АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті.

2.ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті.

3.Батыс Европалық шетел әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуы, романтизм. Германиядағы романтизм. Гофман романтизмі. Гофман романтизмінің өзіндік ерекшелігі.

4.ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті,романтизмнің Батыс Европалық әдебиетінде ХІХғ басында пайда болуы, Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері,Англиядағы романтизм, Д.Г.Н. Байрон шығармашылығы.

5.Байронның лирикалық кейіпкер арқылы озбыр билеушілердің бейнесін әшкерелеуі, П.Б. Шелли және әдебиет.

6. В. Скоттың ағылшын романтикалық әдебиеттегі орны. Вальтер Скотт өмірі мен шығармашылығы, В. Скотт шығармаларының шотландық халық әдебиеті дәстүрімен байланысты. А. Дюма шығармашылығындағы тарихи-шытырман оқиғалы романдар, В. Гюго францияның ұлттық ұлы ақыны «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері.

7. Верн Жюль – француз әдебиетінде ғылыми фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы.

Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алды. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңінде басынан кешірді. Романтизм XVIII ғ соңы мен XIX алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде, әдебиетте, тарих ғылымдарында, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараған идеялық бағыт. Ұлы Француз революциясынан қанаттанып шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте тұсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды.Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты.Оларды жақындастарған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күнгіртігі және т.б.
Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жұзеге асыру. Нақты өмір мен қиялдағы өмірды салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұндай көнілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» ұш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көніл- кұй кұйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі.Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым аул адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын көтеретін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Екінші бағыт,өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниеі қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерже романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасыр кезеңін, оның өмір салты мен салт дәстұрлерін(В.Скоттың рыцарлық романдары), шаруалардың патриархалдық тұрмыс - тіршілігін (Жорж Санд, Кольридж) және т.б. Өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқау етті. Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан- дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама- қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т.Жерико мен Э.Делакруа портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сұйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағнасы бар деген қорытынды жасауға болады.Олар: «романтикалық тарихылық» және «индивидуалистік субъективизм».Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жұректің ұні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъективизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән- мағнасы – жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден тұнілышілік сезімінің пайда болуы. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы кұрескер- энтузиастар болды. Ең бастысы олар – халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Гофман творчествосы. Кәсіби музыкант Эрнст Теодор Амадей Гофман неміс әдебиетінде жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол- керемет суретші,кескемдемеші,безендіруші, композитор. Оның тырнақалды тұңғыш әдеби шығармасы «Глюк мырза» новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. Оны кеңінен танытқан – 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған «Калло мәнеріндегі қиялдары» жинағы болды. Осы атаған «қиялдарына» ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылақтарын суреттегені көрінеді.Ағылшын романтизміндегі қарама қарсылық Баронның «Шығыс поэмаларының» кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ, неміс романтиктері тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, өзбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудырүға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздірінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды
.Неміс романтзміндегі Гофманның рөлі жиынгық сипатта, ол екі мектептік (иендік және гейдельбергтік) тәжрибесін қабат қамтығысы келеді. Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі – образды қарама- қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка- өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Гофман Крейслердің бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшылығын, өте терең сезінеді. Өйткені музакамен суарылған деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірмелейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, оның келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И. Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар. Гофман үйлесімсіздіктің жаршысы болды. Гофманның жағымды кейіпкерлері- суретшілер, ынталылар немесе студентер: «Алтын ұұмырадағы»- Ансельм, «Ергежейлі Цахесте»-Бальтазар, «Құм адамындағы»- Натанаэль және т.б., ал олардың жалғасы сиқыршылар болып келеді: «Алтын құмырдағы» Линдгорст, «Ергежейлі Цахестегі» Прспер Альпанус,т.б. Гофманның тәрбие мәселесіне деген ынтасы, байыпты, байсалды бұл бағытты, кәзіргі көзқараспен қарағанда да тұрақты болып саналады. Бұл жастық шалалығы араласқан даналық. Гофманның аты көпке дейін ең алдымен белгілі «қосәлемдік» принципімен (өнердің мәңгілік мәселесін романтикалық тұрғыдан суреттеу, шындық пен идеал арасындағы тартыс) байланыстырылып келді.Шындық мөлдір болғанымен ұсақ әрі жұпыны, бұл- «міндетті емес»(экзистенциализм түсінігі бойынша), «нағыз өмір емес», ал идеал әдеме әрі поэзияға толы, ол нағыз өмір, бірақ ол суреткердің (энтузиастардың),»ынталылардың» ішкі жан дүниесінде ғана өмір сүреді, оны қуғаным ешкім жеткен емес. Гофмандық «қос әлемдік» стиль ешқашан бір қалыпта тұрмайды ол құбылмалы. Романтизмнің идеяға беріліу өмірден соншалықты алыстап кетуі оның қаншалықты қауіпті екенін жазушы түсінеді. Бірақ та Гофман осыншама алшақтап кетті деуге болмайды, өйткені объевтиктікке жүгінсек, романтикалық сарындағы романтик - кейіпкерлердің әр басқан қадамынан нақты тоғышарлық өмірдің белгілері молынан ұшырасып жатыр. Гофманның пікірінше, адамдар суреткер болып туады (ынталы, зерек деген баламада), ал тоғышар болып кейін қалыптасады. Ол кеміс болып туғандарға налымайды, сол кемістікті өзіне қабылдап алғандарды қарғайды,әшкерелейді.Гофман өнер барлық бәледен құтқаратын жалған дәрі болуы мүмкін дегенге қанағаттанбайды.

Англиядағы романтизм. Д. Г. Н. Байрон шығармашылығы.

Д. Г. Н. Байрон (1788-1824) 1788 жылы 28 қаңтарда Лондон қаласында ағылшын аристократы мен шотланд дворяндарының кедейленген әулетінің отбасында дүниеге келген. Джордж Байронның өз әкесі азғындыққа салынып, бар дүниесін ысырапсыз жаратып, ақырында жас Байрон мен шешесі Кәтрин Гордонды тағдыр талқысына тастап кетеді. Он жасына дейін шешесімен Шотландияда болған Байрон он жасында немере ағасы Ульям Байрон қайтыс болып, лорд титулын иеленіп, бай мүлікке иегерлік етеді. Сөйтіп жас Байрон он жасында лорд атанып, парламент мүшесі болады. Алғашқы білімді 1801 жылы ақсүйектердің мектебі Гарроу колледжінде алады. Онда ол тарих, философия, география және антикалық әдебиетпен (түпнұсқада) терең айналысып, спортпен шұғылданады.

