АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ

Читайте также:
  1. A) 93 баппен
  2. A) жеке объектілер
  3. Адам ресурстары
  4. Атропин
  5. Б – Бумасы.
  6. Бап. Бала асырап алу 5 страница
  7. Бап. Бала асырап алу 6 страница
  8. бап. Мародерлік
  9. Бап. Тонау
  10. бап. Эвтаназия
  11. гипервентиляция.
  12. ГЛОССАРИЙ 13 страница

 

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

Қолдануға корсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдыңғы беті.

Қажеттілерді дайындау: флакондағы инсулин ерітіндісін, 70° спиртгі, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, тері антисептигі, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз;

2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептигімен өңдеңіз.

3.Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

4.Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің Б /ЕД/ санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

5.Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

6.Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-37°С дейін жылытыңыз.

7.Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

8.Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

9.Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

10.Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

13.Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз

13.Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

15.Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

16.Сол қолдың I және II саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

17.Тері асты майлы қабатын ортасына 30-45° бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

 

20.Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

21.Науқасты тамақтандырыңыз.

22.Қолданылған шприцті, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

 

 

ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ

Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операңия жасаганнан кейінгі бірінші күндерде, анус аймагындагы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаган гсморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолгапты, мақта немесе дәке тампондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дагы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қагазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюга арналған контейнерді (ҚЖАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх крушкасына 20-22°С температурасындагы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

6. Науқастың дене деңгейінен 1 метр биіктік штативке Эсмарх кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

10.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушегка бойымен созылған болуы керек.

11.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжыта 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

12.Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

13.Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

14.Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

15.Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

19. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

- атониялық іш қатуда судың температурасы t-12-20С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық іш қатуда судың температурасы жоғары (t-37-42С-қа дейін), іш қатуда t-20-25С;

- егер де науқас нәжісті аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ

Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау. Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.

Қажеттілерді дайындау: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз.

2.Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3.Тонометрдің манжеткасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетканы иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4.Манометрді манжеткамен бекітіңіз, оны манжеткаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5.Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы бірқалыпты болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6.Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжеткаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7.Вентильді ашыңыз және ақырын манжеткадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8.Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) - систольдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) - диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9.Науқастың қолынан тонометрдің манжеткасын шешіңіз.

10.Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы-систолдық қысым, бөлімі-диастолдық қысым).

12.Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

13.Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

14.Науқасқа өлшенген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.

Ескерту:

Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін

және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

-қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

-артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

-артериальды гипотензия (гипотензия) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.

 

ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ

 

Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауру процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Қажеттілерді дайындау: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-70°С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, ветощты (2 салфетканы жылытқыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-70°С) құйыңыз.

3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

10.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

11.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветощпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

12.Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кұрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

 

 

АУРУХАНА ЖАҒДАЙЫНДА БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАҚЫРЫҚ ЖИНАУ

 

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру нөмерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Науқастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырық-ты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін толтырыңыз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы - науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы - келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы - сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

 

ОЙЫЛУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Ойылу-тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының, жергілікті қан айналымының және жүйке тродкасының бұзылуынан пайда болатын терідегі диетрофикалық, жаралы-некротикалық өзгерістер.

Ойық әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқанына байланысты құйымшақ, жауырын, шынтақ, қарақұс, жамбас буыны маңайында пайда болады.

Ойықтардың пайда болуы ауыр науқастарды нашар күтуінен пайда болады: дымқыл және ластанған іш киім, төсектегі бүктемелер және қалдықтар, кірленген тері.

Іс- әрекет алгоритмі

  1. Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін карастырыңыз.
  2. Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз-онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.
  3. Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.
  4. Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкпе және жауырын, шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.
  5. Ойыққа қарсы матрас қолданыңыз.
  6. Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз-жылы су және 10% камфор спиртінің ерітіндісіне,70% этил спиртінің ерітіндісіне,1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ерітіндісіне (бір стакан суға 1 үлкен қасық) батырылған мақта тампонмен ойық пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.

Ойықтарды емдеу

Ойықтың төрт кезеңдері болады.

