АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары. 1.ХҮІІғ француз әдебиетіндегі классицизм басты стильдік бағыт

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХҮІІғ француз әдебиетіндегі классицизм басты стильдік бағыт.

2. Француз классицизмнің екі кезеңі.

3. Корнель трагедиялары.

4.Расин трагедиялары.

5.Мольер шығармашылығы.

6. ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетінің дамуы.

7.ХҮІІғ ағылшын әдебиеті.

8.Мильтон шығармашылығы.

9.Жаңғырту /реставрация/ дәуірінің әдебиеті

10.Англиядағы классицизм. Драйден шығармашылығы

ХVІІ ғасырдағы француз әдебтетінің дамуы сол кездегі елде болып жатқан әлеуметтік-тарихи жағдайлармен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде Францияда абъсолюттік монархия Маркстің сөзі бойынша " цивизилизацияланушы орталық секілді, қоғамдық бірігудің басы іспеттес" тарих төріне шығады. Осы жағдайларға қарсы табанды күрес жүргізген Людовик ХІІІ (1610-1643) министірі кардинал Ришелье болды. Ришелье Францияны 1624 жылдан 1642 жылға дейін дерлік басқарушы болды. Осымен бір мезетте ол өз командасын жинаудың планын жасады. Себебі оған қол астындағылар қаржыны,соттық мекемелерді және басқада мемлекеттік жұмыстарды басқару үшін қажет болды. Ол өз маңындағы білімді бұрынғы аристократтарды жұмысынан босатып, лезде олардың орнына адмистратырлық міндеттерді сату арқылы жаңа кадрлармен толтырып отырды.

Міне осы сияқты көптеген өзгеде әлеуметтік процестер ХVІІ ғасырда Француз әдебиетінен көрініс тапты. Себебі кардинал Ришелье өз саясатын рухани өмірге де жүргізді. Олар мынадай сыртқы көріністерге ие болды: периодтық печаттың пайда болуы (1632ж 1 газет шығарды), әдебиет ағымын бағыттап отыратын арнайы мекеме құрылды (Француз Академиясы), ара кідік Ришельенің өзі әдебиет тартыстарына араласып тұрды (1630 жылғы әдебиет тартыстары). Осындай тарихи кезеңде көркем әдебиеттегі басты бағыттардың бірі классицизмнің негізі қаланды."

Француздың жүйелі көркемдік көрінісін толығымен трагедия жанрынан тапты. Трагедия жанрының негізін салушы-Пьер Корнель(1606-1684). Пьер Корнель 1606 жылы 6 маусымда Норландияның басты қаласы Гуаннада дүниеге келді. Әкесі сот қызметкері болды. Сол үшінде баласын осы жолға ерте бастан дайындады. Алғашында Корнель өзі секілді жастармен бірге иезуиттік колледжге оқуға түседі. Онда жүріп латын, рим әдебиеті мен тарихынан мәлімет алады. Колледжді бітірген соң адвокат болуға дайындалады. Бірақ оның юристтік карерасына оратырлық қасиетінің жоқтығы көп жағдайда кедергі болды. Бұл жолда көп жүрген жоқ.

Пьер Корнель әдебиеттегі жолын ұсақ өлеңдер, эпиграммалар және басқа да ұсақ поэтикалық шығармалар жазудан бастады. Бірде досы Корнельді өзінің сүйген қызымен таныстырмақшы болады. Кездесу кезінде досының сүйген қызы Карнельді ұнатып қалады. Міне осы кездесудің күлкілі жақтары Карнельдің "Мелита " ( 1629) атты драматургиядағы алғашқы комедиясын жазуға себеп болады.Бұл комедия және осы секілді 1631-1636 ж жазылған (" Клитандр ","Вдова","Галерея суда","Корелевская площадь") комедиялар ұмытылып кеткен. Бірақ олар автордың атағын шығармасада сол кездері халық таманынан жылы қабылданған. Карнель өз күшін трагедия жанрында да сынауға бел буды. Оның бұл жанрдағы алғашқы еңбегі көне римдік драматург және философ Сеникидің трагедиясыен аттас "Медея" болатын. Бірақ бұл трагедия жанрына жазылған Карнель ебегінің басы ғана болатын. Айтып өту қажет, Карнельдің шығармашылығы үлкен поэтикалық өрлеу мен құлдыраудың ауысымынан тұрады. Карнельге зор абырой, атақ алып келген 1637 жазылған "Сид" трагиккомедиясы болды. "Сид" француз театрымен драматургиясына жаңа ғасыр есігін ашты. Бұл қойылым француз сахнасында бұрын соңды көрмеген жетістіктерге жетті. Трагедияда Карнель бірінші рет француз клацссецизмдегі моральды-философияық мәселені қарастырды (яғни міндет пен сезім арасындағы күресті). Бұл трагедия сол кездің өзіде-ақ неміс, ағылшын, итальян және тағы басқа тілдерге де аударылды. Карнель трагедияның негізі ретінде испан драматургі Гильена де Кастроның "Юность Сида "(1918) пьесасынан алды.

