АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары. 1.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әлем әдебиеті,ХҮІІ Батыс европалық әдебиет

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әлем әдебиеті,ХҮІІ Батыс европалық әдебиет.

3.ХҮІІ ғ. әдебиетіндегі бағыттар және олардың көрнекті өкілдері. Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары. Классицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері. /ХҮІІ ғ. француз классицизмінің екі кезеңі: Корнель классицизімі және Расин классицизімі /

4.ХҮІІғ Итальян әдебиеті. Марино шығармашылығындағы Барокко.

5.ХҮІІғ. неміс әдебиеті, ХҮІІғ. Испан әдебиетіндегі ренессанстық реализм. Лопе де Вега шығармашылығы.Кальдерон шығармашылығы.

XVII ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдығында жасаған ием өзінің бірқатар дарындарын алып келді. Жаңа ғасырдың бастапқы он алты жылында Шекспир мен Сервантес өмір сүрсе, қайталанбас дарын иесі Лопе де Вега XVII ғасырда өзінің жарты өмірін өткізді.

Лопе де Вега – Ренессанс дәуірінің өкілі. Ол құдды бір ертегілерде айтылатын, құдіретті сусын ішіп, алыпқа айналатын кейіпкерлерге тән күш-құдіретке ие болған ұлы ақынға өз заманы таусылмас даналық ой берген. Ол өзіне берген дарынын толығымен қолданып, жарқын ойының жетістіктерін мейлінше жұмсады.

Сервантес қабір басында үлкен толқу сезімінің үстінде тұрып: «Лопе де Вега - табиғаттың өмірге берген үлкен сыйы» - деп мадақтап, оның тілеуін тіледі. (Бұл жолдар Сервантестің қайтыс боларынан бір жыл бұрын 1615 жылы жазылған). Испандықтар өз ұлтының дарын иесін шексіз құрметтеді. Оның аты барлық жақсылықтың символы болды. Ол халқының нақ сүйері әрі мақтанышы еді. Әрбір жақсы зат жасап шығарған ұста өз затының құнын көтеру үшін де «Мұндай затты Лопе де Веганың өзі де жасай алмас еді» - деп мақтанатын болған. Лопе де Вега испандықтар үшін ақындық өнердің құдіретті күші болған; оның қолынан шыққан нәрсенің барлығы - дарын мөрі болды.

Лопе де Вега жеңіл әрі еркін жазды. Оның жазған өлеңдері құдды бір сазды әуенмен өздігінен құйылып жатқан бастаудай еді. Ғалымдардың есебі бойынша Лопе де Веганың эпикалық поэмалары елу мың өлеңнен, ал 2989 сонетасы қырық екі мың өлең жолдарынан тұрады. Қазіргі таңда бізге 426 комедиясы және қырықтан астам «аутасы» (ұлы көріністер) белгілі.

Лопе де Вега 1562 жылы 25 қарашада Мадрид қаласында туылды. Оның әкесі асториялық отбасынан шыққан дәулетті кісі болған. Оның Мадрид қаласында алтын тігіс жасайтын мекемесі болған. Ол өз ұлына жақсы білім беруімен қатар, сол кездің салты бойынша дворяндық атақты алып берген. опе де Вега университетте оқып жүріп Корольдық академияда математика ғылымынан дәріс тыңдаған. Өзінің айтуы бойынша ол 11 жасынан жаза бастаған. Жас кезінен бастап зор қызығушылықпен шет тілдерін меңгерген. Лопе де Веганың өмірі сол кездегі әлеуметтік ортадағы құрдастарынан ерекшеленбеген. Бүкіл елге танымал дарынды ақын Испанияның сол кездегі герцогы Альбаға, герцог Сесса, Маркиз де Мальпика және басқаларға хатшылық қызмет атқарған. Драматург 1688 жылы Испан флотының Англия жағалауына жасалған парықсыз жорығына қатысып, сол кезде Аристоға еліктеп, ренессанстық адам сұлулығының бейнесін тапқан «Анжелика сұлулығы»(«Красота Анжелики») поэмасын жазған.

