АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Б – Бумасы

Читайте также:

     

    Кеніш 1985 жылы игеруге берілді. 01.01.2002 жылы жағдайына байланысты объектіде 118 ұңғы қазылды, соның ішінде солтүстік аймақта 43 ұңғы, ШГН-2 ұңғысы, НДГ-5 ұңғысы және компрессорлық газлифт – 1 ұңғы.

    Айдау қоры – 7 ұңғы, барлық ұңғылар айдауда тұр. Оңтүстік аймақтың әрекет қоры, 45 фонтанды ұңғы, 5 ШГН ұңғысы, 2 ұңғы әрекетсіз тұр.

    Айдау қоры 22 ұңғы олардың 21 айдауда тұр, 1 ұңғы әрекетсіз тұр. №555,795 ұңғысы бақылауда. Б бумасы бойынша 2002 жылы 568,5 000 тонна мұнай, 585,1 000 тонна сұйықтық өндірілді, суланғандылығы 3 % құрайды. 5 870 000 тонна мұнай өндіріліп, алғашқы алынған қордың 23,6 % құрады. Ұңғы дебиті 2 тонна тәулікте көлемінде ауытқиды. Ол коллектордың жоғарғы біртексіздегі және коллектордың сулану зонасына байланысты. Өндірілулер негізінен оңтүстік аймақтың оңтүстік батыс бөлігі және солтүстік аймақтың солтүстік батыс бөлігіндегі. Б – бумасындағы кеніштерден алынады. Б – бумасындағы оңтүстік күмбез кеніші суландыруды қолдануда, ал солтүстік күмбез кенішіне ошақтың сулануы қолданылады. Сулану оңтүстік күмбезде 1991 жылы, ал солтүстік күмбезде 1993 жылы басталды. 2001 жылы 1065032м айдалды.

    В-солтүстік бумасы.

     

    Кеніш игеруге 1983 жылдың сәуірінде берілді. 01.01.2002 жағдайына байланысты объектіде 92 ұңғы қазылды. Әрекеттегі фонды 59 фонтандық ұңғыға есептелді. Компрессорлық газ лифтінен істейтіндегі 3 ұңғы, 3 ұңғы НДГ, 6 ұңғы әрекетсіз тұр.

    Айдау фонды 20 ұңғы, олардың ішінде 3 ұңғы әрекетсіз №342,502 ұңғы бақылауда. Объектідегі максималды мұнай өндіру 1985 жылы болып 960 000 тоннаны құрап, бастапқы алынған 7,2% құрады. Өндірудің бұлай құлдырауы ұңғылардың тәуліктік орташа дебитінің төмендеуіне байланысты. 1990 жылы 23,9 тонна/тәулік 65 тонна/тәулік аралығында ауытқиды. В-солтүстік бумасы бойынша 2002 жылы 122,4 000 тонна мұнай, 154 000 тонна сұйықтық алынды, суланғаны 25,8% құрады. 7980,7 000 тонна өндірілді, бастапқы алынған қордың 59% құрайды.

     

     

    В-оңтүстік бумасы.

     

    Кеніш 1985 жылы игеруге енгізілді. 01.01.2002 жылы жағдайына байланысты 64 ұңғы қазылды. Әрекеттеуші қоры 40 фонтандық ұңғы, 1 НДГ ұңғысы, 8 ұңғы әрекетсіз тұр.

    Айдау қоры – 13 ұңғы, оның ішінде 11 ұңғы айдауыққа тұр, 2 ұңғы әрекетсіз тұр. №359,541 ұңғысы бақылауда. Объектідегі максималды мұнай өндіруге 1989 жылы қол жетті. 418 000 тонна құрап, бастапқы алынған қордың 8,4% құрады. Әрі қарай өндіру деңгейі төмендейді. Мұнай өндірудің бұлай қалдыруы орташа тәуліктік мұнай ұңғысының 23,5 тонна/тәулікке 1990 жылы, 2001 жылы 5,87 тонна/тәулікке дейін төмендеуіне байланысты. В-оңтүстік бумасы бойынша 2002 жылы 102,89 000 тонна мұнай, 108,3 000 тонна сұйықтық өндірілген, сулану 9,1%. Игеру басталғалы 3862791 тонна мұнай өндіріліп, бастапқы қордың 74%.

     

    Г-солтүстік бумасы.