"Сид" өз авторын халықтың қошеметіне бөлеп, өзге драматургтардың көреалмаушылығын оятты. Бұған кардиналь Решельенің түсініксіз қарсыласуы да қосылды. Осылайша кардиналь бастаған және құрамында Жорж Скюдери бар римфачтар тобы Карнельге жабылады. Кардинальдың құлақтандыруымен жаңадан негізі қаланған Академия Карнель шығармашылығындағы қателіктермен "заңнан" ауытқушылықтарды тнрең тексере бастады. Кейінен олар Карнельге ауыр тергеу жүргізді. Тап осы кезде Францияның басқарушысымен өшігу өте қатерлі болғандықтан Карнель Руанада біраз уақыт үнсіздікте жүрді. Ал 1639-1640 ол қайта өзінің тамаша "Гораций" және "Цинна" атты кейінен 1643 жылы "Полиевк" атты трагедияларын жарыққа шығарды. "Гораций ".1639 жылы жазылған Гораций трагедиясын кардиналь Решельеге арнады. Бұл трагедияның негізгі сюжеті римдік тарихшы Тита Ливиядан (кн.І,гл.25) алды. Құрлымына қарай трагедия классикалық поэтиканың талаптарына "Сидқа" қарағанда көбірек жауап береді. Мұндағы негізгі кейіпкерлер үшеу - Гораций, Каилла және Курлаций. "Цинна".Цинна или милосердия Августа" деп аталатын трагедияны Корнель 1639 жылы жазды. Трагедияның сюжетіне ежелгі римдік жазушы Сенекидің "О милосердий " кітабындағы тарихи оқиғалар арқау болды.Бірақ римдік тарихшылар ондағы ("О милосердий " кітабындағы) тарихтың шындық екендігін дәлелдемеді. Бұл Синикидің қиялының жемісі деген болжаулар бар. Корнель жазуды 1674 жылдан бастап біржола қойды. 10 жыл өткен соң 1684 жылдың 30 қыркүйегінен 1 қазанға қараған түні 78 жасында өмір салады.

Жан Расин 1639 жылдың 21 желтоқсан күні Ферте-Милонда провинциалық сот шенеунігінің отбасында дүниеге келген. Жастай жетім қалған Расинді әжесі тәрбиелеп, Бове қаласындағы коллежге, содан соң Пор-Рояледегі Гранжа мектебіне оқуға орналастырады. Балалық шағында-ақ оның әдебиетке деген икемділігі мен қабілеті болады. Бала Расин Софокл мен Еврипидтің шығармаларымен, грек романы «Теаген мен Хариклеяны» жатқа білетін болған. Расин 1658ж білімін жалғастыру үшін Парижге келіп, осындағы Гаркур коллежіде философия курсынан дәріс алады. 1660ж Париж жас кароль XIVЛюдвиктің неке тойын тойлайды. Осы мерекеде Расин карольді мадақтап ода жазып, оны «Нимфа Сены» деп атайды. Сол кездегі белгілі поет Шаплен Расин туралы XIVЛюдвиктің министрі Кольберге айтады. Кольбер Расинге король атынан сыйақыға 100 луйдр беріп, кейінен (һomme de tettes) әдебиетшілерге берілетін зейнетақы тағайындайды.

1664 ж Расиннің алғашқы трагедиясы «Фивайда» Мольер басшылық ететін Пале –Рояль театрында қойылады. Бір жыл өткенде «Александр» трагедиясы Париж назарына ұсынылады. Ал 1667ж «Андромаха» трагедиясының қойылымы болып, француз театрының көрермендері Расин трагедияларын жоғары бағалайды. Бір жыл өткеннен кейін Расиннің «Сутяги» комедиясының қойылымы болады. Бұл Расин жазған жалғыз комедия. «Сутяги» комедиясының ізінше «Британик» трагедиясы сахнаға қойылады. Бұл трагедия туралы досы Буало: «Сіз жазғандардан ең көрнектісі» - деп жоғары бағалайды.