Лопе де Вега өзінің бейқам және ұшқалақ мінезінен, орынсыз қызығушылығынан көп жағдайда күлкіге қалып отырған. Ол өзін бай ашына үшін тастап кеткен актриса Елена Оссороға арнап бірнеше келеңсіз эпиграмма жазғаны үшін сотқа тартылып, сегіз жылға Мадрид қаласынан жер аударылды. Лопе де Вега күш-қуатты болған. Ол әр жанрда комедия, поэма, сонета жазған. Оның шығармаларынан жерге және жер байлықтарына деген ыстық сезімі өз қуанышымен жарқырап көрінетін.

Оған қарттықпен қатар діндарлық пен арғы өмір туралы ойлар келе бастады. Шіркеу өз кезегінде бір сәтте көз ілмей, өзінің пенделерінің іс-әрекеттерін қалт жібермей, бақылаумен болды. Кейбір пенделерін өз үйірінен адасқан отарынан қайтарған сияқты қақпайлап отырды. Лопе де Вегамен де дақ солай болды. Испан католик шіркеуі оған сенімділікпен қарап, әулиелер қатарында тұрғандай, әулие әкей атағын берді. Жаратқанның бұл тынымсыз баласына да католиктік қозғалыс өз таңбасын салмай қалған жоқ. Лопе де Веганың соңғы шығармаларында жалған өмір мен ар жақтағы өмір көріністері өз орнын тапты, ғасыр талабы солай болды. әрібір Испан драмтургін бұл қозғалыс түбегейлі бағындыра алмады. Мейлінше қарттық жетіп, моланың қақпасында тұрғанына қарамай, Лопе де Вега бұрынғы қалпынан өзгерген жоқ, ол бұрынғысынша қалжыңдап, күліп - ойнап отырды.

Ақын 1635 жылы 27-тамызда қайтыс болды. Оған Испанияның 153 жазушысы, Италияның 104 ақыны өлгеннен соң арнауларын бағыштап, замандастарының орны толмас қазасына қайғырды.

Лопе де Вега драматургиясы. Лопе де Вега өз күшін әртүрлі жанрда сынап көрді. Ол бірде Ариостоға, бірде Торквато Тассоға еліктеп сонета да, эпостық поэма да жазды. Соңғысының лебімен ол «Завоеванный Иерусалим» поэмасын өмірге әкелді. Ол малшылардың өмірін де жазып көрді («Вифлеемские пастухи» романы). Ол бірнеше новелла жазды («Приключения Дианы», «Гусман храбрый» және т.б.). Сонымен қатар 200-ден астам өз заманының ақын-жазушыларының атын атай отырып, «Соловей» атты әдеби сын жазды. Дәуір талабына сай діни өлеңдер де жазды («Священные стихи» жинағы). Дегенмен Лопе де Веганың драматуртігі басым еді. Сол үшін де ол елу жылдай театр өмірінде болды. Лопе де Вега театрлық пъессаның екі жанрын білді: комедия және ауто - «ұлы қойылым».

Комедия – шартты түрде үш актылы пьеса. Бұл жай ғана классикалық сайқымазақ емес, яғни трагедияның бет пердесі еді. Бүл пьесада сайқымазақ пен күлкішектердің болуы шарт емес, күле отырып сол кездің үстемдікті, арсыздықты көрсете білді. Лопе де Веганың кейбір пьесасында трагедия, кейбірінде ұлы драма, ал кейбірінде жай ғана көңіл көтерерлік юморлық комедия көрінетін. Ақынның екінші азырақ көңіл бөлген драматургиялық жанры - ауто.

Лопе де Вега комедияларының сюжеттік ауқымы өте кең. Лопе де Вега театрындағы адам тарихы, Испания халқының тарихы, әсіресе сол кездегі заманның әр таптарының күнделікті өмір көріністері, жалпы халықтың өмірінің есте қаларлық кезеңдері -– барлығы біздің көз алдымыздан ерекше бір тебіреніспен, өміршеңдігімен қозғалыстағы сурет сияқты өтіп жатады.

