курс лекция. М., 1998

3.Боккаччо Дж. Декамерон. Фьяметто. Фьезоланские нимфы. М., 1968

4.Петрарка Ф. Избранное. Автобиографическая проза. Сонеты. М., Художественная литература, 1974

5.Рабле Ф. Гаргантюа и пантагрюэль. М., Художественная литература, 1973

6.Поэзия Пляеды. М., 1984

7.Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

8.Данте А. Құдіретті комедия. Ауд. М.Мақатаев А., 1972

9.Петрарка Франческо. Өлеңдер. А., 1975

 

№8 Лекция

Тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Неміс әдебиеті Итальян, Испан әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)