1670 ж Расин мен Корнель бір сюжетке екі трагедия жазады. Корнель трагедиясын «Агесилай» деп атайды. Дегенмен Расиннің осы сюжетке жазған «Береник» трагедиясы замандастары арасында үлкен табысқа ие болады. Екі жыл өткенде Расин театрға замандастары түріктер туралы «Баязет» трагедиясын ұсынады. Бұл қойылымға келген Корнель көршісіне сыбырлап:» Киім киісі түрік болғанымен мінездері француздық» дейді. Бұл трагедияның үлкен кемшілігі болатын.

1673ж Расиннің «Митридат» трагедиясы жазылады. «Письма» шығармасымен әйгілі XVIIғ жазушысы Севинье «Митридат» туралы: еремет пьеса, жылайсың, әрқашан таңданыста боласың, отыз рет көресің және отыз рет бірінші көргенненде әсерлі»-дейді.

Расин ұлт әдебиетінің мойындалған өкілі ретінде академия мүшелерінің құрамына абылданады. Бұл сол кездегі әдебиетшілерге берілетін ең жоғарғы дәреже болатын.

1674ж жазылған «Ифигения в Авлиде» пьесасы оған жаңа табыс әкеледі. XVIIIғ Вольтер Расиннің бұл трагедиясы туралы «О трагедия,трагедия! Сенің құдіретіңді түсінбеген жабайыға қасірет келсін!- дейді

Кординал Мазариннің жақын туыстары басқарған аристократтар тобы «Федра» (1677) трагедиясының қойылымы күні залды көрермендерден бос етіп, Расинді мазақ етеді. Ол осы оқиғадан кейін, отбасын құрып, енді пьеса жазбауға шешім қабылдайды.

Тек он екі жыл өткенде Ментенон ханшаның өтінішімен «Эсфир» (1689) пьесасын жазды. Сен-Сир пансионындағы қыз туралы жазылған бұл трагедия үш акттен тұрады. 1691ж Расин соңғы трагедиясы «Аталияны» жазып, театрдан біржола кетеді.

Расин денсаулығы күрт нашарлап, 1699 жылдың 21 сәуір күні қайтыс болады.

Андромаха. Расин шығарма желісін көне антик заманы әдебиетінің өкілдері Еврипид пен Гомер трагедиясы негізінен алған. Бұл трагедияда Гектор мен Андромаханың ұлы Астионакс өлмей тірі қалады. Сонымен, Расин трагедиясында талқандалған Трояда тұтқынға түскен Андромаха мен оның ұлы Астионакстың тағдыры туралы айтылады. Соғыс табысы ретінде Эпир патшасы Пиррге тарту ретінде берілген Андромахаға, ержүрек, жеңілуді білмейтін Пирр ғашық болып қалады. Ал Андромаха Пиррді ұнатпайды, өйткені ол күйеуін өлтірген Ахиллестің ұлы болатын. Ол мұның және халқының бақытсыздығына кінәлі жан.

Эпир патшасы Пирр Андромаханың келісімін күтеді. Пиррдің сарайында Менелая мен сұлу Еленыдың қызы Гермион тұрады. Гермион Пиррдің қалыңдығы болады. Тұтқындағы Гектордың ұлы Астионакс гректердің тыныштығын алады. Олар баланы алып келу үшін Эпирге елшілікке Орест пен досы Пиладты жібереді. Олар Пиррге келіп баланы беруін талап етеді. Пирр өзіне бүкіл Греция қарсы болса да Андромаханың ұлын қорғайтынын хабарлайды. Орест Астионакс үшін ғана емес, Гермионды Эпирден алып кетуге келген. Гермион Пирр рұқсатын берсе Эспирден кетуге дайын екендігін айтады. Орест Пиррдің келісімін алу үшін барғанда ол шешімін өзгертіп, Гермиондға үйленетіндігін айтады. Гермионның бақытында шек жоқ болатын, бірақ оның қуанышы ұзаққа бармайды. Ұлының өмірі үшін Андромоха Пиррге келісімін беретіндігін айтады. Андромаха осы тұста қулық ойлап, ұлын аман алып қалып, Пиррге тұрмысқашыққан соң өзін өлтірмекші болады. Қызғаныштан көзі қарайған Гермион Орестке Пиррді өлтір деп бұйрық береді. Орест сүйіктісінің сөзін орындауға келісімін береді. Сөйтіп ол Пиррді храмдағы некелсуі кезінде өлтіреді.Өз қатесін кеш түсінген Гермион Оресттен бұл хабарды естіп, өзіне қол жұмсап мерт болады. Аталия. Трагедияның сюжеті библиялық мифологиядан алынған. Қанішер құдайдан безген кәрі иерусалимдік Аталия патшайым немерелері мен балаларын өзі өлтіреді. Бірақ шіркеу свещеннигі Аталияның Иоас деген немересін аман алып қалады. Ол Иоасты кекшіл патшайымнан жасырып тәрбиелейді. Трагедиядағы екінші зұлымдық иесі-жрец Ваала Мафан. Оған шіркеуден орын болмай ол өзіне құдай ойлап табады. Ол Аталияға бағынып соның бұйрығын орындайды. Аталия немересі Иоастың тірі қалғанын білмейді. Бірақ Аталия түсінде тірі қалған немересін көріп, қорқа бастайды. Ол кіруге тыйым салынған иерусалимдік шіркеуге келеді. Аталия бұл жерден Иоасты көріп, немересі екенін таниды да Иоасты өлтіруге барлық амалын қолданады, бірақ трагедия соңында зұлымдықты мейірімділік жеңеді. Аталияны жеңген Иоас иерусалимді басқарып таққа отырады. Баязет. Сұлтан Амурат алыс сапармен елінен кеткенде, оның орнына әйелі Роксана билік жүргізеді. Ал олардың сарайында құл ретінде жұмсап отырған Амураттың інісі Баязет өмір сүреді. Амурат жас әрі ақылды інісі Баязеттен билігімді тартып алар деп қорқады да әйелі Роксанаға құпия шабарман жіберіп, оны өлтіруге бұйырады.Роксана Баязетке ғашық болады. Ал Баязеттің Аталида деген сүйікті қызы болады. Роксана ол туралы білмейді. Баязетке күңдерін жіберіп, оған ғашық екенін айтумен болады. Сарай билігін өзгертуге тырысқан Акомит Баязетті Роксинлі алдап сеніміне кіруге үгіттейді. Трагедия соңында бар құпияны білген Роксана Биязетті өлтіреді. Ал өзі сұлтан жіберген құлдың қолынан қаза болады.