     

    Кеніш игеруге 1989 жылы берілді. 101.01.2002 жылғы жағдайына байланысты объектіде 133 ұңғы бұрғыланады. Әрекеттеуші орына 88 фонтандық ұңғы, компрессорлы газлифтілі – 2 ұңғы, НДГ – 8 ұңғы, 1 ұңғы (№2429) әрекетсіз, 1 ұңғы (№3456) меңгеруде. Айдау қоры – 32 ұңғы, барлық ұңғы айдалу үстінде 2226 ұңғы бақылаушы. 2002 жылы Г- солтүстік бумасы бойынша 1223953 тонна мұнай, 1633400 тонна сұйықтық алынды. Суланғаны 0,6%. Игеру басталғалы 11763182 тонна өндірілді, ол бастапқы анықталған қордың 27% құрды.

     

    Д – солтүстік бумасы.

     

    Кеніш игеруге 1989 жылы берілді. 01.01.2002 жылғы жағдайына байланысты объектіде 9 ұңғы бұрғыланды. Әрекет етуші қорға 6 фонтандық ұңғыға, айдау қоры – 3 ұңғы оның ішінде 2 ұңғы Г –солтүстік бумасымен бірге айдауда тұр. Объектідегі максималды мұнай өндіруге 1994 жылы 129,7 тонна болып, алғашқы алынатын қордың 4,6% құрады. Өндірудің бұлай төмендеуші ұңғылардың механизациялауға өтуін күтіп әрекетсіз тұрған. Д- солтүстік бумасы бойынша 2002 жылы 96,79 000 тонна мұнай, 97,4 000 тонна сұйықтық өндіріліп, оның суланғаны 0,7% құраған. 1157366 тонна мұнай өндіріліп, ол алғашқы алынатын қордың 30,23% құраған. Мұнайды өндіру кеніштің шығыс бөлігінен өндірілген.

     

    ДЖ-оңтүстік бумасы.

     

    Кеніш 1989 жылы игеруге берілген. 01.01.2003 жылғы жағдайына орай объектіде 43 ұңғы бұрғыланды. Әрекет етуші қоры 19 фонтандық ұңғыға, 12 ШГН ұңғысына, 8 ұңғы компрессорлық газлифтке есептелген, 1 ұңғы әрекетсіз. Айдау қоры – 12 ұңғы. Дв-оңтүстік бумасы бойынша 2002 жылы 223,2 000 тонна мұнай, 225,23 000 тонна сұйықтық алынып, суланғаны 0,2% құраған. Игеру басталғаны 2900521 тонна мұнай өндіріліп, бастапқы алынатын қордың 11% құраған алыну коэффиценті 0,0399. Алыну негізінен кеніштің орталық және солтүстік бөліктерінен алынған.

     

    ДТ-оңтүстік бумасы.

     

    Кеніш игеруге 1986 жылы берілді. 01.01.2002 жылғы жағдайына байланысты объектіде 25 ұңғы бұрғыланады. Әрекет етуші қоры 4 фонтандық ұңғыға, 12 ШГН ұңғыға, 1 ұңғыға НДГ және компрессорлық газлифтіге есептелген. Айдау қоры 6 ұңғыға есептелген. Объектіде максималды мұнай өндіру 1991 жылы 261 000 тонна болып, алынатын қордың 2,89% құраған. Бұдан былай мұнай өндірудің төмендеуі ұңғының атқылауын тоқтатылуына байланысты төмендеген. 1997 жылдың бастап мұнай өндіруге механизацияланған әдістерді енгізуге байланысты мұнай өндіру тұрақталған. Дн-солтүстік бумасы байланысты 2002 жылы 180 000 тонна мұнай, 180,7 000 тонна сұйықтық, суланған 0,4% болған. Игеруге басталғаны 2073309 тонна мұнай, яғни бастапқы алынатын қордың 20% құраған, алыну коэффициенті -0,0704.

    Г-оңтүстік бумасы.

    Кеніш игеруге 1987 жылы берілді. 01.01.2003 жылы жағдайына байланысты объектіде 2 ұңғы бұрғыланды. Әрекет етуші қоры бір фонтанды ұңғыны және бір әрекетсіз ұңғы құраған. Объектідегі максималды мұнай өндіру 2002 жылы 14182 тонна болып, бастапқы алынатын қордың 0,84% құраған. Игеруге бастаған 75199 тонна мұнай өндіріліп бастапқының алынатын қордың 5% құраған, алыну коэффициентін 0,005.