Советтік испан әдебиетінің білгірі К. Державин өзінің «Таңдамалы шығармаларының» алғысөзінде былай деді: «Лопе де Вега: «көне комедия сюжетінің ауқымы библия кезеңінен өзінің өмір сүріп отырған кезеңіне оралып жатыр». Кеңістікте олар Испан жерінен әлде қайда алысқа кетіп,өз көрерменін бірде Ресейге, бірде Албания мен Венгрияға, Богемияға, Польшаға және Америкаға ауыстырады. Лопе драматургиясында Испанияның барлық негізгі қалалары мен аймақтары және облыстары көрініс табады. Лопе де Вега театрының өте көп кейіпкерлері тек бірнеше ұлтты ғана емес, сонымен қатар барлық әлеуметтік ортаны, қызмет салаларын, барлық қоғам өкілдері туралы дерек береді. Лопе де Веганың тіл жатықтығы кейіпкерлерінің үнімен ұштаса келіп, сол кездегі дүние жүзілік жазушылардың қолданып жүрген жеңіл де еркін лексикалық стильмен ұштасып жатыр.

Лопе де Вега өмірінің аяғына дейін қажымай еңбек етті. Ол өмірінің аяқталуына біраз күн қалған кезде «Алтын ғасыр» («Золотой век») атты тамаша поэма жазды. Ол жеңіл әрі еркін түрдегі өлең жолдарымен немесе көне кастильдік жылнама жазушылардың ізімен жаза отырып, өз замандастарының басынан өтіп жатқан оқиғаларын ескінің турасымен ұштастыра отырып, халқының мерейін үстем етіп көрсете білді («Знаменитые женщины Астурии» пъесасы). Ақынның қарттық шағы мұңды болды. Оның Амарильи деген атпен жырлаған құрбысы Марта Наварес есінен адасып, әрі соқыр болып қалды. Қызы монастырьге кетіп қалды, ал баласы мезгілсіз қаза болды. Замандастары «Испанияның фениксі» деп атап кеткен драматургтың күш - қайраты мен жалынды лебін тек қана өлім жеңді.

Лопе де Веганың пъессалары өлмек емес. Жас советтік республиканың алғашқы жылдарында Ленинград қаласының Дворцовый алаңында оның «Овечий источник» деген драмасының желісімен керемет халықтық қойылым болып өтті. Лауренсиидің дауысы сол кезде революционер халық жаңадан баса көктеп басып алған Қысқы сарайдың қабырғасында шырқады. Қазіргі кезде Москва театрларында халықты әрі тебірентіп, әрі таңқалдыратын «Собака на сене» және «Учитель танцев» деген пъесалары жүріп жатыр. Біздің елде Испан драматургінің мерейі жылдан жылға өсіп келеді және бұл таңқаларлық жәйт емес. Себебі жаны мәңгілік жас және өмір сүйгіш Лопе де Вега өзі сияқты жас және өмір сүйгіш халыққа ұнамауы мүмкін емес.

Педро Калдерон де ла Барка (1600-1681) – ХVII ғасырдағы Испан әдебиетінің ең көрнекті өкілі болып саналады.

Лопе де Веганың қазасынан кейін, оның шығармаларын жариалауды сиретіп жіберді. Атақ, даңқ оған деген табынушылар Испанияда сиреп кетті. Оның орнына Кальдерен шықты, көлеңкелі көңілсіз, оның шығармалары Лопе де Веганың шығармаларымен тең келмесе де жүрек қылына әсер етер дей қабілетке ие еді.

Калдеренның шынайы аты былай еді:

Дон педро Кальдерон де ля Барко Энао де ля Барреда и Рианьо – бұл толық аты жөні. Ол 17 қаңтарда 1600 жылы Мадридте дүниеге келді. Он бес жасында Саламанкадағы университетке оқуға түсіп, драматургиялық үлкен талант иелерінен дәріс алды.

Бар болғаны 20 жасында Кальдерон “Крестке табыну” атты шығармасын жазып, жарыққа кеш шығарды. Бұл драманы аса тебіреніспен оқып, мойындаймын деп жазады И.С.Тургенев.

