АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары. 1.ХҮІІІ.ғ. Батысевропалық әдебиет.Әдебиеттегі ағартушылық бағыт

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХҮІІІ.ғ. Батысевропалық әдебиет.Әдебиеттегі ағартушылық бағыт. Оның эстетикалық мазмұнының негізгі сипаттары. Ағартушылық классицизм.

2.ХҮІІІ.ғ. ағылшын әдебиеті. Даниель Дефо және оның «Робинзон Крузо» атты романы. Джонатан Свифт шығармаларын талдау /Гуливердің саяхаты/ романы.

3.Самюэль Ричардсон – жанұялық-тұрмыстық романның негізін қалаушы. Генри Филдинг – ағылшынның реалистік роман жанрын жасаушы.Тобайас Смоллет және оның романдары.

4.Сентиментализм – ХҮІІІ ғ. батысевропалық әдебиеттегі көркемдік бағыт.Бернс – шотландық ұлы ақын.

5.ХҮІІІғ. француз әдебиеті. Француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы. Монтескье – француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы. Монтескьенің «Римдіктің ұлылығы мен құлдырауы туралы толғаныс» еңбегінінің тарих ғылымының қалыптасуындағы маңызы.

6.Вольтер шығармашылығы. «Генриада» поэмасындағы діншіл төзімділік ағартушылық абсолютизмді насихаттау ойлары. Дени Дидро – өнер теоретигі. Жан-Жак Руссо шығармашылығы.Бомаше драматургиясындағы демократиялық және реалистік бағыттар

Даниэль Дефо (1661-1731.) Лондон қаласында сатушы Джемс Фоның жанұясында дүниеге келген. Әкесі бір фабрикада ет сатушы болып жүмыс істейді. Уақыт өте келе Даниэль өзінің Фо деген фамилиясын Дефо деп өзгертеді. Өсе келе әкесі оны диссиденттік мектепке священник етіп даярлауға береді. Ол кезде ағылшындық мешіт сатушылар үшін жамандықтан қорғап түратын түсінік ретінде қабылдаған. Ол келешекте священник болып өмір сүруден бас тартып, сатушылық жұмыспен айналысады. Ол өзінің өмірінің көп бөлігін коммерсанттық жұмыспен өткізеді. Ол мата және вино сатумен шұғылданады. Осы жұмыспен айналысып жүріп бір заводты жеке меншікке сатып алады. Осы салада ол көптеген жоспарлар құрып, көптеген кәсіпорындар ашады. Ол сату жұмысымен айналысып жүріп Европаның барлық қалаларында, әсіресе Испания мен Португалияда көп саяхат жасайды. Осы жұмысты істеп жүріп, саясатқа да араласады. Дефо 1668ж революцияға да өзінің үлесін қосады. Сол кезде ол Вильгельмнің армиясының қатарында болатын. Одан кейінгі жылдары буржуазиялық партияның құрамына кіріп, Вильгельм 3-ші органскийді қолдайтын барлық ісшараларға қатысады. Ол өз елінің сыртқы саясатын қорғауғада күш салады. Осы кезде ол өзінің 1701ж дворяндық-ағылшындықтардың партиясына қарсы „Тазақанды ағылшын,, деп аталатын памфлетін жазып шығарады. Вильгельм -Зтаза голландық болғандықтан ағылшын елін басқаруға ағылшын халқының біразы қарсы болады. Сондықтан, бұл шығармасы Вильгельм 3-ті қорғау мақсатында жазылған. Бұл памфлет антифеодалдық сипатқа ие болады. Дефо Вильгельм 3-ті қорғау мақсатында көптеген памфлеттер жазып шығарады. Осыдан кейін Вильгельм -3 Дефоны өзінің қарамағына алады. 1702ж Вильгельм -3 өлгеннен кейін Дефоның бұл корольге артқан үмітінің барлығы жойылады. Осыдан кейін, Притворные плакалыцики„ деген атпен памфлет жазады. Вильгельм-3 өлгеннен кейін ағылшын елін королева Анна басқарады. Жаңадан келген ел басшы пуритандық партиялардың болуына қарсы еді. Соның бұйыруымен 1710ж парламентте үлкен өзгеріс болды. Сол кезде көптеген діндік партиялар пайда бола бастады.Осыдан кейін пуритандық партиялар жойыла бастағандықтан Дефо өзін жалғыз қалғандай сезіне бастады. Осы кезде ол ойламаған жерден пуритандық партияларды қарғау ісіне кірісті. 1702ж сахнаға өзінің сатирикаға жақындау келетін әдебиеттік шығармасымен шығады. Даниэль Дефо өз өмірінде сатумен, саясатпен және жазушылықпен айналысқан. Дефо ағылшын үкіметіне қарсы көптеген памфлеттер жазғаны үшін, ПОЗжылдың қаңтар айында қамауға алынсын деген үкім қабылданады. Бірақ Дефо полициялардан қашып, тығылады. Осы кезде „Лондон газетінде,, Дефоны тапқан адамға 50 фунт стерлинг көлемінде сый ақы берілетінін жариялайды. Дефоның келбеті: орта бойлы, қара торы, арықтау келген, шашының түсі қаралау, көзі сүрлау, бетінде үлкен қалы бар, жасы 40-тар шамасында деп іздеу салынады. Дефо үсталып, Ньюгеттік түрмеге қамауға алынады да оның памфлеттері орталық алаңда өртелініп жіберіледі. Оған берілген жаза басқа адамдардың жазасынан ерекшелеу болады. Ол үлкен көлемде штраф төлеп, королева Анна босатпағанға дейін түрмеде қамауда жату керек деген үкім беріледі. Дефо өзіне берілген жазаны ерлікпен қабылдайды. Ол қамауға алынардың алдын да 1703 жылы "Гимн позорному столбу" деп аталатын шығарма жазған еді. Бұл шығармасында ол өзінің королеваға қарсы шыққанына және көптеген памфлеттер жазғанына өкінбейтінін айтқан болатын. Бұл гимн ағылшын халқының барлығынада тарап үлгерген еді. Дефоның бүл шығармасы жетістікке жеткен шығармаларының бірі. Осы жылдың соңына қарай премьер-министр Роберт Гарлидің жасырын қабылданған шешімі бойынша Дефо қамаудан босатылады. Дефо осыдан кейінгі өмірінде саясатқа араласпады.Дефо осындай қиыншылықтардан кейін жазулыққа бет бұра бастады. Ол жанрдың бірнеше түрінде көптеген шығармалар жаза бастады. Дефо бірнеше шумақтардан тұратын өлеңдерден бастап, көптеген памфлеттер мен романдар жазды. Оның барлық шығармаларын қосқанда 250-ден асады. 1703ж-дан кейінде көптеген очерктер мен мақалалар жазған.Оның шығармаларының біразы тарихи және этнографиялық тақырыпта жазылған болса, енді біразы сату жұмысын ұлғайтуға арналған еңбектер. Оның "Жалпы тарихи сату және британдық коммерция" 1713 жылы, "Жалпы коммерцияның ашылу тарихы"1725жылы, "Ұлыбританияға жасаған саяхат" 1727жылы жазған т.б.көптеген шығармалары бар. Дефо өзінің кейбір Даниэль Дефоны Англияның журналистикасының негізін қалаушы деп те санауға болады. Ол 1705-1713 ж аралығында "Француз халқының жағдайы жайлы мағлұмат" деп аталатын газет шығарады. Бұл газетте бүкіл европалық елдердің саясаты мен Англияның ішкі жағдайы туралы көптеген мақалалар жарияланады. Мақалаларда халықаралық саясат кеңінен талқыланады.