    2.3 Пайдалану және айдау ұңғыларының қор динамикасы

     

    Қазіргі таңда Жаңажол кен орнының өнімді қабатының «В» бумасы (оңтүстік, солтүстік), «Б» бумасы (оңтүстік, солтүстік), «А» бумасы (оңтүстік, солтүстік), ДЗ_с, ГЗ_с, Гн-1_ю, Дн_ю, Дв_ю, Дв+Дн, Дв+Дн+Гн, Дв+Гн, гз+дз, Р2 (оңтүстік, солтүстік) сияқты бөліктері өнім беруде. (қосымша – 2) Кен орында жалпы ұңғы қорын 656 ұңғы құрайды. Соның ішінде 484 пайдалану ұңғылары, айдау ұңғылар қорында – 159 ұңғы және бақылау ұңғыларының қоры – 13 ұңғыны құрайды. 01.04.2006 жылға мұнай беріп тұрған ұңғылар саны – 452 ұңғы. «В» бумасына – 94 ұңғы, «Б» бумасына – 96 ұңғы, «А» бумасына – 25 ұңғы, ДЗ_с бумасына - 38, ГЗ_с бумасына – 131 ұңғы, Гн-1_ю бумасына – 4 ұңғы, Дн_ю бумасына – 21 ұңғы, Дв_ю бумасына – 21 ұңғы, Дв+Дн бумасына – 10 ұңғы, Дв+Дн+Гн бумасына - 4, Дв+Гн бумасына – 7 және гз+дз – 1 ұңғы, ал Р2 бумасында ұңғы жоқ

    Соның ішінде фонтанды өндіруде – 209 ұңғы, штангалы терең сорапты өндіруде – 8 ұңғы, плунжерлі газлифтті өндіруде – 7 ұңғы, компрессорлы газлифтті өндіруде – 207 ұңғы және үзіліссіз – дискретті газлифтіде – 21 ұңғы бар. Тоқтап тұрған ұңғылар қатарында фонтанды – 7 ұңғы және компрессорлы газлифтіде – 5 ұңғы бар. Бұл аталған ұңғылар жалпы әрекеттегі ұңғылар, ал әрекетсіз тұрған ұңғылар саны – 20 ұңғы.

    Айдау ұңғыларының қорына келетін болсақ, әрекеттегі ұңғылар саны – 143 ұңғы, оның ішінде тоқтап тұрған ұңғылар саны – 5, ал айдауда тұрған ұңғылар саны – 138 ұңғы. Айдау қорының 16 ұңғысы әрекетсіз болып тұр.

    Бақылау ұңғылар қорына 9 – пьезометрикалық, 3 – бақылау және 1- тұзды ұңғылары кіреді.

     

    2.4 Мұнайды, газды және суды өндірудің динамикасы

    2014 жылға өнім беруші ұңғылардың бумалар бойынша саны келесідей: «А» солтүстік бумасында – 8 ұңғы, «Б» солтүстік бумасында – 48 ұңғы, «В» солтүстік бумасында – 93 ұңғы, Г3_с бумасында – 171 ұңғы, Д3_с бумасында – 55 ұңғы.

    Әрбір буманың мұнай, су және газ өндірілуін, дебитін, сулануын, және газ факторын қарастырайық.

    «А» солтүстік бумасының мұнай беру дебиті – 4 т/тәул, ал судың дебиті – 0 тең. Ұңғылардың сулануы – 17,8%. Газ факторы 125 – 494 аралығында, м3 /тн. Жыл басынан бастап мұнай өндірісі – 5267, су өндірісі – 473, газ – 2142999 м3. Жинақталған өндірісі: мұнай – 170903, су – 4774.

    «Б» солтүстік бумасының мұнай беру дебиті – 21 т/тәул. Ұңғының сулануы – 30,6%. Газ факторы 46-852 аралығында, м3 /тн. Жыл басынан бастап мұнай өндірісі – 195404, газ – 84975780 м3, су өндірісі – 49967. жинақтағы өндірісі: мұнай – 2993925, су – 257189.

    «В» солтүстік бумасының мұнай беру дебиті – 6 т/тәул. Ұңғының сулану көрсеткіші - 60%. Жыл басынан бастап мұнай – 77971, су – 69664, газ – 25543743 м3 көлемде өндірілді. Жинақтау өндірісіндегі мұнай қоры – 8253664, су қоры – 486371.

    «В» оңтүстік ұңғымаларының саны – 71. 01.03.2006 жылға берілген өндіру ұңғымаларының есебі бойынша жинақталған өнім – 404944 тонна, өндірілген газ өнімі – 4882800 м3. (қосымша – 3)

    Г3_с бумасының мұнай дебиті – 48 т/тәул. Ұңғының сулану көрсеткіші – 12,5%. Жыл басынан бастап мұнай – 1409431, су – 65924, газ – 813767959 м3 мөлшерде өндірілді. Жинақтау өндірісіндегі мұнай қоры – 17522403, су қоры – 200488,6.

    Д3_с бумасының мұнай беру дебиті – 30 т/тәул. Ұңғының сулануы - 17%. Жыл басынан бастап мұнай – 279781, су – 8387, газ – 89296980 т/тәул мөлшерде өндірілді. Жинақтау өндірісі: мұнай – 1875480, су – 15852,4.