Мольер (1622-1673) Комедия - әдебиеттің ең қиын жанрларының бірі. Комикалық эффект табиғаты жөнінде ежелгі философтар және қазіргі кездегі өнер теоретиктері ой толғаған, бірақ ешқайсысы да нақты түсінік бере алмаған. Ағылшын драматургі Сомерсет Моэм былай дейді: «Комедия тұрғысына реалистік талаптарды алға тарту саналылық емес. Комедия - өнер жанры, ондатек шындықтың көрінісі ғана. Күлкіні күлкі үшін жасау керек.»Мольер, француз ұлттық комедиясының негізін қалаушы, өз заманынан алда тұрған әлем әдебиетінің классигі, ол өзінің барлық шығармашылығымен комедия туралы мұндай көзқарасқа қарсы болады.Оның комедиялары ақылды, сонымен бірге ол философиялық. Ол көрермендерге күлкі сыйлайды, бірақ бұл «күлкі үшін күлкі» емес, бұл көзқарастық және әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған күлкі.«Күлкі көп ретте шындық пен өтірік арасындағы айырмашылықты анықтаудың ұлы делдалы болады» - деп Белинский жазған. Мольердің күлкісі нақ осы күлкі болған. Мольер (Жан Батист Поклен) 1622 жылы 16 қаңтарда Париж қаласында дүниеге келген. Оның әкесі, буржуа, аула жұмысшысы (придворный обойшик), балсына қандай да болсын үлкен білім беру туралы ойламаған және он төрт жасқа жеткен браматург енді ғана оқу мен жазуды үйренген еді. Ата-анасы өздерінің аула жұмысшысы қызметінің баласына өтуіне жағдай жасап, рұқсат алады, бірақ бала өзінің бойынан оқуға деген үлкен құштарлықты табады, ал әкесінің кәсібі оны мүлдем қызықтырмады. Атасының ықпалымен - әкесі баласын иезуиттер колледжіне түсіреді. Мұнда Мольер бес жыл ішінде ғылым курсын сәттілікпен меңгереді. Оның бақытына орай ұстаздарының бірі – атақты философ Гассенди болып, оны Эпикурдың шығармашылығымен таныстырады. Мольер француз тіліне Лукрецидің «Заттар табиғаты туралы» поэмасын аударды дейді.