Сонымен бірге бұл газетте сатиралық мақалалар жазылады. Онда күйеуіне адал емес әйелдер мен алданып қалған еркектер туралы, пара алып үкімді дұрыс шығармайтын соттар жайлы, журналистердің сатылуы және т.б. көптеген мақалалар жазып, сол елдің атақты деген адамдарын әшкерелегені үшін бұл газет оқырмандардың сұранысына көптеп ие болды. Дефо басқарған бұл газет аптасына екі рет шығып тұрды. Бұл газетті сегіз жыл бойы жалғыз басқару Дефо үшін оңай болмады. Көптеген жылдар бойы бұл газетті жалғыз басқарған Дефо газетте жұмыс істеуін тоқтатады. Осыдан кейін ол көптеген үлкен көркем шығармалар жазуға кірісті. Даниэль Дефоның атын бүкіл әлемге әйгілі еткен романы "Робинзон Крузоның өмірі мен басынан өткен қызықтары" деген туындысы. Бұл романды ол 1719жылы 58-жасында жазады. Көп уақыт өтпей бұл романның екінші және үшінші бөлімдері де жазылып шығады. Осыдан кейін де оның көптеген романдары "Әйгілі капитан Сингльтонның өмірі мен басынан кешкен қызықтары" 1720 ж, "Мемуры кавалера" 1720 ж, "Записки чумного года" 1721 ж, "Әйгілі Моль Флендерстің қуанышы мен қайғысы" 1721 ж т.б. баспа бетіне шығады. Оның барлық романдары сол кезде өмір сүрген адамдардың өмірінен алынған автобиография ретінде жазылған. Ол өзінің шығармаларындағы басты кейіпкерлерінің өмірін дүниге келуінен бастап суреттеп, дүниеден өткенге дейінгі өміріндегі тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі. Дефо шығармаларындағы басты кейіпкерлердің барлығы дерлік өмір сүруге қүштар, күш-қуаты көп адамдар бейнесінде кездеседі. Дефоның шығармасындағы капитан Сингльтон - пират, Молль Флендерс - полковник, Жак - ұрлықшы, Роксана - авантюристка және куртизанка. Осыған қарамастан оның кейіпкерлерінің барлығы бұл өмірде өз орындарын тауып, жақсы жақтарын көсете бастайды. Дефо испан тілін жақсы білгендіктен ол испанның плутондық романның кейбір эпизодтарын өз шығармасына қосып отырған. Бірақ Дефоның романдары испанның плутондық романына қарағанда мазмұны терең, әрі мазмұнды болып келеді. Ол өзінің романдарында байларға қарсы шығып, кедейлерді жақтайды. Осының куәсі ретінде 1698ж жазылған "Кедейлердің шағымы" деп аталатын памфлетінде "ағылшындардың шығарған заңы тек кедейлерге ғана әсер етіп, ауырлығын түсіреді" деп жазған.Дефоның өміріндегі ең маңызды шығармасы және алғашқы ағылшындық шыншыл романы "Робинзон Крузоның өмірі мен басынан өткен қызықтары" деп аталатын бұл туындысы 1719 жылы жазылған еді. Бұл романның сюжеті ағылшындықтардың саяхат жасуына және географиялық орындардың ашылуна негізделген. Дефоның уақытында өмір сүрген адамдар үшін сол кезде шыққан романдардың барлығы тек шындықпен жанасуы қажет болатын. Ол осы шарттардың барлығын орындай отырып, осы романды жазып шығарады. Бұл роман оқырмандардың көңілінен шығып, барлығы қызыға оқиды. Дефоның жазған бұл романын дәл қазіргі кезде документальдық прозаға жатқызар едік. Бұл романның бастамасы ретінде шотландық матрос Александр Селкирканың төрт жыл бойы, яғни 1704-1708жылдар аралығында необитаемый островта өмір сүруін алады. Шотландық матрос Александр Селкирканың бүл өмірі жайлы Вудз Роджерс және әдебиетші Ричард Стил өз шығармаларында жазған. Бүл оқиға Дефоның шығармасының кішкентай ғана бір бөлігі болып табылады. Робинзон Крузо туралы жазылған бүл роман керемет жетістікке жетеді. Дефо бұл романды жазып біткенше өзінің барлық энергиясын, өмірге, адамдарға деген қызығушылығын жоғалтпай жазып шығады. Бұл роман жазылып біткеннен кейін өте тез сатылып кетті және үлкен сұранысқа ие болды. Дефоның бұл туындысы сол кездегі европалық тілдердің барлығына аударылды. Орыс тіліндегі аудармасы 1762 жылы баспа бетіне басылып шығарылады. Осы кезде Дефоны көре алмаушылар көбейе бастайды. Соның салдарынан көре алмаушылар Дефо бүл кітапты шығарғанға дейін, осы романның қысқартылған түрін сапасы төмен, арзан қағаз бетіне басып шығарады. Сол кезде Дефоға көре алмаушылардың бірі осы романның жалғасын жазып шығарып, үлкен жетістікке жетуі мүмкін деген ой келіп, қауіп төнеді. Осындай ойдан қорыққан Дефо дәл осы жылы бүл романның екінші бөлімін жазып шығарады. Ал осы романның үшінші бөлімі 1920жылы "Робинзон Крузоның терең ойлануы" деген атпен баспа бетіне шығады. Романның екінші бөлімінде Робинзонның Қытай мен Сібірге жасаған саяхаты жайлы айтылады. Бұл кітаптың екінші бөлімі бірінші бөлімімен бірдей сұранысқа ие болып, көптеген оқырман қауымның көңілінен шығады. Романның үшінші бөлімі көпшіліктің көңілінен шыға алмады, керісінше талқылауға салынды. Бұлай болу себебі кітаптың үшінші бөлімінде тек сауда-саттық жайы сөз болып, ешқандай мазмұнға ие бола алмады. Оқырмандар бұл романға қызығушылық таныта бастағанда, Даниэль Дефоның қас-жауы Чарлз Гильдон "Даниэль Дефоның өмірі мен басынан өткен ерекше қызық оқиғалары" деп аталатын памфлет жазып шығарады. Бұл памфлетте Дефоны Солтүстік және Оңтүстік Үлыбританияның королевствасында 50-жылдан астам уақыт бойына жалғыз өмір сүрген, Лондоннан шыққан сатушы ретінде бейнелейді. Чарлз Гильдонның бүл памфлетті жазып шығаруындағы мақсаты Даниэль Дефоның шығармашылық кезеңін тоқтатып, жазған бүл кітабын елеусіз қалдыру еді. Дефо 1720жылы бүл романның біршама шындыққа жақын екенін мойындап, бір адамның жиырма сегіз жыл бойы жаны жалғыздықта өмір сүргенін айтып, шындықты жайып салады. Бүл шындықты ол кітаптың үшінші бөлімінде жазғанын айтады және ол адам өзі екенін де мойындайды. Осыдан кейін көптеген жазушылар Робинзон мен Дефоның өміріндегі үқсастықтар мен ерекшеліктерді іздей бастайды. Робинзонның басынан өткен қызықтары мен Дефоның өмірін дәлме-дәл салыстыруға болмайды. Бүл кітап Дефо үшін үлкен бір қуанышты, әрі қайғылы туынды болып есептелінді. Ол бүл шығарманы өзінің өмірімен байланыстыра отырып жазған. Ол бір елде өте көп адамдардың ішінде өмір сүргенімен, оның жаны жалғыз екені туралы айтылады. Дефо өзін необытаемый (қолжетпес) островта жүрген сияқты сезінгенін айтады. Жазушы өзінің барлық ойын, көңіл-күйін Робинзонға аударады.