    Кен орын бойынша жалпы көрсеткіштері: мұнай беру дебиті – 31 т/тәул. Сулану көрсеткіші - 17%. Жыл басынан бастап өндірілген мұнай мөлшері – 19667854, су мөлшері – 194415, газ – 1015727461 м3 тең. Жинақтау өндірісінің қоры: мұнай – 30816375, су – 964675.

     

     

    2.5. Мұнай кен орындарын игеру жүйелері

    2013 жылы кен орны бойынша 4064,721 мың.т мұнай және 1336,4597 млн.м3 ілеспе газ өндірілді. Мұнайды жинау қарқындылығы бастапқы алынатын қордың 3,36% және ағымдағы алынатын қордың 5,27% құрады.

    Бір ұңғыманың орташа дебиті 31т/тәу құрады. Өндіріліп жатқан өнімнің орташа сулануы жыл басынан 8,1% құрады.

    01.09.2013 жылы жалпы өндірілген өнім көлемі 44121,321 мың.т құрады. Бұл алынатын қордың 36,4% құрады. Мұнай алу коэффициенті 0,1.

    Игерілген кезден бастап кен орнынан 12572,7419млн.м3 ілеспе газ алынған. Барлық кеніштерді игеру су айдау арқылы қабат қысымын ұстау әдісі арқылы жүргізіледі. 2004 жылы су айдау көрсеткіші 8968,93 мың.м3 құраса, игеру басталғаннан бері бұл көрсеткіш 66338,965мың.м3 құрады. 2003-2005 жылдар аралығындағы су айдалған сәттен кейінгі мұнай өндіру көрсеткіштері 5-кестеде келтірілген.

    Ұңғымалар қоры: пайдалану ұңғымалары- 446, оның ішінде әрекет етушісі - 413 ұңғыма, айдау ұңғымалары- 134, оның ішінде әрекет етушілері -124 ұңғыма.

    Кен орны бойынша бөліктелгені де, игеріліп жатқаны да 8 пайдалану обьектілері: 4 обьект КТ- І(І карбонатты қалыңдықта) А, Б, Всол, Воң және 4 обьект КТ- ІІ қабатында ГЗ, ДЗ, Джоғ, Дтөм, және Гтөм .

    А обьектісі – мұнайлы газконденсатты кеніш. Өндіруші ұңғымалардың әрекет етуші қоры 01.01.2005 жылы 24 ұңғыманы құрады.

    2013 жылы өндірілген мұнай қоры 42,975мың. т, ілеспе газ 12,1934млн.м3, бір ұңғының орташа шығымы 5,1т/тәу құрады. Өндірілген өнімнің орташа сулануы жыл басынан 1,7% құрады. Мұнайды жинау қарқыны бастапқы алынатын қордың 0,46% құрады.

    Игеріле бастаған кезден бастап кеніштің А бумасынан 479,91мың.т, ілеспе газ 114,9055млн.м3. Кеніш бойынша қордың алыну дәрежесі 5,2% құраса, мұнайды алудың ағымдағы коэффициенті 0,0094. А бумасының оңтүстік бөлігінде қабатқа су айдау 1992 жылдан бастап жүргізілсе, солтүстік бөлігінде мұндай жұмыстар 1995 жылдан жүрізіледі. Су айдау екі ұңғыма арқылы жүзеге асырылады және 2004 жылы қабатқа 28,97 мың м3 су айдалады.

    Игеру басталғаннан бері А бумасының кенішіне 519,847 мың м3 су айдалған. Игеру басталғаннан бергі қабат жағдайында өнімді жинаудың компенсациясы 53%.

    А бумасы бойынша келесідей геолого- техникалық шаралар жүргізілген: № 490, №552 ұңғымаларында қосымша перфорация жасалып, мұнай өндіру 0,717 мың тоннаға жетті. Бір ұңғыманы СКГ-ға өткізу: №552 қосымша мұнай өндіру 0,628 мың тонна.

    Б объектісі газ телпегі бар мұнай кеніші. Өндіру ұңғымаларының әрекеттік қоры 01.01.2005 жылы 89 ұңғыманы құрады. 2003 жылы мұнай өндіру 708,485 мың тонна, ал ілеспе газ 195,2381 млн м3 құрады. Өндірілген өнімнің сулану пайызы 11,1% Бір ұңғыманың орташа шығымы 22т/тәу құрады. Жинау қарқындылығы алғашқы алынатын қордың 3,5% құрады. Өндіру жұмыстары басталғаннан бергі бума бойынша мұнай өндіру 7316,663мың.т құрады. Қорды өндірудің дәрежесі 35,2%, ал мұнай алу коффициенті 0,12.