1805-1808 жылдар аралығында Кембридж университетінде білім алып, француз ағартушыларының шығармаларын ден қоя оқиды. Вольтер Байронның сүйікті авторының біріне айналса, Руссоның халықшылдық идеялары студент Байронға қатты әсер етті. Сонымен қатар, Байрон ағылшын әдебиетінің классикасын да жете меңгереді. Аяғының сәл кемістігіне ақсап басатындығына қарамастан, өр көкірек тәкаппар Байрон соны білдірмеу үшін спорттың барлық түрімен айналысады. Ол тамаша шабандоз, семсерлеу шебері, мерген және суға жүзудің асқан шебері болды. 1809 жылы университетті бітіргеннен кейін Байрон Португалия, Испания, Греция, Албания және Турцияға саяхат жасайды. Осы тұстағы испан патриоттарының наполеондық жаулаушыларға қарсы күресін көріп, өз әсерін күнделікке түсіреді, кейін оны «Поломничество Чайльд Гарольда» поэмасына негізгі өзек етті. Саяхаттан отанына оралған Байрон өз еліндегі саяси мәселелерге белсенді араласады. Ол лордтар палатасында халыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-әрекеттерді батыл сынға алады. Соның бірі – луддитарды өлім жазасынан қорғау, екіншісі – ирландық шаруалардың құқығын қорғау мәселелері болды. Байронның бұл екі пікірі де парламентте үлкен әсер туғызғанымен, еш нәтиже бермейді. Осыған күйінген Байрон лордтар палатасынан шығып, оларға қарсы күресті өлеңмен памфлет арқылы жүргізбекші болдаы.

Байронның ағылшын ақсүйектерін сынға алуы мен сол тұстағы саясатқа қарсылығын ақсүйектер қауымы кешірмеген. Сондықтан оны ақсүйектер аса қауіпті адам ретінде қоғамнан қуғындауға айла-шаралғы іздейді. Сондай айланың бірі әйелі Аннабелла Мильбенкттің ақынның аяулы жанын түсінбей күйеуін қаралап, одан ажырасуын талап етуі болды. Осы кезеңді шебер пайдаланған ел билеушілер Байронды әр түрлі өсекке таңып, оның күнәсіз жастық, албырт мінезін, шалқу-тасу әрекеттерін бұзылғандықтың белгісі деп көрсетуге тырысты. Билеушілердің айтақтауымен ақшаға сатылған адамдар ұлы ақын тұрған үйдің терезесін сындырып, көшеде жүруіне қауіп төндірді. Жалдамалы газеттер Байронды ғайбаттаған мақалалар жариялады. Ғасырдың ұлы адамы Байронды туған отаны Англия осындай күйге ұшыратты. Бұл жағдайлар Байронның Англиядан безуіне, басқа жақтан мекен іздеуіне себеп болды. 1816 жылы Байрон Швейцарияда болып, онда ағылшынның ұлы ақыны Б.Шеллимен кездеседі. Бұл кездесу үлкен достыққа айналады. 1816 жылдың қазан айында Италияға келіп, француздың ұлы жазушысы Стендальмен пікірлеседі.

Италияда Байрон өзінің шығармашылығындағы ең жемісті кезеңдерін басынан өткереді. 1819 жылы Байрон графиния Тереза Гвиччьолимен танысып, сол арқылы Италияның бостандығы үшін күрескерлер карбонарийлерге көмектеседі. Ақын карбонарийлердің ұйымына қаламақы ақшаларынан қаржылай көмек беріп тұрады. Байронның карбонарийлер ұйымымен байланыстағы кезеңі оның шығармашылығындағы да шарықтау кезеңі болды. Алайда карбонарийлердің күресі жеңіліс табады да Байронның Италиядан кетуіне тура келеді. Осы тұста Байрон Шеллимен біріге отырып, өз отанындағы саяси мәселелерді көтеретін радикальдық бағыттағы журнал шығаруға әрекеттенеді. Бұл журналда Байронның сатиралық шығармалары «Видение суда», «Бронзовый век» туындылары жарияланады.

1823 жылы Байрон грек көтерілісшілерінің шақыруымен Миссалунгаға келді. Мұнда халық оны ыстық ықылас, үлкен құрметпен қарсы алады. Гректердің түрік езгісіне қарсы күрестеріне жан–тәнімен берілген Байрон осы жолда саяси қайраткерлік дарынын танытады. Түріктің үстем таптарына қарсы күрескен гректерді басқарып, Грециядағы қанды айқаста 1824 жылы 19 сәуірде Байрон 36 жасында Миссалан батпағында қаза табады. Байронның ерлікке толы өмірі мен қайғылы өмірі өз тұсындағы әлемнің алдыңғы қатарлы адамдарын үлкен толғанысқа салды. Гете «Фаустың» екінші бөлімінде оған арнап тамаша өлең жазса, Рылеев, Кюхельбекер және Пушкин Байронның қайғылы өліміне қайғырып, қауырсын қаламдарынан жыр төкті.

Байронның шығармашылығы.

Байронның әр жылдарда жазған шығармаларын шартты түрде үшке бөледі:

1. 1807-1809 жылдар аралығы алғашқы кезең;

2. 1809-1817 жылдар аралығы романтикалық кезең;

3. 1818-1824 жылдар аралығы. кейінгі кезең.

Байронның алғашқы шығармашылық кезеңіне тән басты ерекшелік ол бұл тұста ағылшын классицизм поэзиясының әсеріне ұрынды. Алғашқы тырнақалды туындыларын 1802 жылы бүркеншік атпен жариялайды.

Байронның алғашқы өлеңдер жинағы «Часы досуга» 1807 жылы жарық көреді. Бұл жинақта жас ақын ХVIII ғасырдағы ағылшын поэзиясындағы өзінің сүйікті ақындары Грей, Бернс т.б. шығармашылықтарына еліктейді. Мысалы «Строки написанные под вязан на кладбище Гарроуда» Грейге еліктесе, «Хочу ребенком быть я вольным» деген өлеңдерінде Бернс шығармашылығының әсері байқалады. Бұл оның ақындық қалыптасу кезеңіндегі шығармалары. Дегенмен осы алғашқы шығармаларынан-ақ болашақ «Кайн», «Промотей» туындылары авторының жеке ақындық күш-қуатымен нәзік лиризмі танылады.