Робинзон бұл романда өмірге сенетін, барлық қиыншылықтарды жеңе алатын, батыл, өзінің күші мен ақылына сенетін, еңбекқор адам ретінде бейнеленеді. Дефо бүл образды өте сеніді, әрі өте әдемі етіп жасайды. Ол Робинзонның басынан өткен қызықтары мен қиыншылықтарын жалпы айтып қана қоймайды, сонымен қатар ол Робинзонның күнделікті өмірін, басына түскен әрбір қиыншылықтарды жеңуін, кейде жеңілуін де өте анық сипаттайды. Оның басынан өткен қиыншылықтарын, әсіресе, үйінің жартысын су алып кеткенін, алғашқы еккен егінінің жеміс бермей қалуын, сол кезде қатты суық тиіп ауырып қалуын, өз еліне, яғни адамдардың арасына қайтатын кемелердің ешқайсысы оны көрмей қалуы сияқты әрбір сәтті дәл, нақты баяндайды. Бұл шығарманың негізгі мазмұны адамдарды күшті болуға, ешқандай қиыншылыққа бой бермеуіне, батыл, әрі ақылды болуға шақырады. Бұл романда Робинзонның өзінің өміріне қанша қиыншылықтар туса да, біреулерді құтқаруға ұмтылып жүретіні анық жазылған. Мысалы алар босақ, ол испандық корабльдің капитаны Пятницаны да құтқары қалады. Бұл істің соңы үлкен достыққа айналады. Осы достықтың арқасында ол өз еліне көптеген жылдардан кейін оралады. Робинзонның бейнесі әлемдік әдебиеттен орын алады. Ол Дон Кихот, Фауст, Гамлет, Гулливер сияқты өмірлік адамның серігіне айналады. Жас өспірімдерге арналған барлық кітапханаларда Дефоның кітаптары, әсіресе Робинзон Крузоның өмірі жайлы роман міндетті түрде болуы керек. Жан-Жак Руссо "Дефоның барлық шығармалары жасөспірімдерге өзінің билігін жүргізе алады" деген пікір айтады. Романдағы Робинзонның еңбекқорлығының өзі қызығушылық танытатыны рас. Робинзонның еңбекқорлығы әрбір адамға белгілі бір мөлшерде пайда келтіретіні анық. Робинзонның жалғыз өзі островта қалып, үңгірден үй соғуы, ағаштардан ыдыстар жасауы, өз қолымен үн дайындап, нан пісіруі, жабайы аңдарды қолға үйретуі, бәрі-бәрі балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Бүл роман өте жеңіл тілмен жазылған, сондықтан кішкентай балалар өте қызығып оқып, тез түсінеді. Дефо осы кітап арқылы енді өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді еңбек етуге және айналасындағы адамдарды сыйлауға үйретіп, тәрбиелейді. Дефоның жастарды тәрбиелеудегі бүл әдісін Жан-Жак Руссо өзінің 1762ж шыққан "Эмиль" деген романында пайдаланған. Ал, Энгельс Робинзонды 18 ғасырдың таза ағылшындық бржуазына теңейді. Себебі: "Робинзон тірі өсіп түрған ағаштарға материал, яғни үй салу үшін керек болатын қүрал-жабдық ретінде және қүстар мен аңдарды тамақ ретінде ғана пайдаланады, бүның барлығы табиғатқа жататынын естен астрономиялық қүрылғылары, қағаз-қаламы, өзінің дініне негізделіп жазылған кітабы(библиосы) болады. Бұл заттардың барлығынмиллиондаған адамдар және осы адамдардың қолынан жасалынған заттар болмағанда, Робинзон бұл саяхатқа шықпаста еді, шыққан күнде де тірі қалуы екі талай болатын"-деп К. Маркс өз жорамалын жасайды. Бұл "Робинзон Крузо" романы ең алғашқы ағылшындық-шыншыл романдардың бірі болып саналады. Дефо бұл романда Робинзонның өзінің достарына істеген әрбір жақсылықтарын, қақтығыс-соғыстарда әрбір қас-жауының өлімін анық суреттеп отырған. Еткен еңбегінің жемісі қандай болғанын да анық көрсете білді. Ол жақсы адам болғандықтан болар, оның әрбір ісі жеңіспен аяқталып отырған. Оның әрбір ойлаған ойы, өзінің істеген ісі сияқты дәл, нақты болған.Романның басқа романдардан ерекшелігі бұл шығарма нақты, түсінікті, әрі жеңіл тілмен жазылған. Сол кездегі көптеген жастарға бұл романның авторы да Робинзон Крузо болып көрінген. Дефоның кіттаптарын көптеген әлемге әйгілі, атақты педагогтар пайдаланған. Соның қатарында неміс педагогы Иоахим Генрих Кампе де пайдаланған. Ол 1779жылы "Жаңа Робинзон" деген кітап жазып шығарады. Бұл кітаптың орыс тіліндегі аудармасы 1781жылы шығады. Бұл кітаптың әлемге әйгілі болғаны соншалықты бұл романды әр елдің жазушылары әртүрлі атпен қайта өзгертіп жазып шығара бастады. Мысалы алар болсақ, Жюль Верн"Таинственный остров", Киплинг"Маугли", Берроуз"Тарзан'\ соңғы уақытта-Голдинг "Повелитель мух" деген тақырыптармен кішкентай әрі жаңа Робинзондардың бейнесін құрастырып шығарды. Бұл туынды буржуаздық экономикалық-саясаткелердің де көңілін өзіне аударды. Солардың бірі Адам Смит пен Дэвид Рикардо да бұл романның шығу тарихына үңіліп, зерттеген. Дефоның "Робинзон Крузоның өмірі мен басынан өткен қызықтары" атты романы, яғни 3-бөлімнен тұратын кітап дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына кіреді. Шыншыл жазушының бүл шығармасы әрқашанда әдебиеттің төрінен орын алады. Дефоның өзінің жазған басқада шығармалары, яғни "Молль Флендерс", "Капитан Сингльтон", "Полковник Джек" сияқты туындылары кішкентай робинзонадтар болып табылады. "Көпшіліктің ішінде жүрседе, адамның жаны жалғыз болса, онда ол адам өзін жалғыз қалғандай сезінеді"-дейді Дефо. Ол өзінің жазған шығармаларында адамның табиғатпен және көпшілікпен қарым-қатынасын бейнелейді. "Бүл өмірге сәби болып келу бір басқа да, арықарай өмір сүру бір басқа нәрсе. Сондықтан адам болып өмірге келгеннен соң барлық қиыншылықтарды жеңе білу керек, күресе білу керек" - Дефоның нақыл сөздері бар. Оның романдарындағы басты кейіпкерлердің барлығы қиын өмірді көрген, сондықтан да үры-қарақшы болып, кейіннен жаман қылықтарын тастап, жақсы адамға айналады.Дефоның психологиялық шеберлігі көптеген үлкен романдар жазуға алып келген. Мүндай романдарды аса шеберлікпен жазудың өзі көркем өнердің бір түрі. Дефоның өзі өлсе де, аты өлмейтіндей етіп, өзінің артында керемет туындылар қалдырған. Бүл шығармалардың кейінгі жастарға берер тәрбиелік мәні өте жоғары.