Бал кезінен Мольер театрға қызығады. Театр оның ең асыл арманы болады. Клермон колледжін бітіріп және Орлеанннан заңгер (юрист) дипломын алғаннан кейін Мольер өзінің достарымен бірге актерлар труппасын құрып Парижде «Керемет театрын» («Блистательный театр») ашпақшы болады,ол актер болғысы келді және трагедия амплуасының актерын таңдап, өзіне мольер деген лақап ат алады. Бұл есім оған актерлардың бірінде болған.Мольер және оның жолдастарыныңбастамалары, олардың жас энтузиазмы сәттілікке алып келмеді. Театрды жабуға тура келді. Мольер 11646 жылдан бастап Францияның түрлі қалаларына көшіп-қонып жүрген көшпелі комедианттар труппасына қосылады. Оны Нант, Лиможе, Бордо, Тулузадан көруге болатын еді. 1650 жылы Мольер және оның жолдастары Нарбоннада көрсетілім қояды. Елді аралау Мольердің өмірлік бақылаушылығын байытады. Ол әр түрлі таптардың көзқарастарын жаттап, халықтың тікелей сөздерін естиді. 1653 жылыөзінің алғашқы пьесаларының бірі «Сумасбродты» қояды. Ондағы драмматург талантыбайқаусызда ашылады. Ол ешқашан жеке әдеби творчество(шығармашылық) туралы ойлап қалам алған емес,оны итермелеген өзінің труппасының кедей репертуары болды. Алғашында ол италияндық фарсыларды француз жағдайларына бейімдеп өзгертіп отырды, кейіннен өзінің шығармашылығы үшін оның барлығын тастайды. Осылайша Францияның ең атақты комедиянты туылады. Оның жасы сол кезде отыз жастан сәл ғана асқан еді. «Бұрын осы жаста әлемді де, адам жүрегін де білуді қажет ететін драматургия жанрында жетістікке жету өте қиын еді» - деп жазады Вольтер. 1658 жылы Мольер Парижге келеді. Осы Париждегі он төрт жылында Мольер бай әдеби мұраға кірген шығармаларының барлығын жазады (30-дан астам пьесалар).

Мольер 32 жасында бірден қайтыс болады. Бірде өзінің «Мнимый больной» пьесасының қойылымында басты роль ойнаған ауру драматург өзін ауыр сезінеді де спектакл аяқталғаннан кейін қайтыс болады (1673 жылы 17 ақпанда). Ол Сен-Жозеф мазаратында жерленеді. Мольердің эстетикалық көзқарастары. «Тартюф» комедиясының алғысөзінде Мольер былай деп жазады: «Театр ұлы түзету күшіне ие». «Біз жаман қасиеттерге ауыр соққы береміз, яғни оларды күлкіге айналдырамыз». Мольердің классикалық эстетика шеңберіндегі комедияның мақсаты туралы көзқарастары. Мольердің көзқарасы бойынша комедияның мақсаты, «сахнада жалпы кемшіліктердің ұнамды бейнесін беру».

«Смешные жеманицы» комедиясы – Мольердің ең алғашқы өзіндік стильдегі пьесасы, ол Парижде 1659 жылы 18 қарашада қойылған. 1661 жылы Пале – Роялда Мольер «Күйеулер мектебі» пьесасын қояды, ол жанұя мәселелеріне арналған еді. Бұл жердегі драматург идеалары өз уақытынан алда тұрады Мольер өзінің пьесасында жаңа жанұя қатынастарына үйретеді, яғни ата-аналары балаларының еркіне қарсы болмауы тиіс, олардың тағдырын өзіне ұнамсыз кәсіппен байланыстырмау керек және еркіндік беріп, оны құл ретінде емес күйеуіне дос ретінде көруді үйретеді. Мольердің үш актілі комедиясының сюжеті екі жанұя жіктерін салыстыру негізінде құрылады. Осы комедиядан кейін 1 жыл өткенде Мольер жаңа «Әйелдер мектебі» пьесасымен сахнаға шығады.

1662 жылы 2 наурызда ірі аристократ, жазушы Францияның сөз шебері герцог Ларофшуконың салонында Мольер өзінің «Оқымысты әйелдер» комедиясын оқиды. Бір аптадан кейін ол Пале –Рояль театрында қойылады.