Бірінші кезеңінің белгілері: анық шеттері жоқ, түсі-көк немесе қызыл бөліктер.

Жүргізілетін шаралар. Жеңіл уқалау мен теріні антисептик ерітіндісімен өңдеу (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, салицил спиртінің 1% ерітіндісі, жартысы су мен этил спиртін 70% және басқалармен) УФО жүргізу астына паралонды дөңгелек салу керек.

Ойықтың екінші кезеңінің белгілері: мұйықтың пайда болуы.

Жүргізілетін шаралар: мұйыққа бриллиант жасылының 1-2% ерітіндісі мен калий перманганаты 5-10% ерітіндісінің қосындысын жағады. Айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді (камфор спиртін 10% ерітіндісі мен этил спиртінің жартылай су қосылған этил спиртінің 70%),УФО жүргізу, дөңгелек паралонды дөңгелек салу.

Ойықтың үшінші кезеңінің белгілері: мұйық жарылып, жара пайда болады.

Жүргізілетін шаралар: УФО қолданылады,майлы таңғыш, (1% синтомицин эмульсия, Вишневский майы, 10% стрептоцид, облепиха майы және тағы да басқалары) арасына дөңгелекті паралонды салады.

Ойықтың төртінші кезеңінің белгілері: терінің, тері асты торшасы және басқа жұмсақ ұлпалардың некрозы дамиды.

Жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін өлген ұлпаларды алып тастайды жараға калий перманганатының 0,5% ерітіндісі немесе 1:5000 фурацилин ерітіндісі бар таңғыш салады. Ірің болған жағдайда-антисептиктер ерітіндісімен шаяды (1:5000 фурацилин ерітіндісі, сутегі тотығының 3% ерітіндісі, калий перманганаты 0,5% ерітіндісі), таңғыш. Жараны тазалап толығымен майлы таңғышқа көшеді, жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданады (солкосерил,опипон және басқалары).

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Ойықтың пайда болуының барлық кезеңдерінде ойықтың алдын-алу шараларын кушейту керек.

 

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, медбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: Імл - 100.000 ЕД және Імл - 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

- 500.000 ЕД: 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД: 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа медбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

- 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінденауқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,ол 500.000 ЕД: 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінденауқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,ол 500.000 ЕД: 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

 

БИТ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ

Мақсаты: ауырухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерін жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауыруларында, бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тиым салынады.

Қажеттілерді дайындау: биттерге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, полиэтиленді орамал, орамал, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды, сүлгі, педикулцидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабын), сірке су қышқылының 6 % ертінітдісін, тістері жиі тарақты, дәке тампондары, лупаны, қырыну құралдары, киім кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты клеенканы, резеңке қолғаптарды, аурухананың медициналық картасын, жұқпалы ауыру туралы жедел хабарлама формасын (Ф- 058 /у), жұқпалы ауыруды есекпке алынатын журналды (Ф- 060 /у), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, тазартуға арналған ветощты, ҚЖАК /қауіпсіз жоюға арналған контейнерді/.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым-қатынас жасаңыз.

2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын орамалмен жабыңыз.

5. Педикулоцидтердің бірімен ығалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап, біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен орамалмен байлап қойыңыз (оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулицидттердің түрімен байланысты).

7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен жуыңыз.

8. Содан соң жылы 6 % сірке су қышқылы ерітіндісімен өңдеңіз.

9. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

10. Науқастың иығына бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды жауып, шашын соның үстінде тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойы тараңыз.

11. Дәке тампондарын, полиэтиленді орамалды, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз, науқасқа қолданылған орамалды, ақжайманы, сүлгіні өңдеу үшін қапқа салыңыз.

12. Науқастың және медбикенің киім кешегін қапқа салып, өңдеу үшін зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Науқастың аурухана медициналық картасына биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз. (күні, тазарту уақыты және медбикенің қолы.)

14. Биттеген науқасты аурухананның қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

15. СЭС-қа биттеу туралы жедел хабарлама Ф-058/у жолдамасын толтырып жіберіңіз.

16. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.

Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда немесе келісім берген жағдайда өткізеді.

 

ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ

 

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

Қолдану корсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

Қажеттілерді дайындау: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-45°С), лотокты, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).

4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-45°С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

7. 10-15 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен қүрғатыңыз.

Ескерту:

- қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

- қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды.

 

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

 

ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ

 

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

Ресурстар: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

3. Матрастың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.

5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.

7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

8. Сүлгімен аяқтар ын құрғатыңыз.

9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

10.Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

11.Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12.Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

13.Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жою қаптамасына тастаңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

АЯҚТАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ

Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Ресурстар: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өңдеңіз.

7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні - киімге арналған қапқа салыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жою қаптамасына тастаңыз, қолыңызды жуып кептіріңіз.

Аяқты күту ережесі:

v Аяқтарды күнделікті ұқыпты қараңыз, уақытында терінің түсінің өзгеруін (қызару, бозару және т.б.), тұтастығын айқындау.

v Жаңа аяқ киімді алғанда ұқыпты размерін және толықтығын таңдап алып, үйде киіп бірте –бірте үйреніп кеңіту керек.

v Аяқ басы терісінде жарақатты болдырмаудың алдын алуы қажет

v Күнделікті туфли және носкиді киер алдында, түскен бөгде өткір заттардың бар жоғын тексеріңіз.

v Аяқтың тырнақтарынегеуішпен (пилкамен) түзетіңіз, қайшымен қыймаңыз.

v Етке өсскен тырнақты немесе мүйізгекті өзіңіз кеспеңіз.

v Күнделікті аяқты жылы сумен жуыңыз (өте ыстық және салқын жумаңыз)

v электрожылытқыты және т.б. заттарды қолданбаңыз (тері күйеді).

v Терінің шамадан тыс қабыршақтануының (гиперккратоздың) алдын алу үшін аяқты жуғаннан соң, құрғатып, табанға балалар кремін немесе басқада кремдерді жағып, жеңіл массаж жасаңыз.

v Аяқтың саусақтары қызарғанда, көгергенде, қарайғанда дәрігерге қаралуы қажет.

v Теріде - фурункула, карбункула болуы мүмкін.

 

 

МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

 

Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалык іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

3.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.

5.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

7.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

11.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз.

15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту: емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.

 

 

ЫЛҒАЛДЫ ҚЫЗДЫРУ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК КОМПРЕСТЕРДІ ҚОЮ

 

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу. терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Қажеттілерді дайындау: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-25°С суды, қайшыны, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4. Даярланған ерітіндінің (20-25 С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

8. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою қажет).

10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

11. 2-сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қоған жерді жылы қымтаңыз.

13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағатан соң қайталауға болады;

- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

 

МҰЗДЫ МҰЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ

 

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Қажеттілерді дайындау: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, ветощты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

5. Қолыңызды жуып тазартыңыз.

6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен ылғалдаған ветощты мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

 

 

НАУҚАСТЫ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ

(жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

 

Науқасты жатқызу бір медбикемен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Қажеттілерді дайындау: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

4. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.

5. Медбике тұрған қыр жағындағы белдеулерді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90°-жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым-қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

10. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

11. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдың қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

12. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).

13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

14. Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қыр жағындағы белдеулерді көтеріңіз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

 

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары, асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жуан асқазан сүңгісі, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-22°С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі крушканы, см лентаны, дәке салфеткаларын, ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісі, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.

2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

9. Науқастың төменгі күрек тісінен бастап кіндікке дейін аралықты см лентамен өлшеп алыңыз. Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісінде белгіні қарап, науқастан алыған өлшемді белгілеп алыңыз.

10.Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін ылғалдап алыңыз.

11.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

13.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

14.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

15.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырыңыз, (құйғыны асқазан тұсында ұстаңыз)

16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

18. Құйғы асқазан бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз, бірінші бөліністі зертханалық зерттуге банкаға құйыңыз.

19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгісін ептеп шығарыңыз.

21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

22. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.089 сек.)