Автор «Часы досуга» өлеңдер жинағында ақсүйектер қоғамының екіжүзділігін, олардың жан дүниесінің қорқаулығын жыр етіп олардан бетін аулақ салады. Байронның бұл алғашқы шығармашылығындағы өткір ой әдеби жұртшылықтың назарын аударады. Сөйтіп, «Эдинбургское обозрение» деген журнал бетінде ақынның осы «Часы досуга» деген шығармасы қатты сынға ұшырайды. Бұл әдеби сынға Байрон «Английские барды и шотландские обозреватели» деген сатиралық шығармасымен жауап жазады. Бұл ағылшын романтизмінің алғашқы манифесі ретінде саналатын сатиралық шығармада ақын сол тұстағы ағылшын әдебиетінің беделді өкілдері Саути, Вардсворт, Кольриджді өзінің қызбалық мінезімен қатты сынға алып, айқасқа түседі. Дегенмен бұл сол тұстағы әдебиеттің белді өкілдерімен айқасқа түскен сатиралық шығармасында Байрон өз тұстастарының шығармашылығын түгелдей қиратып сынға алмайды, ол Шеридан, Роджерс Кемпбелл шығармаларының үздік жетістіктерін де атап көрсетеді. Байрон бұл манифестік дүниедегі сатиралық шығармасында әдебиеттің реформаторы ретінде әдебиетшілерді мистикадан аулақ болуға, өнерді өмірге жақындатуға шақырып, поэзияға, өнер иелеріне қоятын талаптармен таныстырады.

Байронның екінші шығармашылық кезеңіне тән басты ерекшелік ол бұл тұста нағыз кемелденген романтик ақын ретінде көрінді. Ақынның екінші шығармашылық кезеңі лиро-эпикалық поэма «Поломничество Чайльд Гарольда» деген туындысын жариялаудан басталады. Сонымен ақынның екінші шығармашылық кезеңіне жататын туындылар: «Восточные поэмы» (1813-1816), «Гяур» (1813), «Абидосская невеста» (1813), «Карсар» (1814), «Лара» (1814), «Осада Каринфа» (1816), «Паризина» (1816), «Промотей» (1816). Байрон өзінің шығармашылығының екінші кезеңінде ақыл-ой, сезім, талант, тіл жағынан биік деңгейге жетеді. Осы кезеңдегі алғашқы үлкен шығармасы «Чайльд Гарольд» тек ағылшын оқырмандарына ғана емес, Европаның әдеби жұртшылығына керемет әсер етті. Тек 1812 жылдың өзінде поэма бес рет басылып шықты. Поэманың осындай жетістікке жетуінің басты сыры ақын өз заманының ең кеселді мәселелерін поэтикалық формада жеткізе білді. Ақын бұл поэмада өз ортасына көңілі толмайтын, оған қарсы күресуге ұмтылған өзімшіл, қатыгез де тәкаппар бүлікшіл романтикалық бейнені сомдады. Поэманың басты кейіпкері жас аристократ Чайльд Гарольд өмірдің, ойын-сауықтың бәрінен түңіліп, адамдар арасынан алыстап, жеке тіршілікті аңсап Шығысқа қарай бет түзейді. Әкесінің үйін, отанын тастап бара жатқан Гарольдтың жан күйзелісі Байронның өз басынан өткерген сезімімен ұштасады. Бұл жерде автордың ақындық «мені» анық байқалады. Поэманың негізгі сюжет желісі төрт өлеңнен тұрады. Бірінші өлеңде жаны жай таппаған Чайльд Гарольдтың Португалияға, Испанияға сапары сөз балады. Екінші өлеңде Гарольдтың Грецияға сапары жырланады. Мұндағы автордың көңіл-күйіне тоқталсақ, сонда ақын күңгірт ойларға берілмей, ежелгі грек тарихының мәніне тоқтала отырып, болашаққа үндейді. Үшінші, төртінші өлеңдер – Байронның Англиядан қуғындалған кезіндегі жазылған туындылар. Сондықтан бұл өлеңдерде ақынның ішкі драмасы анық көрінеді. Бұл өлеңдерде Байронның тірі кезінде көруге жазбаған қызы Адаға деген арнауы бар. Үшінші, төртінші өлеңдерде Франция революциясының ерлік тақырыбы жырланады. Мұнда Европа тарихындағы маңызды кезең Ватерлоо шайқасы мен Наполеонның тақтан құлауы, Руссо мен Вольтер идеяларына деген ақынның көзқарасы мен ойлары байқалады. Бұл поэмада Чайльд Гарольдтың өмір жолындағы оқиғалар сөз бола отырып, сол заманның шындығы суреттеледі. Автор «Чайльд Гарольдта» Европадағы шапқыншылық соғыстарға қарсы шыға отырып, басқыншыларды әшкерелеп, оларға адамзат атынан қарғыс айтады. Бұл поэмада мемуарлық шығарманың элементтері мол кездеседі.

1813-1816 жылдар аралығында Байрон Шығыстық поэмаларын жазды. Оған кіретіндер: «Гяур», «Абидосс қалыңдығы», «Корсар», "Коринф бекінісі", "Партизана".

Бұл поэмалардың негізгі оқиғасы озбырлық пен өктемдікке қарсы күрес болса, кейіпкерлері – құмарлық сезім билеген, әділетсіздікке қарсы күресте тұла бойлары кекке толы бүліншілік тұлғалар. «Гяур» поэмасының сюжеті өлер алдындағы монахтың әңгімесіне құрылған. Мұнда Гяур өзінің Лейлаға деген шексіз махаббатын, сол ғашықтық жолда құрбан болған Лейланың қасіретті тағдырын сүйіктісін өлтірген Гассаннан қалай кек алғандығы жайлы сыр шертеді. Өлер алдында монах Гассанның қолынан қаза тапқан сүйікті Лейланы құтқара алмағандығы үшін өмір бойы жанарпалыста өткен өмірін баяндайды.

«Абидостық қалыңдық» - бұл да махаббат тақырыбындағы шығарма.