Мольер әйелдердің «оқымыстылығын» келекелейді. Мольер оларды асханада қалдырып, олардың қайраткерлің шеңберін отбасымен шектейді. Көптеген көрермендер осындай ойға тоқталады. «Тартюф» (1665). Тартюфтың есімі әлемнің барлық білімді адамдарына белгілі. Бұл есім әлем тілінде эгоист ретінде қабылданды. 1664 жылы 12 мамырда Версальда комедияның екінші редакциясы қойылды. Париж архиэпископы және ханшайым пьесаның қойылымына тыйым салуға қол жеткізеді. Осы жылдың күзінде Мольер комедияның қойылымын қайта қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазады. Бірақ рұқсат берілмейді. 1664 жылы қарашада Палатинск ханшайымның сарайында Ренси қаласында комедия қойылымы болады.1667 жылы шілдеде пьесаның қойылымына патша рұқсат береді. Редакцияланған комедия Пале-Рояль театрында қойылады .«Дон Жуан» (1665) Әлем өнеріне Дон Жуан бейнесінің жүзден астам нұсқалары белгілі. Көптеген ұлы ақындар, композиторлар, суретшілер әйелдердің жүрегін жаулаушы испандықтың портреттер галереясын жасауға қатысады. Олардың түрлері әртүрлі, бірақ есімдері бір- Дон Жуан. Байронның «Дон Жуан» поэмасының әсерімен Француз суретшісі Делакруа Дон Жуанға арнап сурет салады. Ұлы Моцарт «Дон Жуан» операсына музыка жазады. Осындай көптеген бір- біріне ұқсас әдеби Дон Жуандардың ішінде Мольердің Дон Жуаны өзіндік орын алады. Драматург пьесаны өзінің труппасын уақытша қимылсыздықтан шығару үшін проза түрінде екі апта ішінде жазады («Мизантроп» аяқталмаған еді, ал «Тартюф» тыйым салынған еді). Пьеса алғаш рет 1665 жылдың ақпанында Пале-Рояль театрында қойылады. Бірнеше қойылымнан кейін репертуардан шығып 200 жыл ішінде бірде-бір рет қойылмайды, ал бұл Мольердің ең жақсы шығармасы еді. Комедияның осындай тағдырын немен түсіндіруге болады? Көтерілген саяси мәселелердің маңыздылығымен. Мольердің заманы үшін олар өте батыл болады. «Мизантроп» комедиясы-Мольердің терең мағыналы комедияларының бірі.Бұл пьесаны жазу үшін өте ұзақ мерзім жұмсайды. Оның қойылымынан 2 жыл бұрын (1666 жылы 4 маусымда) Мольер өзінің достарына жеке бөлімдерін оқиды. «Мизантроп»- байсалды комедия. Оның негізгі кейіпкері күлкіліге қарағанда қайғылы және оған қаншама күлсек, біздің күлкімізге одан да көп қайғы. Мизантроп бейнесінің тарихы ежелден басталады. Б.з.б.V ғасырда өмір сүрген Тимон есімді афиндік тұрғын осы бейнеге негіз болады. Аристофан, Плутарх, Лукиан шығармаларында осы есім аталады. Шекспирдің «Афиндік Тимон» трагедисы бар. Мизантроп – трагедиялық фигура. Бірақ Мольер оны күлкіге айналдырады. «Сараң» комедиясы алғаш рет 1668 жылы 9 қыркүйекте қойылып, автор тірі кезінде өте сәттілікпен өтеді. Алғашында автор орындаған Гарпоген ролін әлемнің ең жақсы актерлары орындады. Пьеса әлемдік драма театрлардың тұрақты репертуарына кіреді. Сараңдық қасиеті адамдардың назарын өзіне аударады. Сараңдықтың керемет бейнесін Шекспир, Пушкин, Бальзак, Гоголь, Салтыков-Шедрин жасайды. Сараңдық бейнесі адамзаттың серігі ретінде антика заманынан қазіргі заманға дейін жалғасуда. Әдеби дәстүр бойынша Мольер пьесасы антикалық деректермен байланысты. Мольерлік Гарпогеннің бейнесінің негізі сөзсіз ежелгі Рим драматургы Плавттың «Кубышка» комедиясындағы образды есептесек болады. «Мещанин во Дворянстве» комедиясы (1670) ең алғаш рет Шамбар қорғанында патша аңшылығының тойында қойылады және ол патша ауласындағыларға ұнамайды. Шындығында пьесаға ендірілген керемет балет (музыкасын жазған композитор Люлли), бай түрік рәсімдері патшаға ұнамайды. Бұның басты себебі осыдан аз уақыт бұрын түрік елшісі Версальдың кереметтілігі туралы айтпауына байланысты XIV Людовиктің өзімшілдігіне қатты тиеді.