Жан-Жак Руссоның Женевада 1712 жылы дүниеге келген. Ата-анасынан ерте ажырап қалған Руссо апайларының қолында тәрбие алды. Жастайынан жетім қалуы, кедейленген ұсақ буржуазиялық текке жатуы, басынан өткерген қиыншылықтары оның әлеуметтік әділетсіздікке деген көзқарасын ұшықтыра түсті. Қаражаттың жетіспеу, мектепті бітіруге мүмкіндігі болмағандықтан, қолөнер кәсібіне үйрену үшін Руссоны жақындары қолөнершіге оқуға береді. Бірақ қатал қожайынның оны үйреткеннен гөрі қорлағаны көп болғандықтан, Руссо 1728 жылы Женева қаласын тастап, Савойл княздігіне өтеді. Бұл жерде Варенн ханымның үйінен пана тапқанша көптеген келіспеушілік пен қорлауды басынан кешеді. Варенн ханымның үйі көптеген атақты, оқымысты адамдардың ордасы іспетті еді. Ал Руссо үшін осында өткерген бірнеше жылы нағыз университет болды. Ол осы уақытта бар күш-жігерін өз бетімен білім алуға жұмсады. Руссоның еңбекқорлығы, білім құмарлығы және талабы қысқа уақыттың ішінде оның қолын көп нәтижелерге жеткізді. Варенн ханымнан кейін ол Лионға тұрақтап, музыкадан сабақ берді, одан Париж қаласына келді. 1745 жылы Руссо атақты ағартушылармен араласа бастады. 1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен өнердің дамуы адамдарды бақытты ете алды ма?» - деген тақырыпта байқау жариялады. Оған Руссо да қатысып, бірнеше тың пікірлер ұсынды. Ол «Ғылым мен өнер қаншалықты жетістікке жетсе, біздің жанымыз соншалықты азғындыққа ұшырайды», деген өз ойын батыл айта білді. Руссоның осы еңбегі Дижон академиясының бірінші сыйлығын жеңіп алды.1753 жылы аталған академия «Қоғамдағы теңсіздік салалары туралы» деген тақырып бойынша тағы да бәйге жариялайды. Руссо өз ойын «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы және оның негізгі туралы» деген еңбегі арқылы білдірді. Бұл оның саяси көзқарастарының негізі болды.