Байронның айтулы поэмаларының бірі «Корсар». Бұл шығарма да махаббат тақырыбына арналған. Басты кейіпкер – Конрад теңіз қарақшысы. Ол – қаһарман, ержүрек тұлға сүйгені Медораға нағыз берілген жан.

1815 жылдары Байрон лирикалық циклдегі тамаша туындылары «Еврейские мелодии» деген топтамаларын жазады. Мұнда ол шығыстық сарындағы шығармалары сияқты қапалы да тұнжыр ойлар басым. Байрон «Еврейские мелодияларында» өз қиялындағы ғашығының бейнесін сомдайды. Бұл топтамаға енетін туындылар: «В альбом», «Афинянке», «К Тирзе», «Решусь», «На вопрос о начале любви», «Подражание португальскому», «Разлука», «О если там, за небесами», «Ты плакала», «Стансы К.Августе» т.б. 1816 жылы Англиядан кеткеннен кейін Байрон Женевада «Шильонскии узник» шығармасын жазады. Бұл шығарма женевалық патриот Бонивардың ерлігін суреттеуге арналған.

1818-1824 жылдар Байронның үшінші шығармашылық кезеңін қамтиды. Бұл кезеңге жататын шығармалары: «Жалобы Тассо», «Манфред», «Беппо», «Сарданапал», «Бронзовый век», «Дон Жуан», «Ирландская аватра», «Видение суда», «Кайн», т.б.

Байронның үшінші шығармашылық кезеңіндегі лирикалық драмалардың бірі – «Манфред» 1817 жылы жазылды. 1816-1817 жылдар Англиядан қуғындалған кезінде жазылған бұл шығармада ақынның ішкі көңіліндегітолқу сезімдері анық байқалады.

Манфред – романтикалық шығарма, мұнда қақтығысқан оқиғалар жоқ, автор кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі тебіреніс толқуларды ашуға ұмтылған. Поэманың басты кейіпкері - Манфред. Поэма негізінен Манфредтің монологтарынан тұрады. Ол жаны жабырқау жан. Манфред поэманың өн бойында «Өмірдің мәні неде?» деген сұраққа өз жанымен арпалысып жауап береді.

Манфред философиялық-символикалық тұрғыдан Дантенің «Божественная комедия», Гетенің «Фаусты» іспеттес шығарма.

1821 жылы жазылған екінші романтикалық драмасы «Кайнде» Байрон романтизмнің шыңына жетеді. Библиялық сюжеттің негізінде жазылған бұл шығармаға ақын басқаша мазмұн береді. Мұнда Кайн Библиялық аңыздағыдай бауырын өлтіруші ғана емес, жер бетіндегі құдайдың деспатизміне қарсы күрескен алғашқы бүлікшіл адам ретінде суреттеледі.

Кайндегі батыл гуманистік идеяларды жоғары бағалаған В.Скотт «Величественной и потрясающей драмой», десе, Гете «Кросата произведение такова, что подобной миру не увидеть во второй раз», - дейді.

Байронның Италиядағы кезеңіндегі жазылған «Беппо» поэмасы – ағылшын әдебиетінің реализмге деген алғашқы ұмтылысын көрсеткен туынды. Ақындық кемеліне келіп толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармалар жазуға бет бұрады. Сондай шығармаларының бірі 1817-1824 жылдар аралығында өлеңмен жазылған романы – «Дон Жуан». «Дон Жуан» романында Байрон заманының шындығы түгелдей көрініс табады. Байрон бұл романында өз қоғамының шындығын терең аша отырып, адам жанының терең тылсымдарынан сыр шертеді. Ақын «Беппо» поэмасындағы реалистік дәстүрді «Дон Жуан» романында жалғастырады.

Ақынның қайғылы өліміне байланысты бұл роман-эпопея аяқталмай қалған. Байронның әлем әдебиетіне жасаған ықпалы орасан зор болды. Қай елдің әдебиетін алсаң да, барлығында Байронға еліктеу бар. Ол ықпал әсіресе орыс әдебиетінде ерекше байқалады. Пушкин мен Лермонтовтың Байрон ықпалында болғандығы сонша Пушкиннің алғашқы кезеңдегі шығармалары, тіпті, «Евгении Онегиннің» өзі Байрон мектебінің шығармасына жатады. Сонымен қатар, Лермонтовтың көптеген өлеңдері мен поэмалары Байрон әсерімен жазылған.

Байрон шығармашылығы қазақ оқырмандарына ұлы Абай арқылы жетті. Абай Лермонтов аудармасы арқылы назира үлгісінде «Көңілім менің қараңғы, Бол, бол ақын» деп өлең жолдарын тудырды. Сонымен қатар, Байрон шығармаларын Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, А.Жұмағалиев, Қ.Сатыбалдин, Ғ.Қайырбеков т.б. қазақ тіліне сәтті аударма жасады.

Вальтер Скотт өмірі мен шығармашылығы (1771-1832). В. Скотт батыс европа әдебиетінің алтын қорына тарихи жанрдағы романның негізін салушы ретінде енді. Тарихи жанрдың ХІХ ғасырдың І жартысында маңызға ие болуы кездейсоқтық емес еді. Тарихи сюжеттерге жазылған көркем шығармалар В.Скотт шығармашылығына дейін де болған еді. Әдебиет тарихында тарихи тақырыпқа шығарма жазу тұтас бір дәуірді қамтыған кезеңдер де болды.