    Б бумасын игеру оңтүстік бөлігінде барьерлік су айдау, ал солтүстік бөлігінде ошақтап су айдау арқылы жүргізіледі. 01.01.2004 жылғы жағдай бойынша су айдау жұмыстарын 29 ұңғыма жүргізуде. 2003 жыл ішінде 1229, 345 мың. м3 су айдалса, процестің басынан бастап 10347,928 мың.м3 құрайды. Бұл жалпы сұйықтық алудың 70% қамтамасыздандырады.

    Б бумасы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілген: 5 өндіру ұңғымаларында қосымша перфорация жасалған: №451,105,444,408,461 ұңғымаларында қосымша мұнай алу 2,971мың.т. Су горизонтын изоляциялау №456, 188, 402, 105 ұңғымаларында мұнай өндіруді 0,142 мың.т жеткізді. №848, 719, 4451, 467 ұңғымаларында ТҚӨ жұмыстары жүргізіліп, қосымша мұнай өндіру көрсеткіші 0,338 мың.т құрады.

    №130,848,454, 460, 456, 719, 714 ұңғымалары компрессорлы газлифт әдісіне өткізілген, қосымша мұнай өндіру көрсеткіші 2,084мың.т құрады.

    2004 жылы үздіксіз-дискретті газлифтке №110,451,720,443ұңғымалары өткізіліп, қосымша мұнай алу 7,768мың.т құрады. №716 ұңғыма ШСГ-ға өткізілді. № 929, 927, 452, 325, 436, 196, 455, 432 ұңғымалары плунжерлі газлифт әдісіне өткізіліп, қосымша мұнай алу көрсеткіші 11,9333мың.т құрады.

    Всол обьектісі- газ телпегі бар мұнай кеніші. 01.01.2005 жылғы мәлімет бойынша әрекет етуші ұңғылардың саны 59 бірлік, 2003 жылы мұнай өндіру 146,291мың.т және ілеспе газ 38,4084млн.м3 көрсетті. Ағымдағы өндірілген мұнайдың сулануы 40,7%, бір өндіруші ұңғыманың орташа дебиті 5,5т/тәу. Өндіру қарқындылығы бастапқы алынатын қордың 1,13% құрады.

    Игеру жұмыстары басталғаннан бері обьект бойынша 8290,558мың.т мұнай өндірілсе, алынатын қордың өндірілуі 64,1%, мұнай алу коэффициенті 0,21. Игеру жұмыстары басталғаннан бері алынған ілеспе газ 2124,7427млн.м3.

    Обьект қабатқа сулыгаз айдау арқылы әсер ету әдісіменигеріледі. Айдау ұңғымалары арқылы 16 барьерлік қабатқа су айдау жұмыстары жүргізілуде. 4 ұңғымада ошақтап су айдау жұмыстары жүргізілуде.

    Всол бумасы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілген: №163 ұңғымасында сулы горизонтты изоляциялау, қосымша өндірілген мұнай 10,388 мың.т құрады. №147,301, 376, 611 ұңғымалары газлифт әдісіне дайындалған және өткізілді. Бұлар бойынша өнім-2,204мың.т.

    Воңт обьектісі – газ телпегі бар мұнай кеніші. Обьектіні пайдалану 42 өндіру ұңғымалары, оның ішунде әркет етуші 35 ұңғыма арқылы жүргізіледі. 2003 жылы өндірілген мұнай 156,387мың.т, ілеспе газ- 41,1359 млн.м3.Өндірілген өнімнің сулану деңгейі 37,8%, бір ұңғыманың орташа дебиті 11,5т/тәу. Бастапқы алынатын қорды жинау қарқындылығы 3,1%.

    Игеру жұмыстары жүргізілгеннен бере өндірілген өнім 4154,786 мың.т мұнай және 1044,237млн. м3 ілеспе газ. 01.01.2004 жылғы жағдай бойынша алынатын қордың игерілу дәрежесі 83,3% құраса, мұнай алу коэффициенті 0,275 құрады. Обьект бойынша аудандап сулану жүруде, әрі 10 ұңғыма су айдауда тұр. Жыл басынан бастап 315,14мың. м3, ал процестің басынан 7089,346мың.м3 су айдалып, игеру басталғаннан бергі сұйықтық алудың 90% құрайды.

    Воңт бумасы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілген: №636, 718 сулы горизонтты изоляциялау және одан алынатын қосымша мұнай көлемі 0,117мың.т. №363 ұңғымасы бойынша қосымша перфорация жүргізіліп, қосымша алынған мұнай көлемі 0,072мың.т. №342, 361 ұңғымалары компрессорлы газлифтке өткізіліп, қосыша мұнай өнімі 1,238мың.т құрайды. №155,645 ұңғымалар плунжерлі газлифтке өткізіліп, қосымша өнім 0,080мың.т өнім.