Джон Мильтон – 1608 жылы Лондонның нотариустар жанұясында дүниеге келген. Мильтонды әкесі отбасының әдет – ғұрпын сақтауға жас күнінен тәрбиелейді. Ол өзінің алғашқы білімі мен әдебиетке деген құштарлығын Лондондағы әулие Павелдің ғибадатханасында алады. Соңғы өзгерістер жас әдебиетшінің әлемдік әдебиетке ден қоюына әсер етеді.Мильтон біраз жылдан соң, Кембридж университетіне қабылданады. Кембриджде Мильтон сол кездегі Парламентке қарсы шыққан студенттер қатарына қосылып, феодалдық – аристократиялық топтың мүшесі болады. Сол кезде Мильтонға бір оқытушы қарсы болады. Оған қарамастан, ол университетті өте жақсы деген бағамен бітіреді.Осы уақытта Мильтонның әкесі Лондонға жақын маңдағы Гортон шіркеуіне қол жеткізеді. Осыны пайдаланып, Мильтон білімге деген ынтасын арттырады. Бірақ, соңында ол өзі дайындалған шіркеу шырақшысы қызметінен бас тартады.1638 жылы Мильтон Гортон шіркеуін тастап, Европаға саяхатқа шығады. Джон Мильтон Францияға ат басын бұрып, Италияда ұзақ тұрақтайды. Осы Италияда ол өзінің классикалық филология және италия әдебиеті салаларындағы білімін толықтырады. Мильтонның Италиядағы өмірі ойламаған жерден аяқталды. Өйткені, ол Англиядан революциялық дағдарыстан хабар алып, үйіне қайтады. Сондай – ақ ол Англиядағы қоғамдық күрестерге араласады.40 жылдардың ортасында Мильтон индепенттердің арасына қосылуға мүмкіндік алып, 40 –жылдардың соңында олардың тапсырмасын орындайтын күйге жетті. Ал 50 – ші жылдарда ол «Латын хатшысы» деген үлкен жұмыстың тізгінін тартып, мемлекетаралық саясат саласындағы сұрақтарға жауап беру үшін консультациялар жүргізді. Көз алмай еңбек ететін Мильтонның бұл жұмысынан көзі нашарлап, сыр бере бастайды. Бірақ бұған мойынсұнбай жұмыс барысын одан әрі жалғастырады. 1660 жылдары оған өлім жазасы қауіп төндірді. Себебі ол өзінің памфлеттерінде қоғам қайраткерлеріне тіл тигізіп, олардың феодалдық – демократиялық қоғамға қарсы күресі әлі кедейшіліктен арылған жоқ деп пікір білдіреді. Оның ақындық бағыты 60 – 70 жылдардағы көркем шығармалардың жаңа этаптағы туындыларының біріне саналуына септігін тигізеді. Бірақ ол бұл кезде көз жанарынан айырылған болатын. Өз жауларының соңына түсуіне қарамастан, еш қорықпай бәррін қасқая қабылдаған. Мильтонды туған халқы көңілдерінің түбінде ұмытпай, сақтап оған деген сенімін жоғалтпады. Джон Мильтон 1674 жылы қаза тапқан болатын. Мильтонның алғашқы кезеңдегі шығармалары, яғни, 20 -30 жылдардағы көркем туындылары 60 – 70 жылдардағы публицистика мен поэзия саласының бағытында жазылған туындыларынан аса маңызды бола қоймағаны рас. Сондықтан Мильтон шығармашылығын сөз еткенде, «20-30 жылдардағы поэзиясы» деп бөлек қарастырамыз. Яғни, бұл оның «алғашқы шығармашылық кезеңі» - деп аталады. Мильтон Кембриджде оқып жүргенінде – ақ, әдебиет әлеміндегі поэзия жанрына мықтап ден қоя бастайды және университетте өтетін дәстүрлі әдеби кештерге қатысып жүреді. Оның осы жылдарға қатысты латын және ағылшын тілдеріндегі топталған өлеңдері ақын шығармашылығының шыңға шығуына Джон Мильтон өзінің «На 5 ноября» деп аталатын латын тілінде жазылған поэмасында феодалдық – католиктік қозғалысқа қарсы екенін және патриархалдық Римнің өлім жазасын қолданылуына келіспейтінін ашып көрсетеді. Ал, «Элегия к Юнгу» деген латын тіліндегі өлеңінде Кораль Яковтың Германиядағы протестанттарға көмек көрсетуге асықпай, реформаланған шіркеулерді қорғамай алаңсыз жүргеніне наразылығын білдіреді. Мильтон Гортон шіркеуінде сүрген өмірінің көп бөлігін өлеңдер жазуға арналған болатын. Соның айғағы ретінде, «поэма – диптих» жанрына кіретін «Alledro» және «ІІ Penseroso» деген өлеңдері мен «Аркадцы» (1634ж), «Камум (1637ж) деп аталатын пьесаларын жазғанын айтуға болады. Алдыңғы екі өлеңінде Мильтон ағылшын фольклорынан бастау алады және ағылшындардың әдебиеттегі қайта өрлеуіне өз пікірін кейіпкерлері арқылы көрсетеді.