Мысалы ХҮІІ ғасырда француз әдебиетінде классицизм дәуірлеп тұрған кезде драматургтер өздерінің трагедияларына сюжетті антикалық әлемнен немесе Таяу шығыс пен европадағы ортағасырлық оқиғалардан алды. Бірақ бұл шығармаларда тарихи тақырыпты меңгеруде өздері суреттеп отырған елдегі белгілі бір тарихи шындықты, елдің басынан өткерген оқиғаларды көрсетуді мақсат етпеді. Себебі олар бұл шығармаларда тарихи тақырыптың принциптерін ұстанудан гөрі, көркем дүние мәселесінде сұлулық пен адамгершіліктің мәңгі нормаларына көңіл бөлді және бұл нормаларды барлық дәуірлермен барлық халықтарға тұтас бір деңгейде қарастырады. Былайша айтқанда, бұл драматургтер адам мен қоғам мәселесіне тарихи тұрғыдан келе алмады. ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылардың өткенге көзқарасы да тарихи тұрғыдан бағаланбады. Олар барлық нәрсенің түйінін ақылға әкеп тіреді. Ірі тарихи өзгеріс француз революциясы Англияның экономикалық және саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Француз революциясы қоғамның дамуы мен адам санасына өзгерістер туғызды. Олардың көз алдында тек саяси экономикалық жүйе ғана емес, өмір ағымы адамдардың психологиясы, талғамы мен мақсаты да өзгерді. Енді тарихи дамуға байланысты адамның да қоғамға сай өзгеретіндігі белгілі болған тұста өткенге тарихи тұрғыдан баға беру көзқарасы қалыптаса бастады. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырдың І жартысында тарихи жанрдағы романдар мен драмалар туындай бастайды. Францияда тарихи тақырыпта А де Виньи, В. Гюго, П. Мериме, А. Дюма және О де Бальзак та шығармашылық жолын тарихи тақырыптан бастайды. Дегенмен, бұлардың бәрінен де бұрын 1814 жылы ағылшын жазушысы В.Скотт тарихи тақырыпты игерді. В.Скотт 1871 жылы Эдинбург қаласында дүниеге келген.Әкесі кедейленген дворян отбасынан шыққан адвокат еді.Болашақ жазушы заң саласында білім алады. Алғашында адвокат кейін сот болып қызмет атқарады. Жастайынан В.Скотт туған халқының тарихына ондағы тарихи ескерткіштер мен халықтың фольклорына құмартып өседі. Қираған бекініс орындары құлыптас бейіт бетіндегі өше бастаған жазулар халық балладалары оның назарын аударып, өткенге үңілуге жетелейді. Осы құштарлық оны романтикалық баллада жазуға итермеледі. Оның талантының оянуына тек Шотландық фольклор ғана емес, европалық ағылшын, неміс, француз, испан әдебиеттері де әсер етті. В.Скотт Гетенің драмаларын, Бюргердің балладарын, Тасконың поэмаларын құмарта оқыды. В.Скотт 1786 Эдинбургте профессор Фергюссоның үйінде Шотландияның ұлы ақыны Роберт Бернспен кездесіп қатты әсер алады. Бернстің поэзиясы Скоттың өмірлік серігі болды. Шотландық фольклор мұраларын жинауды ерте бастаған В.Скотт туған өлкесі Шотландия өңіріне саяхат жасап, осы сапарында халықтың фольклорлық мұраларын жинап, 1802 жылы "Песни менестрелей с шотландскои границы" деген екі томдық жинақты бастырып шығарды. Оның үшінші кітабын 1803 жылы жариялайды. 1805-1817 жылдар аралығында В.Скотт бірнеше романтикалық поэмалар жазады. Олар:"Песни последного Менестреле"(1805), "Мармион"(1808), "Дева озера"(1810), "Рокби"(1813). Бұл поэмалардың негізгі сюжеті халықтық жыр аңыздардың негізінде жазылған. Орта ғасырдағы оқиғаларды арқау еткен бұл шығармалар В.Скоттың есімін кеңінен танымал етті. Мұндағы орта ғасыр қорғандары мен шотландиялық әсем көріністер В.Скоттың шығармашылық талантының биіктігін танытты. Бұл шығармалар В.Скоттың тарихи тақырыпқа келуіндегі дайындық кездерін танытады. 1814 жылы В.Скоттың тарихи тақырыпқа жазылған алғашқы романы "Уэверли или Шестьдесят лет тому назад" деген кітабы жарияланды. В.Скоттың шығармаларын тақырыбы жағынан бірнеше топқа бөлуге болады. Жазушының көптеген романдары Шотландия тарихына арналған."Шотландық романдар"цикліне енетін бұл шығармалар жазушының 1814-1820 жылдар аралығын қамтиды. Олар: "Уэверли"(1814), "Гай Маннеринг" (1815), "Антикварии" (1816), "Пуритане"(1816), "Роб Рой" (1818), "Лорд Байронның өлімі" (1824), "Бонапарттың өмірі" (1827), "Шотландия тарихы"(1829-1830) т.б. Англияның өткен тарихына байланысты романдары:

"Айвенго"(1819),"Монастырь"(1820),"Аббат"(1820),"Кенилворд"(1821),"Вудсток" (1826),"Квентин Дорвард"(1823), т.б. Әртүрлі тақырыптағы "Пират"(1821)," Приключения Нивеля" (1822), "Певериль Пик" (1823), "Анна Гейерсштейн"(1829),"Граф Робердт Парижский "(1832) т.б. романдары да тарихи туындылармен норман В.Скотт өзінің романдарында Шотландия мен Англияның ұзақ ғасырлық тарихын сөз етті. Жазушы бұл тарихи романдарында тарихи роман жанрының шарттылықтарын жете меңгере білді. Бұл тарихи романдар тек В. Скоттың өзіндік өсу,даму жолдарын ғана емес, оның тарихиконцепциясың, шығармашылық әдісінің эволюциясын сипаттайды. В. Скоттың беделді шығармаларының бірі - "Аивенго" (1820). Романның оқиғасы ХІІ ғасырдағы Англияның ортағасырлық тарихына арналған. Мұнда Англияны жаулап алушы нормандықтар мен англосоксондықтардың арасындағы күрес суреттеледі. Бұл дәуірде Англияда феодальдық қарым-қатынастың нағыз нығайған кезі. 1066 жылы нормандықтар ағылшындардың ең нәрлі жерлерін тартып алады. В.Скотт англосоксондықтар феодальдарының арасындағы соғысты сол дәуірдің негізгі шиеленісі ретінде көрсетеді. Романда рыцар Айвенгоның іс әрекеттері баяндалады. Романдағы кейіпкерлер бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы әсерімен ерекшеленеді. Олардың өкілдері: ескі англосоксон Седрик, Ательстон, норман феодальдары мен рыцарлары Фран де Беф, де Мальвузен,де Барси, шаруа құлдар Гурт пен Вамба, шіркеушілер аббат Эимер, король Ричард т.б. Романда корол Ричард пен ұлттық көсем Робин Гуд халықтың азаттық жолындағы күрескерлері ретінде көрінеді. Романда халықтың көсем Робин Гуд Локсли деген атпен беріледі. Қарапайым халықтың өкілдері Гурт, Вамба монах Тук бейнелері де жете сомдалған. Романда аббат Эимер соксондық корольдың соңғы ұрпағы Ательстон қанышер Буагильбера бейнелері өздерінің жексұрындықтарымен барынша әшкереленеді. Романда жазушы феодальдық тәртіпті, олардың әдеп-ғұрпын реалистік тұрғыдан көрсетіп, орта ғасырды қанды, қапас, қараңғы дәуір ретінде бейнелейді. Жазушы "Айвенго" романында ХІІ ғасырдағы патриахалдық қоғамға қарсы феодальдық қоғамның күресін суреттесе, "Пуритане"романында ХҮІІ ғасырдағы феодальдық тәртіптерге қарсы буржуазиялық революция күресін суреттейді. Романда 1679 ж оқиғалар суреттеледі Шотландық религиялық қозғалыстың өкілдері пуритандардың Стюарттар династиясын қарсы күресі шығарманың негізгі сюжетен құрайды. Пуританство бірлескен халықтық қозғалыс емес, оған дем берушілер феодальдық тәртіпке қарсы күресуші буржуазия болды. Романдағы басты кейіпкерлердің бірі Генри Мортана.Оның образы жан-жақты көрінеді. Романда сонымен қатар, генерал монархист Клеверхауза, күрескер Берли образдары фанатиктер ретінде кереғар суреттеледі. Сонымен В.Скотт тарихи романистиканың негізін салушы ретінде әлем әдебиетіне жаңашылдығымен енді. Оның шығармашылығы тек ағылшын әдебиетіне ғана емес, европа, американ әдебиетіне ықпал-әсерін тигізді. Мысалы американдық жазушы Джеимс Фенимор В.Скоттың ізбасары. Скоттың есімі Россияда ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап белгілі бола бастады. Оны Пушкин, Шекспирмен қатар салыстырса, Бальзак оны өзінің ұстазы ретінде санайды. В.Г.Белинскии оған:"ХІХ ғасырдың өміріне тарихи жөн сілтеу-өз тұсындағы өмірдің құпия сырларын данышпандықпен тани білу"- деп баға береді. Романист В.Скоттың шығармашылығы орыс прозасында М.В Гоголге үлкен әсер етті.