    Кен орнының екінші карбонатты қалыңдығында КТ-ІІ игерілетін 4 объект белгіленген: ДВ, ДН, Д-ІІІ, Г-ІІІ.

    Дв объектісі- мұнай кеніші. 2003 жылы 308,892 мың тонна мұнай және 79,7451млн м3 ілеспе газ өндірілді. Пайдалану жұмыс істеп тұрған 30 игеру ұңғымаларымен жүргізіледі. Бір ұңғыманың орташа шығымы 29,7т/тәу, кеніш бойынша сулану 1,3% құрайды. Мұнайды алу қарқындылығы бастапқы алынатын қордың 1,4% құрайды. 01.01.2004 жылға игеру жұмыстары бастслғаннан бергі мұнай игеру 3493,486 мың тонна құрады, алынатын қорды игеру дәрежесі 15,8% құрады. Мұнай алынудың ағымдағы коэффициенті 0,058. Ілеспе газды игеру 850,7445 млн м3.

    Қабат қысымын ұстау 3 қатарлы су айдау жүйесі арқылы жүргізілуде. Объектіде 11 айдау ұңғымасы бар. 2003 жыл ішінде қабатқа 508,98 мың м3, процестің басынан бастап 5032,38 мың м3 су айдалған. Бұл қабат жағдайында сұйықтықты игерудің 74,3 пайызын береді.

    Геологиялық- техникалық шаралар бойынша: №38 ұңғыма іске қосылып, қосымша мұнай өнімі 4,52 мың тоннаны құрады.

    № 3007, 2124,2086 ұңғымалары УЭЦН ауыстырылған, қосымша мұнай өнімі – 2,522 мың тонна.

    № 2031 ұңғымасында ТҚӨ жүргізіліп, қосымша мұнай өнімі 6,643 мың тоннаны құрады.

    № 2133, 2116 ұңғымалары компрессорлы газлифт әдісіне ауыстырылып қосымша мұнай өнімі 8,506 мың тоннаны құраса, № 2028, 2049, 2099, 2029, 2030 ұңғымалары да компрессорлы газлифт әдісіне ауыстырылып, олар бойынша қосымша мұнай өнімі 28,626 мың тонна.

    Дн объектісі- мұнай кеніші. 2003 жыл ішінде 283,596 мың тонна мұнай және 73,3837 млн м3 іліспе газ өндірілген. Кеніш 25 өндіру ұңғымаларымен игерілуде. Бір өндіру ұңғымасының орташа шығымы 46,7 т/тәу, өндірілген өнімнің сулануы 0,9%. Алғашқы алынатын қордың жинау қарқындылығы 3%.

    Игеру басталғаннан бергі өндірілген мұнай 2580,423 мың тонна және газ 628,8855 млн м3. Бұл жалпы алынатын қордың 27,3% құрайды және мұнайды алу коэффициенті 0,1.

    Кеніш 3 қатарлы су айдау әдісін қолдану арқылы игеріледі. 2003 жыл ішінде 260,65 мың м3 және процесс басынан 3073,669 мың м3 су айдалды. Игерудің басынан бастап сұйықтықты жинау компенсациясы 64%, су айдау 5 айдау ұңғымасы арқылы жүргізіледі.

    Геолого- техникалық шаралар бойынша: №2017, 2092, 2042, 2043, 3026 ұңғымалары компрессорлы газлифт әдісіне өткізіліп, қосымша мұнай өндіру- 8,653 мың тонна. №2032 ұңғымасын ТҚӨ- мен өңдеп, қосымша мұнай өндіру 6,220 мың тонна. №2025,2032 ұңғымалары УЭЦН әдісіне өткізіліп, қосынша мұнай өндіру 9,399 мың тонна.

    Д-ІІІ объектісі – мұнай кеніші. 35 өндіру ұңғымасы арқылы игеріледі. 2003 жыл ішінде 289,103 мың тонна мұнай және 75,0047 млн м3 ілеспе газ өндірілген. Бір ұңғыманың орташа дебиті 45,5 т/тәу. Өндірілген өнімнің сулануы 0,8%. Мұнайды жинау қарқындылығы алғашқы алынатын қордың 8,9% құрады. Игерілу басталғаннан бері 1616,878 мың тонна мұнай және 398,4666млн м3 ілеспе газ өндірілген. Қорды игеру дәрежесі 49,8, өнім алудың ағымдағы коэффициенті 0,1 тең.