1762 жылы Руссоның маңызды еңбектерінің бірі «Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық негіздері туралы трактаты» басылып шықты. Теңсіздік пайда болуы және негізгі туралы ойларында оның философиялық ілімінің сындарлы қырлары қамтылады. Онда теңсіздік пен зомбылықтың жуу себептеріне түсінік берді. Келісімді талап ететін тек бір-ақ заң бар, ол – Қоғамдық келісім-шарт, өйткені азаматтық ассоциация дегеніміз әлемдегі ең ерікті акт деп тұжырымдады Руссо. Мемлекеттік шексіз билік әрекетке ғана емес, ол азаматтардың түсінігіне де ықпал етеді. Діннің мәні және оның мемлекеттегі орнын анықтау кезінде де Руссо осы ой – пікірлеріне сүйенді. Руссо көптеген энциклопедистерге қарағанда әлдеқайда діндарлық сезім иесі болатын. Руссо Иисустың жерде рухани патшалық орнатуға ұмытыла отырып, дін ілімі жүйесін саясаттан бөлу нәтижесінде мемлекеттік бірліктің жойылуына әкеп соқтырды деп кінәлады. Христиандық – деп жазды Руссо – тек құлдықпен тәуелсіздікті насихаттайды. Оның тухы зорлық-зомбылық үшін өте пайдалы.1762 жылы Руссо тағы бір әйгілі шығармасы, тәрбие туралы трактаты «эмильді» жариялайды. Бұл шығармасында ол табиғатқа жақындауды, кемелінде жетпеген қоғам тудырған ескішілдіктен арылуда насихаттады. Руссоның 1762 жылғы батыл шығармалары және олардың христиандыққа қарсы бағытта өрбуі қоғам жағынан ресми тойтарысқа ұшырады. «Эмильге» тыйым салынып, тиражы тәркіленіп, Париждің әділеттілік сарайының басқышында өртелді. Сот Руссоның Парижге келуін талап етті, бірақ ол өзінің қауіп-қатерге ұшырамауын дұрыс көрді де Женеваға қашып кетті. Содан Руссо Францияға тек 1767 жылы ғана оралды. Руссо 1778 жылы өзінің Эрменавиладағы меншігінде дүниеден өтті және өзінің өтініші бойынша терентер Аралындағы саяжайда жерленеді. 1794 жылы Якоб диктатурасы кезінде оның сүйегі Париждің Бантеонға салтанатты түрде көшірілді.