“Жизнь это сон” деп аталатын туындысы 1635 жылы Польшаның Полонни қаласында болған уақиғаға сүйеніп жазылған. И.С.Тургенев бұған дейін көрген немесе оқыған шығармарымның ішіндегі ең ұлысы, энергияға толысы осы болды деп жазды. Кальдерон католик, әйел сұлулығын аса зор бағалаушы фанат-драматург еді, деп баға беретін ортағасыр философтары.

Кальдерон католик ақын ғана емес, сонымен қатар шіркеуде дін уағыздаушы, королға адал қызмет етуші және жанын құрбан етуге бар жан. Мадридте екі бірдей театр жұмыс істеп тұрды, сонымен қатар Париждің өзінде ең жақсы деген орындарға тапсырыс беріліп қоятын. Неміс теоретигі Фридрих Шлегель оның драматургияның шыңырау шыңы деп бағалап оны Шекспирмен тең деп көрсетеді.

Кальдеронның дұниетанымын діни көзқарастар құрағанымен, ол “христиандық гуманизм” тұрғысында дамыды. Өмір мен өлім, өң мен түс бірігіп, оғаш дүниені құраған кезде адам болмыстың мән-мағынасын жете түсіне алмайды. Бірақ, адам ақылы Кальдеронның ойынша бар шындықты танып білмесе де, оның жанының тыныштықта өмір сұруін қамтамасыз етеді.

Ойлаудың рационалистік сипаты Кальдеронның көркем шығармаларына да тән. Гационализ дегеніміз – ойлауды сезім қабылдауынан айырып қарап білудің бірден-бір бұлағы ақыл деп есептелетін философиялық бағыт. Кальдерон Лопе де Вега негізін салған драманы өте жоғарғы дәрежеге көтере алды. Сонымен қатар, Кальдерон тек өз қаламына ғана тән драманы өмірге әкелді. Оның өзіне тән ерекшеліктері мыналар: драманың барлық бөліктеріне тән қатаң шамаластық, үйлесімді құрылған композиция, өткір әрі шебер тіл.

Кальдеронның шығармашылық өміріне келер болсақ, жазушы алғаш рет комедия жанрында қалам тартады. Бұл комедияларында Кальдерон өзінің ұстазы Лопе де Веганың шығармашылық дәстүріне жақындай түседі. Алғашқы шығармалары – “Махаббатпен ойнамайды” және “Дама невидимка” (“Көзге көрінбейтін ханым”) интрига жанрындағы комедиялар болып саналады.

Кальдерон шығармаларындағы махаббат сезімі Лопе де Вега комедияларындағы секілді ұлы сезім ретінде суреттелмеген. Махаббат туралы жазылған Кальдероннның комедиялары әрқашан да “жоғарғы” комедиялар. Мұндағы басты кейіпкерлер ақсүйек, бай адамдар. Шығармалардағы басты кейіпкер сұлу қыздың жүрегіндегі махаббат терең болса да, ол сезімге емес, ақылға бағынады. Кальдеронның кейіпкерлері, Лопе де Веганың кейіпкерлері секілді ешқашан да махаббат үшін өз жанын өлімге қимайды. Кальдерондағы махаббат әрқашан да ақылға бағынып отырады. Бұл драматургтің пьесалары сезімдердің қызбалылығымен емес, оның әрі шебер композициясымен көзге түседі.

Ақынның комедиялық шығармаларының ішіндегі ең атақтысы – “ Дама невидимка” комедиясы. Мұндағы басты кейіпкерлер ағайынды дон Хуан мен дон Луис, үйлеріне орналасқан досы дон Мануэльден өздерінің қарындасын қызғанып, досы мен қарындасының бөлмелеріндегі есікті шкафпен бөліп қояды. Бірақ ағаларының жасаған түрлі айлаларына қарамастан донья Анхела Мануэльмен танысып, оған ғашық болып қалады. Алайда, бұл сезім Анхела бойында жай ғана әуестіктен пайда болады. Яғни, екі жастың арасындағы махаббат тек қана жағдайлардың сай келуінен туындайды. Егер Мануэль Анхеланың үйіне орналаспаса, екі жас бір-бірін бұл өмірде танымай өтер еді.