В. Гюго (1802-1885) Француз романтизмінің ірі өкілі ұлы ақын, жазушы, драматург В. Гюго 1802 жылы Безансон қаласында наполеондық офицердің отбасында дүниеге келді. В. Гюго француз романтизмінің ірі көсемі, теоретигі болумен қатар, француз әдебиетіндегі романтикалық романдар мен романтикалық поэзияның, романтикалық театрдың дамуында маңызды роль атқарды. Гюгоның әкесі мен анасы саяси көзқарастары тұрғысынан қарама -қайшылықтағы адамдар еді: әкесі – бонапартист, анасы – ескі династияның жақтаушысы. Анасының ықпалы Гюгоның алғашқы шығармаларына қатты әсер етті. Сондықтан да ол өзінің алғашқы поэзиялық шығармаларында Наполеонға қарғыс айтып, Бурбоновтардың династиясын мадақтады.

Гюго әдебиетке өте ерте араласып, 13 жасынан бастап шығармашылықпен айналыса бастайды. Гюго он бес жасында үкіметтің назарын өзіне аударып, “На восстановление статуи Генриха” деген одасы үшін корольдық степендияға ілігіп, “поэзия магистрі” деген атақ алады.

Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1822 жылы “Оды и различные стихотворения” деген атпен жарияланады. Алғашқы осы реставрация кезіндегі шығармашылығында Гюго реакциялық романтизмнің бағытын ұстанады.

Гюгоның есімі мен қызметі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыс салтанатының символына айналды. В. Гюго 1827-жылы алғашқы тарихи драмасы “Кромвельді” жазып, прогрессивті романтизмге өткенін айғақтайды. Осы драманың алғысөзі “Предисловие К.Кромвелю” деген мақаласын замандастары романтикалық өнердің манифесті ретінде қабылдады. Осы мақала және “Әдеби консерватор” журналында жарық көрген басқа да әдеби-сын мақалалары оны романтикалық бағыттың белгілі теоретигі ретінде танытты. 1826 жылдан бастап В. Гюго “Сенакль” әдеби бірлестігіне жетекшілік етті. Бұл әдеби бірлестіктің маңайына романтик жазушылар Сент – Бев, Мюссе, А.Винон, А.Дюма т.б. топтасты 20-шы жылдардың өзінде-ақ Гюгоның әдеби шығармашылығы кең көлемде көрініс тапты. Ол ақын-суретші, ақын-философ ретінде француз поэзиясында батыл новатрлығымен айқын көзге түсті. Ол поэзияда жаңашыл ізденіс үлгілерін танытты. Өзі осы ізденістері туралы: “Мен саясатта роялист, әдебиетте революционер болдым”, - дейді.

Жиырмасыншы жылдары романтикалық драмалар барынша өрлеп, француз сахнасын жаулап алды. Мысалы осы жылдары А.Дюманың “Генрих ІІІ и его двор ” (1829), П. Мерименің “Жакарил” (1828), Альфред де Веньидің аудармасымен Шекспирдің “Венециандық Мавр” 1829 шығармалары қойылды. Француз театрын зерттеушілер романтикалық театрдың шарықтауына В.Гюгоның “Эрнани” пьесасының әсері мол болды деп есептейді.

1830 жылғы Июль революциясы Реставрация дәуірінің реакциялық ережелерін талқандайды. Бұл революцияның мәнін ашуда тарих француз суретшісі Эжен Делекуараның “Свобода на барикадах” деген еңбегінің алдында қарыздар. Июль революциясын қуанышпен қарсы алған В. Гюго 1831 жылы “Собор Парижской богоматери” деген үлкен тарихи романын жариялайды. В. Гюгоның шығармашылық ғұмырында оның саяси көзқарастары тұрақты болмауымен қатар, қарама-қайшылықтарға толы болды. Мысалы 1848 жылы революцияны алғашында құптағанымен кейін оған қарсы болды.

В. Гюгоның өмірі мен шығармашылығына Франциядағы саяси оқиғалар елеулі ықпал етті. Сондықтан 1851 жылғы 2 декабрьдегі Луи Бонапардтың өкімет билігін басып алуы Гюгоның өз отанын жиырма жылға тақау уақытқа тастап кетуіне себепкер болды.