    18 жаңа ұңғымалар іске қосылып, олар бойынша мұнайды өндіру 67,495 мың тонна. Сулы горизонтты изоляциялау №2232 ұңғымада жүргізіліп, мұнай өндіру 3,430 мың тоннаны құрады. №2361,2371, 3313, 3305, 3317, 3310 ұңғымалары компрессорлы газлифт әдісіне өткізіліп, олар бойынша өндірілген өнім 10,606 мың тоннаны құрады.

    №3327, 3316, 3300, 3314,3355,3322 ұңғымаларында қабатты қышқылмен жару жұмыстары жүргізіліп, мұнай өнімі -5,053 мың тоннаға жетті.

    Кеніш 3 қатарлы су айдау жүйесі әдісімен игеріледі. 2003 жыл ішінде 415,795 мың м3 және игерудің басынан 1709,921 мың м3 су айдалған. Сұйықтықты жинау компенсациясы 56,2%, ал су айдау 4 айдау ұңғымалары арқылы жүргізіледі.

    Г– ІІІ объектісі газ телпегі бар мұнай кеніші болып табылады. Бұл кеніш екінші карбонатты қалыңдықта игерілетін негізгі объект. 01.01.2004 жылда өндіру ұңғымаларының жұмыс істеп тұрған қоры -118 ұңғыманы құрады.

    2013 жыл ішінде кеніштен 2119,126 мың тонна мұнай және 819,1887млн м3 ілеспе газ өндірілген. Бір ұңғыманың орташа шығымы 54,8 т/тәу, алынатын өнімнің ағымдағы сулануы 3,1%. 2003 жылы мұнайды алу қарқындылығы бастапқы игерілетін қордың 6,15% құрады.

    Игерілу басталғаннан бері 16097,498 мың тонна мұнай өндіріліп қорды игеру дәрежесі 46,7% құраса, мұнай алу коэффициенті 0,13. Игеру жұмысы басталғалы кеніштен 5542,1487млн м3 ілеспе газ игерілген. Г–ІІІ объектісі кенішке газдалған сумен әсер ету арқылы игерілсе, су айдау газды телпектің ортаңғы бөлігінде жүргізіледі. Кеніште 48 айдау ұңғымасы бар. 2003 жыл ішінде 5346,96мың м3, процесс басынан 24629,976мың м3 су айдалған. Бұл өнім алудың 90% құрайды.

    Геолого- техникалық шаралар бойынша: бұрғылаудан кейін №2431, 3500, 3480, 3503, 3426, 3550, 2355, 3409, 3457, 3504, 3473, 3479, 3408 ұңғымалары іске қосылған. Жаңа ұңғымалар бойынша мұнай өндіру жыл басынан бастап 87,49 мың тонна көрсеткішіне тең. №2341,3412 ұңғымаларында сулы горизонтты изоляциялау жұмыстары жүргізіліп, өнім өндіру 18,382мың тонна.

    № 2377, 2376, 2446, 2453, 2444, 2358, 3476, 2407, 3434, 2425, 3475, 2451 ұңғымалары компрессорлы газлифт әдісіне өткізіліп, қосымша өнім өндіру 17,73мың тоннаны құрады. №2559, 2449, 2441, 2558, 3472, 3503, 3462 ұңғымаларында қосымша перфорациялар жасалып, қосымша өнім 60,05мың тоннаға жетті.

    №3426 ұңғымасы ШСГ өткізіліп, қосымша өндірілген өнім 0,025мың тонна.

    №2547 ұңғымасында ҚҚЖ жүргізіліп, қосымша өндірілген өнім 1,524мың тонна. №2557, 3472, 2399, 2402, 2444, 3419, 3465, 2436, 2407, 2429 ұңғымаларында ТҚӨ жүргізіліп, алынған қосымша өнім 3,848 мың тонна. Ликвидацияланған қордың ішінен №66,61 ұңғымалары пайдалануға беріліп, олардан алынған өнім 23,08 мың тонна. №2394, 2380, 3550, 3465, 2580 ұңғымалары СӨГ- ге өткізіліп, олар бойынша алынған өнім 6,667 мың тонна.

    Гн –І объектісі екі өндіру ұңғымасы арқылы пайдаланылады. Ұңғыманың орташа өнімі 25,6 т/ тәу. 01.01.2004 жылға өндірілген мүнай 9,896 мың тонна және ілеспе газ 2,1607млн м3. Өнімді жинаудың қарқындылығы бастапқы алынатын қордың 0,9% құрады.

    Игеру жұмыстары басталғаннан бері 91,089мың тонна мұнай және 29,6017млн м3 ілеспе газ өндірілген. Алынатын қордың игерілу дәрежесі 8,3%, мұнайдың игерілу коэффициенті 0,01.