Кальдеронға атақ әкелген туындылары оның “ар-намыс драмалары”.

Ар-намыс тақырыбы ХVI-XVII ғасырлардағы Испан әдебиетінде кең таралған еді. Бұл тақырыпта атақты Сервантес пен Лопе де Вега да қалам тартқан. Олар ар-намысты адам баласының ең жоғарғы құндылығы деп санаған. Сервантес өзінің «Дон Кихот» романында басты кейіпкерді былай сөйлетеді: «Әркім - өз өмірінің қожайыны».

Кальдерон да осы ар-намыс тақырыбында ой қозғап, өмірге көптеген керемет туындылар әкелді. Бұл әсіресе ерлі-зайыптылардың ар-намысына арналып көптеп жазылады. Кальдеронның бұл тақырыпта жазған шығармаларына – «Өз арының дәрігері» («Врач совей чести»), «За тайное оскорбление – тайное лишение» атты пьесаларда ар-намыс жай қозғалыстан шорт сынатын жұқа шыны ыдысқа теңеледі. Ерінің ар-намысын қорлау үшін әйелі оның көзіне шөп салуы шарт емес. Ол үшін әйелі жай келеңсіз қылық жасаса жетіп жатыр. «Өз арының дәрігері» атты пьесасында дәл осы жағдай бейнеленеді. Басты кейіпкер дон Гутьеррені оның әйелі донья Менсия ерінің ар-намысын қорламаса да, күйеуі жалған күмәндікпен әйелін өз қолымен өлтіреді. Мұндағы басты кейіпкер дон Гутьере табиғатынан қатыгез емес. Ол тек сол кездегі қоғамның заңдылығын орындаушы ғана. Өзінің ар-намысын жаладан сақтау үшін дон Гутьере, әйелі кінәлі болмаса да оны өлтіруге тиісті болады. Яғни, бұл жерде Кальдерон ар-намысты адам жанының ең бағалы құндылығы ретінде суреттейді. Ар-намысты адамға құдай сыйлайды, сондықтан да оны қорлап, оған нұқсан келтіруге ешкімнің де құқығы жоқ деп жазады жазушы.

Ар-намысты осылай бағалау, әсіресе Кальдеронның «Берік ханзада» («Стойкий принц») атты драмсы мен «Саламейлік алькальд» шығармасына тән. Алғашқы шығармада жазушы португальдық ханзаданың ерлікке толы өмірі мен азапты өлімін суреттеп көрсетеді. Ханзада Фернандо маврларға тұтқынға түсіп қалады. Бірақ, ханзада жауларға берілмей, өз отаны үшін жаны шыққаға дейін күреседі.

Ал, «Саламейлік алькальд» (1636) шығармасында Кальдерон ар-намыс тақырыбын одан әрі өрбітеді. «Саламейлік алькальд» Лопе де Веганың осы аттас пьесасының өңделген түрі. Көркемдігі жағынан жетілмеген бұл пьеса Кальдеронның қаламының астында шыңдала түсті де, испан әдебиетінің баға жетпес туындысына айналды. Кальдерон пьесаның сюжетін өңдеп, драманың концепциясын мүлдем өзгертіп жібереді.

Лопе де Вега пьесасында Саламея ауылының кәрі судья-алькальд адамының қызын жүргінші әскерлердің қорлап кеткендігі суреттеледі. Бұған қатты күйінген Педро Креспо қызын қорлаушыларды халықтық сотқа салып, жазалайды.

Ал, Кальдеронның түпкі ойы мүлдем басқа еді. Ол халықтық жазалауға қарсы шығып, ар-намысты ең жоғарғы құндылық деп таниды. Кальдерон пьесасындағы кәрі судья-алькальд Педро Креспо соңғы акте әскердің капитанына қызыма үйлен деп жалынады. Ар-намысы тапталған Педро Креспо отбасының намысын бағалау үшін осындай жағдайға түседі. Тіпті өзінің қызы Исабельдің ар-намысы мен атын тазалықта сақтау үшін бейшара әке бәріне де дайын. Ол капитанға қызына үйлену үшін бар мүлкін сыйлауға дайын. Тіпті өзі мен баласын құлдыққа сатылып кетуіне де көнбек болады. Яғни, бұл жерде ар-намыс мәселесін дұрыс қоя білген Кальдеронның үлкен шеберлігі бірден көзге түседі.