В. Гюго алпыс жылдан астам уақыт шығармашылықпен айналысты. Осы ұзақ шығармашылық ғұмырында 26 томдық өлеңдер жинағын, 20 томдық романдар жүйесін, 12 томдық драматургиялық еңбектер мен 21 томнан тұратын философиялық және теориялық еңбектер қалдырды. Барлығын жинақтағанда 79 томнан тұратын бай әдеби мұра қалдырды. Гюго шығармашылығы ұзақ шығармашылық жолды басынан кешкен Гюгоның әдеби қызметін XІX ғасырдағы француз қоғамындағы 20-80 жылдардағы саяси-тарихи оқиғалардан тыс қарастыра алмаймыз. Гюгоның алғашқы шығармашылық кезеңі реакциялық романтизммен байланысты болды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Оды и баллады” (1822) деген шығармасында ол революцияны қатты сынға алады, ал “Ган Исландец” (1821), “Бюг Жаргаль” (1823) деген шығармаларында тирандық билеуге жек көрініш сезімін білдіре отырып, өзіне-өзі қарама қайшылық тудырып монархияға, аристократтарға іш тартады. Гюгоның алғашқы романдарының ішінде, әсіресе, “Ган Исландец” “неистовтік романтизм” стилінде жазылған.

Гюгоның екінші шығармашылық кезеңі оның прогрессивті романтизмге өтуімен байланысты ерекшеленеді.Сол тұстағы саяси-тарихи оқиғалар оның саяси және эстетикалық көзқарастарының өзгеруіне әкеп соқты. XІX ғасырдың 20 жылдарының бел ортасында Гюго прогрессивті романтиктер мектебінің көшбасшысына айналады. Бұл кезеңдегі оның жарқын шығармаларының бірі – “Кромвель” драмасына жазылған алғысөз. Прогрессивті романтизмінің манифесті ретінде қабылданған бұл алғысөзде Гюго әдебиеттің теориялық мәселелеріне тоқталып, жанрдың туу, қалыптасуына кең тұрғыдан талдау жасады. Бұл теориялық проблемаларды қарастырған еңбекте Гюго тарихи принципті негіз ете отырып, жанрдың қалыптасу тарихын адамзат қоғамының дамуымен бірлікте қарастырды.Гюго адамзат үш тарихи дәуір басынан кешті дей отырып, осы үш дәуірге лайық жанр қалыптасты деген концепция ұсынады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста поэзия, лирика туды дей отырып, оның ұлы шығармасына Библияны жатқызады. Ал адамзат қоғамының екінші дәуірі антика заманы эпопеяны тудырады дей отырып, оның ірі өкілі ретінде Гомерді атайды.

Үшінші (жаңа) дәуір адамзаттың Христианствоны қабылдауы дей отырып, ол драманы тудырды дейді де оған Шекспир шығармашылығын жатқызады. Сөйтіп жанрларға мынандай анықтама береді: “Лирика – воспевает вечность, эпопея – прославляет историю, драма – рисует жизнь. Характер первобытной поэзии – наивность, античной – простота, новой – истина”.

Сонымен қатар, бұл еңбекте гротеск пен контраст мәселелері Гюгоның эстетикалық негізгі талаптарының бірі болды. Өзінің осы теориялық ой тұжырымдарын ол өз шығармаларында барынша көрсетуге тырысты. Осы принциптерді негізге алған алғашқы драмалық шығармалары “ Эрнани” және “Марион Делорм” екеуі де 1829 жылы жазылды. Өз тұсында “Эрнани” драмасы классицизмнің талаптарын жоққа шығарған нағыз новатрлық шығарма болды.

В.Гюго 1831 жылы алғашқы тарихи романы “ Собор Парижской богоматерей” шығармасын жариялады. Романның оқиға жүйесіне сыған қызы Эсмеральдаға екі кейіпкер шіркеудің архидиаконы Клод Фролло мен шіркеудің қоңыраушысы Квазимодоның ғашықтық сезімдері негіз болған. Бұл ғашықтық сезімдердің берілуі бүтіндей бір-біріне қарама-қайшылықтан тұрады.

Клод ғалым-аскет, өмірдің барлық қызығынан безінген. Суық ақыл оның жүрек сезіміндегі сүю қасиетінен айырылдырылған. Ал енді ол сүю бақытын басынан кешкенде өз махаббаты үшін күресе алмайды, оған ерлігі жетпейді. Ал керісінше, ұсқынсыздығы үшін адамдар арасынан қудаланған Квазимодоның махаббаты ерлікке толы, ішкі жан-дүниесі нәзік. Сүйгені үшін өлімге бас тігеді. Гюго бұл шығармасында ішкі рухани дүниесі бөлек екі адамның іс-әрекеттері арқылы гротеск пен контрасты шебер пайдаланады. Гюго шығарманың басты кейіпкері Клод Фроллоның трагизмі догматиктігінде екендігін, діни догмалардың адам танымына деген әсер күшін асқан шыншылдықпен көрсетеді. Ол сонымен қатаро қоғамнан аластатылған Эсмеральда мен Квазимодо бойындағы асқан адамгершілік пен моральдық биіктікті, өмірге деген сүйіспеншілікті оған қарама-қарсы қояды. Гюгоның осы тұста жазған шығармаларында басты кейіпкерлер ең төменгі топтың адамдары қоғамнан аластатылғандардың тағдыры болды. Жазушы олардың жан-дүниесіндегі тазалықты, өр рухты билеушілер әлеміндегі адамдық азғындауға қарама-қарсы қояды. Мысалы: “Марион де Лорм”(1829), “Король забавляется”(1832), “Мария Тюдар”(1835), “Анджело”(1835), “Рюи Блаз”(1838), “Эрнани”(1830), т.б. шығармалары осы тенденциялық тұрғыдан жазылған шығармалар.

Гюгоның үшінші шығармашылық кезеңіне 1848 жылғы революцияның тікелей әсері болды. Бұл төңкеріс кезінде Гюго буржуазиялық республиканы жақтады. Билік тарапынан Гюго назарға ілігіп, жоғарғы деңгейдегі марапаттауларға ие болды: 1837 жылы король Луи Филипп Гюгоны “Құрметті легион” орденімен наградтайды. Ал 1841 жылы Француз академиясының мүшесі болды, 1845 жылы граф титулын алып, король жарлығымен Францияның мэрі болып тағайындалды. Бар жоғы үш жылдай ғана өмір сүрген республиканы 1851 жылы Луи Бонапарт басып алды, Гюго Напалеон ІІІ-нің үкіметімен келісімге келмей, жиырма жылдай ақын өз елінен тыс жерде өмір сүріп, қуғында болады. Гюгоның 1948 жылдан кейінгі шығармашылығының үшінші кезеңіне жататын шығармалар: “ Возмездие”(1852-1853), “Созерцания”(1856), “Отверженные”(1862), “Тружники моря”(1866), “ Человек, который смеется”(1869), “Грозный год”(1872), “ Девяносто третий год”(1874).