Дени Дидро (1713-1784) ұлы философ, жазушы полиглотшы және таратушы (идеолог) ұйымдастырушы болды. Өзін жан-жақты шығармашылығында философиялық әлеуметтік-саяси эстетикалық проблемаларды зерттеген. Дидроның практикалық басты жұмысы «Энциклопедия немесе түсіндірмелі сөздік өнер және қолөнер ғылымы». 1751 жылдан бастап 1780 жылға дейін 35 томнан тұратын кітабы шықты. 11 сұраулық том, карталар, схемалар, кестелер, суреттер жән 8 том көрсеткіштер бар.

Дидро бұл баспасының ғылыми маңызы беделді болуы үшін көрнекті философтардың, оқымыстылардың жан-жақты білімді мамандар, жазушылар, суретшілер, әншілерді өзінің дәуіріндегілерді тартты. «Энциклопедия» ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы бүкіл адамзаттың бойына жинағанын мәлімдеді. Екінші «Энциклопедия» адам Жан Мерон Д.Алембер болды. Ол атақты философ, математик, теоретик, механик болған. Онда Вольтер, Русско Монтеськенің мақалалары жазылды. «Энциклопедия» францияның ағарту кезеңінде революцияға дайындық болды. Бұған түрткі болған қоғамдық саяси кезең болды. Оның басты мақсаты ғылымды, философияны өнер және әдебиетті «ескі тәртіпке» қарсы күресу болды. Дидро ұрпаққа мұра – философиялық, саяси, эстетикалық көркем еңбектер қалдырды. Бұлардың ішінен философиялық еңбегі «Письмо о слепых назидание зрячим» және диалог. «Сон Д.Алемберг», «Монахиня» романы өте терең психологияға құрылған. Кейіпкердің ішкі жан күйзелістері, қарама-қайшылықтары ашық соғысқа өтеді. Бұдан басқа бұл публицистикалық шығарма өзінің және қоғамдағы адам құқықтарын көрсетеді.