    2012 жылғы өндірілген өнім көрсеткіштерімен салыстырсақ Жаңажол кен орны бойынша: мұнай өндіру 84,721 мың тонна, ілеспе газ көлемі 154,2млн м3 ұлғайса, ұңғыманың орташа шығымы өз мәнінде қалды. Есесіне айдалатын су көлемі 735,26мың м3 ұлғайды. Кен орын бойынша өндіру ұңғымаларының әрекет етуші қоры 413 бірлік. Мұнай өнімінің өсуі іске қосылған жаңа ұңғымаларға және бөлек ұңғымалар бойынша жүргізілген шараларға байланысты.

    Жалпы кен орын бойынша жыл басынан:

    - жаңа ұңғымаларды іске қосу - 31 ұңғыма, олар бойынша мұнай өндіру - 154,985 мың тонна;

    - қосымша перфорация- 16 ұңғыма, олар бойынша қосымша мұнай өнімі- 63,738 мың тонна;

    - сулы горизонтты изоляциялау – 22 ұңғыма, олар бойынша қосымша мұнай өнімі 32,699 мың тонна;

    - 28 ұңғымада ТҚӨ жасалған, мұнай өндіру 21,316 мың тоннаға жетті;

    - 6 ұңғыма УЭЦН –ге өткізіліп, олар бойынша өндірілген өнім 11,921 мың тонна;

    - 63 ұңғыма компрессорлы газлифт әдісіне өткізіліп, қосымша мұнай өнімі 97,755 мың тоннаны құрады;

    - ликвидацияланған қордан 4 ұңғыма пайдалануға беріліп, өндірілген мұнай - 27,600 мың тонна;

    - 19 ұңғыма плунжерлі газлифт әдісіне өткізіліп, олар бойынша өндірілген мұнай 12,749 мың тонна;

    - 6 ұңғыма ШГС- ке өткізіліп алынған мұнай өнімі 0,045мың тонна;

    - ҚҚЖ 7 ұңғымада жүргізіліп, олар бойынша алынған өнім – 6,577 мың тонна;

    - 16 ұңғыма айдау ұңғымасына өткізілген.

     

    Қорытынды

     

    Диплом алды тәжірибе өте танырлықтай өтті және өте көп зат үйрендім. Фонтанды игеру тәсілінен газлифтілі игеру тәсіліне ауыстырудағы атқарылатын жұмыстар, құрал-жабдықтардың таңдалынып алынуы, мұнай және газ өндіру және ҚҚҚ (қабат қысымын қолдау) цехы операторларының жұмысы мен үшін өте қызық болды. Ұңғымаларды Канадалық PPS электронды тереңдік манометрімен зерттеу және құрал-жабдықтармен, техникамен қамтамасыз ету жұмыстарымен таныстым.

    Жаңажол кен орнында мұнай 40% - фонтанды, 55% - газлифтілі, қалған 5% - терең сорапты қондырғымен және ҮДГ (үздіксіз дискретті газлифт) тәсілімен өндіріледі.

    Диплом алды тәжірибе уақытында (1 айға жуық) мұнайшылар жұмысын толық меңгеру мүмкін емес, бірақ мен болашақ мамандығым үшін көп зат үйрендім.

    Қазіргі кезде Жаңажол кен орнының басқа кен орындарынан игерудегі басты айырмашылығы - компрессорлы газлифтілі тәсілмен игеру. Менің осы диплом алды тәжірибе жұмысынан үйренген және алған ақпараттарым дипломдық жобаны жазу және жобалау барысында өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

    1. Нұрсұлтанов Ғ. М., Абайылданов Қ.Н. «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу» А, 2003.

     

    2. Министерство нефтяной промышленности «Технология заканчивания скважин, обеспечивающяя сохранение коллекторских свойств продуктивной толщи КТ-ΙΙ месторождения Жанажол» РД- 39Р- 0147009- 739- 90 ВНИИКР нефть: 1990 год.

     

    3. Ярушин В.В. «Месторождение Жанажол» НИИ ОАО «СНПС - Актобемунайгаз».

     

    4. Амиян В.А., Амиян А.В. «Повышение производительности скважин», М.: «Недра» 1986 год.

     

    5. Ибрагимов Л.Х., Мищенко И.Т., Целоянц Д.К. «Интенсификация добычи нефти» М.: «Недра» 1974 год.

     

    6. Дополнение к технологической схеме разработки нефтеконденсатного месторождения Жанажол. Самара: Институт «Гипровостокнефть» 1992год.

     


    1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

    Поиск по сайту:



    Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.)