Гюгоның 60 жылдары жазылған шығармаларының ішіндегі кесек туындысы -“ Отверженные” роман-эпопеясы. Бұл шығарма сол заманның кең тынысын танытады. Романда оқиғалар тарихи эпизод түрінде ғана көрініс таппай, әрбір образ символдық мәнге ие болады: Жан Вальжан-әділдіктің, епископ Мериэль мейірімділіктің, Жавер – адамдыққа жатпайтын буржуазиялық заңдылықтың, Козетта мен Гаврош – қорланған балалықтың бейнесі.

Гюгоның 60 жылдардағы романдары “ Отверженные”, “Тружники моря”, “Человек, который смеется”, т.б. сюжеттік желісі жеке тұлғаның өзін қоршаған әлеммен күрес әрекетін суреттеуге арналған. Мысалы: Жан Вальжан буржуазиялық заңдылықтарға, “Тружники морядағы”Жилиат бір өзі теңіз стихиясына, ал “ Человек, который смеется” романындағы Гуинплен ағылшынның ақсүйектеріне қарсы күреседі. Бұл романдарында Гюго байлық пен кедейліктің, ерлік пен сатқындықтың, қайырымдылық пен қаталдықтың қарама-қайшылығын көрсетеді.

Ақын 1870 жылы Екінші Империя құлап Франк-Прус соғысының қиын кездерінде отанына оралып, Париждің қиын тағдырын Отандастарымен бірге бөлісті. Париж коммунасы құлағаннан кейін әр ай атынан басталатын 12 тараудан тұратын(1870 жылдың тамызынан 1871 жылдың шілдесіне дейін) “Грозный год” романын жариялады.Гюго өзін сол Францияның қиын кездеріндегі шежіресімін деп атады.

Гюго шығармашылығының соңғы кезеңінде поэзиямен айналысты.

Гюго 83 жасында Парижде қайтыс болды. Гюго әлемдік әдебиетте шығармашылықтың биік деңгейіне жеткен бірден-бір ұлы талант иесі болды.

Адам Мицкевич - 1798 жылы Новогрудок маңындағы Заось өлкесінде, адвокат жанұясында дүниеге келген. Оның балалық шағы Белоруссия мен Литвада өтеді. Адам негізінде демократиялық ортада тәрбиеленеді. Жас ақын үшін фольклорға қызығу өте тиімді болды. 1812 жылғы Ұлы Отан соғысының болу - Адамның әлеуметтік тақырыпқа қалам тартуына әкеп соқты. Ол сол кездегі польша мәдениетінің орталығына айналған Веллиндік университетте білім алды және осы жерде Европа поэзиясына бет бұрды. Адам Руссоның қоғам туралы идеяларына қызықты және Гердердің тарихи концепциялары мен сол кезеңдегі атақты шығармаларды жаттап жүрді. Сол дәуірдегі поэтикалық кумирге айналған үш алыптың (Шекспир, Гете, Байрон) ішіндегі Байронның рухани жақындастығы Адамның поэзия шыңына көтерілуіне жол ашты. 1817 жылы Мицкевич студенттер арасынан құрылған «Фиолматтар қоғамы» және «Филареттер қоғамы» деген құпия ұйымға мүше болды.

Адам 1819-1823 жылдар аралығында Кевнода болды. Ол бұл жерде оқытушылық қызмет атқара жүріп, көптеген өлеңдер жазды. Оның «Филареттер әні», «Жастық шаққа Ода» деген шығармалары сол кезеңдегі жастар арасынан көп мақтауға ие болды. Енді Адам жастардың кумиріне айналды.Өйткені ол жастарға бостандық үшін күресудің жолын көрсетті. Оның творчествосындағы ерте периодта жазылған өлеңдері 1822 жылы жарық көрген «Поэзия» жинағында жарияланды

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғ. Батыс Еуропалық шетел әдебиетін неше кезеңге бөлеміз?

2. ХІХ ғ. басында романтизм қалай қалыптасты?

3. Германиядағы романтизм өкілі кім?

4. Э.Т.А. Гофман шығармаларының басты тақырыбы мен автор идеясы не болды?

5. ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті қандай бағытта дамыды?

6. ХІХғ басында Батыс Европалық әдебиетте романтизм өкілдері кімдер болды?

7. Англиядағы романтизм өкілдерін ата.

8. Д.Г.Н. Байрон шығармаларындағы романтикалық кейіпкерлер кімдер?

9. Д.Г.Н. Байрон «Дон Жуан» өлеңмен жазылған романының тақырыбы мен идеясы қандай?

10. Д.Г.Н. Байрон шығармаларын қазақ тіліне кімдер аударды

11.П.Б. Шеллидің «Азат етілген Прометей» поэмасындағы басты кейіпкерлер кімдер?

12.В. Скоттың «Айвенго» романының тақырыбы не, басты кейіпкерлері кімдер?

13.А. Дюманың тарихи-шытырман оқиғалы қандай романдары бар.

14.В. Гюгоның «Париждік әулие ананың соборы» шығармасы қандай тақырыбты қозғайды? «Жергілікті ерекшелік» романындағы кейіпкерлер кімдер?

15. Верн Жюльдің «Капитан Гранттың балалары», «Сырлы арал», «Он бес жасар капитан» т.б. шығармаларының тақырыбы, оқиғалар желісі қандай, кейіпкерлері кімдер?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4. Старшая Эдда. Древнеисландские песен о богах и героях. М. –Л. 1963

5. Беовульф. Песнь о Нибелунгах. М., 1975

6. Песнь о Ролланде. М., 1958

7. Поэзия трубадоров. М., 1979

8. Легенда о Тристане и Изольде. М., 1976

9. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

№13 Лекция

Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Франция, Германия, Скандинавия елдерінің әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.027 сек.)