«Племянник Рамо» диалог формасында жазған. Дидро және басқа Франция жазушылары тез-тез диалогқа бет бұрысты. Ол философиялық және ғылыми идеяларды атақты етіп қоймай, диалогты әлемді диалектикалық етіп көрсетті. Бұл жерде басты кейіпкер – атрихи тұлға Жан Франсуа Рамо, атақты композитор Жана Филиппа Рамоның жиені.

«Жак фаталист» романында Дидро дәстүрлі салттарды алдыңғы кезеңдерді сынайды. Стернның көзқарасы астында жаңашыл шығармалар жазды. Дидроның жан-жақты шығармашылық өмірі және философиялық өткір идеялары «Энциклопедия» баспасында оны тек қана Франция емес әлем мәдениеті жоғары бағалады.

Пьера Огюстена Карона де Бомарше, оның шығармашылық өмірін ерлік деп бағалауға болады. Бомаршенің мақсаты әлеуметтік өмірге қарсы күрес жүргізу болды. Ол қолөнершінің баласы еді, (сағат жөндейтін) ол осыдан өз жұмысын бастады, оның механикадан хабары күшті екенін біліп, патшалықтан сағатшы деген кәсіпке ие болды. Ол өзінің бірінші алғысын ести сала, сол кездегі тәртіпке қарсы шықты. Оған бұйыратындар патшаның отбасы, байлар, ақшасы көп байлар. Бомарше жайлап биіктен көріне бастайды және ол атаққа ие болады. Ол банктің, коммерциялық операцияға араласады. Бомаршенің жұлдызы оңынан туды. 1764 жылы Бомарше бірінші рет шетелге сапарға шықты. Испанияға, француз өкіметінің саяси-экономикалық жағдайлармен байланысты жұмысты орындауға: 70 жылдары ол бірнеше рет Англияға, Голландияға, Автрияда болды. Оның іс сапарының мақсаты әртүрлі дипломаттық жұмыстарды атқару еді. Ол француз өкіметінен метрополияға қарсы күреске Солтүстік Америкаға жәрдем беруін сұранады. Дипломаттық шеберлігінің арқасында, Бомарше американдық ізқуарлармен астыртын тіл біріктіріп, Франция және Америкамен келісім шарт жасап қару-жарақпен қамтамасыз етеді. 1773-1778 жылдары Бомарше өзінің ұзаққа созылған мұрагерлік келіспеушілігінен сот процесін қарсыласы де Лаблашемге бастайды. Бұл келіспеушілікте Бомаршенің ұтып шығуы, патша өкіметіне қарсы күрес туғызды. Бомарше соттағы жұмысын көпшілікте аян етеді. Бұдан басқа 1977 жылы Бомарше сол кездегі драматургтер қауымына, кітап шығаратындарға, актерлерге, авторлық құқығына ие болуына өз үлесін қосып және оны қолдайды. Ол бар күш-жігерін жұмсап, жағдай жасап, Вольтердің тыйым салынған (1-2 кітап) шығармаларының шығуына жәрдем берді. 1783-90ж Вольтердің 70-92 томдық шығармалары шынымен жарыққа шықты. Бомарше шын мәнінде жаңалықтар айналысады, оның бірінші мәселесі адамзатқа қауіп-қатер төнуі. Ол жай адамдардың түсінбеушілігі халыққа қауіп төндіреді. Бомарше революция кезінде өзінің күш-жігерін, қайраттылығын көрсетті. Ол жауынгерлерді қару-жарақпен қамтамасыз етті. 1792 ж Бомарше қолға түсті, бірақ ол өлім жазасынан құтылады, ол жер аударылады. 1793ж ол өз отанына ақталып оралады.