1638 жылы Европаға саяхатын бастаған Джон Мильтон ең алдымен, Италияның мәдени мұралардың орталығы екеніне көз жеткізіп қана қоймай, осы елдің ақын – жазушыларының құшақ жая қарсы алғанына да куә болады. Бүкіл мәдениеттің орталығына саналған бұл елде де феодалдық – католиктік қозғалыс жүріп жатқан болатын. ХVІІ ғ.30 – жылдарынан көрініс берген Италияның бұл күйі Мильтонның өз отанына қайтып, сол жақтағы феодалдық – католиктік қозғалыстарға қатысуына ықпал етті.Енді Мильтонның әдебиеттегі дамуының жаңа кезеңі басталады. Оның трактаттары мен мақалалары және ізденістері көркемдігі жағынан өте бай болғандықтан, ХVІІ ғ – ғы Англияның прозасын дамытты деп айтуға болады.

Мильтонның алғашқы кезеңдегі шығармаларының ең үздігі деп танылған «Ареопагитика» трактаты (1644ж). Ол бұл трактатта «адам баласы жеке және қоғамдық өмірінде тек бір – ақ нәрсеге бағыну керек –деді. Ол – табиғат заңы».Мильтонның натур – фмлософиялық көзқарасы онша айқын емес болатын. Ол өзінің педагогикалық трактаты «о воспитании» (1644ж) туындысында антифилософиялық идеяларды ұсынады.Ал, 1649 жылы «Обязанности государей и правительств» және «Иконоборец» деген кітаптар шығарумен шұғылданады. Бұл екі кітап та, 1649 жылға І Карлдың процесі мен корольдің өлім жазасына кесілуін суреттейді.

Сальмаза – Самэза деген профессор Мильтонның әдебиеттегі орнына дақ түсіру үшін «Защита Карла І» деген кітап шығарады. Бірақ, Мильтон да қарап қалмай, оған жауап ретінде «Защита англиского народа «деген трактат жазады. Бұл трактат 5 басылымнан тұрады, 1650 – 51 жылдар аралығын қамтыған. Осыдан соң, 4 жыл өткеннен кейін Мильтон «Вторая защита» деп аталатын трактатын жазды.ХVІІ ғасырдың 50 – ші жылдарының екінші жартысын Мильтон өзінің достары мен шәкірттерінің арасында өткізеді. Оның ол кездегі достары ақын Марвел, доктор Пэджет болатын. Мильтон бұл кезде соқыр болатын. Өзінің бірнеше шәкірттері мен әлгі достары оған көмектесіп отырды. Енді ол сонеттерін достарына арнап жаза бастады. Олар: «Лоуренсу», «первый сонет Скиннеру», «На слепому» және «К моей покойной жене».

Джон Мильтонның ағылшын әдебиетінің әуенін әуелеткен тырнақалды екі поэмасы бар. Бірі – «Потерянный рай», екіншісі – «Возвращенный рай». Бұл екі романда да христиан аңызын баяндайды. Орыстың ұлы сыншысы Белинский: «бұған аса жоғары баға берудің қажеті жоқ» - дейді. Сатананың Исусты өзіне еліктіре алмағаны баяндалған алғашқы романда бунтарлық пафос жетіспейді. Ал, екінші романы оған қарағанда жоғарғы бағаға ие болды.Енді Мильтонның өз халқының мұң – мұқтажын театрда көру мақсатында «Самсон – борец» деген трагедия жазады. Ол бұл трагедияда отандастарының құлдыққа берілмей, бейбіт өмір сүруіне үндейтінін аңғартады. Өз ойын трагедияның бас кейіпкері Самсонның қылықтарымен көрсетеді.Джон Мильтонның бұл трагедиясы ХVІІ ғасырдағы үздік туынды «Потерянный рай» романы сияқты, сол ғасырдың 60 – 70 жылдарындағы алып туындыға айналды. Қорыта айтқанда, Мильтон шығармашылығы да өз елінің игілігі үшін тізгінін тартқандай.

Бақылау сұрақтары:

1. ХҮІІғ француз әдебиетіндегі классицизм басты стильдік бағыты қандай болды?

2. Француз классицизмнің екі кезеңін ата.

3. Француз классицизмі теориясы мен практикасының жалпы европалық маңызы қандай б.лды?

4. Корнель трагедияларында /»Бақ», «Гораций» т.б./ саяси мәселелерді қалай сынға алды?

5. Расин трагедияларындағы /«Андромаха» «Федра» т.б./ драмалық қақтығыстар қалай көрінді?

6.Мольер шығармашылығындағы эстетикалық көзқарастар қандай?

7.ХVІІ ғасырдағы француз әдебиеті қалай дамыды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№10 Лекция

Тақырыбы: ХҮІІІ.ғ. Батыс европалық әдебиет, Ағылшын әдебиеті, Француз әдебиеті. Ағартушылық классицизм. Сентиментализм

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)