Кальдеронның драматургиялық мұрасында ерекше орынды оның моральді-философиялық және діни шығармалары алады. Олардың арасында «Жизнь есть сон» атты пьесасы маңызды роль атқарады. Пьесада ханзада Сехизмундо туралы сөз қозғалады. Польша королі Басилмонның ұлы Сехизмундо туылар алдында, корольге бір көріпкел адам баласының болашақта қатігез, қанішер билеуші болатындығын болжап береді. Сондықтан да әкесі туылған нәресте Сехизмундоны көп жылдар бойында айдаладағы мұнараларда жалғыз өсіреді. Мұнарада Сехизмунда көптеген жылдар бойында жападан-жалғыз қайғылы өмір кешеді. Ханзаданың әкесі – король Басилмо болжамның дұрыс-дұрыс еместігін тексеру үшін, ханзаданы ұйықтап жатқан кезінде мұнарадан сарайға ауыстырады. Ертеңіне оған сен билеушісің деп өзін таққа отырғызады. Елді билегеннен кейін Сехизмундоның өте қатігез, қанішер адам екендігі көрінеді. Сондықтан да ханзада ұйықтап жатқанда қайтадан мұнараға көшіріледі де, оған сенің елді билегенің тек көрген түсің ғана деп айтылады.

Алайда Сехизмундоның ханзада екендігін білген қалың халық, оның билікке қайта келуін талап етеді. Олардың ойынша, елді тек қана корольдің шын мұрагері ғана билеу керек. Сол себептен де Сехизмунда мұнарадан көшіріліп, сарайда патша тағына қайта отырады. Елдегі билікке қайтадан кіріскен Сехизмундо енді бар жан-тәнімен өзгеруге тырысады. Өзіне сеніп, таққа отырғызған халқына қалайша ол қатігездік жасайды. Сондықтан да Сехизмундо өзінің бойындағы жаман қасиеттерінен арылу үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Жазушы Кальдеронның бұл жерде айтайын деген ең негізгі ойы, ол әрбір адамның өз-өзін әрқашан да тәрбиелеп отыру қажеттігі. Яғни, сен ар-намысыңды тек жаман қасиеттеріңнен арылғанда ғана таза сақтай аласың дейді ұлы драматург.

Қорыта айтқанда, Кальдерон XVII ғасырдағы испан әдебиетінің көркеюіне үлкен үлес қосты. Ұстазы Лопе де Вега негізін қалаған ұлттық драманы, Кальдерон жалғастырып, оны одан да көркемдете түсті. XVII ғасырдағы испан әдебиетін сөз етсек, онда есімізге ең алдымен Кальдерон есімі түседі. Өйткені Кальдерон өз заманының көрнекті жазушысы, шебер, өктем тілді ақыны болды.

Бақылау сұрақтары:

1.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әлем әдебиетінің даму бағыты қандай болды?

2.ХҮІІ Батыс европалық әдебиет қалай дамыды?

3.ХҮІІ ғ. әдебиетіндегі бағыттар және олардың көрнекті өкілдері кімдер болды?.

4.Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары қандай болды?

5.Классицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздеріне мысал келтір.

6.ХҮІІғ Итальян әдебиеті қалай дамыды?

7.Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыптарындағы қандай шығармалырын білесіңдер?

8.Грифиустың «Оттаның көз жасы» туындысы қандай шығарма?

9. Гиммельсхауеннің «Симплиции Симплициссимус» романы қандай шығарма?

10.Лопе де Вега шығармашылығы, демократикалық көзқарастары қандай болды?

11.Лопе де Вега «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсы қандай сын тақты?

12.Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасындағы негізгі идея не болды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№ 9 Лекция

Тақырыбы: ХҮІІ ғасырдағы француз, ағылшын әдебиеті. Классицизм

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)