Якобин диктатурасы дисектория уақытында ол жоғары даңты атаққа ие болды. Бомаршенің шығармашылық өнері әдебиетпен тығыз байланысты. Бомарше өзінің шығармашылығында абсолюттік монархияның кемістіктерін қаралайды «парадағы» кейіпкерлер үлкен атақ алып келеді.

Бомарше драматургиялық шығармаларда көпестерден бастайды. Бірінші «Евгенин» (1767) шығармасында бір бай бейкүнә бір қыздың намысына тиеді, ол осы шығармасының арқасында драматургияға деген тәжірибесін арттырады. Ол Афинадағы, Ежелгі Римдегі болып өткен оқиғаларға қарсы. Өйткені ол қазіргі заманға сай емес, ол көрермендерге қызық емес деп ойлайды. Спектакль көргенде көрермендердің осындай жағдайларды өз бастарына келмеуін, бас кейіпкердің орнына өздерін қойып көруін және қайғысына көңіл бөлуін қалайды. Бомарше 1770 жылы бір «көпес драмасын» «Екі дос немесе Лион көпесі» туралы жазды. Драмада екі достың бір-біріне деген достығы, шын пейілі, бір туысының өліміне әкеп тіреледі. Пьесаның композициялық шындығын бас кейіпкерлер көрсете алмады. Бомарше өзі түсінді, драматургия өз саласы емес екенін, ол комедияға көңіл бөлді. «Севильский цирюльник» (1775) бірінші «парад» формасында, одан кейін саяси операға содансоң барып комедия жанрына айналып көрермендердің алғысына ие болды. Бомаршенің басты мақсаты үшінші топтағы адамдар деп көрсету.

«Женитьба Фигаро» шытырман оқиғалы комедия. Бұл музыкалы пьеса. Мұнда Францияның бет-пердесін анық және детальды суреттеп көрсетті; махаббат тарихы пьесада трагедияға айналған. Әлеуметтік сатира Францияның сахнасында теңдесі жоқ. «Севильский Цирюльник» пен «Женитьба Фигаро» ХҮІІІғ Франция театрының шарықтауы мен өрістеуіне үлес қосты. Бұл комедиялар әрқашан тірі және актуальды. Қазіргі кезде де театр сахналарынан түспейді. Бомарше шығармалары Россияда да жоғары бағаланды. А.С.Пушкин 1834 жылы «Бомарше бізді сахнаға алып келеді, киімімізді шешеді және барлық жерімізді тітіркендіреді» деді.

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, оның эстетикалық мазмұнының негізгі сипаттары қандай болды?

2.Ағартушылық эстетиканың басты принциптері қандай болды?

3.Даниель Дефо және оның «Робинзон Крузо» атты романының сюжеттік желісі және кейіпкерлер іс-әрекетіне баға бер.

4.Джонатан Свифттің «Гуливердің саяхаты» романындағы оқиғалар желісіне анализ жаса.

5.Самюэль Ричардсон, Генри Филдинг, Тобайас Смоллет және олардың шығармаларының әдебиет дамуындағы маңызы маңызы қандай?

6.Сентиментализм бағытының ерекшеліктерін айқында.

7.Бернс лирикасындағы басты идея не болды?

8.ХҮІІІғ. француз әдебиетінің даму бағыты қандай болды?

9.Француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы қандай болды?

10.Монтескье шығармашылығының француз әдебиетіне тигізген әсері қандай болды?

11.Монтескьенің «Римдіктің ұлылығы мен құлдырауы туралы толғаныс» еңбегінінің тарих ғылымының қалыптасуындағы маңызы қандай болды?

12.Вольтер шығармашылығы. «Генриада» поэмасындағы діншіл төзімділік ағартушылық абсолютизмді насихаттау ойлары неден туындады?

13.Дени Дидро шығармашылығының әдебиет дамуына әсері қандай болды?

14.Жан-Жак Руссоның әлемдік мемуарлық әдебиеттегі орны қандай?

15.Жан-Жак Руссоның «Жаңа Элоиза» және сенитманталдық роман жанрының дамуына қандай әсері болды?

16.Бомаше драматургиясындағы демократиялық және реалистік бағыттар қандай болды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№11 Лекция

Тақырыбы: ХҮІІІғ Итальян әдебиеті, АҚШ әдебиеті, Неміс әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)