АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. Негізінен, жер бетінде біріне-бірі қайшы келетін заңдылықтар өте көп.Ақ пен қара

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. КІРІСПЕ
  11. Кіріспе

Негізінен, жер бетінде біріне-бірі қайшы келетін заңдылықтар өте көп.Ақ пен қара, жер мен көк, от пен су, «Реал» мен «Барса» дегендей… Аттас зарядтарша кері тебісетін қос серкенің текетіресі өз тамырын тереңге жайған.Ақсүйектерше үнемі ақ киінетін «Реал» мен көк,қызыл түстерді жақсы көретін «Барселона» арасындағы кездесулер тек пиренейлік журналистердің ғана емес,сондай-ақ әлем тілшілерінің қызығушылығына іліккені қашан.Уақыт өте келе екеуін салыстырудан жалыққан қалам иелері жаңа ермек тауып алды.Қашан да қиыннан қиыстырып жүретін журналист қауымы жалпыдан жалқыға көшуді ұйғарды.Яғни екі команданың үздік ойыншылары – Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді жиі таразыға тартатын болды.Тапқыр тілшілердің бұл бастамасы онсыз да ұрынарға қара таппай жүрген жанкүйер атаулыға үлкен сый болды.Сонау «Сантьяго Бернабеу» мен «КампНоуға» бармай-ақ, өзіміздің қазақ жанкүйерлерін алып қарайық. Ұйқысынан оянбай жатып компьютер пернетақтасына жабысқан жанкүйерлер «Аламанды» нағыз алаңға айналдырып жіберді. «Рони» мен «Мессидің» жақтастары арасындағы «Аламандағы» айқас «түпнұсқа» Эль-Классикодан еш кем емес.Бірі португалдықтың артықшылығын айтып жатса, екіншісі аргентиналықты алдыңғы қатарға шығарады.Осылай жалғаса береді,жалғаса береді…

Негізгі бөлім

«Жазғыштар мен айтқыштар» қауымы да қарапайым жанкүйерден қалсын ба. Олар да тек өздеріне ғана аян себептермен екі ойыншыны «бөліп» алған.Бұл мақаланы жазбас бұрын өздеріңізге жақсы таныс «спортшы» жігіттердің пікірін білген едім.Жазбаларын жазбай тануға болатын Руслан Меделбек Криштиану Роналдуды жақтаса, ирония мен сатираға көбірек сенетін Олжас Нұразхан сөзсіз Мессидің жанкүйері.Қазақ футболының ауыр жүгін арқалаған «Аладоп.кз» сайтының бас редакторы Ермұхамед Мәулен Роналдуды көбірек құрметтесе, танымал комментатор Рауан Оқастың сөздерінен Мессиге деген ыстық ықыласты байқауға болады.Бұл журналисттер футбол деген үлкен әлемнің басы-қасында жүргендіктен, өз түйгендері бар.Сондықтан айтылған пікірлерін толығымен дәлелдей алады.Қазақ жігіттері 2-2 есебімен тең түсті.Ендігі кезекті екінші Марадона болуы мүмкін Месси мен португалдық жұлдыз Роналдудың шеберлігін көзімен көру бақытына ие болған испан тілшілеріне берсек.

Испаниядағы футболға арналған шоқтығы биік «Marca» газеті Роналду мен Мессиді салыстырған екен.Екеуін салыстырғанда португалдықтың бойы ұзын,голды көп соғады- сондықтан ол мықты; не болмаса Месси әлдеқайда жүйрік және жылдам — сондықтан ол күштірек деп жалпы тоқтала салмайды.Жұлдыз статусына ие болған екі футболшының алаңдағы әр қимылы былай тұрсын, әр бұлшық етінің қалай жұмыс істейтіндігіне дейін мән берді бұл басылым.Енді «Marca» газетінің деректеріне көз жүгіртсек:

- Криштиану Роналду өзінің голдарының барлығына жуығын оң аяғымен салса, Месси сол аяғының арқасында көбірек көзге түскен;

- Өткен жылғы деректерге сүйенсек, португалдық қақпаға әлдеқайда көбірек соққы жұмсаған (Роналду – 245, Месси — 142);

- Есесіне Месси өз мүмкіндіктерін барынша мол пайдаланады екен (Месси – 26 пайыз, Роналду – 14 пайыз);

- Мессидің пастарынан әріптестері көбірек гол соққан (Месси – 17 пас, Роналду – 8 пас);

- Екеуі де допқа таласудан тартынбайды (аргентиналық 52 рет қарсыласынан допты тартып ала алса, Роналду 48 мәрте);

Аталған деректерден бөлек екеуінің барлығы қанша гол соққандары, ол голдарды қалай салғандары, денесінің қай бөлігімен салғаны, гол соққанда не ойлағаны, қанша мәрте ескерту алғандары, алаңнан қанша рет қуылғандары,бәрі-бәрі бар.Оның барлығын тізіп жазудың қажеті жоқ.

Испан тілшілері мен қазақ жігіттерінің пікірін білдім.Осыған ұқсас салыстыруларды кез-келген ірі басылымдардан, көптеген сайттардан кездестіруге болады. Енді шамамның жеткенінше таразының екі басын тең ұстауға тырысып өз ойымды қоса кетсем.Менің пікірім біреуге ұнар, Мессидің жанкүйерлеріне ұнай қоймас… Десек те айтылмаған сөз жетім.Биыл «Алтын доп» тағы да Мессиге табысталды.Дарынды аргентиналықты бұл жеңісімен құттықтаймын. Дегенмен, Роналдудың әдемі финттарының әсері ме, әлде басқа ма, португалдықтың ойыны көңілімнен көбірек шығады.

Біріншіден, «Месси» «Барселона» жейдесінде айдай әлемге әйгілі болды. Ал Испан біріншілігінде каталондықтарға тең дәрежеде қарсыласа алатын бір ғана команда бар. Ал Роналду азулы ағылшын премьер-лигасында жүріп-ақ танылды. Қаттылығы мен қатаңдығы жөнінен басқалардан оқ бойы алда тұрған тұманды Альбионда жетістікке жетудің Пиренейдегіден қарағанда әлдеқайда қиын екенін көзі қарақты жанкүйер жақсы түсінеді.

Екіншіден, Роналдудың клубтың деңгейдегі ойыны мен ұлттық дәрежедегі ойынының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ (клубтық деңгейде 435 ойын, 234 гол;ұлттық деңгейде 87 ойын,32 гол). Ал Месси Хави мен Иньестамен тізе қосып «Барсада» қалай жақсы ойнаса, ұлттық құрамада …(клубтың деңгейде 339 ойын,215 гол; ұлттық деңгейде 70 ойын,20 гол).

Үшіншіден, футбол шығармашылық ойын болған соң онда еркін қимылдар да, әдемі финттар да, жалпы тартымдылық болу керек.Осы тұрғыдан алып қарағанда Криштиану Роналдудың ойын мәнерін анағұрлым әсерлі деп білемін.

Қорытынды

Ақ пен қара, жер мен көк сияқты «Реал» мен «Барса» да мәңгі қарсыластар ретінде.Менің мақсатым жоғарыда аталған екі команданы салыстыру емес, атақтары жер жарған Месси мен Роналду жайлы өз пікірімді білдіру болатын.Кейбір оқырман салыстыру деп түсінуі мүмкін, ондай ойдан аулақпын.Футбол патшасы Пеленің өзі бұл екі талантты футболшыларды салыстырудан бас тартқан болатын.Олай болса, біз де солай істегеніміз жөн болар.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)